Инфоурок Другое Другие методич. материалыМәңгілік ел ұлттық идеясы

Мәңгілік ел ұлттық идеясы

Скачать материал

«Мәңгілік Ел»  ұлттық идеясы.

Қазақстандық патриотизмді дамытудың философиясы

 

« Қаһармандық үлгі, ұлттық намыстың қайрағы».

Б.Момышұлы.

1.Жалпыұлттық идея.

2.Мектептегі патриотизм.

3.Ұлтжанды ұрпақ- ел өміршеңдігінің мәйегі.

I.Құрметті, әріптестер! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Көкірекке ұялаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен нағыз ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде жаңа табыстар мен зор жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін.

Құрметті, әріптестер! Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.

Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі.

« Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Бұларман ақиқатқа айналды.Мәңгілік Елдің іргетасын қаланды.

«Мәңгілік Ел» идеясының филосо­фия­­­лық мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктенбасталадыдесек, ұлттық тәрбие отбасынан бастауалуы керек. Отбасылық тәрбие нағыз ұлтжанды тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор. Қазақболашағытектілік пен кісілікті, бірлік пен татулықты, білім мен адамгершілікті ұштастыру негізінде жүруі тиіс. Отбасы мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет.

Ұлттық тәрбие  – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің қайнар көзі, рухани мұрасы. Еліміз тәуелсіздік алғалы қол артқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістік пен мемлекеттілікті баянды етпекке, әрі келешектегі ел тұт¬қасы жастардың санасын дамыту үшін тек материалдық игілікті ғана мақсұт ету жет¬кіліксіз. Олардың бойына ата-баба дәс¬түрі мен өз халқының тарихын қас¬тер¬¬леуге, ең бастысы, отансүйгіштікті ны¬ғайту үшін ұлтының рухани-мәдени құн¬ды¬лықтарын сіңіру қажет.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Ел мәртебесі, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық пен сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс. Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең. Халқымыздың тарихында отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері мол. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік, қасиетті ұғым. Ол – Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу. Патриотизм біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз, үздіксіз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Патриоттық тәрбие ананың ақ сүтімен, есейе келе өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің жемісі.

Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз, болашақ жастардың, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім - тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін жасау қажет. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі тиіс. Осының өзі отаншылдықтәрбие.

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік.

Адамгершілікті, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.

Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ сезімдерден, мақтаныш - сүйініштен бөле - жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы.

Біздің басты мақсатымыз - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Қоғамдық пәндер патриоттық тәрбиенің қайнар көзі. Қазіргі заманда патриоттық тәрбие керек пе? Керек болса ол тәрбиені оқушылардың жадына қалай ұялатам, тез иландыру жолы қандай деген сұрақтар ойландыратыны сөзсіз.

Патриоттық тәрбие дегеніміз – әр түрлі тәрбие өлшемдері сабақтасып, сан қырлы әдіс – тәсілдері бар тәрбие. Патриоттық сезім – отансүйгіштік рухтың құнарлы мәйегі. Ол адам өзі өнген топырағы мен өскен ортасына деген құштарлығының, құрметінің деңгейі. Сонымен бірге ата жұрттың елдігі мен халықтың қасиет – қазыналарымыздың құндылығын қастерлеп, әспеттеудің басты бір көрінісі.

II. Құрметті әріптестер, өскелеңнің нағыз ұлтжанды болып қалыптасуы жолында ерен еңбек сіңіретін тұлғалар – мұғалімдер. Бір сөзбен айтқанда, мектеп.               «Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы - қайратты, халқы - қаһарман» дегендей, азаттық жолында жалындап жанып, тәуелсіздікке қолы жеткен халқымыздың қаһарман  екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. Ал тарих шежіресі қаншалықты бай болса, ұлттық тәрбиенің соншалықты құнды болатындығы және мәлім. Сондықтан да бала тәрбиесі - қашанда киелі ұғым, ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді.Мұғалім-күннің құдіретті сәулесі іспетті. Оны бағбанға теңесек, шәкірт жас тал болады. Өскелең ұрпақтың дұрыс қалыптасуына алдымен мықты ықпал жасайтын тұлға ол – мұғалім. Ендеше, бүгінгі мұғалімнің дәрежесі қандай? Ел ішінде кейбір әріптестеріміздің беделін жоғалтып, оқушы алдында сөзі жүрмейтін жағдайларға жеткендерін де көріп жүрміз. Заманның өзгеруін алға тартпай, мұғалімге сай киім киіп,  отырған орнымыз бен жүрген жерімізде сөзіміз дұрыс болғаны абзал. Өкінішке орай, жылына берілетін екі ашық сабағымыз сәтті шықса масайрап,бір-ақ мақала жарыққа шықса өзімізге  дән риза болып, шығармашылықпен айналыспай,көркем туындылардың нәрімен сусындамай,  басшылардың мөрі басылған бір жапырақ қағаз алсақ өзгелерден оза шапқандай күй кешіп. жылдарды артқа салып, дамылдап жатқан жайымыз бар.Абырой мен ардың алдында ешкімге жалтақтамайөмір сүргенге не жетсін.Жүрегімізде елге деген шынайы ұлтжандылық сезім нық болса, өскелеңді де солай тәрбиелесек.Құрметті әріптестер! Мектепте, әсіресе, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдерінің орны ерекше болғаны абзал.

III. Ұлтжанды ұрпақ- ел өміршеңдігінің мәйегі.

Құрметті әріптестер! Өскелеңді тек білім нәрімен сусындату жеткіліксіз. Тұла бойында нағыз ұлтжандылықтың нышаны болмаса, текті тәрбиенің нұры болмаса «Елім, халқым» дейтін ұрпақтың болуы неғайбыл.Елде  «мылтықсыз майдан» жүріп жатыр. Теледидардан күнде жүріп жатқан қызылды-жасылды дүниелер, толып жатқан сайқымазақ  театрлар, шет елдердің сериалдары, өңкей әншілер. Осындай дүниелермен тояттап жүрген ұрпақ «мен әнші болғым келеді», «мен әртіс болғым келеді» дейді. Он Қайрат Нұртас шығар, он Тұрсынбек шығар одан халыққа қандай пайда? Ұрпақтың жүрегіне руханият керек, патриотизм керек. Бос ыржың мен көп күлкінің, күнде той мен бітпес әннің болашаққа әкелер зиянын ұққандары жөн деп білемін. Керексіз күлкі мен сайқымазақтықпен елдің іргесін мықты етіп ұстай алмаймыз. Осыны алдымен өзіміз ұғынып, өскелеңді дұрыс түсінік беріп, түзу жолға сала білсек.

«Атадан жақсы ұл туса,елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді». Әр азаматтың аяулы борышы-туған елін, туған жерін адалдықпен сүю. Өз елінің нағыз ұлтжанды азаматы болу. Бұл қастерлі түсінікті тек сіз бен біз ғана ұғындыра аламыз.  «Жақсының көкірегі – елге қалқан» ендеше, елшіл, отаншыл, білімді ұрпақ тәрбиелеу -  басты міндетіміз.  Кітап оқымай,

әттең қолдарындағы телефондарына үңілген ұрпақты көргенде, еріксіз басыңды шайқап, жүрегің сыздайды. Айналаға көз салмай, жан-жақты ойланбай, тереңге бармай мәңгүрт кете ме дейсің. Алысқа самғап кеттік. Әйтсе де кеш емес. Мектептегі әр алтын уақытымызды босқа өткізбей, бүгінгі өскелеңнің жайын жүрекпен сезініп, елжандылыққа, адами ізгілікке тәрбиелейік.    «Түзелмеген қате жанды жейді».

Қазір ескермесек, кеш болады. Ертең зықыңды шығарады, иініңді езеді.

   Жақсы ұрпақтың өніп жетілуін қалайсың.   Ұстаз мәртебесі қашанда биік болуы тиіс.

Әр шәкірттің “Көзінің нұры, жанының жалауы” болғанға не жетсін-ау!

 

IV.Қорытынды.

 

   «Тұлпар тайдан өседі» ендеше, осы құлыншақтар алдымызда жүргенде, уақытты өткізіп  қапы қалмай, дұрыс қанаттандырып, түзу ұшыруға тырысайық.

 

Әріптестер,«Сен- қазақсың,

Қазақ деген ел бөлек.

Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.

Киіз үйі жер сияқты жұп-жұмыр,

Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.

Сен – қазақсың,

Бір Алланың құлысың,

Адамға адам құл болғаны құрысын.

Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай.

Қалған ұлтсың, ұлысың» деп алдымыздағы әр шәкірттің бойына туған елге, атамекенге деген шынайы махаббаттың нұрын себейік. Жаңа оқу жылында мол сәттіліктер мен шынайы шығармашылық табыстар тілеймін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Талпын жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мәңгілік Ел»  ұлттық идеясы.

Қазақстандық патриотизмді дамытудың философиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Б.Б.Уразгалиева

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мәңгілік ел ұлттық идеясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 793 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2016 1721
    • DOCX 24.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уразгалиева Ботакоз Бекежанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5237
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой