Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Мұхтар Әуезовтың халықтық әдеби мұралары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мұхтар Әуезовтың халықтық әдеби мұралары

библиотека
материалов
ТАҚЫРЫБЫ: «МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫ»
КІРІСПЕ Халықтың тарихына, рухани мұраларына зеректік М.Әуезовтің қаламгерлік...
М.ӘУЕЗОВ - ХАЛЫҚТЫҚ ӘДЕБИ МҰРАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУШІ М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылы...
Замана заңғары М.Әуезовтың асыл ойлары Осы еңбегінде М.Әуезов өзінің небір кө...
М.Әуезовтың ғашықтық жырларына арналған кітаптары М.Әуезов ғашықтық жырларын...
М.Әуезовтың айтыс өлендерінің қысқаша мазмұны 1927жылғы «Әдебиет тарихының» 6...
М.Әуезовтың ақын Абайға деген көзқарасы Жазушы оны Абай кешірген дәуірдің ақы...
Ақынның «Абай жолы» - атты төрт томдық роман-эпопеясын жазуды  «Абай жолы» ат...
Қорытынды Қорыта айтқанда, ғалым сөз өнері саласындағы дәстүр жалғастығы ерек...
Назарларыңызға рахмет!
10 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ТАҚЫРЫБЫ: «МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫ»
Описание слайда:

ТАҚЫРЫБЫ: «МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫ»

№ слайда 2 КІРІСПЕ Халықтың тарихына, рухани мұраларына зеректік М.Әуезовтің қаламгерлік
Описание слайда:

КІРІСПЕ Халықтың тарихына, рухани мұраларына зеректік М.Әуезовтің қаламгерлік міндетін арттырып,өмір бойы сан алуан ғылыми ізденістерге ұмтылдырды. Мұндай ізденістердің бірі және бірегейі жазушы ғалымның халықтық әдеби туындылары зерттеуі болып табылады. Ол өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап фольклор тарихынан мақаламен тың зерттеу еңбектер жазды. Бұл еңбектердегі негізгі мақсат, өзі атап көрсеткендей – «... ескі күннен бастап Абай мезгіліне шейін қазақ тіліндегі шыққан сырлы сөздің түрлерін айырып, жік-жікке бөліп, әрбір дәуірден қадау-қадау белгі қойып, сол белгілер бойынша тарих шаңы басып жатқан есіліктің желісін созып шығу болды ». Ойша қаламгер шығармашылықтың бағзы заманнан бері қарай қоңыраулатып келе жатқан көші қай» кезеңде қай асудан асты, қай деңгейге жетті, міне, соның ұлы сүрлеуін тауып алуды мақсат тұтқаны аян. Ол фольклорлық туындылардан тілдің тұнған байлығын, ел санасында екшелеген, бағасын алған сарындарды, сөз меруертін іздеді. Соларды жаңа әдебиеттің ғимаратын орнатуға пайдаланды. Демек, ғалым халықтық әдеби мұраның мәнін қазіргі дәуірдің сөз өнері мұқтажын қаншалықты өтей алатындығы тұрғысынан тексерді. Әдебиеттің қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерінің бәріне айналып отырған мифтердің, аңыздардың кеңінен орны алуының ал оның өзі Әуезов дәстүрінің өмішеңдігіне дәлел. Фольклор менжазба әдебиеттегі көркемдік тәсілдердің бірін – бірі байыту заңдылығы бүгінгі таңдағы әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі.

№ слайда 3 М.ӘУЕЗОВ - ХАЛЫҚТЫҚ ӘДЕБИ МҰРАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУШІ М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылы
Описание слайда:

М.ӘУЕЗОВ - ХАЛЫҚТЫҚ ӘДЕБИ МҰРАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУШІ М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып әдебиет тарихына байланысты зерттеу еңбектер жазып, мол мұра қалдырғаны белгілі. Өйткені жазушы өз мақала, еңбектерінде айтып өткендей, әдебиетті тану оның тарихын, осы күнге дейін жүріп өткен жолын, өсу кезеңдерін, түрлі заңдылықтарын білуден басталады деп түсінеді. Ол жасынан-ақ жазушылық қызметпен бірге әдебиет туралы ой-пікірлерін жариялап, ескі жыр - өлеңдерді жинап, оларды зерттеу саласында да өнімді еңбек етті. Оның қаламынан қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған көптеген зерттеулер шықты. Мұхтардың әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы ойлары тым қызғылықты. Бірақ қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніліп айтылған бұл ойлар кейін өріс ала алмай, Мұхтардың ұлтшыл ретінде айтылған (1929 - 1932) байланысты тоқталып қалды. Оның алғашқы күрделі еңбегі «Әдебиет тарихы»(1927, Қызылорда) пайдаланудан алынып, идеялық жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды. Тек Қазақстан дербес тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана «Ұлтшылдық ағын » аяқталып, соған қатысты тиім салынған әдебиеттер ішінде М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (Алматы, 1991) да толық күйінде қайта басылып шығады.

№ слайда 4 Замана заңғары М.Әуезовтың асыл ойлары Осы еңбегінде М.Әуезов өзінің небір кө
Описание слайда:

Замана заңғары М.Әуезовтың асыл ойлары Осы еңбегінде М.Әуезов өзінің небір көкейкесті асыл ойларын төккен. Соның бірі – ертегінің поэзиялық, көркемдік сипаты туралы. «Көркем поэзияға ауызша поэзия қаншалықты көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесі сондайлық жатық жолмен көп араласып, табысып жатыр. Бұл жай қазақтың салт ертегілерін тексеру мен көркем прозасын талдап ұғынуда ғылымдық үлкен түйінді, проблемалы мәселе». Бұл тұжырымдарда фольклор мен жазба әдебиеттің бірін-бірі үздіксіз басытып отыратын тұрақты заңдылығы мейлінше анық көрсетілген. Кейінгі 1948 жылы және 1960 жылы М.Әуезовтің өзінің тікелей жетекшілігімен шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1том,1 кітап) атты академиялық басылымда ауыз әдебиетінің жоғарыда келтірілген түрлеріне «Шешендік сөздер» мен 1960 жылғы басылымда «Жұмысшы жырлары»тараулары қосылған. Ал 1927 жылғы «Әдебиет тарихында» осы «Шешендік сөздер» «Билер айтысы» деген атпен қысқаша шолу түрінде берілген. Міне, бұл айтылғандардан байқалып отырғандай, қазақ ауыз әдебиетін топтап жіктеу мәселесі М.Әуезовтің сол алғашқы еңбегінен бастау алып, негізгі тірек болғандығын айқындап отырса керек.

№ слайда 5 М.Әуезовтың ғашықтық жырларына арналған кітаптары М.Әуезов ғашықтық жырларын
Описание слайда:

М.Әуезовтың ғашықтық жырларына арналған кітаптары М.Әуезов ғашықтық жырларын бұл кітабында «Ел поэмалары» деген атпен беріп, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырымен «Қыз Жібек» жырына тоқталады. Бұларда автордың көп жылдық ғалымдық тәжірибесі, мол білімі, пәннің ерекшелігі мен тарихын жете білетіндігі айқын көрініс береді. Аталған еңбектер қазақ фольклортану ғылымын байытқан, көп мәселеге ғылыми анықтық енгізген елеулі ізденістер. Зерттеуші «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларының нұсқаларын салыстыра отырып, олардың халықтың өрнектерін ажыратады. Атап өтерлік бір мәнді түс автордың қазақ жырлары мен Орта Азия халықтарының қайсы бір дастандары арасында ұқсастық, үндестік барын тауып отыратындығы. Мұндай тарихи – типологиялық тәсілмен тексеру – фольклортану ғылымындағы ең жемісті әдістердің бірі. М.Әуезов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын «Таһир - Зуһрамен»: «Алпамыспен» салыстырып көреді.Қазақ эпосының тарихи шындыққа жанасымы, жырдағы жер, су, адам аттарына куәлігі жайында қызғылықты байқаулар аз емес.

№ слайда 6 М.Әуезовтың айтыс өлендерінің қысқаша мазмұны 1927жылғы «Әдебиет тарихының» 6
Описание слайда:

М.Әуезовтың айтыс өлендерінің қысқаша мазмұны 1927жылғы «Әдебиет тарихының» 6-бөлімінде «Айтыс өлеңдер» сөз болады. М.Әуезов ауыз әдебиетінің бұл түрінің қазақ ішінде өте мол ұшырасатынын және олардың «қазақ ескілігінде өте жанды, өте қызулы, бағалы сөз болғандығын» мәлімдеп, «Айтыс сөздерінің молдығы мен көп жайлылығына қарасақ, қазақ елі ақындық теңізі сияқты көрінеді» - дейді. Ғажайып өнер – айтыстың әлеуметтік шындықтарды көтерудегі, үлкен заманалық мәселелер қоюдағы, ақындық тапқырлық пен шеберлікті арттырудағы орны мен мәнін зерттеуші жан-жақты талдаған. Ол, ең алдымен, айтыстың көркем сөз өнері, төкпе өлең шығарудың мектебі, дарындылық, білімділік, алғырлық, шыншылдық, батылдық саналатын сайыс тәсілі екендігін атап өтеді. Бұл тұжырымына ревалюциядан бұрын өмір көшкен көрнекті ақындар айтысынан мысал келтіреді. Екіншіден, ғалым айтыстың жанырлық ішкі жіктерін ашып жүйелейді. Қыз бен жігіт айтысының, түре,сүре айтыстардың ерекшелігіне тоқталады, жұмбақ айтыстар да, жазбаша айтыстарға да көңіл бөледі. М.Әуезовтің назарын аударған тағы бір мәселе – айтыстың өмір шындығын толық ашуға қабілеттілігі. Ғалым айтыстың табиғатына тән ерекшеліктің бірі – қоғамдағы, жеке адамдар өміріндегі жақсылықты жарқыратып ашуы және кемшілік атаулыны аяусыз әшкерелей алуы деп түйеді. Өмірдің қат-қабатын аша алтындығы, ізденістерді ірі қомақты етіп, қауым алдына жайып салып, сұмдықтарды өшпестей етіп табалайтындығы айтыстың өзіне хас жанрлық өзгешелігі десе болады.

№ слайда 7 М.Әуезовтың ақын Абайға деген көзқарасы Жазушы оны Абай кешірген дәуірдің ақы
Описание слайда:

М.Әуезовтың ақын Абайға деген көзқарасы Жазушы оны Абай кешірген дәуірдің ақыны, заманы бір, таптық тұрғылары да жақын деп, екеуінің кей тақырыптарын салыстыра қарастырып әлгіндей наразылыққа «Әбубәкір Абайша тұрғыдан қарамайды... әкімнің үлкеніне келгенде қиялап өтеді, қарсымын демейді...» Шәнгерей ақын жөніндегі сөз басқа. Ол – Бөкей ханның тұқымы, хан Жәңгірдің немересі, аз уақыт болса да соңғы хандық құрған Сақыпкерейдің «Нарындағы көк ордада» туған баласы,мұсылманша да, орысша да білім алған сыршыл ақын. «Самар губерниясындағы орыс дворян-ақсүйектерінің тізіміне жазылып, қазақтан шыққан бірінші дворян боп», патша үкіметіне тандаулы қоныс (имение) алып, «сәнді қып үйлер салғызып, алмалы тоғай, бау-бақшалар орнатып, көліне құс шүйгітіп, тоғайына тазы жүгіртіп, әрі қазақша бай-сері, әрі орысша дворян – ақсүйек боп өз бетінше кең сайран тіршілік етеді». Шәңгерейдің артында сақталып қалған өлеңі өте аз. Бірақ сол аз өлеңі де бұның қатардан жоғары ірі таланты ақын екенін көрсетсе де, Шәңгерей өзі бой салып, көңіл бөліп еңбектенбеген..., әр кезінде әлдеқалай жазыла салған сияқты», дейді автор. Таптық тұрғыдан ақын орыстың ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы күйректік, сарындамашылдыққа, неше түрлі қараңғы күңгірт сезімдерге бой бұрып, діни лирикаға да, елесшілдікке де (символизмге) берілген әдебиет өкілдері сияқты «дәме мен дәрмен, сенім мен үміттен» күдер үзіп, бүгінгіден қашатын «ұлтшыл-байшыл сарындамашыл, дарашыл ақындарының басы болады».

№ слайда 8 Ақынның «Абай жолы» - атты төрт томдық роман-эпопеясын жазуды  «Абай жолы» ат
Описание слайда:

Ақынның «Абай жолы» - атты төрт томдық роман-эпопеясын жазуды  «Абай жолы» атты төрт томдық роман – эпопеясын, «Абай» пьесасын, «Абай әндері» кинофильмнің сценариін, «Абай» операсының либреттосын жазды. Абайтануға арналған ғылыми монографиядан бастап, жалпы осы тақырыпқа жүзге тарта үлкен-кіші еңбектер жазып, жоғарғы оқу орындарында Абайтану арнаулы курсін пән ретінде өзі бастап дәріс жүргізіп, қалыптастырды. Абай тақырыбына докторлық, кандидаттық диссертациялар жазылуына жетекшілік, басшылық жасады. Жалпы жарияланғаны, жарияланбағаны бар, жазушы мұражайының архивінде осы тақырыпқа қатысты қолжазбалар елуден астам том пәпкіде жинақталған екен. Мұхтар Әуезовтің осындай дәуірлік маңызы бар үлкен ұлы тақырыпқа екі бірдей салада қалам тартып, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі ретінде танылған роман-эпопея, т.с.с. көрнекті көркем туындылар жазып, әрі терең де тегеурінді ғылыми зерттеу еңбектер жазуы - әлемдік әдебиет пен мәдениет, ғылым саласында бұрын-соңды теңдесң, аналогі жоқ таңғажайып тың құбылыстың бірі болып саналары сөзсіз.

№ слайда 9 Қорытынды Қорыта айтқанда, ғалым сөз өнері саласындағы дәстүр жалғастығы ерек
Описание слайда:

Қорытынды Қорыта айтқанда, ғалым сөз өнері саласындағы дәстүр жалғастығы ерекшеліктерін ескеру қажеттігін жадымызға салады. Себебі, әрбір ұрпақ рухани мұраның ең керектісін талғап пайдаланады. Жазушылар мен ақындар өз дәуірінің өмір шындығын бейнелегенде бұрынғы замандарда қалыптасқан озық дәстүрлерге иек артады. Бүгінгі егеменді еліміздің руханият, түптеп келгенде, ұлттық сезімді оятып, азаматтық сананы қалыптастыруға қызмет етуі тиіс. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бұрыннан келе жатқан дайын шығармашылық арналарды пайдаланумен шектелу жеткіліксіз. Сондықтар бүгінгі ұрпақ жаңа ізденістер, тың шешімдер, соы әдістер табады. Ал, ол үшін көне әдеби дәстүрді меңгеру қажет. Бұдан шығатын қорытынды, белгілі бір кезеңнің сөз өнері ескі көркем мұраны жалаң қайталамай, оның өз дәуіріндегі қауым мүддесіне қажеттісін алады. Мұхтар Әуезов қазақ әдеби мұраларының қайнар көзі – фольклорлық туындыларға осы тұрғыдан жан-жақты талдау жасайды. Зерттеуші ғалымның бұл мәселе төңірегіндегі еңбектерінің тиянақтылығы, ауқымдылығы кезінде оны кеңестік фольклортанушылардың алдыңғы шебіне шығарғаны баршамызға белгілі. Ол өз зерттеулерінде фольклордың бүгінгі орны мен маңызын анықтау, оның қазіргі әдебиетте қалай пайдалану қажеттігін зерделеуді мақсат еткен.

№ слайда 10 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров515
Номер материала ДВ-462856
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх