Инфоурок Другое Другие методич. материалыМҰХТАР ӘУЕЗОВ ТУЫНДЫСЫ – ХАЛЫҚ ТАЛАНТЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ, НАҒЫЗ ҰЛТТЫҚ ҚҰБЫЛЫС

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ТУЫНДЫСЫ – ХАЛЫҚ ТАЛАНТЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ, НАҒЫЗ ҰЛТТЫҚ ҚҰБЫЛЫС

Скачать материал

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ТУЫНДЫСЫ – ХАЛЫҚ ТАЛАНТЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ, НАҒЫЗ ҰЛТТЫҚ ҚҰБЫЛЫС

Джакаева Гульзира Баженовна

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі

     «Сіз әлі «Абайды» оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл -  таңғажайып, бұл керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік – тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандарымен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі! Сіз сол дәуірді көзіңізбен көргендей айна – қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай дәл жеткізіп бере алмайды. Қандай тұнық поэзия! Проза формасымен басылған осынау қалың – қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсашы!»1 (Альфред Курелла). Қандай  даналық сөздер. Мазмұны аса бай, көркемдік құрылысы өте күрделі кесек туынды, роман ғана емес, қазақ өмірі мен тілінің энциклопедиясы. Алғашқы екі кітаптан қазақ тұрмысын, салт – санасын көрсек, үшіншісінен, «Абай жолынан», халықтың рухани мәдениетін, ақындық дәстүрлі шеберлігін танисың, ал төртіншісі қазақ тілінің нағыз энциклопедиялық сөздігі.                                                      Ғабит Мүсірепов: «Бұл күнге дейін бүгінгі қазақ әдебиетінде мұндай шығарма болған емес» деп, ерекшеліктерін жіктеп көрсетті:

1. Үлкен бір дәуірдің бар тұлғасын, адамдарының ішкі-тысқы ерекшеліктерін, қазақ деген елдің елдік дәрежесі шынында қандай еді,тарихтың қай сатысында тұрған ел еді, осының бәрін «Абайдан» толық көресің, түсінбегенің болса толық түсінесің. Бұл ең алдымен қазақ халқының елдігі, ой-санасы өскен елдігі жайындағы роман.

2. «Абай» арқылы, сол  дәуірдің өзін де, ол дәуірдің ар жақ, бер жағын да жете ұғынуыңа болады.

3.Революциядан бұрынғы қазақ халқының әр тобында, қандай жақсылық, қандай бейшаралық бар еді, Мұхтар соны әділ сыншының, үлкен жазушының дәл таразысына салған, дәл көрсете алған.

4.Абайдың жас кезін суреттеу арқылы, жаңа келе жатқан жас ақын, жас ел қамқорын көріп, бағалауы арқылы бір елдің іші-тысын түгел көрсетіп, болашақ үшін айнымас, бұлжымас қор жасауға тырысқан.

5.Жазушының басынан-аяғына дейін бір мүдірмейтін әрі ойлы, әрі көркем тілі, әрі алған тақырыбына лайық, әрі алған адамдарына лайық, ылғи ағылып отырады.

6. «Абай» - әрі шын мағынасында қазақ халқының шын өмірінің шын бейнесін көрсете алған ұлттық роман, әрі мәдениетті елдердің жақсы деген қай романымен болса да салыстыруға болатын роман.

«Абай» романының  үш түрлі үлкен жағдайда туылғанын Ғабит Мүсрепов зерделеп, саты – сактығы бөліп қарастырған:

1.Қазақ совет әдебиеті өсіп, іргесі бекіген кезінде «Абай» заңды жолмен туған роман. «Абай» жаңа әдебиетіміздің жеткен жерінен басталған да,жаңа белге шығып аяқталған.Енді сол жаңа биікке шығып алып,бәрімізге де: «Көтеріл,бері көтеріл!» - қол бұлғап тұр.

2.Мұнда қазақтың сонша қорлы ауыз әдебиетінің де әсері бар.Бірақ,сол бар күйінде алыны салған не бір мақал,не бір мәтел-мақалды «Абайдан» таба алмайсың.Мұнда халық шығармаларының,билер шешендігінің келісімді түрі болса,Мұхтар соған толымды мағына берген:мағыналы ойы болса,келісімді түр берген.Басқа көп жазушыда өз шығармасын ажарлау үшін халыцқ аузындағы мәтел-мақалдарды сол тұрпатымен ала салатын әдет болса, «Абайда» ескі үлгімен айтылған жаңа нақыштар, жаңа ойлар бар.

3. «Абайды» жазған да Мұхтар өзіміздің ұлттық әдебиетіміздің шеңберінде ғана ойланбаған.Орыс әдебиетінің,орыс тілінде бар дүниелік әдебиеттің тұғырларынан қарап жазуға тырысқан.Ұлттық әдебиетіміздің өсу тілігі ер жеткен мәдениетті әдебиеттердің сатысына көтере алсаң ғана шешілетін қолдан келгенше көздей отырған.                                                    «Абай» және «Абай жолы деп аталған екі бөлек роман, ал шындығында іштей астасып жатқан тұтасқан аумақты бір шығарма. Бұл туралы заңғар жазушының өзі былай дейді:        «Абай» және «Абай жолы романдарымен қалай жаздым» мақаласында «Алдымен, мынаны ескерген жөн: «Абай» да, «Абай жолы» да — тарихи романдар. Аталған романдардың геройлары — қайсібіpi ipi қоғамдық қайраткер болуымен бipre, көбіне төтенше ер, бұрқанған күштің, қолма-қол қимылдың адамдары болып келеді, олар бұқараны өздерінің epкін іс-әрекеттерімен бастайды; ал, менің романдарым батыр емес, ақын туралы, менің геройым — творчестволық тұлға; демек, қоғамдық құбылыс есебінде керінетін оның қолма-қол қимыл әрекетінің нәтижесі емес, творчестволық еңбегінің туындысы ғана. Әрине, өз искусствосында өз кезегідегі қоғам мен халық өмірінің тарихи қалыптасқан әлеуметтік-әкономикалық жағдайларын шыншылдықпен, дұрыс сәулелендіре отырып, бұл да өзін күрескер есебінде танытады, бipaқ, өзінше танытады. Бұл бұқаралық қозғалысты бастамайды, халықпен бipгe жүреді, жалпы күеске өз үлесін қимыл-күшпен емес, творчестволық icпeн қосады. Міне, бұл тақырыпқа келгенде, мен осы ерекшеліктерді қатты ecкepдiм. Геройымның сыртқы әрекетін ғана емес, iшкi творчестволық бұралаңдарын, творчестволық психологиясын, оның өмipдi тікелей түйсінулерінің, сезіну-толқынуларының нәтижесінде керінген шындық құбылыстың сырларын, тiптi ақын шығармаларының тамыр тартқан тереңін аша көрсетуге көп күш жұмсадым» дейді.

Колледжде  4 томдық эпопеяны  санаулы сағаттар ішінде оқыту ерекше маңызды, әрі қиын,  мүмкін емес мәселе екендігі түсінікті. Ең алдымен, эпопеяның өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек:

-          сыныптан тыс оқу;

-          жазғы демалыс кезінде тапсырма беру;

-          оқу кезінде әр бөлімнің басты-басты оқиғаларын қамтып, тұжырымды түрде аннотациялар жазу.                                                                                                                                                                                       

Шығарманы тақырыптарға бөлу, жаңа технологиямен оқыту және әдеби талдау  талабы бойынша қандай сабақ түрлерін пайдалануды төмендегі кестеден көруге болады:

Тақырып мазмұны

Сабақ түрлері

Тақырып туралы түсінік

1.

«Абай» және «Абай жолы» роман - эпопеясының басты тақырыбы мен идеясы.Роман-эпопеяға арқау болған тарихи кезеңдер

Баспасөз сабағы (пресс-конференция)

 

Абайдың заманы, өмірі мен өнерпаздық, қайраткерлік, ұстаздық өнегесі жайында кесек көркем шығарма жазуға Әуезовтің  мол дайындықпен келуі. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалғандығы. «Абай  жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністерінің, т.б. – бәрінің көрініс табуы. Жазушының Абай дәуірін көркем суреттеуде тарихи процестер мен құбылыстар мәніне терең енуі арқылы ғылыми зерделілік пен көркемдік танымды шеберлікпен ұштастыра білуі.

2.

Роман-эпопеяның қазақ әдебиетіндегі маңызы

Зерттеу сабағы

Эпопеяда тарихи шындық, өмір философиясы мен поэзиясы суреткерлік шеберлікпен әдемі ұштастыра алғандығы. «Абай жолы» эпопеясының танымдық мәні туралы айтқанда Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиеттану дамуына аса зор әсер-ықпалы. Халықтық мүдделер тұрғысынан келгенде, «Абай жолы» эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі орасан зор рөлі. Эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылып. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында 2 том болып басылуы.

3.

Эпопеяның бірінші кітабы - «Абай»  

Әдеби-композициялық сабақ

 

Бірінші кітаптағы жеті тарау: 1.Қайтқанда, 2.Қат-қабатта, 3.Жолда, 4.Шытырманда, 5.Бел-белесте, 6.Өрде, 7.Қияда. Әр тараудағы оқиға желісі, сюжет пен композиция. Кейіпкерлер әлемі,  образ сомдаудағы шеберлік. Жазушының портрет пен пейзаж жасаудағы өзіндік стилі. Бірінші кітаптағы оқиға желісінің түйіні, Құнанбай мен Абай арасындағы ой мен сөз қақтығысы. Семейдегі оқуын аяқтап,  ауылға асыққан бала Абай мен кітап соңында ауылдан Семейге білім іздеп аттанған азамат, жігіт Абайдың өсу, қалыптасу сатысы.

4.

Эпопеяның екінші кітабы - «Абай»

Проблемалық оқытуға негізделген практикалық сабақтар

 

Екінші кітаптағы жеті тарау: 1.Тайғақта, 2.Жайлауда, 3.Еңісте, 4.Оқапта, 5.Асуда, 6.Тарауда, 7.Биікте. Әр тараудағы оқиға желісі: Құнанбайдың Меккеге сапары  кезіндегі Абай біліктігі мен азаматтығы.  Шүкіманмен кездескен Абайдың  жан толғанысы мен  шабытты шағы. Біржан салдың Абай ауылындағы ән салтанаты. Ел ішіндегі қақтығыстар, Ералы оқиғасы. Абайдың айналасына топтасқан өнерлі жастар, Татьянаның сахарадағы әні. «Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән», сөзі елге жаққан Абай қадірі. Шебер қиюласқан сюжет пен жымдаса байланысқан композициялық құрылыс.

5.

Эпопеяның үшінші кітабы - «Абай аға»

Әдеби пікірталас

 

Үшінші кітаптағы алты тарау: 1.Абай аға, 2.Кек жолында, 3.Қарашығын, 4.Өкініште, 5.Қақтығыста, 6.Қоршауда. Әр тараудағы  жеке көрініс, ситуациялар: Ералы жазығындағы күзгі көш, Абай – көш басы, жас толқын басы. Еңлік пен Кебек оқиғасы тудырған жыр. Абайдың ақын айтар «шындығы».  «Ел жақсыларына» арналған Дәрмен өлеңінің дауы. Иса қойшының аңызға айналған ерлігі, «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңінің шындығы.   Оспан мен Оразбай арасындағы қақтығыс.  Оспан өлімінің  Абайға артқан жүгі. Абайдың жастарға артқан сенімі. Абайдың ақындық мектебінің қалыптаса бастауы. Оқиғалар тізбегіндегі шебер қиюласқан композиция, Абайдың жан күйзелісі мен толғанысын шынайы жеткізудегі жазушының тіл шеберлігі мен сөз байлығы.  

6.

Эпопеяның төртінші кітабы - «Абай жолы».

Семинар сабақ

Төртінші кітаптағы алты тарау: 1.Түн-түнекте, 2.Құз-қияда, 3.Қапада, 4.Қастықта, 5.Шайқаста, 6.Жұтта.

Әрбір тараудың аты бөлімде өтетін басты оқиғаның, психологиялық қалпын дәл береді. Оба ауруы жайлаған Семей қаласы. Абайдың қала халқын аурудан сақтандыру жолындағы азаматтық істері. Абайды Оразбайлар тобының соққыға жығуы.

Әбіштің қазасынан күйзелген Абай дерті. Қатты қыстың аяғы жұтқа айналуы, қырғынға ұшыраған орасан көп мал, қаладағы қымбатшылық. Абайдың ендігі үміті Мағауияның өмірден өтуі, Абайдың жан азабы, Ербол мен Базаралы өлімдерінің Абайға әкелген мұңы мен зары. «Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден өтті».

Бірінші кітаптың соңында бейнеленетін шыңға шыққан жалғыз балғын шынардың төртінші кітаптың аяғында зәулім болып өсіп барып, ақыры құлауы. Дәрменнің: «Абай аға, қадірлім! Ол дәндерің өлген жоқ. ... Өсе бермек күн санап та жыл санап... Сол үшін де өз өмірімде, өле-өлгенше асыл сөзіңді сақтармын, ата тәрбиеңді ақтармын, ағажан!» - деген сөздерінің түйінді мәні.

Эпопеядағы образдар галереясын оқыту барысында кейіпкерлерді  жеке дара қарастырмай, бас кейіпкер, эпопеяның алтын тұғыры – Абай мен оның заманы-феодалдық қоғаммен байланыстыра талдау шығарманың негізгі мәнін, қасиетін, құдіретін сақтай отырып, түсіндіруге жол ашады. Талдауға бұлай келудің басты себебі, эпопеяда сөз болатын барлық мәселелер Абайға келіп тіреледі, барлығы Абай айналасында, олар өмір сүріп отырған замана қайнауында жүріп жатады.

Сондай-ақ, эпопеядағы  әйелдер бейнесі жіктеп көрсетсек, талдауға жеңіл болады:

Роман – эпопеядағы әйелдер бейнесі

Кімдер?

Абай тілімен айтқанда...

1.

Зере, Ұлжан

Ел аналары

«Қарашығым, қоңыр қозым...»

2.

Тоғжан, Әйгерім

Абай сүйген арулар

«Жарқ етпес қара көңілім...»)

 

Керімбала, Үмітей

Абай заманының шерменделері

«Жолыңа жаным құрбан...»

 

Салтанат, ер мінезді Нұрғаным

Абайдың сырласы

«Қапастағы еркелер...»

 

Мәкен, Мағрипа

Махаббат, бостандық аңсаушылар

«Сертім сол, сенсіз өмір маған жоқ!»

 

Айғыз, Ділдә

Абай жақындары, күндестік бұғауындағылар

«Күндестің аты да күндесте»

 

Қаражан, Мәніке

Абай аулының адуын бәйбішелері

«Кедейін сендей жарылқаған бәйбіше көрсем, көзім шықсын»

 

Иіс, Баян, Есбикелер

Байлар есігіндегі күндер

«Босағада шіріп кеттің-ау!..

      Роман – эпопеядан құлағымызға дала желінің сарыны, ат тұяғының дүбірі, жастардың күлкісі мен аналардың зары келеді, даланың жұпарын жұтып, бұлақтың сыбдырын тыңдайсың, көкорай шалғынды өзен көлдерді, көшіп – қонған ауылды көріп, кедейдің көз жасының куәсі болып, Бөжей асының салтанатына таңырқайсың, басқа да толып жатқан ерекшеліктермен танысасың. Мысалы, бірінші кітаптағы  мынадай көрініске тоқталайық: «Абай кұз бойы өзінше бір оқшау, жалғыз болған. Көбінше домбыра тартып, күй күңіренте береді.Шешен қоңыр домбыра биыл тіпті ділмар болып алғандай.Көп-көп сырлар айтады...Нелер айтады? Желді аяқ желмаясы жасытқан Асан қайғы  да, ашты күйін бебеулетіп Алшағыр да – барлығы да тыным таппай безек қағады.Ылғи бір көргеніне көне алмай,аңсағанын ала алмай, зар-заршеккен күйінділер. Бәрінің де қасиеті – іздене талпынады,толғана ширығады». (А., 1990, 260-бет). Мұнда «көргеніне көне алмай,аңсағанын ала алмай» кеткен қазақ халқының өткен ғасырлардағы мұңды күйін зар заман өкілі Абай күңіренсе,    Абай жолының халық жолы екенін, ол жолдың сүрлеуінің жаңадан пайда болмай, ата-баба салып кеткен жолдан бастау алатынын Абай монолыгынан байқаймыз:   «Жауыз да бар бұл күнде, қара борандатқан дауыл да бар. Бірақ бүгін күні тумаса да, туар күнге атой беріп жатқан қауым да бар. Мынау Базаралы айтқан «Армансызбын» деген жалынды сөз, жан сөзі ғой. Ал ол ұран тастаған қалың ел ше?...Намысқа шапқан,кекке шапқан елдік қасиет бұл емес пе!?Беймезгіл күнде болымсыз болса да белгі берген осы қимыл талай сырды танытпай ма?...Қолынан шанда бір заманда келсе де,осындай мінез бен іс келген қауым қандай! Болашақ заманға да түйір-түйір қасиет,әлденедей игілік ұрығын, дәнін тастар қауым болмас па?»-деп оңашалана ойлаған бір ойының байлауын Абай осындай үмітпен аяқтады» (517-бет).  Абайдың бұл толғанысы Базаралы бастауымен Оразбай ауылын шауып, кек алған аз ғана ел туралы болғанымен, анда-санда бір бұрқ ететін қазақ жеріндегі тарихи көтерілістерді еске түсіреді. Махамбет ереуілінен бастап, Әуезов өз заманында болған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті меңзеп, өзінің ішкі сыры мен арманын да байқатады.  Жазушының өзі айтқан «беймезгіл күндегі болымсыз қимылдар» болашаққа да түйір-түйір қасиетін тастағандай жетпіс жылдан соң Желтоқсан оқиғасы болып қайталанды. Ал Бөжей асында «Табақ тартуға өңшең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты. Ас ошағымен екі арада бұлар қос табақтан алып, қатар ызғыта жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей болады. Астың күндізгі етін осы үйлер түгел жеп болған кезде, Байсал бір үлкен ақ боз атқа мініп, қасына қырық-елудей топ ертіп, қолына үлкен биік ағашқа орнатқан қарақшыны алып, атой беріп шықты. Қонақтар атқа мінсін, әзірленсін деген  белгі. Енді бәйге, күрес, ат үсті сауық басталмақ».
Осының бәрі заңғар жазушының шығармасының даралық сипатын, романның ерекшеліктерін айқындайды.

Мүсілім Базарбаев өзінің «Әдебиет ардагері» атты еңбегінде «Мұхтар Әуезов туындысы – халық талантының жарқын көрінісі, нағыз ұлттық құбылыс» деп баға берген. Өйткені, біздің өскен әдебиетіміздің қай саласын алсаң да «Абай» романы бәрінен де биік, бәрінен де терең. Сондықтанда жас ұрпаққа халық талантының жарқын көрінісін дәлелдеп, нағыс ұлттық құбылыстың куәсі болуға жетелеп, тәуелсіз елінің білімді ұрпағы болуға көмектеседі.

Сілтеме:

1. М.Әуезов тағылымы: Әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер. Алматы «Жазушы», 1987ж. 109 бет.

2. М.Әуезов тағылымы: Әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер. Алматы «Жазушы», 1987ж. 110 бет.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Абай жолы» роман – эпопеясы. 4 том

2. Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. Алматы «Жазушы» 1997ж.

3. Мұхтар Әуезов әлемі.Құрастырған: Ж.Ауыпбаев. Алматы «Жазушы» 1997ж.

4. Мұхтар Әуезов тағылымы: Әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер.Құрастырған: Р.Нұрғалиев. Алматы «Жазушы» 1987ж.

5. З.Қабдолов «Менің Әуезовім».

6. «Қазақ әдебиеті», «Егеменді Қазақстан» газетіндегі материалдар (М.Әуезов өмірбаянындағы өнегелі кезең)

В данный статье предусмотрены и определены разнообразные формы работы студентов с художественным текстом и анализом произведение.

 

 

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ М.О. ӘУЕЗОВТІҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ҚАТЫСУЫМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

 

«М.О. ӘУЕЗОВ МҰРАСЫ: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»

АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯҒА

 

СҰРАНЫС

1.        

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 Джакаева Гульзира Баженовна

2.        

Мекемесі

 Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау Гуманитарлық колледжі

3.        

лауазымы

Оқытушы

4.        

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)

 Ақтау қаласы, 8-4-30

5.        

Телефон, электронды пошта, факс

 87013574418, gulzira --1972 @mail.ru

6.        

Баяндаманың тақырыбы

 

Мұхтар Әуезов туындысы – халық талантының жарқын көрінісі, нағыз ұлттық құбылыс

7.        

Секцияның атауы

ІІ секция. М.О. Әуезов шығармаларын оқытудың өзекті мәселелері.

8.        

Керекті техникалық құралдар

 -

9.        

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі

(иә, жоқ)

 -

10.     

Қатысу формасы (күндізгі, сырттай )

сырттай

11.     

Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді    

қалаймын

-

12.     

Конференцияда тыңдаушы ретінде қатысуды  

қалаймын

-

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МҰХТАР ӘУЕЗОВ ТУЫНДЫСЫ – ХАЛЫҚ ТАЛАНТЫНЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ, НАҒЫЗ ҰЛТТЫҚ ҚҰБЫЛЫС"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 395 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2017 1477
    • DOCX 630.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джакаева Гульзира Баженовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джакаева Гульзира Баженовна
    Джакаева Гульзира Баженовна
    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 174459
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции