Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Мың бір мақал" Сайыс сабақ

"Мың бір мақал" Сайыс сабақ


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Мың бір мақал» сайысы.
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал - мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл байлық - тарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Шешендік сөздер, мақал - мәтелдер жазылған слайдтар, 10 балдық житондар.
Жоспары:
1 - тур Кім жылдам
2 - тур Жалғасын тап
3 - тур Мағынасын түсіндір
4 - тур Үй тапсырмасы
5 - тур Аударып көр
6 - тур Қорытындылау
I. Кіріспе.
Құрметті қушылар, ұстаздар, қонақтар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі біздің ойынымыз «Мың бір мақал» - деп аталады. Ойынымыз 6 турдан тұрады. Ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтемін.
Мақал - мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесі мол көрініс тапқан.
II. Негізгі бөлім.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз аттарын, ұрандарын таныстырып өтеді.
1 - тур. «Кім жылдам» - деп аталады. Бұл турда әр топтан бір оқушыдан шығып, таңдаған тақырыптары бойынша мақал айтады. Әр мақалға 10 ұпайдан беріледі.
2 - Тур «Жалғасын тап». Мақалдың жалғасын табу, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1. Көзі соқырдан қорықпа,
...(Көңілі соқырдан қорық).

2. Әдепті бала - арлы бала
...(Әдепсіз бала – сорлы бала).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
...(Егін екпесең, жерге өкпелеме).

4. Ат жаманы жолда қалдырар,
...(Жолдасы жаманды қолда қалдырар).

5. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді:
...(Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді).

6. Әдептілік, ар - ұят,-
Адамдықтың белгісі.
...(Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі).

3 тур. Мағынасын түсіндір. Бұл турда әр команда өзіне берілген мақалдардың мағынасын ашып, түсіндіріп берулері керек.
1. Жаста оқыған оқуың, тасқа жазған сөзбен тең
Қартайғанда оқыған оқуың мұзға жазған сөзбен тең.
2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
3. Еңбекке бейім болсаң,
Қатарыңнан кейін болмассың.
4. Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады.

4 тур. Үй тапсырмасы.
Суреттерде бейнеленген заттарға байланысты мақал айту.
Әр команда қарсы команданың салған суретімен жұмыс жасайды.

5 тур. Аударып көр. Бұл турда орыс тілінде оқылған мақалдың қазақша баламасын табу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі.

1. Кто молоко украл – тот спасся,
Кто чашку облизал – попался.
2. Две головы бараных целиком,
Не умещаются в котле одном.
3. В родной долине лучше прахом быть,
Чем на чужбине падисшахом быть.
4. Даже мышка, что жива,
Лучше мёртвого льва.

6 тур. Қорытынды. Сабақ соңында әр команданың жинаған жетондары саналып, қорытындыланады. Ұпайды көп жинаған команда марапаттала










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров167
Номер материала ДВ-088217
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх