Инфоурок Другое Конспекты"Мейірімділік - асыл қасиет" өзін - өзі тану сабақ жоспары

"Мейірімділік - асыл қасиет" өзін - өзі тану сабақ жоспары

Скачать материал

№1 В.И.Ленин атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

«Өзін – өзі тану» пәні

 

3 «А» сыныбы

 

 

«Мейірімділік – асыл қасиет»

 

 

 

Досқалиева Зейнеп Раушанқызы

 

 

 

shkkola

 

 

 

 

 

2017 жыл

 

Бекітемін________

Өзiн – өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:  №1 В.И.Ленин орта мектеп  Мерзiм:  11.03.201725 сабақ                                                                                 Тақырып: Мейірімділік – асыл қасиет

Құндылық: Дұрыс әрекет    Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік

Мұғалiм: Досқалиева З.Р.   Сынып: 3 «А»     Оқушылар саны: 18

 

Мақсаты:

Оқушыларға мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының  мәнін ашу

Міндеттері:

білімділік: оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

дамытушылық: өзара сыйластық қарым – қатынастарын  дамыту;

тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: Сократтық әдіс, ой қозғау, негізгі мағынаны сурет арқылы ашу, түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Ресурстар: Үнтаспа, 3 сынып оқулығы, дәптер, карточкалар, кластер,  слайдтар, оқулық, суреттер, бейнефильм

Сабақ барысы:

·        Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті    Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ – қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып,  көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады  және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр  шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып    жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,  достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен  өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “ Мен Нұрмын... Нұр менің ішімде... ”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

Сұрақтар:

1 Қандай сезімде болдыңыздар?

2 Өз нұрыңызды кімге бағыттадыңыз?

·        Үй тапсырмасын тексеру.

104  беттегі «Алтынмүйіз» ертегісін оқып келу. Сыныптағы 1 оқушы мәтінді мазмұндайды.

Сұрақтар:

1.      Бұзау неліктен «Алтынмүйіз» атанды? Иесі бұзауды қалай бақты?

2.      Бұл қандай бұзау? Мақтаншақ бұзау қайда кетеді?

3.      Ол қандай қиындықтарға тап болады? Құтқарылған бұзауды енесі қалай қарсы алады?

4.      Алтынмүйіздің іс – әрекеті мақтануға жата ма, мақтаншақтыққа жата ма? Неліктен?

5.      Мақтаншақтық – дұрыс әрекетке жата ма? Неліктен?

6.      Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?

Адам өз еңбегінің жемісін көргенде мақтаныш сезіміне бөленеді. Адамның мақтаншақтық сияқты жағымсыз қасиеті өзімшілдік, менмендіктен туындайды.  

Сабақ барысын талқылау:

·        Дәйек сөз.

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» 

Халық мақалы

Дәйексөзді хормен оқыту, дәптерге жазып алу

Сұрақтар:

- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

- Мейірімділік дегеніміз не?

- Қандай адамды  мейірімді  деп айтамыз? Неліктен?

Мейірімділік жүректен шығады. Әр адам басқаларға өз мейірімділігін көрсете алады. Ондай адамдарды мейірімді, жылы жүректі деп атайды. Адамдар бір – біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

 

·        Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы).

Видео «Мейірімділік әлемді құтқарады»

Сұрақтар:

-         видеода қандай кейіпкерлерді көрдік? 

-         Видеодағы кейіпкер мейірімділігін қалай көрсетті?

-         Мейірімділікті басқаша қалай көрсетуге болады?

-         Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімдерге  бөлендіңдер?

-         Басқа адамдар сенің мейірімділігіңді сезінгенде қандай күйге бөленді?

Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір - бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік. 
Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек 

 

·        Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сыныпты 3-топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру.

1 топ

Оқулықтың 109 бетіндегі «Сары тауық пен балапандары» атты ертегіні сахналау

-Сары тауық өзінің  бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай  жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды   себетке  саламыз.

 

2 топ

«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ ....  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір....  мейірімді!  (су)

Бәрімізді көтеріп түрған  .... мейірімді!  (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен ....  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді!  (достарым)

 

3 топ

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Қорытынды:

Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу – өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботасынан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу. 

 

·        Топпен ән айту.

Өзін – өзі тану гимні

Сөзі: О.Оспанова

Әні: А.Құралқызы

Жас аудан, жас мектеп толқыны

Тәуелсіз елімнің жемісі.

Сол жылдар ізімен басталды

Өзіңді танудың тынысы.

 

Қайырмасы:

Жамандықтан бойдағы жиренгенім

Көңілді шат – шадыман күйге ендім

Бұл менің мақтанышпен айтатұғын

Өзін – өзі танудан үйренгенім.

Мақсатым жетістік желкені

Бұл пәннің маңызды бөлшегі

Ойыңды ортада айтуда

Сөзіңнің болмайды өлшемі

 

Қайырмасы:

 

Өзіңді танысаң сен өзің

Шарлайсың әсемдік теңізін

Шаттықтың шеңбері бойымен

Жолдайсың жүректің лебізін

 

Қайырмасы:

 

·        Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 109 бетіндегі «Сары тауық пен балапандары» атты ертегіні  оқып келу

 

·        Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сау болыңыздар!

 

 

 

 

Мектеп директоры:                                                                Атчибаева Ж.Е.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мейірімділік - асыл қасиет" өзін - өзі тану сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2017 1304
    • DOCX 48.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Доскалиева Зейнеп Раушановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Доскалиева Зейнеп Раушановна
    Доскалиева Зейнеп Раушановна
    • На сайте: 5 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62496
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции