399457
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокОБЖКонспектыМәңгілік естен кетпес отты жылдар

Мәңгілік естен кетпес отты жылдар

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: Мәңгілік естен кетпес отты жылдар.


Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ата-бабамыздың ерен ерліктерін өсклең ұрпаққа паш ету. Отан үшін жанын аямаған,соның ішінде ару қыздарымыздың еңбектерін, қадір-қасиетін дәріптеу, оны қадірлеу идеясына бағытталады. Жас ұрпаққа патриоттық рух бере отырып, оларды отансүйгіштікке ,елжандылыққа тәрбиелеу.

Жоспары:


Кіріспе бөлім

«Жойылсын сол бір сөз соғыс деген....»


Негізгі бөлім

  1. Арулар Ұлы Отан соғысы жылдарында.

  2. Дариға,сол қыздар

  3. Жадымда мәңгі сақталар.

(қазақ арулары туралы естеліктер )


Қорытынды.

Жеңістің жанды жұлдызы.


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар ,оқушылар!

Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің қайсар рухын паш еткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар» атты өнеге сағаты қазақтың ержүрек батыр қыздарына арналады.


Кіріспе.

Жойылсын сол бір сөз соғыс деген...

Ұлы Отан соғысы... Адам баласы үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз- қайғы-қасірет,қантөгіс,өлім-жетім.Екінші дүниежүзілік соғыс еліміз үшін ауыр тиді. Қаншама отбасының шаңырағы ойрандалды. Ал,дүние есігін ашып,жан-жағын енді біле бастағандар балалықпен ерте қоштасты. Сондықтан да болар, әкеге, бауырға деген сағыныш пен тағдыр тауқыметінің кермек дәмі осы жылдары еңбек еткен әрбір жанның естен кетпесі анық.

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия жасаған келісімді бұзып, КСРО аумағына соғыс жариялап, басып кірді. Ұлы Отан соғысының қарқыны осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын. Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық жақтары болды. Яғни,шикізат үшін азық-түлік базасы ретінде әлсіз мемлекет құру. Осы мақсатқа төтеп беру үшін соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар да майданға аттанды. Қазақтар отан үшін, фашистерге қарсы бағытталған соғысқа аянбай қатысты. Яғни,қазақ халқының мақсаты ол соғыста жеңіп,тату-тәтті өмір сүру болатын. Майдандағы қызыл армия қатарына 1млн 200 мыңға жуық қазақстандық аттанды.Одардың 400 мыңы әйелдер еді. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазакстанға 27 әскери оқу орны көшірілді.Жұмысшылар саны 600000 адамға кеміді.Жалпы соғыс жылдары майданға 34476700 адам шақырылып,оның 490 мыңын әйелдер құраған.

Отты жылдар шежіресінен бейне – фильмін көрсету. (6-7 мин)

Сценарий авторы: Шанғытбаева Айдана Құрманғалиқызы

E:\Нариман3740.jpgK:\P2120009.JPG

Жүргізуші:

Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Арулар Ұлы Отан соғысы жылдарында

Оқушы:

қыздарының бірі Мәншүк Маметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағамда,апам да жоқ сондықтан өзімді жіберуді өтінемін",- деп Бұл соғыста қазақ қыздарының да еңбегі зор. Бұл азапқа шыдай алмаған қазақтың өрімдей әскери комитетке өтініш берді. 1941 жылдың қан майданында ару қыздарымыздың көрсеткен еңбектерін еш ұмытпауымыз керек.

K:\P2120017.JPGE:\Нариман3831.jpg

Жүргізуші:

Ару қыздар, алаулап от кешкендер,

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Ару қыздар, алаулап от кешкендер.




Дариға,сол қыздар!

Оқушы:

Сол соғыста қанкешіп жүріп азаттықты арман еткен апаларымыз да аз емес.Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Орал қаласынан 2000 асатын жас комсомолдар өз еріктерімен сұранып, майданға аттанды.Бұл жігіттер мен қыздардың көбі өрімдей жас болатын, олардың жастықшағы еш уақытта қайтадан оралмады.Солардың бірі шығыстың қос шынары атанған Маншүк Маметова. Ол 1922 жылы Орал облысы Орда ауданы Жасқұс ауылында дүниеге келген.1942 жылы өз еркімен әскер қатарына алынып, 100 Қазақстандық атқыштар бригадасы, кейін 21 гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында ұрыстарға қатысады. 1943 жылы Белоруссияның Небель қаласы іргесіндегі шайқаста пулеметінен оқ жаудырып ,фашистерге қарсы тойтарыс береді.Осы ұрыста өзі де қаһармандықпен қаза табады.Осы ерлігі үшін 1944 жылдың 1 наурызында Кеңес Одағы Жоғарғы қызмет үкіметі президумның жарлығымен М.Маметоваға қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

E:\Нариман3766.jpgE:\Нариман3767.jpg














Мәншүк туралы деректі фильмнен үзінді көрсету. (7-8мин)

Осы сұрапыл соғыста Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақтың тағы бір батыр қызы Әлия Молдағұлова болды. Әлия 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Ленинград қаласына қоныс аударып,балалар үйінде оқуын жалғастырады.1942ж өз еркімен ҚӘ қатарына жазылып, мергендер даярлау мектебіне қабылданған. 1943 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысушы. 2-Балтық бойы майданындағы 54-атқыштар бригадасы,4-батальон,3-рота құрамында шайқастарға қатысып, өзінің ержүректігімен, қайсарлығымен, құралайды көзге атқан мергендігімен ерекшеленеді. Әскери мамандығы-атқыш,снайпер.Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.1944ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қазатапты . Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

Жүргізуші:

Біріктіріп ұміті мен тілегін,

Біріктіріп барлық күшін, жігерін.

Ана үшін ,бала үшін ,жер ұшін,

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

K:\P2120048.JPGK:\P2120040.JPG

Оқушы:

Майданның бел ортасында болып, елбасына күн туғанда етігімен су кешкен жеңіс үшін кеудесін отқа төсеп, ерлігінің арқасында елге аман-есен оралып халыққа қызмет еткен қазақтың қайсар арулары біздің өңірімізде де бар. Соның ішінде біздің жерлесіміз Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігін еш ұмытуға болмайды. Хиуаз Доспанова 1922ж 15 мамырда Гурьев обл. Тенгиз ауд. дүниеге келген.Орта мектепті Орал қ. тәмамдады. Мектеп жасынан-ақ ұшқыш болуды армандады.1940ж әскери медицина институтына түседі.2-ші курста өз өтінішімен майданға аттанады. Ұшқыш М.Раскованың ұсынысымен және қолдауымен Саратов әскери-әуе күштері училищесіне түсіп, үздік бітіріп шығады.Хиуаз Доспанова 20 жасар өрімдей қыз күйінде авиация штурманы болып,300 рет әуе шабуылына қатысып, жаудың төбесінен оқ жаудырды.1956ж Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы болған .Бірақ "Халық Қаһарманы" деген атақты тәуелсіздік алғаннан кейін ғана берілді. Қазіргі таңда Хиуаз Доспанованың құрметіне ұшаққа аты берілді.

Хиуаз Доспанова туралы видео ролик көрсету. (3-5мин)

I:\Фото\Фото1385.jpgE:\Нариман3757.jpg







Жүргізуші:

Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан Ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Оқушы:

Ұлы Отан соғысы жылдарында Батыс Қазақстан өңірі бойынша майдандағы ерліктері үшін 41 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры ,6 жауынгерге Даңқ орденінің толық иегерлері деген құрметті атақ берілді.

Соның ішінде Ақ Жайық өңірінен майданға 76 мыңнан астам азамат аттанды. Олар Орал қаласында жасақталған. Қан майданда жаумен жолбарысша, ержүректікпен шайқасқан тағы бір қаһарман қыздардың бірі Әлима Габдушева. Ә.Габдушева 1924ж 30 маусымда Жәнібек ауданы Шунгай ст. дүниеге келген.1943ж өз еркімен майданға аттанып, қысқа мерзімдік мерген-атқыштар даярлау курсынан өтеді.24 шілдеде Орталық мерген қыздар полкі сабында әскери ант қабылдайды. Мамандығын жетік меңгерген Әлима апай 403-мергендер полкі құрамында талай жау офицерлерін жер құштырды. Ұрыстарда қарсыласынан бұрын айласын асырып отырған .Осы ерлігі үшін 1945ж "ҚызылЖұлдыз" орденімен марапатталады. Әскери шені-ефрейтор.1946ж елге оралып,"Базартөбе" совх.балабақша меңгерушісі ,пошта қызметкері болып еңбек етті.1987ж дүниеден өтті.


Сөз кезегі: Габдушева Әлима апамыздың келіні

Көпжасарова Гүлзада Жолдықайырқызына беріледі.F:\IMG-20150218-WA0011.jpg


I:\Сбор\SAM_8722.JPG


Жадымда мәңгі сақталар...

Осынау тоқырау алапат соғыста қасық қаны қалғанша жауға тойтарыс берген ару қыздарымызды ешқашан ұмытпайық. Олардың туған туыстарына жазған сағыныш хаттары осылардың барлығы біздің жадымызда мәңгі сақталмақ. Батыр апаларымыз туралы бірнеше жырлар, поэмалар, өлеңдер, фильмдер түсірілді.Осылайша жадымызда мәңгі сақталатын батыр апаларымыздың бірі Әлия Молдағұлованың да естеліктері естен кетпес. Мысалы, Казачка маңындағы Монакова төбесіндігі Әлияның бейіті. Оның есімімен мен аталған мектептер, ескерткіштер, көшелер, мұражайлар, Әлия туралы әндер көптеп кездеседі. Тағы бір батыр апамыз Хиуаз Доспанованың ерлігі туралы 15 беттік деректі мақала жазған Кеңес Одағының Батыры Марина Чечневаның "Мои боевые друзья" атты кітабы жарық көрді. Қазіргі кезде Хиуаз Доспанова апамыздың құрметіне ұшаққа есімі берілді. Батыр апаларымыз туралы деректер "Майдангер", "Тарихитұлғалар", "Айбын" энциклопедияларында да көптеп кездеседі. Нәзік те болса ер мінезді апаларымыздың ерен ерліктерінің арқасында бұл соғыстың соңы жеңіспен аяқталды.




K:\P2120035.JPGI:\Сбор\SAM_8729.JPG










Сөз кезегі: Базартөбе ауылдық округының ақсақалдар төрағасы

Жаналиев Хамит Баймұханұлына беріледі.

Сөз кезегі: ардагер ұстаз Мұханбетжанова Райса Закенқызына беріледі








Қорытыңды:

Жеңістің жанды жұлдызы

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті.Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.Сондықтан, Жеңіс күні еш уақытта ұмытылмайды. Ал, майданда ерлікпен қаза тапқан жерлестерімізді мәңгі есте сақтау біздің борышымыз.












Краткое описание документа:

Тақырыбы: Мәңгілік  естен  кетпес отты жылдар.

 Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ата-бабамыздың ерен ерліктерін өсклең ұрпаққа паш ету. Отан үшін жанын аямаған,соның ішінде ару қыздарымыздың еңбектерін, қадір-қасиетін дәріптеу, оны қадірлеу идеясына бағытталады. Жас ұрпаққа  патриоттық  рух бере отырып, оларды отансүйгіштікке ,елжандылыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

 Кіріспе бөлім

«Жойылсын сол бір сөз соғыс деген....»

 Негізгі бөлім

1.     Арулар Ұлы Отан соғысы жылдарында.

2.     Дариға,сол қыздар

3.     Жадымда  мәңгі  сақталар.

(қазақ арулары  туралы естеліктер )

 

Қорытынды.

Жеңістің жанды  жұлдызы.

          Қайырлы күн, құрметті  ұстаздар ,оқушылар!

Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің қайсар рухын паш еткен  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған  «Мәңгілік  естен кетпес отты жылдар» атты  өнеге  сағаты  қазақтың  ержүрек  батыр  қыздарына  арналады.

 

 

Общая информация

Номер материала: 413274

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Охрана труда»
Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
Курс повышения квалификации «Охрана труда»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс профессиональной переподготовки «Безопасность и антитеррористическая защищенность объектов (территорий) образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Обращение с опасными отходами I – IV класса опасности»
Курс повышения квалификации «Обеспечение экологической безопасности руководителей и специалистов общехозяйственных систем управления»
Курс повышения квалификации «Особенности преподавания безопасности жизнедеятельности в профессиональном образовании»
Курс повышения квалификации «Гражданская оборона и защита от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера»
Курс профессиональной переподготовки «Экология и основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Педагогика и методика преподавания основ безопасности жизнедеятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Безопасность технологических процессов и производств»
Курс профессиональной переподготовки «Пожарная безопасность»
Курс профессиональной переподготовки «Противопожарная профилактика в строительстве»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Онлайн-конференция Идет регистрация