Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Мәңгілік ел" патриоттық акциясы шеңберінде "Мен - өз Отанымның патриотымын" білім беру сабағы

"Мәңгілік ел" патриоттық акциясы шеңберінде "Мен - өз Отанымның патриотымын" білім беру сабағы

Скачать материал

А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

 

 

 

 

 

 

«Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде

«Мен - өз Отанымның патриотымын» білім беру сабағы

5-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аменова Гулнур Аманжоловна

 

1 қыркүйек 2016 жыл

«Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде

«Мен - өз Отанымның патриотымын» білім беру сабағы

5-сынып

Мерзімі:

01.09.2016

Тақырыбы:

Мен - өз Отанымның патриотымын

Мақсаты:

Оқушылардың «Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Нәтижесі:

Оқушылар «Отан», ел құндылықтары туралы түсінеді.

Дереккөздер:

Интернет материалдары; әдістемелік басылымдар; ойындар; тренингтер.

Ресурстар:

Стикерлер, маркерлер, постерлер, А3, А4 форматтары, т.б.

Барысы:

Топқа бөлу: 

Конфеттер арқылы

«Танысу» ойыны

Мақсаты:

Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату.

Шарты:

Кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.

Талқылау: 

1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталды?
2. Несімен жақсы сақталды деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіру қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? және т.б

Сауал:

Отан деген не, кім қалай түсінеді?

 

Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос-жарандарың, туған туысқаның. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.

Сауал:

30 тамызда қандай мерекені тойладық?

 

Мемлекетіміздің Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР түңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

Сауал:

ҚР мемлекеттік рәміздері туралы не білеміз?

 

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

І топ:

ҚР мемлекеттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.                                    Көк аспандай көкпеңбек,                                         Қазақстан жалауы.                                                               Көк емес ол тектен тек,                                                    Елдің ашық қабағы.                                                         

ІІ топ:

ҚР мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шашылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.                                                Елтаңбасы елімнің,                                                       Неткен әйбат, әдемі.                                                     Тұнығындай көңілдің,                                                        Ортада аспан әлемі.

ІІІ топ:

Гимн – мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.                            Оттай жанып жанарың,                                                    Одан қуат аламын.                                                          Әнұран ол – тынысы,                                                          Кең жазира даланың.

 

І топ:

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 

ІІ топ:

Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамыз. Біз тәуелсіз елдің патриотымыз!

ІІІ топ:

Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйытқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек.

 

Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. 

Түрткі сауал: 

Постер қорғау. «Мен - өз Отанымның патриотымын».                                                                        І топ                                                                                              ІІ топ                                                                                       ІІІ топ                          

                                                                                              

Сергіту сәті:

Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы бүгінгі білім беру сабағынан алған мәліметтерді айтады.

Хормен:

Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

Рефлексия

 

Стикерге:

Оқушы туралы....

Мені қызықтырған….

Біз бүгін мына мәселелерді талдадық....

Ұсыныстар....

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Т А Л Д А М А

01.09.2016 ж.

«Мен - өз Отанымның патриотымын» білім беру сабағы.

    «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде «Мен - өз Отанымның патриотымын» білім беру сабағы оздырылды. Бұл білім беру сабағына 5-сынып оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты. Шараны 5-сынып жетекшісі Г.А.Аменова өткізді.

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатысқан ата-аналар саны: 4

Қатысқан мұғалімдер саны: 2

Мақсаты: оқушылардың «Отан», ел құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Құрылымы өте жақсы құрылған. Өзімізге көптеген нәрселерді алдық. Құнды мәліметтер айтылды, өмірмен байланыстырылды. 7 модуль элементтері пайдаланылды. Ата-аналар да, оқушылар да белсенділік танытты, түйінді пікірлер айтып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін байқатты. Шараның соңында кері байланыс (рефлексия) жасалды.

     А.Б.Гумаров – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мәңгілік ел" патриоттық акциясы шеңберінде "Мен - өз Отанымның патриотымын" білім беру сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 060 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2017 954
    • DOCX 4.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аменова Гулнур Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аменова Гулнур Аманжоловна
    Аменова Гулнур Аманжоловна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25308
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой