Инфоурок Другое Другие методич. материалыМәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр

Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр

Скачать материал

« Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр...»

 

    1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл толып отыр. Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті.  Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз.

2- жүргізуші:    Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты.  Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 - ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

1- жүргізуші:  Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
( 1 минут үнсіздік; үнтаспадан жай ғана Ұлы Отан соғысы туралы ән естіледі)
2 - жүргізуші:

Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай,
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те
Бар тілегім, ұрпағым болсын аман - ай - демекші, қазіргі біздің амандығымыз үшін отқа кеуделерін тосқан Кеңес Одағының Батыры , қазақ халқының жаужүрек қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың ерлігін сөз етпекпіз.

1- жүргізуші: Олай болса, бүгінгі кешке келген қонақтармен таныстырып өтсек: « Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр...» деп аталатын естелік кітаптың авторы, журналист, жазушы Тихон Әліпқали, ҚР Мәдениет қайраткері, Ақ Жайық  өңіріне танымал өлкетанушы Сара Есқайырқызы

 

 

 

1-жүргізуші:

Елімізді оттай шарпып өткен сұм соғыс қазақ әдебиетіне сүбелі тақырып болып енді. Жауынгерлердің отты рухы мен  сұм соғыс тақырыбын арқау еткен ақындардың  жалынды жырларына  кезек берейік.

(Студенттер өлең оқиды.А.Талғатова, Амангелдіұлы Ерназар, Адешова Р.)
Амангелдіұлы Ерназар « Ғайша» М.Шаханов

Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды

Майданға...

Сенген жүрек серттен оңай тайған ба?

Соғыс бітті.

Ал күйеуі келмеді.

Үш жыл күтті

Бес жыл күтті...

Өлді деген суық сөзге сенбеді.

Тұманға орап тілекті,

Тағы төрт-бес жыл өтті.

Тәтті арманын көңіліне тоқ санап,

Күте берді сағат санап, сәт санап.

Кейде аусар тағдырына нала боп,

Көкірегінде маздап, ұйтқып жанады от.

Тым құрыса,

Тым құрыса, Құдай-ай,

Алданыш қып отыратын бала жоқ.

Артса да үміт бір күннен соң бір күнге,

Жалғыз жанға жараспайды күлкің де.

Болмады ғой,

Болмаған соң ақыры

Көрші қартқа ерге шықты бір түнде.

Сол түн тыныш ұйықтады,

Жаңа үмітін жағып бір,

Кеудесіне қанағаттан тағып гүл...

Ал таңертең арман болған күйеуі

Терезені қағып тұр.

Ғайша сорлы күйіп кетті бұл қорлықты көргенде,

Тастай қатып қалды тілсіз, естен тана үдеріп,

Сонан кейін шашын жайып жіберіп,

Күйеуінің аяғына құлады.

Құлап жатып ағыл-тегіл жылады,

Жылап жатып зарлады

Өзін-өзі жерге соғып қарғады.

...Махаббаттың құм секілді мінезі жоқ сырғыма,

Жүргенімен көп опық жеп алданып,

Ғайша кенет орнынан сүйретіліп тұрды да,

Бір ғана  ойға табан тіреп түбірлі,

Ту еңісте тосып жатқан долданып,

Асау Ақсу өзеніне жанұшыра жүгірді...

Бағаласаң – махаббатты бағала,

Бағаласаң - махаббатты бағала,

Сәлден кейін сорлының

Орамалы ғана жатты жағада.

Әдешева Р «Мәншүк» А.Бақтыгереева

Айналдың мәңгі жалынға,

Даңқыңды тақты даламыз

Жасқұста сонау Нарында

Өмірге келген бала қыз.

Әлемге тарап атағың,

Құрбаны болдың ақ таңның

Мен бүгін « Мәншүе апаның

Еліненмін деп мақтандым.

Лап етіп жанды жас шағың,

Селт ете қалды барша жан.

Сен жайлы ерлік дастанын,

Жазуға құмар қанша адам.

Өзіңме налау сезімді,

Әкеттің ару қалпыңмен.

Жырласам ба деп өзіңді,

Ұстадым қалам бәлкім мен,

Кешпестен алау сезімді,

Өттің сол ару қалпыңмен.

Ұмытпау үшін өзіңді,

Атыңды жаздық алтынмен!

Айгүл Талғатова « 40-шы жылдар» М.Мақатаев

Рас, қайғы, қасірет бар қаптаған,

Ғұмырлар бар батқан және батпаған.

Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,

Әркеуде де бір шер барын білем мен.

Қан майданда ерлік етсе біреулер,

Қарсы жауға шықтық біз де түренмен.

Аңыздарда тере жүріп масақты,

Рас, рас көзімізден жас ақты.

Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар.

Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.

Батыр жұртым сол жылдарды өткердің,

Сонда да сен жақсы көрдің, жек көрдің.

Қара емендей қатып қалған әкеңді,

Кейінгі ұрпақ батыр емес деп көргін.

Кейінгі қрпақ саған салған өткелдің,

Біле білсең мына біздер сақтаған.

 

2 - жүргізуші: Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып

Сағасында өткен жастық, өткен күн.

Қаршадайдан қара шаруа атанған

Сен әжеңді батыр емес деп көргін.

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған,

Сондағы мен ерлігіме мақтанам

Балғын ұрпақ сенің болашағыңды,

, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

 

Көрініс ( Есік қағылады.)

Сержант: Сізге Әмина Мәметовадан  хат келді.

Мәлік: Иә, алып кел.  ( хатты оқиды).

Мәлік: Аманбысың, Мәлік! Менің жиырмаға жаңа шыққан Мәншүгім Отанын қорғаймын деп қолына қару алды. Оның қайтпас қайсарлығы, отты рухы, жалынды жүрегі Отаным  деп соқты. Менің Мәншүгіме бас-көз болып жүргейсің!

Сәлеммен: Әмина Мәметова.

                    Қараша айы. Невель  қаласы. І атқыштар дивизиясы.

Мәншүктің қаза тапқаны туралы естіп, Мәлік келе сала:

-         Мәншүкке не жасап жатырсыңдар?

Олар: -Мәншүкті ІІ дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсындық.

(Мәлік ашуланады.)

Мәлік: -Айтыңдаршы, Алматы мен Мәскеудің арасы қанша шақырым?

Біреуі:      - 4800 шақырым.

Екіншісі: - 5000 шақырым.

Мәлік: -Мейлі, 4 мың-ақ шақырым болсын. Басқаны қойып қазақтың жиырмаға жаңа шыққан қызы сонша қиырдан Отанымды, Мәскеуді қорғаймын деп келіп, қолына винтовка алып соғысамын деуі ерлік емес пе? Осыдан артық не дәлел керек. Дереу құжаттарын қайта дайындаңдар?! Орталық комитетінің 1-ші хатшысы Михайловқа, болмаса маған Батыр атағын берген Бүкілодақтық төраға Калининнің өзіне барамын. Ворошиловқа да кіремін. Одан түк шықпаса, менің Мәлік атым құрып кетсін. Өзімнің жұлдызымды беремін.

Мәлік: - Мәншүкпен ұрыс даласында бірге болдың, сол туралы көзіңмен  көргеніңді маған айтып бер.

Ахметқазы Ахметжанұлы Болатов:

 1943 жылы 11 қазан күні біздің дивизионның біраз жауынгерлерін Псков облысындағы Изочи стансасын алу үшін құралдарымызбен жаяу әскерге бөліп жіберді. Осылайша біз, Мәншүктердің батальонына қосылдық. Ұрысқа кіру үшін біздер Үлкен Иван мен Кіші Иван көлінің арасынан өттік. Мәншүк жаудың көп келетін жерін пулеметпен қарсы алу үшін биіктеу жотаға орналасты да, жауынгерлік орнын белгіледі. Таңғы 6-лар шамасында ұрыс басталып кетті. Төбешікке келсек  Мәншүктен басқа тірі жан жоқ. Басынан жараланыпты. Қарындасымыздың жалғыз екеніне көзіміз жеткен соң: «Мәншүк, таста пулеметті, жүр бізбен, тез!» деп өтініп жатырмыз. Ол болса: «Бара беріңдер, мен қалмасам сендерді  кім қорғайды, шепке жете алмайсыңдар» деп айтқан сөзден таяр емес. Егер сол жолы Мәншүк дәл осындай батырлық көрсетпегенде  100-ші атқыштар бригадасының сондағы жауынгерлері тірі қалмас еді. Мәселен, қара жер басып жүргенім, сол қара қыздың арқасы. Бүгінде  біздер «Мәншүк қаншама фашистің көзін жойды деп емес, қаншама қазақты аман алып қалды», деп айтуымыз керек.

Автор:   Алты айдан кейін Мәншүкке 1944 жылы 5 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

 

1- жүргізуші: Ендігі кезекте құрметті қонақтарға сөз кезегін береміз.

1-сұрақ: Мәншүк Мәметоваға қатысты деректерді топтастырып Айман Мәметовамен бірлесіп кітап жазуға түрткі болған жағдай

2-сұрақ: Невель қаласына барған сапарларыңыз туралы айтып беріңіз.

3- сұрақ: Мәншүкті жерлеу туралы түрлі дереккөздер бар. Жерлеуге қатысқан көзі тірі куәгермен кездескен сәтіңізден естелік білсек деп едік.

Сара Есқайырқызына сұрақ:

1-сұрақ: Сіз ұзақ жылдар басқарған облыстық тарихи- өлкетану музейінде Мәншүкке қатысты қандай деректер бар?

 

 

 

Ән: «Кестелі орамал»           Орындайтын:  Ақділдә Бисенова

1- жүргізуші: Ұлы Отан соғысы  кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, елі мен жері үшін жанын пида еткен   қаһарман ерлерді бүгінгі ұрпақ ерлік істерін үлгі етіп, студенттер жыр жолдарын арнайды.

 

Арнау      

Кожасова Аида « Мәншүк мұражайында»

Ел қорғаған батырлар көп қой біздің өлкеде,

Ерлігіне мақтанып, басын иген әр пенде.

Мәншүктейін ер қыздың айбынына таңқалдым,

Өмір жолын дәріптеген мұражайын көргенде.

Бөлмелерді аралап, таң қалады жүректер,

Мұражайдың әр бұрышы тұнып тұрған деректер.

Елі үшін жан қиған дәл осындай аруға,

Алғыстарын жасыра алмай ұрпақтары жыр етер!

Жыр етеді ұрпағы егеменді елі үшін,

Жыр етеді тәуелсіз, бейбіт аспан жері үшін.

Мәншүктейін батыр қыздың есімінен мәңгілік

Ұрпақтардан ұрпаққа тек шапағат төгілсін!

Ромашев Шыңғыс « Шығыстың шынары»

Мәңгі өшпейтін Мәншүк деген атымен,

Тегі қазақ, болмысы әйел затымен

Қалды мәңгі жүректерде жыр болып,

Қан майданда қанмен жазған хатымен.

Болмысы оның татитындай асылға,

Қараңғыда жарқ еткен жасынба.

Аттанды ол қан майданға қару ап,

Бар болғаны жиырма деген жасында.

Қастерлеген қасиетін өр елдің,

Бағалайды ерлігінде келер күн.

Қаһарман ол қызы қазақ халқының,

Қорғаушысы қайсар қала Невельдің.

Ортасында көзге түсіп ұрыстың,

Ел мен жерді қорғауға сен тырыстың.

Қазағының қайсар қызы ер Мәншүк,

Шыңға біткен шынары еді Шығыстың.

 


1-жүргізуші: 69-жыл-бейбіт көктем таң атқалы,
69-жыл –шуақты күн таратты әнін 
Есімде сонан бері 69 рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
2- жүргізуші: Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел!

Бүгінгі « Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр... » атты тәрбиелік шарамыз аяқталды. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл толып отыр. Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті.  Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз.

 

2- жүргізуші:   Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты.  Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 - ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 688 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2015 2071
    • DOCX 62 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупова Кырымжан Умбетрзаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19213
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 99 человек из 38 регионов

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе