Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Мейрімділік асыл қасиет" 4-класс

"Мейрімділік асыл қасиет" 4-класс

Скачать материал

 

Сабақтың  тақырыбы:     Мейірімділік  асыл  қасиет.

Мақсаты:  балалардың «мейірімділік»  «қайырымдылық»  құндылықтары  туралы  түсініктерін  кеңейту:

Дамытушылық: оқушылардың  психологиялық  ой -өрісін,  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өз  ойларын  еркін  жеткізе  бәлуге  үйрету;

Тәрбиелік  мәні:  оқушыларды  мейірімділікке,  қайырымдылыққа,  кішіпейілдікке  тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Мейірімділіктің адам өміріндегі  маңыздылығын  түсіндіру;

-Өзара  сыйластық  қарым - қатынастарын  дамыту;

-Мейірбандылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: Аралас  сабақ

Әдісі: Түсіндіру,  сұрақ -жауап, әңгімелеу.

Көрнекі  құралдар: оқулық  суреттер.

Сабақтың  барысы: оқушылардың назарын  сабаққа аударту;

-Психологиялық дайындық;

-Шаттық  шеңбері,  сәлемдесу.

Мұғалім:- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі  біздің «Өзін  -  өзі  тану»  пәнінен «Мейірімділік- асыл  қасиет»  тақырыбындағы  ашық  сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымызды  бастау  үшін  балалар  барлығымыз  шаттық шеңберіне  тұрайық.Енді  балалар менің  айтқанымды  қайталап  қимылмен  көрсетеміз.

Мұғалім:

-Қуанамын мен де,             (өзің  көрсетеді)

Қуанасың  сен де,              (көршісін  көрсетеді)

Қуанайық  достарым, (қолдарынан  ұстайды)

Арайлап  атқан  күнге. (қолдарын  көтереді)

 

Қанекей балалар  жұпқа    бөлініп. Енді менің айтқанымды қайталап іс қимыл  арқылы  қайталаймыз.

 

 Сәлем  дос                          (қолды  беру)

Сен  қалайсың?                   (арқасын  қағады)

Мен  сені  сағындым          (жүректеріне қолдарын  апарады)

Сен  міне  келдің                (құшағын  жаяды)

Келгенің  тамаша  болды   (құшақтасады)

 

Мұғалім: - Балалар  бір  бірімізге  ризашылығымызды  білдіріп  қол  соғып  қояйық.

 

Жаңа  сабақ:

Бүгінгі   біздің  сабағымыздың  тақырыбы  «Мейірімділік асыл  қасиет», Біз  бүгінгі  сабақта  адамның  жақсы  қасиеттерінің  бірі  мейірімділік  туралы 

«әңгімелесеміз.  Адамдардың  бір біріне  деген мейір  шапағаты әдептілік  белгісі,  сол  туралы  білеміз.

Балалар  сендер мейірімділік  дегенді  ұалай   түсінесіңдер? (балалар  жауабы)

Мұғалім:  Адамдар  бір  біріне  жылы  сезімін  білдіріп,  тек  жақсылық  ойлау,  игілік  жасау  арқылы  мейірімділік  таныта  алады.

Енді  балалар

 «Сары  тауық  пен  балапандары» деген  әңгіме бар алдарыңызда,  сол әңгімені  оқып  шығамыз.

 

Сұрақтар

1.Сары  тауық  өз  балапандарын  қандай  жақсы  қасиеттерге  баулыды?

2.Сары  тауық  өз  аналық  мейірімін  қалай  көрсете  білді?

3. «Күн  ашылып,  ана жүрегіндей  жадырады»  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

4. Сендер  біреуге  мейірімділік   танытқан  кезде  қандай  сезімге  бөлендіңдер?   (балалар  жауаптары)

Мұғалім:

Тапсырма: (интер белсенді  тақтамен жұмыс)

 Сары  тауық өзінің  бойында бар,  қандай  жақсы қасиеттерді  балапанына  үйретті? Сол  жақсы  қасиеттерді  балапанның  бойына  жабыстырамыз,  ал  қандай  жағымсыз  қасиеттер  балапанның  бойында  болмау  керек соларды себетке  саламыз.

«Болады болмайды» тренингі ( оқушылар  шеңберге  тұрады,  мұғалім болатын нәрселерді  айтқанда сіздер үш  рет шапалақтайсыңдар,  ал болмайтын нәрселерді  айтқанда қолдарыңды  бір  рет шапалақтайсыңдар)

 

-Мейірімді  болуға........(болады),

-Кешірімді  болуға........(болады),

-Қатыгез  болуға............(болмайды),

-Тәртіпті  болуға...........(  болады).

-Әдепті болуға...............(болады),

-Ұрысқақ  болуға..........(болмайды),

-Сыпайы  болуға...........(болады)

-Қайырымды  болуға....(болады)

-Бұзық  болуға........(болмайды)

-Бауырмал  болуға....(болады)

-Ақылды  болуға.....(болады)

-Мақтаншақ болуға...(болмайды).

-Шыншыл болуға .....(болады)

-Арам болуға..... (болмайды),

-Маман  болуға..... (болады),

-Жаман  болуға  (болмайды),

-Айтпақшы,

-Жаман  болуға.....!  (болмайды)

 

 

Мұғалім:

Балалар жаңа өздерің  ертегіден сары  тауық  балапандарына бір біріне адал,  қамқор, мейірімді болуды үйретіп  жатыр,  ал  сендерге жақсы  болуды, мейірімді болуды  кім  үйретеді?

Оқушылар  жауабы).

 

Дұрыс  балалар,  сендерге мейірімді  болуды  мектепте  ұстаздарың,  үйде ата аналарың  үйретеді.  Ендеше  сол  өзіміздің  аналарымыз  туралы  айтайық, ол қандай адам?(музыка баяу  ойнап тұрады.)

 

 

 

 

 

Радиальная диаграмма

 

 

Дәйексөз .

Мұғалім  тақтааға  «Мейірімділікті анадан үйрен» деген сөзді жазып қойылады және  оның  мәнін  түсіндіреді.

Ана халық   ұғымында  жаратушы.  Олай дейтініміз  табиғаттың  жаратқан  иесі  адамды  дүниеге  әкелуші Ана. Ал  барлық  нәрсенің  дүниеге  келуі  үлкен мейірім  мен  шапағаттан  пайда  болады.  Табиғаттың  барлық  жанға  бірдей  мейірімді  болуы  сондықтан.  Адамның да  ананың  кіршіксіз мейірінен берілген  мейірімділігін  сақтап  қалуы  өз  қолыңда.

 

 

 

Тапсырма:  «Кім  және  не  мейірімді?» түсіп  қалған  сөздерді  орнына  қою   керек. (музыка  баяу ойнап  тұрады)

 

Күлімдеген...... мейірімді.              (күн)

Кіршіксіз  ақ  .....мейірімді!           (қар)

Таза  мөлдір..... мейірімді!              (су)

Бәрімізді  көтеріп  тұрған....мейірімді! (жер)

Аяулы.... мейірімді!                         (анам)

Қадірлі....  мейірімді!                       (әкем)

Әлпештеген....мейірімді!                 (әжем)

Еркелеткен.... мейірімді!                  (атам)

Жылы  жүзді....мейірімді!               (ұстазым)

Тату- тәтті.....мейірімді!                  (достарым)

 

Жағдаяттарды  шешу:

 

1.-Жағдаят: Сен аулада ролик теуіп  жүрдің,  ал  сенің  досыңның  ролигі  жоқ, сенің  әрекетің?

 

2.-Жағдаят: Сенің  алдыңнан  бір  құшақ  газет  журнал  көтерген  хат  тасушы  апай  шықты,  сен  не  істер едің?

 

3.-Жағдаят:  Сенің  анаң  ас  дайындап  жатыр,  ал інің  мазасызданып кетті, сенің  әрекетің

 

4-.Жағдаят:  Сенің  алдыңнан  ауыр  сөмкелерін  көтерген  әже  шықты,  сен  абайсызда ол  әжені  қағып  кеттің,  оның  сөмкесіндегі  заттары  шашылып  қалды, сен  не  істер  едің?

 

Мұғалім

 - Балалар сендер өздеріңді  мейірімді баламын деп  санайсыңдар ма?

Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік  ағашын» өсірейік,  ол үшін  сендер  өздеріңді не үшін  мейірімді  санайтындарыңды  айтып, «мейірімділік  ағашына»  жемістерді  ілеміз.

 

Сабақты  бекіту:

 

Балалар  бүгін  сабақта  адам  бойындағы  тағы  бір  асыл қасиет  мейірімділік  туралы  білдіңдер.  Осы  сабақта  өздеріңе  не  алдыңдар,  үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

Дұрыс  балалар,  адамдар бір  біріне  әрқашан  қамқоршы,  адал,  қиын  жағдайда  қол  ұшын беруі  керек,  әр  күнін  күлімдеп  қарсы  алып, өзін  қоршаған  адамдарға,  бауырларына мейірімділік  таныта  білуі  керек.

 

Үйге  тапсырма:

-«Мейірімділік»  кестесін  толтырыңдар. Бірінші  бағанға мейірімді  істердің,  екінші  бағанға мейірімді  адамның  қасиеттерінің  тізімдемесін  жасаңдар.

 

 

 

 

Бағалау:

 -Балалар сіздер бүгін  сабаққа  барлығыңыз өте  жақсы  қатыстыңыздар,  сондықтан мен  сендерге  алғысымды  айтып, «мейірімділік  гүлін» сыйлағым  келіп  тұр.

 

«Жүректен- жүрекке» шеңбері

 

-Балалар  барлығымыз шеңберге тұрып бір- бірімізге жүрек  жылуын  білдірейік. Балалар  бір біріне  кезектесіп  есімдеріне  сай  жылы  сөздер  айтады,  мысалы «Ғазиза сен ғажайыпсың,  Айдын сен ақкөңілсің» т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеңсахара орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Ашық  сабақ

 

 

 

Мейірімділік  асыл  қасиет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    Өткізген:  Елубаева Р.Ш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          

 

                                2015-2016 оқу  жылы

 

 

Тапсырма:  «Кім  және  не  мейірімді?» түсіп  қалған  сөздерді  орнына  қою   керек.

 

Күлімдеген...... мейірімді.

            

Кіршіксіз  ақ  .....мейірімді!    

     

Таза  мөлдір..... мейірімді!     

     

Бәрімізді  көтеріп  тұрған....мейірімді!

 

Аяулы.... мейірімді!     

                

Қадірлі....  мейірімді!     

             

Әлпештеген....мейірімді!     

         

Еркелеткен.... мейірімді!     

        

Жылы  жүзді....мейірімді!   

       

Тату- тәтті.....мейірімді!                

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мейрімділік асыл қасиет" 4-класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік асыл қасиет.

Мақсаты: балалардың «мейірімділік» «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту:

Дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой -өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе бәлуге үйрету;

Тәрбиелік мәні: оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-Өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;

-Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ -жауап, әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық суреттер.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 865 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2016 1719
    • DOCX 55 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елубаева Роза Шалабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елубаева Роза Шалабаевна
    Елубаева Роза Шалабаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5294
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов