Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға... »11 класс

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға... »11 класс

Скачать материал

                                                     «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

          Үлкен арман керек екен адамға... »

тәрбие сағаты

Жүру барысы:
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға,- деп толымды талант, сөз шебері Мұхтар ағамыз жырлағандай, адамға үміт отын жандыратын ол - арман.

Біз күн сайын «Нағыз өмір» туралы армандаймыз. Егер терең ойлайтын болсақ, шындығында адамға арман керек - ақ, ол бізге бағыт, күш - қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. Сол айтпақшы, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз жарқын болашақтың бейнесі – біз армандаған мамандық  туралы болмақ.
Ендеше,тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да болады деп арманда,
- деп ақын Мұқағали да арман жайлы жырлаған...
- Арман деген не? – деп жігіт қарияға сауал қойған екен. Сол кезде қария:
- Арман дегеніміз ақыл - ойдың шындығы. Құс – ұшсам дейді, бала – өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді. Арманға адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, – деп қарт жауап беріпті.
Өнерге өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты ақын Исрайыл ағамыз арманды ақ қанатты құсқа, мәрмәр мүсінге теңейді. ал, біздің оқушыларымыздың арман туралы ойлары қандай екен? Осы жерден оқушыларымыздың арман туралы пікірлерін білсек қайтеді?! (тақтаға сұрақтар шығарылады, оқушылар сол сұрақтар төңірегінде өз пікірлерін айтады)

Әңгімелесу
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Қандай мамандық таңдайсың?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
1.
Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
6. Ақша болса, мамандық қажет емес
7. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
8. Мамандық таңдау – күн көріс қамы

Мектеп кітапханашысы мамандыққа байланысты жинақ папкасындағы мамандықтар кестесін, таңдау пәндерін, оқу орындарымен таныстырып,тың мағлұматтар берді.

«Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
• адам – техника,
• адам – адам,
• адам – белгі жүйесі,
• адам – табиғат,
• адам – көркем образ.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

 Арман – алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді, яғни арманы жүзеге асады. Әйтпесе, арман қиялға айналып, келешектің қамы болмай, ақиқат өмірден алыс, тек ойлап қана ұғатын адам санасындағы әлемге айналады.
Адамды санай берсең, көп арман да,
«Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда
Мергенге түзу мылтық, оқ арманда
Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге
Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арман да. (Ш. Құдайберді)
Армандарыңыз орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңыздар! деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

                    

 

                  

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға... »11 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный аналитик

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2017 4813
    • DOCX 773.9 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Идрескалиева Улганым Беккалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23113
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе