Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / "Мәңгілік ел- ұлттық идея"

"Мәңгілік ел- ұлттық идея"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«Мәңгілік ел- ұлттық идея»

авторлық бағдарламасы


Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау –барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой , эстетикалық еңбек, дене т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер , яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез-құлқы , іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология –психика мен мінез-құлықтың қанға сіңген , тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі , мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Қазақтың ұлттық мінез бітістері , олардың кейбір ерекшеліктері. Бұл-өте күрделі, әлі де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жайтты жақсы аңғарған Елбасы Н.Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша , қазақтардың қайталанбас этикалық , психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние.» .

Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяи-экономикалық өзгерістер халқымыздың баға жетпес рухани байлықтары: тіл мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына байланысты небір асылдары , қысқасы , ұлттың бүкіл болмыс-бітімін жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда.

Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық , жойқын соғыс пен қуғын-сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандылық , үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылық –біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.

Халықтық психология –адамдардың қоғамдық және жеке тәрбиесінен , өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі.

Қазақ халқы сонау есте жоқ заманның өзінің қадір-қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандырып келген ел. Сондықтан да қазіргі ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді қастерлеп, мақтан тұтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиленуге тиіс. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине, «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» , «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей , әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы аян.






















Түсініктеме


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», ҚР Үкіметінің №873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарының » мақсат-міндеттеріне сай , ұлы ғасыр сынағы -әлемдік дағдарыстан тек рухани сауатты ел ғана шыға алатындықтан , қазіргі кезде білімді болу аз, даналықты меңгеру керек. Сол себепті «Мәңгілік ел- ұлттық идеясын» іске асыру , әрбір отбасы, мектептен бастап, қоғамның барлық саласында жаңашылдыққа негізделген ой-сана мен іс-әрекет деңгейінде , әрбіріміздің өз орнымызда өніп, өсіп, өркендеуімізге қосар үлесімізді күшейту.

Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін, ең алдымен , өзіміздің ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрімізді , әдет-ғұрпымызды , дін мен ділімізді , шұрайлы тіліміз бен мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай отырып, өскелең ұрпақты осы асыл қазыналарымыз арқылы рухани –адамгершілікке тәрбиелеу-кезек күттірмес міндеттердің бірі. Бұл сөз жоқ тәрбие ошақтары –мектептің , мұғалімнің әрбір ата-ананың қоғам алдындағы абыройлы борышы әрі парызы. Қай халықты алсақ та әрқайсысының өзіне тән ұлттық дәстүрі, салт-санасы мен әдет-ғұрпы, тәлім-тәрбие бастаулары бар. Сол ұлттық салт-дәстүрді , жөн-жоралғыларды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу үлкен міндет. Егер осы сарқылмас қазына –ата-баба мұралары балаға мирас болып берілмесе, тәлім-тәрбиенің тіні үзіліп, халықтың келешегі күңгірттене түсер еді. Сондықтан бүгінгі қазақ мектептерінің алдында оқушылардың ғана ұлттық сана сезімін оятып, тәрбиелеп, қалыптастырып қана қоймай , ата-аналарды да осы бағытта халықтық педагогика тәлімдеріне сай ғасырлар бойы жинақталған тіл, дін, діл, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегеге сусындату , оны бойына сіңіріп, күнделікті тіршілікте пайдалана білуге жұмылдыру .






Мақсаты:

«Мәңгілік ел-ұлттық идеясын» іске асыру аясында тіл-дәстүр ділімізге заман талабына сай, ғылыми көзқараспен қарау нәтижесінде күнделікті өмірде ізгі-дұрыс шешім қабылдай алатын, көзі ашық, ұстанымы берік, білімді де білікті , болашаққа нық басқан, ақыл-парасат иесі, өмірге ақыл көзімен қарай алатын тұлғаны қалыптастыру.








Міндеті:

Рухани тазалық бағдарламасы негізінде жеткіншек ұрпақ, балалар мен жастар арасындағы өмірге тек материалдық көзқараспен қарау нәтижесінде туындайтын суицид, нашақорлықпен маскүнемдікке соқтыратын арсыздық, қатыгездік, надандық проблемаларының алдын алу.




Ұлттық тәлім-тәрбие үлгісін меңгеруге бағытталған тәрбие сағаттары тақырыптары:

Тәрбие сағатының тақырыптары

Сағат

саны

Мазмұны

1

Ұлттық идея деген не?

1

Ұлттық идея-адам өмірінің мәнінен туындайтын дүниета-нымдық ұғым.

2

Діл деген не?

1

Діл-ата-баба тегінен, тіл мен дәстүр, әдет-ғұрып негізінде шежірелік деңгейдегі ғасырлар бойы қалыптасып, ішкі жан дүниеміз қабылдайтын ұлттық рухани болмысымыз.

3

Рух деген не?

1

Рух дегеніміз –мәңгі шексіз, ешнәрсеге мұқтаж емес бірлікке негізделген ақпараттық жүйе

4

Адам деген кім?

1

Адам дегеніміз –жан мен тәннен жаралған, рухани жаратылыс болғандықтан білім мен тәжірибе негізінде жетілетін бөлігі

5

Өмір мәні неде?

1

Өмір мәні-өмір сынақтары(қиындықтары) арқылы, рухани жетілу. Сол себепті көп нәрсенің шешімі, өмір мәнін түсінуден басталады.

6

Тәрбие деген не?

1

Тәрбие дегеніміз-әрбір адамның ата-тегі, әке-анасы арқылы келе жатқан, генетикалық ақпараттарды баптап, адами, табиғи қасиеттерін ашу .

7

Рухани-патриоттық тәрбие деген не?

1

Рухани патриоттық тәрбие-дара да, дана, ата-бабаның парасатты ойлары мен өсиетті сөздерін ерлігі мен батырлығын білу арқылы, даналықты меңгеріп, елін, жерін сүйіп, ұлттық мүдде мен мінезге сай адал да, таза өмір сүре білу.

8

Бақыт деген не?

1

Бақыт дегеніміз-өмірге ақыл көзімен қарап, ізгі-оң шешім қабылдай білу негізінде, алдыңа қойған мақсаттарға жетіп, өзіңді әрдайым жетілдіріп отыру

9

Зияткерлік деген не?

1

Зияткерлік дегеніміз-өмірге ақыл көзімен қарап, сана қуаты-естілікті меңгеру











Мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік , патриоттық жан-жақты жетіліп, дамуына бағытталған ізгі ұстанымдар



Ой-сана тазалығы : Ой-сана тазалығының бірінші көрсеткіші –тіл тазалығы. Адам ой-санасы өмір сынақтары арқылы тазарып жетілуге бағытталған.

Ниет-пиғыл тазалығы: Адамның оң-солын танып, қалыптасқан имандылығының басты көрсеткіші –ниет тазалығы.

Сөз тазалығы: Сөз-ойдың көрінісі. Дұрыс сөзді қалыптастыратын жүйелі ой(логика) –Ақыл.

Іс-әрекет тазалығы: Адамның рухани көтеретін оның ізгі іс-әрекеті болғандықтан, таным сезімнен басталып, ойға ұласатын кез-келген іс-әрекет (бизнестің) даму көзі екенін түсініп, қасиет-қабілетіңе қарай уақытында дұрыс пайдаланып, жоспарлы түрде мақсат қойып, әр істе сабыр сақтап, өзіңе ұнайтын , білетін кәсіптің көзін тауып беру.

Гигиеналық дене тазалығы: Денсаулық кепілі –жансаулығы. Тән тазармай-жан тазармас, жан тазармай –ой тазармайтынын түсініп, салауатты өмір негізінде , дене мүшесін гигиеналық таза ұстап, спортпен айналысып, шынықтыру.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығы: Адамдар арасындағы қарым-қатынас, жақсы не жаман ой түйіні-сөз арқылы іске асатындықтан, адамның сөзі мен жүріс-тұрысы жоғары не төмен рухани деңгейіне қарай «Адамдық пен надандықтың арасы бір ақ қадам» -деген өсиет қалған.

Экологиялық сана негізіндегі қоршаған орта мен табиғатқа деген тазалық : Әлемді өзгерткің келсе -өзіңнен баста, қоқысты жинағаннан гөрі-жүрген жеріңді ластамау. Экологиялық таза ой-сана қалыптастыру арқылы үй, мектеп, сыныптағы кез-келген жұмыс орнын, қоршаған ортаны таза, ұқыпты ұстауды, әрбіріміз өзімізден бастап, табиғатқа зиян келтірмеу.






Қолданылған әдебиеттер:




«Ақбастау –рухани тазалық бағдарламасы» 2014ж


Әуелбай Мұхит Асанұлы




«Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы 2009ж

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-528816

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>