Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Методика по казахскому языку на тему:"Критическое Мышление"(8 класс)

Методика по казахскому языку на тему:"Критическое Мышление"(8 класс)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:





Менің іс - тәжірибедегі өзгерістер

Осы Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірбиесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірбиесі және кәсіби мән мәтінмен өзара байланыста қарастырылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 12 бет)

Мен мұғалімдердің шеберлігін арттыру курсынан көптеген әдіс – тәсілдерді менгердім.Оқушыға және сабағыма жаңа көзқараспен қарайтын болдым.Курс барысында жеті модульмен таныс болдым.Осы жеті модульдерді қамтыған жаңа идеяларды қолдану өз тәжірибемде үлкен өзгерістер әкелді.Оқудың тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды үйрендім.Енді өз іс тәжірибемді жаңа әдіс тәсілдермен жүргіземін деп алдыма мақсат қойып отырмын.

Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларға білім беру барысында дамыту өте маңызды деп ойлаймын.Білім алудың қозғаушы күші ішкі уәж.Басқаша айтқанда оқу бар, бірақ сонымен бірге білім алуды үйрету де бар.Оқушыларды оқытуға үйреткенде оқушының өзіне меңгеруге жағдай жасау керек.Осыған орай әр сабақта оқушылар белсене қатысу керек.Ол өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір бірімен пікір алмасады, алдына мақсат қоя біледі.

Мен мектепке барғанда аз уақыт ішінде оқушылардың сабағыма деген қызығушылығын, ынтасын арттыра білдім.Мен сабақтар топтамамда әр түрлі әдістерді қолдануға тырыстым.Оқушылар әр сабақта менен бір жаңалық күтіп тұрғандай болды.Менің байқағаным осындай өзгерістер оқушыларға яғни жаңа әдіс тәсілдер сабаққа деген көзқарастарын өзгертеді екен.

Алдыма қойған мақсатым осы әдіс тәсілдерді ұтымды қолдану.Оқу үдерісінің жақсаруына өз үлесімді қосу. Мен осы курс барысында көптеген әдіс тәсілдерді үйрендім.Аз уақыт ішінде оқушылардың сабағыма деген қызығушылығын арттырдым.Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту әдістері ерекше . Орыс тілді мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаты-оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.

Қазақ тілі – оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында , күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Осы үлкен міндетті жүзеге асыру мектептің , оқытушылардың қызметіне тікелей байланысты . Қазақ тілін оқытуда оқушылардың пікір айту , ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қарым-қатынас жасау , яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға міндеттіміз. Сол үшін қазақ тілі пәнінің мұғалімінің міндеті – мәдениетті түрде білімімен,іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа тез жететіндей тиімді жол іздеу.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды енгізу- оқушылардың білімін көтеруде үлкен әсер етіп отыр.

Жаңа технологияларды қолданғанда оның әрбір кезеңдерін ұстаз өзі жақсы түсініп, оқушыларға жеткізе білуі қажет. Жаңа технологияларды күнделікті сабақта қолдану үшін ,ұстаз алдында отырған шәкірттердің жас ерекшеліктерін таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда ұстаз белсенділігі ,шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігіне ерекше орын алады. Кез келген жаңа технология жеке тұлғаның

жетілуіне , дамуына бағытталған . Олар: проблемалық

оқыту технологиясы,коммуникативті технология , дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы, адаптивті оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы т. б.

Аталған техногиялардың ішінде кейінгі жылдары

сабақтарымда қолданып жүрген технологиялардың бірі-сыни тұрғыдан ойлау технологиясы .

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш

кезең бойынша қолданылады:

-Қызығушылығын ояту;

-Мағынаны тану;

-Ой толғаныс.

Осы кезеңдердің ұтымды өтілуі мынадай нәтиже береді;

-оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық,

түсіністікпен қарауға;

  • өз ойын топ алдында ашық айта, қорғай білуге;

  • керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;

  • оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйретеді ;

  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.

Оқушы енді тек дайын білімді қабылдаушы ғана емес, ол өз бетінше ізденуші, жеке тұлға, тапқан білімін өмірде қолданушы .

Мұғалім міндеті - оқушының төменгі ойлау деңгейін жоғары ойлау деңгейіне жеткізу .

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушылардың білімді түсіну , бағалап пікір айтуынан

басталып,түп нұсқасы бірдей формаларды қайта құру , жаңа мазмұндар тудырып, нәтиже жасауға үйретеді.

Сабақта оқушыларды қызық та қиын мәселелерді ойлауды шапшандатады , зерттеу жасауға жетелейді .

Сабақта стратегияларды енгізу мәтіндермен жұмыс істеу,әңгімелесу, сөздік қорларын байытуға жол ашады.

Атап айтсақ, сыни тұрғыдан ойлау техногиясы қолдануға ыңғайлы,барша үшін қоғамдық маңызы

мен мәні зор идеялар, игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.

Осы технология бойынша жұмыс істегеннен бері,

сабақтың сапасы мен сабақ өткізу әдісімен көптеген

өзгерістер бар. Ал оқушылар жауабынан оқудың қызықты , жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін , білімнің терендігі әрі тиянақтылығы артатындығын естиміз.

Сабақта тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты орындалуы мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-415129
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх