Инфоурок Другое Другие методич. материалыМейірімді болыңыз, мейірімге бөленесіз

Мейірімді болыңыз, мейірімге бөленесіз

Скачать материал

Мейірімділік – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек мейірбандығы. Ол рақымдылық шуағынан тарқайтын этикалық норма. Мемлекет басшысының отандастарына, имамның жамағатқа, әке-шешенің балаларына, байлардың кедейлерге, денсаулығы жақсы дәрменділердің науқастарға жанашырлық білдіруі мейірімділіктен туындаса керек. Сондай-ақ, Аллаһ тағаланың құлдарына, Пайғамбарымыздың үмбетіне, мұсылмандардың бір-бірлеріне деген мейірімділік – оның басқадай қырын көрсетуде.

 

«Рақымдылық» пен «мейірімділік» екеуі бір ұғым. Негізінде рақымдылық деп жүрек нәзіктігін, жұмсақтығын айтамыз. Алайда ол мейірімділік, сүйіспеншілік деген мағыналарды да білдіреді. Ал қатыгез, тас жүрек кісілерге мейірімділік пен сүйіспеншіліктен жұрдай адам деп жататындығымыз содан. Мұны этикалық тұрғыдан төмен деп бағамдауға болады.

Назар аударатын болсақ, мейірімділік пен рақымдылықтың ортақ нүктесін «сүйіспеншілік» қалыптастыруда. Егер жүректен сүйіспеншілік алынып тасталса, мейірімділік пен рақымдылық деген нәрсе қалмайды. Олай болса, мейірімділік пен рақымдылықтың өзегі – сүйіспеншілікте. Сондықтан мейірімділік пен рақымдылық бір арнада тұрса, ол жерде міндетті түрде сүйіспеншілік бар деген сөз.

Құран Кәрімде Аллаһ тағаланың құлдарына (пендесіне) деген мейірімділігі мен рақымдылығы туралы аяттардың көптеп келуі, Аллаһтың адамзатқа деген сүйіспеншілігіне ишарат етуде. Яғни Аллаһ тағала көптеген аяттарында: «Аллаһ – құлдарына ерекше мейірімді» (Бақара сүресі, 207-аят);«Күмәнсіз Аллаһ адамдарға ерекше мейірімді және өте рақымды» (Хаж сүресі, 65-аят) деп, құлдарын өте жақсы көретіндігін және оларды қолдап, қорғаштайтындығын айқын білдірген. Мейірімділік пен рақымдылық иләһи сезім және рахмани сипат. Пайғамбарымыздың бір хадисінде Аллаһ тағала өзінің рақымдылығын жүзге бөлгендігін, тоқсан тоғыз бөлігін өзіне қалдырып, қалған бір бөлігін әлемге (жер бетіне) түсіріп, оны адам, жын және хайуанат сияқты жанды мақлұқаттар арасына бөліп бергендігін білдіреді. Тіпті бір биенің құлынын езіп кетпейін деп аяғын абайлап басуының өзі осы рақымдылықтан туындауда (Бұхари, Әдеп 19).

Ұлы Жаратушымыз мұндай мейірімділікті бізден де күтуде. Адамзат баласына сүйіспеншілік танытуды, мейірімділік пен рақымдылық көрсетуді талап етуде. «Бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше жәннатқа кіре алмайсыңдар», (Тиримизи, Сифатул-Қияма, 57). «Рақымдылық көрсетпегенге, рақымдылық көрсетілмейді», (Бұхари, Әдеп, 18). «Аллаһ тағала адамдарға рақымдылық етпегендерге рақымдылық етпейді», (Бұхари, Таухид 2) деген хадистер біздерді мейірімділік пен рақымдылыққа баулуда. Құран Кәрімде сахабалардың мейірімділігі мен рақымдылығы тұрғысында«Мұхаммед Аллаһтың пайғамбары. Оның жанындағылар болса, кәпірлерге өте қатал, ал өз араларында өте мейірімді», (Фатх сүресі, 29-аят) деп дәріптелген.

Ислам руханиятының төрінен орын алатын мейірімділік пен рақымдылық тек адам баласымен ғана шектеліп қалмай, хайуанаттарға да мейірімділікпен мәміле жасауға көңіл бөледі. Расулуллаһ (с.а.у.) бір хадис-шәріпінде былай дейді: «Бір адам сапар шегіп бара жатқанда қатты шөлдеді. Тіпті шөлге шыдай алмайтын дәрежеге жетті. Сол уақытта бір құдыққа кез болды. Құдықтың ішіне түсіп шөлін қандырды. Құдықтан шыққанда шөлдегеннен топырақ жалап жатқан бір итті көреді. Әлгі адам өз-өзіне: «Мына ит те мен сияқты қатты шөлдеген екен ғой» деп қайтадан құдыққа түсіп, аяқ киіміне су толтырып алып шығып итке береді. Аллаһ тағала оның бұл әрекетіне риза болып күнәларын кешіреді». Сонда сахабалардың кейбірі: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Бізге хайуанаттарға жасаған жақсылықтарымыз үшін де сауап бар ма?» - деп сұрады. Расулаллаһ (с.а.у.):«Иә, әрбір мақлұқатқа жасаған жақсылық үшін сыйлық бар», - деді (Бұхари, Ширб 9). Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) ансар сахабаның бірінің бағына кірді. Ол жерде бір түйе байлаулы тұрған болатын. Түйе Пайғамбарымызды көргенде боздап көздерінен жас аға бастады. Расулаллаһ (с.а.у.) түйенің жанына барып көз жастарын сүртті. Түйе тынышталды. Расулаллаһ (с.а.у.): «Бұл түйенің иесі кім?» - деп сұрады. Ансарлық жас жігіт: «Ол түйенің иесі менмін» деп ортаға шығып еді Пайғамбарымыз: «Аллаһтың саған мүлік ретінде берген мына түйеге не істегенсің? Аллаһтан қорықпайсың ба? Маған қара. Түйең маған шағым айтуда. Сен оны аш қалдырып, көп шаруа жасатып, шаршатады екенсің», - деп азарлады (Әбу Дәуіт, Жиһад, 47).

Дініміз бойынша барша жаратылғанға мейірімділік пен рақымдылық жасау, олардың мұқтаждықтарына ортақтасу әрбіріміздің басты міндетіміз. Сондықтан, шынайылықпен қызмет көрсету мейірімділік пен рақымдылық есігі. Мақлұқатқа қызмет көрсете білген адам, өз бойындағы мейірімділігі мен рақымдылығын толықтай айғақтады деген сөз. Осы себепті бір мұсылманның мұң-мұқтаждығына көмектесу, басына түскен түрлі қиыншылықтардан құтқару, Аллаһ ризалығына жетелейтін амалдардың бірі болмақ. «Ізгілік пен тақуалықта (бір-бірлеріңе) жәрдемдесіңдер. Күнә істерде және дұшпандық жасауда жәрдемдеспеңдер» (Мәйда сүресі, 2-аят) деген аят жәрдемдесудің түрінен хабар берсе: «Расында иман келтіріп, хижрет еткендер Аллаһ жолында мал-жандарымен жиһад еткендер, ал мұхажирлерді қамқорлығына алып, жәрдем еткендер міне осылар бір-бірлерінің достары» (Әнфал сүресі, 72-аят) деген аят мұхажирлердің мал-жандарымен дінге жасаған қызметтерін көрсетсе, ансарлықтардың да ерен еңбектері олардың құшақ жайып қарсы алуы айрықша мадақталған.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) көптеген хадистерінде адамдарға жәрдем етуді және мұсылмандарға қызмет көрсетуді ынталандырумен қатар, оған берілетін сауаптарға тоқтала кеткен: «Адамдардың ең жақсысы (өзге) адамдарға пайдалы болғаны. Сен де оларға пайдалы бол» (Мұттақи, Кәнз, XVI, 128)деген хадисі хазірет Әбу Бәкірге қаратыла айтылса керек. Өйткені ол Пайғамбарымыздан кейінгі өте қайырымды адамгершілігі мол жан болатын. Ол бүкіл ғұмырын Ислам жолына қызмет етуге арнады, керек десеңіз малын, тіпті жанын беруге дайын тұрды. Ол туралы Расулаллаһ (с.а.у.):«Сұқбаттарымен, мал-мүлкімен маған ең көп жәрдем еткен Әбу Бәкір. Егер мен Раббымнан басқасын халил (дос) ететін болсам, онда міндетті түрде Әбу Бәкірді халил етер едім» (Бұхари, Фадаилул-Асхаб 3) деген. Сондықтан Ислам дініне қызмет ету жағынан хазірет Әбу Бәкірдің алатын орны ерекше. Оның қызмет етудегі сүйіспеншілігі һәм Ислам дініне және мұсылмандарға көмектесуіндегі күш-қайраты тек Аллаһ разылығы үшін болғандықтан, «Сыддық» (шыншыл) деген лақап атқа ие болды. Күллі жаратылыс атаулыға мейірімділік пен рақымдылық көрсете білді. Хазірет Әбу Бәкірдің адамдарға мейірімділік пен рақымдылық көрсетуін және өзгелер үшін үлгі-өнеге болғандығын Хазірет Омардың мына сөзін мысал ретінде беруге болады. «Мәдина қаласының шетінде ешкімі жоқ, көмекке мұқтаж бір қарт әже өмір сүретін. Ол әжеге жәрдем етейін деп қасына барсам әр уақыт хазірет Әбу Бәкір оның барлық мұқтаждықтарын қамтамасыз етіп қойғандығын көретін едім», - дейді.

Аллаһ тағала құлының өзге құлына қалай қарым-қатынас жасағанына назар аударады. Ол қалай қарым-қатынас жасаған болса, Аллаһ тағала оған солай қарым-қатынас жасайды. Әділетсіздікпен өкпелейтін болса, оған өкпелейді. Мейірімділік пен рақымдылық көрсететін болса, мейірімділік пен рақымдылық көрсетіледі. Біреудің көңілін аулайтын болса, көкейіне тыныштық ұялатады. Әлдебіреудің жүрегіне жара салған болса, оның да жүрегіне уайым-қайғы салады. «Рақымдылықжасамағанға рақымдылық көрсетілмейді» (Бұхари, Әдеп, 18) деген хадиске орай «Рақымдылық жасағандарға Аллаһ тағала да рақымдылық жасайды» (Тирмизи, Бирр, 16) деген хадис бұның ең биік дәлелі болмақ. Яғни жасағанына сай, сый-құрмет көреді.

Мұсылмандарға жәрдем ету мақсатымен қызмет жасағандарға ұлы Раббымыз да жәрдем етеді.«Мүмин құл дін бауырының жәрдемінде болған уақытта, Аллаһ тағала да ол құлға жәрдем етеді»(Мүслим, Зікір 38) деген хадис бұл ақиқатқа назар аударуға үндейді. Сол себепті не істейтін болсақ, оның қайтарымын Жаратушымыздан аламыз. Сондай-ақ, жоғарыдағы хадистер қызмет жасауға ат салысқандарға зор сүйінші береді: «Кімде-кім бір мүминннің дүниедегі қиыншылықтарының бірін шешетін болса, Аллаһ тағала да қиямет күнінде ол мүминнің қиыншылықтарының бірін шешеді (жеңілдетеді). Кімде-кім қиналғанға жеңілдік көрсететін болса, Аллаһ тағала да оған дүниеде және ақыретте жеңілдік көрсетеді. Кімде-кім бір мұсылманның айып-кемшілігін жасыратын болса, Аллаһ тағала да оның дүниедегі және ақыреттегі айып-кемшіліктерін жасырады».

Өміріміз күн өткен сайын кеміп барады. Барлығымыз кішкентай қиямет қайымға қарай жақындап барамыз. Істеген істерімізден есепке тартылатын күні Аллаһ тағаланың жаратқандарына мейірімділік пен рақымдылық танытқандығымыз үшін нығметке бөленіп жатсақ не деген бақыт! Ол уақытта жәрдемшіміз, тәрбиелеушіміз тек қана жаратушымыз Ұлы Аллаһ тағала болады. Ол не деген жақсы дос, ол не деген жақсы жәрдемші!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мейірімді болыңыз, мейірімге бөленесіз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 832 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2016 802
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асылбаева Айымхан Сембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асылбаева Айымхан Сембаевна
    Асылбаева Айымхан Сембаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69682
    • Всего материалов: 42

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе