Инфоурок Другое Научные работы"Мәңгілік елдің ұлы тұлғасы-ұстаз!" Шығарма.

"Мәңгілік елдің ұлы тұлғасы-ұстаз!" Шығарма.

Скачать материал

«Мәңгілік Елдің» келешегі тәуелсіз мемлекетіміздің жас қыранды ұл-қыздарының қолында. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 30 қарашада  «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында: «Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру» деп атап өткен болатын. Ел келешегін бәсекелі елдердің қатарына қосатын өскелең ұрпақты кемел біліммен байытатын білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті тұлға даярлау болса, мәңгілік елдің заманауи мұғалімі өз елі мен жерін, мамандығын, отбасы мен оқушысын шынайы сүйетін маман болумен бірге өзгермелі заманның педагогикалық технологиясын игерген, қажеттілікке сай біліктілікті арттыруға даяр рухани қазыналы ізденімпаз, шығармашыл тұлға болуы тиіс.  Ғасыр қойнауында қызмет атқарған қоғам қайраткерлері, ғұлама ғалымдар өскелең ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиемен тербетіп өсіретін ұстазды қанаттандыратын ойлы сөздер сырының салмағы мұғалімнен қаншалықты жауапкершілікті талап ететін аңғарту қиын емес. Мысалы, осыдан 12 ғасыр бұрын айтылған шығыс ойшылы Әбу Насыр әл Фарабидің  «Ұстаз - тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешқайсын ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген сипаттама сөзінің маңыздылығы бүгінгі күні де өзекті. Ілім-білімге үйрететін ортаның жүрегі болып табылатын мұғалім білім сапасын көтерудің негізгі тетігі болумен қатар оның теориялық білімі  мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі заманауи талапқа сай болуы шарт.

Өзгермелі қоғам жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар қатарына бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы мен кәсіби шеберлігін  жатқызуға болады. Осыларды түйіндей келе, жаңа формация мұғалімі рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, сауатты, белсенді, шығармашыл тұлға деп негіздеуге болады. Ендеше, жаңа форматты мұғалімдер оқушылардың бойына өздігімен білім алуға, жетілдіруге, түрлі жағдаятта өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, белсенді азамат, танымал тұлға мен болашақ маман болып қалыптасуына көмектесетін оқу мен тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және тәжірибелік дайындықпен қамтамасыз етуі тиіс.

Жас ұрпақтың рухани сәулеткері болып табылатын ұстаз зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуге міндетті. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтатын ел тізгінін ұстар ертеңгі тұлғалар бүгінгі оқушылар екенін ескерсек, рухы биік, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болуға бет бұрған елдің болашағы мектебіне де байланысты екенін ұмытпаған абзал.

Қазіргі таңда заманауи талаптарға сай білімді ұрпақ қалыптастыру  жолында мектептеріміздің  ұстаздар қауымы жаңа оқыту технологияларын меңгеріп, оқыту үрдісіне кеңінен қолдануда. Қытай ойшылы Конфуцидің «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң – үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын арттыруда түрлі технологияларды қолдана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуде тәжірибеде жүзеге асырудың маңызды екенін көрсетеді. Сол себепті қазіргі таңдағы мұғалім оқушыларды өз бетінше ізденуіне, жаңа техникалық құралдарды пайдалануда жетік дағдыларды өз бойларында қалыптастыруларына дұрыс бағыт беріп отыруы тиіс.

Сапалы білмнің негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен тиімді технологияларды, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыға кітаптан таба алмайтын білім беру. Ендеше бүгінгі білім берудің сапалы болуы үшін мұғалімнің жан-жақты академиялық білімінің болуымен қатар ұстаздың мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің, шығармашылық қабілетінің, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттерінің болуы   тиіс. Жалпы жаңа форматтағы  ұстаздың жеке бас қасиеттері мен кәсіби шеберлігін біртұтас байланысты ұғым ретінде қарастырған абзал. Сонымен қатар жоғары қасиеттерге ие тұлғаны  қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипат алуы керек. Атап айтқанда, мұғалімнің кәсіби құзыреттілік мәселесіне ден көңіл бөлу керек. Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және тәжірибелікдайындығы мен қабілетінің біртұтастығы. Бұдан кәсіби құзыреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Демек, мұғалімнің білім-білік дағдылары, өз мамандығына қатысты білім жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық әдеп, жүріс-тұрысы т.б. жатқызамыз. Жаңа форматтағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне тоқталсақ:

-                     Іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары болуы, яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, оқу бағдарламасына сәйкес пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;

-                     Түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі – дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен тәжірибені байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет, ғылыми зерттеу іс-әрекетімен айналысу;

-                     Инновациялық технологияларды меңгеруі – мектеп мұғалімі өзінің шығармашылық  іс-әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыруы үшін қазіргі қолданыстағы жаңашыл технологияларды толық меңгеруі тиіс. Жаңа иновациялық технологияларды ғылыми ізденіс пен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;

-                     Кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының көмекшісі болуы тиіс, оқушының даму деңгейіне қарамастан оның жеке тұлғасын құрметтеу, өзара бірлескен әрекет, қызмет, көмек, оқушының жетістігіне қуана білушілік баты назарда болу керек. Оқушының әрқайсын тереңірек тануға тырысу, өз мамандығын сүю;

-                     Педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда кәсіптік, шығармашылық іскерлігі – педагогикалық міндеттерді шешу барысындашеберлік танытып, өн бойындағы білім-білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға қажетті білім жүйесін меңгерту;

-                     Шығармашылық шеберлігі – оқу-тәрбие үдерісінде кездесіп жататын түрлі жағдаяттарда мұғалімнің шығармашылықпен ойлай білетіндігі мен шеберлігін танытуы тиіс.

 

Жас ұрпақтың сауаттылығын қалыптастыратын және дамытатын мектептегі оқу мен тәрбие болашақ тұлғаның қалыптасуына өзіндік әсер ететіні шындық. Сондықтан білім беру мекемесінің өзі, тіпті ондағы басшылықтан бастап қарапайым қарауылға дейін өскелең ұрпақ қанатының қатаюына белгілі бір ықпал етеді. Мектептегі ұстаздардың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі мен қылықтары да оқу-тәрбие арқылы оқушының бойына қатар қалыптасатынын ұмытпаған абзал. Ел ертеңін иығына алар балалар болашағының баянды баюы жаңа форматты мұғалімнен кәсіби шеберлігіне орай үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Елімізде жалпы білім беретін бағыттағы реформалардың жүргізілуі ұстаздың педагогикалық теориясы мен тәжірибесінде өзгерістердің енуін, ең алдымен әрине,  оқушылардың жалпы және рухани  мәдениетін анықтайтын мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыруды талап етеді. Ендеше, заманауи  мұғаліміне қойылатын талаптарды тұжырымдасақ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 1.Мұғалімнің  өзіндік көзқарасы. Себебі, шығармашылық, ізденістік бағытта оның өз пікірі болады және сол бағытта жұмыс жүргізген ұстаз ғана нәтижеге қол жеткізе алады.
  2. 2.Шебер қолданушы. Атап айтқанда, үнемі жетілдіру бағытындағы кәсіби білімін оқу-тәрбие үдерісінде шебер қолданушы. Нақтырақ  айтқанда, ақпараттық заманда мұғалім қоғамның кез келген саласына байланысты оқушы қойған сұраққа  орынды жауап беруі шарт.
  3. 3.Өзіндік ізденіс. Өтпелі дәуірде болып жатқан ақпаратттық ағым, ғаламтор кеңістігі тағы басқа факторлар білім беру бағытында мұғалімнің  жетекші рөлін әлсіреткені баршаға аян. Соған сәйкес оқушыны білім негіздерін өз бетінше оқуға, ізденуге үйрету міндеттері қойылып отыр. Өзіндік ізденіс негізін қалыптастырмаған оқушы да, мұғалім де нәтижеге жете алмайды
  4. 4.Тиімді шешім  шығару қабілеті. Мұғалім оқу-тәрбие үдерісі бойынша өн бойында кездесетін педагогикалық жағдайларды, өзгеріс-құбылыстарды талдай білуімен қатар, соны туындататын себеп-салдарларды анықтай білуі тиіс және соның негізінде түрлі жағдайларда шешім шығаратын дәрежеге  ие болуы қажет.
  5. 5.Ағартушылық қызметтегі мұғалімнің  адамгершілік ұстанымы бала тәрбиесіне негізделуі керек. Соның нәтижесінде ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастырған оқушы өзара бірлестікте жұмыс жасай алатын тұлғаға айналады.

Қорытындылай келе, педагогтік шеберлік үйрену ізденудің жемісі нәтижесі деп түйіндеуге болады. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген нақыл сөзінің мағынасын бүгінгі мұғалім жете түсіне білуі керек. Сондықтан да педагогтер қатарында әдістемелік-ақпараттық, инновациялық-коммуникациялық мәселелерді шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын мамандардың болуы – заманауи білім беру сұраныстарының бірі. Ендеше елбасымыз өз Жолдауында «Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі» деп атап өткеніндей, Мәңгілік Елдің жаңа форматты мұғалімі оқу үдерісіндегі барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағын әрдайым биікте желбірете беруіне өз үлесін қоса берсін.

 

Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұранымызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар. Біліктілік пен шеберліктеріңізді ұштастырып, «ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген қағиданы іске асырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлем мойындататын рухани биікке көтеру-сіздер, ұстаздар міндеті.

Ежелгі грек материалисі,философ Демокрит сөзі: «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге

жүзіп, еңбектерініз үстем болсын, осы жолда Сіздерге қажымас қайрат, үлкен жетістік тілеймін. [16]

Тәлім-тәрбиедегі негізгі тұлға-ұстаз. Ол шәкірттердің жан дүниесінің сырына терең бойлай отырып, олардың сенімін арттырады. «Орташа ұстаз –баяндайды. Жақсы ұстаз-түсіндіреді. Тәжірибелі ұстаз көрсетеді.Ал ұлы ұстаз ғана шабыттандырады»-деген сөз халық арасында кең тараған. Ал ұлы ұстаз болу-әр ұстаздың мақсаты мен міндеті болуы керек. [

ұлы Шекспир: «Кітап маған тақтан да қымбат» деген. Ал, бүгінгінің бірегей ұлы, Елбасымыз Н.Назарбаев «Кітап – ең сабырлы ұстаз»- дейді яғни, заман өзгеріп, жылдар өзгеріп, жылдар жаңғырғанымен, адамзат үшін кітап атты киелі дүниенің орны бөлек, бәсі қымбат қазына болып қала бермек.

 

«Елбасының Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі»

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман».

***

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».

***

«Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады».

***

«Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл».

***

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».

***

«Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді ұлт. Біздің азаматтарымыздың орта жасы 35-тен аспайды».

***

«Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».

***

«ХХІ ғасырда қазақстандықтар Ұзақ жасаушылар Ұлты болуы тиіс».

***

«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек».

***

«Мен сіздерді және барлық студент­терді біздің олимпиадашыларымыздың жеңісі құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға шақырамын, спортпен айналысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар».

***

«Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустрия­лық әлемге қарай жылжып келеміз».

«Мен біздің халықтық игілігіміз болып табылатын қазақстандық табыс­тың үш кілті туралы еске сала кеткім келеді.

Бірінші. 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.

Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту.

Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман-есен жүзіп келе жатқан қайығы­мыз­ды ешкімнің шайқауына жол бер­мейміз.

Екінші. Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық.

Этностық және діни айырма­шы­лық­ты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау.

Осының арқасында біздің әр­алуан­ды­ғымыз біздерді бөлмейді, қайта бірік­тіреді.

Егер біздің тағаттылығымыз болмаса, онда біздің қайығымыз бағытынан ауытқып кетуі ықтимал және әрі қарай апаттан қорғалмайтын болады.

Біз апатқа ұшырап, «SOS» белгісін беретін теңіз саяхатшыларына айналамыз.

Үшінші. Бұл тарихи тағдыры­мыздың ортақтығы.

Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыс­тарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жал­ғастыру.

Тек осы біздің құндылық­тары­мызды нығайта және көбейте отырып қана біз әр қазақстандық отбасы үшін қауіпсіз және бақытты болашақ құра аламыз».

«Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің екінші құнды жеңісіміз болып табылады».

***

«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы».

***

«Жұмыс істегісі келгендердің бәрі жұмыс табады және бір емес, екі жұ­мыс тауып, еңбекақы алу мүмкіндігі бар. Тек ниет болуы керек».

***

«Біздің адамдарымыз өзге елдерде не болып жатқанын жиі ұмытып кетеді».

***

«Ал біздің Қазақстанда әркімнің тұрақты өмір сүріп және отбасын асырап қана қоймай, балаларына білім беріп және болашақты жоспарлау мүмкіндігі бар».

***

«Дамыған елдердегі ең басты қағидат мынандай – жұмыс адамды емес, адам жұмысты іздейді».

***

«Егер біз өмір сапасының әлемдік жоғары үлгі-қалыптарына жетеміз десек, онда соған сәйкес еңбек ету қажет.

Сондықтан да тәртіп пен еңбек сапасы айрықша маңызға ие болуда».

***

«Мемлекет халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыру үшін қаншалықты күш-жігер жұмсаса да, егер әрбір қа­зақ­стандық өз тағдырының еңбек­сүй­гіш қожайынына айналмаса, ел­дегі бар жақсылардың бәрін қадірлеп, оларды одан әрі еселемесе, ол артпайды».

***

«Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отаны­мыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек.

Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол».

***

«Қараңыздар, Жапония, Қытай, Оң­түстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты елдер өздерінің идеялары мен технологияларын шебер орындауының, өздерінің тиянақтылығы мен еңбегінің арқасында табыстарға жетіп отыр».

***

«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі.

Сендер өздігінен білім алуға неғұр­лым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар».

***

«Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде балама емес, асқан қажеттілік" дейді Гарвард университетінің нақылдары­ның бірі.

Соған байланысты, сендер алатын сапалы білім бар болғаны жолашар интеллектуалдық капитал болып табылады.

Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет.

Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмей­тінді қайдан табуға болатынын бі­летін адам».

Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын.

Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек».

***

«Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген.

Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз.

Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады».

Сендер, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар.

Осы жауапкершілікті сезіне бі­ліңдер».

***

«Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал».

***

«Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер»!

***

«Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!

Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты».

Елбасының Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөздерінен. 2012 жыл, 6 қыркүйек.


***

«Осы Ұлыстың ұлы күнінде мен ендігі сөзімді елімізбен бірге Кемелдік кезеңге қадам басқан жастарға арнаймын.

Біз сендердің білікті маман, болашағы жарқын отаншыл азамат болып өсулерің үшін барлығын жасап келеміз.

Біз сендер үшін білім беру мен ғылымның ең озық жүйесін жасаудамыз.

Сендердің алдарыңнан ата-бабаларың армандап көрмеген ғаламат мүмкіндіктер ашылуда.

Біздің жеңісті жолымыз бен жасампаз дәстүрімізді сендер лайықты жалғастыруға тиіссіңдер!

Тәуелсіздіктің 20 жылында жасалған бар жақсылық Сендерге арналды!

Елдік пен Тәуелсіздіктің Киелі көк Туын ХХІ ғасырда асқақтата желбірететін –жастар, сендер боласыңдар!

Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар!

Қуатты Қазақстанның құтты іргесін қалаушы біздің буынның абыройлы аманатына лайық бола біліңдер!

Сонда ғана Қазақстан жас ұрпақтың жанқияр еңбегі арқылы өркендейтін болады деп сенемін.

Тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған бүгінгі ұлы күнге біз берік сеніммен жетіп отырмыз:

Бұл дәуір бізді таңдады.

Біз берілген тарихи мүмкіндікті тамаша пайдалана білдік. Келер ұрпақ та солай етуі керек.»

Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөздерінен.15.12.2011ж.


***

«Сіздер оқу бітіріп, елге еңбек сіңіретін кездеріңізде мына ғалам өзгеше болады. Білім мен ғылымның заманы болады.»

«Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет мен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет.»

«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті стипендиаттарының иегерлері-магистранттармен кездесуінде сөйлеген сөздерінен.30.09.2011ж.


Сендердің тың бастамаларыңды мен әрқашан қолдаймын! 

Қазақстан қай мағынасынан алғанда да жас мемлекет.

Ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі менің де мемлекеттің де ең басты назарында болды.

Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар - Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр.

2020-жылға дейін жас отбасыларға арнап 1,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй салуды тапсырдым.

Бұл құрғақ цифрлар ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында орасан еңбек пен сендерге шексіз қамқорлық жатыр.  

Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін.

***

Бірақ, біз ешуақытта мойыған жоқпыз.

Жеріміз бай, халқымыз сауатты, жастарымыз отан сүйгіш болды. Арманым орындалды.

Қазіргі күндерге жету үшін біздің буын, сендердің әкелерің, аталарың көп тер төкті.

Елдің сыртын жаудан, ішін даудан аман алу үшін деп күндіз-түні тынбай жұмыс істедік.

***

Қазақстан – халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды.

Бір буын ауыспай-ақ, мүлдем басқа сипаттағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық.

Күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетпіз.

Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола салған жоқ.

***

Барша халқымыздың ең басты құндылығы – Тәуелсіздік! 

Біз – көшпенділердің ұрпағымыз, ат үстінде жүрген елміз.                           

Ержүрек халықтың жалғасымыз.                                                                

Естеріңде болсын, тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ. Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салды.

Бүгінгі тәуелсіз елімізде қазақтың ішкі бірлігі сақталуға тиіс.                    

Біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір.                                          

Сыртта жүрсек те, іште жүрсек те, барлық мәселені бірлесіп шешуге тиіспіз.                                               

Ешуақытта басқа ұлттың, басқа діннің адамдарын ренжітуге болмайды. Қандай жаманшылықты өзіңе тілемейсің, басқаларға да сондай тілекші бол. Қазақстандықтардың барлығы бір-біріне тілеулес болғаны жөн.                            

Басқа ұлт болса да, оларда Қазақстанның төлқұжаты бар, осы елде туып-өсті.                                                                

Бөтеніміз емес. Қоғамның барлық жүгін бірге көтерісіп келеді. Зауыт, фабрикаларды бірге салып жатырмыз.

Бірлігіміз болса, біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Бұған дейін осылай болған, бұдан кейін де солай болуға тиіс.                          

Енді тура бір айдан соң ел тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өткелі отырмыз.                                                                   

Асылын ардақтай білетін халқымыз тәуелсіздіктің қадірін бір сәт те түсірген жоқ.                                                                            

Тұғырын нығайтып, түтінін түзу ұшыруға барын салып келеді.       

Алға, Қазақстан! Алға, Жас Отан!

Қазақстан Республикасының Президенті, "Нұр Отан" ХДП Төрағасы Н.Назарбаевтың "Жас Отан" Жастар қанатының II съезінде сөйлеген сөзі (Астана, 2012 жылғы 16 қараша)


 

Лондон олимпиадасы Қазақстан спорты тарихына алтын әріптермен жазылады.

2016-жылы Рио-де-Жанейрода өтетін 31-ші жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан ең мықтылардың қатарында барады.

Ендігі міндет – ел абыройын осы биіктен төмендетпеу. 

Біз сендерден болашақта да ерен ерліктер, жарқын жеңістер күтеміз!

Жеңістерің жеңістерге ұласа берсін!

Еліміздің мәртебесі биіктей берсін!

Қазақстан жасасын!

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ХХХ жазғы Олимпиялық ойындардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі (Астана, Тәуелсіздік Сарайы, 2012 жылғы 17 тамыз).


Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!

Жастар - біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету - біздің міндетіміз. 

***

Еркін елдің болашағы - фундаменталды білім мен дамыған ғылым еншісінде.

***

Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады. 

***

Әрбір халық өзінің болашағын өскелен ұрпақпен байланыстырады. 

***

Біздің елде дарынды, енді дамып келе жатқан жастарға ерекше жағдайлар жасалуда. 

***

Дарынды ұрпақ - өзінің тағдырын түсінетін ұрпақ.

***

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мәңгілік елдің ұлы тұлғасы-ұстаз!" Шығарма."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 2392
    • DOCX 45.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Медеубаева Акгул Темирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Медеубаева Акгул Темирбековна
    Медеубаева Акгул Темирбековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89670
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе