Инфоурок Другое Другие методич. материалыМұхтар Әуезовтың "Еңлік -Кебек" драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?

Мұхтар Әуезовтың "Еңлік -Кебек" драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай?

Скачать материал

 

Мұхтар Әуезовтың  "Еңлік -Кебек"  драмасындағы  ғашықтардың жан түршігерлік  өліміне   әкелген   билер  шешіміне   көзқарасыңыз  қандай?

          Адам өліміне әкеліп соғатын кез-келген

билер шешіміне мен қарсымын. Ол  адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.

 

Автор.

         Адал махаббаттың  құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап"  ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі ,жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді.  Бұл жаза өте қате шешім еді.

       Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа  жүрегінде мейірімі ,басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай  өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне  себеп   - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен , асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды.

        Мүмкін ажалға араша түстетін Қабанбай мен Тоқтамыс жау өтiнде жүрмей елде болғанда ат құйрығына байланбас па еді, кім білсін? Сондықтан да ажалға араша түсетiн адамдары жоқ болғандықтан қатыгез тобықты билерінің шешімінің құрбаны болды.

        Матай мен тобықты руының арасындағы   жараның бетіне тұз сепкен күннің өзінде, Кебектi жар қылуға бекiнгені де, алып қашуға мәжбүр еткені  де, екi елдiң бәтуасын бұзуға себепшi боп, от тастағанына да, атастырып қойған басқа қалыңдығының бар екендігін білген күннің өзінде осның бәріне Еңлікті кінәлі деп санайтын болсақ та -әділ билердің өлім жазасына кесуі тым артық ақылсыздық еді.  

        Сонымен бірге бір  шеңберден шыға алмайтын надан халықтың -надан салт -дәсүрінің (атастыру) арқасында - екі жас опат болды. Осыған ұқсас  сол заманда "әмеңгерлік", "бесік құда", "атастыру" секілді адам санасына сіңбейтін түсінікпен қалыптасқан салт-дәстүрлер талай жасты ана дүниеге ерте аттандырды.

        Шіркін! Түндігінен түтіні түзу ұшып, бақыттың бесігінде тербеліп , айрандай ұйып екі жастың бақытты өмір сүргеніне не жетсін. Көгінде қыран құсы самғап ,бәйтерегі аспанмен сырласқан ,бейбіт те тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Құдайға шүкір ақты ақ деп,қараны қара деп айыра білетін әділ шешім шығаратын ата заңымыз бар. Қазіргі таңда ең бастысы парасатты ойлай білетін, еркіндік пен махаббатқа құрметпен қарайтын саналы қоғам бар.

          Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасар болсам, "Ағаш бір орында тұрып көгереді"-деген екен даналарымыз. Олай болса   жапырағын жайып көгермек болған теректің тамырын  кеспейік. Ол өссін,көгерсін.

 

 

 

 

 

 

 

 

    

      

 

       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 188 870 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2017 15943
    • DOCX 15.3 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ханов Шохан Уалиханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ханов Шохан Уалиханович
    Ханов Шохан Уалиханович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 12
    • Всего просмотров: 709607
    • Всего материалов: 177

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой