Инфоурок Другое Конспекты"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тақырыбында ойын сабақ, 2-сынып

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тақырыбында ойын сабақ, 2-сынып

Скачать материал

                                А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс жұмыс

 

Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

 

 

 

 

 

 

 

                                                                        Орындаған: Д.С. Манкеева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

 

Мақсаты:

1) ата бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал- мәтелдерді үйретіп ұғындыру;

2) ой белсенділігін, сөздік қорын молайту;

3) отбасы дәстүрін сақтауға, ата- аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Жоспар

 

-              Ойынды ашу

-              Ойыншыларды таныстыру

-              Ойын тәртібін түсіндіру

-              Мақалшылар сайысы

-              Жұмбақшылар сайысы

-              Мақалшы, жұмбақшы сайысы

-              Қорытынды

 

 

 

Барысы:

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысатын қонақтар, ұландар, бүгін 2- сынып оқушыларының аралығында отбасылық бағытта өтетін « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

 

1- оқушы:    Жанұямыз-сәніміз,                               

                     Отбасымыз- әніміз.                                    

                     Біз бастадық сайысты,

                     Қош келіпсіз бәріңіз!

 

2- оқушы:         Арым да, ардағым да анам екен,             

                          Ана деген- мен үшін атамекен!

                          Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті

                          Жүрегімде жыр болып жатады екен.

 

3- оқушы:              Өзің барда еш қатер де төнбейді                                                                     Өзің болсаң шырағым да сөнбейді.

                               Асыл- әке,мейіріміңді ойласам,

                               Жыр оралып, шабыт мені тербейді

 

     4- оқушы

Бұтағы бабасының,                                         

Ұрпағы атасының,

Шуағы әжесінің,

Тұяғы әкесінің,

Тілегі анасының.

Тірегі ағасының

               Түлегі даласының,

              Дарытқан бар асылын

              Мен- қазақ баласымын!

 

Мұғалім: Мақал айтып көрейік, бүгінгі сайыстың 1- айналымында мақал айту сайысы.

 ( сайысқа қатысатын оқушылар дайындалады.)

Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: С.К.Толымбекова, Д.Х.Сайдахметова, Қ.М.Ахмет

Ал бүгінгі ойынымыздың қадірлі қонақтары: Нұрсұлу Түраровна Ирбаева, Перуза Байрамовна Ангаралиева, Наталья Николаевна Смирнова.

                                            

 

                                                 1- айналым

 

           Мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал оқушылар жалғастырады.

      

1. Ананың көңілі балада,

------------------------------------------

Баланың көңілі далада.

 

 

 

2. Ананың сүті- бал,

-----------------------------------------

Баланың тілі- бал.

 

 

 

3. Ұлдың ұяты әкеге,

-----------------------------------------

 Қыздың ұяты шешеге.

 

   

 

4. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да

--------------------------------------------------------

Қарызыңды өтей алмайсың

 

 

 

5. Көп жасаған білмейді,

------------------------------------------------------

Көпті көрген біледі.

 

 

 

6. Әдепті бала- арлы бала,

-------------------------------------------------------

 Әдепсіз бала- сорлы бала.

 

 

 

7. Қарт кісіні қадірле,

---------------------------------------------------------

Өзің де қарт боларсың.

 

 

 

8. Ата көрген оқ жонар,

------------------------------------------------------------

 Ана көрген тон пішер

 

 

 

9. Туған жердің қадірін

--------------------------------------------------------------

 Шетте жүрсең білерсің.

 

 

 

10. Қына тасқа бітеді,

-------------------------------------------------------------

Білім басқа бітеді.

 

 

 

11. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

-------------------------------------------------------------

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

 

 

 

12. Сөздің көркі- мақал,

---------------------------------------------------------------

Жүздің көркі- сақал.

 

13. Отанды сүю-

-------------------------------------------

Отбасынан басталады

 

14. Туған жердей жер болмас,

------------------------------------------

Туған елдей ел болмас.

 

15. Отансыз адам-

--------------------------------------

Ормансыз бұлбұл.

                       

 16. Білекті бірді жығар,

---------------------------------------

        Білімді мыңды жығар.

 

 

 

17. Ақыл- тозбайтын тон,

------------------------------------------

    Білім- таусылмайтын кең.

 

 

 

18. Күш білімде,

------------------------------------------

 

білім кітапта.  

 

19. Еңбектің наны тәтті,

-----------------------------------------

    Жалқаудың жаны тәтті.

 

 20. Оқу - білім шырағы

-------------------------------------------

       Білім- өмір шырағы

 

21. Әке – асқар тау.

-------------------------------------------

      Ана –ағар бұлақ

 

22. Оқу инемен

-------------------------------------

Құдық қазғандай

 

23. Оқы, оқы

-----------------------------                                                                         

Және оқы.

 

24. Өнер алды-

---------------------------------

Қызыл тіл

 

( 1- айналым жеңімпаздары анықталып, 2- айналымға қатысады.)

                                            2- айналым

 

Мұғалім: Жұмбақ шешу сайысы.

  ( Жұмбақ оқылады,  оқушылар шешуін тауып, орыс тіліне аударады.)

                                                                                                            

Мұғалім: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады. 1- тапсырмада мұғалім жұмбақ айтады, ойыншы жұмбақтың шешуін табады. Шешуін орыс тіліне аударады. Жеңімпаз 3- айналымға өтеді.

 

 1.  Жаурағанды күлдірер,

      Өз еркіне жіберсең,

      Дүниені   бүлдірер.   ( От-огонь)

 

   2. Аласа ғана бойы бар,

       Айналдырып киген тоны бар.  (қой-баран)

 

 3.  Асқар тауда

      Қалың орман,

      Оны кейде

      Шөптей орған.     ( Шаш-волосы)

 

  4. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.

      Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.   ( Сыпыртқы-веник)

 

5. Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,

    Бұл үйден көреген болып шығасың.    ( Мектеп-школа)

 

6. Бетін адам ашады

    Білім нұрын шашады.      ( Кітап-книга)

 

        

 

7. Қалпақты шымырды

    Төбесінен ұрады,  

    Түзетуге қыңырды

    Дәйім дайын тұрады.    ( Балға-молоток)

 

8. Көше бойлап аяңдайды,

    Адам тасып аялдайды.    ( Автобус-автобус)

 

9. Әжем уыстап сығып

    Далада кептірген.

    Қатты әрі тәтті дәмі,

    Кім бар жеп көрген?       ( Құрт-курт)

 

10. Айдалада ақ отау,

      Аузы –мұрны жоқ отау.  (Жұмыртқа-яйцо)

 

11. Тақиям төлған сөк,

      Ерте тұрсам жоқ.            (Жұлдыз-звезда)

12. Төртбұрышты бір ауыз.    (Сандық-сундук)

 

13. Ұзын мұртты сарылар,

      Қойынында наны бар.      ( Бидай-пшеница)

 

14. Күмбір- күмбір күйі бар

      Құлағыңа түйіп ал.          ( Домбыра-домбыра

 

15. Маған да, саған да

     Жақын туыс- бес адам.

     Үш әріптен тұратын,

     Оңға оқы, солға оқы,

     Өзгермейді еш одан.

     Бәрі де өз жұратың,

      Айтады кәне кім атын?              ( Ата, ана, апа, аға, іні)

 

Мұғалім: 3- айналым. Мұғалім оқушыларға  жұмбақ айтады. Оқушылар  шешуін табады. Шешуін тапқан оқушы, жауабына байланысты мақал айтады.

 

1. Баласымын даланың,

Туғаннан дақсыз қарамын.

Қыс келсе жұртты жылытып,

Үйді- үйге барамын.     (Көмір)

 

Еңбексіз өмір- сөнген көмір.

 

2. Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң- шешен,

Ақылы асқан көсем.          ( Кітап)

 

 

 

Кітап- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

                                                                                                     

 

 

3. Садақшы мойнын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жүзгенде көлдің сәні өзі.

Жердегі құстың серкесі,

Көктегі құстың еркесі.                ( Аққу)

 

 

  Аққуды атуға болмайды,

 Достықты сатуға болмайды.

 

 

4. Төңкерілмейтін күбі,

Көтерілмейтін күбі.

Шүпілдей- ақ тұрса да

Көрінеді түбі.                   ( Құдық)

Оқу- инемен құдық қазғандай.

 

Қорытынды.

 

               Оң қанатым- әкем,

               Сол қанатым- анашым.

               Қос қанатың болғанда

               Табар өмір жарасым.

Қарап тұрып шекені

Шымшылады сан күдік.

Қанатымның екеуі

Сау болса екен мәңгілік.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тақырыбында ойын сабақ, 2-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 1613
    • DOCX 56.5 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манкеева Дамира Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манкеева Дамира Сериковна
    Манкеева Дамира Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18135
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе