Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / Методика преподавания казахской литературы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Методика преподавания казахской литературы

библиотека
материалов

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



C:\Users\Админ\Desktop\осы +5.jpg







Құрман Н.Ж.,

педагогика ғылымдарының докторы,

М.В.Ломоносов атындағы

Мәскеу мемлекеттік университеті

Қазақстан филиалы




Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсап келген ата-бабамыздың мұң-шері қазақ әдебиетінде таңбаланып қалса, ендігі кезекте сол арман болған уақыттың қазіргі ұрпаққа бұйырғанын ақын-жазушылар мақтанышпен жырлап жатса, оның жас ұрпақтың рухани дүниесінде дер кезінде өз орнын алуы керек.

Қазақ әдебиетінің қазіргі дамыған болмысында тарихи тақырыптар да, қаіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар да, дүние жүзіне тереземізді тең еткен Елбасымыз Н.Назарбаевтың тұлғасы да, Ата Заңымыз, қазақ деген ұлттың «мәдени формуласына» айналған Астана, Бәйтерек бейнелері де жақсы дәрежеде өз орнын алып келеді. Отаншылдық сезім – қазақтың тарихты сүю (историясофизм) қасиетінен туындайтын қасиет.

Өзінің Отанын, туған жерін, елін, барлық қуанышы мен қасіретін таңбалайтын тарихшылар мен әдебиеттегі ақын-жазушы, драматургтердің ерен еңбектері үлкен-үлкен мақтауларға лайық.

Қазақ әдебиетіндегі еркін, тәуелсіз елде өмір сүріп отырған азаматтың, адамның бейнесі суреттелуін қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде сол еркіндікті танытатын әдістермен оқыту жүйесін анықтау керек.

Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келіп жатқан көркем әдеби туындылар – қазіргі заман келбетін тарихи ұлттық санамызға «таңбалап жатқан» тылсым қуаты бар құралдар деп тану керек. Мектеп оқушыларының қазақ әдебиетінің қазіргі кезеңдегі қазынасын меңгерту үшін қолда бар әдістемелік құралдарды және жаңашыл бағыттағы инновациялық технологияларды танып-талдап, енгізу жолдарын айқындау керек.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің сан қырлы мәселелері әдіскер-ғалымдардың, мұғалімдердің, болашақ жас ғалымдардың етене араласуымен шешілетіні белгілі.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың сапалы негіздемесін анықтауды жалпыдидактикадық және әдістемелік заңдылықтарына сүйене отырып жүйелеу керек. Дидактикалық және әдістемелік заңдылықтар Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу және даму бағыттарын, қазақ прозасы, поэзиясы, дрматаургиясы, әдеби сын салаларындағы жетістіктерді мектеп оқушыларына меңгертудің тиімді жолдарын жасауға тірек болады.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің дидактикалық негіздерін қарастыруда мына жалпыдидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады:

  • оқытудың ғылымилылық ұстанымы;

  • оқытудың жүйелілігі және жоспарлылығы ұстанымы;

  • оқытудың оқушылардың саналылығы мен белсенділігі ұстанымы;

  • оқытудың қолжетімділік ұстанымы;

  • оқытудың пәнаралық байланысы ұстанымы;

  • оқытудың көрнекілілігі ұстанымы;

  • оқытудың инновациялылығы ұстанымы;

  • оқытудың тәрбиелілік ұстанымы.

Бұл жалпыдидактикалық ұстанымдар – Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін мектепте, жоғары оқу орындарында т.б. оқу орындарында оқыту үдерісінің басты қағидалары ретінде танылады.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың жалпыдидактикалық ұстанымдарына қоса, әдебиетті орта мектепте оқытудың жеке ұстанымдары да басшылыққа алынады:

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті туындыларын Қазақстанның жаңғыруы, ата-бабалар аңсаған еркіндік пен бостандық, патриоттық идея бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық сөз өнері мен оның дамуының, қарыштап қанат қағуының жаңа дәуірі бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Тәуелсіздік орнағаннан бергі кезең тарихы және тұтас «Тәуелсіздік идеясымен» тығыз байланыстылығы бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі тарихы мен елдің мәдени даму барысы туралы ақпараттарды бірлікте ұстана отырып оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік-эстетикалық құндылықтар бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін нақты бір жазушының шығармашылығындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән ішіндегі проза, поэзия, драматургия, сын салаларының өзара тығыз байланыстылығын сақтау бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән тарихы мен теориясына байланысты негізгі ұғымдарды меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін жаңа оқыту технологияларын кең арнада қолдана отырып оқыту ұстанымы.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту мазмұны қазақ әдебиетін мектепте оқыту бағдарламасында анықталады. Болашақта қолданылуға әзірленіп жатқан жаңа бағдарлама мұғалімдердің Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінен білім берудің жетекші құралы болып табылады.

Осы ретте әдіскерлер шешуі тиіс маңызды мәселе бой көтереді. Ол – қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнын түбегейлі жаңа Тұжырымдамалық негізде қайта жүйелеу. Осы кезге дейін мұндай маңызды мәселе шешімін таппай келе жатыр.

Дидактиканың үлкен саласы – білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптау екені белгілі. Жаңа коммуникативтік бағытта әзірленіп жатқан бағдарламада сұрыпталынатын Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне ерекше мән берілуі керек. Сондықтан, қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы жинақталып келе жатқан қазынасынан оқушылардың санасында нұрлы қуаттар туындата алатын поэзия, проза, драматургия туындыларын тану, мектеп бағдарламасына енгізу,талдау, меңгерту - әдіскерлік шеберлікті ғана емес, ұстаздық даналықты аса қажет етеді.

Әдебиеттанушы ғалымдардың: «Қазақ халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңдайы жарқырап, тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үстем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталған», – деп анықтаған тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін мектепте оқыту осындай биік пафосты, қазақ халқының терең де нәзік де шиыршық атқан иірімдері мол көркем қазынасын меңгерту деген жоғары рухтағы әдістемелік тіректен тұруы тиіс болады.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің проза, поэзия, драматургия, сын салаларынан берілетін білім мазмұнын анықтау және оны оқыту әдістемесі бойынша алда тұрған екі міндет бар:

  • біріншіден, қазақ әдебиетінің 1991-2013 жылдардағы кезеңінде дүниеге келген озық идеялық эстетикалық құндылығы мен тілдік-танымдық қуаты зор көркем туындыларды сұрыптау; сол арқылы оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның айқын бейнесі мен болмысын таныту, тәуелсіздік мазмұндағы әдебиетте таңбаланған қазақтық әлеуметтік мәдени кодтарды меңгерту;

  • екіншіден, тәуелсіздік мазмұнындағы қазақ әдебиетін меңгерту арқылы оқушыларға көркем әдеби талдаудың жаңа тұжырымдамасын, әдеби шығармаларды талдаудың жаңа ұғымдық аппараттарын қалыптастыру. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туындылары сол кездегі негізгі әдіс – социалистиік реализм әдісі арқылы талданып келгені белгілі. «Жағымды» және «жағымсыз» кейіпкерлердің оппозициялық талдануы арқылы кеңес заманының геройы туындап шығатын әдіс сол кездегі ең оптималды болып саналды. Ал қазіргі барынша шынайы, мүмкіндігінше өмірдің өзі алға қойып отырған тұрмыс күрмеулерінен шыға алатындай адам бойындағы өмірлік қуатты қалыптастыруға көмектесетін жаңа әдістердің мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне кешеуілдеп келуі - әдіскерлер тарапынан уақыт оздырып алып жатқан, кешеуілдеп жатқан, айқын да ашынарлық мәселе.

Қаіргі қазақ әдеби туындылары мен оқырман арасында кеңес дәуіріндегідей авторитарлық пікір орын алмауы керек.

Сондықтан оқушының оқырман ретіндегі өзіндік көзқарасы, білім алушы субъект ретіндегі өзіндік ізденіс арқылы білім алу әдістері, жеке тұлға ретіндегі дүниетанымдық ұстанымдары қалыптасуына және олардың адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тұрғыдан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ардақ тұтатын болмысына лайық болуын қамтамасыз ету - қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі әдіскерлері мен ғалымдардың парызы болып табылады.

Бұл ретте әдебиет теориясына меңгертілетін ғылыми аппараттар – терминдердің де жүйесі айқындалуы керек. Өйткені «социалистік реализм» әдісі арқылы талданып келген М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын ендігі ретте қалай талдау керек? Бұл жерде М.Қаратаевтан бастап барлық ғалымдардың талдауына сүйенетін болсақ, Тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа қырынан танылып жатқан Құнанбай. Шәкәрім т.б. бейнелері оқушыларға қалай меңгертілгені дұрыс?

Осы мәселелердің іргесінен орын алып, «Қазақ әдебиетінің» жалпы жүйесінен орын алып, бірақ толықтай жаңа болмыста қалыптасып келе жатқан тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудағы әдебиеттану терминологиясын мектепте меңгертуде де жаңашыл әдістемелік ізденістер орын алуы керек.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ПРОЗАСЫ бойынша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мына көркем шығармаларды оқушыларға таныстыру керек.

Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», М.Мағауиннің «Мен», «Жармақ», «Сары қазақ», Д.Досжанның «Ақ Орда», «Құм кітап», Қ.Ысқақовтың «Ақсу - жер жаннаты», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Ә.Таразидің «Жаза», «Қара жұлдызға сапар», Т.Әбдіковтің «Парасат майданы», С.Сматайдың «Жарлығап батыр», Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Қ.Исабаевтың «Шоң би», Б.Мұқайдың «Өмірзая», О.Сәрсенбайдың «Шеңбер», К.Сегізбайдың «Беласқан», Б.Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», С.Жүнісовтің “Аманай мен Заманай”, Ә.Нұршайықовтың “Жазушы мен оның достары”, М. Шаханов, Ш. Айтматов, «Құз басындағы аңшының зары», Қ.Ысқақтың “Ақсу туралы аңыз”, С.Мұратбековтің “Ай туар алдында”, Д.Исабековтің “Ай-Петри ақиқаты”, Ә.Сарайдың “Еділ-Жайық”, О.Сәрсенбайдың “Шеңбер”, Т.Сәукетайдың «Ай қараңғысы», Т.Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Ж.Ахмедидің «Шырғалаң», Ұ.Доспамбетидің «Қызыл жолбарыс», А.Алтайдың «Алтай новелласы», Ә.Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», С.Елубайдың «Мінажат», «Жалған дүние», Т.Нұрмағамбетовтың «Айқай», С. Досановтың төрт томдық «Жиырмасыншы ғасыр, Ж.Шаштайұлының «Жаңғырық», Т.Мамасейіттің «Таңжарық», Қ.Жиенбайдың «Ән салуға әлі ерте», Мир Шайырдың «О, данышпан дүние», Ж.Әлмашұлының «Күлкі мен көз жасы», Д.Батырдың «Жарсыз өткен ғұмыр», Ә.Ыбырайымұлының «Ұяластар», Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар», «Мен сізді сағынып жүрмін» атты романдары, Ө. Кәріпұлының «Серілер мен перілер», Ө.Ахметтің «Адасқан ғасыр», Н.Қапалбекұлының «Таудан түскен тұман», Д.Әшімханұлының «Самырсын сазы», Ә.Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Қ.Түменбайдың «Қобыздың мұңы», С.Оспановтың «Сопының ғұмыры», Н.Ораздың «Биіктегі сұлулық», Н.Қамидың «Көк қақпа», А.Кемелбайдың «Қоңыр қаз», Т.Шапайдың «Айна сарай» атты әңгіме-повестері т.б. туындылар – қазақ әдебиетінің проза саласында 22 жыл ішінде үлкен биіктерге қол жеткізіп келе жатқанын, «қазақ әдеиетінде даму жоқ» деген жалған сөздердің әдейі осындай теріс пікір қалыптастыру мақсатында айтылып жүргенін көрнекі дәлелдейтін дерек болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ПОЭЗИЯ саласы бойынша оқушыларға бағдарлама бойынша және өз бетімен оқуға мына ақындардың шығармалары ұсынылады.

А.Бөкеновтің «Салбуырын», Н.Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е.Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», М.Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б.Үсеновтің «Табиғат терезесі», С.Нұржановтың «Аруана», Г.Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т.Әбдікәкімовтың «Ақшам хаттары», Г.Өмірзакованың «Жапырақ-ғұмыр», С.Сейітовтің «Серпер», Ә.Қайранның «Мазасыз әлем», Х.Ерғалидың «Сонеттер», Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ.Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», «Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы», К.Салықовтың «Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», М.Шахановтың «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жарты адам», Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», Ұ.Есдәлетұлының «Киіз кітап,», О.Асқардың «Орбұлақ», Д.Әбіловтің «Жолаушы өмір», А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», Р.Ниязбек, Н.Мәукенұлының «Бойтұмар», А.Шәріповтің «Құбыла», Қ.Исаның «Керімсал», Г.Салықбаеваның «Жан», А.Әлімғазыұлының «Жаралы Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А.Егеубайдың «Аламан», К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А.Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М.Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі» жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» атты жинақтар жарық көріп, С.Адай, Б.Жақып, С.Нұржанов, , Ж.Сәрсек, Т.Толқынқызы, М.Шоқан, Б.Сарыбай, А.Елгезек, Н.Бердалы, Е.Жеңісұлы, Е.Жүніс, Е.Жүніс, Т.Таңжарық, Ы.Дәбей, Б.Әлқожа, Н. Сарша, С.Есжан, Т.Мықи сияқты жас ақындар легі көбейді.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ДРАМАТУРГИЯ саласы бойынша оқушыларға өз бетімен мына шығармалар ұсынылады.

Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», Ә.Таразидің «Ақын, Періште. Махаббат», С.Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер», М.Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері», Р. Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан», Шахмардан Құсайыновтың «Томирис», И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той», Қ.Ысқақовтың «Қыл көпір», «Жан қимақ», Қ.Ысқақ пен Ә.Таразидің «Алатау сынды алыбым», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ғашықсыз ғасыр», «Ең әдемі келіншек», Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думан», Д.Амантайдың «Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң», С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір такси», А.Жағанованың «Жан алқым», Н.Әбутәлиевтің «Өттің, дүние», А.Бекбосыновтың «Соңғы сезім», Д.Исабековтың «Актриса», «Тор», «Ескерткіш», Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы», Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», «Өмірзая» т.б. драмалық шығармалары – тәуелсіздік жылдарында қазақ әдебиетінің қорына қосылған рухани қазына деп танылады.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін, оның ішкі қалыптасу үрдістері мен даму үдерістері тәуелсіздік идеясына қалай негізделгендігі де жеткілікті деңгейде зерттелмей келеді.

Қолда бар көркем туындыларды санамалау және оның мазмұнын талдап беру – Қазақстан Республикасының тәуелсіз жарқын болмысын жастарға танытуға жетерлік құрал бола алмайды.

Бұл мәселені әдебиеттануші ғалымдардың өздері де баса атап көрсеткені белгілі. «Әрине, жаңа кезең көркем кітабының бәрі бірдей қалам ұшына іліккен жоқ. Кейбір татымды туынды әртүрлі себеппен назарға түспей қалды да. Түспей қалуының бір себебі, әдебиет тарихы баспа жүзін көрген шығарманың құнын айырмай, шетінен тықпалай беруді көтермейді. Қазір не көп – қағаз топаны көп.

Проза әлеміне де, өлең өлкесіне де кіруге лайықсыз, әдебиетпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шалажансар шимайлардың бүгіндері қаптап кеткені жасырын емес. Кезкелген елді пунктідегі компьютерден көрбай-жербай шығармалар басылып шығатыны жиі ұшырассады. Қара нөпірім басылым арасынан ауыз тұшырлық кісі қызығарлық дүниені айырып алудың өзі бірталай жұмыс.

Дәмі жоқ, татуы жоқ сүреңсіздіктің насихатталуы бос әурешілдік. Сондықтан кітапта бүгінгі тәуелсіздік әдебиетінің әжетке жарайтыны, жілігі татиды дегендері ғана іріктеліп талданды» («Қазақ әдебиетінің тарихы», 10 том – Астана: Қазақпарат, 2006).

Мемлекет білім беру орындарына өзіне керекті азамат тұлғасын қалыптастыруға тапсырыс береді. Пәннің оқу бағдарламасы мемлекеттің сол тұжырымдамасына сүйене отырып қажетті білім мазмұнын сұрыптайды. Осы бағдарлама негізінде іріктелген әдеби туындыларды оқыту арқылы оқушылардың саналы азаматтық тұлғасы мен эстетикалық талғамын қалыптастырып дамыту - қазақ әдебиетін оқыту әдіскерлері мен мұғалімдерінің басты міндеті.

«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін» меңгерту үшін жаңа «жеке бағдарлы кеңейту» деген дидактикалық форманы қолданған дұрыс болады. Бұл форманың ерекшелігі - оқушыларға өз бетімен іздену, оқу, талдау жолдары әдістемелік тұрғыдан түсіндіріліп беріледі-дағы, «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің өзіндік болмысы» деген тақырып бойынша оқушының өзінің танымдық-ізденіс желісі қалыптастырылады.

Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға бірнеше бағдардағы жоба тапсырады:

  • 11 сынып оқушыларына «Төменгі сыныптарда тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдбеиетінен қандай шығармаларды оқытуға болады?» деген әдістемелік-ізденіс формасындағы жобаны ұсыну.

  • «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің библиографиясы» деген тақырыптағы жобаны ұсыну.

  • «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің проза саласын талдау әдістері» атты аналитикалық жобаны ұсыну.

  • «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің поэзия саласын талдау әдістері» атты аналитикалық жобаны ұсыну.

  • «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің драматургия саласын талдау әдістері» атты аналитикалық жобаны ұсыну.

  • «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің әдеби сын саласын талдау әдістері» атты аналитикалық жобаны ұсыну.

  • «Ерекше жоба» формасында белгілі бір жазушының өмірін, шығармашылығын, Интернеттегі қазақ әдбеиті туындыларының орналастырылуы, жастар шығармашылығы т.б. тақырыптағы жобаны ұсыну.

Ұсынылып отырған форманың кері байланыс ретіндегі формасы - оқушының өзіндік ізденісінен туындайтын «Мен ұсынатын тамаша әдеби шығарма» атты тақырыппен жүргізілетін жұмыс.

Эвристикалық әдіс арқылы көркем әдеби шығармаларды танып-талдау барысында оқушылардың сезімдік көркемдік қабылдауы санада терең иірімдерге бойлай түседі-дағы, олардың интеллектуалдық дамуы қарқындай түседі.

Осы ретте Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын таныстыруда эвристикалық әдісті қолданудың беретін пайдасы мол екенін көрсетейік.

«Соңғы парыз» романын ғалымдар идеялық-көркемдік өрісі кең шығарма деп бағалайды. Бұл дилогияда «Адам-Қоғам-Табиғат» өрістерінің өзара алмасып отыратын керемет байланысы мен қатынасы гармониялық тізбек пен желіде суреттелген. Ә.Нұрпейісовтің роман-дилогияда оқырманына жеткіземін деген мақсатын анықтау үшін мұғалім мынадай проблемалық-эвристикалық сұрақтарды алдын ала оқушыларға таратып береді:

  1. Романдағы проблеманың деңгейі қандай деп ойлайсыз?

А) жеке проблема,

Ә) аймақтық проблема,

Б)ұлттық проблема,

В) жалпыадамзаттық проблема.

  1. Биосфера проблемасын туғызатындар:

А) табиғат,

Ә) ауа райы,

Б) адам,

В) жел.

  1. «Жәдігер» сөзінің мағынасын сөздіктерден анықтап

келіңіздер.

Осындай және оған қоса жүргізілетін даярлықтардан соң, эвристикалық әдіс арқылы мұғалім оқушылармен роман-дилогияның түпкі проблемасын талқылау-талдау жүргізе алады. Мұндай әдістің тиімділігі туралы, әрине, көп айтуға болады.

Эвристикалық әдісті қолданған мұғалім алдына қойылған бірнеше міндет тұтастырылып бір мақсаттың көп қыры ретінде шешіліп жатады. Бұл әдіс жекелеген проблемалардың бір арнаға тоғыстырылып, үлкен мәселе ретінде қарастырылып, оқушылардың түрлі сұрақтардың шешімін тауып, оларды тұтастырып отыратын қабілетін қалыптастырады.

Шығармашылық әдістер - әдебиетті оқыту барысында шығармашылық тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың креативтік қабілеттерін дамытуға арналған әдіс түрлері. Шығармашылық тапсырмаларды жүйелілікпен, жеке тұлғаны қалыптастыру бағытында бірізділікпен қолдану арқылы мұғалім оқушылардың танымдық, саналылық, жасампаздық, қайта жаңғыртушылық қабілеттерін дамытуды кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Әдеби шығармаларды оқыту барысында мұғалім шығармашылық әдістердің мынадай түрлерін қолдануына болады.

Бейнелі суреттеме әдісі. Бұл әдісті қолдану арқылы мұғалім оқушыға сөздің суреттеу құдыретін таныту мүмкіндігі үлкен.

Мысалы, Н.Айтұлының өлеңінен үзінді келтірейік.

Қазақты тағдыр қанша тентіретті,

Батырлар ат үстінде жортып өтті.

«Бөкенбай жазығы» деп атайды жұрт,

Кіші жүз қолы жатқан кең түбекті.

Тауы тұр одан бері «Жағалбайлы»,

Тарихын іздемеген таба алмайды.

Жаманның бар мен жоғы кімге керек,

Жақсының басқан ізі жоғалмайды

Осы өлеңдегі белгіленген сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсініп, оқушыларға сурет түрінде салу тапсырылады. Бұл – оқушылардың тұйықтан сәтті шығу жолын іздеп табуына дағдыландыратын шығармашылық амал. Оқушылар белгіленген сөздердің ауыспалы мағынада қолданылғанын түсініп, бірақ сурет етіп салғанда тура мағынасында сала берсе, онда, олардың тұйықтан шығу амал-тәсілдерін тапқаны болып саналады.

Гиперболизациялау әдісі. Мұғалім көркем шығармадан бір нысанды немесе кейіпкерді оқушылармен біріге отырып таңдап алады-дағы, оның қасиеттерін, сын-сыпатын алдымен тым үлкейтуді, сосын өте кішірейтуді тапсырады. Жас ақын Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін талдау үлгісін келтірейік.


Details

Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ
шер мұң!
Кеше сенің
келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың
басын тігіп бәйгеге,
Аналардың
жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!

Тапсырма. Асты сызылған сөздерді біресе мағынасын аса кішірейтіп, біресе аса зорайтып көрсететеін сөздерді қолданып, өлең мәтініне эксперимент жасаңыз. Өлең мазмұнының өзгерісі туралы айтып беріңіз.

Тапсырманың орындалу барысын төмендегідей көрсетеміз.


  1. Мағынаны солғындататын сөздермен алмастыру.


Еркін болу. Бағалым.Ардақтым .
Өзің барда өзегімде жоқ қайғым!
Кеше сенің
бейнеңді арман ғып,
Боданына
байланып қалдың басқа елдің.
Бабалардың
өмірін қиып,
Аналарды
жылаттың!
Уа, Еркіндік, келгенің жақсы болды!
2) Мағынаны күшейтетін сөздермен алмастыру.

Тәуелсіздік. Киелім. Тәу етерім .
Өзің барда өзегімде жоқ қайғым!
Кеше сенің
әз бейнеңді арман ғып,
Боданына
тұтылдың басқа елдің.
Бабалардың
ақ тілегін көкпар ғып,
Аналарға
жас төккіздің көл қылып!
Уа, Еркіндік, қадамыңа нұр жаусын!

Тапсырманың орындалуын кесте түрінде өрнектеген оқушы сздердің мағыналық градациясын (өсіңкілік – А.Байтұрсынұлы термині) айқын көру қиын емес.

Қ.Сарин қолданысы

Солғындау мағыналы сөздермен алмастыру

Мағынасы аса қанық реңкті сөздермен алмастыру

-Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім

Еркін болу. Бағалым.Ардақтым .

Тәуелсіздік. Киелім. Тәу етерім .

- шер мұң

қайғым!

шер мұң!

- келбетіңді

бейнеңді

әз бейнеңді

- бұғауландық

байланып қалдың

тұтылдың

-басын тігіп бәйгеге

өмірін қиып,

ақ тілегін көкпар ғып

- жанарына жас берің!

жылаттың!

жас төккіздің көл қылып

  • қош келдің!

келгенің жақсы болды!

қадамыңа нұр жаусын!


Гиперболизациялау әдісі - оқушыларға «лингивстикалық эксперимент» деген кретивтік әдісті қолдануға мүмкіндік береді. Осы әдіс арқылы мұғалім оқушылардың «тілдік сезімін» ұштап, тіл бірліктерін салыстыра отырып, ой мен мағынаның өзгере бастайтынына лабораториялық жағдайда көздерін жеткізеді.

Тәуелсіздік жылдарындағы, еркіндік сіңген ой маржандарын оқыту барысында креативтілік әдісті жүйелі қолдану оқушыларға да, мұғалімдерге мол-мол көмек бере алады.












Общая информация

Номер материала: ДВ-490678

Похожие материалы