Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Методикалық хабарлама "сахна өнері"

Методикалық хабарлама "сахна өнері"

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

МКҚК №3 балалар саз мектебі




«Бекітемін»______________

МКҚК «№3 БСМ»

директоры: М. Ж. Тұяқов








Әдістемелік хабарлама


Тақырыбы: «Ақжелең» аттас күйлер













Дайындаған: Халық аспаптар бөлімінің

домбыра класының оқытушысы

С.Қ.Жұмабаева










05.01.2012 жыл

Күй – халық мұрасы, халық тарихы. Өмір тілі,тарих тілі, көңіл сазы,сезім шырыны.

Күй әуен – сазбен өрілген жыршежіре. Орындаушысы табылғанда ғана күй өміршең.Күй шығарушының нағыз мұрагері - күйші-орындаушылар!

Күй құдірет – күй ғұмыр.

Күй – ұлтымыздың рухани бейнесі.

Күй – қазақ халқының кешегісі мен бүгінгісі, болашағы.

Ғалымдар мен ақындардың, өнер зерттеушілердің күйге берген бұл бағасы, міне осындай!

Замана қойнауынан атадан балаға мирас болған күй өнерінің тылсым - табиғаты мен бітім - болмысы уақыт өткен сайын үздіксіз жаңғырып - жаңалану, үнемі түлеп - толысу үстінде. Қордалы қазынаның ішінде “Ақжелең”, “Қосбасар”, “Қоңыр”, “Толғау”, “Байжұма”, “Жігер”, “Арнау”, т.с.с. аттас күйлердің алатын орны ерекше. Қазіргі кезеңде бұл шығармалардың жанрлық қырын анықтап, жеке жанр ретінде дәлелдеп жазған музыкатанушылар мен орындаушылардың еңбектері баршылық. Күйтану саласындағы еңбектердің ішінде аталмыш мәселелер төңірегінде пікірталастар жүруде, бұл қарама - қайшылықтар аттас күйлердің сарапталуы мен жанр ұғымының анықталуын тығырыққа әкеліп тірейді. Аттас күйлердің жанр ретінде айқындалуы, кейбір зерттеушілердің мағыналық жағынан оған лайықтылығын таңдамай, парықсыз қолдануы бұл ұғымның негізгі мәнін ағат түсінуімен қатар, жоғала бастауына себеп болды. Бір зерттеушілер олардың негізгі атын сақтап жанр деп айтса, кейбіреулері басқаша аталған жанрға жатқызады, мысалы, “Ақжелең” аттас күйлері “ақжелең жанры”, “өмірбаяндық, календарлық жанр”, “ғұрыптық жанр”, “магиялық жанр” болып та келеді. Осы арада күй өнерінде өзіндік жанр ретінде анықталғандарының арақатынасында да теңсіздік байқалады. Мәселенің басын ашып айтсақ, күйдің өзі [1; 2], оның төкпе және шертпе орындаушылық дәстүрлері, тақырыптық сипаты (тарихи, философиялық жанр), функционалдық міндеті (ғұрыптық, магиялық жанр) мәселелерімен қатар, аттас күйлердің де (отызға жуық) жеке жанр болып анықталғанын айтуымыз керек. Сондықтан, қазақтың аспапты музыка өнеріндегі жанр мәселесінің зерттелуі музыкатану (оның ішінде күйтану) ғылымында салмақтап-саралануының өзектілігін көрсетеді. Ізденістер бағыты күй өнеріндегі басқа да теориялық сұрақтардың басын ашты, атап айтқанда, домбыра өнеріндегі жанр және стиль мәселелері мен олардың типологиялық жүйесін айқындады.

Академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов «Ақжелең» аттас тізбекті күйлер тобының ертеден келе жатқан музыкалық жанр екені туралы ғылыми еңбектерінде жазған - ды. Бұл жанр әсемдікті, наздылықты, кербездікті, сұлулықты, өр мінез паңдылықты, тағы сол сияқты әйел бейнесін өте жоғары деңгейде суреттейтін дәстүрлі ерекшеліктерден туған. Мысалы, көптеген халық күйшілері «Кербез Ақжелең» деп күй шығарса, басқа бір тобы «Сылаң Ақжелең», «Қылаң Ақжелең», «Бұраң бел Ақжелең», «Қыз Ақжелең», «Талма Ақжелең», «Ақпа Ақжелең» деген атауларды қосып күй шығарып, әйел бейнесін әсемдеген.Халық күйшілерінің күй шығарушылық өнерінің өзі осы «Ақжелең» аттас күйлерді шығарудан басталады деген пікірлер де қалыптасқан.Шынында да өзінің қарапайымдылығына байланысты бұл жанр жаңа үйренуші домбырашылардың алғашқы шығарған шығармалары болуы да ықтимал. Бұған дәлел « Бас Ақжелең», « Күй басы Ақжелең», «Күй шақырғыш Ақжелең», «Той бастар Ақжелең» сияқты атаулар. Оң қолдың қағысына байланыстыра «Ілме Ақжелең», «Шөлдіріш Ақжелең», «Тентек Ақжелең», «Түйдек Ақжелең», «Серпер Ақжелең» деп аталдесалы ған. Көп Ақжелеңдер сол арналып шығарылған адамның атымен,болмаса шығарған күйшінің есімімен қосылып бірге аталып халық арасына «Ұзақ Ақжелең», «Қамбар Ақжелең», «Айдаралы Ақжелең», «Орындай Ақжелең», «Нақыш Ақжелең», «Айдана Ақжелең» деп таралған.

Ақжелең аттас күйлер Каспийдің «Атырау» аталатын Шығыс жағына яғни Көпет - Дагтан Әз Тарханға дейінгі өңірге кең таралған. Сондықтан да «Атырау күйлері» немесе «Атыраудың 62 Ақжелеңі» деген аттармен атала отырып, формасы жағынан және қағыс ерекшеліктеріне қарай төкпе дәстүріне жатады. Бұл жанрдағы күйлерді оңай немесе қарапайым күйлердің қатарына жатқызуға болмайды, керісінше формасы жағынан күрделі, орындаушылығы жағынан өте жоғары шеберлікті қажет ететін бірден бір туындылар. Көп күйлердің шығу аңыздарына қарағанда, бұл циклдің жас қыздарға және әйелдердің бейнесін жасауға шығарылғандығы аңғарылады. Бұл жанрдың музыкалық тілі де бейнелік өрісімен өте тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адам баласының бойындаы нәзік сезімдерді шерту үшін ерекше құралдар керек болған. «Ақжелеңдер» тобының көпшілігі минор ладына бейім келеді, тұрақты орын (ре, ля), (ми, ля) және негізгі тақырып заңды түрде (ля, ми) деңгейінде дамиды.

Ырғақтық формалары мен қағыс ерекшеліктері де әр түрлі. Қарапайым қара қағыстан бастап неше түрлі күрделі қағыстарға дейін араласып келіп отырады. Негізінен Ақжелең тобындағы күйлер адам бойындағы нәзік сезімдерін суреттеу арқылы тууына байланысты, көбіне көп оң қолдың білек буыны білезік арқылы ғана емес, саусақ буындары арқылы да алынатын жеңіл қағыстармен де байланысты болып келеді. Мысалы: кәдімгі қара қағыс бір төмен, екі жоғарының орнына ( ^ vv) «ілме қағыс» бір төмен, бармақпен сұқ саусақпен жоғары ( ^ vv) алынады.Болмаса бір төмен , екі жоғары және төмен «қара қағыстың орнына» (^ vv^) бір төмен , бармақпен сұқ саусақпен жоғары және төмен (^ vv^) « маңғыстау қағысын» қолданады т.с.с

Ақжелең күйлерінің негізгі ерекшеліктері жас адамдардың

бір - біріне деген шынайы сезімі, адам баласының басында кездесетін қуаныш пен күйініш сияқты тез алмасып отырытын өмірге байланысты құбылыстары, олардың ырғақтық өлшемдік өзгерістеріне, сол арқылы қағыс ерекшеліктеріне көп ықпалын тигізеді. Тақырыбы жағынаналып қарағанда речитативтік дыбыс бояуларымен тығыз байланысты. Негізгі құрылысы лирикалық мазмұнда бола тұра шарықтау шегі көбіне - көп бірінші сағадан аспайды. Өйткені камерелық лирикадағы бұл күйлерге динамикалық және эпикалық масштабтағы екінші сағаның көп керегі де жоқ. Ақжелең күйлерін орындау үшін ең жоғарғы сатыдағы техникалық мүмкіндіктерден басқа, ерекше дыбыс бояуларын рет - ретімен меңгерудің және соған байланысты домбырадан аз дыбыс шығарып, көп мағына берудің мәні ерекше орын алады. Әсіресе адам бойындағы терең сезімдердің тез алмасып келіп отыратынмүмкіндігін домбырада беру үшін, домбырашының күйді сезінудегі өзіндік жеке басының күйдің орындалу жылдамдығына деген көзқарасының маңызы өте зор. Жалпы Ақжелең күйлері дөрекі де анайы қозғалыстармен қатар арзан эффектермен көлгірсуді көтермейді.Ақжелеңдер қанша ширақ ойналса да орындаушының есінен күйдің өң бойындағы әрбір дыбысының дұрыс естілуін қадағалап отыруының мәні айтпаса да түсінікті. Орындаушының оң қолы мен сол қол техникасының өз ара келісімділігі (координациясы) өте жоғарғы деңгейде болған жағдайда ғана, күйдің әрбір дыбысының өз деңгейінде шығу мәселесіне көңіл бөлуге болады. Бүкіл күйдің музыкалық әдемілігін беру үшін әрбір дыбысына асқан жауапкершілікпен, ерекше көңіл бөле қарап, күйшінің өз басының түсінігінің өзі де, ең жоғарғы деңгейде болуы шартты. еңдер қанша ширақ ойналса да орындаушының есінен күйдің өң бойындағы әрбір дыбысмының дұрыс естілуіні сезінудегі өзіндік жеке басының күйдің орындалу жылдамдығына ең сезімдердің

Алпыс екі тамырлы ақжелең туралы аңызды шығарған халық жалғыз ғана «тамыр» сөзімен осы күйлердің бір - бірімен байланысты екенін, олардың түбі бір, тамырлас екенін, бірінің тамырын бассаң, екінші бір ақжелеңнің сыры ашыла беретінін, ғылыми тұрғыда айтқанда, олардың ортақ бір жанрға жататынын білдірген екен. Осы орайда, «жанр» терминінің түпкі мағынасына назар аударғанда, бұл сөздің де алғашқы грек тіліндегі, одан кейін латынша, кейін француз тіліне ауысқандағы түпкі мағынасы – өзегі бір, туыстас, түбі бір, сабақтас деген мағынаны білдіретіні анықталды. Олай болса, ертеден қалыптасқан осынау екі термин

бір - біріне пара - пар келетіні, мағынасы жағынан бір ұғымды білдіретіні және мұндай жақындық көне мәдениеттерге тән біртұтастық идеясымен түсіндірілетіні айшықталды.

Ақжелең жанрын зерттеудің бірден-бір себебі қазақ халқының дәстүрлі музыкасының жанрлық жүйесі жайлы мағлұматты толықтыру, осы саланың тың жақтарын зерделеу мақсатынан туындап отыр. Өйткені, жанр жүйесі тарихы тереңде жатқан халықтың музыка мәдениетінде көрініс тапқан әлем бейнесі. Демек, халық дүниетанымының басты құндылықтарымен байланыстыра отырып жеке бір жанрды зерттеу ұлттық мәдениеттің тағы бір парасын ашып, табиғатына терең үңілумен тең. Қазіргі таңда бұл – бүгінгі Қазақстанның жас ғалымдарының алдында тұрған маңызды да, өзекті мәселенің бірі.
















Қолданылған әдебиеттер:


Жұбанов Қ. Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жәйлі // Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – Б. 273-287.


Айтжан Тоқтаған « Атыраудың 62 Ақжелеңі» Алматы «Өлке» 2000-160.


Жұбанов А.Қ. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Жазушы, 1975. – 400 б.


Есенұлы А. Күй – тәңірдің күбірі. – Алматы: Дайк-пресс, 1996. – 208 б.














Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров90
Номер материала ДВ-444588
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх