Инфоурок Начальные классы Конспекты"Мейірімділік-асыл қасиет" тәрбие сағат

"Мейірімділік-асыл қасиет" тәрбие сағат

Скачать материал

МЕЙІРІМДІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ

 Мақсаты: Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: слайд

Сабақтың барысы:              

Мұғалім:    -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет». Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

Абайдың 14 сөзімен таныстыру

 «Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

— Адамзат ненің,кімнің  мейіріміне бөленген?

— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?  Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)

жақсы адам           ақкөңіл           жаны таза          бірлік

жарастық                                                                           махаббат

 

шыдамды                   Мейірімділік шуағы                           рақымшыл

 

 

ынтымақ                                                   бауырмалдық

 

жылы жүректі        сүйіспеншілік            қамқорлық         достық.

 

«Мейірімділік» өлеңін оқу:

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

«Сары тауық және балапан» әңгімесімен таныстыру

Сұрақтар:

1.     Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2.     Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3.     «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.     Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?(балалар жауабы)

-Сары тауық өзінің  бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті?  Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай  жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды   себетке  саламыз. –кесте б-ша

«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),               Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),              Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),                     Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),                   Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),                  Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),                  Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),                Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),                     Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,                                             Жаман болуға ….! (болмайды).

Мұғалім:   -Балалар жаңа өздерің  көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы)

— Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру.

кішіпейіл                      мейірімді                       бауырмал

 

сыпайы                             Ана                                       кешірімді

 

әдепті                        жақсы                    жанашыр

   «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.   Ана — халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші — Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)      Кіршіксіз ақ ….  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  мейірімді!  (су) Бәрімізді көтеріп түрған  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)            Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)   Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. мейірімді! (ұстазым)   Тату-тәтті …. мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім:  -Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Қорытынды:  -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер?         (оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мейірімділік-асыл қасиет" тәрбие сағат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 021 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 11981
    • DOCX 21.7 кбайт
    • 166 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксымбетова Жанна Манатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксымбетова Жанна Манатовна
    Жаксымбетова Жанна Манатовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68738
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека