Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

библиотека
материалов

Қызылқоға ауданы

Сағыз селосы

9 орта мектеп












(Сахналық қойылым)


Мұхтар Мағауин

«Бір атаның балалары»







Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Мейрамгүл Аяғанова Шаруханқызы













2014-2015 оқу жыл




Қатынасытындар:


1.Басқарма- Сәбит Аманбек

2.Дәуренбек- Кереев Қуандық

3.Ахмет- Ахмет Тынышбай

4.Берден (Тоқа) – Ақтөре Думан

Жетімдер:

5.Қазақ баласы Нартай- Досымбаев Жомарт

6.Қазақ баласы Ертай- Байғали ерсұлтан

7.Татар баласы Рәмид-Ғайни Мұхамбет

8.Дүңген қыз- Атшыбаева Гүлфайруз

9.Орыс баласы- Базарбаев Атабек

10.Неміс баласы- ?

11.Тоғжан- Қарасай Көрем,

12.Кемпір-Аралбай Камшат


Соғыс жылдарындағы музыка жүріп жатады. Соғыс жылдары 1942 жыл. Ауыл іші. Жиналған көпшілік. Абыр-дабыр дауыс.

Әскери киінге басқарма:

-Ау, ағайындар, тегіс жиналсаңдар сөзіме құлақ салыңдар. Иә, өздерің білесіңдер мен жұмысшы әкелем деп кеткен едім. Ақыры бұлай болмады. Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз қалқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер шалғай мен барғанша ересектерін бөліп алып кетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз.Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.

Жұрт дабырлап: Иә, жүмыс басында естігем, басқарма мен есепші бір арба толы бала әкелді деп. Рас болып шықты ғой.

Басқарма қолын көтеріп:

Сабыр,ағайындар, сабыр! Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе бірдей жетпейді. Және , қазір бауырыма салдым деп, кейін өгейсітіп жүрсек те қазақшылығымызға жатпайды.Мүмкін, үкімет тағы жіберер, сонда қалғандарыңа да тиер.Әзірге, қолда барын құдай жолымен бөлемін. Әй, бәйбіше! Балалар тамағын ішіп болса әкел мында.

Бәбіше (дауыстап): - Қазір,ақсақал.

Басқарма: -Ал, былайырақ тұрыңдар. Балаларға орын беріңдер.

Халық опыр-топыр шегініскен болып, көруге асығып тұрады.

Бәйбіше: - Жүріңдер, айналайындар, жүріңдер.

Осы кезде сап-сары балапандай кішкене бала көрінді.Қара шашты, қоңыр шашты бірінен соң бірі алты бала халықтан имене тоз-тоз киімдерімен ортаға шыға береді.

Басқарма: -Өй, қалқабастар, қорықпаңдар, келіңдер бері. Ал,Дәуренбек, дүкіментіңді аш та мына балалардың мән-жайын айт.(Дәуренбек әскери киінген жаралы солдат)

Дәуренбек жаралы қолын төс қалтасына салып,төрт бүктелген бір жапырақ қағазды алды.Сау қолымен қағазды ашып, кем қолымен балаларды санап шығып, орнын ауыстырып тұрғызды.Тамағын кенеп, қағазды тағы да бүктеп қалтасына салды да:

Басекең дұрыс айтады.баланың саны алтау. Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар. Мен рет-ретімен таныстырып шығайын.Тылдағы еңбекшілерге көмекке жіберілген жолдастар төмендегіше:Стройдың басында тұраған екеу қазақ балалары үлкені сегізде, кішісі алтыда.Нұртай мен Ертай екеуі ағайынды. Онан соңғысы татар баласы, аты- Рәшит, жасы жетіде. Сонан соңғысы, көзі сығырайған ,жалпақ бет, қалмақ па, дүңген бе - әйел бала, жасы алтыда. Қасындағысы Яков, жасы тоғызда, орыс баласы.Қайдан келгені белгісіз, әрі мылқау.Ең соңғысы жаңа алдымен шыққан қасқа, Сіздерден жасыратын несі бар-неміс.Жасы жетіде. Мұның орны детдом емес еді. Әке-шешесі болмаған соң алған ғой. Өкіметтің кеңшілігі көп қой.Осы араға келіп қалды Сұрақ бар ма?

(ешкім сұрақ бермеді.)

Дәуренбек: -Түсінікті. Басеке , сөз өзіңізде.

Басқарма:- Сөз дейтін несі бар.Осы ауылдан соғысқа сайдың тасындай 43 азамат кетіп еді., содан екуі ғана оралды. Оның бірі-Дәуренбек қолдан, Берден белден айырылып қайтты.Хабарсызы қаншама? Түгелдей жетімбіз.Жетім болмасақ,әліпті таяқ деп білмейтін Тоғжан қалқозды басқара ма? Жетім болмасақ, жетпіске келген Ахмет күндіз мал бағып, түнде күшкөлік баға ма...(көзі жасаурап...) Біз баладан айырылсақ, алдарыңда тұрғандар атадан айырылған өңкей жетімдер.Екі жарты, бір бүтін...

Тоқа (Тоқасы Берден), бәріңде баладан құр қалмаңыздар. Ертең- ақ, шыққан жерін ұмытып бауыр басып кетеді.Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз

Тоқа:- Ләббай, өздерің бөліңдер. Тек ретін айтып берейін. Аха, сіз бастаңыз.Жол сіздікі.

Тысы тозған тымағын киіп ,қолында қамшысы бар Ахмет шал ортаға шықты.Жүрісі ширақ.

Дәуренбек:-Таңдаған балаңызды алыңыз.

Ахаң жетімдерге қарап біраз ойланып тұрды да ағайынды екеуіне келіп тоқтады. Олар бірін-бірі құшақтап айырылар емес. Тізерлеп отырып, екеуін бауырына қысып құшақтады.

Кезек-кезек маңдайларынан сүйді.сонан соң орнынан тұрып, балалардың бастарынан сипап, соңында тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

Ахаң:-Мен мына мықтының өзін қаладым.

(Халық шуласып кетті.)

Басқарма: -Қалауыңыз білсін

Ахаң: -Баланың аты кім?

Дәуренбек: -«Жауды аяған жаралы» дегенді білетін бе едіңіз?

Ахаң: - Әй, не шатысып тұрсың, мен сенен ақыл сұрадым ба?

Дәренбек: -Сақылыңыздың ағымда жаңсақ іске бардыңыз.

Ахаң:-Құйысқанға қыстырылмай қой, қарағым.Әкең атшабар Бәкібайды да көргем,ол да маған қоқаңдай алмаған. (қамшымен тымағын дұрыстап қойды) Еміске сен үш саусағыңды берсең, мен үш ұлымды бергем.Мына жұртты бөгемей баланың атын айт.

Дәуренбек:- Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз.

Ахаң:- Зикпри Болыпкен....Қалай?

Дәуренбек:- Зигфрид Вольфганг Вагнер.

Ахаң: -Жүр,айналайын. Жұрттың сөзін ұрғаным бар ма? Үйде апаң күтіп отыр (Баланы жетектеп алып кетеді).

Халық у-шусыз балаларды бөліп ала берді. Тек ағайынды Нартай мен Ертайды бөлер кезде шырылдап екуі айырылмай , әйелдер жылап жатты.

Халық:-Айырмайықшы екеуін бір адам алсын

Берден мен орақшы шал баланы әрі-тартып , бері тартып, айқай болды.

Халық: --Айқайласпаңдар, бауы берік болсын,ағайындар

Екеуі екеуін жетектеп кете барды.

Сахна. Әйел, еркек. Ахаңның үйіне барамыз.Баласына молда алдыртып, тілін кәлимаға келтіртіпті.Енді бізді асықжілік ұстар тойына шақырды. Соған барамыз.Шай дастарханы. Құрт-ірімшік, ет тартылған.

Әйелдер:-Аха, балаңыздың асықжілік ұстарға келгені құтты болсын.

Ахаң: -Әмин,әмин. Үш ағасының артынан ерген қарасы ғой. Меи айтпасам да білесіңдер, иә...

Берден:-ертең жұмыс тарайық.

Басқарма:-Жамағат той көрмегелі екі-үш жыл болды. Еркін отырып, көңілдерін көтерсін. (Осы жерде бір бала әні орындалады)

Ахаң: -Еміс деп, орыс деп, қазақ деп бөлмеу керек. Бөлу Пайғамбарға шет, құдайға күнә. Әкем айтып отырушы еді, жер бетіндегі қоныстанаған адамдардың барлығы бір атаның балалары деп.

(Зекен шыбықты бұтына қыстырып жауып ойнап жүр.)

Басқарма: -Әйткенмен осы баланы таңдауыңызға не себеп?

Ахаң:- Рас. Ойым қазақ балаларында еді. Айыруға қимадым. Әрі үлкені тым есті көрінді. Ұмыттырмас. Түбі өзін табар дедім.

Басқарма: -Ал, басқалары ше?

Ахаң:-Маған тәуірі осы Зекен болды. Жетімнің ішіндегі шын жетімі осы еді,қарағым... Обалынан қорықтым.

Арада біраз жыл өтті.

Халық:-Апырай осыдан алты күн бұрын қызыл жағылалар келіп, Ахаңды ұлттар достығына қайшы келетін сөздер айтып, үйіне немісті паналатып, атын да ауыстырып отыр деп айдап кеткен еді, Енді міне, аудандағы дөкейлердің бірі соғысқа кеткен баласы Келімбетпен бірге оқып, Ахаңның дәмін татқан болып шығып босатып жіберіпті. Аузыңа ие болып, баланы детдомға тапсыр депті. Ахаң аузыма ие болсам да, баланы тапсырмаймын деп қарсылық білдіріпті. Ойдағы «Қызыл ту» колхозына немістер көшіп келеді, Зигфрид солармен бірге болу керек деп шешім шығарса, Ахаң мен де баламмен бірге боламын деп, қараша үйімен, барлық мал-жайымен көшкелі жатыр дейді.

Арада біраз жыл өтті.Зигфрид сұңғақ бойлы ұзынша,толықша отыздың шамасына келген отағасы болған.Сахнаға маң-маң басып шығады.Көзі ойлы, жанары нұрлы. Халыққа қарап тұрады.

Зигфрид:- Мен бүгінде әкем Ахмет Бегімбетовтың арқасында үбірлі-шүбірлі 7-8 балалы болдым. Бүгінде Совхоздың бас зоотехнигімін. Әйелім мұғалім.Атам бар да жақсы еді. Қазір қиындау болып жүр. Анам марқұм болған соң әкем де осыдан үш-төрт жыл бұрын дүние салған. «Атасын жасырған- нәмәрт» Мен өзімді тәрбиелеп өсірген даланың дархан перзенті-бүкіл семьямыз фамилиясын алып отырған әкем, сіздерше Ахмет ақсақалмен қоса, фашистермен шайқаста испан республкашылдары қатарында қаза тапқан, маған өмір берген ғазиз әкем Вольфганг Вагнердіде мақтан тұтам. Бірақ неміспін деп айта алмаймын.Бұл менің қалауымнан тысқары нәрсе. Қазақ тағдыр ісі дейді.Анық, мен неміс емеспін.Қазақпын деп кесіп айтуға да қиын.Арғы текті қазу азаматтыққа жатпас.Қазір бәріміз бір өзеннің арнасы, бір атаның баласымыз.Бір семьяның мүшесі, бір ұлыстың ұлымыз.Ескі жараның ауызын тырнап қайтейін.

(Сахнадан ойлана біраз тұрып, Зекен шығып кетеді.)

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров197
Номер материала ДВ-572875
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх