Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_47195641.gifhello_html_m1f60f4cb.gifhello_html_m7387beab.gifhello_html_m59a2fc94.gifhello_html_75e018f6.gifhello_html_f7e7a65.gifhello_html_20da2c0e.gifhello_html_2243277a.gifhello_html_m239caf48.gifhello_html_m38b329c9.gifhello_html_m54899c9d.gifhello_html_m54899c9d.gifhello_html_9f7bd78.gifhello_html_4e392444.gifhello_html_m5764ecaf.gifhello_html_3e39cba2.gifhello_html_532ba7a3.gifhello_html_3ae40b40.gifhello_html_7722571c.gifhello_html_m2bb32712.gifhello_html_m73770fa2.gif

Күнделікті сабақ жоспары

Сыныбы: 7

Пән аты: : әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: «Көксерек» әңгімесіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті, жазушының ой түйіні;

2. Дамытушы: оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға, іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, аялап баптап күтуге, қастерлей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: Б.Блум таксономиясы

Сабақтың көрнекілігі: слаид,интерактивті тақта, кестелер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Сабаққа назарын аудару

ІІ Жаңа сабақ

Көркем сөздің шебері, көп қырлы талант иесі Мұхтар Әуезов бүкіл қазақ ұлт мәдениетінің өркендеп жетілуіне өлшеусіз еңбек сіңірді.


Академик-ғалым «Қазақ ССР-і-нің ғылымға еңбегі сінген қайраткер»



Қазақ әдебиетінің классигі

«Абай жолы»

роман-эпопеясынің авторы







«Абайтану» ғылымының негізін салушы


Әдебиет зерттеу-шісі. «Уақыт

және әдебиет»




Мұхтар

Әуезов



Профессор, ұстаздардың ұстазы


Аудармашы, драматург.

30-там астам пьеса





Қоғам қайраткері.

Бейбітшілік қорғау ком-ң мүшесі,

Халық депутаты.






























Очеркист.«Түркіс-тан солай туған», «Оңтүстік сапары»,

«Америка әсерлері»

Публицист

«Адамшылық негізі әйел»









ІІ. Түсіну

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің тақырыбын таңдап алуының бір себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алды: «Бірде мен қабырға күнізбесін (1929 жылдың) сатып алдым.Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын.Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын:қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай деревняның оттары көрінеді.Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр.Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтың сонау жас бала кезіндегі күнігі аңшылардан естіген әңгімелерін еске тусірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан сол суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімсін жазған болатын»

Жазушының «Көксерек» әңгімесі – психологиялық прозаның шынайы үлгісі.Таби-ғат пен адам арасындағы күрес-тартыс мәселесін суреттей отырып, образ арқылы қоршаған табиғаттың өз заңын түсіне білуге көз жеткізуін дәлелдеу.

Шығармада көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар:

1.Табиғат дегеніміз не?

2.Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?

3.Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсысы?

4.Көксерек туралы ауыл адамдары не деді?

5.Көксеректі жауыздыққа итермелеген де,Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

6.Көксеректің қатыгездігі қай тұстарда байқалады?

7.Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады?Адамдардың іс-ірекеті дұрыс па?

8.Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауыр басты?

ІІІ. Қолдану

1.Әңгіменің композициялық құрлысына талдау жасау

А

Оқиғаның басталуы

Қасқырлар мекені. Бөлтіріктер тағдыры.


Ә

Байланысы

Көксеректің ұялартарымен табысуы.


Б

Дамуы

Қарадыр еліндегі мазасыздық.


В

Шарықтау шегі

Құрмаштың қазасы.


Г

Шешімі

Көксеректің жазасын тартуы



2. Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр: Ауыл өмірі Тағылық өмірі

Емін еркін өмір сү-реді, жортуылдарға шығады, малға ша-бады, ұяластарымен табысты,еркіндікте.

Екі мезгіл ас ішеді, ит-тердің бәрі өш, тұр-ғындарға да ұнамай-ды, ұрлап жесе ұрады




3. «Адам» және «Қасқыр» сөздерін топтастыру стратегиясы бойынша көрсет


Көксерек

Адам






ІV. Талдау

1. «Көксерек» әңгімесінің бөлімдеріне ат қой.


Бөлімдері

Бөлімнің аты

І бөлім

Қасқырлар мекені.

ІІ бөлім


ІІІ бөлім


ІV бөлім


V бөлім


VІ бөлім




2. Шығармаға аннатациялық талдау.


Бөлімі

Оқиғалар

Іс-әрекеті

Мінездеме

1

Қасқырлар мекені

Қарадыр сайының суеттелуі

Тағылар

тірлігі

Қасқыр-қашан да қасқыр


2

Адамдар қиянаты

Бөлтіріктер тағдыры

Адамдар

тағдыры

Қалалдық



3

Адамдар және Көксерек

Көксерек

ауылда

Адамдардан

көрген жәбірі

Құрмаштың

таза сәби

көңілі

4

Ұяласымен табысу

Көксеректің ауылдан кетуі

Айқас

Арлан



5

Шабуыл

Қарадыр еліндегі мазасыздық

Тағылардың тағылық істері

Татулық жоқ



6

Жауыздық

Құрмаштың

өлімі

Көксеректің жойқын дүлей күшке

айналуы

Өшпенділік



7

Соңғы майдан

Көксеректің жазасы

Әже

зары

Өкініш




V. Жинақтау

«Көксерек» әңгімесіне сүйене отырып, Көксеректің моделін жасау


Ит баласына заты қастай. Татулық жоқ, суық.«Өлтіріп терісін алу керек».

Қасқыр апаны талқан-далды. 7 бөлтіріктің бесеуі өлтірілді.

Түнде қойды үркіте-ді.«Тұқымы жау емес пе.Кеудесін бермей-ді,жасымайды».







КӨКСЕРЕК





\\\\

Көксерек ауылдан кетті. «Тұқымын сезген екен жүзі-қара,қой балам,бұ-ны өлтіріп терісін алу керек»

Құрмаштың өлімі.Аққасқаның Көксе-ректі алуы.Бейсем-бай қара пышақты Көксеректің өкпесі-не салып жібереді.







Көксерек ұяластары-мен табысты.Қасын-дағы аққасқырды адамдар өлтірді.

Әженің зары. «Бауы-рына салып өсірген-нен не қып еді,менің қүлыным?»


Бір өзі жеген мал басы 50-60-қа жетті.






«Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып, айнала қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді. Сөйтіп бұл шығармада М.Әуезов табиғат пен адам арасындағы байланысты, түсінікті негізгі идея етіп көрсетеді.

VI. Бағалау

VIІ. Үйге тапсырма

1. «Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі» шығарма жазу.

2. « Құрмаш қазасына кім себепті?» ( ой толғау, пікір - болжам).



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров259
Номер материала ДВ-342636
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх