Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Статьи / «Мәңгілік ел» идеясы тарихи сананы жаңғырту бағыты

«Мәңгілік ел» идеясы тарихи сананы жаңғырту бағыты

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m21076dec.jpghello_html_m70456377.jpghello_html_7f1967b6.jpghello_html_35ec1bfc.jpghello_html_m158cbd18.jpghello_html_m5f6d0f32.jpg































Астана қаласы №59 мектеп-лицейінің

тарих пәні мұғалімі Шнанов Ө.Р.

«Мәңгілік ел» идеясы тарихи сананы жаңғырту бағыты

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап әлемдік аренада өз орнын нақты қалыптастыра бастады. Ел дамуының түрлі бағыттары Елбасы саясатының стратегияларынан анық көрінеді. Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы да халық қолдауын тапты. Мәңгілік ел идеясы сонау өткен тарихымызға тамырын терең тартады. Түркілік кезең тарихын зерттеуші ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы: «Мәңгілік ел – түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған Тоныкөк негізінен қалған идея...» - деп көрсетеді. [1,20-21бб] «Елбасы және Мәдениет» кітабында Елбасымыздың өзі көне түрік жазуларындағы мәтіндерге көп көңіл бөлу қажеттігін айтады. [2, 158-160бб]. Мәңгілік ел идеясының тарихын терең түсініп, бүгінгі күнде жүзеге асыру барысында тарихи сананы жаңғырту ісі маңызды іс. Ата-бабаларымыздың мәңгі ел болу жолындағы жүріп өткен жолынан үлгі ала отыра, ұлттық құндылықтарымызды заманауи талаптармен ұштастыра отырып болашаққа жол салу қажеттігі туып отыр. Тарихи сананы жаңғыртып, бабалар салған «Мәңгілік ел» идеясымен болашаққа бет алсақ адаспасымыз анық. Патшалық және кеңестік дәуірлерде тарихи санамыз бұрмаланып, өткенімізден қол үзіп қала жаздағанымыз ащы да болса шындық. Бүгінгі таңда сол олқылықтардың орны біртіндеп толып жатыр. Тарихи сана қалыптастыруда тарихи білімнің өзіндік үлкен орны бар. Қазақстан Республикасы тарихшыларының І-конгресінде мемлекеттік хатшы М.Тәжин Қазақстан тарихын зерттеудің басым бағыттарын айқындап, тарих ғылымының алдында маңызды міндеттер қойды. Пәнаралық және обьективтілік тәсілдің негізін қалауда мемлекеттілік, ұлттық идея тыс қалмауы және тарихи мұраны сақтау мәселесіне назар аудару қажеттігін айтқан болатын. [3, 3-4бб]. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы ақпан айындағы Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдердің тығырыққа тірелетіндігі анық...» - делінген. [4]. Шын мәнісінде де



білім мен тәрбие беру ісінде ұстаздар қауымына үлкен жүк артылып отыр. Патриоттық тәрбие мен тарихи сананы қалыптастыруда тарихшы ұстаздардың ролі ерекше. Елбасы «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде», «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әр азаматтың өзін-өзі айқын билеуі» - деп көрсетті. [5]. Мектептерде оқушылар бойында патриоттық сезімдерінің артуына тарих пәнінің қосатын үлесі ерекше. «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарының бірі тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы екендігі көрсетілген. Қазақстанда тұрып жатқан барша халықтардың бойында Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ісінде бұл құндылықтарды қорғау қажеттігін көрсетеді. Қоғамымызда ұлттық бірлік пен өзара бейбітшілік пен келісім орнатқан тұста ғана бұл құндылықтарды жүзеге асыруға қол жеткізе аламыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында жеке тұлғаны «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу», — деп атап көрсетілген [6].

Сондықтан, оқушылардың бойында патриоттық қасиетті тәрбиелеу жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары қатарынан орын алады. Отанымыздың әлеуметтік – мәдени және экономикалық дамуының жаңа кезеңі жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мәселесін тағы да көкейкестендіреді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады. «Жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көп ұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді



мақтаныш пен сенімділікті туындатады», - дейді Елбасы өз Жолдауында [7].

Биылғы жылы ел тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміз ғасырларға бергісіз уақыт аралығында жүзеге асырылатын жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатты мен Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен ерік-жігерінің арқасында келіп отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орнығуы, дамыған елдер қатарына қосыла отыра дамуы халықтың болашағына деген сенімдерін арттырады. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы біздің басты құндылылықтарымыздың бірі. Тәуелсіз ел болу барысында қаншама ерлеріміз жандарын құрбан етті. Ерен ерлеріміздің мақсаты тәуелсіздік үшін аянбай күресу болса, бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты тәуелсіздігімізді нығайтып оны баянды ету болып отыр.

  1. //МANGI EL халыаралық ғылыми-көпшілік журнал Алматы, 2013

  2. Елбасы және Мәдениет Астана,2015

  3. Қазақстан Республикасы тарихшыларының І-конгресінің жинағы

  4. Елбасымыз Жолдауы 2015 жылғы ақпан

  5. «Тарих толқынында»

  6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы А.2004

  7. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы Жолдауы Астана, 2007, 28 ақпан

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Статьи
Просмотров31
Номер материала ДБ-357416
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх