Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Мың бір мақал физикадан сайыс

Мың бір мақал физикадан сайыс

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Мақстаы: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.

Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата–бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал- мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт-дәстүрлі сыйлауға баулу.

Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту, өз ойларын кең, мазмұнды жеткізе білуге үйрету.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз.

1 тур. 1-айналым.

Бәйге. Ұяшықтар Білім, Өнер, Отан. 10 жеңіл көп нүктенің орнына сөз қойып, мақалды құрастыру. 20 орташа берілген сөзге мақал айту, 30 қиын мақалды жалғастыру.

  1. Білім.

10. ......білім........, білім ..............шырағы. ( оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы)

20. білім (Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім.)

30. Білімі жоқ ұл — (жұпары жоқ гүл)

2. Өнер.

10. Өнерлі ... бақытқа ..... (Өнерлі қол бақытқа жол)

20. Өнер (Өнер қанат, Білім санат.)

30. Өнерлінің қолы алтын, (Өлеңшінің сөз алтын.)

3. Отан.

10. Отан - ............ басталады. ( отан –отбасынан басталады.)
20. Отан

30. Отансыз адам –( ормансыз бұлбұл.)

2 тур . Мақал мәтел құрастыру. Берілген сөздерге еңбек, салт дәстүрге байланысты 5 мақал мәтел құрастыру. Берілетін уақыт 3 минут. 5 ұпай беріледі.

Осы уақытта көрермендермен ойын ойнатылады. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады.

  1. Ер жігіт ел үшін туады ... (ел үшін өледі)

  2. Әдепті бала – арлы бала, ... (әдепсіз бала сорлы бала)

  3. Білекті бірді жығады, ... (білімді мыңды жығады)

  4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)

  5. Әдептілік белгісі ... (иіліп сәлем бергені)

  6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)

  7. Жері байдың ... (елі бай)

  8. Жақсыдан үйрен, ....(жаманнан жирен)

  9. Ердің атын ... (еңбек шығарады)

3 – тур.

Жүргізушілер жұмбақ жасырады, қай топ бірінші дайын болады, сол топ жауап береді. Жауап бере алмаған жағдайда екінші топқа жауап беруіне болады. 5 ұпай.

  1. Жерді көрдім қаласы бар

Үйлері жоқ мекендейтін,

Көлді көрдңм, өзен көрдім

Сулары жоқ терең дейтін (карта)

  1. Жұмбақ шешкіш кім екен?

Сыртқа шықсам түн екен

Моншақтарын шашып ап,

Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)

  1. Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама (Кітап)

  1. Жезге ұқсас сабағы,

Дәні халық тағамы (Бидай)

  1. Екі аяқты, бір басты,

Жүгіреді тым қатты (Велосипед)

  1. Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)

  1. Балалар суға салған жіп

Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)

  1. Шөміші жоқ теңізді сапырады

Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)

  1. Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

  1. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл).


4- тур.

Гүл. Алдарыңызда гүл ілініп тұр, осы гүлдің әр бір жапырағында сөздер жасырылған. Балалар рет ретімен келіп алған сөзін іс қимылмен көрсетеді, ал қалған оқушылар не екенін табу керек.

Секіргіш (Скакалка), Кенгру, Кітап, тоқылдақ, жаңбыр, көз. 5 ұпай.

5 - тур.

Жүргізуші жұмбақ жасырады, жұмбақты қай топ бірінші шешеді, соның жауабына екінші топ мақал айтады. 5 ұпай.

  1. Отыз ек батыр,

Екіге бөлініп жатыр (тіс)


Отыз екі тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарайды.


  1. Бір беткейде екі көл. (көз)


Көзің ауырса – қолыңды тый,

Ішің ауырса – ауызыңды тый.


  1. Еш тесікке тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды. (су)


Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.



  1. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді (ұстаз)


Астазы жақсының ұстамы жақсы.


  1. Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон алап,

Терледі керілді. (жаңбыр)


Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.


  1. Ұзын тұртты сарылар,

Қойнында толған наны бар (бидай)


Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

6- тур.

Әр топтан бір оқушыдан шығады, берілген мақалды мәнерлеп оқып алады. Содан кейін жылдам тез тез оқиды. Мысалы жаңылтпаштары сияқты.

1 мақал-мәтел

Іргесі берік елді 
Жау ала алмас, 
Ауызы бір елді 
Дау ала алмас. 


2 мақал-мәтел

Ұлтарақтай болса да 
Ата қонысы жер қымбат. 
Ат төбеліндей болса да 
Туып өскен ел қымбат. 


Сайыскерлердің білімдерін, тапқырлықтарын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.






















Секіргіш


Кенгру


Кітап


Тоқылдақ


Жаңбыр


Көз


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-243628
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>