Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Мұхтар Әуезов. Ашық сабақ.

Мұхтар Әуезов. Ашық сабақ.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

18








Біртуар нар тұлғасы қазақтың – Мұхтар Омарханұлы Әуезов











hello_html_m66339cbd.gif

Мазмұны

Кіріспе бөлім........

    1. Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы .

    2. Өмірдерек.

Негізгі бөлім

2.1 Драмматургия саласындағы еңбектері мен жемістері..

2.2 Әңгіме, повестеріне шолу.

2.3 Мұхтар Әуезовтың әдебиет саласында басқа жазушылармен өнері және басқа тағдырының ұқсастығы

2.4 «Абай жолы» эпопеясы және образдар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

















Кhello_html_m5e28a05e.gifіріспе

Болашақтың кілті жастарда....

(Н.Ә.Назарбаев)

Бүгінгі күні жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеудегі әдебиеттегі қазақ ақын-жазушыларының өмірбаянының мәні мен мағынасы зор. Дәл қазіргі уақытта қаламгерлеріміздің өмірбаяны толық зерттелген.

Халықта «Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер»,- дегендей жас ұрпақты шығармашылық рухта тәрбиелеудің маңызы зор. Ол үшін ақын-жазушыларымыздың өлеңдері мен шығармаларының қосар үлесі сөзсіз. Халқымыздың қаламынан нұр жауған жазушылары: Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, сияқты жазушыларымыз қазақ халқының мақтанышы. Абай мен Мұхтардың шығармалары , Ахмет пен Шәкәрімнің асыл туындылары тәрбиенің қайнар , таптырмас құралы болып табылады. Кешегі күні Абайдан кейін «қазақ халқының ұлы» атанған Мұхтарды «халық қаһарманы» деп атау артық емес. Халқының салт-дәстүрін жинақ2тап, Абаймен байланыстырып, ұрпағына өткен дәуірдің , ескіліктің нышанын танытып,нағыз қазақ қандай болғанын танытады. Тарихтың бізге жеткен парақтары патриоттық сезімін бойға ұялатып, ұрпақ тағылымын ескерген жазушылардың қаламынан туған дүниелер арқылы бізге жеткеніне ешкімнің таласы жоқ. Олай болса жазушылар бейнесінің бізге берер тағылымы мол.

Ол біріншіден- ақын-жазушылардың өмірі.

екіншіден- қазақ халқының жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке толы жырлары мен өлеңдері.

үшіншіден- келесі ұрпаққа қалдырған асыл туындылары мен өнеге жолы. Егемен ел жағдайында сол өнеге жолын жалғастырып, жастарды шығармалары арқылы тәрбиеге баулу, салтын сақтауға үйрету, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі деуге болады. Асқақ рухпен жігерленіп келген шығарма, туындылармен келешек ұрпақ саналы түрде сусындауы керек. Тағылымы мол қазақ зиялыларының өнегісінен тәрбие алып, білім нәріне сусындап желкілдеген жастарымыздың қатары көбейсе, ертеңгі күніміз нұрлы болып, ұлтымыздың мерейі өсе түсері хақ.















Мұхтар Әуезовке арналған өлеңдер



Мұхтар Әуезовты қазақ халқының алып тұлғасы ретінде сипаттап, өлең жолдарымен өрнек өрген Қадыр Мырза Әли ағамыз Мұхтар ағамыз жайында былай деп жырлайды

Даласындай дархан халық, батыр ел,

Білгің келсе , бізді, досым жақын кел.

Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы,

Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.


Кім еліне Мұқаңша сыр ағытты,

Кім Мұқаңша бағындырды уақытты.

Қазақ халқы Мұхтарымен Алатау,

Қазақ халқы Мұхтарымен ба

Мұхтарға арнау

Тұлғасынан шұғыла құт дарыған,

Асқар таудай алыбым- Мұхтар ағам.

Абай жанын түсінген- Абай ғана,

Сонан соң сіз шығарсыз ұққан адам.


Мол қазына еңбегің , алтын -басың,

Бас иіп құрметтейді халқың да шын.

Әлемге шеберлікпен сомдап бердің,

Абайдың баға жетпес нар тұлғасын.


Бұл күндері қалыпсыз жүзден асып,

Буын қатып келеміз, біз де бекіп.

Талай қыспақ көрдіңіз, Абай жүрген,

Соқтықпалы , соқпақпыз ізбен өтіп.


Даңқыңыз таудан асып, өтсе көкке,

Халқыңызды сүйдіңіз өкпелетпей.

Партиядан «Қорғансыз күнін» көріп,

Таланып та қалдыңыз «Көксерекке»


Есіміңіз асқармен таласады,

Қатар айтсақ Абаймен жарасады.

Сонау қилы заманнан алып шыққан,

Парасатың жер қылды аласаны.

Кім ұстап құшақтапты арман-бақты,

Соңыңыздан мөлдіреп бұлақ ақты.

Халқыңыздай биіксіз пір тұтатын,

Ұлтыңыздай ұстазсыз ұлағатты.









    1. Өмірдерек

Тылсымы мол табиғаттың бұл дүниеге некенсаяқ сыйлығының бірі дарынды, біртуар нар тұлғасы – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол ұлы жазушы, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының филология ғылымының профессоры, қазақ халқының еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

1997 жылы Шығыс Қазақстан облысында, орта шаруалы отбасында дүниеге келеді.Атасы Әуез бен әкесі Омархан қара таныған, сауатты адамдар болған. Атасы Әуез бала Мұхтарды Абайдың шығармаларын оқыта отырып , тәрбиелейді. Жеті- тоғыз жасында ауылда сауат ашып, 1908 жылы Семей медресесінде оқиды.

Мұхтар жайында Гүлнар Разаққызы Омарханова былай деп сыр шертеді: Мен 1935 жылдың қиын қыстау кезінен бастап, 1952 жылдың көктеміне дейін ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың тікелей отбасында тәрбиелендім. Тұрмысқа да осы үйден ұзатылдым. Бұл күнде Мұхаңның сүйікті қызы Лейля мен ер баласы , белгілі табиғат зерттеушісі Ернар арамызда жоқ- дейді. Ол кісі шежіре бойынша біздің атамыз Бақшайыш қожа екен. Оның әулеттерінің бірі –Саяқып қожа. Одан үш ұл тараған: Берді, Төлеген, Қылыш. Бердіден –Әуез туыпты.

Ұлы Абайдың жәрдемімен , осы ғасырдың басында Бөрлі деген жерде қыстау салған Әуез үлкен дәулетті адам болып саналыпты. Оның екі әйелі болыпты . Бәйбішесі Дінәсілден Самархан мен Омархан туады. Самарханның кіндігінен Гүлнардың әкесі Разақ, ал Омарханнан Мұхтар дүниеге келіпті. Самархан ерте қайтыс болып Разақ төрт жасында ерте қалады. Шешесі Мәдина мөлдіреген жас болыпты. Разақтан кейін туған Зуре дейтін қызы емшектен шыға қоймаған. Ол кезде бала болсын, болмасын жесір қалған әйел жатқа жіберілмейтін әдет. Сөйтіп Самарханның келіншегі екі баласымен Омарханға тұрмысқа шығады. Разақ Мұхтардың ағасы 1885 жылы туған, ол кісі Мұхтардан он екі жас үлкен. Мұхтар-Нұржамалдан туса, Мәдинадан -Біләл туады.Екі бала еркелеу болып өседі. Себебі бауырға салған немерелеріне Әуездің аталық, ыстық ықыласы айрықша сезіліпті. 1909 жылы әкесі Омархан қайтыс болып, бар дүние мүлік Разақтың қарауына беріледі. 1912 жылы Мұхтардың анасы Нұржамал қайтыс болғанда Семейде оқып жүрген талапты інісіне Разақ ерекше қамқор болады. Сонымен қатар жас Мұхтарға Семей семинариясының түлегі, оқыған Қасымбек атты немере ағасының қолында тәрбиеленіп, дайындалады. Мұғалімдер семинариясын бітірген Әбіш Хасеновтан дәріс алады. Болашағына даңғыл жол ашылған соң Мұхтар 1910 жылы Семей қаласындағы орыс – қазақ бес кластық училищесіне орналасады. Сол кезде ескіліктің көзінде қалған ауыл адамдарының сөзінің сиқы мынандай еді: «Орыс оқуын оқып, шоқынуға дайындалып жүр». Мұндай алып қашпа сөздерді атасы Әуез жүре тыңдайды. Өйткені, Әбіш, Мағауия, Абай секілді халық даналарына қарап көңілі көншігендей еді. Оқуын оқи жүріп шығармашылық жұмыспен айналысады. «Дауыл» атты алғашқы шығармасы училищенің соңғы сыныбында оқып жүргенде туындайды. Абайды жанына жақын тартып, қаламынан бал тамызған жазушы жан –жақты тұлға.

1914 жылы Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби кешке ат салысады. Спортқа да белсене қатысқан.

1915 жылы училищені аяқтап, мұғалімдер даярлайтын семинарияға оқуға түседі. Түрлі қоғамдық жұмыстарға қатыса отырып, белсенділік танытқан ұлы жазушы танымал ,беделді болып 1919 жылы семинарияны тамамдайды.

1919 жылы большевиктер билігі орнап, қазақ халқына автономия берілуіне тікелей ат салысады. 1920 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға құлшыныспен араласып, Семей губревкомының қазақ бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.

Сонымен қатар «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болды. Семей қаласында қысқа мерзімді оқу курстарын ашты.

1920-1921 жылдар аралығында облыстық атқару комитеті, облыстық соттың меңгерушісі болды.

1921-1922 жылдары ашаршылықты, қазақ зиялыларын жазалау саясатын сынға алып, пікірлес жақын досы Смағұл Садуақасовпен бірге сегіз түрлі мәселе қойып жоғары жаққа хат жазады. Хатқа қарсы шығушылар ресми шешім қабылдауға итермелейді. «Ұлтшыл» деген ат қойып, партия қатарынан шығарып тастайды.

1930 жылы бес түрлі а йып қойылып, 16 қыркүйекте тұтқындалады. Тергеу екі жылға созылып, 1932 жылы сәуір айында 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

1945 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.

1946 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының мүшесі, академик атағына ие болады.

1951 жылы Құрмет белгісі орденімен марапатталады.

1951-1953 жылдар аралығында саяси тұрғыдан «Халық жауы» деген сындар айтылады.

1954 жылы тұтқындалмақ қаупі төнген жағдайда Мәскеудегі орыс жазушы жолдастары Фадеев, Симонов, Тихоновтар араға түсіп, жала болып жабысқан қара күйеден аман алып қалады.

1957 жылы Ленин орденімен марапатталады.

1961 жылы Мәскеуде 27 маусым күні еңселі елдің маңдайына жарық жұлдыз болып туған есіл ер , ғалым, дарынды тұлға Мұхтар Омарханұлы Әуезов операция столында көз жұмады. Бұл туралы партизан министрі, жазушы, ғалым Әди Шәріпов былай дейді: «1961 жылы мен ауруханада жатқанда Мұхтар Әуезов есікті ашып, кіріп келе жатқанда таң қалдым. Ол кісі менің жаныма келіп ,жайғасты да мен әрі ойланып, сені лайықты деп таптым. Мен «Қилы заман» кітабымды қайта қарап шығуға үлгіре алмай бара жатырмын. Сен қайта қарап шық. Мен екі күннен кейін Мәскеуге операцияға жол жүремін. Екінші аманатым ұлым Мұраттың МГУ-ға оқуға түсуіне көмектес».- дейді. Сонда ол кісі өзінің енді қайтып бұл өмірді көрмейтінін сезгендей Әдиге аманатын тапсырып кеткен екен. 1 шілдеде Алматы қаласына жерленеді.

Шығармашылық жолдарындағы көптеген жетістіктері жетіп артылады. Отбасылық жағдайында ол кісінің алғашқы зайыбы Райхан Кәкенқызына 1917 жылы үйленеді. 1920 жылы ажырасып, Абайдың немере қарындасы – Кәмила Мағауияқызына үйленіп, отбасын құрады. 1925-1926 жылдары Валинтина Кузьминамен тұрмыс құрады. Соңғы Ернар мен қызы Ләйла туралы мәліметтер бар.

Тарихтың жүрген ізінен бәрі де хабардар бола бермейді. Мұхтар Әуезовтың отбасында тәрбиленген Гүлнардың шешесінің айтуы бойынша кәмпеске лаңы басталардың алдында екі жыл бұрын ,1926 жылы жазда жайлауда отырған, сыңсыған елдің ішіне лақап тарайды. Алыста , Ленинград университетін Филология факултетін оқып жүрген Мұхтар Валентина деген орыс қызына ұлықсатсыз үйленіпті дейді. Бұл жайсыз хабар ағайын арасында реніш тудырады. Бұл кісінің Валентинадан бұрын екі әйел алғаны шындық. Әуелі 1917 жылы Тобықты ішіндегі Кәкен деген білікті кісінің Райхан есімді қызына үйленеді. Онымен үш жылдай отасады. Одан Мұғалима және Шоқан деген екі баласы дүниеге келеді. Мұғалима апа сексенннің үстінде екен. Ал ұл бала Шоқан бір жарым жылдан соң ауырып қайтыс болады. Мұхтардың екінші әйелі - Абай атаның Мағауиясының қызы Кәмила .Ол сұңғақ бойлы, бота көзді әдемі болыпты. Арқасына төгілген қолаң шашын Мұхтар аға кейде өзі өріп отырады екен. Бірақ амал нешік екі жастың тәңірі солай шығар, олар ұзақ тұра алмайды.

Мұхтар аға алыста оқып жүріп Валентинамен бас қосады. 1927 жылы орыс жеңгеміз ұл тауып, нәрестенің есімін Әлкей Марғұлан Елдос қойыпты. Бірақ ұлдары көз жұмады. Сөйтіп ерлі-зайыптылар қызмет бабымен Өзбекстанға қоныс аударады. Сол жылы Мұхтардың қызы Лейля туады. Шамалы уақытқа созылған тыныш өмір ұзаққа бармай , келесі 1930 жылы есіл ағамызды түрмеге жабады. Таққан кінәлары: ұлтшылсың, алашордашылсың, қожаның тұқымысың, бай баласысың деген айыптар.

Әр елдің , халықтың болмасын рухани – әлеуметтік болмысының қалыптасып, дамуына ерекше ықпал еткен ұлы тұлғалар өмір заңын бейнелейді. Олардан қалған асыл рухани қазына сол халықты әлемге танытып, өркениетті елдердің қатарына қосылуына бірден-бір себепкер болды. Қазақ халқының ой-өрісі мен биігін көрсететін Абайдан кейінгі үлкен тұлға Мұхтар Омарханұлы Әуезов.Ол өзінің қайталанбас шығармашылық қызметімен қазақ ұлтының мәдени, рухани шырқау биігіне, рухани түлеуіне мол үлес қосқан асыл жан. Ұлы дананың әдебиет саласын дамытуда қосқан зор үлесін сөз етер болсақ тылсым дүние секілді. Ұлттық өнердің дамуына жан-жақты үлес қосқан Мұхтар Әуезовтың ұрпаққа барар жолды меңзеп салған жолы сайрап жатыр. Жазушы Тахауи Ахтановтың сөзімен айтар болсақ: «Әуезов ұлтының рухани қайта өрлеуінде туып, өз ұлтының рухани құдіретінің нұр- шұғыласына күллі әлемге алапат алаудай болды». Бұл сөздердің астарында қаншалықты мән жатқанын қайта рухани өрлеуге қосқан үлесін анық айтуға болар еді.

Қазақ халқына, болашақ ұрпағына өз ауыз әдебиетіндегі «Еңлік -Кебекті» қысқартып, түйінін жасап, негізгі идеясы мен мазмұнын , сынын сақтай отырып, халық арасынан «актерлерді» шығарып, дайындап, ымдап сөйлей отырып, режисерлікті атқарып, халықты «ой, пәлі-ай»- дегізген де ,1926 жылы тұңғыш қазақ театрының кемелденген беташары да бола білген суреткерлік шебер күштің иесі- Мұхтар Әуезовтың басқа да драмматургиялық шығармалары мол.

«Түнгі сарын»- 1961 жылға Ұлт-азаттық қозғалысқа деген көзқарас, жүрек түгін шымырлатқан басты тақырып. Топтық күресті суреттейтін «Тартыс» жаңа моральға лайық мінез –құлық тақырыбындағы «Алма бағы», психологиялық өзгерістердегі жастар өмірінен дерек бере «Жас түлек», «Қарагөз» трагедиясы, «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан»- бұлардың бәрінен жан-жақты тақырыптағы өмір ағымын халық сахна төрінен көріп, өзін және басқаларды тәрбиелеуге таптырмас бағыт-бағдар шамы. Тәрбиенің қайнар көзі болып табылатын ірі туындылар.

Тәрбиелеу деп айтуымыздың басты себебі мынада ..театр- әдебиеттің , таланттың, мінездің, ар-ожданның, адам рухының рухани тәрбиеленіп, шыңдалып, гүлденуі, жеміс беруі деген Мұхтар Әуезов сөздеріне негізделген.

Осы жанрда драма, комедия, трагедия, опера либретталары отыз екі шығарма. Ұлы суреткер шығармаларының қуатты, арналы,сүбіле мол саласы- оның прозалық туындылары жаңа парақтан басталады7











2.1 Драмматургия саласындағы еңбектері мен жемістері

Бүгінгі мәдениетіміздің үлкен арнасының бірі қазақ халқының ұлттық театр өнерінің дүниеге келуі. Театр өнерінің профессионалдық үлгіде қалыптасып , дамуы Мұхтар Әуезов есіміммен тығыз байланысты. Ол тұңғыш театрдың шығармашылық өміріне ұзақ жылдар ат салысып, негізгі репертуар қорын жасап, бағыт-бағдарын анықтап берген- драмматург. «Еңлік- Кебек» пьесасынан бастау алып, Мұхаңның барлық пьессалары сахнаға қойылым болып қойылып, ұлттық театрдың әр кезеңдегі дамуының белестерін айқындай түседі.

Семейде тұңғыш сахналық өнердің тууына себепкер болған 1890 жылы «Музыка және өнер әуесқойларының қоғамы». Бұл отызға тарта тұрақты әуесқойлардың басын қосып, арнайы жарғымен жұмыс жасаған ұйым 1913-1914 жылдары қаладағы жастар мен қазақ-татар мұғалімдерімен бірігіп, ойын-сауық кештерін ұйымдастыра бастайды. Осы кештерге Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев тағы басқа да талантты жастар ат салысады. Кейін осындай кештердің ұйымдастырушысына Мұқаң семинариясының талантты мұғалімдері Нұрғали және Назипа Құлжановтар, Тайыр Жараковтар қосылады.

Семей театрының тарихына басылған «Айқап» журналындағы мақалалардан «Абайдың әні айтылды..» деген хабарды естіген қала халқы мен қыр қазақтарының көбіне билет жетпей қалды деп жазған.

Театр тарихына байланысты естелікте Мұхтар Әуезов туралы жазылған «Ол кезде Мұхтар Әуезов 17-18 жастар шамасында еді. Жүсіпбек пен Қаныш үшеуі бірігіп қазақ ойынының бағдарламасын жасауға, әсіресе Абай елінен Әлмағанбет әншіні ойынға қатыстыруға көп еңбек етіп, театр сахнасын әзірлеуге көмектесті »,- депті. Міне, осындай тәжірибелерінің нәтижесінде Мұхтар Әуезов 1917 жылы «Еңлік -Кебекті» жазып, Ойқұдық деген жерде Абайдың қызы Кенже мен Әйгерімнің тіркестіріп тіккен киіз үйінде сахнаға шығарады. Кейіннен «Еңлік -Кебек» пен «Қорғансыздың күні» кітаптары Орынборда жарық көреді.

«Ес -Аймақ» мәдени ағарту қоғамын құрған қазақ жастары арасында түрлі ағарту жұмыстарын ұйымдастырумен бірге, өз режесурасымен 1921 жылдың 14 наурызында сахнаға «Бәйбіше-тоқал» спектаклі шығады. Пьесаның оқиғасымен көтерген мәселесі ол кезең үшін аса маңызды еді. Сондықтан бұл қойылымның Семейде өткен тұңғыш губерниялық әйелдер конференциясына арналуы- көңіл аударарлық құбылыс. Спектаклдің соңында Мұхтар Әуезов тұңғыш рет сахнаға шақырылып, оған қошемет көрсетіледі.

Мұхтар Омарханұлы жасаған асыл туындылар қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, талантын, ұлттық мінезін, тұрмыс- бітімін әлемге таныта отырып, ескіліктің сырын сақтай отырып, ақиқатшыл, шыншыл үлкен еңбектерімен қоса өз жүрегінің дүрсілімен үндестіре білген қаламгер, жазушы.

2.2 Әңгіме , повестеріне шолу

Тұңғыш рет жарық көрген әсемдік әлемі- әдебиеттің мәңгілік тақырыбы тырнақ алды туындысы.

«Адамдық негізі әйел» (1917) Салт ат , сабау тіршілік иесі әйел заты. Бір ошақтың түтінін түтеткен , үйдің ұйытқысы , аяулы жар, ардақты ана , сыйлы әже, аяулы қарындас – әйел тақырыбын , оның азаматтық құқығын, бас бостандығы, беретін тәлім-тәрбиесі, адамгершілік негізі- ананың басындағы тұман сейілмей, қоғамдық қарым-қатынас пен рухани тәрбие дұрыс жолға аяқ баса алмайды дейді.

«Қорғансыздың күні» - бұл шығармасында басты қасиеттері-бостандықты сөзсіз қорғау. Жетімдіктің аяусыз тағдырын суреттей отырып, жазушы қорғансыздың қорғаусыз өтетін күнінің азапқа толы екенін көрсеткендей. Басты кейіпкер Ғазизаның өмірден түңіліп, мола басына барып жан тапсыруы, оның жан тебіренісі мен ызғырық боранның сұрапыл суретін арпалысты сәттің жан тебірентерлік күйі бейнеленген. Бұл әңгіме қазақ елінің қиын да күрделі өмірі туралы мұңлы, зарлы ән.

Сондай- ақ «Қыс суреттеріндегі» -Рабиға , «Жетім» әңгімесіндегі құлдыққа, қорлыққа шыдамаған Қасым, «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасы 1927 жылы Жетісу өңіріне ғылыми-шығармашылық сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге ел аралап, болашақ шығармаларына материал жинап, сол материалдар негізінде осы шығармасы туындаған. Бұл шығармасының мазмұны жазықсыз соққыға жығылып, жалаңаш қалып үсіп өлген Тектіғұл жайында болмақ, «Кім кінәлі» шығармасындағы соққыға жығылған , дертке шалдыққан Ғазиза – бұлар шынымен қорғансыз, панасыз қалған жандар, ішкі дүниесіне үңіліп, жан құбылыстарын табиғат құбылысымен адам көңілін көріністерге сәйкес суреттеу тәсілінің шебері екендігін айғақтай түскен туындылар.

Дәстүрлі тақырыптар, образдар қайталанбай, өмір құбылыстарымен адамдар бейнесін кең , анық, нақты түрде тереңдей түскен. Адам әрекеттерінің психологиялық дәлелдемелерін белгілеуге бейімділігін орыс әдебиеттерінің классиктері Л.Толстой, Н. Тургенов, А.Чехов, М. Горькийдің дәстүрінше қалам туындыларынан көре аламыз.

«Манас жыры» - 1927-1929 жылдары Аспирантурада оқып жүріп, жаз айында қырғыз еліне барады.. Қырғыз елін аралап жүріп «Манас» жырын зерттеп, ел аузынан дастанның кейбір үзінділерін жазып алады. Осы уақыттарда Мұхтарды сыңаржақ сындар мен «халық жауы» ретінде әшкерелеген мақалалар басылады. Соған қарамастан ол 1952 жылы Фрунзе қаз. Бішкек қаласындағы «Манас» жыры туралы конференцияда сөз сөйлеп, қырғыз халқының ұлы эпосын ақтап алуға зор үлесін қосады.

«Сегіз аяқ» өлеңі. Бұл туралы Бексұлтан Нұржекұлының қолжазбасында былай делінген: «Мен 1960 жылы Астанадағы жалғыз университетке оқуға түсіп, 2 курста Мұхтар лекция оқиды дегенді естіп, қашып барып соңғы партада отырып Мұхаңның лекциясын тыңдадық. Сонда естіп, түртіп алғаным Абайдың «Сегіз аяқ» үлгісіндегі өлеңі бар. Кейбіреуі оны Абайдікі деп қайта-қайта ұсынады. «Сегіз аяқты» әуелі мен жазып едім. Кейін Абай сегіз аяқ олай жазылмайды, былай жазылады деп , содан соң өзі жазып еді.»-дейтін.

«Ескілік көлеңкесінде» - әкесінің ескішіл тәрбиесінде болған байдың қызы Жәміш қайтыс болған анасының орнына шалға әйелдікке келісім береді. Өзінің шынайы махаббаты Қабыштан да шалды дұрыс көреді. Бірақ жігіт өзінің махабаты үшін күреседі. Дегенмен қаусаған кәрі шалды таңдағаны үшін жек көреді. Қарама-қарсы қос сезімді жігіт бойындағы психологиялық арпалыс кешірім мен өшпенділік сезімі шынайы түрде шебер суреттелген.

Мұхтар Әуезов еңбектерін оқып отырғанда ол кісіні бірнеше қырлы жақтарынан жан-жақты көруге болады.

«Үйлену» әңгімесіндегі Оспан секілді сенімді, көзі ашық оқыған жігіт қаладан келіп Жәмиланы алып кетуі ерлікпен сай.

Ал, «Кім кінәлі» шығармасындағы Ислам адал мінезді, мінезі биязы, сезімтал жан, бірақ дәрменсіз жанның күйі суреттелген.

«Сөніп- жану» шығармасындағы кейіпкер Сыздық зейінді пысық, тез ғашық болатын сезімтал жігіт. Бірақ тез қималдағыш дегенмен мұндай жігіттердің тез алданғыш болатынын көрсеткен.

«Оқыған азамат» шығармасы арқылы пасық, дүние қоңыз адамдардың пасық мінезі суреттелген. Өлген жолдасының әйеліне үйленіп, мал- мүлкін иеленіп, осы мақсатта досының шешесін өлімге итермелеген Жұмағұл- пасық, жауыз, қу, арамза мінезді адам екенін суреттеген.

Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтың тағы бір қырынан ашатын болсақ- оның порвестерінде де үлкен мән жатыр.

«Қаралы сұлу» повесінде жесір қалған Қарагөздің бір жағынан өмірдің азабына берілмей күресіп, қайраттылық танытып алты жыл бойы күресуі, қайғылы халі суреттеледі. Жастық албырт сезімін құрбан ете отырып, арудың пенделік аппақ тілегін жазушы қолдай отырып, психологиялық күшпен шебер бейнеленген.

«Көксерек» - шығармасындағы әділетсіздік қасқырдың күшігі арқылы беріледі. «Қасқырдың күшігін қанша асырасаңда , қара орманға қарап ұлидының» кейпін келтіреді. Басты кейіпкер Құрмаштың асыраған бөлтірігінің малға шауып, Құрмашты өлтіргенін, ел басына туған қырсық болғаны, осының бәрі қалай баяндалған десеңші. Аңның қолға бағынбауын, үйренгісі келмегендігін бейне бір кек алі арқылы адамдарға жеткізгісі келетінін жазушы осы тұста көрсетеді, баяндайды. Шығарма астарында адам мінезіне сай келетін тәрбиелік мәні зор тәлім жатыр десекте болар еді.

Таудай шығармашылық талап пен талпынудың , дамылсыз ізденудің, табанды еңбектенудің нәтижесі- халық құрметіне бөленіп, биіктерден жарқырады.

«Қилы заман» повесі бойынша 1961 партизан,министрі,жазушы,ғалым Әди Шәріпов былай дейді:Мен ауруханада жатқанда Ұлт-азаттық қозғалысын арнайы тақырып етіп көтерген әлеуметтік мәні мен жауапкершілігі мол бұл қадамға көркем сөздің шебері батыл түрде қадам жасағанын көреміз. Феодалдық салт, әдет-ғұрыптың сара қылықтарын, патша мен болыстың, бай мен бидің әділетсіздігін сынап- мінейтін дәлме-дәл дәлелдемелер мол. Табиғаттың керемет суреті, образдардың байлығы, тілдің шеберлігі көріністердің байланыстылығы, адамдардың ішкі дүние құбылыстары бұл повестке арқау болған.

Даңқты, дарынды тұлғаның зертееу жұмыстарына тоқталар болсақ, ауыз толтырып айтарлық. Ірі іздерінің бірі қудалауда жүріп, қырғыздың Манас жырын жазып алып, философиялық саладан, тіл ерекшелік жағынан қырғыз халқының көне байлығы екендігін дәлелдеген.

Өмірінің 1955 жылдардан кейінгі уақыттарда шет елдерге сапарға аттанған шақтарында алған әсерін және көрген –білгенін ақпарат беттерімен және бұқара халықпен бөлісіп жүрді.

Әдебиет саласындағы сүбелі еңбегінің бір бөлігі аударма еңбектері. Европа мен орыс драмматургиясынан аударған шығармалары: В. Шекспердің «Отелосы», Б. Пруттың «Князь Мистиславы», А. Афиногеновтың «Қорқынышы», К. Треневтің «Любовь Яроваясы», Н. Погогдиннің «Ақсүйектері», А. Кронның «Флот офичері», Н.Гогольдің «Ревизоры», және тағы басқалары.

Сонымен қатар ол кісі Бауыржан Момышұлы туралы жазуды да қолға алуды ойлайды. Оны Бауыржан Момышұлының 1942 жылы 8 тамызда Мұхтар Әуезовке жазған хатынан көреміз. Онда былай деп жазған: «Отан соғысын тақырып етіп күресемін. Ол ат үсті емес, әдеби мағына , мазмұнына терең түсініп, біліп алып бастаймын деген ниетің мені көп қуантады. Солай етпеуіңе болмайды.» Осыдан соң 1943 жылы Алматыда Бауыржанмен кездесіп сұхбаттасады. Мұхтар Бауыржанның лекциясына қатысады. Сонда Бауыржанның мына айтқан сөздері Мұхтарға ауыр ой салады. «Мен ұстазбын, оқушы жүрегіне жол тауып, шындықтың сөзін сөйлеп, нағыз азамат тәрбиелеу арманым» осы сөздерді оқып отырып, ойландым да ұялдым дейді. «Қазақ мұғалімі» 24 қазан 2001 жыл.

Белгілі жазушы ,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжанның «Ғажайып ғұмыр адамдары» атты кітабынан Мұхтар Әуезовтың шығармашылық өмірінен көлемді дүниелерді оқып, мынадай түйін түюге болады.

Әуезовтың өміріне байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінде , Ташкенттегі орта Азия университетінде ,Семей облыстық архивінде Ғылым академиясында жатқан том-том кітаптарды қопарып, ғұмырнамалық өмірбаянын жазып шығуға Дүкенбай Досжан бақандай үш жылын арнайды. Нәтижесін Мұхтар жайлы 33 баспа табақ, қолжазбаны санағанда мың беттей еңбек жазылыпты. Мұхтардың бұрын баспа бетін көрмеген сүйіспеншілікке толы ғашықтық хаттары табылған. Хаттар осы күнгі Мұрат Әуезовтың шешесі –Фатима Ғабитоваға арналған.

Ұлы жазушының «Абай жолы» романының алғашқы , бірінші кітабын жарыққа шығарып, көңілін бір демдеген шағы. Фатимамен 29 жылдардың аяғында танысса да іштегі ынтазарлық сезімін біраз уақыт бүгіп келгенге ұқсайды.

2.3 Мұхтар Әуезовтың әдебиет саласындағы басқа жазушылармен қарым- қатынасы ,өнері және тағдырының ұқсастығы

Адам тағдыры көбіне бір-бірімен ұқсас үндес болып келеді. Өмірдің баз бір ұрымтал , бұрымтал бұрылыстарында өз бетінше бағыт алып, бірқалай аяқталуы әрқалай болуында. Қалай дегенмен де Мұқаң жас күнінен өзінің шығармашылық сапарын орыс жазушысы Н.Гогольге соншама ұқсатуында. Басқаларды да сүйіп оқып, еліктейді. Іңкәрлігі басылмай 20-жылдардың аралығында «Ревизор» пьесасын қазақ тіліне аударады. 1938 жылы оны жеке кітап етіп шығарады.

Қос қаламгердің шығармаларын қатар алып сұрыптайтын болсақ ең әуелі екі жазушының тағдырының ұқсастығында, екеуі де өз ұлтын жан-тәнімен сүйіп, жақсы көргендігінде. Ұлылықтың бір күні -өз-өзіне өмір бойы риза болмауы, жеткеніне місе тұтпау. Екуі де шығармалары арқылы көрермендерімен, оқырмандарын сөздің сиқыры мен ішкі ырғағы арқылы арбап алған.

Ең бастысы- қос қаламгердің екеуінің де әдебиет сыншыларынан көп ауыр сөз естігені, көп «таяқ» жегенінде.

Университет қабырғасындағы ұстаздары Мұхтар туралы естеліктерінде былай дейді. Мұхтар шын шабыттың «сүйелі» секілді тап қазіргідей болып, ұстаздарының көз алдарында тұрғандықтан «Әлденеге ашуланса, қапаланса- қасының арасы түйіле түсіп, «Бәлі, солай болғаныңа!»- деп, қоңыр даусын сабақтайтындығы, салалы саусағымен мұрнының ұшын арагідік соза сипап, мол денесін әрең қозғап, бір шекелеп қарайтындығы, дәрісханаға кіріп, асықпай төс қалтасынан тарағын алып, шекесіндегі түйіп қойған түбіттей жұмсақ, бұйра шашын кезек-кезек тарап алатын..» дейді.

Сонымен қатар ол кісі жас қаламгерлердің жолына гүл бітіріп, жүйрік болар адамды шабысынан байқайтын болған. Бұған дәлел келтірер болсақ: Мұхтар Әуезов Шыңғыс Айтматовтың ақиық қыран жазушы боларын бірден білген. Ол 1958 жылы 23 шы қазан күні әдебиет газетінде «Жол болсын» деген атпен Шыңғыс Айтматовтың жазу ерекшелігін, ой тереңдігін, талант даралығын айта келе сәттілік тілейді. «Жәмила» повесіне талдау жасап, әдебиетшілерді елең еткізеді. Мұхтар жазушылардың бүкіләлемдік бір құрылтайында жасаған баяндамасында «Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ. Шыңғыс қазақ, қырғыз екі халықтың ортақ перзенті десек қырғыздар сендер қызғана қоймайтын шығарсыңдар»- деген екен.

Мұхтар таныған талант бүгінгі күні бүкіл дүние әдебиетінің Шыңғысы , адамзаттың Айтматовы болып отыр.

Мұхтар Ілияс Омаровқа да сәттілік тілеп, тілегін айтқан. «Пәлі ,Ілияс, осы госплан сенің қолың емес. Сен жалпы біздің жақтың адамысың. Әдебиетшім, мәдениетшім деп соғады сенің жүрегің»- деуі тегін емес. Ілияс Омаров әдебиетпен өнер адамының досы.

2.4 «Абай жолы» эпопеясы және образдары

Қазақ халқының дара ұлы халқына мәңгілік мұраны тарту етті. Мәңгілік мұраны ғасырлық туындыны сыйлау тек ұлылардың ғана үлесіне тиесілі. Аузымызды ашып, атын атамас бұрын мәңгілік кітаптар тарихының қызықтығын көреміз. Ел есіне Н.Островский десе- «Құрыш қалай шынықты», Л.Толстой десе- «Соғыс пен бейбітшілік», І.Есенберлин десе- «Көшпенділер» тағы басқалар, ал Мұхтар Әуезов десе- «Абай жолы» түседі.

Өзара тұтасқан төрт томдық тетралогия ғасырлық туынды, ойшыл- жазушылық ғұмырының жиырма жылдық жемісі.

Бұл «Абай жолы» романын жазуға себепші болған жоғарыда айтылған

Мұхтардың екінші әйелі - Абай атаның Мағауиясының қызы Кәмиланы тастап, Ленингрдта оқып жүріп орыс қызы Валентинаға үйленгенін айып ретінде Абайдың алдында өзін ақтау мақсатында қиын жолға бас тігеді.

Әуезовтың «Абай жолы» роман- эпопеясы мен Абайтану саласындағы еңбектеріне тікелей қатысты. Бұл романның шығуына байланысты бұл шығарманы қазақ әдебиетінің зор табысы деп бағалаған Б. Кенжебаевтың, Е.Ысмайловтың, Т.Нұртазиннің пікірлері жарияланды. 1957 жылы «Абай жолына» арналған ғылыми-шығармашылық конференция өтіп, оның материалдары «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» деген атпен жеке кітап болып шықты. Бұл шығармасы қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстет, талғам әкелген туынды. Жазушы бұл эпопеясында қазақ халқының , оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б жоғары баға берген. Әуезов алғашқыда бұл романға «Телғара» деп ат бермек болды. Жазушы, ойшыл Абайды бас кейіпкер етіп алып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының салт-дәстүрлері, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлау, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері бәрі бар. Сонымен қатар бұл «Абай жолы» роман-эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Сонымен қатар қазақ тілінің бай тіл екендігін дәлелдеген. «Абай жолы» романында 17 мыңнан астам сөз пайдалануы арқылы дәлелденген. Ал Шекспир мен Байронның шығармаларындағы сөздік қор 15 мыңнан аспаған екен. Міне , даналықтың бір дәлелі ос емес пе?

Суреткер ретінде бұл тақырыпқа әуелі пьеса, ізінше либретта, одан соң сценарий, бұлармен қоса новелла жазады. Көне көздерден деректер жинай отырып, ғылыми очерктер, монография жазды. Дана да дара ақын, сара жол адам бітімін байыптап, ерекшелігін екшеп оқулықтар жасайды. «Абайтану» теориялық курсының негізін салады. Қазргі таңда оны мектеп қабырғасында да өтеді.

Саналы өмірінің мағынасына айналған ұлы шығармасының осындай негізгі қалануы алтын арналар мен қайнар көзін іздеп, мезгіл мен дәуірдің түпкір қапастарын аралап, болған, болатын, болып жатқан , болады деген уақыт межесін қамти отырып, халықтың өзі кешкен өмірін өзіне тартады. Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмақ емес. Ендеше, тек қана ұлы халықтың ұлылығын өзіне ғана емес бар әлемге паш етті. Бұлай деуге тамаша тартуды оқыған шетелдік қаламгер Бенжамин Матиптің « Қазақ неткен бақытты да ғажайып халық», К.Фединнің бұл баға жетпес асыл дүниемен танысқанда «Өзінің қазақ болып кеткенін білмей қалғандығын» айтқанынан дәлел ретінде айтуымызға болады.

Сонымен қолымызға алған әйгілі, әлемге қазақты мойындатқан, әр сөзі ғажайып әлемдей- «Абай жолы».

Бас кейіпкер-Абай.

Мұхамеджан Қаратаеватың сөзімен «Романның бірінші кітабында болған шәкірт Абаймен жарысып, ауылға барып қайтсақ, соңғы кітабында алпысты алқымдатып қайтыс болған ел ағасы- ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз. »

Ия, сол уақытта Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы халықтың тіршілігі, күн көрісі, көп бұралаң тағдыры, ой-арман, мақсат-мүддесі, күрес-тартысы, әдет-ғұрпы, ұлттық рухымен өріле суреттеледі.

Ал сюжет пен композицияға келетін болсақ , мұнда Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгімін анық көрсеткен. Теңіздің сырын тамшыдан ақтануға болатыны сияқты эпопеяның көркемдік ерекшелігін, әсіресе тілін тану үшін бір ғана ейзажға тоқталсақ жетіп жатыр. Пейзажды біз әдетте табиғат көріністері дейміз. Ол рас пейзаж- табиғат. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Нағыз пейзаж- поэзия, мінез, адам. Өйткені адамның қабылдауынан, сезімінен, көңіл-күйінен тыс табиғат суреті жоқ.

Дәуір мен заман туралы оны бастан кешірген халықтың жолын эпопеялық романда зертеусіз беру мүмкін емес. Ол дайындығын Ресейде жүргізген. Орыс жазушысы , қазақ халқының тарихын таныған Монид Соблевтің көмегі орасан зор болған.

1927 жылы көз жұмған Абайдың төл шәкірті Көкбайды өз көзімен көріп, теңдесі жоқ мәліметтерге ие болады. Өкініштісі Көкбай Абайдан 16 жас кіші болғандықтан жас шақтарын айта алмаған.

Мұнан көретініміз – мағлұматтың ең ірі саласы көне көз ,Абайдың қартайған шағындағы бірінші әйелі – Ділдәмен тілдесу кезінде ие болады. Алтыннан қымбат мәліметтерді Абайға сенімді қас сұлу Әйгерімнің өзі береді.

Ендеше бұндай дүниелерге өте сақтықпен және ұқыптылықпен қарау үлкен жауапкершілік. Бұл мәліметтерге қоса қазақ халқының тарихын зерттеу жұмыстарына қол жеткізеді.

Бұл роман –эпопеясында басты кейіпкер Абай , обектісі-халық. Халық пен Абай арқылы өмір мәнін толық суреттеген суреткер.












































Қорытынды

Мұхтар Әуезов- жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын бір туары , халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыбы, саф, сұлу, айрықша , оқшау құбылысы. 20- ғасырдың заңғар биігі.

Мұхаң қазақ топырағындағы бұрын-соңды болмаған ғаламат үлгілерді сомдап соққан саңлақ суреткер.

Жазушының қандай шығармасын алсақ та сол дауылды жылдардағы қазақ қоғамының шындығынан туған , ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздіктер тәрізді өткір тартысқа құрылған.

Әрбір шығармасынан байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңімен қопарып әкеліп, бейшара , қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі етіп баяндайды.

Оның шығармалары адамның ішкі дүниесіне , жан жүйкесіне терең бойлап, адамның сезім иірімдеріне әсер етеді.

Жалпы Мұхтар Әуезовтың сан қырлы ерен еңбегін ұлттық тіліміздің тарихымен, тағдырымен тікелей байланыстыра сөз етпеу,бөліп беру, бөлек тану тіпті де мүмкін емес. Абай секілді Мұхтар да ана тіліміздің дамып, өрістеуіндегі кемел кезеңдердің көшбасшысы, көп жағдаяттардың іргетастарын қалап, негіздерін салушы, сан салалық сапалық өзгерістермен жаңалықтардың өнегелі өрнектеушісі болады. Мұхтар Әуезов қазақ тілінің қасиетті құдіретін , барша байлығын. Ардақты ажарын, жалпы азаматтық күрделі ұғымды да жеткізуге кереметтей қабілеттілігін әлемге танытты.

Халқымыздың ұлттық мақтанышына айналған М.Әуезовтың кемеңгерлігі әдеби шығармаларында жарқырап тұрғанымен , оның арғы бастауы, қайнар көзі өз халқының рухани байлығынан , мәдени дәстүрінен, әсіресе сөз өнерін қадір тұтатын ұлттық қасиетінен нәр алып жатқанын дәлелдейтін жайт ұлан-ғайыр шексіз.

Бұл жазушы- әлем әдебиетіндегі алып тұлғалардың бірі екені досына да, қасына да аян. Абай арқылы өзін теңдесі жоқ жазушыға айналып қазақ халқының салтын әлемге танытты. Елін де, дерін де, данышпан мен кемеңгерін, ақын-жырауларын да әлемге танытқан ұлы дарынды қазақпын деп сезінетіндер, бұ да болса құдайдың бізге берген бір ырысы, ұлттық арымыз бен қанымыз деп мақтануға тиіс. Ерді өсірген ел үшін, оның даңқын әлемге шығарған кемеңгер үшін қуанайық та шаттанайық!

Табиғатына біткен данышпандық, терең білім, тынымсыз еңбекпен жарқырай түскен, білім мен еңбектің екі қанаты іспетті, бойға бітсе дарындылық келбеті, данышпандылыққа ұластыру, сөзін уәлі, шешімін тиянақты, байламын берік еткен қасиеті жастарымыздың бойынан табылса нұр үстіне нұр болары анық.

Әуезовтың қалдырған көп үлгі-өнегелі сырына үңіле отырып, мен оны бағалы етіп түйіндедім.

Біріншіден; құрғақ, сылдыр сөйлем құрамайды, ең әуелі өзінің ішкі дүниесін тебірентіп, тілдесіп алады да , сол тілсіз сезімін сөйлетеді.

Екіншіден; Абай емес-ау, алдымен Әуезовтың өзі анық ақын; тұтанбай, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік жанды, сыршыл, лирик ақын дер едім.

Үшіншіден; суретші, кітап пен қағаздың парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние-тіршілікке, айналдырып жіберетін шебер дер едім.

Төртіншіден; терең психолог, оқырманының жан-дүниесіне ене кіріп, толғандыратын, ойландыратын, алыс жолға сапар шектіретін белгісіз күш иесі дер едім.

Бір айтарым бұл жұмыста әлемге саяхат жасағандай әсер алдым. Жаңа бір тыныс, бастан кешірер күй, сырлы, жырлы еркін қанат қағар әлем.

Жұмысымда бірер газеттерден, әдеби кітаптардан, Мұхтар туралы бірер сөздің басын құрап ой бердім.

Негізгі басты мақсатым- дана да дарынды тұлға, үлкен жүрек иесі салып кеткен саралы жолы бар қазақ халқының мақтанышы жайлы жазған еңбегімнің тартымдылығын білдіру еді.











































Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2 том ,1999 жыл.

  2. Тұрсын Жұртбаев «Толқы» 1997 ж. «Қазақстан» баспасы

  3. «Жұлдыз» журналы №11,7,8 1993 жыл.

  4. М.Базарбаев «М.Әуезов» 1992 ж. «Рауан» баспасы.

  5. Газет «Қазақ елі» 2003 № 16 маусым

  6. «Қазақ әдебиеті» газет 2001 №42 «Рауан» баспасы,№15 1997 ж

  7. «Қазақстан мұғалімі» 24 қазан, 2001 жыл

  8. М.Әуезов «Әңгімелер мен повестер» 1994 жыл «Жалын» баспасы

  9. М.Қаратаев «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» 1984 ж «Жалын» баспасы

  10. М.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа». «Санат» 1997 ж

  11. М.Әуезов «Абай жолы»





















































18



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1309
Номер материала ДВ-421614
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх