Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Социальному педагогу / Статьи / Мүгедек балалардың қоршаған ортаға бейімделуін дайындау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Социальному педагогу

Мүгедек балалардың қоршаған ортаға бейімделуін дайындау

библиотека
материалов

«Мүгедек балалардың қоршаған ортаға еркін бейімделге дайындау».


Ата-аналармен, педагогтардың негізгі міндеттері мүмкіндігі шектеулі балаларды қоршаған ортаға еркін бейімдеу. Бұл негізгі міндеттерді шешу жолында оқыту, тәрбиелеу барысында ата-аналармен , мектеп жасына дейінгі мекемелердегі мамандар атқаратын іс-әрекеттері оқыту бағдарламасына сай болуы тиіс.Дамуында кемшілігі бар балалармен өмірге бейімделу жұмыс барысында істелетін оқыту, тәрбиелеу бағыттары аз емес.

1. Баланың алғаш ортаға түскеннен кейінгі қарым-қатынасын бақылау,өзін еркін сезінуін бақылау, құрдастарымен тіл табысуын қадағалау.

2.Ортаға еркін бейімделуін қалыптастыра дамыту.

3.Өзіндік дағдыларын дамыту. Жеке дамушылығына жұмыс жасау.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс барысында баланың мінез құлқына мән берілуі керек. Баланың белсенділігін, білімін тексере отырып барып бағдарлама құрастыра аласыз.

Кейбір балалар ортаға түскенде ашуланшақ келсе ал кейбір балалар ашылмайды, ортаға қорқынышпен қарайды. Сондықтан баламен жеке дамыту жұмыстарынның маңыздылығы зор.

Дамуында кемшілігі бар балалардың қоршаған ортаға бейімделуі қиындыққа соғады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың үйден оқытылу қорытындысы берілсе арнайы бағдарламалар жасалады. Мүмкіндігінше балана арнайы мекемелерде тәрбиеленсе кұп болатын еді. Баланы өмірге дайындау, бейімдеу оқытудағы барлық тәрбиелеу қағидаларынан тұрады. Әрбір бала өзінің дамуын қалыптастыра білуі керек. Бала өз-өзіне қызмет ете білу дағдыларын қалыптастыра дамыту болып табылады. Ата-анамен , педагог баланы неғырлым өзіне сенімімен қарауға, қоршаған ортаға тезірек бейімделіп кетуіне ықпал жасауы тиіс.

Ата-ана балаға қорғау режімін ұйымдастыру керек, бұл баланың жүйке жүйесін қорғап нығайтады. Әдет дағдылар баяу қалыптасады, сондықтан қорғау режімін сақтап көп жұмыс істеуге тура келеді.Мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде және әлеуметтендіруде өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру және өмірге бейімдеу өте маңызды:

-ұсақ моторикасын дамыту;

-өздігінен тамақтану;

-өздігінен киініп-шешінуге үйрету;

-баланы тазалыққа дағдыландыру.

Баланы адамдармен қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортамен таныстыру қажет (бала қай жерден азық-түлік,т.с.с сатып алынатынын білуі тиіс)

Ата-ана баланы сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойын жеткізуге, өзінің және басқа адамдардың іс -әрекетін бағалауға, әңгімелеуге үйреткені дұрыс.Осындай тәрбие барысында баланың танымдық іс-әрекеті, зейіні,ойлау, есте сақтау қкбілеттері, тілі қажетті дағдыларымен біліктіліктері дамиды.

Баланың дамуындағы тежелуін алдын алуда ойын іс-әрекетімен сенсорлық тәрбиелеудің маңызы зор.

Сенсорлы тәрбие арқылы көру, есту қабілеттерімен тактилдік қабылдауы дамиды ( түстерді ажырату, заттарды түсіне, пішініне,көлеміне қарай топтастыру т.с.с).

Ойын – мектепке дейінгі балалардың іс-өрекетінің жетекші түрі.Сондықтан ойын іс-әрекетін ынталандыруға көп көңіл бөлген дұрыс. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру барысында балалардың барлық психикалық процестері белсендіріледі,қарым-қатынас құруға үйренеді,қоршаған ортаға бейімделеді.Анасы баласымен ойнағанда оның іс-әрекетіне түсініктеме береді,әр түрлі бағытта сұрақтарды қайталайды.

Сонымен ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаларды отбасында тәрбиелеуде ата-аналар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуі тиіс:

-Баланың жеке бас ерекшелігі мен жасына қарай психикалық дамуын ынталандыру;

-қорғау режімін сақтап, оқу және тәрбиелеуге жағдай жасау;

-баланың тілін, көңіл күйін іс-тәжәрбие арқылы ата-анамен қарым қатынас жасауын қалыптастыру.

Әлеуметтік және ортаға бейімдеу баланың танымдық әлемінің белсенділігін арттыруға бағыттау болып табылады.Отбасында, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар ортада, әлеуметтік мәселелерді зерттеу және оны шешу жолдарын анықтау мамандардың өзекті бағыты болмақ.

Тақырыптың өзектілігі –мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамда әлеуметтендіру қазіргі заманымыздың ең өзекті мәселесі болып отыр..

Егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіру жұмысы жан-жақты қолға алынса, ата-анасы толық ақпараттанса кемтар балалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінер еді.

Сондықтан да, әр балаға күннің кез-келген уақытында өзі емін – еркін қимылдап, жүріп тұруы үшін даму ортасын жасап, қамтамасыз ету керек. Белсенді іс-әрекетке бейімдей түсу керек.Әр баланың жас ерекшелігін де ескерген жөн. Үлкендермен балалардың өзара іс-әрекеттері бір бірімен білімді ұйымдастырылуы қажет. Ол дегеніміз баланың өзіндік емін-еркін қимыл-қозғалысы, ойын іс-әрекеттері. Баланың іс-әрекеттері жаттыққан сайын күрделене түседі. Баланың әр жетістігі өзіне деген сенімін арттырады. Осының барлығын ескере отырып, әр ата-ана дамуында кемістігі бар баласына арнайы жағдай жасап отыруы керек. Бала тәрбиесіндегі әдіс-тәсіл нәтижелі орындалып отыруы керек-ақ. Мінеки отбасымен бірігіп атқарған жұмыс нәтижесі алдағы уақытта баламен қай бағытта, қалай жұмыс жасау керектігіне көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан тыс қалдырмай өмірде еркін өз орнын таба білетін азамат ретінде тәрбиелеу бейімдеу мамандардың еншісінде.






Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалармен түзету жұмысын жоспарлауда негізгі қағидалар мен міндеттерді есте сақтаған қажет.


1 Әр бала тұлға ретінде, физикалық, акыл-ойлау қабылеттерінің дамуына құқықты.

2. Барлық мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларды, оның ішінде ақыл-ой ауытқуының ауыр түрімен ауыратын балаларды оқумен қамту.

3. Баланың даму мониторинг сараптамасы, алдыңғы жылдағы көрсеткіштері соңғы жыл көрсеткіштерімен салыстыру.

4. Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаға психологиялық ыңғайлы және жан-жақты жақсы, қызығушылығын арттыратын жағдай жасау.

5. Баланың оң көрсеткіштеріне негізделген педагогикалық болжау қарастыру.

6. Бала денсаулық жағдайы болжамы кабинет мамандарының кұпиясы болуы тиіс.

7. Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек баланың өзін-өзі бағалау және сыйлау сезімін қалыптастырып, дамыту.

8. Жеке даму бағдарламасын құруда ата-аналардың міндетті түрде қатысуы.

9. Қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін ұқсас жағдайға көшіріп, бір әдіспен екінші әдіске жеңіл ауысу қабылетін қалыптастыру.

Диогнозға байланысты түзету жұмысы келесі бағыттарда құрылады:

( логопедиялық-түзету, артикуляциялық жаттығу, бет-қимыл жаттығулары, дыбыстарды түзету, нүктелі массаж), психикалық тежелуі бар балаларға педагогикалық ықпал жасау, тірек қимыл аппаратында кемшілігі бар балаларды оқыту және дамыту, көз және құлақ ауруларының ауыр түрде зақымдануы.

Сонымен қатар оқыту және тәрбиелеу үрдістерінде негізгі әдістеме қағидаларын сақтау.

-іс - әрекеттерді мақсаттандыру барысында арнайы жағдай жасау.

-оқу үрдісінің коммуникативтік бағдарын іске асыру.

-продуктивті іс-әрекеттерді жан-жақты дамыту ( мүсіндеу, сурет салу, қол еңбегі, жапсырмалау).

Түзету жұмысында қажетті жағдай болып әр-түрлі іс-әрекеттерге сүйену болып табылады: заттық- тәжірбиелік, ойын, еңбек, бірақ балалық шақта жетекші болып ойын іс-әрекет болғандықтан, ойынға көп көңіл бөлген дұрыс.



















«Дамуында кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлауда қоршаған ортаға бейімдеу»


(Мектеп жасына дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған әдіскерлік кеңес)











Әлеуметтік педагог Әрін Жанаргүл Қайырбекқызы








2015 жыл



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.11.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Статьи
Просмотров79
Номер материала ДБ-385378
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх