1606633
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое Научные работыМЕТОДИКА РАЗВИТИЯ РЕЧИ ДЕТЕИ / АНА ТІЛІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ

МЕТОДИКА РАЗВИТИЯ РЕЧИ ДЕТЕИ / АНА ТІЛІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ

библиотека
материалов

Бұл кітапті жазуға ат салысқандар: Л. П. Федоренко,педагогика ғылымдарының докторы-1,2,3,4,5 («Практикалық сабақтары» және §3 басқасын),7,8,9 тараулар; Г. А. Фомичева,педагогика ғылымдарының кандидаты-5 тарау және 6 тараудың §3; В. К. Лотарев,педагогика ғылымдарының кандидаты – 10 тарау және 6 тараудың «Практикалық сабақтары».

Л.П.Федоренко және басқалары.

Мектеп жасына деиінгі балалардың тілін дамыту. Педучилищелердің мектепке деиінгі бөлімінің оқушыларына арналған оқу құралы. А., «Мектеп»,1981,244 бет.

Мазмұны

1 тарау.Ана тілінің мектепке деиінгі мекемелердегі балалардың дамуының факторы ретіндегі ролі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5 2 тарау. Балалар бақшасында жасанды сөилем ортасын ұимдастыру . 33 3 тарау. Сөздің дыбыстық мәдиетіне тәрбиелеу . . . . . . . . . . 52 4 тарау. Сөздіңқорын бакиту . . . . . . . . . . . . . . . . . . .81 5 тарау. Грамматикалық дағдылардң қалыптасуы . . . . . . . . . .113 6 тарау. Мектеп жасына деиінгі кішкене балаларды баиланыстыру сөилеуге үирету . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 136 7 тарау. Мектеп жасына деиін балаларды диалог сөзге оқыту . . . . .157 8 тарау. Мектеп жасына деиінгі балаларды монолог сөзге үирету . . .174 9 тарау. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру . . . . . . . . . 189 10 тарау. Көркем шығармалармен сабақтан тыс уақытта танысу . . . 229

ИБ 1201

МЕТОДИКА РАЗВИТИЯ РЕЧИ ДЕТЕИ

ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА

Лидия Прокофьевна Федоренко

Галина Алексеевна Фомичева

Владимир Константинович Лотарев

( на казахском языке )


АВТОРЛАРДАН

Сәбилер мен мектеп жасына деиінгі балаларды өз ана тіліне үирету тәрбиешініңкәсіби кәсіби даярлығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Баланың табиғат сыиға тарқан барлық интеллектуалдық қабілеттері ана тілін меңгерудің онда да мектепке деиінгі кезде меңгерудің арқасындапаида болады және дамиды. Бала ана тілінде ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын халықтың рухани баилығын мұра ете ме,одан арғыжерде тәрьиеленушілер өз заманының ғылыми жетістігіне саи бола ма, олар адмзаттың алдынғы қатарлы этикалық мұраттарын боиына сіңіре ала ма,яғни коммунистік қоғамның белді құрылысшысы бола ала ма-осының бәрі тәрбиешіге баиланысты. Балаларды ана тіліне оқытуда кәсіби шеберлікті меңгеру үшін болашақ

тәрбиешіге методика теориясы ұғыну және ғылымға белгілі әдістерді меңгеру.,яғни осы әдістерді жүзкге асыратын оқытудың аса маңызды тәсілдерін орындауғ жаттығу қажет. Методика тиориясын білу-баланың ана тілін меңгерудегі заңдылықтарды түсіну деген сөз.

Қолыңыздағы оқу құралы тілді меңгерудің табиғи процесінің маңызды заңдылықтарын баяндаудан басталады . оқу құралының негізгі мазмұны тілді меңгерудің методикалық принцептеріне құрылған,сөилеуге үирету тәсілдерінің заңдылықтарына сүиенген баяндаудан тұрады. Оқыту тәсілдерін баяндау оқушылар-болашақ тәрбиешілер өз оқытушыларының жетекшілігімен базалық балалар бақшасының балаларымен жұмыс істегенде орындауға тиісті практикалық тапсырмаларменұштастырылады. Сөитіп олар училище қабырғасында-ақ алғашқы кәсіби дағдыларды үирене бастаиды.

Егер болашақ тәрбиеші сөилеуге үиретудің белгілі бір тәсілі балаларға неліктен паида әкелетінін,неліктен бала ынталы да нәтижелі оқитынын жүрегімен ұғынса,ол сол тәсілді жеңіл меңгереді. Осы «неліктен» деген сұрақтарға методика теориясы жауап береді:теория тәрбиешінің іс жүзіндегі қызметінің нәтижесін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Демек болашақ тәрбиеші үшін методика теориясын ұғыну-б іріншіәрежелі міндет. Өз пәнінің теориясын білу білімділік ұғымын тудырады,ал білімді адам,әдетте,өзі таңдаған мамандықта аз білетінге қарағанда,анағұрлым жоғары нәтижеге жетеді.

Балаларға ана тілін оқыту жөніндегі практикалық жұмысты орындаудағы білімділік пен жаттығу – өзінің жауапты жұмысын абыроимен орындау үшін болашақ тәрбиеші боиына сіңіретін кәсіби қасиеттері,міне,осылар.

I тарау

АНА ТІЛІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ

МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ

ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕГІ РОЛІ

§1Баланың психикалық дамуының оның тілінің

дамуына байланыстылығы.

Даму туралы түсінік. Адамның жасына қарай даму сатылары.


Қарапайымнан неғұрлым күрделіге, төменгіден жоғарыға ауысатын өзгеру процесін сандық өзгерістің біртіндеп қор жинауы сапалық өзгеріске алып келетін процесті даму деп атайды.

Адамның жасына қарай дамуы мынандай сатылардан өтеді: сәбилік шақ, ерте балалық шақ, мектепке дейінгі шақ, бастауыш мектеп жасы, жеткіншектік шақ, бозбалалық шақ, есею.

Адам организмі жасына қарай дамудың әрбір сатысында белгілі бір дене өлшемімен және құрылысымен(сандық)әрі белгілі бір психикалық мүмкіндіктермен (сапалық) ерекшеленеді.

Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға қарай дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің, сондай-ақ сезімталдық-еріктік сфераның(сезімнің, еріктің)2 жетілуін көрсетеді.


Тіл дамуының адам психикасының жан-жақты дамуымен

байланысты

Интелектінің болуы, яғни сыртқы ортаны есте сақтау, көзге елестету, қиялдау, ойлау көмегімен тану, сондай-ақ сөйлеу-адамныңжануардан басты өзгешілігі осы. Адамда интеллекті де, сөйлеу де ерте балалық шақта пайда болып, мектепке дейінгі, бастауыш мектеп жасында және жас өспірімдік шақтарды қарқынды түрде жетіледі.

Бірақ организм өскендіктен ғана емес, адам сөйлеуді сөзсіз игергенде ғана балада интеллекті пайда болып, жетткіншектік пен жасөспірімдік шақтардажетіле түседі.

Егер баланың айнасындағы ересектер оны сәби кезінен дұрыс сөилеуге үиретсе,ондаи бала қалыпты дамиды:көзге елестету қабілеті,содан соң оилау мен қиялдау қабілеттері паида болады;жасына қараи даму сатысында бұл қабілеттер жетіле түседі.балада интеллектінің дамуымен қатар сезімталдық-еріктік сфера да дамып,жетіле түседі.

Тілдік қарым-қатынассыз,яғни әлеуметтік (қоғамдық) ортасыз адам баласы жан-жақты жетілген адам (homo Sapiens) бола алмаитындығы жөнінде көптеген дәлелдер бар. Әлдебір қаиғылы жағдаиларға баиланысты балалар сәби шағында аңдардың (қасқырдың,қабыланның,иттің) , үнгіріне тап болып, оларды аңдардың асырағаны тарихта белгілі. Мұндаи балаларды адамдар үш жастан асқаннан кеиін тауып,адам қоғамынаәкелгенде,олар әрдаиым өзін асыраған аңдардың қылығын сақтап қалған және адамды аңнан ерекшелеитін психиканың әлеметтерінен мүлдем хабарсыз болып шыққан:оларда оилау жүиесі қалыптаспаған,жоғарғы сезімі жоқ,оларды сөилеуге үирету мүмкін болмаған. Ересек адамдардың қараңғылығы арқасында белгілі: балалар психикалық жағынан жетілмеген,сөилеуді нашар меңгерген ( мектепте әзер оқыған ), өиткені ата-аналары сәбилік,балалық,және мектепке деиінгі шақтарында олардың тілін дамытумен айналыспаған.

Тілді үйрете бастаудың дер шағы шағы туралы түсінік.

Тілді дер кезінде және сапалы меңгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.

Алғашқы жас сатысында баланың дамытуға назар аудару ерекше маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв жүйесінің қызметі оның табиғи қалыптасу кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігіфизиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметінің дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады.

«Тіл үшін, -деп жазады профессор М.М.Кольцова,-дамудың мұндай «қиын –қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады:осы кезге қараи негізінен мидыңанатомиялық сөилеу желісінің жетілуін аяқталады,бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді,мол сөз қорын жинаиды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті назар аударылмаса,кейін олқылықты орнын толықтыру үшін қыруар күш-жігер жұмсауға тура келеді».

Сөйлеу бұлщық еттері мен интеллекті

дамуының байланысы туралы.


Адамның сөйлесу қызыметі-ең алдымен мидың көптеген саласының үйлескен қызметінің нәтижесі. Мида «естіген сөзді ұғынады, онда дыбыстар мен тілдік дыбыстардың тіркесінің артикуляциянуүшін қажетті қозғалыс программасы қалыптасып, осы жерден сөйлеу бұлшық еттеріне бұйрық жолданады»2. Атап айтқанда, сөйлеу мүшелері (ауыз қуысы және мұрын, тіс, ерін, тіл, көмей, өкпе)-бұл орталығы ми болып табылатын сөйлеу механизмінің атқару мүшелері;ми дамығанда баланың сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері де дамиды. Алғашында сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері балаға көнбейді, ол ана тілінің дыбыстарын қиналып айтады , өсе келе ол барынша таза, сөз тіркесін барынша еркін айтады, яғни ми, «сөйлеу бұлшық еттеріне бұйыру» салалары дамыған сайын, балада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерін еркін меңгеру қабілеті дамиды.

Бірақ тәрбиеші кері байланысты да есте сақтауға тиіс: егер тілдік қарым-қатынас процесінде бала өзінің сөйлеу аппаратының бұлшық еттерін жаттықтырса, яғни баламен сөйлесіп, оны тыңдаса, ми дамиды (интеллекті механизмі жетіле түседі). Бала дыбыстарды неғұрлым ертерек, шапшаң және дұрыс артикулдеуді үйренсе (және дауыс ырғағын үндестірсе), ол соғұрлым ертерек іштей, тілді анағұрлым жоғары түрде меңгеруге қабілетті болады, өйткені іштей сөйлеу- сөйлеу қозғалысы, сөйлеу мүшелері бұлшық еттерінің жұмысы.

Сөйті,тілдің,демек баланың интеллектісінің дамуы мен сөйлеу бұлшық еттерінің дамуы арасында немесе,айтылып жүргеніндей,артикуляция,айтылу дағдыларрын,дамыту арасында тікелей байланыс бар.

Сұрақтар

  1. Өз дамуында адам қандай жас сатыларыннан өтеді?

  2. Баланың психикалық және тілдік дамуының арасында қандай байланыс бар екендігін қалай дәлелдеуге болады?

  3. Сөйлеу мүшесі ретінде мидың дамуы мен сөйлеу бұлшық еттері жаттықтырудың арасында байланыс қалай көрінеді?


§2 Сөйлеу ортасыны даму потенциялары.


Тіл еліктеу процесінде дамиды. Физиологтардың мәліметі боиынша,адамның еліктеуі –шартсыз рефлекс,инстинкт, яғни тыныс алу,ему,жұту және т.б. сияқтыүир етуді қажет етпеитін,туа біткен қасиет.

Бала алғашында өзімен сөйлескен адамның (анасы, тәрбиеші ) бет-жүзінен көрген артикуляцияға, сөйлеу қозғалысына еліктейді.

. –У-у-у,біз қандаймыз!-дейді анасы бала кереуетіне еңкейіп. Анасының бет-жүзін көрген сәби инстинкт бойынша ернін созады:


-У. . .У. . .У. . .


-А-а-а,-деп әндетеді анасы. Сәби де қайталайды:

-А . . .а. . . а. . .

Сөйлеу қозғалысына бұл еліктеу әлі ойсыз. Инстинктті ғана.

Баланың сөздік қорында белгілі бір дыбыс комплексі болғанның өзінде онымен өмір құбылысының шындығын (адамды,тамақты, белгілі бір қимылды) байланыстыруды үйренгенде де ол әлгі байланысты жасауға кім үйретсе , соған еліктейді және еліктеу кейін де инстинкті бола бермек. Бала балалар бақшасында сөйлеу мәнерінде тәрбиешіге, мектепте мұғалімге, сонымен бірге бала сол маңда тұратын барлық адамның сөзіне еліктейтін болады, егер сол жерде тұрып қалса, оның сөзінде әдеби нормадан айырмасы бар, сол жердің тіліндегі жалпы ерешеліктер болады, яғни балажергілікті диалектіде сөйлейді.

Сөйлеуде еліктеуге ересек адам да бейім келеді: әдеби тілде сөйлейтін адам, диалектілік сөйлеу бар жерде 1-2 ай тұрғаннан кейін еркіннен тыс, инстинкт бойынша сол жердің ерекшелігін қабылдайды. Әйтсе де ересек адам өз ойын саналы түрде реттей алады. Ал бала еліктеу объектісін таңдай алмайды, өзін қоршаған адамдардың аузынан естіген сөздерді ойланбастан бойына сіңіреді. Ол тіпті сөйлеудегі кемшілікті де қабылдайды. Мәселен, ересектері кекештеніп сөйлейтін жанұяда балалар да, балалар бақшасына немесе мектепке барып, онда олармен логопед айналасқанша, кекештеніп сөйлейді.

Бала тәрбиеленетін стихиялы қалыптасқан сөйлеу ортасы табиғи сөйлеу ортасы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасы сөйлеу үшін, демек жалпы психиканың дамуы үшін қолйлы(егер баламен дұрыс сөйлейтін адамдар қарым-қатынас жасаса, егер олар оның «тіліне» үнемі назар аударса, сәби шағында оның сөйлеугеталпынысын құптап, кейінірек сұрақтарына жауап берсе және т.б.) және қолайсыз (баламен қарым-қатынас тамақтанумен ғана шектелсе,егер онымен сөилеспесе,яғни оның «тіліне»назар аударылмаса, сондаи-ақ баланың аиналасындағы адамдар дұрыс с өилемесе ,дауыс ырғағы нашар,немесе кекештенетін,ысылдаитын кемшілігі болса және т.б.) орта болуы мүмкін. Бала өсіп отырған сөйлеу ортасының даму мүмкіндігі сөйлеу ортасының даму потенциялы деп аталады. Табиғи сөйлеу ортасының даму потенциалы ішкі себептердің әсерінен қалыптасады, реттелмейді. Балалар мекемелерінде-яслилерде,балалар бақшаларында, мектепте- әр жастығы балалар үшін даму потенциалын жоғары, қолайлы етіп сөйлеу ортасын арнайы ұйымдастырады. Даму потенциалы әдейі жоғарылатылған сөйлеу ортасы жасанды сөйлеу ортасы деп аталады.

Орыс методикасын дәстүрінде жасанды сөйлеу ортасы тек шет тілін үйреткенде міндетті түрде жасалады. Алайда ана тілін оқыту тәжіребиесі өсіп келе жатқан адамның интеллектісі мен сезімталдіқ-еріктік сферасын дамыту үшін де жасанды сөйлеу ортасын ұйымдастыру қажет екендігін көрсетеді.


Сұрақтар.

  1. Шартсыз рефлекс немесе инстинкт дегеніміз не?

  2. Табиғи сөйлеу ортасы дегеніміз не?

  3. Сөйлеу ортасында даму ортасы дегеніміз не?

  4. Жасанды сөйлеу ортасы деп нені атайды?

  5. Тіл дамуының сөйлеу ортасы н ұйымдастыру шарттарына байланыштылығы қандай?


§3. Әр түрлі жастағы балалардың сөйлеу дағдысының ауқымы.


Сәби өз дамуының сөйлеуге дейінгі кезеңіндегі сөйлеу алдындағы дауыстық реакция деп аталатын айқаймен: «Тамақ ішкім келеді», «Су күйі жатқым келмейді» және т.б. түрлі тілектерін білдіреді. Айқайға тән түрлі ырғақтар баланың дүниеге келген алғашқы аптасында-ақ пайда болады, бала күн санап өскен сайын айқай айқындала түседі де, оның мәнін анасы ғана емес, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар да түсіне бастайды.Демек, сәбидің айқайы белгілі бір ара қатынастық қызмет (қарым-қатынас) белгілерін атқарады.

Бір жарым айлығынан бастап сәби тілдің дыбыстың артикльдеуге талпынады. Әрине, алғашында бұл әлі сөйлеу алдындағы дыбыстық реакциялары ғана: гуілдеу, ызыңдау, былдырлау, түрленген былдырлау. Сөйлеуге дейінгі реакциның айқын бір ізділігі бар.



Баланың жасы Дыбыстық реакциялар

1,5 айлық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . гуілдеу: а-аа, э-ээ-сәби дауысты

дыбыстар шығарады.

2-3 айлық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . гуілдеу: г-г-у, ш-и, бу-у, з-и- сәби дауысты және дауыссыз

4 айлық . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . .. . . . . . . . дыбыстар шығарады.

7-8,5 айлық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .ызыңдау: аль-ле-е-лы-агы-аы- дыбысты тізбектеп шығарады. Былдырлау: ба-ба, да-да-да-сәби жеке буындар шығарады.

8,5-9айлық . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .түрленген былдырлар; сәби буындарды дауыс ырғағымен қайталайды.


Бала ның бұл кезеңдегі сезімталдық қарым-қатынас жасау процесі ойын сипатында болды:ересек адам мен баланың кезектесіп бірін бірін қайталайды, бір біріне еліктейді –егер ересек адам жымиса сәби де жымияды.

Сәби буындарды түрлендіре отырып, онымен жай ғана ойнамай оған белгілі бір мағна беретін кез де болады (10-12айлығының арасында). Ол буын қандай болсада бір сөзге қатысты:

-Ми. . .-дейді ол мысықты көрсетіп және және растауын күтіп ересек адамның бетіне қарайды.

-Мияу,-деп үн қатады ересек адам. Сәби де қанағаттанған сезіммен:

Ми,-деп қайталайды.

Бала сөйлейді. Оның алғашқы «сөздері»-бұл өзіне таныс сөздердің «ка»(каша), «толь» (стол), «кө»( көйлек) екпінді буындары, бірақ бұл буындар жеке сөздер ғана емес, тұтас сөйлемді де («ка»-бұл «Толя ботқа жеп отыр» немесе «әжем ботқа пісіріп жатыр» дегені) білдіреді.

Бір жастан жеті жасқа дейінгі тіл дамуында мынандай кезеңдер байқалады:

Бірінші кезең-формасыз түбір-сөзден сөйлем құрау кезеңі:

1жас3ай-1жас8ай. Бір сөзді буын сөйлемдерді айта алады.

1жас8ай-1жас10ай. Бірнеше буын сөздерден тұратын сөйлемдерді айта алады.

Екінші кезең-сөйлемдердің граматикалық құрылымын меңгеретін кезең.

1жас10ай-2жас1ай. Сөйлемдерді толық, бірақ жалғауы жоқ дұрыс емес сөздерді қолданады.

2жас1ай-2жас3ай. Сөйлемдері қалыптасқан сөздер қолданады. Зат есім, сын есімнің септік жалғауларын, етістіктің жіктік жалғауларын түсіне бастайды. 2жас3ай-3жас. Сөйлемдерде синтаксистік қатынасты білдіретін шылау сөздерді қолданады.

Үшінші кезең.-орыс тілінің граматикалық жүйесін меңгеретін кезең.

3жас-7жас. Тілдің грамматикалық құрылымы мен дыбыстық жағы жетіле түседі, сөздік қоры баюының алғы шарты жасалады.


Әр жастағы балалар тілінен мысалдар (мұнджа жағдай біркелкі: сәби ботқа жеп отыр және мысыққа да ботқа беруді талап етеді)

-Ки- . . .-дейді ол, мысық жаққа қасығын созып, күтуші адамның көзіне бұрылып қарап.

Валя,1жас10айда:

-Ки ка . . .(«кисе-каши»),-деп мысықтың табағын көрсетеді

Коля,2жаста:

-Кисе, дать-дать!-деп ол талап етеді де мысыққа ботқа беру үшін отырғыштан түсуге талпынады.

Сева, 2жас2айда:

-Кисе касю дай!-деп айқайлайды ол, өзі тамақ ішіп отырған үстелге мысықтың жақындағанын көріп.

Вова 3жаста:

-Кисекусьрни-кусьни («вкусная-вкусная»)деп и у киси кусьная. Вова кисе касю, касю дала кусьную.


Мысалдан көргеніміздей сәбидің тілі бірізділікпен жетілуде:

1)Сөйлемнің синтаксистік құрылысы сондай-ақ оның дауыс ырғағымен айқындығы,2)сөздің морфологиялық жасалуы,3)сөздің дыбыстық құрамы.

Үш жас пен жеті жас арасындағы кезеңінде баланың тілі грамматикалық формалармен тез баийды, сөйлеу ордасының даму потенциялы жеткілікті болған кезде, бала ана тілінің грамматикалық құрылысын және оның фонетикалық жүйесін жетік меңгере алады, мұның өзі сөздік қорын жылдам байытады.

Сұрақтар

  1. Сәби тілі шыққанға дейінгі кезеңде қалай «сөйлейді»?

  2. Гуілдеу, ызыңдау, былдырлау, түрленген былдырлауды сипаттап беріңіздер.

  3. А.Н.Гвоздевтің теориясы бойынша баланың тілінің даму кезеңдерін атаңыздар.

  4. Формасыз түбір сөзден тұратын сөйлем құрау кезеңіндегі баланың тілі қандай болады?

  5. Сөйлемнің граматикалық құрылымын меңгеру кезеңіндегі баланың тілі қандай болады?

  6. Тілдің грамматикалық жүйесін меңгеру кезеңіндегі баланың тілі қандай болады?


§4. Бала тілінің қызметі. Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланыстылығы.


Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: Қатынастық, танымдық, реттеушілік.

Қатынастық қызмет-ертеректегі: өмірінің тоғызыншы айынан он екінші айына дейін түрленген былдырауларынан туындайтын баланың бірінші сөзі дәл осы қызметті атқарады. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланың сөйлеуін одан әрі жетілдіруге ынталандырады. Екінші жылдың аяғында бала айналасындағы адамдар анық түсінетіндей өз тілегін, бақылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне сөйлеген ересек адамның сөзін түсінеді.

Бала үш жастан аса іштей сөйлеуді меңгере бастайды. Дәл осы кезден бастап сөз ол үшін тек қарым-қатынас құралы болудан қалады да, енді басқа да қызметті, ең алдымен таным қызметін атқарады: бала жаңа сөздерді және жаңа грамматикалық формаларды меңгере отырып, айналадағы өмір туралы, заттар туралы, өмірдің шындық құбылыстары мен олардың қарым қатынасы туралы түсінігін кеңейтеді.

Балада қатынастық және танымдық қызметтердің қатар дамуымен бірте оның мініз-құлқын реттеуші ретінде меңгеру басталады. Баланың мінез-құлқын реттеуші алғашқы сөздер –болады, болмайды және етістіктің бұйрық рай түріндегі іш, жүр сияқты сөздер.

-Болмайды!-дейді ересек адам, пышақтың жүзіне немесе жалынға қол созған балаға үрейленген дауыс екпінімен.

-Витяның қолы ауырады (ақылды болу, яғни өз қылығының неге апарып соғатынын болжай білу керек).

-Болмайды!-дейді ол ренішті дауысымен, егер бала саусағымен оның көзін түртіп қоймаса.-Ауырады ғой. Онанда сен мені аяп, қолыңмен сипа (ешкімді ренжітпей, басқаға зияндық жасамай, мейірімді болу керек).

-Болмайды!-дейді анасы кесімді түрде, ол жыртпақ болмақ кітапты қолынан алып.-кітап Витядан кетіп қалады да: «Витя жаман екен» дейді (бұл мәдениетсіздік,яғни саған арнап кітап шығарған адамды сыйламау, бұл сенің абыройыңды кемітеді-бәрі: ол нашар бала екен,-деп ойлайды.)

Мұндай сөздер баланың санасын өздігінен оятады, (оның) еркін машықтандырады, тәртіптендіреді. Жеке адамның қасиеті ретінде тәртіп, кейінірек болатын өзін өзі тәрбиелеу-адамға қажетті мінез-құлық дамуының кепілі.

Әрине, болмайды деген сөз, баланың мінез-құлқын реттеуші басқада сөздер сияқты, оның санасына дұрыс түсінікпен сіңуі керек, нақтылап айтқанда, шамамен жоғарыда келтірілген: ақылды, мейірімді, елгезек болу, айналадағы адамдардың мүддесін құрметтеп, өз адамгершілігін де сақтай білу керек деген дәлелге жақын болуға тиіс. Болмайды деген сөзді баланың санасына қорқытып-үркітудің синонимы ретінде сіңіретін тәрбиешілер орны толмайтын қателіктер жібереді. Мұндай жағдайда жаза алу қорқынышы жалған болғанда бала «қауіпті ойынмен» ойнайды, ол тыйым салған нәрсені қасақана жалғаса береді.

Бала бұйрық етістіктерінде, «болмайды» деген сияқты, жағымды эмоциямен қабылдауы керек. Сонда бұл сөздер баланың еркін жаттықтыруы құралы болады да, ол сөзді дұрыс қабылдай отырып, өзінің мінез-құлқын реттеуші қызмет атқаратын, өзі үшін жаңа сөздердің мәніне ой жүгіртеді. Ақырында, бала өзіндік мінез-құлық жасау үшін өз тілімен (іштей) сөйлеуге үйренеді. Бұл-тілді меңгерудің жоғарғы формасы.

Баланың қарым-қатынас жасау, өмірді тану, өзінің іс-әрекетін жоспарлау қабілеті мидың дамуына байланысты қалыптасады, бірақ даму процесі көбіне машықтануға яғни оның осы кезге дейін меңгерген сөздеріне үнемі назар аударуына байланысты.



Сұрақтар:

  1. Баланың тілі қандай үш қызмет атқарады?

  2. Сөздің қатынастық қызметі дегеніміз не? Баланың тіліндегі бұл қызмет қай жастан басталады?

  3. Сөздің танымдық қызметі дегеніміз не? Танымдық қызмет атқару үшін баланың тілі қай кезде (қай жастан) бастап жеткілікті түрде дамиды?

  4. Бала қай кезде тілді өзінің мінез-құлқын реттеуші құрал ретінде сезіне бастайды?

  5. Тәрбиеші бала тіліне оның мінез-құлқын реттейтін, ол күнделікті тұрмыста қолданатын сөздерді қандай жолмен енгізеді?

§5. Ана тілі адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің

факторы ретінде.


Бала үшін тілді меңгеру оның реттеушілік қызметінде түсінікті болғанда, бұл ана тілі баланың адамгершілік тәрбие құралына айналды деген сөз. Дәл осы кезден бастап ересек адам өз сөзіне, өз мінез құлқына ерекше ұқыпты болу керек.

Алдынғы параграфтарда көрсетілгендей бала меңгеруге тиіс, мінез-құлықты алғаш реттейтін сөздер, бұлар: болмайды, болады, керек деген сөздер, осылардың көмегімен ол «жақсы», «жаман» деген ұғымды да түсінеді.

Болады деген сөз адамдардың, жануардың, өсімдіктердің пайдасына жақсы, мейірімді іс-әрекеттерді жасауға рұқсат етеді. Керек деген сөздің көмегімен баланың ерік-жігері машықтандырылып, өз борышына әрекетті қарым-қатынасы тәрбиеленеді: тіпті зауқы соқпаған нәрсені де істеу керек, қыста құстарды тамақтандыру керек, өсімдіктерге қамқорлық жасау керек, әжесіне үй жұмысында көмектесу керек, әлсізді әділетсіздіктен қорғау керек.

Ана тілін меңгере отырып, бала белгілі бір мөлшерде өз мінез-құлқын жоспарлайтын, тілге тән синтаксистік құрылымдарды қабылдайды. Мәселен, етістіктің жаққа өзгеруін түсіне отырып бала әдептілікті меңгереді (мысалы, тәрбиешілерге сөйлегенде: «Сіз бізге не оқып бересіз?» «сіз бізге оқып бермеспе екенсіз?») («Ал, оқы!-деген қиқарлықтың орнына»).

Бала ана тілінің мейірімділік, тілектестік, елгезектік, қамқоршылық, шыншылдық, еңбексүйгіштік адалдық, қарапайымдылық, сенімділік сияқты сөздерін түсінгенде, олар оның адамгершілік принциптерін қалыптастырудың программасы болуға тиіс. Бала оның мазмұнын ұғынады, яғни осы сөздердің мазмұнын қарайтын ережеге сәйкес сөйлеуді үйренеді, ол әлгі сөздердің мазмұнына антоним:қатыгездік, күншілдік, қараулық, елемеушілік, өтірікші, жалқаулық, ұятсыздық, мақтаншақтық, сенімсіздік деген сөздерді қарсы қоя біледі.

Әрине сәби алғашқы жас кезінде бұл сөздерді айта алмайды, ол ең алдымен кейіпкерлері өз мінез-құлқымен адалдықтың сенімділіктің, еңбексүйгіштіктің, міндетін атқара білудің ережесін көрсететін әзіл оспақтарды, ертегілерді әңгімелерді, өлеңдерді тыңдайды, бала жақсы іс-әрекетке еліктеп, адамгершілік ұғым беретін сөздердің мәнін ақылға салып ұғынатын болады.

Ана тілі балаға эстетикадан да алғашқы түсінік береді.

-Менің гүлім! Менің күнім!-дейді анасы қызына немесе ұлына мейірленіп. –Қарлығашым менің! Алтын балығым менің!-бала алғашында дауыс ырғағын ғана түсінеді. (әлбетте, дауыс ырғағын түсіну қабілеті-туа біткен қабілет, бұған үйретудің қажеті жоқ). Кейін ол өзін неге теңегенін түсінеді және бұл теңеу өзінің әлде бір сұлу нәрсеге қатысы бар екендігін аңғарып, қуанышты сезімге бөлейді.

Балаға ән салып береді, оны әлдимен жұбатады, өлең оқиды ертегі айтады, міне, сонан кейін оның бойында әсемдікпен араласу сезімі пайда болады, сұлулықпен бақыт ол үшін синонимдік ұғымға айналады. Осының бәрін ана тілі сыйлайды!


Сұрақтар:

  1. Тілдің реттеуіштік қызметі неден көрінеді?

  2. Баланың болмайды, болады, керек деген сөздерді меңгеруінің қандай мәні бар?

  3. Ана тілінің мәні көмегімен баланың эстетикалық сезімі қалай тәрбиеленеді?




§6 Тіл меңгерілетін пән ретінде. Сөйлеу.

Тіл-белгілер жүйесі.


Ана тілінің интеллектіні дамытушы және сезімталдықпен ерік-жігерді тәрбиелеу факторы ретінде күші-тілдің табиғатында: оның адаммен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс құралы немесе, тіл мамандарының айтуындай, тілден тыс шындық қасиеті болуында. Бұл қасиет тіл белгілерінің мәнімен түсіндіріледі.

Тиімді меңгеру үшін тілді адам қоршаған шындықты (тілден тыс шындық) қодалайтын (шифрлейтін) белгілер жүйесі ретінде қарастырған дұрыс.

Тілдің белгілері-бұл жұрнақ-жалғаулар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.

Тілдік білгіні меңгеру-бұл: 1) оның материалдық қабығын есте сақтау, яғни оның дыбысталуы мен сөйлеу мүшесі бұлшық еттерінің тиісті қимылдарын есте сақтау; 2) ол қандай затқа немесе тілден тыс шындықтың қандай құбылыса сәйкес келетіндігін түсіну, ол нені қодалайды, яғни оның мағнасын түсіну.

Тілдік белгілердің материалдық қабығы, немесе «тілдің материасы» ауызекі тілде-дыбыстар, яғни фонемалар мен просодемалар (дауыс ырғағымен элементтері-дыбыстың күші, үнінің жоғарылдығы, дауыстың тембрі, дауыс қарқыны.), жазба тілде графемалар, яғни әріптер және әріп емес графикалық белгілер (сөз арасындағы бос орындар, екпін, тыныс белгілері және т.б).

Әр адамға «тілдің материасы»-бұл ең алдымен сөйлеу және есту аппараттарының бұлшық еттері жұмыс іытеген кездегі сөз сөйлеу мен естуді түйсіну, сондай-ақ сөйлегенде және қолмен жазғанда (қағаз жазғанда) бұлшық еттердің жұмыс істеуі кезінде көзбен көру (оқығанда) мен сөз сөйлеуді түйсіну.

Фонемалар, просодемалар және графемалар белгі болып табылмайды, өйткені тілден тыс еш нәрсені аңғартпайды, тек тілдік белгілерді құрауға қызмет етеді, лингвистикада мұндай тілдік бірліктерді фигура деп атайды.

Сөйлесуді үйреніпжүрген сәби тілдік белгілерді құұрау үшін барлық фигураларды-ана тілдің фонемалары мен просодемаларын есте сақтауы қажет (есту арқылы білу және артикуляциялай білу). Жазба тілге үйреніп жүрген мектеп оқушысы өзінің ауызекі тілінің фонемалары мен просодемаларын әріптер мен және графикалық басқа белгілермен салыстыра білужді үйрену керек.

Тілдік белгілердің мағнасын (морфемаларды, сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді) затқа, іс-әрекетке, белгілерге, нақты өмірге қатынасына олардың сәйкес келуі белгілейді. Демек тілдік белгіні түсіну әлгі морфеманы, сөзді және т.б белгілерді бір шындық құбылысымен салыстыру деген сөз.

Мысалы, кітап деген сөзді осы тілде сөйлейтін барлық адам түсінеді, өйткені онымен белгілі бір затты салыстырады; кітапта деген сөздің түрін (заттың есімін жатыс септігі), қайда? Неде? Деген сұраққа жауап ретінде түсінеді.


Лексикалық және грамматикалық тілдік мағыналары.


Тілдік белгінің мағнасы не заттық не логикалық болуы мүмкін. Заттық мағна беретін тілдің белгісі заттар мен құбылыстарды. Олардың іс-әрекетін, белгілерін көрсетеді (мәселен, жарық-физикалық құбылыс, жарқырау, жарық түсіру-жарықтың әрекеті, ашық түсті, жарық белгілі бір заттың немесе іс-әрекеттің белгілері). Логикалық мағынасы бар тілдің белгісі логикалық қатынасы (жарық үшін- мақсаттық қатынасты, жарыққа бола-себептік қатынасты, жарыққа- орын қатынасын, көлеңке емес, жарық-қарама-қарсы қою қатынасын) білдіреді

Заттық қатардың тілдік мағынасын лексикалық тілдік мағына деп атайды, логикалық (ойлағыштық) қатардың тілдік мағынасын г р а м м а т и к а л ы қ тілдік мағына деп атайды.

Сонымен, бала сөздің мағнасын (жарық) және оның формасын (жарық үшін) түсінеді дегенде, бұл оның тиіст дыбыс желісінің (немесе әріптің) заттық қатардың тілден тыс құюылысымен (былай айтқанда жарықпен) дұрыс сәйкес келуі деген сөз, сол арқылы сөздің лексикалық мағынасын даралайды; логикалық қатардың тілден тыс құбылысымен сөздің формальді элементтерін дұрыс үйлестіре отырып (мақсат қатынасының мағынасын жасайтын үшін жұрнағы), сөздің грамматикалық мағынасын даралайды.


Тілдік белгінің бағалау коннотациясы (қосымша мағынасы).


Әрбір тілдік белгінің лексикалық та, грамматикалық та ерекшеліктері бірге айтылып тұрған шындыққа сырттай қатысын көрсетумен бірге, айтушының іштей жай-күйін-оның әлгі шындықты бағалауын, яғни оның эмоциясын, сезімін көрсету болып табылады. Мысалы, ұйықтап жатыр, қалғып отыр, қорылдайды деген лексикалық сөздердің мәні «ұйқы жағдайында жатыр» деген сөзбен бірдей; біравқ бұл сөздерді нақты жай-күйге байланысты айтушы әр түрлі мағынамен айтады: қорылдайды деп ол өзінің ренішті сезімін (ұрысу, жек көру), қалғып отыр сөз оның көтеріңкі сезімін (құрмет тұту) көрсетеді, ұйықтап жатыр деген сөз ешқандай сезімдік күйді білдірмейді (айтушы ешқандай ой білдірместен болған жайды ғана айтады.).

Грамматикалық тілдік белгілер де шындықты айтушыға баға береді. Мысал ретінде көтеріңкі сөйлемнің екі құрылымын келтірейік: «Ал, оқы!»-деп бала дөрекі, ашулы дауыспентәрбиешіден талап етеді, «Мария Васиьлевна, тілеуіңізді берсін оқып беріңізші»-деп мейірімді, жұмсақ дауыспен өтінеді бала тәрбиешіден. Екі сөйлемде де эмоция ең алдымен дауыс ырғағынан, үнінен, осы сөйлемнің қалай айтылғанынан көрінеді: бірінші сөйлемде етістіктің бұйрық райы жеке түрде және көтеріңкі ал! демеулі сөзі қолданылған, соның нәтижесінде сөз тіркесінің дөрекі бұйрық беру сипаты бар; екінші сөйлемде-етістіктің бұйрық райы көпе түрде айтылуы, қыстырма сөз (тілеуіңізді берсін) және қаратпа сөз айтушының әңгімелесушіге ілтипат көрсетеді.


Сөйлеу.


Сөйлеу деп қатынас жасау, түсіну, өзін тәртіпке келтіру үшін тілдің лексикалық және грамматикалық белгілерін дұрыс пайдалануды айтады. Сөйлеу деп тілдік белгілерді нақты пайдалану жағдайын айтады.

Тілдің лексикалық және грамматиткалық белгілерін дұрыс қолдану ережелерін тілдің нормасы деп атайды. Норма дәстүрлі жолмен бекітіледі.

Мысалы, орыс тілінде қазақ тіліндегі –ші,-шы жұрнағы тектес –тель,-щик,-ист жұрнағы адамның қызметін білдіреді. (водитель-жүргізуші, носильщик-тасушы, велосепидист-внлосепедші); тілдің нормасын меңгеретін адам бұл жұрнақтарды қолдануда жаңылыспайды; ол бұл сөздерді бұрмалап айтпайды, өйткені «бұлай айтпайды» деген сөз есінде боладжы. Лексидан басқа бір мысал келтірейік: орыстар жолға шыққалы тұрған поезд туралы жүргелі тұр, пороход туралы-жүргелі тұр, сомолет туралы-ұшқалы тұр, ат туралы-қозғалғалы тұр;дейді. Егер адам мұны білсе, демек, ол тілдік норманы меңгергені деген сөз. Синтаксистен мысал: сөз тіркесін былай құруға болмайды; «бақыт туралы сену», «ұлы туралы мазасыздану», «бақытқа сену», «ұлына мазасыздану» деу керек; сөз тіркесінде септіктің қандай түрімен және және қандай жұрнақ жалғау көмегімен сөздің дұрыс байланысуын білмеген адам тілдің нормасын білмейді. Тілдің нормасын білу бұл стилистикада мынадан аңғарылады; оны білген адам бір тексттегі сөзге немесе сөздің түріне әртүрлі әр түрлі стильді қолданбайды. Мысалы; «Таудан үлкен тас құлап, жолды жауып тастайды» деген сөйлемнің біраз сөзін синонимін тауып өзгертуге болады: құлау-домалау-құлдырау; үлкен тас-кесек тас-үлкен жұмыр тас; жауып тастау-бөгеу-бітеп тастау. Аталған синонимдердің біріншісі-бейтарап, екіншісі-кітаби, үшіншісі-ауызекі айтылатын сөздер. Оларды сөйлемге былайша кіргізуге болады: «Таудан кесек тас домалады да, біздің жолымызды бөгедңі» (кітаби стиль); «Таудан үлкен жұмыр тас құлдырап жолды бітеп тастады»(ауызекі стиль); «Таудан үлкен жұмыр тас құлдырап жолды бітеп тастады»(ауызекі айтылатын стиль). «Жұмыр тас домалады» немесе «домалады да жауып тастады», деу-стильді араластыру, стилистикалық қате жіберу деген сөз. Тілдік дыбыста қолданылатын сөз сөйлеу нормасы-орфоэпиялық, ал оларды жазу нормасы графика немесе орфографиялық ережені құрайды.

Тілдің элементтерін (белгілерін) қолдану дәстүрі сөйлеуде сөздің өз мағынасының ережесімен реттелінбейді: мысалы, «сапар туралы жазу» демейміз деген сұраққа, жауап біреу-ақ-қалыптасқөан дәстүр солай. Дәстүр есте сақталады.

Ана тілін меңгеру үшін тілдік белгілердің қолдану дәстүрін: олардың үйлесімділігін, өзара орын араластыратындығын, дыбыстық немесе графикалық жарасымдылығын есте сақтау қажет.

Сөйтіп, баланы сөйлеуге үйрету-оған «тілдің материясын»(сөйлеу органын машықтандыру) меңгеруге (есте сақтауға) көмектесу, тілдік белгілердің лексикалық және грамматикалық (интеллектіні машықтандыру) мағынасын түсінуге жеңілдету, шындықты лексикалық және грамматикалық белгілердің көмегімен бағалауды үйрету (эмоциямен сезімді машықтандыру), әдеби нормаларды есте сақтауды жеңілдету, яғни тілдік белгілердің (морфемалардың, сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) қолдану дәстүрін (тіркесімі және өзара орын алмастыру мүмкіндігі), олардың дыбыстық және графикалық жарасымдылығын жеңілдету деген сөз.



Сұрақтар.

  1. Тілдің белгілік мәні неде?

  2. Адамның субъективті қабылдауында «тілдің материямы» дегеніміз не?

  3. Фонемалар және порсодемалардың тілдегі рөлі қандай?

  4. Тілдік белгіні түсіну дегеніміз не?

  5. Тілдің лексикалық мағынасын түсіну дегеніміз не?

  6. Тілдің грамматикалық мағынасын түсіну дегеніміз не?

  7. Лексикалық және грамматикалық құралдың көмегімен сөйлеген сөздің мағынасына баға беру дегеніміз не?

  8. Сөйлеу деген не? Тіл нормасы деген не? Тілдік белгілерді қолдану дәстүрі дегеніміз не?

  9. Ана тіліні оқытуының сыры неде?



§7. Тіл үйрену заңдылықтары.


Ана тілін үйрену заңдылықтары деп біз сөйлеу дағдысының пайда болу интенсивтілігінің тілдік ортаның мүмкіндігіне-табиғи (үйде үйреткенде) немесе басқа жолмен, яғни методикалық құралмен (мектепке дейінгі балалар мекемелерінде) арнаулы дайындалған тілдік ортаға байланыстылығын айтамыз.

Тілдік ортаны даму потенциялы әдеттк оны жасаған кезде тілді үйрену заты ретінде және сөйлеуде тілдің жұмыс істеу ерекшеліктерін, сондай-ақ баланың әртүрлі жас сатысында тілді үйрену психологиясын неғұрлым дәлдікпен меңгерсе соғұрлым жоғары болады.

Тілді үйренудің төмендегі заңдылықтарын айта аламыз.

Бірінші заңдылық: ана тілін қабылдау қабілеті баланың сөйлеу органы бұлшық еттерінің машықтанғандағынына байланысты болады.

Егер бала фонемаларды артикульдеу немесе просодемаларды модулдеу, сондай-ақ дыбыстар комплектісінен оларды дауыстап бөліп алу қабілетін игерсе, ана тілін игере алады. Баланың тілді үйренуі үшін сол тілдің әрбір фонемаларын және оның позициялық варианттарымен әрбір просодемаларын (дауыс күшінің, дауыс көтеріңкілігінің, қарқынының, ырғағының, тіл тембрі модуляцияларының) айтуға қажетті сөйлеу аппаратының, ал кейін жазба тілді игерген кезде көздерінің де, қолдарының да қозғалысы жаттықтырылған болуы керек, ал бұл қозғалыстар баланың естуімен сәйкес болғаны жөн.

Егер бала өзгенің сөзін тыңдап, оған еліктеп, айтушының артикуляциялары мен просодемаларын қайталаса (дауыстап, ал сонан соң ішінен), яғни бала сөйлеу органымен жұмыс істесе, тілді үйренеді. Мәселен, баланың сәби кезіндегі тілі шығар алдындағы іс-әрекеті-бұл артикуляцияның және модуляциялық дыбыстық іс-әрекеттер (уілдеу, ызыңдау, былдырлау, түрленген былдырлау.). Егер тәрбиеші оған атсалысатан болса , ол жылдамырақ жүзеге асады. Алғашқыда дауыстап сөйлеу, яғни балавда біршама ерік күшін талап ететін сөйлеу органы бұлшық етінің жұмыс істеуі арқасында уілдеу, былдырлау сөзге ауысады. Бала белгілі бір дәрежеде өзінің өзінің сөйлеу органының бұлшық етін басқаруға үйренгеннен кейін ғана онда іштей сөйлеу, яғни сөйлеу органының артикуляцифсымен модуляциясын дыбыссыз айту, қабілеті пайда болады. бала шамамен бес жасқа қарай таныс сөздеріндегідыбыстарды таза, кемшіліксіз (дауысты және дауыссыз дыбыстарды ьастап кетпей немесе шатастырмай, тұтықпай және т.б.) айтуды үйренеді: мәселен, екі жастағы бала шляпа және репка деудің орнына «ляпа» және «ека»; үш жасар бала-«сьляпа», «лепка» немесе «репга»; бес жасар бала –шляпа, репка дейді. Баланың өсуіне байланысты тілі дами түседі, дұрыс айтып жүрген таныс сөздерді енді жеткіліксіз бола бастайды, оның лексикасына жаңа сөздер енгізе отырып ересек оның сөздердің б а р л ы ғ ы н айтуға, сондай-ақ баланың сөзін байытатын б а р л ы қ синтаксистік құрылымдарының ырғығын мдульдеуге үйренуі тиіс.

Айту дағдысының жетілдіру үшін сөйлеу органдарын жаттықтыру қажеттілігінен құралатын ана тілді үйрену заңдылығын артикуляциялық негіз жасалғанда, ана тілін меңгерген алғашқы кезеңде ғана емес, онан кейін де мектепте, жоғарғы оқу орындарында жүргенде де күшін сақтайды. Тіпті өте білімді адамның өзі жаңа тақырыпта жақсы сөйлеуі үшін сөйлейтін сөзін іштей айтуы керек.



Сұрақтар.


  1. Тілді меңгеру үшін сөйлеу аппараттарын неге дамытк керек?

  2. Баланың сөйлеу органдары дамыту жөніндегі жұмыс яслилермен балалар балабақшасының ғана міндеті емес, мектепте де, жоғарғы оқу орындарында да, жалғасу керек дегеннің қандай маңызы бар?

  3. Тілді үйренудің алғашқы заңдылығы қалай тұжырымдалады?


Екінші заңдылық:сөздің мәнін түсіну әртүрлі дәрежеде қорытылған лексикалық және грамматикалық тілдік мағыналарды баланың үйренуіне байланысты.

Егер лексикалық және грамматикалық тілдік мағыналарды түсінетін қабілет пайда болса, егер мұндайда бала лексикалық және грамматикалық дағдыларды бір мезгілде игерсе, ана тілін үйренеді.

Баланың ана тілін табиғи жолмен үйренуін былай елестетуге болады. бала мағынасын түсінбестен бұрын дыбыстар комплексін естиді, олады айта бастайды; бірте-бірте ол айтып жүрген дыбыстар комплексінің лексикалық мағыналарына ой жүгіртеді, оған болмыстың белгілі бір құбылысымен оны салыстырады.

Оның алғашқы сөйлемдері-сөз, сөздер жинағы (қатары).

Бала сөздің лексикалық мағыналарымен бірге өзінің алғашқы синтаксистік абстракциясында: предикативтік қатысты мағынасын, (яғни бастауышпен баяндауыштың қатысы), мақұлдау немесе жоққа шығару мағынасын («бұл-мама», «бұл-атам,»»бұл-папам емес») үйренеді, әлдебір «әмбебап есімдік» ретінде қолымен бұйыра көрсетіп, әлі сөйлей білмейтін бала (сөйлеу органының бұлшық еттерін игере алмай тұрып) өзінің алғашқы сөйлемін құрайды: «ы-ляпа» (бұл-шляпа), «қыр»(сыр), «паха» (тасбақа). «Лидонька, мынау кімнің қалпағы?»-«Папа!» (Папамның қалпағы).

Өзінің предикатын-сөздерінің лексикалық мағынасын бала бұл кезде атау ретінде қабылдау мүмкін (жалғыз зат аталатын), алайда ол оның предикативтік мағынасын іштей сезіну арқылы түсінеді. Осы бір тұңғыш грамматикалық мағынаны түсіну-балада интеллектінің аса маңызды компониенті- ойлаудың пайда болғандығының куәсі. Баланың тілдік белгілерді үйренуінің мұнан арғы жүйесін және олардың көмегімен танымдық қабілетінің дамуын былай елестетуге болады. бала өзі қолданған сөздердің жинақтаушы мағынасын көбірек сезіне бастайды: мысалы, Надя, мама, қасық, мұрын деген сөздерді ол алғашқыда нақ сол заттың, адамның белгісі ретінде қабылдайды. Мұнан кейін оған сөздің жинақталған лексикалық мағынасы түсінікті болады: мұрындар сырттай бір-біріне және оны өз мұрнына ұқсас болмасада, аң, құс, жәндік бейнеленген суреттерді көре отырып, ол торғайдың, арыстанның араның мұрнн дәл көрсетеді.

Сөздің түсінілген лексикалық мағынасы негізінде бала морфологиялық абстракцияны-бірқатар сөздердің жалпы мағынасын қабылдайды: мысалы, мұрын, қол, үй, көше, бұлт сияқты сөздердің жалпы мағынасын-бұлттардың заттар екендігі; отыру, тамақ, ішу, тұру, ұйықтау, үндемеу, сөздерінің жалпы мағынасы-заттың қимылын немесе жай-күйін білдіреді.

Сөздің ауытқыған лексикалық мағынасын баланың түсінк қабілеті мұнан кейінгі жерде сөзді сөз табы ретінде түсінуге алып келеді. Мұндай түсіну кім? не? қандай? не істейді?-деген сұрақ сөздерге ой жүгіртіп қолдануынан көрінеді. Грамматикалық ктегорияларды түсіну абстракциялау қабілетінің пайда болғандығын дәлелдейді ( абстракция операциясын ойша жасау). Абстракциялау дағдысының осы бір нышаны, әдетте, мынандац синтаксистік мағыналарды-жағдайлық, анықтауыштық, заттық қатынастардың мағыналарын түсіну қабілетінің пайда болуы үшін алғы шарт болып есептеледі. Аталған қатынастардың бала алғашында сұрақ-сз ретінде сеңгереді: қайда?қашан?неліктен?қалай?неге?кімді?нені? кімге?неге?қандай? және т.б. содан соң ол сөз-сұрақтармен тиісті сөз түбірінің бейнесін біртіндеп байланыстырады: үстел үстінде, таңертеннен, қуаныштан, қуанышпен, түскі тамақ үшін, мамам жоқ, нан жоқ, жақсы (бала), қымбатты (ана) және т.б. Осы бір грамматикалық формаларды үйрену өз тарапынан абстракциялау дағдысын жетілдіреді.

Сонымен, ауытқыған лексикалық мағынаны үйренген кезде ойша абстракциялау операциясын игереді, осы бір бастапқы ойлау дағдысы басқыш болып табылады, оған көтерілген ол ана тілінің грамматикалық формалары-ойлаудың материалдық негізі.

Мектепке дейінгі жастағы бала тілінің жоғарыда айтылған фактрлерін қанша уақытқа меңгереді және меңгере алама, мұның өзі оны сөйлеуге қалай үйреткендігіне, ол өсір отырған тілдік ортаның даму потенциялы қандай екендігіне, ең бастысы- бұл бала ана грамматикалық және лексикалық мағынасын тікелей қажетті пропорцияда үйренуге мүмкіндігі бар ма-осыларға байланысты. Әдетте грамматикалық (синтаксистік) мғыналарды түсінудің дамуы кенже қалатыны байқалып жүр.


Сұрақтар.

  1. Сөзді меңгеру үшін лексикалық және грамматикалық тілдік мағыналарды түсіну және ажырата білу қажеттілігі неге керек?

Лингвистика мен психологияның қандай фактілері бұл заңдылықты бейнелейді?

  1. Баланың лексикалық мағынаны үйрену процесін қалай елестетуге болады?

  2. Бала грамматикалық мағынаны үйренеді?

  3. Тіл үйренудің екінші заңдылығының мәні неде?

Үшінші заңдылық: мәнерлеп сөйлеуді үйрену баланың бойында фонетиканың, лексиканың және грамматиканың айқындауыш құралдарына бейімділікті дамытуға байланысты.

Егер лексикалық және грамматикалық единицаларды түсінумен қатар олардың мәнерлігіне бейімділік пайда болса, онда ана тілі жақсы менгеріледі.

Грамматикалық және лексикалық мағналарды меңгере отырып,балалар сөйлеушіге қатысты алғанда сыртқы дүние тілде қалай бейнеленетінін (интуиция арқылы) сезінеді, ал мәнерлеп сөйлеу әдістерін үйрене отырып, балалар тілде адамның ішкі дүниесі қалай бейнеленетінін, адам болмысқа өз сезімін,өз бағасын қалай білдіретіндігін сезінеді(бұл да интуиция арқылы). Мәңерлілік тұрғысынан А.Прокофьевтің «Алау» деген өленің талдап көрейік.

Қоп-қою түтін сиректеп,

Жіп-жирен жалын,билеп кет,

Ақ тиін де емес, түлкі де,

Пышырлап ұшып ілкіде,

Атылады ұшқын биікке-

Жел, жел, қане, қуып бер!

Қуып жет-тағы ұшқынды,

Қыранға байлап бер оны-

Қауырсынына қыстыр ашып ап,

Шарласын қыран даланы

Алтын ұшқын шашырап.

Бұл өлеңдерді ең алдымен өзінің дыбыстық құрлымы; лепті мөлшеріне, дәл ұйқасына (түлкі де-ілкіде, түйдектеп-билеп кет, ашып ап-шашырап),үйлесімділігіне байланысты балалар оңай қабылдайды. Сөз құрау құралы ретінде зат есімдерде де, сын есімдерде де(қоп-қою, жіп-жирен) жылылық беретін жұрнақтардың қолданылуы афтордың айтпақ болған ойға жылы мейрімін білдіреді.Кеңейтілген метафоралар «жіп-жирен жалын, билеп кет», «пышырлап ұшып келкіде» -шыбықтардың арасында ойнақ салып, ұшқын шашқан жалын),болымсыз теңеулер (жалын – «ақ тиін де емес,түлкі де»),арнау және кейіптеу (ақын, тіршілік иесіне айтқандай, желге арнап тіл қатады) өлең тексін түрлендіріп тұр. Оты ойнаған кішкентай алауды суреттеу сондай әдемі, нанымды, ал онан арғы жерде ертегі басталады: ақын өз қиялымен тау үстінен ұшып бара жатқан алып құсты-тұмсығымен алтын ұшқын тістеп бара жатқан қыранды-көргендей болады.

Балалар мұндай өлендерді жаттай отырып, ана тілінің бір ойды түрлі синонимдік құралдармен беруге болатын ерекшелігін іштей ұғынатын болады (мәселен:(« жіп-жирен жалын, билеп кет»-ойнақ салған жалын; жалын-«түлкі де емес», «тиін де емес»), бірақ мұнда құбылысты объективті білдіруге айтушының сол ойға берген бағасы, оның оған деген қатынасы қосылады,яғни оның ішкі дүниесі ашыла түседі.

Тілдегі синонимдердің болуы мен оны айтушының қолдануы тілді информация құралы етіп қана қоймайды, сонымен бірге айтып отырған нәрсесіне қатынасын көрсететін құрал да болып табылаы. Демек, баланың өзгенің сөзінің мәнерлігің сезіну және өз сезімін сөз арқылы білдіру қабілетінің дамуы оның ана тілінің синонимдерін қаншалықты мнеңгергендігіне байланысты.

Сөздің эмоциялық бояуын балалар жалпы тілді үйренгеннен бастап сезіне бастайды. Оларға әсіресе ырғақтың мәнерлігі түсінікті.Әлі бір сөзді түсінбей тұрып бала үлкендердің сөзінен еркелету, құптау,жеіру, ашулану ырғақтарын (жауап ретінде ол күлімсірейді, өкпелеп ернін жымқырады немесе жылайды) қатесіз ажырата біледі.Эмоцияны білдіретін лексикалық құралды да бала меңгереді (мәселен, синоним сөздердегі эмоционалдық құбылудың айырмашылығын : же-іш –қылғыт; әлди-әлди-ұйықта-қорылда). Сөздің ауыспалы мағнада дұрыс қолданылуы және грамматикалық құралдың айқындығын баланың кішкентайынан-ақ меңгеруі мүмкін, бірақ ол үшін арнайы оқыту керек.

Мысалы: баланың алғашқыда қажетті дайындықсыз үлкендер айтқан сөздердің барлығын дәл мағнасында түсінетіндігі белгілі («Катюша,ақпа құлақ Валераны шақыр. Ол тағы да танертеңгі тамағын ішпей көшеге шығып кетіпті ! Мен оның мойының жұлып алайын! » -деп ашуланады анасы. «Апатай», оның мойынын жұла көрмеші, Валера ауырсынады ғой ! » Немесе: «Катюша, білесің бе институтқа қабылдандың дегенде төбем көкке жеткендей қуандым»,-дейді ойын бөліскен бауыры.» Сен оны көкте тұрып қалай естідің?»-дейді таң қалған Катюша).

Сөздің мәнерлігіне бейімділікті бұл жұмыс сәбидің жас шағынан басталғанда ғана тәрбиелеуге болады. Балалық шақта сіңген сөздің мәнерлігін сезіну қабілеті ересек адамға поэзияның, көркем сөздің сұлулығын терең түсінуге, сол сұлулықтан ләззат алуға мүмкіндік береді.

Баланы мәнерлі сөзді қабылдауға үйреткендей, сөздің мәнмағнасын түсінуге де үйрету керек:сөйлеу үстінде сезімді білдіретін үлгілерді көрсетіп, бұл сезімнің балаға жетуіне, онда жауапты сезім туғызуына қамқорлық жасау қажет.

Сұрақтар

1.Сөздің мәнерлігің меңгеруге балаларды неге жаттықтыру қажет? Лингвистика мен психалогияның мән бере бастайды?Балаға ең алдымен сөз мәнерлігінің қандай компаненті (фонетка , лексика немесе грамматика ) түсінікті?

3.Тіл үйренудің үшінші заңдылығының мәні неде?

Төртінші заңдылық:тіл үйрету нормасын баланың тілді сезінуінің дамуына байланысты.

Егер балада есте сақтау қабілеті пайда болуы олардың үйлесімділігін (синтагматика).бірінің бірі орын алмастыратын (парадигматика) мүмкіндігін жіне әр түрлі сөйлеу жағдайында (стилистика) орынды қолданылуын есте сақтаса, бала ана тілін жақсы үйренеді.

Адамның осынау есте сақтау қабілеті, әдетте әдеби сөздердің үйлесімділігі-морфемалар, сөздер, сөз тіркестері ретінде пайдаланылады, оны тіл сезімі,немесе,тілдік сезімталдық деп атайды. Лексиканы меңгерудің негізгі болып саналатын бала сезімінің өалай дамып отырғандығын түсіну үшін, оның туынды негізгі сөздерді қалай ұғатындығын бақылау керек. А.Н.Гвоздев пен М.А.Рыбникова баланың сөзінде туынды сөздің пайда болуын бақылай отырып, бала бәрінен бұрын жекеленген аффикстердің мағнасын игереді деген ойға клді.Мысалы: егер ол «өзіне тән» сөзді құраса-«тоқпақтады», «есіксіз үй» (мыстан кемпірдің күркесі), «тістеуік» (ит), онда оған қосымшалардың мағнасы айқын түсінікті деген сөз (салыстыр:тісті, көзді).Демек ,егер бала түбір мен аффикстердің әрқайсысының мағнасын түсіне бастаса,онда бұл сөзді бұрын ол естімесе де морфемадан тұратын сөздің мағнасын жаңылыспай түсінеді. Әрине «білуі» бұл сезінуі ғана, ол дәл болмай тіпті қате болуы да мүмкін , бірақ ол ереже емес, тек жанылысу ғана.Демек,адамның ана тілдік лексикасын құрайтын,бірнеше мыңдаған сөзді үйренуін (есте сақтауын ) жеңілдететін заңдылық сөз элементтерінің мағнасын есте сақтау және оларды сөзде дұрыс қолдану қабілетінен құралады.

Аса көп күш жұмсамай бала синтксисті, ең алдымен –сөзді өзгертетің морфемаларды (зат есімен , сын есімнің, етістіктердің жалғауларын және жаңа түр жасайтын жұрнақтарды)меңгереді.Сіз байқайсыз ба...,-деді К.Д.Ушинский,-бала өзіне таныс емес сөзді естісімен көбіне оны дұрыс септеп, жіктеп, басқа сөзбен байланыстыра бастайды...» Мұнан әрі оқылық...Егер бала ана тілін үйрене отып,халыққа тіл жасауға мүмкіндік берген творчествалық күш-қуаттың сол бір бөлшегін меңгермесе, бұлай болуы (мүлдем жаңа лексикалық мағынасы бар сөз үшін дұрыс грамматикалық форманы осылай оңай табу – Л.Ф.) мүмкін бе?» Баланың ана тілін жақсы үйренуіне жәнесөйлегенде кең көсілуіне мүмкіндік беретін «жұмысшы механизмі» есте сақтау болып табылады, есте сақтау – тіл сезімін дамытудағы негізгі құрал.

Б.В.Беляев ана тілінің «сезім дәрежесінде» игерілетіндігін дәлелмен негіздеді, өйткені «сезім кез келген психикалық әрекеттің негізін жасайды.» Ана тілінің лексикалық және грамматикалық мағынасын адам оны түсінуден әлдеқайда бұрын сезінеді. Өз сөзіне ой жүгірту тілді ішкі сезім арқылы меңгергеннен кейін ғана мүмкін болады. Адамның тілді жаксы немесе нашар білуі, өз сөзіне ой жүгірте алама,жоған па соған байланысты емес, оның сөзді ішкі сезімі арқылы қаншалықты терең және дұрыс (яғни әдеби дәстүрге сәйкес), яғни ойлау дәрежесінде емес, сезім деңгейінде үйренгендігіне байланысты.

Қалыптасқан сөзде ана тілі элементтерінің дәстүрлі қолданылуынадам негізінен өмірінің мектепке дейінгі кезеңінде есте сақтап қалуға тиіс.



Сұрақтар.

1.Тіл сезімі немесе тілдік сезімталдық дегеніміз не?

2.Лексиканы табиғи игеру процесі қандай?

3.Сөзді өзгертетін морфемаларды үйренудің табиғи процесі қандай?

4.Орфоэпияны табиғи игеру процесі қандай?

5.Баланң тіл сезімін дамытудағы табиғи және жасанды сөйлеу

ортасының ролі қандай?

6.Тіл үйренудің төртінші заңдылығының мәні неде?


Бесінші заңдылық:жазба тілді үйрену ауызекі жіне жазба тілдің арасын үйлестірудің дамытуға байланысты.

Егер дыбысталған сөзді жазба тілге «айналдыру» қабілеті пайда болса, онда жазба тіл оңай

игеріледі.Оқуға және жазуға үйреткенде сөйлеу органының жұмысына көздің және жазып отырған қолдың бұлшық еттерінің жұмысы келіп қосылады,бірақ көз бен қол сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің бір мезгілдегі жұмысынсыз сөйлеу қызметін (оқу және жазу)атқара алмайды.(Бала үшін жазба тіл,-дейді Н.С,Рождественский,-бұл жалпы алғанда тілді меңгерудегі екінші кезең).Оны игерудің ерекшелігі сонда,(ауызекі сөйлеу сөздері нақты заттардың белгілерді нақты заттардың белгілері және олардың қарым-қатытанасы болып табылады;ал жазба тіл ауызекі сөйлеудің ен сөздердің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде білдіретін белгілерден тұрады),Егер бала ауызекі тілді білмесе ,жазба тілді үйрене алмайды.

Егер балаларға дидактикалық материал дыбыстық және жазбаша түрде (салыстыру үшін) бір мезгілде берілетін болса ғана жазба тілге үйрету үшін қолдан ұйымдастырылған сөйлеу ортасы барынша тиімді болады.

Жазба тілге үйретудің алғашқы кезеңінде (дайындық тобының оқуы және жазуы) бала өзіне таныс емес нәрсені –әріпті таныс нәрсеге-естілетін сөзге «айналдырады». Оқушы мұнан кейінгі жеде дыбыстарды әріпке жай аударумен және керісіншежасаумен ғана шектелмейді, сонымен бірге бұл аударуды дұрыс жазу ережесі бойынша жүзеге асырады.Мысалы:сөздің кез келген бөлігіндегі екпінсіз дауысты дыбыстардың орфографиялық дұрыс жазылу ережесіне оқушылардың ой жүгірту үшін олардың назарына екпінсіз дауысты дыбыстардың естілуі бойынша жазылмайтындығына аударады: домой сөзін сондықтан жазу қиын, оны естіген бойынша жазуға болмайды, ал дом сөзі оңай жазылады :оның бар әрпі естілгені бойынша жазылады,балаларға домой-дом деген сөздің салыстырмалы мағнасы түсінікті болады.

Түгелдей интонацияға байланысты болатын пунтуация ережелерін оқығанда ауызекі тілді жазба тілмен салыстыру да аса маңызды.Мысалы: «Бұл-саңырауқұлақ?» (Салыстыр: «Бұл –саңырауқұлақ») деген сөйлемге нүкте қоймай, сұрау белгісін қою үшін оның интонациясын есту қажет.

Егер дайындық тобында сауаттылыққа үйрету сабақтарында балаларды дұрыс интонациямен оқуға үйретпесе ,онда олар ,біріншіден,граматикадан толық білім алмайды ,

бұл естіген сөздің мағынасын түсінбеуге,ойын дәл жеткізе алмауға әкеліп соғады;екіншіден,сөздің мәнерлілік (стилистикалық)жағын үйрене алмайды;ақыр аяғында синтаксистік құрлымының ритм әуенді суреттерін білмеу пунктуацияны онан әрі үйренуді қиындатады.


Сұрақтар

1.Ауызекі тілдің артикуляциялық есту дағдысы болмайынша жазбаша тілді үйрену неге мүмкін емес?Ана тілін үйренудің осындай заңдылығы бар екендігіне қандай дәлел келтіруге болады?

2.Сөйлеу органы-артикуляциялық есту аппаратының және көз(оқығанда)бен қалам ұстаған қол бұлшық етінің дамуының қарым-қатнасы қандай?

3.Жазба тілді үйрену үшін оны ауызекі сөзбен салыстырудың қандай маңызы бар? Жазба тілге қарағанда ауызекі тілді бұрын үйрену неліктен қажет?

4.Тіл үйренудің бесінші заңдылығының мәні неде?


Алтыншы заңдылық: тілді байыту сөйлеу дағдысы құрлымынын жетілдіру дәрежесіне байланысты.

Егер баланың сөйлеу дағдысы (әсіресе фонетикалық және грамматикалық) неғұрлым жетілген болса, ана тілін ұйренудің табиғи процесі, баланың тілін жаңа лексикамен және жаңа конструкциялармен байыту, соғұрлым тезірек болады.

Бұл заңдылықты балалар бақшасының тәрбиешілері үнемі бақылайды:баланың тілі неғұрлым дамыған болса, ол өлеңдерді,ертегіерді, әнгімелерді соғұрлым есте сақтайды, олардың мазмұнын дәлме-дәл айтып бере алады.

Аталған заңдылықты мектепте пән мұғалімдері үнемі бақылайды.Мысалы: география, тарих,әдебиет сабақтарын тілі дамыған балалардың жеңіл игеретіндігі баршаға мәлім:олар

мұғалімді қызыға тындайды,оның айтқандарын оңай есте сақтайды,оқулықтарды және пәнге

қатысты әдебиеттерді де құныға және табыспен оқиды.

Сонымен,ана тілінін үйренудің табиғи процесінің алты заңдылығы бар:


1.Егер баланың сөйлеу бұлшық еті қызметінің процесі кезінде «тілдің материясы»меңгерілсе,

Онда ана тілі үйреніледі.Кинестезиядық (сөйлеу қимылдық )сезіну дами түседі.

2.Егер әр түрлі дәрижеде жинақталған тілдік маңызды түсіну қабілеті дамыса,егер лексикалық және грамматикалық дағдылар синхронды пайда болса ,ана тілі үйреніледі.Мұндайда баланың ойлауы,қиялдауы дамиды.

3.Егер лексикалық және грамматикалық единицаларды түсінумен қатар олардың мәнерлілігіне деген қабылдағыштық пайда болса,ана тілі үйреніледі.Мұндайда баланың эмоциялық және ерік-жігер сфералары дамиды.

4.Егер тілдің сезіну,яғни тілдің барлық компоненттерін интуиция арқылы (санаға сіңбеген)дұрыс(нормаға сәйкес)игергенде, ана тілі үйреніледі.Мұндайда баланың есте сақтау қабілеті дамиды.

5.Егер жазба тілге қарағанда ауызекі тіл бұрын дамыса,егер ол дыбыстық сөзді графикалық сөзге «аудару»болып табылса,жазба тіл үйреніледі.Мұндайда баланың барлық танымдық қабілеті ,эмоциясы және ерік-жігері дамиды.

6.Егер бұдан бұрынғы жас кезеңінде баланың тілін дамыту толық мүмкіндігіне сай жүргізілсе ,онда келесі кезеңде тілді байыту және оны үйрену жылдам әрі оңай болады.

Әрбір сөйлеу дағдысы белгілі бір танымдық қасиеттерді (сезіну,есте сақтау,қиалдау,ойлау)дамыту немесе эмоцилық және ерік-жігер жағдайы негізінде пайда блдады,сондықтан ана тілін үйренудің табиғи процесінің заңдылықтарын сөйлеу дағдысын құрылымын жетілдірудің баланың танымдық қабілетін эмоцилық және ерік-жігер сфераларын дамытуға тәуелділігі ретінде анықтауға болады.


Сұрақтар

1.Тіл үйренудің табиғи процесінің заңдылығы дегеніміз не?

2.Сіздерге тіл үйренудің табиғи процесінің қандай заңдылықтарын белгілі?


8. АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МЕТОДИКАЛЫҚ

ПРИНЦИПТЕРІ

Тіл үйрену заңдылықтарын білу балаға ана тілін оқыту методикасын тандағанда, яғни оқыту құралдарын тандағанда қажет.

I.Тілді оқытудың құралы –бұл :1)дидактикалық тілдік (оқу) материал, яғни ересек адамның балаға қарап сөйлейтін сөзі, оларға оқып немесе айтып беретін әні, ертегісі,әңгімесі; 2)өзіне айталған сөзді (дидактикалық тілдік материал )баланың шапшаң үйренуі үшін ересектер қолданатын әдістер мен тәсілдер; 3).оқытуды ұйымдастыру,яғни баланы сөйлеу қимылына (арнаулы сабақтар,ойын кезінде сөйлеп араласу,серуенде, күнделікті өмірдегі жұмыстарды орындау-жуыну ,ас ішу,ұйықтауға дайындалу,шаруашылық-еңбек жұмыстары және т.б.ынталандыру бәрінен де тиімдірек болған кезде,сөйлеу жұмысын уақытқа бөлу,тұрмыстық жағдайды таңдау.

Балалар бақшасында сөйлеуге үйрету жұмысын ұйымдастырудың және оны оқытудың кейбір әдістерін ,дидактикалық материалдың саласы мен мөлшері, оның мазмұны жалпылама түрде «Балалар бақшасында тәрбиелеу программасында» көрсетілген. Тәрбиешінің міндеті тіл үйрену заңдылықтарынан туындайтын методикалық принциптер тұрғысынан қарастырып, жоғарыда аталған методикалық құралдары анықтау болып табылады.

II.Белгілі бір құбылыстың заңдылықтарын анықтай отырып, бір құбылыстың екінші құбылысқа объективті тәуелділігі фактісінің бар екендігің белгілейді.Осы заңдылықтан туындайтын принципті анықтай отырып, барлық практикалық нақты іс-әрекет заңды процесті бұзбай, қайта оның дұрыс орындалуына көмектесу үшін не істеу керектігін көрсетеді.Лингвистикалық –дидактикалық принциптер(яғни тілді оқыту методикасының принциптері) –бұл теориялық ережелердің бастауы, соны бсашылыққа ала отырып, тәрбиеші, (мұғалім, профессор ) оқыту құралдарын таңдайды: тілдік материал, олармен отырып, тәрбиеші өзі таңдап алған оқыту құралдарының тиімділігін болжай алады. Оқыту құралдарын таңдаудың лингвистикалық-дидактикалық принциптері (немесе жалпы ережесі) былай тұжырымдалуы мүмкін.

Тіл материясына, сөйлеу органының және қалам ұстаған қолдың өсіп дамуына көніл аудару принципі

Оқуды «тіл материасына» сөйлеу оргындары мен қалам ұстаған қолдың өсіп дамуына көңіл аудару принципіне құру-демек,баланың сөйлеу аппараты бұлшық етінің жұмысын қаматамасыз ететін оқыту құралын таңдап алу деген сөз.Балалар өз дауысымен барлық фонемаларды,просодемаларды,тұтас интонацияларды ,сөздерді,сөйлемдерді,байланысты текістерді сезінуі –естуі ,артикулдеуі,модулдеуі,ал жазба тілге үйреткенде қалам ұстаған қолдың қимылын артикуляциялық аппараттың қимылымен үйлестіре білу керек.

Тілдік мағыналарды және сонымен қатар лексикалық әрі грамматикалық дағдылардың дамуын түсіну принципі.

Оқыту методикасын тілдік мағынаны түсіну принципіне құру балаларға олардың тілін дыбыстық жүйе ретінде,күрделі код ретінде көрсететін оқыту құралдарын іріктеп алуды көздейді.Осы кодтың жай және күрделі белгілерін балалар болмыстың түрлі құбылыстарымен салыстыруы ,яғни кодалауы керек.Осы жұмыста тәрбиеші қолданатын методикалық тәсілдер баланың ойын машықтандыруды қамтамасыз етіп ,грамматикалық,демек,ойлау дағдыларын қалыптастыруға қызмет ету керек.

Сөздің мәнерлілігін бағалау приципі.

Бұл принипке сүйену сөздің эмоционалдық астарын сезіну қабілетін дамытатын және,әлбетте,әр түрлі эмоционалдық күйге қол жеткізетін дидактикалық матералды таңдап алуды көздейді.Оқыту тәсілдері поэтикалық сөз дағдысын дамытуды,ал оның кейінгі жерде тілдің функциялық стилін үйренуді қамтамасыз ететіндей есеппен таңдалуға тиіс.

Тіл сезімін немесе тілдік сезімталдықты дамыту принципі.

Бұл принципті жүзеге асыру оқытуды ана тілінің фактілерін(элементтері мен құрылымын )балалардың есте сақтауын,оларды тілде қолдану дәстүрлерін үйренуін жеңілдететіндей етіп ұйымдастыруды көздейді.

Тіл фактілерін есте сақтау үшін балалар бәрінен бұрын оларды естуі,көзімен көру керек.Осы бір өзінен –өзі түсінікті болуға тиісті қағида лингвистикалық жағынан талдап –жасалмаған мәселе болғандықтан методикалық тұрғыдан қиындық туғызады.Ғалым-лингвистерге тілдің құрылымы белгілі, оның барлық элементері мен олардың жалпы өзара қарым-қатынасы жазылған;бірақ құрылым элементтері тілде қалайша «өмір сүретінін»,сол тілде сөйлейтін адам оны ішкі сезім арқылы ғана «біледі».

Жазба тілге қарағанда ауызекі тілдің бұрын даму принципі,жазуды үйрену процесінде жазба тілді ауызекі тілмен салыстыру.

Осы принципке негіздей отырып жазуға үйрету дидактикалық материалдың көмегімен балалардың төмендегілерді орындай алуын:1) сөйлеу органдарының –бет ,көмей,өкпе сондай-ақ есту аппараты бұлшық еттерінің қимылын жазып отырған қол мен кітап оқыған көздердің бұлшық еттерімен үйлестіре білуді үйренуін;2) өзі үшін дыбыстар мен әріптердің,ырғақ пен тыныс белгілерінің ұқсастығын және ұқсамайтындығын сезінуін (объектілеуін);3)ауызша тілден жазба тілге және керсінше тез ауыса алуын қамтамасыз ететін дидактикалық материалды іріктеп алуды көздейді.

Тілді байыту қарқынын дәйекті түрде арттыра беру принципі.

Осы принципке сүйене отырып баланың дамуына байланысты дидактикалық тілдік материалды (бұрын үйренгендерді қайталау және жаңасын қосу)өзгертіп отыру,оқыту тәсілін қиындату ,яғни баланың сөйлеу қызметі барған сайын дербестенуіне талпыну керек.Оқытуды ұйымдастыруда,сондай-ақ балаларға мүмкіндігінше өзіне тән сөйлеу міндеттерін шешуде дербестік беру,оларды өзін-өзі ұстай білуге,өздеріне берілген міндеттерді аяқсыз қалдырмайтын ерік күшін жинақтау қабілетіне тәрбиелей керек.

Ана тілін оқыту құралын таңдаудағы лингвистикалық-дидактикалық принциптер адам өмірінің барлық жас кезеңінде тілді оқытуға негізделеді.


Сұрақтар

1.Сөйлеуге үйрету құралдары деп нені айтамыз?

2.Ана тіліне оқыту принципі дегеніміз не? Заңдылық пен принцип қалай ажыратылады?

3. «Тіл материясына» көңіл аудару принципі бойынша оқыту құралдарын таңдау дегеніміз не?

4.Оқыту құралдарын таңдағанда тілдік мағынаны түсіну принципіне сүйену дегеніміз не?

5.Оқыту құралдарын таңдағанда тілдік мағыналарды бағалау принципі қандай мақсатпен пайдаланылады?

6.Оқыту құралдарын таңдағанда тіл сезімін дамыту принципіне сүйенудің көмегі неде?

7.Ауызекі тілдің жазба тілге қарағанда бұрын даму принципі бойынша оқыту құралдарын таңдау не береді?

8.Оқыту құралдарын таңдаған кезде тілді байыту қарқынын дәйекті түрде арттыра беру принципі қалай пайдаланылады?

9. « БІЛУГЕ ҚҰМАРЛЫҚ ИНСТИНКТІ » ТУРАЛЫ.

Тіл үйрену процесі жоғарыда айтқанымыздай-бұл сөйлеу органының; мидың, артикуляциялық және тыныс алу аппаратының жұмысы.Үйренушішнің жеке басының күш-жігерінсіз және әлдекімнің үйретуінсіз тіл үйрену мүмкін емес. Үйретушінің оқыту іс-әрекеті үйренуші баланың сөйлеу қимылын жандандыруға, оны өзін-өзі үйретуге мәжбүр етуге, яғни күш сала және интеллектуалды жұмыс істеуіне бағытталады.

Ана тіліне оқытудың әдістері мен тәсілдерін ойластыра отырып, тәрбиеші баланың тыңдайтындығына, жұмыс істеуден бас тартпайтындығына күні бұрын сенімді болады.

Тәрбиешінің бұл сенімділігінеге негізделеді? Бала үшін өмірінің алғашқы күндерінде, айларында, тіпті жылдарында тілдік қарым-қатнас оның өмір сүруінде субъективті түрде соншалықты өмірлік қажеттілік болып табылмайды: ата-анасы баланың қажетін болжап біледі және қанағаттандырады, сол арқылыоның өмірін және табиғи дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге біз дені сау баланың өз өмірінің алғашқы аптасында-ақ қоршаған өмірді білуге аса ынталы екендігін аңғарамыз. Ол барлығын көргісі, көзі көргенін қолымен ұстағысы келеді, өзімен сөйлескен адамның бетіне қараудан, оның қимылын, артикуляциясын қайталаудан жалықпайды. Тынығу сағаттарында ол ықыласпен жұмыс істеп қана қоймайды, тіпті жұмыссыз отыра алмайды: танымдық іс-әрекет –оның табиғи күйі.

Демек, танымдық инстинкт,туа біткен білуге құмарлық, «табысқа жету инстинкті » адамға тән нәрсе. Іс-әрекетке оны жоқшылық не кемшілік итермелейді, қайта жаңаны бастан кешуге –игеруге, табысқа жету талпынысы құлшындырады. Л.И.Божович сәби шақтан бастап адамда танымдық инстинктті қажетсіну, жаңа әсерлерді қажетсіну пайда болады деген қызықты пікір айтты; бұл қажетсіну шексіз, сондықтан ол психикалық даму процесінің –түйсік өткірлігінің дамуының, интеллекті қалыптасуының, эмоция ізгілігінің, ерік-жігер тиімділігінің ішкі мазмұнын ынталандырады және анықтайы.

Тәрбиеші осы қажетсіну толық қанағаттандырылатын жағдайда балаға қамтамасыз етуі керек. Адамның өмірімен танысуы оның қоршаған ортаны көруінен басталады: міне, оның өзі –оның қолы, саусағы, аяғы, міне, жақын адамдары-шешесі , әкесі, міне, заттары-сүт, ботқа, емізік, қасық , тостаған, керует, үстел, орындық, бесік, бөлме, үй, көше , қала. Бала мұның бәрін сөзбен атаған кезде біледі (түсінеді ).Бірақ сөзі әр уақытта грамматикалық формада болады,яғни болмыстың белгілі бір құбылыстарының кодалы белгісі ғана емес,сонымен бірге сол құбылыстардың арасындағы қарым-қатынастың және байланыстың кодалық белгісі болып табылады.Демек,ана тілібалаға қоршаған өмірді сол өз күйінде;өмірдегі заттар мен құбылыстардың байланыс пен қарым-қатынасын сезінуге көмектеседі.

Сөз араласпаса ,бала өмірді түсінбейді

Таным психологиясы сондай,қоршаған өмір туралы білім адамның санасына ауызша түрде (сөзбен)жетеді. «Ол(шындықтың көрінісі-Л.Ф.)сөздік формаға ие болуына байланысты,-деп жазады А.Н.Леонтьев,-демек ,оның мазмұны адам үшін объективті құбылыстарды –тіл құбылысынан көрінеді,адаам өзіне әсер ететін заттар мен құбылыстардан ғана әсер алаып қоймайды,сонымен бірге заттар мен құбылыстарды сөзбен атай отырып,өзінің алған әсерлеріне есеп беруге мүмкүндік алады. Ал бұл оның алған әсерлері (бейнелеуі, көзге елестетуі, ойы) саналы болады деген сөз. Сонымен, көріністің кез келген түрі секілді, саналы көрініс те, айналадағы заттар мен құбылыстардың әсері негізінде мида пайда болғанымен, алайда мұның өзі, әсер ететін құбылыстар қалай болғанда да адамның сөзінде (сырттай немесе іштей,яғни оймен) айтылған жағдайда ғана мүмкін болады. Құбылыстың саналы көрнісі, жоғарыда айтқанымыздай, тіл, сөз арқылы жүзеге асырылады .Демек, баланың «табысқа жету инстинкті» ең алдымен қоршаған болмысты танудың құралы болып табылатын ана тілін игеруді қажетсінуі ретінде көрінеді.

Сонымен, балада ана тілін меңгеруге деген іштей психалогиялық стимул бар. Тәрбиеші тек оның тілінің дамуын ақылмен бағыттап отыруы-оны қоршаған ортамен танысуға тәуелді етуге тиіс.


Сұрақтар

1.Айналасындағыны тану үшін бала психикасының қандай ерекшеліктері интенсивті әсер етіп,жұмыс істеуге көмектеседі?

2.Тәрбиеші үшін баланың танымдық инстинктін бағыттайтын тиімді құралдарды табу неліктен маңызды?

3.Баланың «табысқа жету инстинктің»,айналадағыны тануын қанағаттандыру үшін оны сөйлеуге үйретудің қандай маңызы бар?

4.Айналадағымен балаларды таныстыруға байланысты оларды сөйлеуге үйретуді ұйымдастыруда «Балалар бақшасындағы тәрбие праграммаларының»теориялық ережелерін қалай негіздеуге болады?




II ТАРАУ

БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДА ЖАСАНДЫ СӨЙЛЕУ ОРТАСЫН

ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың

мазмұны мен ұйымдастырылуы

Жеке адамның қалыптасуы көбіне педогокикалық ықпал етуге және оның қаншылықты ерте басталуына байланысты.Осыны ескере отырып,біздің елде балалар бақшалары (сәбилік және мектепке дейінгі топтарымен)бастауыш,орта және жоғары мектептердің іргетасы,аса маңызды буындарының бірі ретінде халық ағарту жүйесіне енгізілген.

Балалар бақшасы балалардың жан-жақты дамуын –дене,ақыл-ой,адамгершілік және эститикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды,оны тілді үйрету процесі кезінде жүзеге асырылады.

Ясли мен балалар бақшасындағы мектепке дейінгі сәбилер мен балаларды тілге үйретудің мазмұны,жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың негізгі әдістері «Балалар бақшасындағы тәрбие праграммасында» анықталған.

Мектепке дейінгі жастағы және сәби баланың үйренген тілінің мазмұны сезім органы арқылы қабылданған,санасында көрініс берген қоршпған болмыс болып табылатындағы белгілі:оның өзі ,денесінің бір бөлігі,жақын адамдар ,өзә тұратын бөлмесі ,ол тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі,аула,парк,жақын маңдағы көшелер,қала;адамдардың еңбек процестері,өлі және тірі табиғат.Мектепке дейінгі ересек балалардың сөзінің мазмұнына айналадағы адамдар, табиғат жөніндегі адамның парызын түсінумен байланысты эстетикалық ұғымдар, қоғамдық өмірдің құбылыстары, мерекелер кіре бастайды.Сондықтан «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» тілді дамыту жұмысын балаларды айналадағыылармен таныстыру жөніндегі жұмыспен, сондай-ақ көркем әдибиетпен біріктіреді және осы жұмыстың формасын анықтайды «Программада..» тілді оқытудың негізгі екі формасы аталған:біріншісі –тәрбиешімен, балалар бақшасының басқа қызметкерлермен еркін сөйлесуі, бір-бірімен әңгімелесуі арқылы балалардың тілін дамыту жұмысы, екіншісі-тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар.

Балалар бақшасында баланың еркін сөйлеуі: а)тұрмыста( таңертеңгі, кешкі жуыну,тамақ ішу т.б.),б)серуендеу кезінде, в)ойын процесі кезінде, г)айналадағымен танысқанда (қоғамдық өмірмен жіне жылдың барлық мезгілінде табиғатпен танысқанда),д)еңбек процесі кезінде (шаруашылық-тұрмыстық , қол еңбегі , табиғатта еңбек еткенде), е)мерекелер мен көңіл көтеру кездерінде, ж)мынадай арнайы сабақтар кезінде: математикалық, сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, дене тәрбиесі, музыкалық сабақтарда қарапайым түсініктерді қалыптастыру кезінде болады.

Еркін сөйлесіп тіл үйренуге, қарым-қатнас пен таным, сондай-ақ өз мінез-құлқын басқара білу құралы ретінде тілді үйренуге баланы анағұрлым қабілетті ете түсу үшін үш жастан бастап тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар енгізіледі. Сабақ үстінде бала өзінің сөйлеу қимылын тәрбиеші көрсеткен үлгімен, оның айтқан сөзімен (не істеу керек? және қалай істеу керек?)салыстыруға үйреніп, оқу іс-әрекетінін басқа балалармен бірігіп орындай білуді үйренеді:түсіндіруді, әнгімені, музыканы бәрі бірге тындауды, суреттерді диафильмдерді бірге көруді, әңгімелесе білуді, дидактикалық ойындарға қатысуды, бірігіп ән салуды үйренеді;ол белгілі бір объектіге назар аударуға, өзін-өзі ұстай білуге, кезекпен сөйлеуге үйренеді.Сабақтарда балаларды тәртіпті болуға үйретеді. «Программада...» балалардың әрбір жас кезеңіне арналған баланың тілін дамыту жөніндегі арнайы сабақтардың мазмұны: «Айналадағымен таныстыру және тілді дамыту», «Табиғатпен таныстыру және тілді дамыту», Тілді дамыту», «Көркем әдебиет», «Ана тілі» деген рубрикалармен беріледі.

Айналадағымен және табиғатпен таныстыру сабақтарында балалар бақылаған заттар мен құбылыстар, олардың іс-әрекеті, белгілері, қарыс-қатынасы «зерттеу» объектісін құрайды, ал тәрбиешінің, ата-ананың балалар көрген нәрсені атаған сөздері олардың лексикасын байытудың бірден-бір көзі, олардың диалогтік және монологтік тілін дамытудың өзіндік күш берушісі болып табылады.

Көркем әдебиетпен т аныстыру жөніндегі сабақтарда баланың тілін байытудың негізгі көзі көркем шығарманың тексті түсіндірудегі сөйлеген сөзі оған қосымша болып табылады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» көрсетілген «Тілді дамыту» сияқты сабақтар балаларға өз сөзін «аңғартуға», оған объективті болып жатқан құбылыс ретінде қарауға және сөздің сапасын бағалауға бірте-бірте үйретуге көмектесу мақсатын көздейді.

«Ана тілі» деп аталатын және мектепке дайындалатын топта ғана жүргізілетін сабақтарда сауаттылықтың бастамасы беріледі.


Сұрақтар

  1. «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» тілді оқытуды ұйымдастырудың қандай негізгі екі формасын ұсынады?

  2. Тілді дамыту жөніндегі сабақтардың мазмұны қандай («Программа...» бойынша)?

Практикалық сабақар

1-тапсырма. «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» талдау жасап, сөйлеуге машықтандыру жүзеге асырылатын әрбір жас кезеңі тобындағы балалардың атқаратын қызмет түрлерін атап өтіңіз:

  1. еркін сөйлесуде;

  2. тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтарда.

Мысал.

Екі жастағы балалар үшін.Тілді дамыту жөніндегі жұмыс әр баламен жеке-жеке еркін сөйлесу арқылы ғана жүргізіледі:а) тұрмыста (ұйқыдан тұру, таңертеңгі жуыну, таңертенгі тамаққа дайындалу, тамақ ішу және т.б.),б)серуендеу кезінде, в)ойын кезінде, г)балаларды айналадағылармен таныстырғанда, д)көңіл көтерулер мен мерекелерде .

Алты жастағы балалар үшін.Тілді дамыту жөніндегі жұмыс былай жүргізіледі:

1.еркін сөйлесуде:а) тұрмыста, б)серуендеу кезінде, в)айналадағыларды бағдарлау кеңейгенде (адамдардың қоғамдық өмірін, жылдың әр мезгіліндегі табиғатты), г) еңбек процесінде (шаруашылық-тұрмыстық, қол еңбегі, табиғатта жасалған еңбекте),д)ойын кезінде, е)мерекелер мен көңіл көтерулер кезінде, ж)сөз аз қолданылатын сабақтарда (математикалық, музыкалық, дене тәрбиесі, сурет салу, мүсіндеу, құрастыру және т.б.);

2)тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтарда: а) «тілді дамыту», б)көркем әдебиет оқылғанда.

2-тапсырма.Төменгі көрсетілген мақалаларды оқыныздар, рефераттар жазыңыздар (оқытушының тапсыруымен бір реферат) және сабақтарда онымен жолдастарыңызды таныстырыныздар.

Н.К.Крупская. о дошкольном воспитании. М., «Просвещение»,1973,125-бет.

Е.И.Михеева. Развитие речи детей.М., «Просвещение», 19726,19-22-беттер.

В.И.Ллогинова. Умственное воспитание детей на занятиях по формированию речи. «Дошкольное воспитание», 1973,№4.

Развитие речи детей дошкольного возраста. Под. ред. Ф.А.Сохина.М., «Просвещение», 1976,4-17-беттер.


2.Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен

Тәсілдері

Тілді үйрету әдісінің түсінігі

Ана тілін үйренудің заңдылығы, жоғарыда айтып өткеніміздей, бірқатар қабілеттердің дамуы процесінде ішеі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады:1)өзінің сөйлеу органы қабілеті-сөздің модулдеу жіне оларды есту; 2) дыбыс комплекстерді мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті,яғни оларды сөйлеу элементің мағнасы ретінде түсіну; 3)сөздің мағналық элементің өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4)араласу, тану, сөзді және адамның мінезқұлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса , онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды.Лингвистикалыұ-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.

Оқыту әдісі деп білімді мнан екіншібір ада адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін айтады.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі,сөйлесу (әңгімелесу) әдісі,қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.

Еліктеу әдісі

Еліктеу әдісінде үйренуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ әр түрлі етіп айтады: үйренуші ересек адамдармен сөйлескендерінен гөрі біршама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөздің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тындайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикуляциясы мен модуляциясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейіне төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаңдамау»)аса маңызды.

Бұл әдісті қолдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады.

Еліктеу әдісіне .үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатнас процесінеде еріксіз түрде болуы мүмкін.

- Менің қызымның қолы қайсы ?-дейді анасы сәбидің қолын ұстап, қол деген сөзді ерекше бөліп, дауыстап –Міне, қолы ! Қолы қандай, десейші ! Қазір біз оны сабындап, жұмсақ жөкемен ысқылаймыз.Міне, қолы да жақсы сабындалды! Ал , екінші қолы қайда? Міне,екінші қолы!Бұл қолын даиабындаймыз.Енді қолдарды сумен шаямыз;алдымен мына қолды,сосын екіншісін.Енді екі қолымыз да тап-таза.

Алты айлық бала үйретушінің сөзін жай ғана тыңдайды,күлімсірейді,ойнайды.Тоғыз айлығында немесе жасқа толуға жақындағанда ол бұл сөзді қайталауға талпынады:

- Ко,-дейді қыз,ең алдымен анасының сөзіндегі екпінді ұғып.

- Қол.Менің қызым жақсы сөйлейді.Қол.Қане,тағы бір айтшы.

- Ко,-дейді қыз бір қолын көтеріп.

- Тағы бір қолың қайда?

- Ко,-дейді сәби екінші қолын көтеріп.

Бұл кезде сәби қол деген сөздің жалпы мағынасын ұғады,яғни бұл сөздің өз қолын ғана емес, анасының әжесінің, қуыршағының қолын білдіретіндігін түсінетін болады.

Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез келген ойын үстінде пайдаланылады.

Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады,лақтырады,көрсетеді,итереді,шұқылап көреді,бұрайды,заттарды бақылайды және олардың сапасын,қимылын атайды.Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге,оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. «Мынау қандай шар?Кішкентай ма?Көк пе?» «Мына машина жүре ме? Әлде тоқтап қалды ма?», «Автомабиль қалай белгі береді ?Паровоз ше?Пароход ше?»-деп сұрайды ересек адам.Бала жауап бере отырып, тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: «Кішкентай», «Жүреді», «Би-би!», «Ту-ту!», «Гу-у-у!».Сол арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.

Баланың «құрылыс салуына» көмектесе отырып, тәрбиеші құрлысының затын, оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің іс-әрекетін атайды.

Мысалы,бала ересек адамның көмегімен «конструктордың» тетіктерінен машина құрастырады.

- Леня, біз не құрастырамыз? Автомобиль ме? Қандайын? «Волганы» ма немесе жүк машинасын ба?

- Жүк машинасын.

- Алдымен бізге доңғалақтар керек. Леня, доңғалақтарды бере қойшы.Сен не әкелдің?

- Донғалақтар...Әкелдім.

- Өте жақсы. Міне, рамасы. Кел, раманы донғалақтарға қоялық. Енді кабинасын орнатайық...

Осылайша ізделіп, мотор, капот, руль, қорап өз орындарына орнатылады. Өзі құрастырған автомобилдің бөлшектерін, өзінің істеген іс-әрекетін айта отырып, бала тәрбиешінің сөзіне еліктейді.

Сюжетті драмалық-рольдік, «режиссерлік» ойын процесіне тіл дамыту үшін қолайлы жағдай ерекше көп болады.

Рольдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі өзі байқаған немесе әнгімелерден білетін, есінде қалған әр түрлі жағдайларды қайталайды : «мамам балаларды тамақтандырып жатыр», «тракторшы жер жыртып жүр», «электр монтері немесе газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың шақырумен үйге келді», «мұғалім мектепте балаларды оқытады» «космонафт Айға ұшады» және т.б.Бала ерскек адамның қимылын да, сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.

-Сіздің үйде жарық бар ма?») деп сұрайды Витя (2,5жаста) әжесінін жуырда келген электыр монтерінен көргенең есіктің кіре берсіне тұрып алып, қасын қимылдаты,жұмысшы адамнан көргеніндей, өзінше «құсты» болғысы келеді),Әжесі ойынға араласып:

-Пробкалар үнемі күйіп кете береді, оларға не болды екен, қарап көріңізші, -дейді ол немересін сөзге шақырып, бұл арқылы оны байланыстыратын диалогтік сөйлеуге машықтандырады.

- Әзір емдейміз («Қазір жөндейміз»), -деп «монтер» Витя әжесін жұбатады. Егер Витяға дер кезінде қажетті сөздерді айтып отырса, диалог жалғаса беруі мүмкін.

«Режиссерлік ойында бала өзі роль алмай, оны осы оқиғаға қатысатын ойыншықтарға бөліп береді; сюжеттерді - балалар бақшасы. аэродром, зоопарк, парад, ұрыс және с.с.балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып, тәрбиеші айтып береді.

Мысалы, үш жастағы баламен(қонаққа бару) ойынын ойнады делік.Тәрбиеші ба

лалардың алдына балалар бақшасына қонаққа келген ойыншықтарды-қонақтарды-қатарлап отырғызады.

- Бізге қонаққа бірінші кім келді?Аю ма?Тағы кім келді?Матрешка ма?-деп сұрайды тәрбиеші.

- Міне,аю келді,матрешка келді,-деп жауап береді қыз.

Сөйлеу мәдениетіне сәйкес қонақтар сыпайы қарсы алады,оларға жылы сөздер

- Ал,енді аю кетіп қалды;топ-топ,есік жабылды.Аю жоқ.Кім жоқ?

- Аю жо-оқ.

- Аю жоқ. «Аю»-деп айт.

-,Аю,

- Жақсы.Ал енді матрешка да кетіп қалды.Матрешка жоқ.Кім жоқ?

- Матрешка жоқ.

- «Аю кетіп қалды,матрешка кетіп қалды.Аю да жоқ,матрешка да жоқ»,-деп айт.

Бала бұл сөйлемді қайталайды(еліктейді),сол арқылы грамматиканы:зат есімді қолдануды үйренеді.

Драматизациялық ойында бала таныс ертегілерден бір кейіпкердің ролін алып, ойын процесінде өз кейіпкерінің сөзін қайталайды, сол арқылы өзінің тілің байытады.

Алты жасар Толя қарындасы Женямен (2жас 10 ай) «Қызыл Тызыл жәнесұр қасқыр» ойынын ойнап жүр.Ол, әрине, қасқыр және аңшы,ал Женя-Қызыл Телпек. Толя-қасқыр әжені «жеп» үлгерді,диванға жата кетеді де, мойнына дейін бүркеніп,қарындасына бұйырады:

  • Сен менен: сенің қай жерің қандай?-деп сұра.(!)

Қарындасы өз тұрғысының артық сөз деп санағандарын тастап кетіп,бірден толғандыратын нәрсеге көшеді:

- Әжей, аузын … Неге,-дейді ол толқып.Бірақ ағасы риза емес:


- Аузын қандай үлкен еді… -қорыққанынан көздерін бақырайтып,қазір оны «жеп қоятындай» күтіп тұр.

Ағасының бұлай ойнағысы келмейді:

- Мама, - деп айқайлайды ол,-мен оны жемеймін! Ол дұрыс ойнамайды.

Сюжетті ойындар үйренген тілдік материалды бекіте түсуде тасаша жаттықтыру болып табылады.Балалар алдарына әдейі белгілі бір өмір жағдайында айтылған ересектердің сөзін немесе ертегі кейіпкерінің сөзін дәл қайталап айтуды мақсатетіп қояды. Қимыл ойындары, ойындар әдетте балалардың тілін жаттаған әзіл-оспақпен,әндермен, санамақтармен байыта түседі. Жаттау тәрбиешінің сөзіне еліктеу процесінде жүргізіледі, тәрбиеші балалармен бірігіп йнайды және алдымен әзіл-оспақты, санамақты өзі айтып, өлеңді де өзі әндетеді.Баланың ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас шамасына байланысты. Мысалы, балалардың бірінші жылында ойнайтын «Алақай-ау, алақай!» ойыны ересектердің сөзбен сүйемелдеуімен ғана ойналады, бала оның тек қимылына ғана еліктейді (алақанын соғады, қолын басына қояды т.с.).Үш жасар балалар «Каравай» ойынын ойнағанда, тәрбиешімен бірге ән салып қана қоймаййды, сонымен бірге тәрбиешіге ілесіпойынның ережесін: «Бәріміз шеңбер жасап тұрайық !Қолдан ұстасайық ! Айналып жүрейік! Бәріміз де отырайық! Аяқтың ұшына тұрып, қолдарымызды көтерейік! Шеңберді кеңітейік!. Шеңбер жабық болсын !»-деп қайталайды. Ересек балалар қимыл ойындарын өз беттерімен ойнай алады, ролді зеребе тастау, санамақ оқу арқылы бөліседі. Олар үшін мынадай санамақ оқу өте жақсы:

Күнбе-күн, күнбе-күн, Қоян отыр түбірде

Сұрғылт қоян діңде отыр. Қоян енді көреді Сұрғылт қоян, қара, әне,

Сұрғылт қоян, қара әне, Бидің не бір көкөніс

Галя шықты далаға. Галя билеп жөнеді,

Қолға орамал алады, Шырқ үйрілді, жүгірді ол-

Галя әнге салады. Зытты қоян түбірден

Көкірегі үркіп, дүбірлеп

(А.Прокофьев)

Бұл өлеңде сөздің тамаша үйлесуі, би әуенінің тартымды ырғағы бар. Лексикасы тартымды.Әнші, биші қыздың және масаттанған қоянның поэтикалық образы балаларды таңырқатады. Өлеңдегі салыстырылмалы грамматикалық формалар («түбірінде», «түбірден»)грамматиканы оқытуда тамаша дидактикалық материал болып тұр. Тәрбиешінің кейбір тұрмыстық іс-әрекетті орындау кезінде айтқан сөзіне балалардың еліктеуі мүмкін.

Мысалы,ұйықтар алдындағы жуынуға қызықтыру үшін тәрбиеші сәбидің біреуіне қарап:

- Витя, суға: «Су, су менің бетімді жу!»-деп айт дейді.

- Витя, жақсы айттың! Ал енді Нина айтсын!... Алеша! Балалар ықыласпен айтады. Сөзді жігермен онша артикулдей алмайтындарға тәрбиеші мынандай ұсыныс жасайды:

- Валя,сен судан дауыстап, анықтап сұра. Келіңдер, бәріміз судан қосылып сұрайық!


Оқыту тәсілдері

Жоғарыда көрсетілген мысалдар оқытудың бір әдісімен-еліктеу әдісімен келтіріледі. Бірақ әр жағдайда бұл әдіс әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.

Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.

Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:

  1. айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау - жоғарыда айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне еліктейді;

  2. ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды («электр монтері», «қонаққа бару» ойынында балалар зат есімді меңгереді, «Қызыл Телпек пен сұр қасқырды» ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланыстыруға үйренеді);

  3. сөз үлгісіне сүйену (сөздіелестету): тәрбиеші айтқан сөзді балалар қайталайды («Су,су, менің бетімді жу!»).

Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сөйлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу әдісін орындайтын тәсілдер келтіріледі. Бірақ кез келген әдісті іске асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволықпен жұмыс істейтін әрбір тәрбиеші әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі объектілерді (жануарларды,өсімдіктерді), диафильмді, магнитофонды және басқаларды пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.

Сұрақтар

  1. Тіл үйрету әдісі дегеніміз не?

  2. Тіл үйрету тәсілі дегеніміз не?

  3. Еліктеу әдісінің мәні неде?

  4. Нақты затты (еліктеу әдісі) бақылау тәсілі арқылы сөздің мағнасын түсіндіретін мысал келтіріңіз.

  5. Рольдік (еліктеу әдісі) ойын тәсілі арқылы тіл үйренуге машықтандыруға мысал келтіріңіз.

  6. Дидактикалық ойын тәсілі арқылы (еліктеу әдісі) грамматикалық форманы үйретуге мысал келтіріңіз.

  7. Сюжетті ойындар мен драммалық ойындар ( еліктеу әдісі) тәсілдерімен сөз байланысына үйрету мысалын келтіріңіз.

  8. Сөз үлгісіне сүйену (еліктеу әдісі) тәсілі арқылы сөз байланысына үйрету мысалын келтіріңіз.

Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны оның тілін үйрету әдісі-сөйлеу әдісі,мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі,әңгімелесу әдісі деп те атайды.

Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауына,ал үйренушінің жауап беруінен тұрады.Демек,олардың екеуі де сөйлейді,бірақ бір сөзді емес(еліктеу әдісіндегіндей),әр түрлі сөздер сөйлейді:үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды,грамматикалық формаларды немесе дәнекер текісті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.

Үш жасқа аяқ басқан балалардың сөйлеу органдарын жаттықтыру үшін дыбыстарды артикуляциялауда (ж) - (3) тәрбиеші сөйлесу әдісінің әр түрлі тәсілдерін пайдалана алады.

1.- Саша,қоңыздың қалай ызыңдайтыны есіңде ме?- деп сұрайды тәрбиеші.Бала есіне түсіреді.

- Ол...ж-ж-ж... .

- Ал маса қалай ызыңдайды?- деп тәрбиеші баланы ұқсас дыбыстың артикуляциясына жетелейді.

- Маса...з-з-з-...

Бұл тәсіл сөзбен елестетуге сүйенеді (сөзбен елестету үлгісі).

  1. Осы мақсат үшін сюжетті рольдік ойын тәсілін пайдалануға болады:

- Зина, Саша, Коля! Сендер қоңыз боласызндар,ал Сема, Нина,Маша, сендер маса боласыздар. Бір - бірлеріңізге қарсы ұшып, ызыңдаңдар.

Сөздің мағнасын, мысалы, көкөніс деген сөздің мағнасын, есте қалдыру әр түрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.

1.Арнайы осы мақсатқа арналып стол үстіне көкөніс қойылған ас үйге тәбиеші балаларды ертіп әкеліп, бәрінен былай деп сұрайды:

- Стол үстінде не жатқанын көріп тұрсындар ма?

Балалар көргендерін тізіп айта бастайды:

-Сәбіз, ...қияр ... помидор... баклажан...

-Мұның бәрін бір сөзбен не деп атайды?

-Бұл көкөніс,-дейді балалардың біреуі жауап беруге асығып.

-Дұрыс, бұл көкөніс,-деп баланы көтермелейді тәрбиеші.

-Дәл осы жерде жатқандардан басқа тағы қандай көкөністі білесіңдер?

-Кәді де көкөніс, - дейді бір қыз.

-Капуста, картоп, шалқан, пияз, сарымсақ-көкөніс,-деп қосады тағы біреуі...

Көріп отырғанымыздай, бұл жағдайда бізге бұрыннан белгілі нақты объектіні бақылау тәсілі пайдаланылады, бірақ әдіс жаңа – сөйлесу әдісі.

2. Тәрбиеші нақты көкөністің орнына әр түрлі көкөніс бейнеленген суреттерді пайдалануына болады, яғни суретке сүйену тәсілін қолданады, бірақ бұл да сөйлесу әдісі болады.

Суретке сүйену тәсілін, салыстыру үшін, мысалы, жеміс-жидек сөзін қосу арқылы күрделілендіруге болады. Мұндайда балаларға берілетін сұрақ-тапсырма мынадай болуы мүмкін:

- Балалар, міне көкөніс пен жеміс-жидекті бейнелейтін суреттер. Кім осыларды тез екіге:көкөніс пен жеміс-жидекке бөліп бере алады? Егер үлестіріпберілетіні тиісті материал болса, әрине, мұндай жұмысты ұйымдастыруға болады: әр балада суреттердің жиынтығы болуға тиіс.

Нақты затқа немесе суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындармен, яғни оқытуға арнайы арналған ойындармен шектеседі. Ересек адамдар балаларды белгілі бір ойының ережесімен таныстырады. Содан соң олардың өз бетімен ойнауларына мүмкіндік береді. Кез келген дидактикалық ойында баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез келген білімді бала сөйлеу түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалығ ойындар да бар, - бұл сөйлеу

түріндегі дидактикалық ойындар.Бұл ойындар мынадан тұрады:

  1. балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады:

-[С] дыбысынан басталатын затты көрсет

-Стол,сөре,сақина,сырға...

  1. ересек адамның суреттеп айтып беруімен заттардың атын атап,оңай жұмбақтарды шешеді:

-Маған әріптермен толтырылған,суреттер салынған көп қағаздан тұратын нәрсені әкел.

-Маған ертегі немесе өлеңі бар нәрсені әкел.

Әрине,мұндай суреттеп айтып беру бес алты жасар балаларға ұсынылады;

-Өзі кішкентай болғанымен, «бөркі қазандай» бұл не,қане айта қойшы дейді тәрбиеші балалармен бірге орманда саңырауқұлақ теріп жүргенде немесе орман ішінде жай серуендегенде.

Орман ішіндегі қой бүлдіргені бар ашық алаңқайды тауып алғанда ( немесе өз бақшасындағы бүлдірген жүйегінде тұрғанда) тәрбиеші мына жұмбақты оқып беруіне болады:

Күн жағына түбірдің

Жас шыбықтар жүгірді .

Әр шыбықта жаңағы

Қып қызыл от жанады

Шыбықты иіп қалайық

Отты жинап алайық

(В.Фетисов)

  1. балалар бұрыннан білетін жұмбақтарды айтады немесе өздері жұмбақ ойлап табады.

Дидактикалық ойынның басты ережесі:балалар жұмбаққа арқау болған затты көруі (ал ең дұрысы қолымен ұстап,иіскеп,дәмін татып көруі,егер ол дыбыс шығаратын болса,тыңдауы)керек.

Балалардың жас мөлшеріне қарай жайылма сөйлемнің құрылысын,мәселен тікелей толықтырылатын қос құрылымдық сөйлемді игеруі үшін түрлі тәсіледерді (әңгімелесу әдісін)пайдалану керек.

Бес жастағы бала үшін сөзбен елестетуге сүйену (сөйлесу әдісі) тәсілі.

-Балалар , «Кім көбірек?» ойынын ойнаймыз.Кім менің айтқан сөзіме

көбірек сөз қосар екен? Мен «Аспазшы түскі асты әзірлеп жатыр», деймін.Ал сендер: «Аспазшы таңертеңгі (кешкі,сәскедегі) асты әзірлеп жатыр», «Аспазшы компот қайнатып (шыжғырып,қуырып,бұқтырып;сорпа,щи:балық,ет...) жатыр» деулерің керек.Соңғы бала сөйлегеннен кейін ешкім сөз қосып айта алмаса,сол жеңеді.

Балалар бақшасындағы аула сыпырушының,күтушінің ,электр жөндеушінің,слесарьдың,тәрбиешінің және басқа да қызметкерлердің еңбегін әңгімеге арқау етуге болады.

Төрт жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып ( сөйлесу әдісі) жеңілдету қажет.Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы керек:пеш жанында тұрған аспаз,күрек ұстаған бақшашы және т.с.

Алты жеті жастағы балалармен жұмыс істегенде,біріншіден,күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңашаланған мүшелерді пайдалану немесе күрделі сөйлем құрау),екіншіден,лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделілендіріледі.

Мәселен,тәрбиеші: «Күнге бақылау жүргізген космонавтар аман есен Байқоңырға қонды» деген үлгіні бере отырып,ойынды бастайды.Балалар бұл сөйлемде ауысытыруға болатын сөздерді:мұхитқа,солтүмтік шұғылаға,жұлдызға,тайгаға бақылау жүргізген...деген сөздермен алмастырады («Бақылау») объектілерін балаларға тәрбиешінің айтуы мүмкін ,ал сөйлемді дұрыс құруға олар өздері күш жігерлерін салулары керек).

Тәрбиеші ұсынған басқа бір үлгі : «Суретке түсіретін аңшылар аңды байқасымен орман ішінде оның ізімен қолдарында фотокамераларын алып ұзақ жүреді».Балалар сөйлесуде синтаксистік құрылым бойынша аң деген сөзді нақты атаумен алмастырады : «аюдың (бұланның,бұғының,жолбарыстың және т.б) соңынан жүргенде».



Мысалы;

Слава ,()жаста бүгін сені таңертеңгісін Рекс балалар бақшасына шығарып салады ма ?Ол көшедегілерге үрді ме?Ол көше бойымен қалай жүреді?Оны бүгін серуендеуге кім алып шықты ?(Тәрбиеші,әрине ,Славаға бұл сұрақтарды қою үшін ,оның отбасындағы жайларды білуі керек.)

Төрт бес жастағы балаға сұрақтың бәрін бірдей қоймай,бір бірлеп қойып,оны екеу ара әңгімеге шақыру керек.

Сонымен ,сөйлесу әдісі бұл үйретушіні өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс.Сөйлесу әдісі еліктеу әдісінің тәсілдермен (нақты объектілерді бақылау тәсілімен,суретке,сөз үлгісіне сүйену тәсілімен, әр түрлі ойын түрлерінің тәсілімен),сондай ақ әр түрлі сұрақ тапсырма тәсілін қолдану арқылы орындалады .

Сөйлесу әдісін теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатастыруға болмайды,сөйлесу әдісі ережесіне қарай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.

Қайталап айту әдісі.

Мектепке дейінгі бес жеті жастағы балаларды ,жоғарыда айтылған тілге үйрету әдістерінен басқа ,қайталап айту әдісімен де үйретеді,ол балалардың сөздің тілдің барлық компоненттерімен (лексикамен,грамматикалық формаларымен,интонациямен) байытатын,олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын қайталап әдісімен сөйлеуге үйретеді.

Қайталап айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді (айтып береді) немесе серуендегенде,экскурсияда болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады,немесе «өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді (баяндайды) ,немесе балалар көрмеген әлде бір затты,хайуанатты сөзбен суреттеп айтады,содан соң оларды :

  1. Тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға

  2. Оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін)қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.

Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас.Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада:тәрбиеші оқып болысыменақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді) ;жуықта естіген тектстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді;баланың тексті қабылдауы мен оның мазмұнын қайталап айтуы барысында біршама уақыт өтуі қажет.

Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдер бар,мысалы;сүйікті кейіпкерлерін ойнау,ертегілерді,әңгімелерді және т.б. сахнада көрсету.





Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру)әдісіне кең дербестік беріледі.Оның мәні мынада:балалардың ертегілерді өз бетінше «құрастыруын» ,олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін,оқылған көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын,картиналарды,нақты объектілерді заттарды,хайуанаттарды,өсімдіктерді суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

Практикалық әдіс пен тәсіл

Балаларды ана тіліне үйретудің жоғарыда келтірілген әдістері баланың тіпті өзін арнайы оқытып жүргенін аңғармай,тілді ішкі сезім арқылы игеріп,табиғи қарым қатынаста үйренуін көздейді.Мұндай әдіс үйретудің практикалық әдісі деп аталады,оның теориялық әдістен айырмашылығы сол,мұнда балаларға және жас өспірімдерге лингвистика тіл туралы ғылым жөнінде мәлімет беріледі.Теориялық әдіспен балалар мектепте,ана тілін іс жүзінде меңгергеннен кейін ғана танысады.

Болашақ тәрбиеші үшін балалармен жеке және бір топ баламен бірден (яғни алдын ала дайындалмастан ) мазмұнды (өрістейтін) әңгіме жүргізе білу дағдысы кәсіби шеберлік болып табылады.Бұл дағдыда олар тиісті методиканы үйрену практикалық әдістерді меңгеру нәтижесінде ие болады.Балаларды әңгімеге шақыру,байланыстырып әңгімелеу шеберлігінің дағдыға айналуы да осылайша жүзеге асырылады.

Тәрбиеші балалармен мазмұнды әңгімеге кірісіп кетуге даяр болуға тиіс:

Тұрмыстық істер процесінде ( балалар бақшасында ертеңгісін кездескенде;тамақ ішуге әзірлеу кезінде;қол жуатын жерде;тамақ ішу кезінде;ұйықтауға дайындалғанда;оған тұрмыстық және басқа тапсырмалар беруде т.б.);

Серуендеу және экскурсияда;кодопозитивтерді қарағанда;көркем әдеби шығармаларды оқып,талқылауды,еңбек процесінде және т.б.

Оқытудың практикалық әдістері еліктеу,сөйлесу (әңгімелесу),қайталап айту,әңгімелеп беру,(құрастыру) және осы әдістермен жұмыс істеу тәсілдері:нақты объектілерге суйену ,тәрбиешінің сөз үлгісіне,магнитофоннан жазып алғанға,грампластинкаға немесе кинолентаға және т.б суйену балаларға тіл үйретуде аса тиімді.Өйткені ол тілді үйренудің табиғи процесінің заңдылықтарын ескере отырып жасалған,бұл процесті бұзбайды,қайта оны неғұрлым интенсивт,сөйлеу жұмысын дене,бұлшық ет және ішкі,интеллектуалді,эмоциялық жұмысын көбейте түседі.

Сұрақтар

  1. Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі дегеніміз не?Оның еліктеу әдісінен айырмашылығы неде?

  2. Сөйлесу әдісі қандай тәсілдермен жүзеге асырылады?

  3. Балалар ойынының барлық түрін атаңыздар және сипаттап беріңіздер?ъ

  4. Қайталап айту әдісі дегеніміз не?

  5. Әңгімелеп беру әдісі дегеніміз не?

  6. Еліктеу,сөйлеу,қайталап беру,әңгімелеп беру әдістерін неліктен практикалық әдістер деп атайды,олардың ортақ қасиеттері қандай?

  7. Қайталау.Тіл үйренудің табиғи процесінің заңдылықтары дегеніміз не?Ол неден тұрады?Тілді оқытудың практикалық әдістері тіл үйрену заңдылықтарын ескееді және оқытудың лингвистикалық дидактикалық принциптерін жүзеге асырады деп неліктен айтамыз?



Практикалық сабақтар

Төменде келтірген кітаптардан бірнеше жаттығуларды таңдап алып,оны былай етіп бөліңіздер:

  1. Тәрбиешінің сөзіне балалардың еліктеу талап ететін жаттығулар.

  2. Балаларды әңгімелесуге шақыратын,яғни тәрбиешінің сөзін қажетті грамматикалық формада өз сөздермен толықтыратын жаттығулар

  3. Қайталап айтып беруге немесе «құрастыруға» арналған жаттығулар.

Бондаренко.А.К Словесные игры в детском саду. Пособие для воспитателя детского сада. М. «Просвещение» 1973

Жукова Н.С.,Мастюкова Е.М.,Филичева Т.Б. Преодоление задержки речевого развития у дошкольников . М., «Просвещение» 1973

Сорокина А.Й Дидактические игры в детском саду.М.,Учпедгиз,1955

&3.Тәрбиеші тілі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі.

Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.

Жас шамасына қарай әр топтағы балалар өз тәрбиешілерімен шаруашылық.Тұрмыстық және еңбек іс әрекетінде қатынас жасайды.Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады,программада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі,кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады.Демек,балалар тәрбиеленетін мекмелерде тілді дамыту потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиешінің сөзінің сапасына байланысты.

Балалар бақшасының тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеу тілін меңгеру бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші.Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы.Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеру тиіс.

Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын ,яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия,грамматика,лексика,стилистика,дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.

Сөйлеу мәдениеттінің жоқтығы,мәселен:

Адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан,яғни сөздер қалай жазылса,солай айтуынан;

Сөз үйлесімін дұрыс құрмауынан;

Сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;

Сөзді грамматикалық формаларды ,интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді:ресми тілде қарапайым сөзді,сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді,балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып,шыңғырып сөйлесуі,кемсітетін немесе дөрекі ырғақты қолдануы мүмкін,жиналыста шығып сөйлегенде баяу,жылдам,түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т.б.

Сөйлеу мәдениетіне ие болу бұл тілдің барлық элементінің (сөздің,түбірдің,қосымшаның,жұрнақтың,жалғаудың,сөйлемнің әр түрлі типтерінің,ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес,сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте сақтау деген сөз.

Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілінің сезінуіне немесе тілдің сезгіштігінің қаншалықты дамымағандығына байланысты.

Жоғары тіл мәдениеті деп стильді түсініп,игеруді айтады.Сондықтан болашақ педагогтар әдеби тілдің стилі туралы ең болмаса жалпы түсінікті ,яғни адамдардың қай жерде,кіммен,не туралы сөйлескеніне байланысты өз сөзін қалай реттеп отыратындығын білгені жөн.

Адам тұрмыста жақын,таныс адамдарымен араласады,сонда оның тілі ауызекі стиль сипатында болады;қоғамдық өмірде ол басқаша сөйлемді,мұнда ол кітаби стилді,оның әр түрлі тармақтарын ғылыми,публицистикалық,іскер сөз стилін пайдаланады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін тіл стилі жөніндегі түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез құлықын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы,кісі сыйлағыштығы,қарапайымдылығы,ескергіштігі,мейірімділігі,өзіндік беделі сияқты қасиеттері оның сөйлеу тілінен байқалады);сонымен қатар баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру оның эстктикалық тәрбиесінің негізгі құралы болып табылады.Демек,сөйлеу стиліне үйрету белгілі бір тәрбиелік міндеттерді қамтиды.

Тәрбиеші стильді интуиция арқылы сезініп қана қоймай ,соңымен бірге оның көмегімен белгілі стиль қалыптасқан тіл құралын саналы түрде талдай білген,яғни ол лингвистика саласынан да қажетті білімді меңгеруге тиіс.Сөйлеудің әр түрлі стилистикалық бөлінуі тілдің синонимиясымен қамтамасыз етіледі,лексикалық (баспана үй пәтер тұратын жер тұрақ бұрыш ұя бас сұғатын жер үңгірін )грамматикалық (даламен жүру;келуші келе жатқан,сұлу асқан сұлу);фонологиялық,яғни әңгімелесіп отырған кісіге қатынасын білдіріп түрлі интонациямен айтуға:сыйластық көңілді білдіруге,немесе керісінше ,кемсітіп,көңілін қалдыруға (мәселен, «Отырыңыз!») болады. (Интонацияның осы қасиетін білдіретін ежелгі орыс мақалын еске алайықшы : «Сол сөзді басқа ырғақпен айтса ғой!» Тәрбиеші өзінің сөйлеу мәденитетін жетілдіру жолында жұмыс істей отырып,ең алдымен оның компоненттері лексикасы,грамматикасы,фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аудару керек.Ол тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын,олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшелетіндігін,өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға тиіс.Ол өз бойында сөздікті үнемі падалану қажеттілігін дамыту керек. Сөйлеу мәдениетін көтеруге талпынған тәрбиеші морфологияның аффико синонимдердің мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн,сондай ақ,өзінің сөзінде синоним союздердің,жай және күрделі сөйлемдер құрылысына синонимдерінің барлық байлығын қолдану керек.

Ана тілінің синонимдерін білу болашақ педагогтарға өзінің тілін жақсартуға ғана көмектеспейді,сонымен бірге балаларды.

  1. Қараңыз:Лотарев В.К.,Федоренко Л.П. Родной язык. 1973,51-бет және одан арғы беттер.

  2. Бұл да сонда,97-бет және одан арғы беттер

  3. Бұл да сонда ,148-бет және одан арғы беттер

Егер бала әлдебір грамматикалық форманы түсінбесе,онда оған тиісті синонимді айта қойса (әрине,орта және ересек топтарда) бәрі түсінікті болады.Мысалы,А.Прокофьевтің «Көшедегі көлшік» деген өлеңінде : «желкенмен жабдықталған флот суға түсті» деген сөз бар,мұндағы грамматикалық форма баланың түсінуіне өте қиын.Оның орнына тәрбиеші етістіктің септелетін бұрыннан таныс түрін ұсынады: желкенмен жабдықталған демек, «балалар желкенмен жабдықталған (жасаған) флот.Ал «Сырнайшы» деген өлеңдегі «от шашқан галстугі бар» деп түсіндіруге болады.Тәрбиеші сөз дыбыстары артикуляциясының және олардың үйлесуінің дұрыстығына жаттыққан болуы керек,сондай ақ адамға тән түрлі сезімдерді :қуанышты,қайғыны,қорқынышты,салтанатты,ренішті,мақұлдауды,ашу ызаны,жылылықты және т.б. білдіру үшін барлық просодемаларды :дауыстың күшін,дауыстың көтеріңкілігін,сөйлеу қарқынын,дауыстың үнділігін модулдеуге жаттығуы керек.Бұл байланыстара сөйлеу стилін:ол мейлі кітаби стиль болсын,ол мейлі ауызекі сөз стилі болсын жеңіл үйреніп алуға мүмкіндік береді.

Болашақ педагогтың сөйлеу мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы мынада:балалар тікелей араласу барысында сөздің дыбыстық мәдениетін тура жолмен қабылдайды,өйткені балалар сөзді дұрыс айткға ересек адамдардың,ең алдымен тәрбиешінің,сөзіне еліктеу арқылы үйренеді.

Тәрбиеші ана тілінің жоғары сөйлеу мәдениетін игеруге тиіс,яғни көркем әдебиетті мәнерлеп оқу және әңгімелеп беру дағдысы.

Сұрақтар

  1. Тәрбиеші тілін неліктен баланың тілін дамытудың негізгі қайнар көзі дейді?

  2. Тәрбиешінің өз сөзін жетілдіруі-бұл өзінің жеке ісі ғана емес,сонымен бірге оның адамгершілік парызы,мемлекет алдында жауапты азаматтың парызы да болуы неліктен?

  3. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?Бұл түсінік «тіл сезімі» деген түсінікпен қандай қатынаста болады?

  4. Мектеп жасына дейінгі мекеме тәрбиешісінің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талап қандай?

  5. Тәрбиешіге стилистикалық дағды неге керек?Мектеп жасына дейінгілерді қарапайым стилистикаға үйретудің қандай тәрбиелік мәні бар?

  6. Тілдің кейбір компоненттерінің-лексиканың,грамматиканың,фонетиканың синонисиясы дегеніміз не?Тілдің синонимдерін үйренбейінше стилистиканы үйрену неліктен мүмкін емес?

  7. Синонимияны білу балаларды тәрбиелеу практикасында тәрбиешіге қалай көмектеседі?

  8. Көркем әдебиетті мәнерлеп оқу және әңгімелеп айтып беру дағдысы тәрбиешіге неге керек?

Қараңыз:Лотарев В.К.,Федоренко Л.П. Родной язык 20-бет және одан кейінгі беттер.



Дамыту жөніндегі сабақтар

«Балалар бақшасының тәрбие программасы» тілді үйрету жөніндегі арнаулы сабақтарда жұмыстың мынадай түрлерін қамтиды:

  • Балалар тілін дыбыстық мәдениетке тәрбиелеу;

  • Сөздік қорын байыту;

  • Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;

  • Қоршаған ортамен :адамдарды тұрмыстық және өндірістік қызметпен,табиғатпен,қоғамдық өмірімен (бүкіл халықтық мерекелерге арналған ертеңгілік ойындарды дайындау мен өткізуге қатыса отырып)таныстыру үшін байланыстыра сөйлеуге монолог пен диалогке үйрету.

Көркем әдебиетпен танысу жатқа білу.

Жұмыстың түпкі мақсаты әр баланың байланыстырып сөйлеуді меңгеру болып табылады:айналадағы заттарды суреттеп айту үшін,басынан кешкен оқиғаларды әңгімелеп, айтып беру үшін,өзіне мәлім құблыстардың себептері және салдары жөніндегі қарапайым түсінік болуы үшін жеті жастағы бала монолог түрінде сөйлей білуге тиіс.

Оның монологындағы сөйлемнің грамматикалық құрылымы (морфология және синтаксис тұрғысынан ), лексемаларды қолдану, сөйлеуді фонологиялық әсемдеу (дауыстың әуезділігі,орфоэпия,прсодия, интонация жағынан алғанда )әдеби нормаға сәйкес келуі керек.

Тәрбиеші баланы монологтік сөйлеуге әрбір компонентті (грамматиканы,лексиканы,фонологияны )жеке жеке,біртіндеп үйренетіндей етіп алып келеді:тәрбиеші балалармен диалогтік сөзді меңгеруіне көмектесе отырып сөйлеседі,ондағы әрбір реплика синтаксиситік жағынан дұрыс көркемделген сөйлем болады;бірақ сөйлемді дұрыс құру үшін сөздің морфологиялық формасын дауыс арқылы ажырата білуді үйрену керек,демек,балаларды сөз түрлендіруге септеу мен жіктеуге үйркту керек;лексикалық мағынасы түсінікті сөздерді ғана септеген және жіктеген дұрыс,осыдан келіп тәрбиешінің мынадай міндеті туындайды әр баланың сөздік қорын мүмкіндігінше байыту керек;сөздің лексикалық мәнін,оның формасының грамматикалық мәнін,сөйлемдегі интонацияның мағынасын өзгенің сөйлеуіндегі фонемалар мен просодемаларды дауыс арқылы ерекшелеуді үйренгенде ғана түсінуге болады,ал бұл өз сөзіндегі дыбыстарды артикулдеуді және фразадағы интонацияны модулдеуді оның құрамындағы барлық просодемаларды үйренгенде мүмкін болады,демек,тәрбиешінің міндеті баланың тілінің дыбыстық жағынан жетілдіру.

Монологтік сөйлеуді игере отырып,балалар өздеріне нақты оқиғалар жайлы айтып,нақты заттарды суреттеп беретін,немесе нақты құблыстардың себептері мен салдарын талқыға алады.Өзінің әңгімесінде,суреттеуінде,талқылаунда тәрбиеші балалардың өмірлік тәжірбиесіне сүйенеді және сонымен қатар бұл тәжірбиені кеңіте түседі (айналадағылармен таныстырып отырады)

Балалармен еркін сөйлескенде тәрбиеші оларға сөздерін байланыстырып,аяқталған сөйлеммен сөйлейді.Тәрбиеші балаларға сөйлемдегі лексикалық мағынасын түсіндіретін сөздерді бөліп сөйлеп,ерекшелейді.Тәрбиеші текстен жекелеген дыбысты бөліп алып,баланыі оны дұрыс артикулдеуін үйретеді.Мәселен,балдырған кекештене сөйлеп,[Р]дыбысын бұзып айтады. «Андрюша,аңдардың қалай ырылдайтыны сенің есіңде ме?»-деп сұрайды тәрбиеші. Ыр-р-р-р».Бала ойынға араласып кетеді де «ырылдап» жүріп,ақыры өзіне қиын көрінген дыбыстың артикуляциясын меңгереді.

Тәрбиеші арнайы сабақтарда байланыстырып сөйлеу және оның компоненттерімен де осы тектес жұмыс істейді:ол балалрға байланыстырушы тексті оқып немесе айтып береді (жас мөлшеріне қарай түрлі көлемде ), егер балаларды грамматикалық формаларды қолдануға жаттықтыратын болса, онда текстегі сөйлем мен сөз үйлесімін ,егер лексикалық мағынасын балаларға түсіндіруге тура келсе,онда сөз үйлесімі мен жеке сөздерді жеке жеке бөледі:егер балаларды сөзді дұрыс айтуға жаттықтырса ,онда жекелеген сөздің дыбысын бөліп айтады.

Әдетте ,балалардың тілін дамыту жөніндегі сабақтар кітап оқумен көркем шығарманы тыңдаумен немесе болған оқиға жайлы тәрбиешінің монологтық әңгімесімен немесе арнайы даярланған әңгімемен (диалогпен) басталады.Балалар байланыстырып сөйлеуді тыңдап болған соң (монолог немесе диалог) ,лексикалық,грамматикалық,фонетикалық дағдыларды теңестіру мақсатымен оларды жекелеген сөздерге,сөз үйлесіміне,дыбыстарға,дыбыс үндестігіне адаптацияланған (үйрету мақсатына лайықталған) тілдік дидактикалық материалдармен жаттықтырады.

Жекелеген сабақтар грамматикалық және дұрыс айту дағдыларын дамытуға (дауыс мәнері мен интонациясын жетілдіре түсу үшін);лексикалық дағдыларды дамытуға (жинақтау сөздерінің мағынасын түсіну қабілеттілігі ,мәселен,ойыншық деген сөздің төрт бұрыш ,бала,аю дегеннен айырмашылығын білу және т.б.) арналуы мүмкін.Мұндай сабақтарды байланыстырушы текспен жұмыс істеу бағыныңқы сипатта болады және оқу уақытының аз мөлшерін алады,бірақ біржола шығарылып тасталмайды.

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» тілді оқыту жөніндегі мынадай сабақтар өткізуді ұсынады.

Жас топтар

Бір сабақтың ұзақтығы (минктпен)

Сабақтар

Аптасына

Айына

Жылына

3 жаста

4жаста

5жаста

6жаста

7жаста

10-15

15-20

15-20

20-25

30-35

4

3

3

4

4

16

12

12

16

16

192

164

164

192

192



«Программаның...»әрбір бөлімі бойынша айына шамамен төмендегідей сабақ өткізілед:

Прграмманың бөлімдері

Сабақтар

айына

жылына

Көркем әдебиетпен танысу..

Диалогтік байланыстыра сөйлеуді үйрету...

Монологтік байланыстыра сөйлеуді үйрету...

Сөзді дұрыс айту мәдениетіне тәрбиелеу ...

Сөздік қорды байыту..

Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру...

Өлең текстерін жатқа білу..

3-4

2

2

1

1



1

1

1

0,5

0,5

0,25

0,25



0,25

0,25




ІІІ тарау

Сөздің дыбыстық мәдениеті не тәрбиелеу

&1.Тілдің белгілі единицалары үшін «құрылыс материалы» ретіндегі сөз дыбыстары мен интонация элементтері.

Сөз дыбыстары,интонацияның жекелеген элементтері (просодемалары) дауыстың күштілігі,тоны жоғарлығы,қарқыны,ырғағы,тембрі тілден бөлек өздігінен еш нәрсені көрсетпейді,болмысты қодаламайды,бірақ оларсыз сөйлеу деген болмайды:сөз дыбыстарынан морфемалар құралады,просодемалар сөздердің бірігуіне мағынасын береді.Демек,сөз дыбыстары мен просодемалары ауызекі сөздің « құрылыс материал» (жазу ауызекі сөйлеудің графикалық кодасы)

Сәби сөйлеуге үйренеді. Бұл:

  1. Сол тілге тән барлық фонемаоарды артикулдеуді;

  2. Дәстүрге сәйкес,яғни орфоэпияның ережесі бойынша сөздегі белгілі бір позицияда тұрған дыбыстар мен дыбыстардың үндесуін айтуды;

  3. Интонацияны жасайтын просодемаларды модулдеуді алдын ала үйренгенде ғана мүмкін болады.

Балаларға ана тілін үйрету тәжірбиесін белгілі болғаныныдай,балаға ең қиын жекелеген дыбыстардың артикуляциясын үйрену болып табылады.Егер баланың сөйлеуіндегі кемшілік дыбыс жағында болса,онда логопедтер кемшіліңтің себебі ең алдымен баланың тілімен,аса маңызды артикуляциялық органмен,дұрыс «жұмыс істеуді» үйрене алмауынан деп санайды.Балаларға көбірек қиын болатын таңдай ортасы дыбыстарды [р],[л],[ш],[ж];кейде таңдай арты дыбыстарды [г],[к],[х] артикуляциялау.

Фонетикада (мысал ретінде орыс тілінің фонетикасын алайық) барлық фонемаларды құраған кездегі барлық артикуляциялық мүшелердің (тілдің,еріннің,тістің,дауыс шымылдығының және т.б.) жұмысы егжей тегжей жазылғын.

Мысалы (ш) тілдің ұшымен айтылатын альвеолярлы дыбыс (тілдің ұшы тістің етіне тиеді),(ұяң дыбыс (тіл тістің етіне толық тимейді,аздаған саңлау қалады),жуан дыбыс (тілдің орта тұсы таңдайға қарай көтерілмейді),қатаң дыбыс (көмей арқылы)жұмыс істемейтіндігі мәлім .Осыоайша барлық қырық екі әріп жіктелген.

Тек логопедтер ғана емес,әрбір мәдениетті тәрбиеші фонетикаға жүгінеді:сөз дыбыстарының «анатомиясын» білу балалардың оларды үйрену процесін тездетуіне көмектеседі.Дегенмен,дыбыстың артикуляциясын меңгеру қиын әрі ұзаққа созылады;ол бес,кейде жеті жылға созылады:тез дегеннің өзінде балалар бестен алтыға аяқ басқанда ,ғана таза сөйлейді. «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» баланы оқуға және жазуға үйрену міндетін қояды.

Егер балалар орфоэпиядық жағынан дұрыс айтатын адамдардың арасында өссе,онда дұрыс айтуды үйрену міндеті оларды оңай шешілуі мүмкін (мұндай жағдайда өмірге келген алғашқы күнінен бастап оларда артикуляциялық негіз дұрыс жолға қойылады), егер олар ересек адамдардың аузынан диалектілік немесе сөздің қарапайым айтылуынан естісе,үйрену қиын (дәлірек айтқанда ешқандай мүмкін емес).

Тіл туралы ғылымда түрлі сөйлемдердің интонациялар жөніндегі ,демек,просодемалар,олардың артикуляциялық мүшелерді модулдеуге қатысуы жөніндегі мәселе тым аз зерттелген.

Бірқатар просодемаларды суреттеу тіртен оңай.Мәселен,сөйлеу қарқыны сол сөйлемге кіретін сөздегі екпінді буындарды біздің тез немесе баяу айтуымызға байланысты (бар сөздің қарқынына қарамастан екпін түспейтін буынды орыстар әдетте өте жылдам айтады). Салыстырыңыздар : С(а а)нки б(ы ы)стро мч(а а)тся.С (а)нки б(ы)стро мч(а)тся.

Егер шапшаң сөйлеуден қиындық көріп жүрген балаларды сөздердегі екпінді буынды созып айтуға үйретсе,олардың тілі оңай қалыпқа келеді.

Сондай ақ просодеманы дыбыстың жоғарғы екпініндегі айырмашылықты көрсетуге болады.Бұл үшін бір сөзден тұратын хабарлы және сұраулы екі сөйлемнің интонациясын салыстыру керек: «Ия?» «Ия», «Жоқ?» «Жоқ», «Ол?» «Ол». Сұраулы сөйлемде дауысты дыбыстың екпіні хабарлы сөйлемдегі дауысты дыбысқа қарағанда анағұрлым жоғары айтылады.Дауыс күшінің просолемасына «қатты», «бәсең», «сыбыр» ретінде қарауға болады.

Бірақ дауыс тембрінің просодемасын (тембр «эмоциялық мәнерлік» мағынасында алынғанда дауыспен қуанышты,қайғыны,таң қалуды,ашуланды,шаттануды және т.б. білдіру)суреттеу қиынға түседі,тәрбиеші бар болғаны оны даустап айта алады және балаларға өз айтқанын қайталауға ұсыныс жасайды.Мысалы,дидактикалық ойын өткізіп,онда бір сөзді (сөйлемді) «Самолет!» (немесе «Ұшып келеді») өзгермелі жағдайға қарай :

  1. Үрейлі сезіммен:жау самолеті ұшып келеді;

  2. Қуанышты сезіммен:балаларға сыйлық әкеле жатқан самолет ұшып келеді,деп айтуға болады.

Балалар ерекше жігер жұмсамай ақ барлық просодемаларды,әсіресе дауыс тембрі модуляциясын ,жеңіл меңгеретіндігін тәжірбие дәлелдеп отыр (балалар сәби кезінің өзінде ақ ересектердің дауыс интонациясынан мейірімді,қорқытуды,тыныштандырғысы келгендігін және т.б. айыра білетіндігін еске алайықшы),көптеген балалар ешбір үйретусіз ақ проседемаларды қабылдайды,мектепке дейінгі жастағы балаларды интонация элементтеріне оқытудың методикалық құралдары туралы мәселенің қойылмауы да сондықтан болса керек.Бірақ үйретушілер (ата аналар ,тәрбиешілер,тіпті мектептегі мұғалімдер)өздері ана тілі интонациясын тамаша білгендіктен (сөз ырғақсыз жеке өмір сүре алмайды ғой)оны аңғармайды (ауадағы оттегінің мөлшерін аңғармаған секілді,ол жетіспегенде ғана адам оның керек екнін сезінеді).Егер сәби бірқатар просодемаларды «өз бетімен» үйренбесе (мұндай балалар аз,бірақ қалай дегенде де кездесді),әдетте назар аудармайды,балаға көмектеспейді,бала сол кемшілікпен мектепке келеді,онда сөз дыбыстарының артикуляциясының кемшілігіне қарағанда,интонация кемшілігін қалпына келтіру әлдеқайда қиынға түседі.

Жоғарыда аталған және басқа да кейбір интонация элементтерін (просодемаларын) балалар сөйлемнің тұтас даусы интонациясынан жеке бөліп алуды үйренеді және оларды ,сондай ақ жеке дара емес ,сөйлемнің ішінде орнындайды.Сөйлемнің өзін (ойдың аяқталғандығын) балалар интонация бойынша түсінуді үйренеді.Олар аяқталған ойдың интонациясын:хабарлы («Шал мен кемпір көкшіл теңіз жағасында өмір сүріпті?»), «Олар айтылған сөзге қарап әп сәтте ханымды қабылдағанын түсінді») және сұраулы («Жауап беруден тайсақтайсың ба?Кең әлеммен сен бір жас ханымды көрмедін бе?» интонацияны ұғынады.

Аяқталған интонация негізінд балаларға логикалық екпінді көрсетеді (сөйлемді актуалды оқу) және оларды аяқталмаған интонацияны кең тараған сөйлемдердің мағыналы бөлігін орындауға жаттықтырады.Мұндай интонация алтау екендігі (А.Н.Гвоздевтің жұмысынан) белгілі:

  1. Тізіп айту интонациясы («Ханымға тұп тура толған,піскен,алтын алма ұшып келеді», «Ол ханымды және ұлын,қызын құшақтап,бәрі дастарханға отырды»),бұл интонацияны орындау үшін логикалық екпінді қоя білу керек;

  2. Қарама қарсы қою интонациясы («Ол үшінші рет қармағын тастады қармағына бір балық,балық болғанда жай емес,алтын балық ілікті.»);

  3. Сөзге шақыру (атау) интонациясы ( «Қартым,саған не керек?»; «Күнім менің,жарығым!» Бар шындықты айт,жайып сал ...»);

  4. Ескерту интонациясы немесе қос нүкте интонациясы («Алтын балық: «Қайғырма,үйге ,қайта бер» дейді»; « Шал таң қалып,қорқып қалды:ол отыз үш жыл балық аулады,бірақ балықтың сөйлегенін естіген еді» , «бізді өлтірме,жылатпа:шығар бізді құрғаққа !» «Көріп тұр :боран соғып,қар жауып,даланы,қар көмкерді»

  5. Кіріспе интонациясы («Ол міне,көк теңізге бет алды )теңіз буырқанып жатты ,сол алтын балықты шақыра бастады»...)

  6. Ерекшелеу интонациясы (дегенмен,жас ханым,мазасын алмай басқаның,тыныштықта өсті ,ой дидарлы,қара қасты,қолаң шашты жан боп өсті.Жоғарыда айтылған орыс тілінің фонетикалық және фонологиялық дыбыстың құралдарды байланыстыра сөйлесуде бір мезгілде пайдаланылады.Байланыстыра сөйлеуінің стилі,оның эмоционалдық болуы баланың сөз дыбыстарын қалай айтатындығына (артикулясиясы жігерін айқын және енжар) түсініксіз ,мүмкін болған просодемалардың қайсысын таңдайтығына (мейірбандық ) немесе қастың сезіміне бәсең қатты,тез баяу дауыс тембрімен аңғартады ) байланысты .Л.В.Щербак орыстың әдеби тілінде басты екі айту стилі бар екендігіне назар аударады.Толық стиль (немесе кітаби)көпшілікке арналған стиль лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радто және теледидар дикторларының жұмысында,сондай ақ сабақта жауап беруші оқйшының сөзінде,сосын тыңдаушының түсінуін жеңілдетуге талпынатын кез келген адамның сөзінде қолданылады.

Толық стильді сөзге анық дикция (мақам) тән (сөздегі әрбір дыбыс жігерлі де ұқыпты түрде артикулденеді),орташа қарқын,дауыстың күші үйдің көлемімен,дауыс тембрімен сәйкес келеді,сөйлегенде адамның өзіне тән қасиеті ,яғни кішіпейілдігі ,тыңдап отырған адамға деген ілтипаты көрініс береді.

Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген адам жағдайға сай,ешбір дайындықсыз екі стильді де әрқашан орнымен пайдалана алады.Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер (публицистік сөз сөйлеуде) немесе көркем оқу (актерлік жұмыста) деп аталады.



&2.Сөйлеу аппараты дамуының бала тілін дамытудағы рөлі.

Артикуляциялық мүшелердің қозғалуының әсерінен сөйлеушінің бұлшық етінің түйсінуі бұл субъетивтік қабылдаудағы «тіл материясы» болып табылады,ауызекі тілде бұлшық еттің түйсінуге мұнан басқа елестету (образдарды) түрінде қатысатын есту сезімі және іштей сөйлеу де жатады.

Белгілі бір дыбыстардың комплексін сөз деп қабылдауды үйренген,яғни оны болмыстың белгілі бірі құблысы деп түсінген,бала сол сөзден есту және бұлшық ет түсйсінген есінде сақтап қалады.Бала әлі де болса өзінің артикуляциялық мүшелерін меңгере алмағандықтан, ол ең алдымен сөзді (сөйлеуді) естуді ,ао онан кейін барып оны айтуды үйренеді.Алайда сөздің естілу образы мен оның «бұлшық еттік» образы балада бір мезгілде пайда болады:алғашқы кезде «бұлшық еттік» образдың дәл болмайтындығы басқа мәселе.

Белгілі бір сайта сөздерді дұрыс айта алмайтын үш,тіпті төрт жастағы балалар олардың дұрыс естілу образын білетіндігі және ересектер мұны бұзып айтқанда аңғартындығы белгілі.

Мысалдарға жүгінейік:

Коля (Үш жаста) деген бала өзінің атын «Холя» деп атайды.Көрші әйел оны әрдайым қағытып қарсы алады:

-Сәлем,Холя!

-Мен Холя емеспин,мен Хо...Холя!

Бала қабағы қатуланып,жұдырығын түйіп,еш нәрсені түсінбейтін әйелді ақылға шақырғысы келеді:

-Мен Холя емеспин,Мен Хо...Холя!

Толя (Үш жас екі айлық) помидорды (апидор) деп атайды.Бақша ішінде қолынан жетектеген апайы оған әзілдеп:

-Толенька,сен өзіңе және маған апиндор үзіп берсең болар еді,дейді.

-Кім олай айтады деп ашуланады бала,апин...апир...дұрыстап айтшы!

Нина (екі жас он айлық) мамасы тарелкаға салып берген вареньені көршісіне алып келеді.Тарелканы ұсынып тұрып ол:

-Ене!дейді

Көршісі не әкеліп тұрғанын білмеген кісі болып,қасақана:

-Ниночка,сен «ене» дейсің,оның не екенін білмей,мен ала алмаймын дейді.

-Жоқ,ене емес,ение,деп қоймайды Нина.

-Ение?Түсінсем бұйырмасын!

Қыз ренжіп қалып:

-Ени...ение,ол еш нәрсені түсінбейтін көршісіне ренжіп,әдейі жасап тұрғанына күдіктеніп,айқай салады:

-Кө-мек-тес!

Демек,әрбір адам үшін сөздің сезімдік негізгі бұл оның есту және бұлшық еттің (сөйлеу қимылының) сезінуі.Физио сөйлеу қимылы мидың (оның белгңлң бір учаскелерін сөйлеу органы ретінде жұмыс істеуге мәжбүр етеді екен.

Тәрбиеші үшін мына фактіні білу қажет:баланы сөз дыбыстарын артикулдеуге,просодемаларды млдулдеуге үйрету керек,яғни оның «тілдің материясын» үйренуіне көмектесу керек,әйтпесе ол тілді үйрене алмайды.Бұл заңдылық.

Жоғарыда артикуляциялық органдар тіл,ерін,тіс,дауыс шымылдығы,өкпе,ал жазба тілді игеруде қол,қалам ұстаған қолдың саусағы екендігі айтылады.Бірақ қолдың саусақтары жазба тіл органы болып қана табылмайды,сонымен бірге ауызекі тілдің дамуына әсер етеді.Бағзы замандарда «Алақай ау,алақай!» , «Сауысқан» және т.с. сияқты балаларға арналған күлдіргі өлеңдер шығарған,халық арасынан шыққан талантты адамдарға саусақтардың бұл рөлі өте ертеде ақ (саналы түрде түсінбегенімен) белгілі болған;бұл өлеңдер анасы,күтуші кісі баланы саусақпен жұмыс істеуге талпындырған («Мынаған бердім,мынаған бердім»),дейді ол сәбидің саусақтарын санап).

Соңғы жылдары физилогтар жасаған экспериементтер баланың саусағы сөйлеу қимылының мүшесі ретінде роль атқаратындығын дәлелдейді және бұл құблыстың себептерін түсіндіреді.

М.М.Кольцова СССР Педагогика ғылымдары академиясының Балалар мен жас өспірімдердің физиология институтында Баланың жоғарғы нерв қызметі лабораториясы қызметкерлерінің он айлықтан бастап бір жас үш айлық жасқа дейінгі тіл дамуы кешеулдеген сәбилермен жүргізген экспериментін келтірді.Сөйлеу процесінде сөйлеу аппарытның жұмысындағы бұлшық ет түйсігінің үлкен роль атқаратындығы туралы ережеге сүйене отырып,эксперимент жүргізушілер тіл дамуы кешеуілдеген балаларға,егер олардың сөйлеу аппаратын үстемелеп жаттықтыратын болса,онда көмектесуге болады деген болжам жасады.Бұл үшін оларды еліктеу кабинетіне шақыру керек.

Эксперимент жүргізушілерге бала сәби кезінде ересек адамдардың дыбысына өзімен сөйлескен адамның бет қимылын көрсе ғана еліктейтііндігі (сонда бала оның артикуляциясына еліктей бастайды),сондай ақ жеті айлық баланың бет қимылға еліктеуі нашарлайтындығы және бір жастағы,онан асқан ,педагогикалық ықпалдан өтпеген балалар ересек адамның бет қимылын сезінбейтіндігі,оларды «сөйлеуге» (яғни әлдебір дыбыс шығаруға) мәжбүр ету мүмкін емес екендігк белгілі болды.Эксперимент жүргізуші қызметкерлер (мамандығы бойынша физиологтар) бас миындағы сөйлеу қимылының саласы жалпы қимыл саласының бір бөлігі болып табылатындығына сүйенеді;осыдан барып эксперимент жүршізушілер,егер балалардың аяқ қолының және бүкіл денесінің бұлшық еттерін қозғалысқа келтіруді дамытса,олардың артикуляциясын ынталандыруға және дамытуға болады деген пікірге келді.

Эксперимент мынадай еді;дені сау,бірақ сөйлемеітін балалрдың (бір жастан бір жас үш айға дейінгі )19-ының 9-ына (1 ші топ) балалар мекемесінде күніне жиырма минут бойы еденде еркін жүруіне мүмкіндік берілді;қалған оны (ші топ)әдеттегі жағдайда тұрып жатты:сергу кезеңін манежде басқа балалармен бірге өткізді.Екі топта әрбір баламен күн сайые екі минуттік сабақ өткізлді:эксперимент жүргізуші баланы еліктету үшін онымен сөйлесіп отырды.

Соныі нәтижесінде бірініші топатағы балалар сабақтың жетінші күнінде ақ эксперимент жүргізуші еліктеуге талпына бастады.Әйтседе,олардың «жұмысы» қанағаттанарлықсыз еді:ересек адам ,мәселен, «ав-ав», «га -га», « му -му» дегенде,бала бәсең дауыспен «а-а» немесе «у-у» деп дауысты дыбысты ғана айтып үн қатты,дауыссыз дыбыстарды айтуға талпыну сабақтың жиырмасыншы күні пайда болды.Қалай деген де бұл біршама табыс еді,өйткені екінші топта осындай сабақтың нәтижесі әлдеқайда төмен болды:дауысты дыбысты айтуға еліктеуді әлсіз талпынысы екі есе уақыт кейін сабақтың он үшінші күні пайда болды,ал тұтас буындарға еліктеуге талпындыру сабақтың отызыншы күні де мүмкін болмады.

Эксперимент жүргізуші физиологтар мидың қимылға келтіруші саласының үлкен учаскесі (барлық көлемнің үштен бірі) қол саусағы қимылын «басқаратындығына»,бұл учаскенің сөйлеу органдары қимылын «басқаратын» учаскемен көрші тұрғандығына назар аударады.

Эксперимент былайша жалғастырылды.Сол жас мөлшеріндегі (он айдан бастап бір жас үш айға дейінгілер ) үшінші топтағы балаларға әдеттегі жаттығулардан басқа ойын үстінде жиырма минуттік қолдың саусағын жаттықтыру жүргізіледі ( ересекткрдің бақылауымен түймелерді сымға тізу,пирамидаларды қалау және т.б)

«Үшінші топтан алынған нәтижелер деп жазды М.М.Кольцова біз күтпеген нәрселер еді:дауыс реакциясы үшінші күннің өзінде-ақ шығып ,жетінші күннен бастап 41%,ал 15-ші күннен бастап 67,3 % жағдайда мұның өзі дыбысқа неғұрлым дұрыс болды»

Сол институттың ғалымдары (негізінен Л.В.Фомина)әр түрлі балалар мекмелерінде 500-ден астам балаларды тексеруден өткізіп,мынадай заңдылықты анықтады:баланың тілінің даму деңгейі саусақтарының нәзік қимылының даму дәрежесінде тікелей қатысты.Жалпы моторика деңгейінің тіл дамуына ешқандай қатыс жоқ:сөйлей алмайтын баланың жалып моторикасының дамуы қалыпты немесе тіпті нормадан жоғары және,керісінше,жақсы сөйлейтін баланың жалпы моторикасының дамуы жеткіліксіз болатын жайлар да байқалып жүр.Әйтсе де,Л.В.Фоминаның бақылауы бойынша,тілдің даму дәрежесі мен саусақтардың даму дәрежесі әрдайым сәйкес келеді.

«Тіл дамуының деңгейін анықтау үшін қазір деп жазады М.М.Кольцова алғашқы жылынан бастап баламен мынадай тәжірбие жүргіземіз;сәбиден бір саусағын ,екі саусағын,екі саусағын,үш саусағын («былай істе»деп қалай істеуі керек екендігін көрсетеміз)көрсетуін сұраймыз.Әр саусағы жеке жеке қимылдайтын балалар бұл сөйлейтін балалар:егер саусақтары қиындықпен тек бірге иіліп,жазылса немесе енжар қимылдап,саусақтары жеке жеке қимылдаса,бұл сөйлей алмайтын балалар.»



Сонымен,халықтық күлдіргі өлеңдері жасаушылар тәжірбиесі мен оны дәлелідейтін ғылыми эксперимент балаларды

Ынталандыруға қол саусағының нәзік қимылын жаттықтыру көмектесетіндігін көрсетеді.Бұл білімді тәрбиеші балаға тіл үйретудің тәсілін таңдағанда (немесе жаңасын жасағанда)пайдалану керек.

Балалардың ауызекі тілін дамытуда оладың тыныс алуын дұрыс жолғы қою маңызды роль атқарады.Әрине,сөз дыбыстары просоднмалар артикуляциялық органдардың белгілі бір қалыптағы жағдайында,бірақ міндетті түрде өкпеден шыққан ауа толқыны артикуляциялық органдар арқылы өткенде ғана пайда болады.Ауа толқыны алдымен тыныс алуға арналған;демек,бала бір мезгілде тыныс алуға да,сөйлеуге де үйрену керек.Алғашқы жылдарда бұл оңай емес,міне,осы жерде кәсіби білімібар тәрбиеші көмекке келуі керек.Тәрбиеші сәбиоерге арнап тартымды ойын ұйымдастыра алады. (мысалы, «Үлпілдек үрлейік», «Көңілді дауыспен күлейік»!),ол ойын балалар үшін байқалмайтын маңызды оқу жұмысына айналады.

Сөйлеу аппаратын жаттықтыру әр түрлі эмоциялық жағдайды және сайып келгенде сөздің стильдік дифференциясы дағдыларын білдіру үшін дауыс модуляциясын дамытуға көмектесу керек.

Балалар,тіпті жеті жасының,әрине, «стиль»деген терминді әлі тіпті білмейтін кездің өзінде ақ,сөздің дыбыстық жағының стилистикалық айырмашылығын (эмоциялық бояуын) түсінеді.

Жоғарыда айтқанымыздай,баланы сөйлей білу стиліне үйрету,сонымен бірге оның бойында мінез құлық этикалық нормасын тәрбиелеу болып табылады.Мәселен, «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» үш жастағы бала үшін «сыпайы амандасуды,қоштасуды,алғыс айтуды,өтініш жасай білуі үйрету» қарастырылады.Әлгі айтылған мағынадағы сөздер сыпайы интонацямен айтуды талап етеді,бала оны ересектердің сөздерінен естіп,оған ой жүгіртіп,еліктеуге үйрену тиіс.Айналасындағы ересек адамдарға деген баланың ықыласы,достығы,мейірімділігі сол адамдардың іс әрекетін олардың, ісі мен интонациясына еліктей алатын мүмкіндігі болса ғана дамиды.Әрине,балаларға «жағымды» интонацияны «жағымсыз» интонациямен салыстырғанна кейін ғана түсінікті болады.

Жағымсыз сөзімнің немесе мінез құлықтығ қаситеін білдіретін интонацияларды тәрбиені сәбилерге,мәселен, «қара ниет күштің» өкілдері әрекет ететін әлде бір ертегіні инсенирокалай отырып көрсетуге тиіс:өйткені олардың сөздері арқылы дөрекілііті,қатыгездікті,сарандықты және т.б. ести алады мұның бәрін балалар «жаман» ретінде қабылдайды да,бұған ертегіліері келмейді.



&3.Сөз дыбыстарын айту дағдыларын дамыту әдістері мен тәсілдері.

Сөз дыбыстарын дұрыс артикуляциялауға үйрету.(дикцияны қалыптастыру)

Логопедтер сөз дыбыстарын олардың айтылуын қамтамасыз ететін артикуляциялық (дыбыс шығарушы) органдардың жұмыс істеу сипатына қарай былайша бөлінеді:

А) «ерте онтогенез» дыбыстары: (онтогенез дегеніміз бала организмінің жеке дамуы):дауысты [а],[о],[у],и, және дауыссыз [м],[п],[б],[т],[д],[н],[г],[х],[й],[с] дыбыстар.



Б) «орташа онтогенез» дыбыстары:дауысты[ы] ;меңгерңлген дауыссыз дыбыстарды ұяңдығы және қатаңдығы бойынша жіктеу;л ;барлық дауыссыз дыбыстарды үндендіру.

В) «кейінгі онтогенез» дыбыстары :тілдің алдының көтерілуін қажет ететін [р],[ш],[ж],[щ] дыбыстары,[л] ,[ц] дыбыстары.

Сөз дыбыстарын бұлайша бөлу баланың белгілі бір артикуляцияны меңгере алатын жас мөлшерін көрсетеді.Сөз дыбыстарының осылайша бөлінуніе орай түрлі жастағы балаларға арнап дыбыс жаттығуларын жүргізу белгіленеді.

Сөйлеу қабілеті ойдағыдай дамып келе жатқан (сөлеу әрекетінің дамуына логопедтердің арласуы қажет емес) балаларға арналған артикуляциялық жаттығулар баланы дұрыс айтуға үйрететін дыбысты қамититын сөздер мен сөйлемдерді олар

Тәрбиешінің дыбыстарды дұрыс айтуына еліктеу жаттығудың негізгі әдісі болып табылады.Дыбыстардың айтылуына тікелей еліктеу (дыбсытарды дұрыс айту процесінің өзі балаларды қызықтырады,олар мұны тартымды ойын ретінде түсінеді) немесе «бал арасы» , «лақ» , «тышқан», «барабаншылыар» сияқтиы рольдік ойындар ойнау тәрбиешінің сөз дыбыстарын айтуын имитациялау (еліктеу) тәсілдері бола алады.Барлық артикуляцияларды пысықтау жұмысы көркем шығармаларды оқу және қайта айтып беру,тақпақ жаттау сабақтарында жүргізіледі.

Балаларға дауысты (ы дан басқа) және дауссыз [м],[п],[т],[г],[х],[с],[й] дыбыстарды айта білуді үйрету жөніндегі алғашқы жаттығулар кезінде осы жастағы балалар әлі де айта алмайтын дыбыстар міндетті түрде кездеседі,тәрбиеші бұған олардың назарын аудармауы тиіс:бұл кезде балдырғандар «кейінгі онтогенез» дыбыстарын өздері айтып үйренген дыбыстармен алмастыратын болсын.Егер бала «қиын айтылатын» ш дыбысы с дыбысымен алмастырып айтатын болса,мысалы, «аш» деудің орнына «ас» десе немесе қатаң және ұяң [з]-[с] ,[б]-[п],[д]-[т],[л]-[й] дыбыстарын және т.с.с.шатастыратын болса,яғни «папа» деудің орнына «бапа», «паба» ,ал «алма» деудің орнына «айма» десе оны түзетудің қажеті жоқ.

Үлгі сабақ

Бір жасар баламен эмоциялық қарым қатынас жасай отырып,тәрбиеші олардың бойында дыбыстық еліктеу реакциясын туғызады.Жүзіндегі қуаныш белгісін көрсете отырып,ол сөздерін айтпастан : « А-а-а» деп ән салады.Сабақ 1-1,5 минутқа созылады.

Бала бұл дыбысты оңай айта алған дәрежеге жеткен кезде басқаша,мәселен «И-и-и,и-и-и,и-и-и( деп ән салуға болады.

« Э-э-э» және еріннің қатысуын қажет ететін ,едәуір «қиын» «о-о-о», «у-у-у» дыбыстары да осылай жекеше қалыптастырылады.



Логопедтер бір жастағы балаға бір сабақта бір дыбысты айтып үйренуден артық жаттығу жүргізбейді ұсынады ,өйткені ол тиіс бұлшық ет сезінуінің қай дыбысқа сәйкес келетінін есте сақтай алмайды.

Дауысты дыбыстарды айтып үйрену жөніндегі жұмыстары екі және үш жастағы балалармен,кейде тіпті бұдан кейінгі жылдары да жалғыстыра береді.Мектеп жасына дейінгі балаларды дауысты дыбыстарды айтып үйренуге едәуір едәуір ұзақ тыныс шығару арқылы машықтандырумен байланыстыру пай



далы болады.Сөйлеу кезінде тыныс шығару процесін ұзарту мақсатындағы тыныс алу органдары жаттығуларын гүлдерді иіскейік», «Бөлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік»,«Қолымыз тоңса, демімізбен жылтайық»,«Сабын көпіршігін ұшырайық» сияқты қарапайым сюжеттік ойындар ретінде өткізу ұсынлады.Сондай-ақ ерін мен тілге арналған жаттығуларды да келтіреміз.

Ерін жаттығулары: «екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң алдымен біреуін , кейн екіншісін саусақпен басыңдар; «Еріндеріңді с.йрелеп алыңдарда, соңынан тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліңдер» ; «Атты тоқтатыңдар»; «Дырр-р-р».

Тіл жаттығулары: « Мысықтың сүтті қалай тілмен жалап ішетінін көрсетіңдер» ; «Ұрттарыңа тілмен « ине салыңдар»; «Тілдерді тақылдатыңдар».

Екі жасар балалармен дауысты дыбыстарды айтып үйрену жаттығулары енді ойын түрінде жүргізіледі. Мысалы, мынадай рөльдік ойындарды қарастырайық:

Кішкентай қыз «А-а –а-а-а-а-а-а»,- деп жылайды.

Тышқан «И-и-и-и-ии-ии»,- деп күледі.

Аю «Э-э-э-э-э-э-э»-деп ашуланады.

Қасқыр екінші қасқырды: «У-у-у-у-у»,-деп шақырады.

Бұлан: «О-о-о-о» ,- деп орманды басына көтереді.

Бөкен: «Уа-уа-уа-уа-уа»,-деп жылайды.

Балалар тоғайда біріне-бірі: «ау-ау»,-деп дауыстайды.



Егер жаттығуларға жарыс элементін енгізсе ( «И-и-и» немесе «О-о-о» деп к» ұзақ айта алады?»), онда тәрбиеші кейбір балалардың «еңбек» құлшынысын тоқтауына турп келетіні түсінікті , айтылады жаттығудың тиісті нәтеже берері сөзсіз.

«Ерте онтегенездің» ( ерін,тіс) дауыссыз дыбыстарын айтып үйрену жаттығулары жаңылтпаштарымен сюжеттік ойындардың жәрдемі мен жүргізіледі.

Үлгі сабақ



Ị. Тәрбиеші сәби топтың балаларын қарсы алдына оларға өзінің жүзімен артикуляциясы жақсы көрінетіндей етіп отырғызады.

Тәрбиешші сабақты: «Келіңдер, «Кім жақсы айтады»ойынын ойнайық».- деп бастайды.- Менің қалай айтатынымды тыңдап алыңдар : Шаш ал, қас алма,Ас ал , қасарма! –деген жаңылтпашты өте баяу айтады.

Балалар тәрбиешінің айтқанына елңктеп, жаңылтпашты қайталайды:



[л],[ш],[к] артикулияцияларын есте сақтау үшін олар да баяу айтады; бұдан соң айту қарқыны тездейді әдетте балдырғандар жаңылтпашты қатарынан он реттен артық қайталаудан жалықпайды

ỊỊ. Екі жастағы балалармен « Кім қалай күледі?» рольдік ойын тәсілімен дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру сабағы. «тышқан» жане «Аю» атты екі сурет дайарландар.

Сіздің жүзінізді көретіндей етіп, қарсы алдынзға 2-3 бала отырғызыңыз.

  • мына суретті қараңдар. Мұнда ненің суреті салынған? Тышқанның суретіме? Сендер тышқанның қалай күлетінін естідіңдер ме? Жоқ па? Олар былайша күледі:

  • -И,и,и,и,и,и –и-и! ( Тәрбиеші[и] дыбысын көтеріңкі үнмен «жіңішке» етіп. біресе мәнерлеп, яғыни үзіп-үзіп , біресе бұл дыбысты созып айтады).

  • Енді сендер тышқандар секілді күліңдер.Қане , бәріміз бірге күлейік.

  • И,и,и, и-и, и-и-и, И-и-и-и-и.......

  • Қандай күлкілі!Тышқандардың да, біздің де күлкіміз келеді.,енді мына картинкаға қараңдар.Мұнда балалары мен аюдың суреттері салынған Сендер аюдың қала күлетінін естідіңдер ме! Жоқ па?Олар былайша күледі:

  • Ы,ы,ы,ы, ыы-ы! ( Тәрбиеші [ы] дыбысын төмендетіп «жуан» етіп, біресе үзіп-үзіп , созып айтады.)

  • Енді сендер аюлар секілді күліңдер. Қане, бәріміз бірге күлейік.

  • Ы,ы,ы,ы,ыы-ы, ы-ы-ы,ы-ы-ы-ы....

Үш жастағы балалар мен жүргізлетін сабақ.

Топтың барлық балаларын қарсы алдыңызға отырғызыңыз.

  • Балалар біз «Аю және тышқан» ойнын ойнаймыз .- Топты екіге бөлеміз:

  • Мына жерге тышқандар,ал мына жерге аюлар отырады. Мен сендердің мамаларың боламын, сендерге сұрақ беремін. Менің барлық сұрақтарыма тышқандар[и] дыбысы мен, ал аюлар[ы]дыбысымен жауап береді.Менің сұрақтарымды тыңдаңдар!

  • Тышқандар- ау,тышқандар, сендер қалай күлесіңдер?

Тышқандар (қуанышты дауыспенен): «И,и,и,и-и..»

-Аюлар –ау, аюлар ,сендер қалай күлесіңдер?

Аюлар (қуанышты дауыспен ): «Ы,ы,ы,ы-ы....».

-Тышқандар –ау, тышқандар сендер қалай жылайсыңдар?

Тышқандар ( аянышшты дауыспен ): «Ы,ы,ы-ы...».

-Аюлар-ау, аюлар, сендер қалай жылайсыңдар?

Аюлар(аянышты дауыспен): «Ы,ы,ы-ы...».

Жарты минуттан соң бұл топтар рольдерін ауыстырады.

Тәрбиеші қалай « күлу» немесе қалай «жылау» керектігін көрсетеді; кейбір балалардың оны қалай орындайтынын аңғарады:тапсырманы орындай алмайтын балалар мен жеке жұмыс, жүргізу үшін оларды белгілі бір сылтау мен шақырып алады. Мысалы:

Ал бір аю (немесе тышқан ) басқаларынан кейн қалып қойған жалғыз өзі жүгіріп, күліп (жылап) келеді.Витя ,сен осы аю (тышқан) броласың ...

Ал енді,Нина, сен боласын ...

ỊỊỊ. Үш-төрт жастағы балалармен рольдік ойын тәсілімен дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру сабағы.Мұнда балалар жәнтіктердің , аңдар мен құстардың және т.б. дыбыстарын салады.



Тәрбиеші:

Құстарға ,аңдарға жәнтіктер мен бақаларға арналған мерекеміз басталады!Ән шырқалып ,би биленеді.

Мерекеге дыбыстарды дұрыс айтқан балалар жіберледі.

Қонақтар үй иесі әйелге (тәрбиешіге) жұптарымен келеді; тәрбиеші олардың әрбір жұбына қайырлып былай дейді;

Амансыңдар ма, қоңыр қаздар!Дауыстарыңды шығар!

Га-га-га,- деп қаңқылдайды қаздар.

Амансыңдар ма, алтын бал аралары! Дауыстарыңды шығар

З-з-з,з-з-з деп ызыңдайды бал аралары.

Амансыңдар ма,жасыл көлбақалар! Дауыстарыңды шығар

Ква-ква-ква(немесе Бре-ке-кекс).

Ит: «Ав-ав-ав» немесе «Гав-гав-гав»,-деп үреді су жылан: «Ш-ш-ш-ш»,- деп ысылдайды; Әтеш: « ку-ка-ре-ку», -деп шақырады; Есек «Ио-ио-ио»,-деп ақырады; Арыстан: « Р-р-р-р-р»,-деп рылдайды және т.с.

Үй иесі барлық қонақтармен амандасқан соң қонақтар бір-бірмен амандасады:бәрі бірге алдымен қаздар секілді, онан соң үйректер секілді,одан соң арыстан секілді және т.с.с дауыс шығарады.

ỊV. Жаңылтпаштар арқылы «Кім жақсы айтады?» дидактикалық ойынның тәсілімен дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру сабағы.

Үш жастағы балалармен жүргізілетін сабақ.

3-4бала тәрбиешінің арткуляциясын жақсы көретіндей болып , онын қарсы алдынды отырады. Тәрбиеші ойынды бастайд:

- Менің «жаңылтпашты» қалай айтатынымды тыңдап алыңдар. Соңынан мен шақырған бала оны дәл осылай немесе бұдан да жақсы етіп айтып беретін болсын.Бәріненде жақсы айтқан бала ұтып шығады.Ал тыңдаңдар: «Жұмаш! Көзіңді жұм,аш!».Енді мұны, Петя, сен айтып бер!Енді, Славик сен айтып бер.

Балалар бұл жаңылтпашты қайталайды.Оларға тәрбиеші жәрдем деседі.

Бұл жұмыс үш рет қайталанады: бірінші ретте тез айтылады.МҰНЫҢ ӘР ҚАЙСЫСЫ ДА ҰТЫП шыққанда айқындалады.

Осы жасалған 3-4 баладан құралған келесі топпен мынандай жаңылтпашты айтыпүйренеді: « Көк тырна, Тырналау тек

Көп тырна, Көп тұрма».

Төрт жасар баламен мынадай жаңылтпашты айтып үйренеді:

«жол бар, Ор бар, ор бар

Жолда Өзің, көр бар!»

Бес жасар балалармен мынандай жаңылтпашты айтып үйренеді:

«Дос! Бос сөз

Сөз тос. Қажетті

Сөйлеме сөз қос».

Алты жасар балалармен дыбыстың дұрыс айтылуын қалыптастыру көрсетілген ойын тәсілмен, бірақ күрделенген өткізіледі. Барлығы әр түрлі дауыссыз дыбыстардан тұратын бірнеше жаңылтпашты бірінен соң бірін бірден айтып беру жөнінде тапсырма беріледі. Мысылы: «Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты. Бөлінсін десең қалаш тең, таласса Жарас Қамаштан», «Қақпаға туралап, теп допты, оң аяқ. Қақпаға туралап, теп допты, сол аяқ. Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ».

Жеті жасар балалармен жүргізілетін осы секілді сабақтарғаарналған диктатикалық марериалдар ретінде шағын өлең алынады (өз тәрбиеленіушілерінің дыбыстарды айту кемшіліктерін білетін тәрбиешінің қалауы бойынша).

«Ерте онтогенездің» дауыссыз дыбыстарының айтылуын жетілдіруге арналған дидактикалақ материал үлгілері:

1.Әжей – анамның анасы, әжей - әкемнің анасы. Атай – анамның әкесі, атай - әкемнің әкесі.

2. Былай дейді Тотықұсқа Тотықұс:

- Сені мықты қорқытамын, Тотықұс!

Жауап берді Тотықұсқа Тотықұс!

-Мені мықты қорқытпақшы,Тотықұс!

3.Ауыз үйге Шөпшек тасып шөпшекті

Азап, бейнет көп шекті.

Шөпшек, енді бейнет, азап көп шекпе-

Өзің жатып ұйықта сол шөпшекке.



Егер «ерте онтогенез» дыбыстарын қалаптастыруға арналған дидактикалық материалда «орташа» немесе «кейнгі онтогенез» дыбыстары ұшырасатын болса, тәрбиешщі балалардың оларды міндетті түрде дұрыс айтуын талап етпеуі тиіс, олар «Бала» деудәң орнына «Байа» деуі мүмкін және т.с.с



«Орташа онтогенез» бен «кейнгі онтогенез» дыбыстарының айтылуын жетілдіруге рналған дидактикалық материал:

1.Сағынбике қолын жуды сабындап.

2.Таңда қызғылт көл бетінің келбеті.(Л.Ульяновская.)

3.Жолмен емес, «О» келді

Маңайда доңғалап,

«О» келді- Жолмен емес,

абайла: маңайда:

Ойбай салып, басып кетер-

Оңдалап абайла. (И.Демьянов)

4. Сығырая қарап, әне сағатшы

Біздер үшін жөндеп отыр сағатты.

5 Немере қызына сұрақ қойды бір тұйық:

- Қолыңды неге жумайсың осы сен?- деді.

Немересі сонда бұртиып:

-Ақсаусақ емен мен,-дейді.

(Е.Авдеенко.)

6. Әй-лә-ләй-лә-ләйлә-лі 11.Трах-ба-бах! Неге бұл,

Ш»йнекте су қайнады. Жер қозғалды дегем мен,

Шәйнек әсем ән салып, Бір дәу маса-себебі,

Шәй іш дейді бал салып. Құлап түсті еменнен.

(Ю.Щербаков.) Қатты түсті ол бір түрлі....

7. Әлдй-әлди бөбегім... Содан орман сілкінді!

Жатты ұйқыға көжегім. 1.Үкі ойықта жон арқасы түнеріп,

Ара ұйықтады гүлдерде, Балық қаптап жүр өріп.

Бақа ұйқтады көлдерде.

Өзен маңы кең алап- (Л:Ульяновская.)

Жатыр кірпі домалақ.

Ақ тиын, тыныш жақ ашпа, 2.Көктем гүлді сәнімен кқрікті,

Ұйықтатады шығып ағашқа. Күз піскен нанымен көрікті.

Әлди- әлди дегенде...

Кім үшін айтам өлеңді? 3.Асығыс іс баяғы-

Балықтар кетті тереңге. Күлкі болар аяғы.

Оля?Ұйықтады о да енді.

(З.Александрова.) 4.Үй!-деді Үкі көңілшек

8. Қар жауады есік көзіне, Орманда түн қараңғы

Нан илеп мысық өзіне. Жалтырауық қоңыз тек..

Пісірген кезде мақтанып, Жарық содан таралды.

Су болып наны кетті ағып. (А.Кондоратьев.)

Пісірсен –пісір қалың нан 5.Тәңсәріден аралар

Ақ қардан емес ақ ұннан. Гүлден ұшып, келесі

(П.Воронько.) Гүлге қонып, шарық ұрар

9.Көгілдір гүлдер, көгілдір, Бал жесін деп сен осы.

Бас иді бізге , әсершіл.

Сыпайы ғажап... (А.Кондоратьев.)

Ал сен ше?

(Е.Серова.)

10.Ормангға ара кетті енді, 6. Көпен көрген- ұлы той,

Бал жинап келе сияғы, Ал, жалғыздың күнін қой.

Алтын шықтай көктемгі 7.Саша басына киіпті де бөрікті,

Омартаға бал құяды; Шекесінің іскенін

Тоғайға тағы жол кешті, Сол бөріктен көріпті

Асығыс кетті- қысөа кұн,

Еңбекші ара- еңбекші, 8.Жапырақтың сылдыры, Жасайды өстіп қысқа қамын. доңғалақтың сырылы-

Жолда алты жүз жүк машина

жүр ірі.

(В.Брагин.)



9.Поезд жүйткіп келе жатыр тіс қайрап: 12.Құмысқа сайда төменгі

-Күш, күш-қайрат, күш-қайрат Келді сүйреп еменді

Бара жатыр іш қайнап Ей, дос,бері келе кет,

10.Жау,жау, жаңбыр, жау мықтап, Құмырысқаға көмек ет!

Көк шөп өссін өаулап бір. Бұ секілді ерге сен

Жау,жау, жаңбыр, жау мықтап, Болмас көмек бермесең.

Суар біздің бау-бақты. 13.Бұйра тоқты кішкен

11.Сарыала таңнаң тұрды да, Сыйлады бұйра терісін:

Бақташы «аухау» деді ерек. Қолғап болды мен үшін,

Үнімен соның сиыр да, Жып-жылы екен ол қыста,

Мөңіреп берді «мө-мө»деп. Апам- байпақ істеді,

Өріске, сиыр, жүребер сен. Ағама шықты тон қысқа

Шөп тәттісін іздеші .

Кешке қарай келген соң,

Сүтке тойдыр бізді осы.


Просодемаларды модулдеуге (дұрыс өзгертуге) үйрету

Баларар жекелеген просодемаларды орындауға, яғни дауысты күшіне(қатты-ақырын-жай), үн жоғарлығына («жуан» дауыспен-«жіңішке» дауыспен), сезім күйін білдіретін тембріне (қуанышты, қайғылы,өкінішті,мұңды,мейрімді,ашулы,салтанатты және т.с.с) қарай модулдеуге сөйленетін сөздің қарқынын (тез,баяу сөйлеу) өзгерту қабілетіне жаттықпайынша, оларға сөйлемнің аяқталған интонациясы мен сөйлемнің мағаналық бөлімінің әртүрлі интонациялық фигураларын (сөздерін) үйрену қиын болады.

Еліктеу әдісі – просодемаларды үйрену үшін пайдаланатын жаттығулардың негізгі әдісі. Бұл әдісті жүзеге асыру тәсілдері: а) дидактикалық ойындар; б) сюжеттік ойындар

Дидактикалық ойындар арнайы құрастырылған оқу және авторлық көркем текстер материалының негізінде жүргізіледі. Сюжеттік ойындар рольдік ойындар және көркем шығармаларды драмалау ретінде құрылады.

Үлгілі сабақтар

Дауыс күшін модулдеуге арналған жаттығулар.

Төрт жасар баларарға арналған жаттығулар.

Тәрбиеуші автор атынан өлең оқиды, ал балалардың бірі осы өлең қолданылған еліктеуіш одағайларды қайталайды. Осыдан кейін, жаттығулардың (дидактикалық ойынның) мәнісін әрбір бала ұғынған кезде, оны хормен айтуға көшуге болады.

Тәрбиеші

Балалар хоры


дауыстап

ақырын

- Динь-динь!- деп жырлап бағады,

Қоңыраубас күмдір кағады

-Шу-шу!- деп басы ағаға

Қарт қамыс шулар жағада.

-Буль-буль!- деп күліп қуана

Аймалап тасты су ағар.

-Қру-қру!- деп тырналар

Барады айтып бір хабар...

(А. Прокофьев)


-Динь-динь!



-Шу-шу!


-Буль-буль!


-Кру-кру!


-Динь-динь!



-Шу-шу!


-Буль-буль!


-Кру-кру!


Бұл жаттығу сондай-ақ сөздік қорын байытуға да жәрдем деседі:олар қоңырау бастықтың, қамыстың, бұлттың тырнаның не екенін білу тиіс. Егер бұл айтылғандардың бәрін табиғи жағдай да бақылауға мүмкіндік болмас, онда балдырғандарға олардың суреттерін көрсетуге болады.

Б ес жасар балаларға арналған жаттығулар .

Тәрбиеші 4-5 баладан бөлек отырғызып, оларды әр қайсысына өздері жақсы көретін қоян , күшік , торғай және сол сияқты ойншықтарды береді де , бұдан соң ойын ережесін түсіндіреді:

-Балалар, келіңдер, сендер білетін жаңылтпаштарды айтайық..Алдымен оны сендердің алдарыңа отырған достарың – аңдар ғана ести алатындай етіп, ал маған естілмейтіндей етіп, өте ақырын айтыңдар.Бұдан соң сендердің әркайсыларың жаңылтпаштарды кезекпен мен де ести алатындай етіп айтасыңдар.

Балалар өздерің «достарыңа» жаңылтпаштар айта бастайды , ал тәрбиеші өзінің қызығушылығын, балалардың сыбырлап айтқан сөздерімен бұрмалай отырып, былай деп дауыстайды:

-Ниночканың сөздері қалай жақсы,айтқанын есту үшін менің қоян болғым келетінін білесіңдер ғой! Бірақ мен ести алмай тұрмын! Ештеңе ести алмай тұрмын!

- Енді Нина , мағанда естілу үшін қоянға не дегеніңді қаттырақ айт.

Нина жаңылтпашты әдеттегі дауыспен айтады.Бұдан соң тәрбиеші орнынан тұрыпғ бөлменің қашық бұрышына (немесе балалар оны есіктен көріп тұратындай болып басқа бөлмеге ) барады да, сол жерден былай деп дауыстайды:

-Нина, сен жаңылтпаштарды мен осы жерден де ести алатындай етіп, қаттырақ қайталай аласыңба?

Нина өзінің бар дауысмен айтады

Ү ш ж ас т а ғ ы балаларға арналған жаттығулар

Бұл ойын былайша оңайлатылады: тәрбиешінің қасына тұрып әр бала өзінің жаңылтпашын оған жай дауыспен екі реттен айтып береді , одан соң қашығырақ барып, қатты айтады.

А л ты жә н е ж е ті жастағы балаларға арналған жаттығулар.

Ойын былайша күрделенділеді: әр бала жаңылтпашты: а) ойыншықтары үшін ақырын ;б)үстел басында отырған балалардың естілуі үшін қаттырақ ; в) терезеге немесе басқа бөлмеге қарай қашық таған тәрбиеші үшін қатты дауыстап айтады) үшінші жағдайда оны тәрбиеші үшін емес, бөлменің қашық бұрышына әдей баратын балалар үшін де айтып беруге болады).

Дауысты үн жоғарлығы бойынша модулдеу жаттығулары.

Т ө р т ж а с т а ғ ы балаларға арналған жаттығулары.

Тәрбиеші жұмысты алдымен жақсы сөйлей білетін екі баламен ғана жүргізеді Топтың барлық қалаған балалары бұл кезде тыңдап отырады.

Тәрбиеші өлең оқиды, ал балалар кейбір өлеңдерді қайталайды :бірінші бала үні едәуір жоғары, сұрау интонациясы бар өлеңдерді, екінші бала хабарлы, соңында лептік интонациясы бар өлеңдерді өайталайды.

Бұл қандай ойын екенін топтық барлық балалары түсінген соң, олар текісті мәнерлеп айтатын 1-ші және 2- ші балаға қосылады , сөйтіп ойын қайтадан басталады . Бірінші және екінші топтың тапсырмалары алмастырылып отыратыны өз-өзінен түсінікті : сұрау қойған топтың балалары жауап береді және керісінше , жауап берген


бойынша өзгертуге машықтанады

Б е с ж а с т а ғ ы балаларға арналған жаттығулары.

«Омартаға аю келді» ойыны өткізіледі.Тәрбиеші балаларды өзінің қарсы алдына екі қатарға- екі «ұяға» бөліп отырғызады да, ойын ережесін түсіндіреді :

-Балалар біз «Омартаға аю келді» ойынын ойнаймыз.Сендер бал арасы боласыңдар,мен ойынды жүргізуші боламын, ал балалардың біреуі омартаға келген аю болады. Мен сұрақтар қоямын. Бірінші ұя бұл сұрақтарға алдымен сыбырлап айтып беріуім бойынша жауап береті болды.




Тәрбиеші

1-шағын топтың балалары

сұрайды

2-шағын топтың балалары жауап береді

Біреулер шығып қабаққа ,

Аулда біреу, әне, әне,

Біреулер мініп шананы,

Шаңғымен бірі ағады.

Біреуі қырда, біреуі,

Сай ішінде жүреді.

Біреуі қарда, біреуі ,

Жап- жалтыр мұзда жүреді:

Біреуі баяу ,ал, бірі тік төбеден төмен албыртып,

Құлайды, жерді құшады.

Мұз – жалаңаш, қар- к.ртік,

Қарасаң зәрең ұшады.

(А.Прокофьев.)

-Қабаққа?

-Аулада?

-Кім шанада?

-Кім шаңғымен?

-Кім қырда?

-Кім сайда?

-Кім қарда?

-Кім мұзда?

-Кім баяу?

-Албырап?

-Құлайды?

Жалаңаш, күртік?

-Зәрең ұшады?

-Қабаққа

-Аулада

-Біз шанада.

- Біз шаңғымен.

- Біз қырда.

- Біз сайда.

- Біз қард.

- Біз мұзда

-Біз баяу

-Албырап.

-Құлайды.

-Жалаңаш, күртік.

-Зәрең ұшады.

ал жауаптарды есте сақталған соң, ешқандай сыбырлаусыз-ақ жауап береді, екінші ұя қайталап сұрайды. Мысалы,мен: «Омартаға не келді?»-деп сұраймын.Бірінші қатар «Аю келеді»,-деп хормен қайталап сұрайды.Бұдан әрі солай жалғаса береді.

Екі ұяда: «З—з-з-з-з» - деп «гулейді».

Ойыншықтар:аю, екі ұя сабақты жандандыра түседі.

Омартаға не келді?



  1. қ а т а р. 2- қ а т а р

Аю келді. Аю келді?

Ол не істей бастады?


Ол ақыра бастады. Ол ақыра бастады?


Ол неге ақырады?

Бал сұрайды. Бал сұрайды?

Көп бал керек пе?

Бір астау бал керек. Бір астау бал керек?

Ол бал арасынан қорқама?

Бал арасыи нан қорықпайды. Бал арасынан қорықпайды?

Ол неліктен мұндай батыл?

Достасқысы келеді. Достасқысы келеді?

Аралар-ау, аралар, аюға не айтамыз?

1 және 2- қ а т а р бірге: «Достасайық!»


Бал аралары ұядан ұшып шығып , бал жинау үшін «аю» орманына қарай бағыт алады:

- З-з-з-з-з....

Ойын қайталанады да, сұраулы ( үн едәуір жоғары) және хабарлы интонатциясын айтып үйренуге машықтану үшін ұялардың орны алмастырылады.

Тәрбиеші әр баланың тиісті интонатциясы қаншалықты дұрыс болып шығатынына көңіл аударады және қажет болған жағдайда оны жеке жаттықтырады.

А л т ы ж а с т а ғы балаларға арналған жаттығулар

Өлеңді әр бала жеке жаттайды ( бұл үшін олардың ата-аналарына тапсыруға болады). Бұдан соң жұмыс дидактикалық ойын тәсілімен жүргізіледі:қатысушылар-жүргізуші,тексті мәнерлеп айтатын 1-ші және 2-ші бала (тексті мәнерлеп айтыушылардың1-ші және 2-ші тобы болуы мүнкін), олардың біреуі сұрау қойады, екіншісі жауап береді.

-

Құмырысқанң семьясы



Бастауышы: Құмырсқасында орманның

Семья үлкен болады

Қарындас, іні одағы,

Жақсыға жақын табалар

Немере, бауыр тағы бар

Балалар: -Ұрса ма олар?

  • Жоқ , аса ...

  • Көңілді ме олар?

  • Тамаша.

  • Жұмысқа қалай?

  • Шығады.

  • Ұрысқа қалай?

  • Қасқя қарсы тұрады.

Бастауышы: Семясы жақсы, асылы ,

Орман құмырысқасының

(Б.Сыров.)

Балалардың мәнерлі сөйлеу дағдысы сөздің тембірлік мәндерін қалыптастыру процесінде тәрбиеленеді.

Тембр деген сөз екі түрлі мағынада қолданылады:

1)өзінің қалауына қарамастан тексті мәнерлеп айтушы сөзімен қатар жүретіноның дауыс бояуы;әр адамның табиғи дарыны (сопрано, альт, тенор , бас) мен психикалық ерекшеліктрі (қайрымдылық, ашуланшақтық, менменшілдік, мейрімділік, жарқын жүзділік т.с.с. ) де дауыстың өзіндік бояуына өзгешелік қасиет береді;

2) тексті мәнерлеп айту теориясында тембр сөзін « тексті мәнерлеп айтушының әр түрлі сезімдерді бейнелеу үшін өз дауысына әдейі беретін мәнері» мағынасына қолданады.Мұнда әр түрлі сезімдер ретінде қуану, ренжу, таңдану, өкіну, ашулану, шаттану торығу, мақтаныш, рақаттану жіне т.с.с. сезмдер еске алынып отыр.

Өз дауысын тембрге (екі мағынада) сай модулдей білу қаблеті – тексті мәнерлеп айтушының тамаша жетістігі , ал бұл қаблетті жаттығулар арқылы дамыта түсу сөйлеу мәдениетін жетілдіруге барынша септігін тигізеді.

уысты тембрге сай модулдеуге бағытталған жаттығулар көбінесе балалардың тақпақ жаттауы процесінде, әсіресе, мүлде бірдей мағыналы инторнатцияны –қуаныш, қорқанышты, назарлықты, ниеттестікті, салтанаттылықты және т.б. қажет ететін тақпақтарды ерекше мәнерлеп айтады, ал балалар осыған сәйкес тембрді еліктеп айтуға үйренеді.

Төменде осындай тақпақтар келтірілген және оларды айтудың тембрлік мәнері көрсетілген.Кейде белгілі бір жолдарды қалай оқу керектігі көрсетілді.


Неге екені белгісіз

Жұлдыздар да жасырынған түнекке,

Сыртта тұман, көшені адам көргісіз.

Белгісіз бір мұң ұялап жүрекке, (Қайғылы.)

Жылағың келер – неге екені белгісіз.

Алтынданып таңда жапырақ құлағы,

Түс секілді құлпырса әлем...

Енді сіз

Күлкіңіз кеп тұрар (Қуанышты)

Неге екені белгісіз .

(В:Коркин.)

Бұқа туралы

Кірпіні көріп тілімен бұқа жалады,-

Қалады кірпі домалап.

Тікені кріп-бұқаның тілі қанады- (Өкпелеп.)

Әй, обала-ақ.,обалақ..

Күді кірпі:-ақымақтағың болады әйгі, (Кекесінмен)

Не көрсең соны-ауызға салуға болмайды.(Ақыл айтып)

(П.Воронько)

Көктем

Келді көктем аптығып,

Тырналар ұшты тізіліп.

Алтынға жалқын батты, (Қуаншты.)

Көк бұлақ күлді үзіліп.

(И.Никитин)

Күз

Жарқырап кетті айнала, (Таң қалып әрі қуанышты, түрмен) Шуаққа бөкті аула да-

Бұл-қайыңның алтынай сары бейнелі

Жапрақтан кйген көйлегі.

(Е. Трутена.)


Көже

Иесі ұмытып көжекті,

Көжекке жаңбыр өтеді, (Айаншты сезм мен)

Орындықтан түсе алмай

Көжек қақты безекті.

(А. Барто)


Жүк машинасы


Жоқ, біз жңсақ жоспарлаппыз бір істі,

Маширамен қыдыртамыз деп мысықты:

Үйренбеген мысық мұндай жүріске (өкініш сезіммен.)

Машинасымен аударылып түсіпті.

(А. Барто.)


Лениннің туған күні

Апрельдің жайлы, шуақ күні еді –

Қолға жұққан жапырақтардың жасылы,

Дәл солкүні келді өмірге Ленин,

Адамзаттың асылы. (Салтанатпен.)

Шықты солай бостандықтың даңқы ұлы,

Быт – шыт болды тар замандың қыспағы,

Ленин, Ленин! Бүкіл Совет халқына

Бақыт жолын нұсқады.

Көңілшек жел, жылып есті ол дағы,

Ел үстінде жып – жылы мың шам жанды.

Қандай жақсы дүниеде болғаны

Ильич сынды ұлы данышпандардың!

(О. Высотская.)

Ересек адамның с ө й л е у қ а р қ ы н ы немесе жылдамдығы сөйлемнің мағынасы мен стиликалық міндеттеріне сәйкес тездеуі де, баяулауы да мүмкін.

Сөйлеудің мөлшерлі қарқыны санап шығу инторнациясын сипаттайды.Бір сөйлемнің ұзына бойында байқалатын сөйлеу қарқының өзгеруі кей жағдайларда грамматикалық маңызға ие болады: «Ол бақта болуы мүмкін» және «ол, мүмкін, бақта болар». Бұл сөйлемдерді тыңдай отырып , ал екінші жағдайда кірспе сөз екенін түсінеміз; мұндағы мағына «болу мүмкіннің» айтылуы қарқынының айырмашылығымен айқындалад.Бірақ көбінесе сөздің қарқыны оның айтушының эмотциялық күйін, яғыни оның баяндалатын оқиғаларға( сөздің жылдам немесе біртіндеп жетелдейтін қарқыны ) ынталығын,қызығушылығы мен еліктеушілігі , оның тыңдаушыға әлде бір жағдайды түсіндіру ниетін, сөз не жайында болып отырғанына оның назарын аударуды ( баяулатылған қарқын) білдіреді. Мәнерлі сөз қарқыны жөнінен сөзсіз алуан түрлі болуы тиіс .Қарқынының біркелкі болуынан артық сөйлеуді әрсізденетін нәрсе жоқ. Сөйлеу қарқыны дербес қызмет атқарыпқана қоймайды, сонымен қатар ол негізінен интонацияның өалған элементтерінің – дауысы күшінің , тембрдің және т.с.с. күшейткіші болыпта қызмет атқарады.

Толық (аяқталған) интонацияны қалыптастыру


Толық интонация сөйлемге аяқталған ой,мазмұны береді.Толық интонация негізінде сөздің логикалық екпін түсетін екпінді буынына қарай ұннің өрлемелі қозғалысы мен сөйлемнің соңына қарай бәсеңдейтін қозғалысы- м е л о д и я жатады.

Орыс тілінде негезгі толық екі интонация – хабарлы және сұраулы интонация- бар. Бұл интонациялар сөйлемнің «шыңы» қаншалықты жоғары үнмен –сөздің екпінді буыны қаншалықты логикалық екпінмен – айтылғанымен ажыратылады: хабарлы сөйлемде оның « шаңғының» нотасы, сұраулы сөйлемге қарағанда, аса жоғары емес.



Салыстырыңыз.Егер балалар күледі деген сөз тіркесін бірінші буынына логикалық екпін түсіре отырып ,бірде хабарлы бірде свұраулы интонациямен айтатын болсақ,бұл сөз тізбегінің интонациялық мәнерін график түрінде былайша көрсетуге болады:











--------------------------------------------------------------------------------------------

-----------------------------------------------------------------

?


Балалар күледі. Балалар күледі?


Егер осы екі сөйлемді де екінші буынына логикалық екпін түсіре отырып айтсақ, оның графикалық бейнеленуі мынадай болады:

--------------------------------------------------------------------------------------------


--------------------------------------------------------------------------------------------

?


Балалар күледі . Балалар күледі?


Балар түрліше құрылымды сөйлемнің интонациялық мәнерін тәрбиешінің айтуынан ғана үйренеді. Мұны әрқашан есте ұстай отырып, тәрбиеші өз сөзінің мәнерлі айтылуын қалыптастыруға аса жауаптылықпен қарауға міндетті

Әрине, белгілі бір аяқталған интонацияны құрайтын проседемалардың ерекшеліктерін балаларға түсіндіріп жатудың қажеті жоқ: олрға мұндай интонацияны тыңдап алып,есте сақтауды ғана ұсынуға болады.Дегенмен, интонация жайында тәрбиеші ешнәрсе айтпайды,ол балаларға интонацияның қандай болатынын көрсететі, ал балалар оны үлгінің лексикалық және граматикалық мазмұнымен қоса санасыз түрде сіңіреді.Үлгіні үйренген соң,балалар оның интонациясын дәл тосындай құрылымдағы кез-келген сөйлемге қолданады.

Демек, тәрбиешінің міндеті мынада: 1)лингвистік тұрғыдан алғанда маңызды, орынды сөйлеу үлгілері мен текстерді іріктеп алу;2)осындай құрылымдағы сөйлемді дұрыс айтуға тәрбиешінің өзінің машықтануы;3)балаларды тыңдап алынған тексті ересектердің мүжбүр етуінсіз –ақ есте сақтауға ынталы болуға қызықтыру;4) кңөрсетілген текспен бұдан былый істелетін жұмысты ол

Балалар хабарлы интонацияны арнайы тиянақты үйренілетіндей етіп ұйымдастыру.үйретусіз-ақ еріксіз меңгереді: жекелеген сөздерді айта білмейтін кезінде-ақ балдырған хабарлы сөйлемді айта алады ,яғни оның интонацйиясын келтіре біледі.Бұл – бала өмірінің екінші жылының басында байқалатын құбылыс.Бұл кезде бала< Бұл не? > , <Бұл кім>- деген сұраулар бере бастайды.Демек, үш жасар балалар сұраулы интонацияны да айта алады. Алайда оны толық үйрену үшін балаларды үн жоғарылығы бойынша дауысты өзгерте білуге жаттықтыру керек . Тексті паузалау. Сөйлемді дұрыс интонациялау паузаны пайдалана білумен байланысты. Сөйлемдердің арасында міндетті түрде пауза болуы тиіс, көбінесе ол сөйлемнің ішінде де керек болады.Пауза, біріншіден,бір синтаксистік единицаны екіншісінен бөлу үшін, екіншіден, олардың арасындағы байланыстың ерекшелігін білдіру үшін қызмет атқарады (Л.В.Щерба). Мысалы, «Мысық ұйықтады» сөйлеміндегі бастауыш пен баяндауыштың арасындағы пауза сөйлемнің екі мүшелі екендігін білдіреді. Пауза арқылы сөйлемді сөз тіркестеріне түрліше бөлуге болады.Салыстырыңыз: «Жазда ауылға барасың ғой » және «Жазда ауылға барасың ғой?».Сөйлемді тактілерге дұрыс жіктей білу сөздің түсінікті болуына, оның мазмұн тазалығына септігін тигізеді. Пауза сондай-ақ сөйлеушінің әр түрлі эмоциялық күйін беруге де қолданылады. Мәселен «Сен жүріп кетемісің?» - сөйлеміндегі пауза аса таң қалғандықты білдіруге қызмет етеді.

Аяқталған интонацияны үйренуге арналған пысықтау жаттығулары грамматика сабақтарында жүргізіледі. Балалардың түрліше жас топтарында бұл жұмыс күрделене түсетіні табиғи нәрсе: орташа топтың балалары алдымен аз таралған , одан соң едуір кең таралған жай сөйлемдерді айтып үйренеді; алты жасқа келгенде олар күрделі сөйлемдердің хабарлы және сұраулы интонацияларын үйренуге көшеді.

Тәрбиеші балалардың сөйлем үлгілерін дұрыс интонациямен жаттап алуын қадағалауы тиіс.

Тексті диктор үнімен мәнерлеп оқуға даярлағанда, паузаны тік түзу сызықтармен белгілейді:/ - қысқа пауза; / / - ұзақ пауза; / / / -өте ұзақ пауза.

Өлең текстін қалай белгілеуге болатынын мына шумақтардан көреміз.

Тоқылдақ - телеграфист


Секпіл бетті қар жылады қақырап, / /

Уақыт болды! / /Бұлақ , алға тарт! / /

Телеграмма қабылдады тоқылдақ: / /

«Жолда келем. / / Қарсы алыңдар! / /

Март». / / /

  • Тра-та-та. / - Соқты аппарат қағына ,/ /

Қарбаласып жатар ел . / /

Телеграмма, / телграмма тағы да:/ /

Барлық бау-бақ тез көктесін! / /

Апрель./ / /

Шөтке- жаңбыр шөпті сүртті – мақұл-ақ,/ /

Қоян , жылдам тоныңды шеш , күнге жай ./ /

Телеграмма қабылдады тоқылдақ : / /

Күн шуағын мол алыңдар !/ /

Май.

(В. Бардадым.)

Сөйлемнің мағыналық бөлігінің интонациясын қалыптастыру.

Орыс сөздерінде аяқталмаған интонация негізінен алты түрге бөлінеді:санау, кіріспе сөз, атау , жекелену, ескерту , қарама-қарсы қою интонациялары.

Төменде осындай интонацияларға қысқаша сипаттамалар беріліп , оларды иллюстрациялауға арналған текстер келтірілген .Балаларда интонацияның осы түрлерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар сөйлемнің тиісті синтаксистік құрылымым үйренілген кезде грамматика жөніндегі сабақтарда жүргізіледі.

Санау интонациясы . Санау интонациясы бар мағыналық бөліктер біріңғай мүшелі жай сөйлемдерде , салалас құрмалас сөйлемдерде және жалғаулықсыз сөйлемдердің кейбір түрлерінде кездеседі. Санау интонациясы дегеніміз әрбір біріңғай мүшеге логикалық екпін қойылатын интонация .

Бұл интонацияны меңгеруге арналған фонетикалық жаттығулар грамматика сабақтарында жүргізіледі, мұнда тәрбиеші көрсетілген құрылымды балалардың сөзіне енгізеді , сөйтіп олардың сөзін тиісті грамматикалық формалармен байытады.

Фонетика мен грамматика бойынша бір мезгілде жүргізілетін жұмыс осындай құрылымды сөйлемді қалай айту керектігін тәрбиешінің көрсетуінен басталады.

Үлгі сабақ


Тәрбиеші балаларды өзінің қарсы алдына отырғызып, сабақты бастайды:

- Біздің аула үстінен бүгін сауысқан ұшып өтті. Оның не жайында әндетіп бара жатқанын білесіңдер ме ? Жоқ па ? Онда тыңдаңдар!


Өріп шықты жасыл шалғын – алаңға

Аю , есек ... қорқақ қоян –бар ол да,

Хайуанаттар тоғайдағы , таудағы

Қосылды ойнап ,

Жорғалады , аунады.

Соны көрген ала сауысқан шарқ ұрды,

Шықылықтап , шықылықтап шақырды.

Ұшты шырқап ормандардың үттімен ,

Теңіздердің ор- жарлардың үстімен,

Тоғайлардың аулалардың үстімен

Аю , есек ... қорқақ қоян бәр –бәрі

Көк шалғында аунап , ойнақ салғанын

Дүниеге жариялап ұшты ол ,

Қалалардың , далалардың үстімен

(Сөйтіп ертегі қайта басталады)

Бұл «таусылмайтын күлкілі ертегіде» бірыңғай мүшелі үш сөйлем бар, олар санау интонациясымен айтылуы тиіс.

Тәрбиеші тексті оқып болған соң, өзіне балалардың тексті оқуға жәрдемдесуін сұрайды: енді бірі оқиды, әр бала тәрбиеші бастаған сөйлемді аяқтайды.

Тәрбиеші: Өріп шықты жасыл шалғын-алаңға.

1 -ші бала: Аю, есек... қорқақ қоян-бар ол да.

Тәрбиеші: Хайуанаттар тоғайдағы, таудағы..

2 -ші бала: Қосылды ойнап, жорғалады, аунады.

Бәрі бірге: Соны көрген ала сауысқан шарқ ұрды.

Тәрбиеші:.. Ұшты шырқап ормандардың үстімен...

3-ші бала:... теңіздердің,ор-жарлардың үстімен...

4-ші бала:... тоғайлардың, аулалардың үстімен...

Тәрбиеші:.. көк шалғында аунап ойнақ салғаның дүниеге жариялап ұшты ол қалалардың, далалардың үстімен.

( Ертегі «шеңбер бойымен» тағы да 2-3 рет қайталанады.)


Бұл күлкілі ертегіні айту балаларға санау интонациясының ритмін сезуге мүмкіндік береді. Тәрбиеші алдағы уақытта оларға жаттап алу үшін осындай құрылысты көркем тексті ұсынған кезде балалар оларды тез-ақ жаттап алады.

Санау интонациясын меңгеруге арналған дидактикалық материал үлгілері:


Міне біздің Күн қандай

Күншығыс жақ қызыл нұрға боянды... Күнбағыс тұр Күнбағыс,

Село ұйқыдан оянды. Сол Күнбағыс- Күн нағыз

Күн де оянды күлімсіреп ақырын, (Е. Авдеенко.)

Жұрттың бәрін жаттығуға шақырып. Далада ең соңғы қар еріп

Күн оятты торғайды. Сайға су ағады жылыстап,

Қоразды да оятты; Құмыра-гүл ашылды, әдемі

Ана-үйректі оятты; Тырналар шақырды бір-бірін

Ұясында қарғаның дыбыстап

Балапаны-ардағы (А.Қ. Толстой.)

Дөңгеленіп, ал мұнда- Қар еріп, бұлақтар ағады, ал,-

Терезенің алдында Соғады, ал, аңқылдап жел жылы.

Кешікпей бұлбұл да салады ән-

Көктемнің тынысы белгілі.

(Л.Н. Плещеев.)

Түрлі түсті от

Мереке күні көшеде Жіп ұшында айналған.

Ауа шарлары жанады: Түймесіне әркімнің

Не қолында баланың, бір-бір шардан байланған.

Не үстінде қаланың. Біреу емес, бәрі бар:

Бәрі,бәрі, бәрі бар:

Көгілдірі, Көгілдірі,

Қызылы, Қызылы,

Жасылы бар, Жасылы бар,

Сары бар, Сары бар,

Шертіп қалсаң-жарылар. Шертіп қалсаң-жарылар.

Қызықтырмас шар кімді Әне, алаң үстінде

Шарлар жеңіл ұшады.

Көк аспанда Жасыл-сары әдемі-ақ,

Жанған отқа ұсады. Әй, әдемі-ақ, әдемі-ақ,

Күн секілді, О, ғажап: Шертіп қалсан тек қана

Көгілдір күн, Жарылатыны жаман-ақ!

Қызыл күн,

(Я. Аким.)

Жаңбыр

Қақыратып аспанды Барлық тамір шатырды

Жүріп өтті күркір бір; Барлық шелек бақырды,

Сәттен кейін барлығы Гүлді алаңды, клубты

Тына қалды бір түрлі. Нөсер жаңбыр ұрып тұр.

Көңілдене құтырып, (С. Маршак.)

Барлық жасыл жапырақты,

Кіріспе сөз интонациясы . Кіріспе сөз интонациясымен кіріспе сөздер мен сөйлемдерді, кейбір жағдайларды қаратпа сөздерді айтады.

Бұл интонация мынадай ерекшелігімен сипатталады: кіріспе сөз сөйлемнің басқа мүшелерімен басқа мүшелерімен салыстырғанда тездетілген қарқынмен, логикалық екпінсіз айтылып, паузамен бөлінбейді. Мысалы:

«Ол , әрине, қайтып оралады .Бұл сөйлемдегі әрине сөзі – кіріспе сөз. Мұның өзі бұл жерде логикалық екпін түсетін ол сөзіәмен қосылғанда болып , щапшаң айтылады.

Қаратпа сөз интонациясы екі түрлі болуы мүмкін. Сөйлемнің ортасы мен соңында тұрған қаратпа сөз бәсеңдетілген үнмен , сөйлемнің басқа мүшелерімен салыстырғанда тездетілген қарқынмен, логикалық екпінсіз ,яғни кіріспе сөз интонациямен айтылуы мүмкін « Витя , сен бізге келесің бе?» ;

Сөйлемнің басында , кейде соңында тұратын қаратпа сөз еүшейтілген логикалық екпінмен және оны сөйлемнің мүшелерінен бөліп тұратын ұзақ паузамен айтылуы мүмкін, мұндай интонация атау интонациясы деп аталады. «Витя . Шынымен сенің бізге келгің кемей ме? », «Шынымен сенің бізде болғың келмей ме, Витя?»

Қаратпа сөз интонациясымен жұмыс істеуге арналған дидактикалық материал үлгілері .

Мойыл

-Мойыл , қалай гүлдедің,

Осыншама майысып?

-Гүлдегенім – күлгенім

Көктем үшін ,Май үшін.

-Жасыл майса мұншама

Жасаңдың сен кім үшін?

-Мереке үшін көктемгі

Майдың шуақ күні үшін.

-Ал, ақ қайың сен- дағы

Жасылдана қалдың ба?

-Жасылданбай болмады

Көктемнің алдында,

Май - сұлудың алдында.

( Е. Благинина.)

Бармысың , орман.


Қалің қалай , кәрі орман,

Қалың орман , қара орман –

Сенде құпия жетеді ,

Ертегі мен ғажайыптар мекені

Жапырағыңмен сыбырлайсың нені айтып ,

Қара түнде қорқынышты молайтып ?

Айтпақ едің нені анық

Таңсәріде күміс оранып?

Түкпірінде көп жасырын асылың:

Қандай құс бар,

Қандай аң бар жасырын ?

Соның бәрін жасырмай айт атқарып ,

Досымыз деп орманның

Біз қалайық мақтанып.

( С. Погорелевский )



Жекелену интонациясының ерекшелігін мынада:сөйлемнің жекеленген мүшелері сөйлемнің негізгі бөлігінен паузамен бөлінеді және оның өзіне түсетін логикалық екпіні болады , мсұнда дауыс үнін жоғарлатуға тура келеді: «Аз уақытқа көрінген күн көгалға жарық түсірді. Мұнда күн сөзіне логикалық екпін түседі ; аз уақытқа көрінген деген жекеленген есімшелі тіркестің өз логикалық екпіні бар , мұнда аз уақытқа сөзінде үн жоғарылатылады.

Аз уақытқа көрінген күн көгалға жарық түсірді.

Ескерту интонациясының ( немесе қос нүкте интонациясының) ерекшелігі мынада : сөйлем екі бөлікке бөлінеді, оның бірінші бөлігі бірдей дерлік нотада , неғұрлым төменгі үнмен айтылады ,бұдан соң ұзақ пауза жасалады ; екінші бөліктің басталуы едәуір жоғары үнмен басталады, жалғасу методикасы оның синтаксистік құрылымына сәйкес келеді: <Қараңғылық түсті : күн батты > Үшеуі келді : Валя , Соня ,Митя, Соня былай деді: Мен балық ұстап алдым .Бұл мысалдардан мынадай синтаксистик құрылымдар ескерту интонациясымен айтылатыны көрінеді: жалғаулықсыз күрделі сөйлем, оның құрамы себепті және анықтама сөйлемдердің қатынасында болады; алдында қорытындылаушы сөз тұратын бірыңғай мүшелі сөйлемдер және автордың сөзі төл сөзден бұрын келетін төл сөзді сөйлемдер.

Ескерту интонациясын үйренуге арналған дидактикалық материал үлгілері:


Көзің сал: көктем аптығып, Кішкене ұлы

Тырналар ұшты тізіліп. әкесіне келеді,

Алтынға жалқын батты күн, Келіп сауал береді:

Көк бұлақ күлді үзіліп. «Жақсы деген немене,

Көк бұлақ күлді үзіліп. Жаман деген немене»

(И. Никитин.) (В. Маяковский.)



Қарама-қарсы қою интонациясы. Бұл интонация қарсылықты шылаумен, шартты раймен, уақытша байланыспен мағыналық қатынаста болатын жалғаулықсыз күрделі сөйлемдерге; қарсылықты шылаулы, тұтқиылдық әрекет мәні бар және жалғаулы салалас құрмалас сөйлемдерге; қалдырылып кеткен мүшесі бар жай сөйлемдерге, сондай-ақ етістік жалғаулығы қалдырылған есім құрамды баяндауышты сөйлемдерге тән.

Жазуда бұлинтонация тиремен белгіленеді.

Оның белгілері: сөйлемді екі бөлікке бөлу, олардың арасында өте ұзақ пауза болады ( сөз ағымының кідіруі), сөйлемнің бірінші бөлігінің соңындағы паузаның алдында үннің кенет жоғарылауы, сөйлемнің соңына қарай үн бірітіндеп төмендей береді.

Қарама-қарсы қою интонациясын меңгеруге арналған дидактикалық материал үлгілері.


Алғашқы гүлдер

Еріп те біткен жоқ қар әлі-

Бәйшешек кекілін тарады,

Қоғажай ұйқыдан оянып,

Ақшыл-көк көзімен қарады.

(А.Плещеев.)

Жарқырап кетті айнала,

Шуаққа кетті аула да,

Бұл-қайыңның алтындай сары бейнелі

Жапырақтан киген көйлегі.

Ертеңгілік сезіледі салқындық!-

Гүл кірпігін қырау жапты: обал-ақ.

Жапырақтар ұшып жатыр алтынды

Қанаттарын сабалап.

(Е. Трутнева.)


Балалар сөзіндегі дыбыстарды дұрыс айта білу мәдениетін қалыптастыру сабақтарын ұйымдастыру

Балалар сөзіндегі дыбыстарды дұрыс айта білу мәдениетін қалыптастыру жұмысы негізінен балалар бақшасында балалардың тәрбиешіменжәне үйде басқа да ересектермен еркін сөлесуі процесінде ұйымдастырылады: ересек адам балалардың дыбыстарды артикуляциялау немесе дауысты интонациялау кезіндегі модулдеудегі қателерді түзетеді.

Бала сөзіндегі қателерді түзету оны жәбірлемейтіндей, әдепті болуы тиіс: бұл жағдайда қалай сөйлеу керектігің үлгісін тәрбиешінің өзі көрсетеді және бала өзіне еліктеуге тырысқан жағдайда оны мадақтайды.

Балалардың дұрыс айту дағдысын қалыптастыру арнаулы сабақтарда да жүргізіледі.

Фонетика бойынша арнаулы сабақтардың әрқашан да нақты міндеттері болады: 1) дұрыс тыныс алуда қалыптастыру; 2) сөз ритмін үйрену (буынға бөлу); 3) сөздің жекелеген дыбыстарының айтлуын үйрену; 4) жекелеген проседомаларды модулдеу дағдыларын ие болу; 5) сөйлемнің аяқталған интонациясын немесе сөйлемнің мағыналық бөлімінің интонациялық фигураларын айту дағдыларына ие болу.

Тыныс алу жаттығулары секілді кейбір жаттығулар барлық жас топтарының балаларымен жүргізіледі ( бір жыл ішінде балалар сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алу дағдысын үйрене алмайды, сондықтан тыныс алу жаттығулары мектепте де жалғастырылады), басқа, барған сайын күрделене түсетін білгірлікті қалыптастыратын жаттығуларды балалармен олардың организмінің жетілуіне қарай жүргізе бастайды.

Егер бала өзінің жасындағы балалар әлдеқашан үйренген кейбір дыбыстардың артикулациясын немесе интонациясын (просодема) элементтерінің модулдеуін үйренбеген болса, яғни бұ баланың сөйлеу қабілетінің дамуы тежелген болса, онда баламен жұмыс жүргізуді оның жасында байланысты емес , оның қабілетіне сай жүргізу керек. Мысалы, төрт жасар бала « ерте онтогенез» дыбыстарының ([а], [и], [м], [с]...) айтылуын үйренбеген болса, онда тіпті оның құрдастары бұл дыбыстарды айта білетін болса да, онымен «кейінгі онтогенез» дыбыстарының ([р], [л], [ш]...) айтылуын қалыптастыра бастауға болмайды. Кенже қалған балалармен жеке жұмыс жүргізу керек.

Фонетика бойынша сабақтар бір сабаққа бөлінген барлық оқу уақытын тұтасымен алатындықтан, сирек жағдайларға ғана осылайша ұзақ жүргізіледі. Көбінесе балалардың сөз дыбыстарын дұрыс айту мәдениетін жетілдіру жаттығулары жүйелі (байланыстыра) сөйлеуді дамыту сабағына құрамдас бөлік ретінде енеді де, осы сабаққа арналған жүйелі текстің тілдік материалына негізделіп құралады. Егер қосымша тілдік материал келтірілсе, онда ол оқылатын жүйе текске енетін сондай фонологиялық құбылыстарды: сондай сөз дыбыстары мен сондай просодемаларды қайталайды. Тіл дамуы кенже кенже қалған балалармен күн сайын «фонетикалық минуттар» (0,5-1 минутқа созылатын жаттығулар) жүргізу ұсынылады. Жаттығулар, әрине, бала кезінде меңгере алмаған тіл материал негізінде құрылады.



Сұрақтар

1.Сөз дыбыстарын «ерте онтогенез» (атап шығыңыздар), «орташа онтогенез» (атап шығыңыздар), «кейінгі онтогенез» (атап шығыңыздар) дыбыстарына бөлу неге негізделген.

2.Артикуляцияны, мысалы [с] дыбысының, [ш] дыбысының айтылуындағы артикуляцияны үйренбеген баланы жаттықтыруға болмайтыны неліктен?

3.Сіздерге қандай тыныс алу жаттығулары мәлім?

4.Сіздерге сөйлеу органдарына арналған қандай дене жаттығулары мәлім?

5. Дауысты дыбыстарды артикуляциялауға үйретудің ойын тәсілдеріне мысалдар келтіріңіздер.

6.Сіздерге дауыссыз дыбыстарды артикуляциялауға үйретудің қандай тәсілдері мәлім?

7. Балаларды просодемаларды модулдеуге қалай және тәсілдермен үйретеді?

8.Балаларды сөйлемнің толық интонациясы мен оның мағыналық бөлігін мәнерлеп айтуға қалай және қандай тәсілдермен үйретеді?

9. Балалар сөзіндегі дыбыстарды дұрыс айта білу мәдениетін қалыптастыру жұмысы қалай ұйымдастырылады?





Практикалық сабақтар

1-тапсырма. Балалар бақшасының ясли бөлімінің балаларымен сөзін айтпастан ән салу тәсілімен дауысты дыбыстардың айтылуын қалыптастыру жүргізіңіздер.

Баланы қарсы алдыңызға, оның бетін сіз, сіздің бетіңізді ол (бет қимылыңызды) тура көретіндей етіп отырғызыңыз, оны қолыңызбен еркелете сүйемелдей отырып, күлімсіреңіз де, ұзақтығы әр түрлі дауысты дыбыстарды түрліше тембрлік құбылыста айтыңыздар; баланы да осылай айтуға еліктетуге тырысыңыз.

-А,аа,ааа,а,а,ааааа.....(қуанышты дауыспен).

-Ааа,аа,а,а,аааа......(аянышты дауыспен).

-А,аа,аааа,а,ааа,а....(таң қалған дауыспен).

Бір минут жұым істеңіздер.

Екінші баламен [и] дыбысымен, үшінші баламен [э] дыбысымен жұмыс істеңіздер.

Жасы үлкенірек балалармен [о],[у]дыбыстарын айтып қалыптастырыңыздар.

2- тапсырма. Сіздердің базалық балалар бақшасының балаларымен жаңылтпаштар материалының негізінде дидактикалық ойын тәсілімен дауыссыз дыбыстардың айтылуын қалыптастыру сабағын жүргізіңіз. Балалардың жасын және осы жасқа сәйкес келетін дидактикалық материалды өздеріңіз тыңдап алыңыздар .Таңдап алыңған дидактикалық материалдың қажеттігін дәлелдеңіздер .

3- тапсырма. Рольдік ойын тәсілімен дыбыстардың артикуляциясын қалыптастыру сабағын жүргізіңіздер. Мынадай текстерді пайдаланыңыздар: а) «Құстар ,аңдар, жәндіктер мерекесі » ; б) мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кез –келген ойындар жинағын .

Ойын сабақтардың үш – төрт жасар балалармен жүргізіңіздер.

4- тапсырма. Балалармен просодемаларды модулдеуді - дауыс күшін (төрт жасар балалармен ) , үн жоғарылығын ( бес жасар балалармен ) , дауыс тембрін ( жеті жасар балалармен ) модулдеуді қалыптастыру сабағын жүргізіңіздер .

5 – тапсырма. Тәжірибелі тәрбиешілердің жұмысын бақылаңыздар : күнделікті қарым – қатынас процесінде олар балаларды өзінен үлкендермен және бір – бірімен сыпайы түрде сөйлесуге қалай үйретеді?

6- тапсырма. Мақалалар рефератын құрастырыңыздар.

Алексеева М. М. Некоторые вопросы обучения звукопроизношению. – « Дошкольное воспитание », 1968 ,№ 6.

Алексеева М. М. Обучение звукопроизношению на пятом году . –« Дошкольное воспитание » , 1968 ,№ 7.

Төменде көрсетілген кітаптардың жекелеген тарауларының рефератын құрастырыңыздар :

Фомичева М. Ф . Воспитание у детей правильного произ ношения. М . «Просвещение » , 1972 .

Аудитория сабақтарында құрастырылған рефераттарды талқылаңыздар. Оқыған әдебиеттеріңізден білген жаңа деректеріңізді өздеріңізге оқулықтан таныс деректермен салыстырыңыздар .




СӨЗДІК ҚОРЫН БАЙЫТУ


§1. Лексика тіл құрылымының компоненті ретінде


Сөздің лексикалық мағынасын жалпылау дәрежесі ,

Оларды әр – түрлі жастағы балалардың меңгеруі.


Сөз – тілдің негізгі өлшемі . Ол былайша айтқанда бір мезгіде тілдің барлық компоненттерінің - фонетиканың ( сөз дыбыстарынан тұратындықтан ) , лексиканың ( болмыстың белгілі бір құблыстарын білдіріп , кодамен шифрлайтындықтан , яғни мағыналық роль атқаратындықтан ) , грамматиканың формада қолданылатындықтан ) «өкілі» болып табылады. Тілде сөз белгілі бір мағынаға және тиісті грамматикалық тәртіпке ие болады , сөздерді «жай », фонетикалық құрылыссыз және грамматикалық формасыз , үйрену мүмкін емес .

Сөздің тілден тысқары шындықты : заттар мен құблыстарды ( үй, күн, адам, күннің батуы) , дерексіз ұғымдарды (ой , шындық), іс – әрекетті ( құрылыс салу , жарық жағу , сүю , ойлау) , заттардың сынын (ақ , мәңгі, жылы шырайлы , әділ ), іс – әрекеттің белгілерін ( жоғары қарай, ашық , шың , адал) , санды ( бір , он екі , жүз ) , заттарды , сынды , санды көрсетуін ( мен , кім , қандай , қанша ) білдіру ( кодамен шифрлау ) қабілетін сөздің лексикалық мағынасы деп атайды .

Сөздерді мағынасы бойынша жалпылаудың бірнеше дәрежесі ажыратылады .

Жалпылаудың нольдік дәрежесі – жалқы есім , жеке заттың (есімі) аты (Маша , Витя ,әже, табақ , стол).

Жаңадан сөйлей бастаған балалар ( бір жастың соңы - екі жастың басына қарай ) сөзді , яғни бұл атауды нақты затпен арақатынаста салыстыра отырып ( қорытудың нольдік дәрежесі ) үйренеді: олар үшін мама , орындық , доп , ваза сөздері Витя , Маша секілді жалқы есімдер.

Жалпылаудың бірінші дәрежесі - жалпы есім , яғни бір тектес заттардың іс – әрекеттердің , сапаның жалпы атауы . Мысалы , өзінің балаларын ертіп жүрген мысықты көрген бала «мама - мияу » деп айта отырып , мама деген сөздің


Жалпылауыш маңызын түсінеді;шар тәрізді кез келген серпімді затты түсіне,мөлшері мен материалына қарамастан доп деп атаған бала доп сөзінің мағынасын түсінеді;бұл іс-әрекетті кім жасағанына қарамастан,тиісті іс- әрекетті келе жатыр сөзімен атай отырып,көгілдір түсті кез келген затты көгілдір сөзімен білдіру арқылы бала келе жатыр етістігі мен көгілдір сын есімінің лексикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді.

Балалар жалпылаудың бірінші дәрежесінің сөздерін екі жасар кезінің соңына қарай үйренеді.

Жалпылаудың екінші дәрежесі-тектік ұғымдарды білдіретін сөздер;мебель(бұл орындық та,стол да,шкаф та),ойыншық (бұл доп та, қуыршақ та,кубик те, болады),жемістер (бұл алма да, алмұрт та, апельсин де, болады).Іс-әрекеттің,белгілердің атауы зат есім түрінде жалпы қортындылап беріледі;жүру,жүзу,жүгіру,ұшу,ақшылдығы,көкшілдігі,қызылдығы,қаралығы,көктігі.

Жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін балалар үш жастан кейін меңгереді.

Жалпылаудың үшінші дәрежесі-жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздері үшін тектік ұғымдарды білдіретін сөздер;өсімдіктер-ағаштар,шөптер,қыналар;заттар-ойыншықтар,ыдыс-аяқтар,мебель;өнімдер-овощтар,жемістер,астық-тұқымдастаар;қозғалыс-жүгіру,ұшу,жүзу;түс-ақшылдығы,көкшілдігі.

Балалар жалпылаудың үшінші дәрежесін шамамен бес немесе алты жасқа келгенде үйренеді.

Жалпылаудың төртінші дәрежесі-шекті лексикалық жалпылау;зат,қимыл,жай-күй,сын,сапа,сан,қарым-қатынас деп аталатын сөздер.

Егер балалар жалпылаудың төртінші дәрежесіндегі сөздердің мағынасын үйренуге қабілетті болса,онда олар лингвистикалық ұғымдарды оқып үйренуге даяр болғаны;бұл мүмкіндік толық дәрежеде жас өспірімдік шақ сатысында туады.

Төрт түлік қатынасындағы сөздерді (мебель-стол,орындық,керуерт ) үйрене отырып, балалар оларды тұтас және оның бір бөлігі ретіндегі сөздерден айыра білуі тиіс;орындық-оның сирағы,арқалығы, отыратын орны;бет-маңдай,жақ,мұрын,ауыз, көз;жуыну-алақанға су толтырып алу,онымен бетті сулау,бетті қолмен ысқылау,сумен шаю,т.с.с

Сұрақтар

  1. Сөз тілдің дыбыстық және грамматикалық компоненттерімен қалай байланысқан ?

  2. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не ?

  3. Мағынасы түрліше дәрежеде жалпыланатын сөздердің мысалдарын келтіріңіздер .

  4. Тұтас және бөліктік қатынастағы сөздердің мысалдарын келтіріңіздер.




Балалар бақшасында оқып үйренілетін сөздердің тақырыптық топтары

Балалар бала бақшасында ана тілінің лексикасын оқып үйрену қатаң түрде семасиологиялық аспектіде емес(яғни « Бұл сөз нені білдіреді?» деген сұраумен басталмайды), «Бұл зат қалай деп аталады?»деген сұраққа жауап бере отырып ономасиологиялық жүргізіледі.

Баланың алғаш жаттап алатын сөздері оны өзі туылып,өмірінің алғашқы күндерін,апталары мен жылдарын өткізген қоршаған әлемге енгізеді;бұл сөздер баланың айналасындағы заттарды білдіреді. «Балалар бақшасының тәрбие программасы»бірнеше тақырыптық сөз топтарын;1)балаға жақын адамдарды,олардың туыстық және қоғамдық қатынастарын,олардың есімдерін;2)баланың өзін,оның дене мүшелерін;3)тұрмыс заттарын,ойыншықтарды;4)бала тұратын және «оқып үйренетін» үй ішіндегі,оның аулада,бақта,бақшада,паркте көретін,оған жақын және едәуір қашық көшеден ұшырасатын заттарды;5)тірі табиғат объектілерін;өсімдіктерді,олардың бөлшектерін,оларда болатын өзгерістерді;6)жылдың барлық мезгіліндегі өлі табиғат объектілерін;7)адамдардың алуан түрлі еңбегін;8)кейінірек халық совет халқының қоғамдық өмір құбылыстарын,біздің мемлекетімізді орнатушы В.И.Ленниннің өмірі мен қызметін оқып үйренуді көздейді.

Заттармен(зат есіммен) бірге балалар олардың белгілерімен(сын есіммен),іс-әреттерімен(етістікпен),іс-әрекет белгілерімен(үстеумен), санымен(сан есіммен) де танысады.

Баланың лексиканы меңгеруі зат есімді меңгеруден басталады.Ол қуыршақ,қоян,кереует, жастық секілді өзін қоршап тұрған заттың бәрін,сондай-ақ қол,саусақ,бас,мұрын секілді дене мүшелерін атайды.

Қоршаған заттар баланың зейінін аударады және балаға онымен «қатынас»жасауға;егер зат үлкен болса, (қабырға,еден) қолымен ұстап көруге немесе қолымен айналдырып,сипап,ұстап,тындап(мысық,ит,құс болса), иіскеп(гүл болса) жеп(ботқа,сүт болса) байқауға мүмкіндік берген жағдайда ғана олар атауға ие болады. Тіпті екі жастағы баланың өзі затты жана ғана көрген болса,оның атын есте қиындықпен сақтайды.Бір балалар мекемесінде тәрбиеші екі жасар балаларға үй қоянын көрсетіп, былай деді; «Мынау үй қояны,ал мынау оның құлағы, қандай ұзын екенін қарандаршы, қып-қысқа құйрығы».Балдырғандар үй қоянын көргендеріне қуанды,олардың үй қоянын ұстап көргісі келді,бірақ тәрбиеші балаларды оған жақындатпады(үй қоянын қорқытады, сондай-ақ одан соң қолды жуу керек).Тексеру көрсеткеніндей,мұндай «сабақ» нәтиже берген жоқ; балалар тіпті үй қояны деген сөзді де үйренбеді(«мияу» деп атады).

Ал үй қоянын қолына алып,оның құлағын,құйрығын ұстап көрген балалар үй қояны,құйрық,ұзын құлақ деген сөздерді есте сақтап қалған.

Алғашқы үйрену кезінде сөз бала үшін тек сол,жеке заттың (жалқы есім)атын ғана білдіреді,бала оның жалпы мағынасын түсінуі және оны ұғым ретінде қабылдауы үшін осы сөзбен ұзақ жаттығулар жүргізу керек.

Мысалы;

1жас 3айлығы кезінде Нинаға алғаш рет кішкентай, қызыл көк доп сыйлайды.Ол қуана-қуана ойнады,оны «топ» деп атады.

-Бұл-Тятя(Катя,қуыршақ),бұл-топ,-деп түсіндірді ол сұрағандарға. Оған енді өте үлкен,ақшыл жасыл басқа допты көрсетіп,бұл Витяның добы деді.

-Жоқ,-деп мойындамай басын шайқады Нина-жоқ.

Енді оған кішкентай қара допты беріп,бұл не деп сұрады.Нина мұның да доп екенін білмеді.Ол үшін тек қана өзінің қызылдобы «топ»болып қала берді.

Катяға 1жас 1ай болды.Ол ваза деген сөзді біледі («ва» деп айтады) және оны гүл салатын,тар мойынды,керамикалық жасыл ыдыспен байланыстырады.Міне,енді үй ішінде жемістер салуға арналған,түбі кең хрусталь ваза пайда болды.Катяның мұның не екенін білгісі келіп;

-А?-деп ол жана затты саусағымен түртеді.

-Бұл ваза,Катенька.

-Жоқ.

-Қалайша жоқ?Бұл ваза,біз оған жемістер немесе печенье саламыз.

-Ы ва,-деп Катя гүл салулы тұрған жасыл ыдысты көрсетеді,-гү(гүл).

Демек, баланың түсінетіндігі ваза –бұл гүл салуға арналған тек қана тар мойынды ыдыс.

Катяны көршілердің пәтеріне еріп барып, оған ішіне гүл салынған,тар мойынды хрусталь ыдысты көрсетеді.

-Катюша,мынау ше?

-Гү!

-Гүл неде тұр?

-Ва.

-Бұл жағдайда бала біршама жалпылай білді; «ваза-гүл салуға арналған ыдыс»; бірақ мұндағы жалпылау әлі де толық емес;Катя түбі жалпақ кең ыдысты ваза деп есептемейді.

М.М.Кольцова 1 жастан 1 жас 3 айға дейінгі балалардың екі тобының сөздің жалпылаушы мағынасын түсінуі қалай өткендігін былайша сипаттайды; «Бір топта «кітап» сөзіне 20 шартты қозғалыс рефлекстері («кітапты ал», «кітапты қой» және т.с.с.), ал екінші топта-20 көру шартты рефлекстері қалыптастырылды; «Міне, кітап» сөйлемін қайталай отырып, балаға кезекпе-кезек форматты мен түсі әр түрлі 20 кітап көрсетілді. Сөйтіп, бірінші топта көру тітіркенулері біркелкі, ал істелген іс-әрекет көп болды,екінші топта, керісінше,көру әсерлері әркелкі,ал істелген іс-әрекет бірыңғай болды.

Бақылау мақсатында сынау жүргізгенде «кітап» сөзі бірінші топтың балалары үшін жалпылауыш сигналы болса,екінші топтың балалары үшін олай болмай шықты».



84бет

Мектеп жасына дейінгі барлық топ балалары тәрбиешілерінің қамқорлығы әр баланың лексикалық сөз қорын кеңейтуге ғана емес(бұл да қажет болғанымен),сондай-ақ әр баланың қабылданған сөзі оның өзіне тән жалпылау дәрежесінде үйренілуіне бағытталуы тиіс. Өйтпеінше сөздің дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес, сөздің лексикалық мағынасын толық түсінуді талап ететін үйрену зандылығы бұзылады.

Жоғарыда көрсетілгендей,сезімдік қабылдауға сүйене отырып, тәрбиешілер балалардың сөздің жалпы мағынасын түсінуіне (жалпылаудың бірінші дәрежесі) қол жеткізеді,затты қарағанда,оны қолымен ұстап немесе қозғалтып байқағанда,тындап,иіскеп, дәмін сезіп көргенде бала нақты заттың атын үйренеді.

Затты активті сезімдік қабылдау баланың сөзді-осы заттың атын есте сақтауын ғана оңайлатып қоймай,сондай-ақ бұл атаудың осы класстың барлық заттарының (мысалы, стол сөзін бала өз бөлмесінде көріп, жүрген столдың атауы ретінде ғана емес,сол сияқты олардың қандай пішінді, түсті екендігіне ,үлкен-кішілігі мен қайда тұрғанына қарамастан , жалпы барлық столдардың) жалпы атауы ретінде үйренілуін де жеңілдетеді.Балалар жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін алдымен сезім арқылы қабылданатын заттардың екінші атауы ретінде үйренеді.

- Витенька,міне сенің ойыншығың-добың,ойыншығын-зырылдауығын (немесе;машина, қоян және т.б.).Маған ойыншығыңды-аюынды көрсетші.

-Ниночка,маманның кәрзеңкеден жемістерді алып жатқанын қарашы.

Мына жеміс-алма,ал мынау-апельсин.

Балаларға жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін үйрету мақсатында жүргізілген арнаулы тәжірибелер мынаны аңықтады;бала осындай сөздердің (ойыншықтар-ойынға арналған барлық заттар, ыдыс-аяқтар-тамақ әзірлейтін және онымен ас ішетін барлық заттарды) мағынасын бірінен соң бірін білген сайын , оған осыған ұқсас жана сөздерді түсіну барған сайын жеңілдей түседі.Демек, баланың жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздерін үйренуі оның миын дамытады,оны абстракциялаудың ойлау операциясын жасауға үйретеді.

Балалар жалпылаудың үшінші дәрежесінің сөздерін нақты заттың үшінші атауы ретінде үйренеді; шырша-ағаш-өсімдік;бақбақ-гүл-өсімдік.

Етістік пен сын есімдерде жалпылаудың нольдік дәрежесі болмайды



85бет.



Бала үйренетін алғашқы етістіктер (лингвистикалық) мағынада алғанда сөздер емес. Бұлар көбіне белгілі бір іс-әрекеттерді ынталандыратын сигналдар болып саналады.Мысалы, кел сөзі көптеген балалар үшін мұны айтқан кісі қазір оны қолына көтеріп алатындығының сигналы болады.

Немересін қолына ала отырып,Витяның (оған 1жас1ай) әжесі былай дейді;

-Келе ғой, кішкентайым.-Бұған үйреніп алған Витя, енді әжесіне өзісұранады;

-Кел-ке (яғни «мені көтерші»).

Ал 1жас 4айлық кезінде ол келу етістігін оның лексикалық мағынасында қолданылады;

-Ви ке (Витяға кел).

-Да ке(далаға кетейік).

- У у ке(Үйге кетейік).

Олалғашқы кезінде «тамақ ішкім келеді», «ойнағым келеді», «ән тындағым келеді» ұғымдарын біле отырып, «Бей-бей!»-дейді. Алайда екі жасар кезінің орта шенінде бер етістігі ол үшін нақты мазмұнға ие болады;

-Ма қоя бей (Машаға қоянды беруге бола ма?),-деп ол ойыншықты өзінің қонағына тарту етеді.

Бал етістікті жеке сөз ретінде қолдана бастасымен,оның жалпы маңызын бірден түсінеді; сәби өзіне жақын адамдардың істеген әрекетін көре отырып, ол да заттармен дәл осындай қимылдар жасайды және бұл қимылдардың атын біле бастайды.Бала түрліше заттың бірдей түсін, пішінін, мөлшердің бірдей аталуы түрліше затқа қатысты бола алатынын түсіне бастайды,яғни ол сың есімнің жалпы мағынасын ұғына бастайды.

Алғашқы жас сатысында баланың сөз мағынасын үйрену процесі сезімдік бейнелерден ойлап жалпылау бағытына қарай жүреді.Бұл процесті И.М.Сеченов былайша сипаттаған.

Елканы тұнғыш рет көргенде бала оны сезім мүшелері арқылы қабылдайды;оның жасыл бұтақтарына қарайды,ұстағанда қылқандары қолына кіреді, шайыр иісін иіскейді-сөйтіп,түйсіктердің бүкіл осы комплексі елка сөзімен байланыстырылады.

Алғашқы кезде бұл сөз-жалқы есім, берілген түйсіктер комплексі байланысқан жеке заттың атауы.Міне, енді бала үлкендігі әр түрлі және әр жерде –орманда өскен жана жылда үйге әкелінген, ойыншықтармен безендірілген және безендірілмеген басқа елкаларды көреді.Баланың олардан алатын түйсігі түрліше болғанымен, кейбір белгілері жөнінен ұқсас болады, олардың бәрі де елка деп аталады. Уақыт өткен сайын бұл сөз неғұрлым зор маңызға ие болып, тікелей түйсінуден қашықтай түседі,сөйтіп, бала оны қандай болмасын бір нақты елка ретінде емес, «жалпы елка» ретінде түсіне бастайды.Бертін келе бала елканы ағаш деп те атайтынын, бірақ бұл сөзбен еменді де,қайынды да және т.б. бейнелейтінін біледі.Ағаш сөзі «сезім түп тамырынан»әлі де қашық жатыр. Өсімдік сөзі де тікелей түйсінуден әлдеқайда қашық, өйткені бұл сөз едәуір көп ұғымдардың қортындысы және ағаштарды, шөптер мен бұталарды атау үшін де қолданылады.Бұл сөздің абстрактылық мағынасы бар, баланы ол сөзбен түйсіктер емес, ойлау актісі-абстракциялау байланыстырады.

Бала едәуір абстрактылы (дерексіз) мағыналы сөздердің маңызын өзінің ойлау қабілеті, миы айтарлықтай жетілген кезде дені сау болса ғана түсіне бастайды.

Бала алты жасқа келгенде жалпылауыш маңызы бар сөздерді үйрену үшін тікелей түйсінудің қажеті болмайды. «Ойлау саласындағы психикалық эволюцияның бұл кезеңі,-деп жазды И.М. Сеченов,-ірі өзгерістермен... басталды....бала ойланды, сезім конкреттерімен ойланды, кенет оның ойлау объектілері болмыстың көшірмесі емес,алғашында заттардың нақты ретіне өте жақын,бірақ өзінің негізінен бірте-бірте қашықтай беретін, оның қандай да бір елесі, оның қандай да бір елесі,жаңғырығы болып табылады...»

86бет



Мәнерлеп сөйлеудің балалар қолдана алатын лексикалық құралдары

Мәнерлеп сөйлеу құралдарын меңгермейінше ана тілін білу мүмкін емес.Мәнерлеп сөйлеудің балалар қолдана алатын лексикалық құралдары дегеніміз ең алдымен оның мағыналық маңызын бір сөзден екінші сөзге көшіру,тасымалдау, одан соң-синонимдердің кейбір кластары.

Сөз мағынасының тасымалдануын қабылдау сөздің образдық құрылымын түсінуді көздейді, ол баланың өмір тәжірибесіне-оның түсінік қорына, есте сақтауына және есте сақталған образдарға эмоциялық баға бере білуіне байланысты.

Өздеріне тура мағынасында таныс,сөздердің тасымалданып қолдануы тәсілімен балалар бәрінен бұрын жұмбақтарда кездеседі.Мәселен,

«Қызыл,қызыл,қызыл қыз,

Бұрымы неткен ұзын қыз.

Үйде ұйқыға батады,

Бұрымы сыртта жатады.»

(Ж.Смақов)

деген жұмбақты естіп,өз бақшасындағы жүйектен сәбізді,қызылшаны немесе шалқанды көрген соң бала мұндағы «қызыл қыз» дегеніміз сәбіз (шалқан) екенін, яғни қызыл қыз сөзі екінші мағынада қолданылғанын түсінеді.Сөз мағынасын тасымалдап қолдану бұл жерде жағдайының сыртқы ұқсастығына негізделген екі объекті;қызыл қыз және сәбіз болып отыр.

Мектеп жасына дейінгі бөбектермен жұмыс істеуде қолданылатын, сөздің тасымал мағынасын түсінуге үйрету тәсілдері, сөз жоқ,тек қана ауызша түрде бола алмайды; мұнда нақты объектілер мен суреттерге сүйену қажет.Мәселен,үш жасар балалар жоғарыда келтірілген жұмбақты шешуі үшін олардың алдына овощтарды (шалқан,сәбіз,қызылша) немесе осы овощтар бейнеленген суреттерді жайып салып, сәбіз бейнесі бар бір ертегіге салынған суретті,иллюстрацияны көрсету керек.

Егер салыстырылатын заттарды бір сөзбен атай отырып,балаға бір рет болса да көрсетсе,ол бұл сөздердін жасырын ұқсастығын түсіне білетін болады. Шалқанды,басқа да овощтарды көргенде,ең дұрысы қолмен ұстап байқағанда,бала «Аласа ғана бойы бар,қабат-қабат тоны бар»жұмбағындағы тон киген кім екенін (капуста)түсінеді.Сонымен, жұмбақты шешу үшін балалардың біраз өмір тәжірибесі болуы, сондай-ақ олар жаз бен қыс тамашаларын есте сақтауы тиіс.Мысалы, ешқашан кранды, қызылшаны көрмейінше,доп теуіп ойнамайынша немесе мұны құрбыларының қалай ойнайтынын көрмейінше бала мынадай жұмбақтарды шеше алмайды; «Бұрасаныз құлағын,ағызады бұлағын» (кран); «Үстіне тігіп көк шатыр,астында қызғылт» дәу « жатыр» (қызылша); «Ұшып-қонып тынбайды,қанша соқсаң сынбайды,суға салсан батпайды,түскен жерде жатпайды» (доп).

Тасымал мағыналы (яғни бір мезгілде екі затты, белгілердің, іс- әркеттерінің бірі-тікелей, екіншісі осы негізімен салыстыру арқылы білдіретін) сөздер өздерінің синтаксистік байланыстарының арқасында өздерінің тасымал мағынасын контексте ғана көрсетеді;тасымал мағыналы сөз тіркесін түсіну үшін шамалы болса да байланысқан текст керек. Салыстырыныз; қасқа бас шал-қасқа бас тау,барқыт диван-барқыт шалғын,бала сыбырлайды-орман сыбырлайды.Демек, балаларды сөздің тасымал мағынасын түсінуге байланысқан тексті сабақтарда ғана жаттықтыруға болады. Балалардың сөздің тасымал мағынасын үйренуі оларды көркем әдебиетпен таныстыру жұмысымен байланыстырылады.

Сөздің мәнерлілігін,сөйлеушінің өзі айтып тұрған нәрсеге қатынасын түсіну үшін балалар эмоциялық мәнері бойынша бір-біріне қарсы қойылатын синонимдер қатарын үйренуге тиіс.Мәселен,жеу және асау (деректі сөз) деген сөздердің бірдей номинатив мәні бар, олар шындықтың бірдей фактісі-«тамақты ішуге» сәйкес келеді, яғни бір –біріне байланысты қызмет атқарады.Бірақ осы сөздердің жәрдемімен сөйлеуші шындықтың өзі атаған фактісін түрліше бағалайды; бұл фактіні (асау) қостамаушылық сезімін білдіреді және өзінің дөрекілігін көрсетеді немесе бұған (жеу) бейтарап қарап отырып,жай ғана фактіні көрсетеді.

Мектеп жасына дейінгі кезенде балалар сөйлеу этикетін қалыптастыруға қатысатын эмоцияналдық және стилистикалық синонимдерді үйрене алады.Мысалы, үш жасар балалар тамақ асау деп айтуға болмайтынын ,мұнын дөрекі, демек,өрескел сөз екенін, тамақ ішу деп айту керектігін түсіне алады.

Балдырғандар көп жағдайда балалар бақшасына әдеби тілге жатпайтын,жай сөздер айта келеді.Тәрбиеші балаларға белгілі бір сөздердің арасындағы стилистикалық айырмашылықты түсіндіре отырып,мұндай сөздерді әдеби синонимдерден алмастыруға міндетті.

Мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық сатысындағы балаларға мұндай айырмашылықты түсіндіру жұмысы тек қана этикалық тұрғыда жүргізілуі тиіс.Мысалы; «Мұндай (жай) сөздер айту –кісіні жәбірлейді»; «Мұндай сөз айтқан бала –дөрекі, нашар тәрбиеленген бала,онымен ешкім ойнамайтын болады» және т.с.с

87-88 бет



2.Еркін сөйлеу қатынасында балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері

Сөздің поэзиялық және логикалық жалпылай қабылдануы

Біздің атап өткеніміздей, әр баланың лексикалық сөз қорын толықтыру (сөздік қорын байыту) баланы айналадағы заттармен таныстыру процесінде жүзеге асады; сөз баланың жадына сол сөздің өзі білдіретін (кодамен шифрлейтін) зат немесе іс- әрекет жөніндегі түсінікпен бірге немесе өзі сай келетін ұғымдар жөніндегі түсінікпен бірге енеді.

Баланың ана тілі сөздерін үйрену процесі осы сөздерге сай келетін заттарды «зерттеумен» қатар жүреді; бала заттарды қарап,шұқып, ұстап және сипап көреді,оларды шертіп, қандай дыбыс шығаратынын тындап,дәмі мен иісін байқайды.Баланын назары ауған зат оның санасына барлық бес сезім органдары-көру,есту,дәм сезу, сипап сезу органдары арқылы енеді.Дүниені сезім арқылы танып білу баланың эмоцианалдық сезімдерін дамытады;ол «тамаша»-«жексұрын» сияқты тіптен қарама-қарсы сезімдерді ғана емес, сондай-ақ аралық сезімдердің де бүкіл гаммасын сезінуге қабілетті болып шығады.Затты сөздің жәрдемімен сезімдік қабылдау баланың жадында осы зат жөніндегі түсінік ретінде берік орныққан соң, оны атайтын сөз баланын жадында ең алдымен, ол осы затпен сезім арқылы жанасқан кезде бастан кешірген сезімдерінің бәрін қоздырады.

Мысалы, бала ёлка деген сөзді естігенде,бірден оның бастан өткізген түйсіктері мен сезімдері жандана түседі; ол қиялында нақты ёлканы,оның жасыл қылқандары мен пирамида пішінде орналасқан бұтақтарын («табанын») көреді, ол ёлканың шайыр иісін нақты түйсінгендей болады, шыршаның қылқандарын осылайша «көруден» бала ол қолына «кіріп кетпеу» үшін өзінің саусақтарын еріксіз тартып алады; сәбидің бар сезімі шаттыққа,өзінің өмірінде алғаш рет безендірілген Жана жылдық ёлканы немесе жазғы ормандағы шыршаны көруден алған қуанышын еске түсіру сәтіне бөленеді.

Сөзді осылайша қабылдау п о э т и к а л ы қ қабылдау деп аталады.Егер тәрбиешілер баланың санасына жас кезенінен бастап ана тілі сөздерін оның бар поэтикалық мәнерімен сіңіре білген (яғни оның сезім арқылы қабылдануына қамқорлық жасаған) болса, онда балада адамның өзі ойлап тудыруына ғана қажетті емес, сондай –ақ ақындардың творчествосын түсінуге қажетті поэтикалық қабілет дамиды. К.Маркс былай деген болатын; «Егер өнерден ләззат алғың келсе, онда сен көркем өнерден хабардар адам болуға тиістісің»

Сөздің «сезімдік негізін» меңгерген соң бала оның ж а лп ы л а у ы ш маңызын түсінуге қабілетті болады. Міне, сондықтан да бөбектер мен мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байыту оларды айналадағы заттармен, тұрмыспен,табиғатпен,адамдардың еңбегі мен,олардың қоғамдық өмірі мен таныстыру процесінде ұйымдастырылуы тиіс.Сонымен бірге тәрбиеші (және баланың қасындағы барлық ересек адамдар)баламен жүйелі,грамматикалық қалыптасқан,қисынды сөздермен сөйлесуге тиіс.Демек,ересек адамдардың айтуынан естіген жекелеген сөздерді баланың өзі бөліп алады. 89- 90бет

Айналадағы заттарды білдіретін сөздерді түсіндіру тәсілдері

Үш жасар кезінде балалар «бәрін білсем» деген әуестенушіліктің бірінші кезенің бастан өткізеді. Олардың; «Б ұ л к і м?», «Бұл не?», «Мұнын аты не?», «Бұл қалай аталады?»,-деп айналадан көргендерінің бәрінің атын білуге талпынуы да осыған байланысты.

Баланың бұл кезендегі әуестенушілігі ең алдымен «лингвистикалық» сипатта болады; сөздер баланы осы сөздермен аталатын заттардың мәні секілді дәрежеде қызықтырады.Баламен еркін сөйлесу кезінде оның сұрақтарына жауап бере отырып, сондай-ақ балаға ұшырасқан және оның назарын аударған затты атап білдіру арқылы тәрбиеші баланың сөздік қорын байытады. Бала осындай әдіспен заттардың белгілерінің (сын есім), қимыл мен жағдайының (етістік,есімше, көсемше) және олардың сапаларының (үстеу) аттарын біліп, есте сақтайды.

Бала тікелей бақылай алмайтын заттардың (мысалы,Москва тұрғыны үшін-құз, тундра, пальма, кит) атын балалар оларды бейнелейтін суреттерді қарап көру арқылы біледі.Затты оның бейнесімен(«модельмен») оңай салыстыру адамның бойына туа біткен қабілеті.Бала сурет сала отырып,көрген заттарын жас кезінең-ақ бар ынтасымен бейнелей бастайды.Оның мамасы мен папасының,өзінің,мысықтың,пілдің,машинаның суретін салуын өтінсеңіз, бала оларды шын көңілмен «бейнелейді».Салған суреті объектінің өзіне ұқсас екендігіне (өзінің алғашқы сөздерінің дыбыс құрамы ересектерден естіген сөздерінің дыбыстарына ұқсас екендігіне сенімді болатыны секілді) бала әрқашан да іштей сенімді.

Сонымен,бала ересектермен мәнерлі сөйлесу арқылы,өзі өмірден байқаған немесе сурет арқылы көз алдына келтіретін заттардың атын біле отырып, өзінің сөздік қорын байытады. Демек, жұмыс еліктеудің практикалық әдісімен,нақты объектілерге немесе суреттерге сүйену тәсілдерімен жүргізіледі.Бұл әдіс балалардың барлық жас топтарында пайдаланады.

Бала өзін қызықтырған заттарды немесе құбылысты білдіретін сөздерді (кейде бір рет есіткенде ақ )тез және тиянақты (өмір бойына)жаттап алады.Алайда бұл процесс тәрбиеші сөздерді айтудың төменгідей методикалық ережесін сақтаған жағдайда ғана жүзеге асады;

  1. Сөзді бала еститіндей, дауыстап айтады;

  2. Сөзді аңық етіп, яғни артикуляциясын дұрыс қойып, жігермен айтады;

  3. Сөздің белгілі бір дыбыс компонентін бұрмалайтын жасанды айтудан аулақтай отырып, орфоэпия ережелерін сақтайды;

  4. Сөйлемге бұл сөзді мүмкін болғанша оның көптеген грамматикалық формаларын көрсететіндей етіп енгізуге тырысады.

Мысалы,сіз баланызбен бірге кітапханаға келдініз, баланыздың назары кітаптар тұрған полкаға ауды.

-Бұл с ө р е,-дейсіз.-С ө р е д е кітаптар тұрады.Кітапханашы с ө р е г е келіп, ондағы кітаптарды алады.С ө р е н і ң алдында саты тұр, ол арқылы жоғарғы полкаларға көтеріледі. Кітапханада бір емес,бірнеше с ө р е л е р бар.

Бұл сөйлемдерді ести отырып, бала с ө р е сөзі сөйлемде өзгеріп отыратынын сезеді. Әрине, тәрбиеші сәбиге грамматикалық терминдерді айтпайды, бірақ баланың сөздік қорын байытумен қатар, оның грамматикалық құбылыстарды айыра білу қабілетін дамытады.

Алайда балалар өздерін қоршаған заттарға үнемі қызыға бермейді және олардың атын әрқашан сұрап отырмайды.Балалардың айналасындағы көптеген заттарға, сапарлар мен іс-әрекеттерге олардың назарын тәрбиешінің өзі аударып отыруға тиіс.Тәрбиеші мұны үнемі,қатаң түрде «Балалар бақшасының тәрбие программаларына» сәйкес атқарады.Өзінің балаларды айналадағы заттармен таныстыру және тіл дамыту жұмысының жоспары бойынша ол (аталған программаға сәйкестендіре отырып) тақырыпты белгілейді және өзіне бір күнге немесе бір аптаға арналған с ө з д і к құрастырады,бұл сөздікті балалар оның жәрдемімен тиісті мерзімде үйренеді.

Балалар бір апта ішінде үйрене алатын сөздерінің шамасы;

Ү ш жасқа қараған балалар-5сөз

Т ө р т жасқа қараған балалар -10сөз

Б е с жасқа қарған балалар -15сөз

А л т ы жасқа қараған балалар- 20сөз

Ж е т і жасқа қараған балалар-30 сөз 91-92 беттер


Балаларды тәрбиеші сөзін түсінбеушіліктен сақтандыру.

Бала ересектердің өзіне арналған сөзін, ал кейде тіпті өзі айтқан сөздерді немесе грамматикалық формаларды түсінбеуі мүмкін, сондықтан олардың мұндай әрекетіне тәрбиеші әрқашан да дайын болуы тиіс.

Баланың сөзді бұлайша түсінбеушілігі түрліше формада байқалады.Бала естіген және өзіне ұнаған дыбыстар үйлесімділігіне ешқандай мазмұн берместен, жай ғана ойынға айналдыруы мүмкін.

1жас11айлық Витяға әжесі;

-Айым, күнім! Айым, күнім!-десе,ол күледі.

Әжесіне ұқсатып сөйлеймін деп сенетін ол да өзінше;

-Айку!Айку!- деп дауыстайды.

Тілімізде мұндай сөз жоқ, бұл жерде баланың әже сөзін түсінбейтіні әркімге аян.

Ұйқастырды айта жүріп,бала өзі үшін ешнәрсені білдірмейтін,яғни ол үшін ешқандай мағынасы жоқ сөздерді де өте дұрыс айтуы мүмкін.

Мысалы, үш жасар Элла бір күні үйіне келген қонақты «Трансце-дентальный!»деген жақсы үнді сөзбен қарсы алған.

Қонақ мейірлене тан қалып;

-Транцедентальный? Қандай әдемі сөз!-дейді.

Бұл жағдайда да бала өзі айтқан сөздің мағынасын түсінбейді,өйткені үш жасар баланың философиялық дерексіз ұғымдарды түсіне қоярлықтай «негізі»жоқ.

Өзі жаттаған тақпақтардағы түсініксіз сөздерді балалар басқа сөздермен алмастырып алатыны бәрімізге белгілі жағдай.Мәселен, Сочи қаласының мектеп жасына дейінгі жоғарғы топ балалары И.Суриковтың «Балалық шақ» тақпағындағы «сугроб» (күртік қар) сөзін былайша қолданған;

А қ ы н; Мне в сугробе горе,

а ребятам смех.

В и т а л и й; Всем ребятам горе,

А ребятам смех.

С л а в а; Мне Федоре горе,

А ребятам смех.

Т о л я; Мне суборе боре,

А ребятам смех.

Үш бала да тақпақтағы « в сугробе» («күртік қарда») деген сөз тіркесін естімей қалған, өйткені олар бұл уақытқа дейін күртік қарды көрмеген және бұл сөзді білмейді;бірақ кішкентай тақпақшалардың әрқайсысы оған өзіндік мағына бере отырып,(Виталий) немесе әдеби контаминацияны (дыбысты ауыстыра) қолдану арқылы (Слава өзінің «Федораның қайғысымен» таныстығын айтарлықтай орынды қөрсетіп отырған жоқ),болмаса жай ғана мағынасыз сөз тіркестерін енгізу (Толя; «сугробе боре») арқылы өлең ырғағын сақтауға тырысады.

Балалардың дыбыс үйлесімділігімен ойнауын болдырмау мүмкін емес әрі бұл тиісімсіз де, өйткені бұл-ана тілінің фонетикалық системасын менгерудің табиғи процесі.Балалар айтып ойнайтын сөздердің мағынасын оларға бұл сөздердің мағынасы меңгеруге жеңіл болған жағдайда ғана түсіндіру керек.Мәселен,екі жасар шағында бала а й ы м және к ү н і м сөздерінің айырмашылығын сезіне алмайды,үш жасар жоғары дәрежеде қорытылған ұғымдарды (трансцедентальный)байыптап ойлана алмайды.Бірақ күртік қар сияқты сөздің мағынасын бала жас кезінде –ақ түсіне алады,ал баланың программада көрсетілген тақпақты жаттау кезінде оны түсінбеуі-дидактиқалық қате жіберген тәрбиешінің кінәсі,өйткені ол бұл сөзді түсіндірмеген, яғни тақпақты жаттау кезінде балаларды оны түсінбеушіліктен сақтандырмаған.

Балалар сөздерді мүлде басқаша мағына беріп айтуы да мүмкін.Бұл әсіресе шылауларды, демеуліктерді айтуда жиі ұшырасады.

Әжесі төрт жасар Таняға былай дейді;

-Менің көзелдірігімді полкаға, кітаптың жанына қойшы, керек кезінде тез тауып алатын болайын.

Таня тапсырманы бар ниетпен орындағысы келеді,бірақ көзелдірікті кітаптың ж а н ы н а емес, а с т ы ң ғ ы жағына қояды.Әжесі Таня сөзді түсінбей қалды ма, әлде еркелік істеп тұр ма деп тексергісі келеді;

-Таня,менің таяғымды алып,тумбочканың ж а н ы н а қойшы.

Таня тумбочкаға жүгіріп барып,таяқты оның астына қоюға тырысады,;

- Әжетай қоя алмаймын!Симай қойды.

Мұны грамматикалық қате ретінде қарастыруға да болады;балаларға демеуліктердің логикалық мағынасын және оларға сәйкес келетін зат есімдердің жалғауларын түсіндіре отырып,мұндай қатеден сақтандырудың ерекше зор маңызы бар.

Көптеген балалар жоғары дәрежеде жалпыланған сөздердің мағынасын түсінбейді;балалар әдетте мұндай сөздерді өте тар мағынада түсінеді.Мысалы, үш жасар тоғыз айлық Катя анасының «шай ішетін ыдыстарды шкафтан алып,столға қой»деген тапсырмасын дұрыс істей алмайды;қыз шыны аяқ пен табақшаларын ғана алады;шәйнек пен қант сауытын ол ыдыс деп есептемейді. «Көйлектерінді жина» деген жарлықты орындай отырып, Катя жинау деген сөзбен «қағып-сілку», «реттеу», ұйпалақтамау үшін деген әрекеттерді байланыстырмай, олардың жұмарланған күйінде ойыншықтар салынған жәшікке тығады.Біз ыдыстар,жинау сөздерін тар мағынада түсіну мысалдарын көріп отырмыз. Кейде баланың ұғымды тар мағынада түсінуі күтпеген жағдай болатындығы соншама,тәрбиешіге қателердің себебін тез ашу қиынға түседі.Мынадай мысалды қарастырайық.

Үш жасар Марат барлық әріптерді біледі (кубиктерге қарай отырып, өзі үйреніп алған). Ол өзіне оқып берген А.С. Пушкин ертегілерін жатқа біледі, қай жерде қандай сөз жазылғанын,оның қандай әріптерден тұратынын айрып бере алады.Сырт қарағанда бала оқи білетіндей болып көрінеді.Анасы оны оқи білуге үйретпек болып, «Әліппе»кітапшасын сатып әпереді де, осы сөз мысалында ұлына әріптерден сөздің қалай құралатынын түсіндіруге тырысты.

-Ал,оқы; «Ә-ліп -пе».

-Ә -ліппе, -деп қайталады сәби.

Үйретудің нәтижесі анасы күткендей болып шықпады.Міне, анасы мен ұлы троллейбус аялдамасында тұр. Марат транспарантты әріптерді атайды (онда «Троллейбус» деп жазылған);

-Т,одан соң р,одан соң л ..., ал тағы бір л-дың не керегі бар!- танданды ол

Аялдамаға жиналған адамдар транспарантты оқып тұрған кішкентай балаға қызыға қарайды.

-Сен алдымен бұл әріптерден қандай сөз шығатынын оқысаншы,-деп кеңес берді оның жанында тұрған ер адам.-Оқы!

Марат сүйкімді адамның көңілін тапқысы келеді;

-Ә- ліп –пе,-деп дауыстап және мәнерлеп «оқиды» ол.

Көріп отырғанымыздай о қ у деген сөз Марат үшін әзірше мүлде нақты әрекет мағынасын атқарады;оқу деген ол үшін-ә л і п п е сөзін айтуды білдіреді,бұл сөздің жалпы пайдаланылатын мағынасындағы оқуды ол әзірше білмейді және оның өзіне әсерін сезінбейді.

Баланың өзіндік сөздік қорына жаңа сөз енгізе отырып, тәрбиеші баланы оны түсінбеушіліктен немесе жаңсақ түсінуден сақтандыруға тиіс; бұл үшін ол түрліше дәрежеде жалпыланатын сөздерді,тасымал мағынасы бар сөздерді түсіндірудің методикалық тәсілдерін білуге және бұл тәсілдерді шебер пайдалануға тиіс.

Кейде бала ересек адамның жалпы сөз тіркестерін түгел айтып жеткізбеуі (бұл сөйлеу тіліне тән құбылыс), андаусыз пайдалануды салдарынан оның сөзін түсінбейді.Баланың осындай сөздерді түсінбей қалатындығы көрсететін, М.М.Кольцова келтірілген мынадай мысалды қарастырайық.

Балалар бақшасының ортаңғы жас балалар тобында болған жағдай.Вадик түскі ас кезінде кисельді мұрнын пысқыра отырып ішті. «Вадя,сен қалай ішіп отырсың!»-деп кейістікпен сұрады тәрбиеші. «Жақсы ішіп отырмың!» (бала шынында да бар тәбетімен ішіп отыр).-«Ендеше,мұндай жақсы ішіп отырғаның үшін есіктен сыртқа шығып тұр!».

Тамақты пысқыра отырып ішкені үшін тәрбиеші Вадикті стол басынан тұрғызып жіберді.Бірақ не болғанын бала түсіндіме екен?Жоқ, ол тәрбиешінің сөзін дәл мағынасында түсінді.кейінірек одан не үшін жазаланғанын сұрағанда,ол; «Жақсы ішкенім үшін»,-деп жауап берді.Ас ішу кезінде п ы с қ ы р у ғ а болмайтынын,мұның айналадағылар үшін, ә д е п с і з, ұн а м с ы з қылық екенін тәрбиеші балаға айтуға тиіс еді; бірақ тәрбиеші тиісті интонациямен айтылған; «Сен қалай ішіп отырсың!»-сөзінде ол өз-өзінен түсінікті ғой деп есептеп, бұл сөздерді айтқан жоқ.

Балалар түсіне алмайтын бүкпе сөздер ересек адамның, атап айтқанда тәрбиешінің,сөзінде,олардың сөйлеу тіліне тән кейбір синтаксистік тіркестерді қолданған кезде, адамның өзіне байқаусыз пайда болады.Оны,мысалы, мынадай; «Алып берем мен саған!, «Лақтырамын мен саған!», «Көрсетемін мен саған,отырғанды!» (яғни «Мен саған алғызбаймын», «Лақтыруға болмайды», «Отырма») т.с.с тиым салу тіркестерінен; «Сенің добын маған керек болып па!» (яғни «Мен сенің добынды алған жоқпын»); «Шебер –ақ екен »! (яғни «Ол олақ адам», «Сен тіптен де шебер емессің»); «Сенен жәрдем алып жарымаспын!» (яғни сен жәрдемші емессің»); «Мен сені тындап отырмын!» (яғни сені тындамаймын немесе «сені тындап отырған жоқпын»)және т.с.с теріске шығару тіркестерінен;Міне,тамаша!», «Міне, шебер!» деген (яғни «Ол жақсы шебер»)сияқты қостау тіркестерінен байқауға болады. Олар, жоғарыда айтып өткендей,сөйлеу тіліне тән құбылыс,сондықтан оларды балалар білуі, білгенде де олардың мағынасын дұрыс түсіне білуі,ал ол жөнінде тәрбиеші қамқорлық жасап отыруы тиіс. 93-94-95беттер.

3.Арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері.


Фонетикалық жаттығулар сияқты лексикалық жаттығулар да тұтасымен осы тақырыпқа арналған арнаулы сабақтарда сирек жүргізіледі;мұндай жаттығулар байланыстыра (жүйелі) сөйлеуді дамыту мен көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына енгізіледі.

Мысалы, байланыстыра сөйлеуді дамытудың белгілі бір сабағы 20минутқа есептелген болса, оның 2 минуттан 10минутқа дейінгі мөлшерін арнайы лексикалық жаттығуларға пайдалануға болады;жазушының лексикасын түсіндіру керек болған жағдайда лексикалық жаттығулар көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарына енгізіледі.

Лексика бойынша арнайы жаттығулардың нақты лингвистикалық міндеттері болады;1)сөздің жалпылау мағынасын түсінуді дамыту;2) «тұтас және оның бөліктері»қатынастарын түсінуді дамыту;3)сөздің дерексіз мағынасын түсінуді дамыту;4)морфология саласынан (морфемалардың абстрактылық мағынасын меңгеруде) тіл құбылыстарын айыра білу қабілетін дамыту;5) антонимдерді сөздердің мағынасын ұғыну құралы ретінде түсіне білу;6) стилистикалық сезім қабілетін дамыту;7)сөздердің тасымал мағынасын мен этикалық,ұғымдарды (көркем әдебиетпен танысу арқылы) түсіне білу.

Арнайы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері-практикалық әдістер.

Лексикалық жаттығуларды жүргізуде дидактикалық ойын тәсілі, «дидактикалық» (яғни арнайы жабдықталған) қуыршақтармен ойын жиі пайдаланады.Сондай-ақ «Ғажайып дорба» деген атпен белгілі дидактикалық ойын (балалар ішінде ұсақ заттар толтырылған дорбаға қолдарын салады да, оларды сипап біледі және атын атайды) да пайдаланады.Бірақ, әрине, қуыршақтармен басқа да ойыншықтардың ғана жәрдемімен балалар ана тілінің поэтикалық мағынасын бойына сіңіре алмайды.Балаларды қоршаған орта заттарымен таныстыру керек және нақты затты,іс-әрекет пен белгіні көрсету арқылы сөздің лексикалық мағынасын түсіндірген жөн.

Төменде түрлі жастағы балалардың тілін байытуға жәрдемдесетін жаттығулардың кейбір түрлеріне сипаттама берілген.Мұнда балалардың осы жұмыс тәсіліне шамасы келетін жасы көрсетілген;ал егер қажет болса, бұл жұмыс келесі жаста да (мысалы баланың сөйлеу қабілеті тежелген жағдайда) міндетті түрде жалғастырылуына тиіс (енді жаттығуды баланың жеке өзі атқаруы тиіс).

Балалардың сөздің жалпылау мағынасын түсінуін дамытатын жаттығулар

Е кі жасқа толған балаларға арналған жаттығулар.

«Затты көрсет» Бала тәрбиеші атаған затты көрсетуі керек.

96-97беттер.



Үлгі сабақ.

Тәрбиешінің алдыңдағы аласа стол үстіне аю,автомобиль, кубик, піл, кеме,доп сияқты балаларға таныс, көлемі мен түсі түрліше ойыншықтардың әр түрінен төрт данадан қойылған.Балалар столдың қасындағы өз орындықтарында отыр.Тәрбиеші оларға кезекпе –кезек былай дейді;

-Нина, бері келіп, балаларға барлық пілді көрсетші.

Нина жақындап келіп, пілдерді кезекпе –кезек қолына алады, оларды көрсетіп,қайтадан орындарына қояды.Бұл кезде тәрбиеші оның істегендерін түсіндіріп;

-Мынау кішкентай сұр піл; мынау кішкентай сары піл;мынау үлкенірек сұр піл; мынау үлкен сұр піл.Нина,бізге пілдердің бүкіл табынын көрсетті.Ниночка,орңына отыра ғой.

-Коля,енді сен бізге барлық аюды көрсетші.

Бала столға жақындап келіп,машинаны құмарлықпен қолына алады.

-Ә-ә сен бізге алдымен автомобильдерді көрсетейін дедін ба?-дейді тәрбиеші балаға қарсылық жасамастан.-Қане,автомобильдерді көрсетші,Коля.Сенің қолында кішкентай қызыл автомобиль тұр:енді бізге үлкен қызыл машинаны алып көрсетші.(бала оны көрсетеді).Енді басқа автомобильді ал;иә, бұл кішкентай көк автомобиль.Сен тағы біреуін ұмыттың.Балалар тағы бір машинаны көрсетуге Коляға кім көмектеседі? Верочка сен бе?Дұрыс. Коля бұл кішкентай сұр автомобильді де қолына ал. Енді Коля бізге барлық автомобильдерді де көрсетті.Коленька оларды столдың шетіне қой-ол жер машиналардын гаражы болады-ал өзін орңына отыр.Жалпыға бірдей өткізілген сабақтан соң Коляға арнап жеке, мәселен «аюлар циркінде» деген сабақ ұйымдастыру керек.

Дидактикалық материал варианттары;а)нақты заттар;баланың дене мүшелері («Қолынды,мұрнынды,құлағынды ...... көрсетші»), малдың дене мүшелерін(«Иттің құйрығын, құлағын, белін... көрсетші»), ұйықтайтын бөлмедегі,ас үйдегі заттар,вазадағы немесе клумбадағы гүлдер;б)әрқайсысы бір затты білдіретін суреттер жиынтығы.

«Қимылына қарап тап».Баладан тәрбиеші атаған қимылды кім істей алатынын немесе кім осындай жағдайда тұра алатынын көрсету талап етеді.

Үлгі сабақ

Ойын өткізетін бөлмеге мынадай бұрамалы ойыншықтар;билейтін (аю,ит),музыка аспаптарында ойнайтын(скрипкашы лақ,гармоншы қуыршақ,балалайкашы,барабаншы қоян),еденде қозғалатын(мотоциклші,автомобиль, планетоход), ұшатын (көбелек,самолет,ракета),жүзетін(балық,кеме,сүңгуір,қайық),секіретін(көлбақа,торғай,қоян), ататын(зеңбірік,танк,наган,автомат),және т.б. ойыншықтар қойылған.

Балдырғандарды шеңберге тұрғызып,тәрбиеші сабақ ұйымдастырады.

-Балалар бізге жаңа аю әкелді,қазір біз оның не істей алатынын көреміз.(Билейтін аюды бұрап, еденге жібереді-ойыншық «билейді»).Ол билей білетін болып шықты.Ал біздің ойыншықтарымыздың қайсысы билей біледі?Біздің кішкентай итіміз билей біле ме?(Балалар бұдан бұрын иттің қалай билейтінін көрген болатын)Ира,билей білетін кішкентай итті мұнда әкелші. Қыз тәрбиешінің айтқанын орындайды.Кішкентай итті бұрап жібереді,енді ол да «билей» бастайды.

-Ал музыканттар неге жоқ?-деп тәрбиеші сабақты кеңейте түседі.- Балалар,біздің ойыншықтарымыздың қайсысы музыка аспаптарында ойнай алатынын білесіңдер ме?Біздің лағымыз скрипкада ойнайды-ау деймін? Коля сол лақты әкелші.(бала кілтпен бұралмайтын лақты әкеледі).

-Жоқ бұл лақ скрипкада ойнай алмайды,- дейді тәрбиеші

- Балалар,бізге музыкант лақты кім әкеледі? Міне,дұрыс,Валя.Сенің лағын скрипкада ойнай біледі. (Ойыншықты кілтпен бұрайды).Біздің лағымыз скрипкада қандай ыждағаттылықпен ойнайды! Саша,енді сен мұнда тағы бір музыкантты шақыр.Ойын осылай жалғаса береді.

Д и д а к т и к а л ы қ м а т е р и а л в а р и а н т т а р ы;а) «Қуыршақ адамдардың», заттардың түрлі қимылдарын арнайы көрсететін мультфильм;нақты заттар мен тіршіліктер иесінің қимылы мен күйін көрсететін оқу фильмі; б) белгілі бір адамның немесе заттың әр түрлі қимылы мен күйін (кішкентай қыз ұйықтап жатыр,төсек-орнын жинайды, жуынады,жаттығу жасайды, тамақ ішеді,кітап оқиды, келе жатыр....)бейнелейтін суреттер сериясы.

«Көрсетілген белгіге қарап тап».Баладан тәрбиеші атаған белгі бойынша затты табу талап етіледі.Ол белгілер;түсі,пішіні,өлшемі,неге жататыны,қандай материалдан және т.б.

Үлгі сабақ

Сабаққа арналған стол бетінде барынша ала құла киінген қуыршақтар жатыр.Мысалы,қуыршақтың біреуі қызыл пальто, көк көйлек,сары телпек,жасыл кебіс киген;екіншісі сары пальто,қызыл көйлек,жасыл телпек,көк кебіс киген;үшіншісі көк пальто, жасыл көйлек,қызыл телпек, сары кебіс киген;төртіншісі жасыл пальто,сары көйлек,көк телпек,қызыл кебіс киген.

- Балалар, - дейді тәрбиеші, - қуыршақтардың қалай киінгендерін қарандаршы.Келіңдер олрдың киінуіне көмектесейік; олар бір түсті пальто мен көйлек, телпек пен туфли кисін.Мынау Катя деген қуыршақ, оның қызыл телпегі бар.Таня,кел екеуміз барлық қуыршақтардан қызыл түсті киімдерді алып, Катяға,ал Катяның киімдерін оларға берейік.Оның жасыл пальтосын шешіп ал,ол бұл пальтоны басында жасыл телпегі бар қуыршаққа берсін.Коля,енді сен үстіне қызыл пальтосы бар қуыршақты Таняға әпер.(Коля жалыңысып, қолына түскен бірінші қуыршақты береді.)Жоқ, Коленька, бұл қуыршақтың пальтосы көк түсті.Таня, Коляға қызыл түсті пальтосы бар қуыршақты табуға көмектесші.

Коля секілді сөйлеу қабілеті баяу жетілген балаларға арналған жұмысты екі түсті(одан да көп емес) заттардан бастау керек.

Дидактикалық материал варианттары;а) бір формадағы түрлі түсті заттарды-тек қана кубиктер мен шариктер, немесе тақтайшалар, немесе шығыршықтар және т.б.-түстері бойынша топтастыру керек; әр түрлі формалы түрлі түсті заттарды формасын елеместен формасы бойынша топтастыру керек;формасы,түсі, шамасы, әр түрлі затты жасалған материалына,қолданылуына қарай қарай кластар бойынша бөлу керек;б)балалар бақшасының тірі табиғат мүйісіндегі немесе холкоз фермасындағы жануарларды тәрбиеші олардың типіне қарай мүйізділер,мүйіссіздер, шөп қоректілер,жыртқыштар деген секілді қарапайым сипаттама беріп,аталған белгілері бойынша балалардың оларды көздеуін сұрайды;в)балаларға кездесетін өсімдіктерді(қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты,гүлдейтін,гүлдемейтін, жеміс ағаштары және т.б.) балалар аталған белгілері бойынша көрсетуін сұрайды.

Төменде сипатталған жаттығуларда алдыңғы жаттығуларда қолданылған дидактикалық материал пайдаланылады,бірақ заттардың атын, олардың қимылы мен белгілерін тәрбиеші емес,баланың өзі айтады.Сондықтан тапсырманың тұжырымдалуы да басқаша; «Бұл не?», «Бұл қалай аталады?», «Ол не істейді?», «Кім не істейді?», немесе «Оның жағдайы қалай?»,(«Ол қандай күйде?»), «Ол қандай?».

«Бұл не?»Жаттығудың мақсаты-баланы өзінің назары ауған заттарды сөзбен үйрету.

Үлгі сабақ

Баланы қыста серуендетуге дайындауда;киімдері әзірленген.Тәрбиеші(бала бағушы,анасы) баламен сөйлесіп отыр;

-Алдымен не киеміз?-деп тәрбиеші қолына тоқылған кофтаны алады.

-Воточканы... (кофточканы),-дейді бала.

-Дұрыс, кофточканы.Ал енді не киеміз?-деп тәрбиеші рейтузды алады.

-Тюзді (рейтузды),-деп түсінеді бала.

-Иә, рейтузды киеміз.

Бұдан соң рет-ретімен пиманы(«мима»), пальтоны(«бато»),шарфты («саф»)атайды.

-Малақай қайда?Малақай қайда жоғалып кеткен?-деп тәрбиеші малақай баланың көз алдында жатса да қам жеген болып сөйлейді;бала оны тез «тауып алады».

-Міне,мақай,(малақай)!

- Ә –ә,малақай мұнда екен ғой.Қане,құлақты аяз тістеп алмау үшін оны киіп алайық.Құлақшын түсіріп,бауын байлайық.Енді киетін не қалды?

-Бияй(биялай).

-Дұрыс биялай.Енді біз серуендеуге әбден дайынбыз.Аяз былай деп айтатын болады; «Бала жылы киінген екен! «Онымен ойнауға болады!»

«Ол не істейді?», «Ол қандай күйде?» Жаттығудың мақсаты-балаларды өздері бақылаған заттардың қимылы мен күйін немесе олардың қандай күйде тұрғанын сөзбен атауға үйрету.

98-99беттер



Үлгі сабақ.

Тәрбиеші үстіне «құс ауласы» (варианттары; «холкоз жайылымдары», «омарта») жайғастырылған аласа,кең стол басында отыр.Балалар стол айналасына «құс ауласындағы» обьектілердің бәрі көрінетіндей болып отырады.

-Біз құстардың не істейтінін көру үшін құс ауласына келдік.Міне,әтеш шақырып,маңғаздана басып келеді.Ол қалай шақырады?

-Ку- ка- ре- ку!-деп ынталана дауыстайды балалардың бірі.

-Дұрыс!-Бірақ әтеш шақырып қана қоймайды;ол дән іздейді, дәнді тапқан соң тауықтарға беру үшін де оларды өзіне шақырады.Міне,қараңдаршы (тәрбиеші қуыршақ театрындағыдай көріністі көрсетеді); әтеш жайлап жүріп келеді, аяғымен тырналап, шөптерді тырналап ашып келеді.Ол жерде жатқан дәнді көрді. «Таптым!Таптым!-деп қуанады ол.Бірақ бұл дәнді өзі шоқып жемейді,оны өз достарына, тауықтарға сақтайды.Міне, енді оларды «Мұн-да,мұн-да»,-деп шақырады.Бұл шақырған дауысты ести салысымен,тауықтардың бәрі де әтешке қарай жанталаса жүгіреді.Балапандарын ертіп, ұя басқан тауық та жүгіреді.Бәрі шоқып жатыр.Ал әтеш олардың айналасында жайлап басып жүріп; «Міне-міне!Жеңдер!Жегендерің ас болсын!»-дейді.Біздің әтеш қандай жақсы дос еді;

-Сонымен,біздің әтеш не істей біледі?

Тәрбиеші сөйлесіп отырған бала оның жәрдемдесуі бойынша әтештің бар қимылы мен күйін атауға тиіс.

-Витя,-дейді тәрбиеші,-енді сен орнынан тұр да,столға жақын кел.Біздің әтеш қолынан келетінің бәрін тағы да істейді, ал сен оның не істегенің айтып бересің.

-Міне. Ол маңғаздана....

-… басып жүріп келеді –дейді Витя.

-Міне, ол шөпке келіп,оны.....

-…аяғымен тырналайды.

-Бұл не?

-... дән тапты!Қуанып кетті!

Тәрбиеші былай деп қосады; «Өзі шоқып жемейді,достарына сақтайды,тауықтарды шақырады, тауықтар естиді де,оған қарай лап қояды,жүгіреді,шоқып жейді; ал әтеш жайлап басып жүреді,сөйлей береді.»

«Ол қандай?» Жаттығудың мақсаты-бақыланатын заттардың белгісі мен сапасын сөзбен үйрету.

Үлгі сабақ

Далада(паркте,орманда) серуендеу кезінде балалар бір гүлді көріп,оның айналасына жинала қалды.Бұл түймедағы.

-Оны үзбеу керек,- дейді тәрбиеші.-Егер біз оны үзбей,өсіп жетілуіне мүмкіндік берсек,келесі жылы ол бізге өзі сияқты көптеген гүлді тарту өтеді;оның тұқымынан жаңа гүлдер өсіп шығады.Келіңдер,онан да гүлдерді қызықтайық.Қандай әдемі екенін көріп тұрсындар ма?Оның гүл жапырақшасы қандай?Ақ түсті ме? Ұзын ба?Сен айтшы,Слава.

Бала қайталайды;

-Гүл жапырақшасы ақ түсті,ұзын.

-Ал ортасы қандай? Сары түсті ме?Барқыт секілді ме?

-Сары түсті,барқыт секілді.

-Сен оған абайлап еңкей де, иісі қандай екенін иіскеп көр.Хош иісі барма?

-Хош иісті екен.

-Бұл гүлдің сүйкімді,жағымды иісі бар.Сен оның қалай аталатынын білесің бе?

-Түймедағы.

-Қараңдаршы, ол күнге ұқсай ма?Жүріңдер, енді қонырбауыс гүлді тауып қарайық.

«Тұтас және оның бөліктері(детальдары)»қатынасын түсінуді дамытатын жаттығулар.

Ү ш жастан асқан балаларға арналған жаттығулар.

«Тұтасты ата».Балалар осы заттардан (детальдардан) тұратын тұтас затты білдіретін сөзді атауы (табуы)тиіс.

100-101 беттер.

Буратино:Жуынғым келмейді.Менің тұмсығым суды ұнатпайды.

Мальвина:Тұмсығым емес,бетім деу керек.

Тәрбиеші:Нина,сенің Мальвинаң Буратиноны өте жақсы тәрбиелейді.Оля,енді сен Мальвина үшін сөйле.Оны қолына ал.

Буратино:Мен үйге ләйліп жеткен соң,тамақты апыл ғұпыл асай салып,бірден сұлап түсемін.

Егер Оля Мальвина Буратиноны түзете алмаса,тәрбиеші екінші,үшінші баланы шақырады,ең ақырында қалай деу керек екенін өзі түсіндіреді.Сабақ әңгіме түрінде өтеді.Мұғалім балаларға дөрекі сөздер айту әдепсіздік болатынын,өйткені ондай сөздер адамдарды ренжітетінін,мұндай сөздерді айтушыларды жұрт сыйламайтынын,оларды жаман адам деп есептейтінін баса айтады.

Сабақ өткізудің бұл әдісін тәрбиеші өз тобындағы балалардың сөзінен дөрекі және анайы сөздерді естіген көздерінде үнемі пайдалана беруіне болады.Ондайда тәрбиеші «Мальвинаны» көмекке шақырады.Егер тәрбиеші өз алдын ала түсіндірме сөздікке немесе синонимдер сөздігіне қараған болса,онан сол бала қолданған қарапайым сөзге әдеби синоним табады.Мұндай жағдайда «Мальвина» өзінің алдына қойған міндетін жақсы атқаратыны өз өзінен түсінікті.

Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамыту жұмысы кезінде (VII,VIII тарауларын қараңыз) тәрбиеші оларға синонимдік қатардағы (термин,әрине,балаларға айтылмайды) сөздер эмоциялық бояуы жағынан ғана емес (бет әлпет ұсқын,ұйықтау сұлап түсу сияқты ),мағыналарының дәлдігі жағынан да өзгешелетінін айту үшін,мысалы самал жел боран дауыл тәрізді синонимдік қатарды балаларға түсіндіру үшін қолайлы сәтті табуына болады.

Үлгі сабақ

Б) «Дәл сөздер»

Мұндай және осыған ұқсас сабақтар балалар көркем әдеби шығармамен танысып шыққан соң немесе одан сәл кейіндеу өткізіледі.

Тәрбиеші:Балалар,кішкентай қыз Эллидің (Н.Волковтың «Гауһартас қаласының сиқыршысы» атты ертегісінің қаһарманы) таңғажайып оқиғалары естеріңде ме?

Бала.оның үйін дауыл жұлып кетті...

Тәрбиеші:Дауыл деген не?

Бала.Дауыл ол жел.

Тәрбиеші.Иә,жел күшіне қарай түрліше болады және сол кезде оларды самал,жел,боран,дауыл деп түрліше айтады.САМАЛ бұл майда жел,ол ағаш басындағы жапырақтарды болымсыз ғана тербетеді,тіпті кішкене бұталарды да тербетіледі.БОРАН ағаштың діңін ырғалатын,кейде оны құлатып кететін күшті жел.ДАУЫЛ өте күшті жел,ол өз жолындағының бәрі ұшырып әкетеді,ағаштарды түп тамырымен қопарып тастайды және оны өсіп тұрған жерінен бірнеше километрге ұшырып апарады.

Тәрбиеші өзінің түсіндіруінен кейін әр баланы шақырып,бір жел екіншісінен қалай өзгешеленетінін қайталап айтқызуына болады.

Сұрақтар

  1. Сөзді поэтикалық қабылдау деген нені білдіреді? Сөзді жалпылай (логикалық)қабылдау деген нені білдіреді?

  2. Лексикалық жаттығулардың міндеттерін санап шығыңдар.

  3. Қайсы жаттығулар балада сөздің жалпылаушы мағынасын түсінуді жеңілдетеді?

  4. Қайсы жаттығулар балалардың бүтін мен оның бөлігінің арасындағы айырмашылықты білуге мүмкіндік береді?

  5. Қайсы жаттығулар балалардың тектік ұғымды білдіретін сөздерді түсінуіне мүмкіндік береді?

  6. Қайсы жаттығулар морфология саласындағы тілдік сезімдерді дамытуға мүмкіндік береді?

  7. Қайсы жаттығулар стилисика саласындағы тілдік сезімдерді дамытуға мүмкіндік береді?



Практикалық сабақтар

1-тапсырма.Балалар жалпы мәнді сөздердің екінші және одан да жоғары дәрежелерін түсіне ме тексеріңіз.

Тексеру әдісі.

Балаға сөреден («бұрыштан») бір нәрсені алып,оны өзіңізге әкеп беруге тапсырма бер;балаға ол заттың түр тұрпаты,аты белгілі (кубик,доп,қуыршақ және басқа),ал сіз ол затты жалпы тектік атауымен атайсыз:ойыншық.Мысалы: «Коля,маған ойыншықты алып келші».Егер бала сізден: «Қай ойыншықты әкелемін?» деп нақтылап сұраса,онда ол ойыншық сөзінің мағынасын түсінгені,оны қуыршақ,шар және басқа сөздерге арналған жалпы ұғым ретінде.

дан тыс жүретінін қайталап айтамыз .Алайда, егер бұл процесс нашар оқытылу арқылы бәсенділетін болса,баланың ақыл ойының өсуі шектеліп қалады.Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды,өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құблыстарының арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді.

Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар қалыптасады.



Сұрақтар

  1. Сөздің грамматикалық мағынасы деп нені айтады?Орыс тілінің негізгі грамматикалық мағыналарын атаңыз.

  2. Тәрбиеші үшін балаларға грамматиканы оқытудың қиындығы неде?

  3. Балалардың ақыл ойының дамуы үшін оларға ана тілідің грамматикалық жүйесін үйренудің маңыздылығы неде?

Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты.

Амал қанша,біздің методикада балалардың грамматикалық мағыналарды үйренуі үстінде оның артта қалу жағдайын қалай ертерек анықтауға болатыны туралы ешқандай нұсқау жоқ.Біз бұл қолайсыз жағдайды бала әбден мектепке барып,қашан І сыныптың сабағын меңгеруге қабілеті жетпей қалбілеті жетпей қалғанда ғана сеземіз және ол кезде бұл қателікті түзетудің өзі қиын.

Бірақ сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесіндегі баланың грамматикалық қателерін түзету құралдары жеткілікті түрде талдап зерттелген.Бұл қателерін түзету құралдары жеткілікті түрде талдап зерттелген.Бұл қателер грамматикалық мағыналарды үйрену процесінің қалыпты жүретінін,бала өз ана тілінде қаншалықты грамматикалық мағыналар болатынын біліп алғанын және оған сол грамматикалық формаларды түсіну (интуициялық) жолына дер кезінде бағытталмаған бала көбіне үндемей отыра беретіндіктен мұндай қателер болдырмайды.

Балалардың тіліндегі қолданылып жүрген грамматикалық формаларды олардың түсінетіндігін ,алайда оларды сөйлеу кезінде қалай жұмасауды әлі есте сақтай алмағандығын тілдік нормаларды әлі үйренбегендігін көрсететін грамматикалық қателерден мысал келтірейік.

Сөз тудырудағы грамматикалық қателер.Балалар өздерінің үйренген ,сөздеріне ұқсас өзіндік сөздер жасап алады.Мысалы;

Сиыршы сөзіне ұқсату арқылы: «машинашы» «Менің папам машинашы» (3 жыл 8 ай); «циркші» «Клубқа циркшілер келді» (З жыл 8 ай ); «шофершы» «Шофершы машинасынан түсті» (3 жыл 10 ай);

Тракторист сөзіне ұқсату арқылы: «комбайнист» «Комбайнист егін орып жүр» (); «Электрист» «Электиристің резина қолғабы бар» ();

Қыстық сөзіне ұқсату арқылы: «көктемдік» «Мамам маған көктемдік киім сатып алып берді», «балалалық» «Біздің үйде балалалық кішкене үстел бар».

Ересек адамадар баланың бұл жаңа сөздерінің грамматикалық мағыналары сол жай ғана себепке қатысты екенін дұрыс қалпында түсінеді,шын мәнісінде мұнда мағына жағынан грамматикалық қате жоқ та:жұрнақтар толығымен ойдан шығарылған,олардың білдіріп тұрған мағынасы ғана дұрыс;мұндағы қате сол,балалар бұл жұрнақтардың әдеби тілде қандай түбірлік морфемаларымен бірге келетіндерін есте сақтай алмаған.

Сөз түрлендіруге грамматикалық қателер.Балалар сөйлегенде сөзді әдетте септеудің немесе жіктеудің өнімді типі бойынша өзгертеді,ал өнімсіз типті олар әдетте кейінірек үйренеді және де егер оларға мұндайда дер кезінде көмек бермесе,сөз түрлендіруге қателер оларды түзету әлде қайда қиынға соғатын кезге,яғни мектепке дейін «ілесіп барады»

Сөз түрлендірудің өнімсіз типіне жеу ,жүру (көлікпен), өсу тәрізді етістіктер,фонетикалық өзгешеліктермен септелетін зат есімдер (барлығы он сөзге дейін) және басқа сөздер жатады,алайда бұл сөздер тілде өте жиі кездеседі,сондықтан олардың қате түрі әрқашан айқын білініп тұрады.

Мұндай типті грамматикалық қателердің түрлері мынадай:

  1. Зат есмінің көпше түрінің бір фонетикалық вариантының орнына екіншісінің қолданылуы: «жолдар», «көлдер» типі бойынша лар,лер вариантының орнына дар,дер айтылады: «үйдер», «терезедер», «баладар», «машинадар».

  2. Зат есімнің септік жалғауларының фонетикалық варианттары бірінің орнына бірі қолданылуы: «баладың»(баланың деудің орнына), «столқа» (столға деудің орнына)

  3. Стильдік жағынан бір септік жалғауының орнына екінші бір септік жалғауының қолданылуы: «үйде бардым» (дұрысы үйге бардым), «машинада міндім» (дұрысы машинаға міндім), «жолда бардым» (дұрысы жолмен бардым).

  4. Табыс септігі жалғауын стильдік жағынан дұрыс қолдана білмеу: «Мен кеше суретті салдым» (дұрысы «Мен кеше сурет салдым») , «Жазуды жазды» (дұрысы «Жазу жаздым»)

  5. Септелмейтін зат есімдерді септеу;

  6. Салыстырмалы шырайдың жасалуы кезіндегі сын есім түбірлерінде дауыссыздардың алмасуының болмауы;

  7. Етістіктердің жіктік жалғауларын бірінің орнына бірін қолдану:тәрбиешінің қойған сұрағына орай жіктік жалғауының бірінші жағы жекеше түрдегі етістік екінші жақ жекеше түрде немесе үшінші жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы: Сен көп ойнадың ба? Иә мен көп ойнадың. Мына суретті кім салды? Бұл суретті мен салды.

  8. сан есіммен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы зат есім септелегенде тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: «ит бес күшік пен келді» (дұрысы «тауық екі балапанмен келді»)

Әрине,балалар,әдет бойынша,тілде етістіктің есімше,көсемше тұлғаларын қолдана алмайды,себебі оларды үлкендердің сөзінен сирек естиді:үлкендер балалар түсінбейді деп қорқып, бұл граммтикалық тұлғаларды аз қолдануға тырысады,бірақ сонан соң, бесінші сыныпта,яғни бұл тұлғаларды оқитын кез келгенде,әдетте,балалар оларды үйренуге даярланбаған болып шығады.Осының салдарынан көптеген баланың тілі грамматикалық қатынасы жағынан алғанда жүдеу болып шығады.

Тәрбиеші балалардың диалектік қателерін де есепке алуына тура келеді,мысалы,олар баланың қай облыста тұруына байланысты болып келетін зат есімнің ілік септік жалғауынан немесе ілік септігінде сөзбен тіркесіп келген тәуелдік жалғауы сөзді қолдану кезіндегі және басқа да кездердегі қателер: «менікі ойыншығым», «біздің аюым», «менің ойыншық» ,балалардың тіліндегі диалектикалық қателерді жою баланың үйдегі ересектердің сөзінен кейде тіпті бала бақша да үнемі естіп жүретіндіктен қиынға түседі.

Грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері

Грамматика бойынша жүргізілетін жаттығулар балалардың осыған дейін үйреніп болған лексикалық және фонетикалық материалдарын бекітуге арналған жаттығуларымен қатар жүргізіледі.Балалар алдын ала аздаған сөз мөлшерін үйренбейінше,дыбыстарды қалай айтуды және сөйлем интонациясының ерекшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізуі мүмкін емес.Балалардың тілін грамматикалық формаларымен байыту олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.

Үш төрт жастағы балаларда грамматикалық дағдылардың қалыптасуы.



Көрсетіліп отырған жастағы балалардың тілі өте тез дамиды.Үш жасында баланың сөздік қоры

1300-1500 сөзге жетеді,төрт жасқа жеткенше ол екі есе дерлік артады.Тілде предикативтік қатынастарды білдіретін (зат есімнің атау септік тұлғасы және етістіктің жіктік жалғаулары) грамматикалық құрылымдар пайда болады,етістікті меңгеру дамиды,балалар енді зат есімнің септік жалғауларын ауыстырып қолдануды шектейді:табыс септігінде (жалғаулары ны,ні,ды,ді,ты,ті) көпше түрдегі атау септігінде (жалғаулары лар,лер,дар,дер,тар,тер),кейде көмектес септігенде (жалғаулары бен,мен,пен)

Шамамен екі жарым жастан бастап тілде барыс пен жатыс септігі пайда болады,алайда олар жиі жиі араласып,ауысып кетеді.Көптік жалғаулары меңгеріледі.Зат есімдерге кішірейту және үлкейту мәндері қосыла бастайды.Бала тілінде зат есімдермен қатар сын есімдер және етістіктер пайда болды.

Етістіктерді жаққа,рай формаларына өзгертіп айта білу алғаш ұйықтау,жеу,ән салу,беру,апару (әкелу), істеу,ойнау және т.б. тәрізді аса жиі қолданылатын 18-20-дай етістікке байланысты болып келеді.Екі жарым жастан бастап бала етістіктерді ашық ашық рай формасында жекеше,көпше түрде айта алатын болады (Ваня келе жатыр,біз жүріп келеміз);бір қатар етістіктерді өткен шақта қолдануды қисынғанмен,етістіктерді өткен шақта қолдануды қисынғанмен,етістіктерді шаққа өзгертіп айта алады. Ол «Мен басқышпен көтерем» және «мысық мияуласты»; «гүлдер ашты» және «гүлдер аңқысты» деуі мүмкін.

Баланың тілінде сын есімдер алғаш зат есімдермен байланыспаған күйде пайда болады,тек екі жарым жастан бастап бала байланыспаған күйде пайда болады,тек екі жарым жастан бастап бала байланысқан формаларды қолдана бастайды,мұндайда сын есім алғаш атау септігінде жекеше түрде болады.Сын есімнің жекеше түрдегі зат есіммен барлық септіктерде байланысуын үш төрт жасқа жеткенде ғана білуі мүмкін.

Екі жарым жастан бастап кеңістік және басқа қатынастарды айтып беру үшін бала:үстінде,жанында,бірге деген үстеулер және ал,сондықтан,тек деген шылау сөздерді пайдаланады.

Біз баланың тілі тез жетілетінін,оның мағыналық мазмұны байып отыратынын,сөздік қоры кеңейіп,ол грамматикалық жағынан тілдік нормаға түсе бастайтынын көріп отырмыз.Осы көзден басатап бала қоршаған заттар,құблыстар,оқиғалар жөніндегі білімді тек көру арқылы да ала бастайды.Бала тілді пайдалана отырып,басқа балалармен араласа алады.Үшке келгенде сөз белгілі мөлшерде баланың мінез құлқвн басқарушы да болып табылады.Оның іс әрекеті біртіндеп сөз арқылы айтылған мақсатқа бағына бастайды. («Қазір машинаның суретін саламын»), «Папамның кітабын алуға болмайды»).

Сонымен,тіл баланың жеке басының біртұтас дамуына мүмкіндік береді,оның білімін,ой өрісін кеңейтеді,айналасындағыларымен байланыс жасауына ,мінез құлық ережелерін жете түсінуіне көмектеседі.

  1. Көптік жалғауларын сенімсіз түрде қолдану («қызыл шардар»), («қызыл жемісдер»),(«машинадар кетіп барады»);

  2. Септік жалғауларын пайдаланудағы қателер:а)сөздің алғашқы тұлғасына септік жалғауының жалғануы туралы мәлімет.ә)септік жалғаулары мен үстеулерді пайдаланудағы қателер («кітап столда», «жапырақтар ағашта», «жолдаспен жүрді»).

Қалған қателер сөзді ауызша айтуға («капуста» деудің орнына «капу» «колбаса» деудің орнына «балкаса» ),тұтас сөздің орнына түбірдің бөлігін ғана қолдануға («қызы шар», «шын банка»),етістіктің жіктелген тұлғасының орнына көсемше тұлғасын қолдануға («мама оқи» Вова ұйықтай»),үстеулерді араластыра қолдануға байланысты.

Үш жастағы балалардың сөзін грамматикалық тұлғалармен байыту үстінде істелінетін жұмыстың мазмұны мен методикасы осы жастағы баланың тіліне қойылатын талаптармен,сондай ақ оларға тән қиындықтарды білумен анықталатын табиғи нәрсе.

Екіден үш жасқа дейінгі балалардың сөзін грамматикалық құрылысының даму методикасын жазудан бұрын грамматикалық құрылыстың даму баланың сөздік қорының актив және пассив өсуімен және дыбыстарды дұрыс айтудың қалыптасуымен бір мезетте жүзеге асатыны тағы да еске саламыз.Тәрбиешінің негізгі міндеті балаларды практикада фразалық тілді пайдалана үйрету,яғни тілде негізгі грамматикалық категорияларды дұрыс пайдаланудан,сөзді практикада жекелік ,көптік,септік,шақтық,жақтық формаларымен түрлендіру дағдысын қалыптастырудан тұратын себебі сол.Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін тәрбиеші пәндік сабақтарда арнайы грамматикалық жаттығулар жүргізіеді.

Біздің тіліміздегі сөздердің жартысынан көбі зат есімдерден құралатындықтан,грамматикалық құрылым үстінде жүргізілетін жұмысты зат есімдермен танысудан бастау керек,зат есімдердің түрленуі негізінде басқа сөз таптары да өзгеріске түсіп отырады:сын есімдер септіктерге,жекеше,көпше түрге ;сын есімдер мен етістіктер өткен шақта жекеше,көпше түрге түрленеді.

Зат есімдердің түрленуі үстінде жүргізілетін жұмысты табыс септігінен,яғни табыс септігін атау септігімен салыстыра отырып бастау керек,сонан соң өте нақты және түсінуге жеңіл септіктер ретінде барыс пен көмектес септікті үйрету керек,тек содан кейін ғана ілік септігі мен жатыс септігінің кейбір мағыналарымен,осы септіктердің негізінде жасалған жатыс септігіндегі тіркестермен және қайда?(қай жерде?),Қайда (қай жаққа?), қайдан? Деген сұрақтардың айырмашылықтарымен таныстыру керек.

Мекендік үстеулерді түсініп игеруге ерекше көңіл бөлу керек.Жатыс септігіндегі тіркестер септіктердің басқа негізгі формаларымен байланысты болып келеді,сондықтан практикада үстеулермен танысуды септіктермен бірге жүргізген қолайлы.Ең алдымен балалар ішінде үстінде,астында түбінде;жанында қасында маңында;алдында;артында; деген үстеулердің айыпмашылықтарын түсінуі керек.Аталған үстеу сөздер.Мысалы:қарындашты қораптың ішіне,үстіне,астына қой;қораптың үстінен қарындашты ал;қарындашты қораптың үстінен алып таста;оны қораптың жанына қатарластырып қой.Бұл түсінікті бекіту үшін әрекет пен тілді салыстырып отырған өте маңызды.

Балалар зат есімнің септік тұлғаларын үйреніп болғаннан кейін,оны сан есімдермен бірге қолдана білуге үйрету керек.Ол үшін практикада зат есімді деген сан есіммен тіркес құрап (бір шабдалы,бір алма,бір алмұрт) пайдалануға болады.Әрине,бұл кезге дейін балалар бір,көп деген сөздерді айыра білуге тиіс.Балалар әр түрлі сөздерді іріктеп ала отырып,бір сөзіне олармен байланыстыра айтып үйренеді.

Бала үш жасқа қарағанда белгілі мөлшерде етістік лексикасын:ішу,беру етістіктерінің тұйық рай тұлғасын және жүр,бер,алып бар,жу тәрізді бірқатар етістіктердің бұйрық рай тұлғасын да меңгереді.

Балаларды етістіктің өткен шағымен таныстыруды олар зат есімдердің септік жалғауларын үйренгеннен кейін бастау керек.Етістіктің өткен шағы,әдетте,жеңіл меңгеріледі және балалардың тіліне сан есімдер оңай енетін болады.Сонан соң бала боламын етістігімен келер шақ тұлғасын меңгереді.Баланың тілінде келер шақ төрт жасқа қарай пайда болды.

Балалардың тіліне етістіктің түрлі тұлғаларын енгізуді ең дұрысы «әрекет тіл» тәсілін пайдалана отырып,етістіктерге жалғанатын қосымшаларды қарастыру үстінде жүргізілетін жұмыспен байданыстыру керек.Мұнымен қоса бала белгілі бір картинкаға сүйене отырып,қосымшамен келген етістіктің (кетті,кірді,келді шықты) мағыналық реңкін байқай алуы мүмкін.Балалар қосымшалардың мағынасын үйреніп болғаннан кейін ғана,оның үстеулермен арақатынасын белгілеіге болады.(ішінен кірді...артынан кірді...ішінен шықты...сыртынан айналып шықты және т.б)

Болашақ тәрбиешілерге арнайы грамматикалық жаттығуларды жүргізу кезінде мынадай үлгілік дидактикалық материалдарды ұстанамыз.

  1. Зат есімдерді табыс,барыс,көмектес,ілік,жатыс септіктері бойынша үстеу сөздермен қолдану.

А)Сабақты етістіктерден кейін келген табыс септігіндегі зат есімдер: Балалар сурет салады,кітап оқиды,ертегі тыңдайды;Зоя тәтей ботқа пісірді,пирог пісірді;Витя ойыншықтарды жинайды;Таня пол жуады;Мамам ойыншық сатып әкелді;Мен телевизор көріп отырмын;Осы бөлімде өздік және өзгелік етістіктердің қолданылуын бөліп көрсетуге болады: Мен киініп жатырмын.Мен қуыршақты киіндіріп жатырмын.Мен жуынып жатырмын.Мен аюды жуындырып жатырмын.Мамам таранып жатыр.Мамам қызы Таняның шашын тарап жатыр;

Ә)болады,керек,болмайды сөздері қатысқан етістіктермен келген барыс септігінде зат есімдер:Сережа Петяға қарындаш берді;Таня күтушіге көмектеседі;Маған мамам қуыршақ сыйлады;Юра папасына кедергі жасайды;Балалар елкаға қуанды;Кітапты Алешаға беру керек.Таняға бақшаға баруға болады.Таняға бақшаға баруға болмайды.

Б)ілік септігіндегі зат есімдер (меншіктілік,сан есіммен бірге ілік септігінің қолданылуы):Бұл малақай Игорьдікі,бұл Мишканыкі,ағамның кітабы;Мен бір (екі)қарындаш әкелдім;Ол үш алмұрт жеді;Петя Таняға төрт кубик (марка,қарындаш) берді;

В)көмектес септігіндегі зат есімдер (қимыл құралы) :Мен қарындашпен,бормен сурет саламын;Балалар қолын жылы сумен жуады;Таня тісін пастамен тазалайды;Қолды сүлгімен сүрту қажет;

Г)Кеңістіктік қатынастарды білдіру үшін қызмет ететін,сөз тіркесінде келіп,қайда (қай жерде?)қайда? Деген сұрақтарға жауап беретін үстінде,басында,ішінде,алдында,жанында,қасында деген үстеулері бар зат есімдер, : Бақшаға (қайда?) болдым;Бақшадан (қайдан?) келемін;Аю ағаштан (қайдан?) отыр; Құс бұтаның басынды (қайда?) болды.Құс бұтадан (қайдан?) ұшып кетті.Катя орманның ішіне (қайда?) кетіп барады;Мен көшеде (қайда?) болдым;қаланың ішін (қай жерді?) араладым;Шкаф терезенің (қабырғаның)алдында (жанында) тұр.Ағаштың үстінде отыр құрылымы мен ағашта отыр құрылымын салыстыру;

Д)Қайда?Қайдан? деген сұрақтарға сәйкес айтылып кеңістіктік қатынасты білдіру үшін қызмет ететін үстеулермен келген зат есімдер:Петя ағашқа жақын келді;Петя ағаштан алыс кетті.Қосымшалар мен үстеулердің сәйкес келуі.

2.Етістіктер а) қимыл етістіктері:жүру,кету,жүгіру және басқа, ә)хал күйді білдіретін етістіктер:ұйықтау,жеу,сөйлеу б)әрекетті білдіретін етістіктер:сурет салу,жапсыру,қозғау және басқа;в)қосымшалы және қосымшасыз етістіктер:....жүру келді;сурет салу суретін салу,жөнінде сұрау;г)өздік етістіктер:ертеңгілікті әзірлеу ертеңгілікке әзірлену,ойыншықты көтеру басқышпен көтерілу,лифтімен көтерілу.

3.Материалдың түсін,тұлғасын білдіретін сын есімдер ,сын есімнің салыстырмалы шырайы:кемірек,артығырақ,жіңішкерек,биігірек,қысқарақ,ұзынырақ және т.б.

Мысалы,тәрбиеші алдына балалар өз сөзін белгілі бір үлгі бойынша жасалған сөйлем құрамында пайдалануды үйрету міндетін қояды: «бастауыш тура толықтауыш баяндауыш» «бастауыш тура толықтауыш жанама толықтауыш баяндауыш» .Бұл мақсат үшін сюжетті рольдік ойын «Қуыршақ үйіндегі таң» ойыны болуы мүмкін. Тәрбиеші белгілі мөлшерде ойын жағдайын жасай отырып,балалардан әрбір кейіпкердің әрекетін сипаттайтын сөйлемдер құрастыруды талап етеді: «Мама қуыршақ ерте тұрады.Мама ас үйге келеді.Мама ботқа пісіреді.Қуыршақ Катя қолын,бетін жуады,тіс порошогымен тісін тазалайды.Катя ботқа жейді,сүт ішеді.Катя ойыншықтарды жинайды.Катя самолеттің,үйдің суретін салады.Катя поастилиннен саңырауқұлақ,жеміс жасайды.»Құрылатын сөйлемдірдің әр түрлі болуы үшін ойынның сюжетін аздап өзгерту керек,яғни жаңа ойыншық ке

Ертегінің мазмұнын қайталап айтқаннан кейін, балалар түрткі салу сұрақтарына жауап бере алады.

  1. Үй жануарлары қыста орманда жылы қорасыз қыстай ала ма?

  2. Сендер бес достың: өгіз, қой, қаз, шошқа, әтештің қайсысын ақылды, еңбек сүйгіш деп есептейсіңдер?

  3. Сендер неліктен өгізді ақылды, еңбек сүйгіш деп санайсыңдар? (Себебі салқын түскенде орманда қорасыз үсіп қалу мүмкін екендігін сол ғана алдын ала ойлады және достары көмектеспесе де өзі қора салып алды).

  4. Өгіз өзінің қоасына жалқау достарын неге кіргізді? (Өгіз оларды қораны бұзып тастаймыз деп қорқытқаннан емес, аяғаннан, жаны ашыған соң кіргізді. Ол қайырымды болатын.)

  5. Өгіз, қой, қаз, шошқа, әтештер қасқыр мен аюды қалай жеңді? (олар бәрі бірігіп қимылдады. Қасқыр мен аюға олардың әрқайсысын жеке – жеке жеу оп-оңай, бірақ олар бәрі бірігіп ұйымдасқан соң күштері басым болды. Сондықтан тіпті қатерлі қасқыр мен аюдың да оларға «тістері батпады»)

Жақшаның ішіндегі дайын жауапты тәрбиеші бірден айтпай, балалар өздері жауап беруге әрекет жасағаннан кейін айтады; оларда дұрыс жауапты өздері тауып айтқандай әсер пайда болуға тиіс.

Алты – жеті жастағы балаларға көркем шығарманы қайталап айту үшін, тәрбиеші сұрақтарды оқиғаны түсіндіру, заттарды тәртіппен суреттеуде қайсысын қалай айту керек дегендей кеңес беру түрінде тұжырымдап беру арқылы көмектеседі.

Мысалы, «Мақтаншақ қоян» ертегісін қайталап айтуда (А.Толстой өңдеген) мынадай нұсқаулар беруге болар еді:

  1. Алдымен қоян қайда тұрғанын, неліктен оған қыста қиын болғанын айт.

Одан кейін, қырманда басқа қояндармен қалай кездескенін, қалайша мақтанғанын айт.

  1. Айтшы, қарға – тәтей мақтаншақты қалай білді, оны неге іздейді?

Қоян өзінің қалай мақтанғанын айтқанда, қарға не істеді?

  1. Енді айтшы, қарға иттердің аузына қалай құтқарып алды?

Қайталап айтуды үйреткенде тәрбиеші балалардың диалог сөздерді айтуда қатысушы адамдардың көңіл – күйлеріне сәйкес иннотацияны өзгертіп отыруға үйренуге тиіс екендігің ұмытпауы керек.

Бұл ертегіні қайталап айтып шыққанда, ойланып жауап беретін «Қарға неліктен қоянды мақтаншақ емес, батыр қоян» деді? – деген сұрақ өзінен – өзі туады.

Бұл сұраққа әуелгі өз білгендерінше балалар жауап берсін. Тәрбиеші соңынан олардың айтқандарын қорытындылайды:

«Қауіпті сәтте қоян батырлық көрсетті: қарғаны құтқару үшін қауіпке өзін тосып, иттерді бұрып әкетті, қанша үрейлі болса да қорыққан жоқ. Сөйтіп, қоян батыр болып шықты». Балалардың біреуі бұл қорытындыны қайталап айтып шығуы керек.

Ал Л.Н. Толстойдың «Өрт сөндіргіш иттер» әңгімесіне қандай нұсқау сұрақтар қойылуы керек?

Алдымен айтшы, өртеніп жатқан үйден балаларды алып шығу неліктен қиын болады?

Содан кейін өрт сөндіруші бөлімдерде қызметкер итті неге ұстайтынын айт.

Енді Боб туралы айт. Ол қандай? Ол неше баланы құтқарды? Бобтың қызды құтқарғанын түгел қайталап айтып шық.

Бұдан кейін Бобтың қатнлесіп қуыршақты тірі адам деп, оны өрттен алып шыққанын айт.

Ойланшы, ол неліктен қателесті? (Тәрбиеші балаға бұл сұраққа жауап беруге көмектесуі керек, бала тіптен қиналып отырса, өзі жауап беріп, бала оны қайталаса да болады).

Қайталап айту біткеннен кейін тәрбиеші: «Боб сендерге ұнады ма? Не үшін ұнады?» - деп сұрақ қоюы керек.

Әдетте балалар Л.Н.Толстойдың бұл әңгімесін мазасызданып тыңдайды да, оны ынтала қайталап айтады, өрттен қорғаушы Боб олардың сүйсіну сезімдерін оятады. «Боб сендерге ұнады ма?» деген сқраққа оар бәрі жамырап: «Иә» деп жауап береді. Ал «Неге?» деген сұраққа қиналыңқырап қалады. Бұл жағдайда тәрбиеші оларға көмектесу ниетінде тексті «Бір күні үй жаңа бастады» деген сөзден бастап аяғына дейін қайталап оқиды. Сонан соң бір баладан сол оқыған үзіндіні текске сәйкес қайталап айтуды талап етеді. Одан кейін дәл осы әңгіме «Боб сендерге не үшін ұнады?» деген сұрақтың жауабы екенін атап айтады.

Балаларға көлемді шығарманы түгел қайталап айту міндетті емес: қайталап айтуға оның бір оқиға немесе бір зат туралы эпизодтарын бөліп алған жөн. Мысалы, С. Михалковтың өлең түрінде жазылған «Степа ағай» әңгімесін төмендегідей үзінділерге бөліп оқытқаны дұрыс, ол үшін әдеттегідей тәрбиеші алдымен берілген үзіндінің тексін оқып шығады, одан кейін балаларға ойланып қайталап айтуға нұсқау береді.

  1. Степа ағай ертемен...

Степа ағай ертемен төсектен қалай тұрады, сонан соң не істейді?

Сен қалай ойлайсың, ол ертеңгі дене шынықтыруды қай сәтте жасады, душ қабылдағаннан кейін бе әлде «терезені шалқасынан ашып тастаған» соң ба?

  1. Степа ағай суға батып бара жатқан адамды құтқарады, поезды

Авариядан сақтап, жолаушыларды құтқарады, өртте қалып қойған құстарды құтқарады.

Степа ағай кімдерді құтқарғанын айтшы?

Суға батып бара жатқан оқушыны қалай құтқарды?

Жүйткіп келе жатқан поездың жолаушыларын қалай құтқарды?

Өртеніп жатқан үйдегі құстарды қалай құтқарды?

Степа ағай өзінің осы істерін қалай бағалады: ол үшін сыйлық талап етті ме, мақтаныш үшін істеді ме әлде ол өзі қайырымды жақсы адам болғандықтан, адамдардың бәріне жақсылық тіледі ме?

«Степа ағайдан» үзінді оқып және қайталап айтқаннан кейін, балалар оның батырлығын бағалап, кейіпкерге міндетті түрде баға береді, яғни өздерінің оған деген көзқарастарын білдіреді.

Ең соңында тәрбиеші: «Сендерге Степа ағай ұнады ма? Неліктен ұнады» - деп сұрайды.

«Неліктен?» деген сұраққа балалар өлеңнен үзінді келтірсе тіптен жақсы.

Егер тәрбиеші кіші топтағы балаларға ойландыратын барлаушы сұрақтарды анда – санда ғана қоятын болса, жеті жастағы балаларды тек қайталап қана қоймай, көркем шығарманың мәнін түсінуге баулиды. Ол үшін, көбінесе, оларға сұрақты тура қою, жетекші және еске түсіруші сұрақтармен бірге бағыт, жөн сілтейтін сұрақ беру әдістері кеңінен пайдаланылады.

Бұл мәселеде балалармен В.В. Маяковскийдің «Кім боламын?» деген өлеңінің кейбір бөлімдері мен М.М. Пришвиннің «Алтын шабындық» және «Кірпі» әңгімелерімен жұмыс істеу өте тиімді.



В.В. Маяковский. «Кім боламын?»

I. Балташы мен ұста

1. Балташылар мен ұсталар не істейді? Олар қандай құрал – саймандармен жұмыс істейді?

2. Оларға ұзын стол не үшін керек?

3. Олар арамен, сүргімен, ағаш жонатын станокта не істейді?

4. Балташылар мен ұсталар жұмысы адамдарға неге керек?



II. Инженерлер

1. Құрылысшы инженерлер әуелі не істейді?

2. Үйдің құрылысы неден басталатыны естеріңе түсіріндерші?

3 .Үйдің қай жағы оның беті, алды деп аталады?

4 .Құрылысшылардың еңбегін қандай машиналар жеңілдетеді? (Бұрынғы және қазіргі түрлерін атап айту міндетті.)

5 .Құрылысшылар жұмысы адамдарға не үшін қажет?



III .Дәрігерлер

1. Дәрігер баланың тілін, тамағын не үшін байқайды? Балаларға градусникті неге қояды?

2. Не үшін дәрігер ауру адамдарға дәрі – дәрмек жазып береді?

3. Ауырып тұрса да дәрі ішкісі келмейтін балалар дұрыс істей ме? (Ауырған адмадар, егер тез айығып кеткілері келсе, дәріні міндетті түрде ішулері керек,әрине, дәрі ішу ешкімге де ұнамайды. Емделуден қорқақ, жігерсіз балалар ғана бас тартады.)

4. Адамдарға дәрігер көмегі не үшін керек?

IV. Жұмысшылар

1. Жұмысты жалғыз істегеннн гөрі, бірігіп істеу адамдарға неліктен жеңіл болады?

2 .Жұмысшылар заводта не істейді? Олардың жасап шығарған өнімдері неге пайдаланылады?

3. Жұмысшылар еңбегінсіз адамдар өмір сүре ала ма?

М.М. Пришвин. «Алтын шабындық»

1. Сен гүлге оранған шабындықты көрдің бе?Ол сұлулығымен сені қызықтырды ма?

2. «Алтын шабындық» баланы (әңгіме айтушыны) несімен таңырқатты?

3. Бала бақпақ гүлдерін немен салыстырды? Неге?

4. Неліктен батпақ ең адемі гүлдердің бірінен саналады?

М.М. Прившин. «Кірпі»

1. Кірпі сендерге неліктен ұнады? (Ол еңбек сүйгіш: өзіңе жақсылап ұя салып алады, азық қорын жинайды; адамдарға пайдалы - тышқан аулайды. Кірпі сенгіш және адамдар өзіңе қайырымды болған кезде, ол адамға үйір: адам қолынан сүт ішіп, нан жейді).

2. Сендерге әңгімеші (М.М. Прившин), оның кірпіге қатынасы ұнады ма? Аңды өзіңе үйірсек ету үшін, өзіне бойын үйрету үшін ол не істейді? (Балалр автордың кірпі жөніндегі мінез – құлқын суреттеп, оның кірпіге қайырымды екенін көрсетуге тиіс).

Сұрақтар

1 .Тәрбиеші үшін қайталап айтуға үйрету әдісін меңгеру дегеніміз не? қайталап айтуға үйрету балалар тілінің монологтық формасын дамытуға неліктен жәрдемдеседі?

2. Көркем шығармаларды қайталап айту кезінде тәрбиеші балаларға қалай көмектеседі?

3 .Қайталап айту кезінде балаларға көмектесетін сұрақтардың типтерін атап шығыңыздар?

Практикалық сабақтар

1 – тапсырма. Сөз тіркесінің соңғы сөзіне сұрақтар дайындаңыздар, яғни екі жастағы балаларға арналған күлдіргі тақпақтар мен өлеңдердң бірге қайталап айтуға дайындалыңыздар: «Жайма шуақ ашық күн» (күлдіргі тақпақ), А.Барто, «Кішкене аюды еденге құлатып алды», А.Барто. «Терезеден күннің көзі сығалап».

2- тапсырма. Еске түсіретін сұрақтар дайындаңыздар, яғни 3 жастағы балаларға арналған өлеңдер мен ертегілерді «Шалқан» (ертегі), Л.Толстойдың «Розаның күшігі болған», О.Высоцкаяның «Қараңдар,қараңдар, Митяның жалауы қандай» өлеңдеріне сұрақ қояға дайындалыңыздар.

3- тапсырма. 4 жастағы балаларға арналған «Маша мен аю» (М.Булатов өңдеген ертегі), С.Капутикяның «Мащаның түскі тамағы», Н.Забиланың «Ясочканың бақшасы», Н.Калининнің «Жазда» атты әңгімелеріне тікелей және жетекші сұрақтар әзірлеңіздер.


4 – тапсырма. Шығарма тексін мағынасына қарай үзінділерге бөліп, ертнгілер мен әңгімелерге бірнеше тікелей сұрақтар дайындаңыздар, яғни 5 жастағы балаларға қайталап айтуды үйрететін Л. Толстойдың «Ақылды торғай», З. Александрованың «Иә» атты қызбен «Жоқ» атты бала», Я. Гайцтың «Тіл алғыш жауын», А. Кононовтың «Ленин мен бала», Е. Чарушиннің «Шымшық» атты шығармаларының жеке бөлімдеріне жоспар құрыңыздар.

5 - тапсырма. 6 жасар балаларға қайталап айтуды үйретуге арналған «Құйыршық» (ертегі), «Үш торай» (С. Михалков өңдеген ағылшын ертегісі), З. Александрованың «Барлаушы», Б. Житковтың «Сең үстінде», Е. Пермяктың «Жылдам кездік», К. Ушинскийдің «Таңғы нұр» әңгімелеріне нұсқау – сұрақ әзірлеңіздер.

6 – тапсырма. 7 жастағы балаларды ойлауға үйрететін көркем шығармалар: В. Одоевскийдің «Мороз Иванович», П. Бажовтың «Күміс тұяқ», А. Қононовтың «Кашиноға сапар», С. Маршактың «Белгісіз батыр туралы әңгіме», А. Бартоның «Вовка – қайырымды жан», В. Осееваның «Сиқырлы сөз» шығармаларына барлаушы сұрақтар әзірлеңіздер.


§ 2 . Әңгімелеп беруге үйрету


Тәрбиеші балаларды өз өмірлерінде кездескен оқиғалар туралы әңгімелеуге; бұйымдарды, өсімдіктерді, хайуанаттарды немесе олардың ойыншықтарын сипаттауға; қозғалатын және қозғалмайтын суреттерді (диафильмдер, диапозитивтер, бір сюжеттегі картиналар,) кинофильмдер туралы әңгімелеп беруге үйретуі тиіс.

Осыған байланысты балалар әңгімелеп беруін былайша жіктеуге болады:

  1. оқиғалар туралы әңгімелеп беру: а) дәл қазір болған, б) ертеректе болған;

  2. заттар туралы әңгімелеп беруге (бұйымдар, өсімдіктер, хайуанаттар); а) жаңадан көргендері, б) есінде қалғандары;

  3. сурет бойынша әңгімелеп беру: а) қозғалмайтын; б) қозғалатын – белгілі мазмұн беретін сериялар (типографиялық әдіспен орындалған, диапозитив түрінде, диафильм немесе кодопозитив түрінде);

  4. кинофилмьдер бойынша әңгімелеп беру.

Жоғарыда аталған әңгімелердің түрлері – оқыту мақсатына қарай суреттеу, баяндау немесе жеңіл – желпі пікір айту түрінде де орындалуы мүмкін.

Әңгімелеп беруге де балаларды әңгіме өткізгендегідей әдіспен дайындайды: әңгімелеп беретін затты балалар түгел танып білуі керек (өлшемі, түрі, түсі, иіі, дәмі, дыбысы, қимыл тәртібі және т.б.); заттың барлық түрін атап айту үшін, балаларда сөздің, грамматикалық формалардың, қоры болуы керек. Демек, әңгімелеп беруге жаттықтыру алдында лексикалық, грамматикалық (керек болғанда - фонетикалық) тілмен өзара әңгімелесу жаттығулары өтілген болу керек. Мысалы, жоғарыда өтіп кеткен малақай туралы, аспаздың қызметі туралы, балалардың өздерінің жерге көшеттер отырғызуы туралы – осылардың бәрі: балалардың айтар әңгімелерінің (сипаттау, баяндау және пікір айту) өзегіболуымүмкін.

Әңгімелеп берудің арнайы мақсаты (қайталап айтудың мақсатындай) – балалардың монологтық сөзін дамыту.

Әңгімелеп беруге оқытуды тәрбиеші бірнеше сұрақтар тізбегінің көмегімен, яғни баланың баяндап, суреттеп немесе өз пікірімен айтуының логикалы болуын қамтитын жоспар арқылы жүргізеді.

Әңгімелеп беру жоспары қарапайым, яғни ұзын тізбекті сұрақтардан тұратын болуы да мүмкін немесе күрделі, яғни сұрақтар тізбегі қосымша тармақтарға (еске түсіру немесе жетекші сұрақтар) бөлінген болуы да мүмкін. Әлбетте, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты сабақ әр топта әр түрлі өтеді, балаларға қойылатын талаптар да әр түрлі.

Бес жастағы балалармен: Үй қояны туралы әңгіме (сипаттау).


Тәрбиеші балаларды үй қояны отырған торға әкеліп, оны тамақтандыруға және әрқайсысына оның жүнінен сипауға рұқсат етеді.

Сабақты сол жерде балалар бақшасының хайуанаттар мүйісінде бастаса да болады. Әңгіме жоспарын топтың балаларының бәріне береді (балалар жауап беруге әзір болғанда, кезекпен 3-4 баладан шақырылады):

  • Балалар біздің қоянымыз туралы кім жақсылап айтып береді:

  1. Ол қайда тұрады? 2) Оның жүні қандай? 3) Құлағы қандай? 4) Көзі қандай? (Бұл өлшемді жоспар).

Жауап беруге сөйлеу қабілеті төмендеу баланы шақырып, тәрбиеші оған өзі көмектесуі керек: әуелі бір сұраққа жауап бергізу керек те, қосымша жетекші және еске түсіретін бірнеше сұрақтар қойып отырған жөн.

  • Толенька, сен әуелі қоянның жүні қандай екенін айтшы: а) Оның түсі қандай? ә) Сипағанда қандай болады? (Жетекші сұрақтар) немесе а) Оның жүні ақ қой, а? б) Ол мамықтай жұмсақ па? (Есіне түсіретін сұрақ). Алайда тәрбиешінің баламен әңгімесі диалог сөзге айналып кетпей, монолог түрінде сипаттау болып шығуын қадағалау керек: «Біздің қоянның жүні аппақ, жұп-жұмсақ, мамықтай». Егер баланың сөйлеуі өте нашар болса, онда оны тәрбиешінің немесе басқа бір жақсы сөйлейтін баланың айтқанына еліктеуіне үйрету керек:

  • Толенька қоян туралы Витяның қалай айтқаның естідің бе? Енді сен де олай айтып көрші. Міне, қазір сен мүлде жақсы айттың!

Ересек топтағы балалар үшін әңгіме тақырыбы күрделі болуы мүмкін: сұрақтар тізбегі ұзағырақ болады.

Мысалы: 5) Қоян не істеп жатыр? (Табанын қосып, құлағын арасына қайырып қойып, сәбізді жейді. Мұртын қозғап қойып, бізге қып-қызыл көзімен алма кезек қарап қояды және т.б.) 6) Оны кімдер күтіп бағады? 7) Өзі әлсіз әрі қорғансыз қоянды ешкім қарамаса, уақытында тамақ бермесе, су ішпесе, тордың ішін тазалап тұрмаса, оған не болар еді? Және т.б.

Алты жастағы балалармен. Балалардың аула тазалаушыға қар күреуге көмектескендері туралы әңгімелеп беру (баяндау).

Жоспар: Біз (балалар) аулаға шыққанда, Николай Захарович (аула сыпырушы) неістеп жүрді? 2) Бізкүректерді қайдан таптық? 3) Сен күрегіңмен қарды қай жерден күреп, қай жерге тасыдың?

Бұндай тақырыптарда жоғары топтағы балалар үшін жетекші сұрақтр да, еске түсіруші сұрақтар да қажетсіз. Егер осы тақырыпты орташа топтағы балаларға ұсынса, онда оларға жетекші сұрақты да, еске түсіруші сұрақты да жоспардың барлық пунктіне қою керек болады. Жоспардың 1-пунктіне жетекші сұрақтар: а) Николай Захарович қолына не ұстап тұрды. б) Ол әуелі күрекпен не істеді? в) Сосын ол қарды қайда тастады? Және т.б.

Жоспардың 1-пунктіне жетекші сұрақтар: а) Николай Захарович үлкен ағаш күректі ұстады ма? б ) Ол алғашында қарды жол үстінен жинап, үйді ме? в ) Онан соң ол қарды күреп алып, жол жиегінен асырып тастады ма? Және т.б.

Мектепке даярлайтын топтағы балаларға бұл тақырыбта (немесе осыған сәйкес тақырыпта) сұрақтар қою арқылы қиындата түскен дұрыс, әңгіме кейіпкерінің еңбегіне баға беру аула тазалаушы еңбегін механикаландыратын құралдарды білуге тырысу сияқты болуы керек.

Мысалы: 4)Адамдарға аула тазалаушының қандай пайдасы тиеді? Қалаларда аула тазалаушыларсыз тұру мүмкін бе? 5) Қаланың көшелерін, алаңдарын, аулаларын қандай арнаулы машиналар жинайды? (Қар жинағыш, су себетін, шаң соратын т.б.).

Жеті жастағы балалармен. Судың қасиеті туралы әңгімелеп беру (ойлану).

Жоспар: 1) Менің алақаныма түскен қар ұшқыны не болды? 2) Қар ұшқыны неліктен еріп кетті, яғни неліктен суға айналып кетті? 3) Егер қардың ұшқыны жылуға еріп кететін болса, үлкен кесек қарды (яғни көптеген қар ұшқындарын) жылы жерге әкеліп қойса (мысалы, шелекке салып, пеш үстіне қойса), не болады?

Бұл тақырыпқа пікір айтуды, егер олардың дайындықтары жақсы болса, орта топтағы балаларға да ұсынуға болады.

Әңгімелесу сабақтарында балаларға үнемі бұрыннан таныс өлеңдер, ертегілер, мақалмен жұмбақтарды еске түсіріп отырған дұрыс, бұл балаларды тез әсерлендіріп, әңгіменің айтылу мәнерін күшейте түседі.

Жоғарыда келтірілген монолог түрінде сөйлеуге үйрету жөніндегі үлгі сабақтар нақты объектілерге сүйенетін тәсілдердің көмегімен әңгімені құрастыру үстінде (балалардың өздері бақылаған қоян туралы әңгімелеп беру) және нақты нәрсені еске түсіру (аула сыпырушының жұмысы туралы әңгіме) арқылы жүргізіледі.

Суреттен көргендерін әңгімелеп беруді балалар тиісті картиналарды: статикалық және қозғалмалы суреттерді көру процесінде үйренеді.

Статикалық картиналар – сипаттауға арналған дидактикалық материал: оларда бейнеленген заттар немесе іс-әрекеттер туралы әңгіме бір уақыт ішінде жүргізіледі.

Қозғалмалы картиналар (типографиялық сериялар, диафилмьдер, кодопозитивтер және т.б.) баяндауға арналған дидактикалық материал: оларда бейнеленген заттар немесе іс-әрекеттер туралы әңгіме бір-бірін өз ретімен ауыстырып отыратын оқиғаларды жаңғырту болып табылады.

Ал пікір айтуға арналған материалға неге? (қандай да бір оқиғалар болған) немесе қандай жағдайда (заттың қандай да бір белгілері бар) деген сұрақтар қоюға болатын картиналардың қай – қайсысы да жарай береді.

Дидактикалық материал ретінде балалар ұғымына жеңіл, жекелеген объектілерге оңай бөліп алуға, олардың өзара қарым – қатынасын анықтауға болатын, композициясы оңай статикалық картиналар пайдаланылады. Осындай картиналардың топтамалары («Біздің Таня», «Біз ойнаймыз», «Үй жануарлары», «Жабайы хайунаттар», «Жыл маусымдары» және т.б. топтамалар) балалар бақшасы үшін арнайы шығарылады.

Қозғалмалы картиналар «Бүктемелі кітапша» сериясымен шығарылады (мысалы: «Аққу қаздар», «Үйшік»), бұлар балалар бақшасының кітапханасында қажетті мөлшерде әрдайым табылады. Бұлармен методикалық жұмыс сол кітапшаның формасына қарай анықталады. Балаларға белгілі орыс және совет жазушыларының ертегілері мен әңгімелеріне салынған суреттер – диафилмьдер мен диапозитивтер – балаларды монолог түрінде сөйлеуге үйретуге өте ыңғайлы. Балалар оларды қайта – қайта қарап шығады, алдымен – түсіндірме сөздерді (тәрбиешілер немесе ата - аналар) оқиды, одан кейін түсіндірме сөздерді оқу әрбір кадрдың мазмұнын балалардың өздерінің айтуымен ауыстырылады.

Егер балаларға (ереек және мектепке даярланатын топтардағы) диафильмдер көргенде проекциялық фонарьлармен (жалпы «техникамен») өздері пайдалануға рұқсат етілсе, олардың жаттығуға ынтасы артады, демек, балаға тигізер пайдасы өте үлкен.

Тәрбиеші ата – аналарға кітапханалар мен фильмотекаларын кітапшалар мен диафильмдердің түрлерімен толықтыруды және өз балаларының картинкалар мен иллюстрациялар бойынша айтқан әңгімелерін байыпты түрде тыңдап отыруды ұсынады.

Сонымен, әңгімелеп беруді үйрету нақты объектілерге сүйену, еске түсіруге, картиналарға сүйену тәсілдерінің көмегімен жүргізіледі.

Монологқа (баяндауға, суреттеуге, пікір айтуға) үйрету процесі мынадан тұрады: тәрбиеші, біріншіден, жоспардың (сұрақтар тізбегі) көмегімен тақырыптан алшақтамауға, оқиғаны логикалық тәртіппен айтып беруге жәрдемдеседі, екіншіден, әңгіме айтушы сөзінің эмоциялық жағынан әсерлі шығуына қамқорлық жасап, оған тиісті интонацияларды айтады және өлеңдерден, ертегілерден, жұмбақтардан, жазушылардың әңгімелерінен осы тақырыпқа лайықты үзінділерді ұсынады.

Сұрақтар

    1. Балалар әңгімелерінің қандай түрлері болуы мүмкін?

    2. Әңгімелеп беруде үйретуде тәрбиеші қандай тәсілдер қолданылады?

    3. Әңгімелеп бруге үйретудің процестері қандай? Әңгіме айтушыға көмектесу үшін қойылатын сұрақтардың түрлері қалай жіктеледі?

    4. Балаларды картина бойынша әңгімелеуге үйрету қалай өтеді?


§ 3. Ойдан құрастырып айтуға үйрету

Монолог сөз түрлерінің бірі, бұрын айтылғандай, қиялдаудан туған ауызша құрастырып айту болып табылады. Қиялшыл сәбилер картинканың басына не аяғына өз ойларынан әр нәрсені қосып алады, яғни картинкада көрген оқиғалардың алдында не болғанын немесе соңынан не болатынын ойдан құрастырып отырады; өздеріне таныс ертегі мен әңгімелерді геройларын өзгертіп (1-жақтың атынан әңгімелесу), жыл маусымдарын өзгертіп т.с.с. контаминация жасайды; өздері ертектер мен әңгімелер құрастырып айтуға әуестенеді. Демек, балалардың ойдан шығарып айтуын мына түрлерге жіктеуге (бөлуге) болады:

  1. картинка бойынша творчестволық ойдан құрастыру,

  2. көркем шығарма тақырыбына контаминациялар,

  3. еркін құрастыру:

а) ертегілер, б) әңгімелер.

Картинка бойынша творчестволық ойдан құрастыруды ересек және мектепке дайындайтын топтағылармен жүргізу ұсынылады. Тәрбиеші «Тоғайға саңырау – құлақ теруге барғанда» деп аталатын картинаны іліп қояды. Онда орман іші, ұлдар мен қыздар қолдарына шетен ұстап орманға кіріп келе жатыр, олардың жанында иттері бар. Балалар суретті қарап танысады.

Тәрбиеші оларға:

  • Балалар! Суреттегі сол жақ шетте тұрған балаға орманға бармас бұрын не болғаны туралы кім әңгіме ойлап шығарады. Оның аты кім, балалар оны орманға баруға шақырғанда ол өзінің мамасына не айтты, мкмасы оған қандай жауап қайтарды, жолға не берді (бәлкім оның шетенінің түбінде ертеңгілік тамақ жатқан болар?). Мүмкін, ол кетерде мамасы үйде болмаған шығар, оны атасы мен әжесі шығарып салған болар. Осының бәрін көз алдрыңа елестетіп, сосын бізге айтып беруге тырысыңдар.

Бірер минуттан соң тәрбиеші «ойдан құрастырушылардың» біреуін шақырады, қалған балалар тыңдап болып, оның жауабына баға береді.

Сондай-ақ суреттегі кейіпкерлердің бәрі туралы, тіпті ит туралы әңгіме ойлап шығаруды ұсынуға болады.

Әңгіме суреттегі кез келген нәрсе туралы: шетен туралы (оны кім, қашан жасаған, мына баланың қолына қалай тап болды); жолдағы ағаштар туралы (оны кім, қашан, қандай жағдайда отырғызған). Орманда балаларға кім, не кездескені (адамдар немесе аңдар), кездескен уақытта олар өздерін қалай ұстайтыны туралы да болуы мүмкін. Балалардың бұл жорығы немен аяқталады, оларды үйлерінде қалай қарсы алады т.с.с. туралы да ойдан құруға болады.

Көркем шығарма тақырыбына контаминация. Балалар өздерінің ұнамды геройларға кездескен жағдайларға өздері тап болғандай сезінетін, олардың іс - әрекеттерін өздеріне таңып, әңгіме айтқанда авторларды өздерінше «жөңдеп», оқиғаларды творчестволықпен ой елегінен өткізетіні, кейіпкерлердің белгілі жағдайлардағы мінез – құлықтарын өздерінше өзгертіп («Егер мен болсам...») отыратыны белгілі.Олардың мінез – құлықтарында игі қасиеттер тәрбиеленуі үшін, сондай – ақ сөйлеу қабілетінің дамуы – монолог сөзге үйрету – үшін балалардың бұл ерекшеліктерін, әлбетте, орынды пайдалану қажет. Тәрбиешінің немесе туысқандарының біреуінің өтінішімен қанағаттанған олар рахаттанған сезімде қиялдай бастайды, өз қиялында Василиса Премудрая, Мария Моревна, Иван – ханзада, Буденный, Чапаев, Юрий Гагарин болады. Әрине, олардың ешқайсысы да Кощей Бессмертный, жауыз өгіз шешенің қызы немесе фашист болғылары келмейді. Бұл жақсы да: демек, балаларға жауыздық жиіркенішті. Ертегі мен нақты өмірдегі әдемілік пен қайырымдылыққа қарсы қойылған жауыздықпен зұлымдық образдардың тәрбиелік мәні зор.

Ойдан шығару – контаминацияға үйретудің методикасы оңай: баладан белгілі бір ертегіден үзіндіні қайталап айтуды немесе оқиғаның бәрі өз басынан өткендей өз атынан әңгімелеп беруді талап етеді. Тәрбиеші «шығарманың» бағытына ниеттес көңілмен қадағалап отырады, бланың әр сөзіне сенетіндей түр көрсетеді, сөйте отыра оның сөз мәнерін бақылап, жай ғана жөндеу енгізіп қояды.

Бұл сабаққа шығарма таңдап алудың мәні зор, себебі бала оның басты қаһармандарының жағымды ерекшеліктерін қалап алатындай болуы керек: баланың бұл жастағы ұққандары өмір бойы есінде қалады.

Еркін құрастыру дегеніміз – балаға бір ертегіні немесе «болуға тиісті бір оқиғаны» ойдан шығарып айтуға толық еркіндік беру. Бұған әдейі үйретудің қажеті жоқ, бірақ та еркін (өздігінен) құрастыру қабілетіне баланың тілін дамытудың бүкіл жүйесімен балалар бақшасында да, үйде де дайындай береді. Бала сөйлеу тіліне неғұрлым жақсы дайындалған болса, оның қиялдау қабілеті де, творчестволық қабілеті де соғұрлым жақсы дамиды.

Лексикасы бай, грамматика тұрғысынан да дұрыс, ал ең бастысы – логикалық жүйеге құрылған және мәнерлі әңгімені – өз бетімен құрастыру алты – жеті жастағы балалардың қолынан келеді. Бұдан кішірек жастағы балалардың ойдан құрастыруы - өздеріне таныс көркем шығармадағы бір – бірімен логикалық байланысы жоқ бейнелер жиынтығы болып шығады.

Кішірек жастағы балалардың еркін құрастыруға қабілеті жетпей жатқанын нормадан ауытқу деп есептеуге болмайды, бұл табиғи нәрсе және ол балалардың ойдан құрастыру қабілетінің әлі дамып жетілмегендігі деп ұғу жөн. Ойдан құрастыруға дайындық қайталап айтуға жаттығу болып табылады.

Сұрақтар

  1. Балалардың ойдан құрастыруын қалай жіктеуге болады?

  2. Балаларды ойдан құрастыруға дайындау дегеніміз не?

Практикалық сабақтар

1-тапсырма. Тәжірибелі тәрбиешілердің балаларды әңгімелеп беруге үйрету сабақтарына қатысыңыздар. Оны конспектілеңіздер және талқылаңыздар.

2-тапсырма. Магнитофонның көмегімен әр түрлі жастағы балалардың әңгімелерін: бақылаған зттардың сипаттамасын, оқиғалар жайлы айтқан әңгімелерін жазып алыңыздар: ол әңгімелерді мына схема бойынша талдаңыздар. 1) баяндау жоспарының логикалылығы, 2) грамматикалық, фонетикалық, лексикалық жғынан сөздердің дұрыс қолданылуы; 3) әңгіменің, оның лексикалық құралдарының естілу мәнері (эмоциялық бояуы), 4) тәрбиеші көмегі қажет болды ма (тура сұрақтарды қайталау, жетекші немесе еске түсірушісұрақтар)?

3-тапсырма. Магнитофонның көмегімен әр жастағы балалардың еркін тақырыпқа құрған әңгімелерін жазып алыңыздар, оларды схема бойынша талдаңыздар: 1) сөздерінің дұрыстығы, 2) ойдан құрушы бала сөзінің эмоциялылығы, 3) сюжет таңдаудағы дербестік мөлшері, өздеріне таныс шығармалардан контаминация элементтері бар ма?

4-тапсырма. «Дошкольное воспитание» журналынан мақалалар рефератын құрыңыздар.

Иваненко А. Обучение рассказыванию – 1967, 1.

Илларионова Ю.Г. Использование загадок в детском саду – 1972, 11.

Короткова Э.П. Воспитать интерес к творческому рассказыванию. – 1973,

6,7.

Кузина Н.И. Формирование объяснительной речи старших дошкольников –

1973, № 5.

Ушакова О.С. Развитие словесного творчества детей 6-7 лет.- 1972, № 9.

5-тапсырма. Төмендегі шығармалардың жеке оқытушы көрсеткен

Бөлімдеріне реферат жазыңыздар.

Короткова Э.П. Беседа в детском саду. М., «Просвещение», 1965.

Поддьяков Н.Н., Кузина Н.И. Исследование рзвития объяснительной

Связной речи у дошкольников. «Умственное воспитание дошкольника»

Атты кітапта.М., «Педагогика», 1972.

Шибицкая А.Е. Вилияние русского фольклора на сочинение сказок детьми,

  • «Художественное творчество и ребенок » атты кітапта.М., «Педагогика»,

1972.

6-тапсырма. Төмендегі оқу құралдарын пайдалана отырып, балаларға

Картиналар бойынша әңгімелеп беруге арналған 2-3 сабақтың конспектісін

Жазыңыздар:

Веретенникова С.А. Домашные животные, М., «Просвещение», 1975.

Меньшикова П.С. Дикие животные. Наглядные пособия для детских садов»

М., «Просвещение», 1971.

Соловьева О.И. Говори правильно (альбом по развитию речи), М.,

«Просвещение», 1966.



IX тарау БАЛАЛАРДЫ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТПЕН ТАНЫСТЫРУ


§ 1. Көркем әдебиеттің балалардың сана – сезімін тәрбиелеудегі және сөйле қабілетін дамытудағы рөлі

Көркем әдебиет шығармалары балалар алдында адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады.

Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану – қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл – принципшілдік, адалдық, нағыз азаматтық қасиеттердің қалыптасу негізі. «Сезім – білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді де», деген болатын В.Г. Белинский.

Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін түсініп, оны ұғу процесінде дамиды. Көркем шығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге көмектеседі, қоршаған ортаны эстетика тұрғысынан қабылдауға, сонымен бірге этикалық (адамгершілік) түсінігінің қалыптасуына көмектеседі.

Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық творчествосының ең кішкене түрлері – тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір мысқыл, тілінің көркемдігі – шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.

Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы – халық. Халықтың шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында кездеспейтін, естілуі басқа шығармалардың ешқайсысында кездеспейтін, естілуі жөнінен бір – біріне ұқсас, ажыратып айтуға қиын сөздердің тамаша орналастырылуының өзі балалар ұғымына өте жеңіл тиеді. Сондай – ақ жеңіл қалжынды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар – педагогикалық әсер берудің ең тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық, эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы «дәру».

Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерге де өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.

Эстетикалық, әсіресе адамгершілік ( этикалық) жайындағы түсінікті балалар тәрбиешілердің оқылған шығармалар бойынша айтқан ақыл - ой, пікірлерінен емес, нақ осы көркем шығарманың өзінен алуға тиіс. «Педагог оқылған шығармалардан орынды – орынсыз моральдандыра беру үлкен, көбіне түзетуге келмейтін зиян келтіретінін есіне сақтауы тиіс.»Көптеген сұрақтар қоюмен «бөлшектеніп» кеткен шығарма балалардың көз алдында барлық әсемдігін жояды, оған ынта келмейді. Көркем тексттің тәрбиелік мәніне толық сеніммен қарау керек.

Сөздің пәрменділігі туралы К.Д.Ушинский былай деп жазған болатын: «Бала ана тілін үйрене отырып, шартты дыбыстарды ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар ана тілінің қайнар бұлағынан рухани тіршілік пен күш алады.Ана тілі оған табиғатты түсіндіреді, ал мұндай дәрежеде бірде – бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді; ана тілі баланы төңірегіндегі адамдардың мінез – құлқымен, өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, оның тарихымен және алға ұмтылыстарымен таныстырады, ал мұндай дәрежеде бірде – бір тарихшы таныстыра алмаған болар еді, ана тілі оны халықтың сенімдері мен халық поэзиясына жетелейді, ал мұндай дәрежеде бірде – бір эстетик істей алмас еді: ақырында, ол бірде – бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық түсініктер мен философиялық көзқарастарды бере алады.» Ұлы педагогтың бұл айтқан сөзінде ана тілін үйренуден шығатын нәтиже ғана емес, оны оқып үйренудің әдістері де көрсетілген: бұл «көп нәрсе үйретіп қана қоймай; сонымен бірге, соны аса жеңіл әлдеқандай әдіс арқылы оп – оңай үйрететін» «тіл - ұстазға» деген сенім.

Сонымен, берілген көркем шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып, тәрбиеші балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.


Сұрақтар

  1. Өсіп келе жатқан адамның сезімін тәрбиелеу неліктен қажет? Бұл туралы В.Г. Белинский не айтты?

  2. Көркем шығармалармен танысу балаларға не береді?

  3. Әр жастағы балалар халық творчествосының көркем шығармаларымен және авторлық шығармалармен қандай жүйе бойынша танысады?

  4. Көркем шығарманы оқыған кезде орынды – орынсыз моральдандыра берудің зияны неде? Баланың сезімі мен ойлау қабілетін дамытудағы ана тілінің рөлі туралы К.Д.Ушинский не айтқан?


§ 2. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру сабақтарын жүргізу

Сабақты ұйымдастыру

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» балаларды көркем шығармалармен таныстыруды арнайы сабақтар жүргізумен де, сабақтан тыс уақыттарда да (ойнап жүргенде, сахналық ойын көрсету уақытында, кітаптар бұрышында т.с.с.) жүргізуді ұсынады. Арнайы сабақтарды тәрбиеші балаларға оқып немесе әңгімелеп бере алады. Оған кітаптан оқып беруге де, жатқа айтуға да болады.

Мұндай сабақтар өткізудегі міндеттердің бірі – балаларды дауыстап оқушыны немесе әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Басқаның сөзін тыңдап үйренгенде ғана балаларда оның мазмұны мен формасын есте сақтау қабілеті жетіледі, әдеби тілдің нормаларын үйренеді.

Өте кішкентайлар мен кіші жастағы балаларға тәрюиеші негізінен жатқа (тақпақтарды, қысқа өлеңдерді, әңгімелерді, ертегілерді) айтады, ал орта және ересек топтағы балаларға көлемі едәуір өлең түріндегі және прозалық ертегі, әңгіме, повестерді кітартан оқып береді.

Тек прозалық шығармалар – ертегі, әңгіме, повестер ғана әңгімеленеді.

Балаларға арналған көркем шығармаларды жаттап алу, оны мәнерлеп оқи білу – тәрбиешінің сол мамандықты меңгергендігінің басты белгісі.

Балаларды көркем шығармалармен таныстыру сабақтарын олардың жас айырмашылықтарына байланысты жүргізуді тәрбиешілер әр түрлі ұйымдастырады:

өте кішкене балалардың әрқайсысымен жеке – жеке немесе 2-6 адамнан тұратын топтарға бөліп өткізеді;

кішірек жастағылар тобын оқығанды немесе әңгімелегенді тыңдай білу үшін екіге бөліп өткізеді;

орта және ересек топтағы балалармен сабақ бір мезгілде әдеттегі орында өткізіледі.

Оқу үстінде керек болатын көрнекті құралдарды: ойыншықтарды, картинаны, портретті балаларға үлестіріп беретін суретті кітапшаларды және тағы басқаларды тәрбиеші сабақ басталмас бұрын әзірлеп қояды.

Оқып беру немесе әңгімелеп беру – үйрету сипатында болу үшін, кішкене жастағы балаларды сөйлеуге машықтандырған кезде қолданылатын ережелерді толық сақтап отыру қажет, яғни балалар тәрбиешінің даусын естумен бірге оның жүзін, бет қимылын, артикуляциясын көріп отыруға тиіс. Тәрбиеші кітаптан оқып тұрған кезде кітап текстіне ғана емес, сонымен бірге әлсін - әлсін балалардың бетіне қарап, олармен көз ұшырастырып отыруға, сөйтіп, оқып отырған шығарма оларға қандай әсер тигізіп тұрғанын бақылап отыруға үйренуге тиіс. Кітапты оқып тұрған кездің өзінде балаларға қарай білуге дағдылану үшін, тәрбиеші табанды түрде жаттығуы керек, бірақ нағыз тәжірибелі оқытушы да жаңка шығарманы әзірліксіз бірден дұрыс оқып кете алмайды, ол үшін күні бұрын дауыстап оқып, жаттығып алу керек.

Бір сабақта бір жаңа шығармамен бірге балалар бұрын естіген бір-екі шығарма қоса оқылады. Балалар бақшасында шығарманы бірнеше рет қайталап оқу міндетті. Балалар өздері білетін әңгімелерді, ертегілерді, өлеңдерді қайталап тыңдауды ұнатады. Эмоциялық толқыныстарды қайталау балалардың қабылдауын кемітпейді, керсінше, шығарма тілін мейлінше жақсы меңгеруіне себепші болады, яғни кейіпкерлердің қылығын, оқиғаларды тереңірек ұғынуына көмектеседі. Балалардың өте кішкене күнінен бастап – ақ өзіне ұнамды кейіпкерлері, жақсы көретін шығармалары бола бастайды, сондықтан да шығарма қайталап оқылған сайын, сол кейіпкерлермен қайта кездесу оларды өте қуантады.

Кішірек жастағы балаларға бірнеше рет оқылатын шығарма көлемі «Балалар бақшасындағы тәрбие программасындағы» сол жастағы топтың сабағына берілетін уақытқа лайықты таңдалып алынады. 2 немесе 3 сабақ бойы өткізілетін көлемді шығармалар тек ересек және мектепке дайындайтын топтағыларда өтіледі.

Балалар бақшасында көркем шығарманы оқу және әңгімелеп беру белгіленген жоспармен (әрбір топта жұмасына бір рет) саяси – қоғамдықоқиғалар, сондай-ақжылуақыты ескеріліп өткізіледі.

Балаларға оқып беру (әңгімелеп беру) сабағын ұйымдастырудың негізгі ережесі – оқып беруші мен тыңдаушылардың көтеріңкі әсерде болуы. Көтеріңкі көңіл күйді тәрбиеші қалыптастырады: балалардыңалдында кітапты ұқыптыұстап көреді, оның авторын құрметпен атайды, не туралы оқитынын немесе әңгімелеп беретінін бірнеше кіріспе сөздермен баяндап, балалардың назарын аударады. Тәрбиешінің оқымас бұрын әр түсті боялған мұқабалы кітапты жақсылып көрсетуі де олардың көтеріңкі көңілмен тыңдауының бір себебі бола алады.

Қайсыбір жағдайда орта және ересек топқа оқып берудің алдында балалардың өмірінде кездескен бір оқиғадан үзінді келтіру арқылы олардың өз тәжірибесіне де сүйенуге болады:

Ол оқылғалы отырған кітапқа сай немесе тіпті оған қарсы қойылған оқиға болуы керек. («Балалар орманда біз кірпі көргеніміз естеріңде ме? Міне, жазушы Михаил Михайлович Пришвин де орманда кірпі кездестірген. Тыңдаңыздарыншы ол туралы жазушы тамаша әңгімелейді!» Немесе «Леночка, сен өзіннің кішкене інішегіңді жақсы көресің бе?.. Ал сен ше, Таня?.. Мына кітапта өзінің кішкентей інісін өте жақсы көретін бір қызтуралы жазылған, бірақ... оны қаздар алып кетіпті!» Немесе: «Біздің топта жуынуды жек көретін балалар бар ма? Жоқ қой ондайлар бізде! Бізде бәрі де ұқыпты. Бір бала өте салақ болыпты. Ой, өзі десазайын тартты – ау! Біз қазір ол туралы анық білетін боламыз».) Әңгімешінің түрі мен даусы балаларға қазір мәселе не қызғылықты немесе әсерлі болатынын аңғартуы тиіс.

В.И.Ленин туралы шығармларды оқу ерекше салтанатты өтеді. Балаларды көсемнің қызыл матамен, гүлмен өрнектелген портретінің тұсына отырғызған жөн. Тәрбиешінің бұл адамға деген сүйіспеншілігі мен құрметі балаларға берілуі үшін оның даусы салтанатты әрі тебірене шығуы керек.

Көркем шығармаларды оқыған кезде тәрбиеші оны үзбей оқуы керек (түсінік сөздер тек танымдық шығармаларды оқыған кезде рұқсат етіледі). Балалар түсінігіне қиын тиетін сөздерді алдымен түсіндіріп алған жөн.

Әрине, балалар шығарма тексін түгел түсіне алмауы иүикін, бірақ онда білдірілген сезімдерді: қуанышты, қайғыны, ашу – ызы, өкінішті, одан кейін таңдану, сыйлау, қалжыңдау, мазақтау т.б. сезе білулері керек. Көркем шығармада бейнеленген сезімдерді ұғына отырып, балалар оның тілін де үйренеді; тіл үйренудің және тілдіксезімді немесе тіл сезімталдықты дамытудың негізгі заңдылығы осындай.


Сұрақтар

  1. Балалар бақшасында көркем шығармамен таныстыру сабақтары қалай ұйымдастырылады?

  2. Мұндайсабқтар жұмасына неше рет өткізіледі?

  3. Не себепті балалар оқып тұрған тәрбиешінің жүзін көріп отыруы керек?

  4. Бір сабақта неше шығарма оқылуы дұрыс?

  5. Тәрбиеші шығарманы оқуалдында балалардың оған деген ынта – жігерін оятып, көңіл күйлерін қалай көтереді?

  6. Неліктен көркем тексте үзуге, балаларға түсініксіз сөздерді, грамматикалық формаларды түсіндіріп отыруға болмайды?



Оқығанды қабылдап алуды жеңілдетудің методикалық тәсілдері

Балаларға көркем шығарманы тыңдай білуге үйрету, оның мазмұнын ұғып алуға көмектесу үшін тәрбиеші онымәнерлеп оқуға міндетті, сонымен бірге балалардың тыңдау, есте сақтау, түсіну дағдыларын қалыптастыратын қосымша методикалық тәсілдерді пайдалануы тиіс. Ол тәсілдер:

  1. тексті түгел қайталап оқу,

  2. оның жеке бөлімдерін қайталап оқу.

Оқумен қоса мыналар жүргізілуі мүмкін:

  1. балалардың ойын қимылдары;

  2. көрнекті құралдарды пайдалану:

а) ойыншықтарды, муляжды қарау,

б) иллюстрацияларды қарау,

в) тыңдаушылар көңілін нақты объектілерге бөлу.

3) сөзбен көмектесу:

а) балалардың өмірінен немесе басқа бір көркем шығармаларда

кездесетін ұқсас (немесе қарама - қарсы) оқиғалармен салыстыру,

б) оқып шыққаннан кейін, барлаушы сұрақтар қою арқылы («Кейіпкер

неліктен ұнады? Оның орнында болсаң, сен қалай етер едің?» деген

сияқты),

в) жауап берген кейіпкерлер мінезін ашатын теңеу сөздерді еске салу

арқылы (батыр, еңбек сүйгіш, жалқау, қайырымды, ызақор, батыл,

ер жүрек және т.б.).

Бала неғұрлым жасырақ болған сайын оқуды соғұрлым қимылдарымен, көрнекті заттардың көмегімен қоса жүргізгенді ұнатады; ал ересек топтағы балаларға ауызша сөзбен көмек беру пайдалы.


Сұрақтар

  1. Балаларға көркем шығармалар тыңдай білуді жеңілдететін методикалық тәсілдерді санап беріңіздер.

  2. Оқу үстінде қандай көрнекті құралдар және сөзбен көмектесу түрлері пайдаланылады?

  3. Оқу үстінде көрнекті құралдар қайжастағы балаларға керек болады?Қай жастағыларға ауызша сөзбен көмектесу жеткілікті?


§ 3. Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындалуы

Мәнерлеп оқу дегеніміз – оқып тұрған шығармаға көзқарасынды интонация арқылы білдіру, оқылған мазмұнды оның эмоционалдық ықпалы жағынан бағалау болып табылады.

Тіл үйрену заңдылықтарының бірі – сөздің эмоционалдық мәнерлілігін баланың түсінуі екенін еске сала кетейік. Интонациялық мәнерді бала ішкі түйсік арқылы ұғынады. Психологтардың бақылауынша, бала кішкентай кезінде – ақ, өзіне арналған мәнін түсінбей тұрып, оның интонациясының жалпы сипатын (оның жағымды, жағымсыз екенін) біліп, соған лайық жауап қайтарады.

Сондықтан тәрбиешінің мәнерлеп оқуы – бұл бір жағынан, оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу әдісі болса, екінші жағынан – балалардың сезімдерін жетілдіру мен дамыту әдісі.

Белгілі бір жастағы балалардың психикасының эмоциялық дамуының интонация құралдары арқылы жеткен белгілі бір дәрежесі тәрбиешіге балалардың алдағы жаста лексика мен грамматиканың (морфология мен синтаксистың) мәнерлеу құралдарын ұғындыруға көмектесуге мүмкіндік береді.

Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындалуы тексті дикторша оқып шығудан тұрады: тәрбиеші өзін бір уақыт оқылған тексті тыңдаушы орнына қойып, тыңдаушыны не қылатынын (белгілі бір жастағылар) түсінуге тырысады да, олардың тексті дұрыс қабылдауын жеңілдететін әдістерді іздестіреді.






Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог-библиотекарь
Курс профессиональной переподготовки
Библиотекарь
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного ВУЗа»
Курс профессиональной переподготовки «Деятельность по хранению музейных предметов и музейных коллекций в музеях всех видов»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и охраны исторических памятников»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.