Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Мейірімділік асыл қасиет 2 сынып

Мейірімділік асыл қасиет 2 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы

Мейірімділік асыл қасиет

Сілтеме

2016 оқу жылына әзірленген 2 «Б» сыныбының тәрбие жоспары

Мақсаты

Балалардың «мейірімділік» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-          мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну;

-          өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамиды;

-          мейірбандыққа үйрену.

Дерек көздер:

2сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы, авторы:

Әдістер

Тәсілдер

Шаттық шеңбері, миға шабуыл, мәтінмен жұмыс, т.б.

Жекелей, жұптық, топтық.

Түйінді ой

Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы

Оқу нәтижелері

  • мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсінік алады;

  • мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді;

  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамиды;

  • мейірбандыққа үйренеді.

Сабақтың құрылымы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті



Шаттық шеңбер

Балаларды шеңберге жинап:
- қане, балалар, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрып тұра қалайық!
- балалар, шеңбер неге ұқсайды?
- дұрыс айтасыңдар, шеңбер допқа, күнге, айға, жүзікке т.б. дөңгелек заттарға ұқсайды екен. Күн бізге жылу береді, бізде шеңберде дөңгелене тұрып бір-біріміздің бет-жүзімізді аңық көріп, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтамыз. Бәріміз қосылып өлең жолдарын қайталайық:

Көңілім толған мейірімділік,

Сыйластықпен жүремін.

Күлімдеген күн көзіне

Мерейлене қараймын.

Қимыл-қозғалыс жасап амандасады.

Топқа бөлу





























Жаңа ұғымен танысу

Күннің суреттері арқылы топқа бөлу. Күндерде: жылы лебіз білдіру, сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық сөздер. Осы сөздерді естігенде ойларыңы не келеді, тізім құрып жазу.

  • Осы сөздердің бір сөзбен қалай алмастырып айтуға болады.

  • Дұрыс айтасыңдар! Олай болса бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет!» деп аталады.

Енді тақтаға қарайық, мейірімділік дегеніміз не екен?

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

Алған күннің суреттеріне қарай топтарға бөлініп отырады.





Топтар жазған сөздерін оқиды.



  • Мейірімділік

Мәтінмен жұмыс

Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.

Мейірімділік

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрайды.

  • «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.

  • «Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» - дейді балапан.

Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.

  • «Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.

Сонда қыз:

  • Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.

  • Маған да айтшы, - деді балапан.

Мәтінді аяқтау тапсырылады.

  • Бірінші сен шарды алып бер, - деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.

  • Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деен осы – дейд қыз.

  • Қандай оңай, - деп таң қалады балапан.




Балалар оқып мәтінді, топпен ақылдасып, өз ойларымен аяқтайды.

Суретпен жұмыс

Топтарға сурет беріледі.







Қуыршақтың суретін алып, нашар сөздерді айту арқылы қиылған қуыршақ макеті шетінен бүктеледі.

Соңынан оны жұбату үшін жақсы сөздер айтылды. Жұбату үшін қанша жылы сөз айтсақ та, адамның жүрегінде сондай із қалады деген қорытындыға келдеді. Сондықтан, бірімізге біріміз қайырымды, мейірімді болайық!

Сурет бойынша мейірімділік туралы әңгіме құрастырады.









Жақсы, жаман сөздер айтады.

Жүректен жүрекке

Шығармашылық жұмыс

Күннің дөңгелек ортасы беріледі. Күннің шуағына көршісіне арнап тілек жазады да шуағын жапсырады.

Kүлiмдeгeн күн мeйipiмдi!

Kipшiкciз aқ қap мeйipiмдi!

Taзa мөлдip cy мeйipiмдi!

Бәрімізді көтеріп тұрған – жер мейірімді!

Aяyлы aнaм мeйipiмдi!

Әлпeштeгeн әкeм мeйipiмдi!

Epкeлeткeн aтaм мен әжем мeйipiмдi!

Жылы жүздi ұcтaзым мeйipiмдi!

Taтy-тәттi дocтapым мeйipiмдi!


Жазған тілектерін достарына береді. Өлең оқиды.




Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров225
Номер материала ДВ-398702
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх