Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Мың мақал (тәрбие сағаты 4-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Мың мақал (тәрбие сағаты 4-сынып)

библиотека
материалов

hello_html_190e626f.gifhello_html_190e626f.gifБабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге

Жарияланды 4-04-2014, 21:18 Категориясы: Оқушыларға 

БАБАЛАР ЕРЛІГІ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Жоспары:
І. Кіріспе. Азаттық – бабалар аманаты.
ІІ. Негізгі бөлім. Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге.
1. Отансүйгіштік рух – қасиетті тірек.
2. Еркін елдің ертеңі – тағылымды тұлға.
ІІІ. Қорытынды: Ұлттың ортақ ұраны: Отан, тәуелсіздік, тұрақты даму

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата - баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.



Батырлық, қаһармандық  дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топбатырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, басқа қоғамдық топтармен ара-қатынасын реттейтін этикасы, тағы басқа ерекшеліктері болған.[1]

  1. Тек әскери кәсіппен айналысу. Батырлар елді басқыншылардан құтқаруды, жау қолынан қаза тапқан ата-баба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтынған;

  2. Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар «шынжырлы тұқым» деп аталған. Мұндай батырларды бала кезінен әскери өнерге баулып, он үш – он бес жасынан-ақ шайқастарға қатыстырған. Көшпелі түркі халықтарының жазба және ауыз әдебиетінің деректерінде алғаш ерлік көрсеткен батырға лақап ат қойылатыны айтылады. Ерасылдың Қабанбай, Дарабоз;Әбілмансұрдың Абылай; Еспембеттің Адақ аталуы, Ағыбай батырдың есіміне Ақжолтай атының қосылуы – сол көне дәстүрдің жалғасы. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау батыр үшін ұят. Артында ұл болмаса, кек алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жалпы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында да түсінген.

  3. Көшпелі халықтарда хандар, әміршілер, ел билеушілер батырлар әулетінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Мамай, Абылай, Кенесары, т.б. батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында билеушілік дәрежеге көтерілген.

  4. Батырлар меншік иелері болған. Олардың меншігіне қалалар, елді мекендер, ұлыстар, аймақтар қараған. Бірақ батырлардың бәрі бірдей байлық иесі болмағанын да айта кету керек.

  5. Батырлардың өздеріне тән жауынгерлік этикасы, адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен салттары болған. Жауынгерлер қару-жарағын, киімдерін өз руларының, өз әулеттерінің тотемдік бейнелерімен әшекейледі. Батырлардың, жалпы аруақты адамдардың киесіне сену халық жадында әлі күнге сақталып келеді. Батырлардың қаруы өзіне арналып соғылып, түрлі магиялық ырымдар жасалып, кететін уақытты анықтауға киелі сандарды қолданған. Мысалы, қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептіру, қырық түрлі сұйыққа суару, т.б. Ата кәсіп ұрпаққа жалғасатындықтан, батырлар әулетінің қару-жарағы атадан балаға мұра болып, егер мұрагері қалмаса, батыр өлгенде қаруын бірге жерлеген. Үлкен айқастар әрқашан жекпе-жекпен басталатындықтан, жекпе-жекке шығу батырлардың басты міндеттерінің бірі саналған. Жауынгердің шын мәніндегі батыр атануы осы жекпе-жекте жеңіске жетуден басталды.

  6. Туады ерлер ел үшін
    Өлмейді ісі мәңгілік,
    Өшпейді абзал есімдер.
    Ұрпаққа жетіп мәңгілік
    Кешпейді есыл ер —
    деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған.

  7. «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат — ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету.

  8. Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанған болатын.

  9. Қаһармандар қатарына Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигельдинов, Михаил Янко Егорович және 28-гвардиялы-панфиловшылар және тағы да көп ерлеріміз жатады. Қырғын соғыстың бел ортасында жүріп, қастарындағы жауынгерлерге күш-қайрат бере отырып өздерінің әңгіме, очерктерін, повесть, романдарын, өлеңдер жинағын жаза білген қаншама ақын, жазушыларымыз бар десеңші… Атап айтқанда Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Аманжолов, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Баубек Бұлқышев, Жұмағали Сайн және т.б.
    Міне, біздің қаншама ер азаматтарымыз, жауынгер, жазушыларымыз қан майданда тер төгіп, елімізді, жерімізді жаудан қорғап, сонымен қатар өздерінің шығармаларымен жауынгердің патриоттық сезімдерін оятып, тірек бола білген.

  10. «Біздің жауынгерлерді қыранмен, бүркітпен теңеуді қоятын кез жетті. Қазақ жігіті Қошқарбаев өз жолдастарымен рейхстагқа ту тікті. Жанған от ішінде, ажал аузында ерлік көрсетті олар. Осындай ердің образын беру үшін бөлекше теңеу, бөлек поэзия керек» деп жазады Б.Горбатов. Рақымжанның сол бір ерлігі уақыт өткен сайын ұрпақ алдында тұлғаланып келеді. Ерлік иесіне деген шалқар құрмет барған сайын шалқи түсуде.
    Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел даусы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұрандары жерін қорғады, халқынын өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама!

  11. Біз, яғни қазіргі ұрпақ, соғыс ардагерлерін, майданнан қайтпай қалған боздақтарды келешек үшін қанын төккені үшін басымызды иіп құрмет көрсетуіміз қажет, ол біздің адамгершілік парызымз. Адамзаттың алдындағы үлкен міндет осы тарихи шындықтарды болашақ ұрпаққа ешқандай өзгеріссіз жеткізу болмақ.

Ерлік пен момындықтың арасы

http://writers.kz/medialibrary/images/173166_1021077540_________.jpg

Көргенді көргендей етіп емес, өсіріңкіреп, өзгертіңкіреп, мақтаныңқырап, дабыралап баяндау әдебиеттің көркемдік шынайылығының бағасын өсіре ме? Уақыттан асқан қатал сыншы жоқ екенін ескерсек, «бұл ұғымның құны қазір қандай дәрежеде?.. Ерлік пен батырлықтың бүгіні мен ертеңінде айырмашылық болғанымен, мүддесі, мақсаты бір екені де айқын. Бірақ ол сол әдебиеттен өз орнын таба алды ма? Ерлік мәселесі қалай бейнеленіп, қалай жазылып жатыр?» – деген сауалдар төңірегінде пікірлескен едік.




Сайлаубай Жұбатыров:
– Ерлік, батырлық дегеннің өзі Алланың берген сыйы. Менің түсінігімде, ерлік – еңбек пен іздену арқылы адамға қонатын қасиеттердің бірі. Бұл екеуі де адамның адами қасиетін, қоғам алдындағы міндетін, жалпы адам болмысын биікке көтеретін үлкен құбылыс. Қоғамның әр кезеңінде, әр тарихында сол қоғам, сол қауымдық қауымдасу қоғамның әр мүшесінен осыны іздейді, күтеді. Өйткені, уақыттың, әр кезеңнің, тарихтың міндеті соны қоғамнан да, жеке адамдардан да талап етеді. Ол – өмір заңдылығы. Бірақ бір сәттерде жақсы көрініп, гүл ашып көзге түседі де, көмескі тартып, адамдардың көңілін, ой-пікірін пенделігі басып, ұсақ-түйек боп кететін сәттері де болады. Өзіміздің тарихымызды, рухани құндылықтарымызды зерделей қарасақ, өткен күндерден қалған мұралардың бәрі батырлықты, ерлікті көп дәріптеген екен. Ол батырлар жырынан да, кешегі ғасырлардағы абыздарымыздың туындыларынан да айқын көрінеді. 
Өткен кезеңдердің жаугершілігі мен тарихын, сыны қатал үлкен бетбұрысты кезеңдермен түсіндіруге болатын шығар. Ол бейбіт өмірден алшақ, өте бір қиын қайшылыққа толы уақыт еді ғой. Мысалы, біздің эпостық батырлар жырларында жыр басым да, ал лироэпостық жырлар өте аз деуге болады. Осыдан-ақ көп нәрсені түсінесің. Лироэпостық жырларымыз өткен тарихтардан қалған мұраларымыз ғой негізінен. Бәрі соның өзегі. Лироэпостық жырлардың өзі шынтуайтына келгенде, батырлықпен шектесіп, ерлікті баяндап, міндетті түрде соған кірігіп кетеді. Ертегілерімізде де солай. Әдебиет туралы айтқанда, осындай ойлар еске түседі. Міне, ХХ ғасыр өтті, ХХІ ғасырды еңсердік. Әрине, әлемдік әдебиет, әлемдік тенденцияда осындай батырлықты баса көрсеткен әдеби дүниелер аса көп емес. Кешегі ХІХ ғасырдағы Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілігі», одан кейінгі Америкадағы азамат соғысы кезеңдерін бейнелейтін әдебиеттер, Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол майданы». Осылардың өзі батырлықтан гөрі, сол уақыттың шындығын бейнелеуді объективті түрде алдыға тартып көрсету, ешқандай декломациясыз, ұрандарсыз тек қана әдеби көзбен қарауға, шындықты беруді мақсат-мұрат еткен дүниелер. Сондықтан да батырлықты дәріптеу, ерлікті дәріптеу деген тенденция әдеби көркемдіктің астарына өріліп, табиғи жағдайда болмысшылдығымен, оқиғалардың динамикасымен, дамуымен астарланып, жүрекке жететіндей әдіске, сондай бір тәсілмен беріле бастады. Ал енді біз мұны мойындамай, біздің дәстүріміз осы еді, біз тек қана соғысты жеңуді дұшпанды жеңу деп ұғатын болсақ, ол әлемдік әдебиет ауқымын, әлемдік мәдениет кеңістігіне шыққан бізге архаизм түрінде, тіпті, күлкілі жағдайда көрінген болар еді. Ондай урапатриотизм, ұраншылдықтың заманы өтіп кетті. Қазіргі біздің әдебиетіміздің ізденістерін көппен бірге, елмен қатар әлемдік өркениет және мәдениет талаптарымен бірге ұқсату, солай жүзеге асыру кезеңі деп айтуға болады. Бұл тұрғыдан шынында да, өткен ғасырлардың, өткен заманалардың батырлық, ерлік дәстүрлеріндей дүниелердің өмірге келмеуін заңдылық әрі объективті құбылыс деп есептеймін. Сөйте тұра, біздің кешегі жиырмасыншы ғасырдағы қазақ топырағынан шыққан Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінен» бастап, «Азапты Аненька» вагонындағы» ерліктің бәрі кәдімгідей сұмдық ерліктер ғой. «Қазақ солдаты», «Ақиқат пен аңыз», «Күткен күн» сияқты романдарымыз, әрине, сол батырлықты, ерлікті дәріптеген. Мұны әлемдік әдебиеттің әдібінде, соның методикасында, тәсілінде толымды, шоқтықты дүниелер деп атауға болады. Біз қазіргі заманның мүддесін іздеп отырамыз. Азаттығымыздың жылдарында, егемендігіміздің жаңа тарихында сол «Неге аз?», деген сауалдардың қойылуы заңды. Қайталап айтатын болсам, әр кезең өзінің қоғамынан, жекелеген азаматтарынан ерлік, батырлық әрекеттерді күтеді, іздейді, тіпті, қажетсінеді. Міне, осыған сәйкес дүниелер неге аз? – деген сұрақтың тууы өте заңды. Бұл қазіргі ХХІ ғасырдағы әдебиет деп айтқанмен, егемен еліміздің рухани қалыптасуына қарай әлемдік өлшемдермен, әлемдік стандарттармен, әлемдік көзқарастармен шектесе өсіп келе жатқан құбылыс қой. Одан бөле жарып, өзіндік бір бет-әлпетімізді тауып жатсақ және кешегі дәстүрді бүгінгі жаңа үдерістерге бір өрім етіп өретін болсақ, онда керемет болар еді. Бірақ ондай жаңалықты ашу екінің біріне бұйыра бермейді. Ол ғылыми, рухани жаңалық түрінде біздің көзімізге көрінер еді. Өкінішке орай, оны жүзеге асыра қою қиын. Себебі, ондай дүниелердің жаңа формасын, жаңа болмысын табу – сол форма мен мазмұнды біріктіре отырып, жаңа кескінін табу оңайға соқпасы анық. Әрине, табылар еді, егер көп ізденсе, бір жерден болмаса, бір жерден жаңалықтар, жаңа құбылыстар, тенденциялар шығуы мүмкін ғой. Біз, жалпы, автор ретінде әдеби үдерістің жаңа ағымына бет алғаннан кейін терең психологизм, характерлер қақтығысы, образдар сомдаудан батырлықтың тереңде әдіптелген, өрнектелген ісі мен жүйелерін беруге тырысамыз және соны оқырмандардың оқығанын қалаймыз. Өйткені, қазіргі заманның оқырманына ұсынылған дүниелер кешегі күннің өзінен гөрі әлдеқайда терең, адамның жан дүниесіне, рухани тереңдікке, психологизмге бағыт алған процесті құбылыс деуге болады. Бұл құбылыстың күрделілігі сондай, оны көзі-қарақты оқырман ғана тауып оқиды. Негізі, кітап оқудың өзі үлкен еңбек. Оқырман кітап оқуға деген талап-ниетті жоғалтпауы қажет. Күні-түні компьютерге телміріп, теледидардан үздіксіз беріліп жататын мағынасыз сериалдарды қызықтай бергеннен гөрі, рухани азық алу әлдеқайда тиімді болар еді. Сондықтан кітап оқу қажет. Ал кітаптың астарындағыдай тереңдікті түсіне білу – оқырманның да психологиялық, эрудиттік-зияткерлік, рухани дайындығына байланысты. Осы тұрғыдан келгенде, біздің әдебиетімізде ерлікке, батырлыққа шақыратын дүниелер аз емес. Біз мүмкін оны кешегі тарихи романдарымыздың бойынан ғана тауып, ал қазіргі кездің дүниелерінен көп көре алмай жүрген шығармыз. Кешегі өткен соғыстарды бейнелеген шығармаларда ғана ерлік пен батырлықтың шаң беріп көрінетіні рас, бірақ қазіргі тақырыптағы дүниелерде оның жоқтығы кәдімгідей байқалады. 
Ілияс Жансүгіровтің «Ерім деп еміренетін ел болмаса, ер қайдан шығады» деген ұлағатты сөзі бар. Ерлікті шектеп істеген адамның саясаты мұсылманның ұғымында айтқанда, рияға, яғни астарлы, өте сақтыққа, көрнекілікке жасаған билік боп есептелінеді. Бұл жаман нәрсе және опасыздыққа бара-бар. Ерлік неден туады? бір сөзбен айтқанда, Құдайдың жүрекке берген мейірімінен, адалдығынан өрбіп, іс-әрекетінен көрініс табатын ерлік – нағыз ерлік болып есептеледі. Оның Отанға, ел-жұртыңа, ағайынға, туған жерге деген жүрегіндегі сезімдерден туындайтыны да шындық. Ол кезде ол есепке құрылмайды, ештеңемен санаспайды да. Ондай кезде отқа да, суға да түсетін жағдайлар кездесуі әбден мүмкін. Ерлік – тәуекелшіл, ештеңеден қаймыға қоймайтын адамдарда көп ұшырасады. Оны жоққа шығаруға болмайды. Оның мысалдары қазір де жоқ емес. Мәселен, суға кетіп бара жатқан баланы құтқару, өрттен адам алып шығу – тікелей сол саладағы адамдардың ғана міндеті емес, ол кез келген жүрегінде иманы, адами болмысы бар баршаның борышы. Ендеше, бұлар да ерлікке саналады. Халық соқыр емес, халық – дана, халық – кемеңгер. Ол барды айта да, көре де біледі. Бұны халықтан қайтқан рухани марапат, рухани қайтарым деп түсінген абзал. Қазір біз ақша есептегіш қана емес, әрекет есептеуде де өте қу болып алдық. Мұның жаман жағы, тіпті көп деп айтар едім. Өйткені, шын жүректен жасалмаған іс-әрекеттің қай-қайсысы да сүйкімсіз көрінетіні рас. Ол пайдасыз, шолақ әрекеттер. Мақтана білу де үлкен өнер. Барды айтып неге мақтанбасқа. Істеген істі ретімен, орнымен көрсеткеннің еш айыбы жоқ. Ол үшін үлкен адами мәдениет, ойлылық керек. Ал мақтаншақтық деген ол ең сорақысы. Мақтаншақтық бүгінгі күні барлық деңгейде белең алып бара жатыр. Нақтырақ айтқанда, айықпас дертке айналды. Рас, сәл қолымыз қимылдай қалса немесе бір жақсылық істесек соны дабыра ғып, мақтанып шыға келеміз. Жарнама деген бізге жақсы болды. Ал ол ұлт болашағына қандай опа бермек? Сондықтан біздің әдебиетімізде де, басқа да рухани іс-шараларда да ғасырлардан бері айтылып келе жатқан ізгілік, адамгершілік, мәдениеттілік сынды қасиеттердің барлығы да ерлікке жатады. Ең бастысы, мұның барлығына адамның жүрек қалауы, сезімталдығы, ниеті керек екендігі анық. Халықтың алдында жүзіңді жарқын ететін ерекшеліктермен сен қашан да батырсың, Мақтаншақтықпен біткен істің берекесі мен мерекесі болмағандықтан, кімді болсын шаршатады, жалықтырады ғой деп ойлаймын. 
Бұл тұрғыдан әскер қатарындағы, ел қорғап жүрген азаматтардың еңбегі мен ерлігін айтуымызға болады. Ол өте биік, абыройлы қызмет. Олардың еңбегін ерлікке балар едім. Жалпы, кешегі Кеңес уақытында біздің патриоттық тәрбиеміз өте жоғары болды. Біз осы тұрғыдан келгенде біраз механизмді, біраз нәрселерімізді жоғалтып алдық. Жоғалтып алуымыздың объективті де, субъективті де себебі бар. Объективті себебі – жаңа қоғам ақшаның, байлықтың культіне, соның диктатурасына қарай кетіп қалды да, ақшадан бұрын азаматтықты, адамгершілікті ту ету, Отан алдындағы азаматтық борышты дұрыс өтеу қажет деген түсінік пен адамгершілікке сүйенген ұстанымдарымыздың бәрі құрдымға кетті. Ал ақша жүрген жерде, сыбайлас-жемқорлық жүрген жерде, жекелеген адамдардың ішкі мүдделері, ішкі есебі жүрген жерде ерлік көп бола бермейді. Субъективті себебі де осылай болады. Күнделікті шетелден келіп жатқан ұсақ-түйектер, азғындықтар, адамға көмектесудің орнына біреудің нақақтан-нақақ қанын жүктеу сияқты азғындық, қатыгездікті көріп, өсіп келе жатқан ұрпағымыздың тәрбиесі қалай болар екен деген күдік, сарыуайым бар жерде, әрине, ерліктің жолы солқылдақ. Керісінше, ұсақтыққа, пасықтыққа жақсы жағдай жасалып отыр. Бұл мемлекетіміздің, басқа да үлкен жауапты қызмет орнындағылардың адам жанын тәрбиелеудегі, рухын көтерудегі миссиясының нашарлап кеткендігінің бір көрінісі іспетті. Рухы төмен ел мың жерден бай болса да азғындаған елге айналмай тынбайды. Кешегі Кеңес Одағы кезінде әскерге аттанып бара жатқан болашақ солдатты ата-ана, туған-туыстары ғана емес, ел-жұрт, бүкіл қоғам болып, шығарып салатын еді ғой. Аттанып бара жатқан баласына «Отан алдындағы борышыңды абыроймен өтеп қайт!» деп рухын оятып, батасын беріп жататыны есімізде. Қазір сол абырой, борыш деген ұғымдардың қадірін кетіріп алдық. Жасыратыны жоқ, әскерге бару үшін пара беретін де жағдайларды естіп қаламыз. Сөйтіп, азаматтық борышты өтеп қайтуға тек өз мүддесі үшін, ішкі есеппен ғана барғанды жөн санайтын жағдайға жеттік. Шекарамызда орын алып жатқан кейбір жағдайлар осыған дәлел болса керек әрі ол жерде де жемқорлық, парақорлық бар. Қорғаныс күштерінің абыройының аяққа тапталып, өзіндік беделін жоғалтып жатуы осыған байланысты ғой деп ойлаймын. 
Қандай нәрседе де адамға мінез керек. Бірақ мінездің өзі әр түрлі болып келеді ғой. Сондықтан ерлікке де көркем мінез керек. Көркем мінез деген жәй, сыпайы, мүләйімсіген нәрсе емес, қажет жерінде Отан үшін, ел үшін отқа түсу, суға түсу, шындықты бетке айту. Міне, осыны көркем мінез деп айтса, жарасады. Мәймөңкеленіп, менің мінезім көркем еді деп, бұқпантайлап шындықта айта алмау – ол бейшаралық, жалтақтық. Ал ерлік, батырлық қадамдарға бару үшін адамға міндетті түрде мінез керек. Қазіргі қоғамымыздағы тенденцияларды қарап, байқап, көріп отырып, түпкі тамырларымыз, кешегі батырлық дәстүрлеріміз көп құқай көрген замандардан бізді алып өткенін, тамыры тереңде жатқан үрдістер мен қасиеттерімізді өлтірмей, бүгінгі шындықтармен астастыра отырып, жаңа ерліктердің үрдісін жасай білсек, ол ғанибет болған болар еді. Әдебиетте рухани мығым, қазіргі заманауи әдебиеттің дамуына қатысты жақсы бір үлгі жасап шығара алатындай болсақ, құба-құп дер едік. Жалпы, пенде үшін батыс пен шығыс деген жоқ. Алла-тағала жаратқан пенде үшін тек нақты-нақты әрекеттер бар. Жақсылық та бір бояулы, жамандық та бір бояулы. Ол Африкада, Америкада болсын, Қазақстанда болсын, бәрібір. Батыс, Шығыс дегенде өзіміздің тарихымыздан, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрінен жалғасып келе жатқан үрдіс, өнегеге толы құндылықтарды жандандырып, қаймағын бұзбай, сол күйінде жеткізуді, сөйтіп, бүгіннің білгір мүдделерін, жақсы өнегелерін ұрпақ санасына құя беруді басты мақсат ету керек қой деп ойлаймын. 
Махамбет Қызғышқұстай көлінен айырылып, өзегін өртеген өкінішке толы сөздерді көп айтқан. Әрине, бұл батырдың пенделік сәттері болар. Міне, бір жарым ғасыр өткеріп, елі, бүкіл қазақ, бүкіл Алаш жұрты Махамбет деп хан көтеріп жатқаны – ерлігінің қайтқаны емес пе. Сондықтан да оның өкініші екі дүниеде де қайтқан, рухани тұрғыда да орындалған арман деуге болады. Пенделердің көбі өз заманында оны біле бермейді ғой. Орыстар: «Своей Родины нет пророка» деген екен. Ендеше, бұл да сол пенделіктің бір белгісі. Құдай сондай сөзді айтқызатын ерлікке бізді жеткізе берсін. Ол кезінде заманның шындығын көрді және батыл айта білді. Махамбеттей болу қайда бізге?! Халықтың психологиясының сақталуы, тәрбие мәселесі кешегі өткен күндердің еншісінде кеткен сияқты. Кеңес кезіндегі жүйенің жақсы жақтарын айтпай кете алмайсың. Мәселен, Кеңес үкіметі кезіндегі білім жүйесі балаларды нағыз патриот етіп тәрбиеледі. Пионер, комсомол қатарына өтудің өзі ерекше рух беретін. Ондай сезімді қазіргі оқушылар сезіне алған жоқ. Мұның өзі баланың өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін оятады, ерлікті істерге, жақсылық, рахымшылық жасай білуге шақырады. Сол себепті де сол кездегі жастар отқа да, суға да түсуге даяр еді. Батыл қадамдарға барды. Азаматтық соғыс, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысындағы ерлік, батырлық тікелей мінез бен жүректің үндесуінің нәтижесі сынды. Мінез жоқ жерде жүрек әлсіремей тұрмайды. Мысалы, Александр Матросовтардың ерлігі – не деген ерлік! Сондықтан сенім, рухани табан тіреп тұратын тұғыр болса, оны ерлік демегенде, не дейміз. Бірақ біз, ол үшін қоғам мүшелерін жақсы бір идеалға, өтірік ұрандар емес, биік ұлы идеалға шын көңілден, риясыз көңілден, адалдыққа шақыра білуіміз, тарта білуіміз керек. Ерлікке әрқашан да орын бар. Ал әдебиет құр дабыралататын дүние емес. Тарихи өзінің парызы болмаса, өмірлік шындығы болмаса, құр ерлікке шақырып тағы да айта алмайды. Өкінішке орай, тек өткен замандардан ерлікті, батырлықты тере беруіміз, ата-бабалардың рухынан ғана қорек ала беруіміз осылардың белгісі. Қазір де, бүгінгі тіршілікте де ерлікке орын бар, Отан алдындағы борыш батырлықпен, ерлікпен көрініс табады. Соған бізді баулитын көрегенді саясат, тәрбие, идеология және соның жалауын көтеріп жүретін тұғыры биік әдебиет керек. Бұлар бір-бірімен тамырлас. 
Өсіп келе жатқан балаға «сен жамансың» деп айтпау керек, бізге біреу жастарын, өздерінің батырларын әкеліп бермейді. Олар өзіміздің құрсағымыздан өнеді, өз ортамыздан шығады. Сондықтан «бізде ешнәрсе жоқ, жастарымыз бойкүйез, ерлікке талпынбайды, арман, ой, ниет жоқ» деп төмендете бермегеніміз абзал. «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дейді» деген мақал бекер айтылмаған. Сондықтан жастарымызды кінәлағаннан бұрын оларға құнарланып өсетін топырақ дайындайық. Соларға жағдай жасайық. Ерліктің үлгілерін алдыға тартайық, ерлікке бастайтын жұмыстар ұсынайық. Ол кездегі сөзіміздің жақсы болатынына мен сенімдімін. Бәрі тәрбиеге байланысты. Жастарымыз ешкімнен кем емес. Талант та, қуат та бар, күш те бар. Тек бұлақтың көзін ашқандай, соның көзін аша білу керек.http://writers.kz/medialibrary/images/173111_1451070752______________________________________.jpg




Кәкен Қамзин, 
филология ғылымдарының докторы, 
профессор:
– Ұлы Абайдың «Келдік талай жерге енді» өлеңіндегі «Адам деген даңқым бар, Адам қылмас халқым бар» деген жолдарды зиялы қауым білетін шығар. Меніңше, ерлік, батырлық, патриотизм сияқты ұлы өнеге халық пен тұлға арасындағы түсіністіктен, идея мен пікір үйлесімінен туындайтын секілді. Ерлік пен батырлық – ұлы мақсатты орындау жолындағы пассионарлықтың, тұлғаның жоғары энергетикасы мен сезімі кернеуінің көрінісі. Бұл, біріншіден. Екіншіден, көркем әдебиет ерлік жасау жөніндегі методикалық құрал емес. Қоғам, жүйе қандай болса, әдебиет те сондай. Оның үстіне дүниеге жаңа ұрпақ келді, көркем әдебиеттен, өткен-кеткенімізден мүлде хабарсыз буын өсіп келеді. Сондықтан өнерге құлықсыз пенделерге әдеби шығармалармен әсер етемін деу – бос әурешілік. Қай заманда болсын әдебиет пен өнерді қоғамның таңдаулы өкілдері ғана етене еншілеген. Елдің идеологиясы мен мәдениетін Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Мұқан Төлебаев сынды титандар қалыптастырған, жұрт солардың соңынан еріп, солардың аузына қараған.
Әр халықтың өз жолы, жөн-жосығы бар, әр елдің даму, өркендеу үдерісі де бір-біріне ұқсамайды. Ресейдің әлеуметтік саладағы саясатын өнеге ретінде қарастыру, жалаудай желбірету, әрине, бұрынғы ортақ тарихымыздан туындап жатқан шарттылық болар. Патриотизм мен батырлық та әлеуметтік қажеттіліктен туындайды, ол көркемдік қажеттілікке барып ұласады. Ал дәп қазір біздің қоғамның парадигмасы ауысып кеткендей ме, қалай? Біз рухани кемелденуді емес, материалдық баюды ерлік деп жариялауға шақ қалдық. Шынайы ерлік, әлбетте, мақтануға, марапаттауға да татиды. Ежелгі мемлекеттілігін, төл тарихын жадынан шығармаған халық қана қазіргі әлемдік бәсекеге төтеп бере алады. Мен жаңа дәуіріміздегі асып кеткен қандай ерлігімізді дабыра қылып жатқанымызды білмеймін. Елге үлгі етер кемерден асып кеткен тап қазір қандай ерлігіміз бар? Ең сезімтал, ең көреген құралдардың бірі – журналистика мен әдебиет сондай бір кереметтің төбесі қылтия қалса, жаһанға жар салар еді ғой.
Қазақ халқын ешкім әлсіз, күш-қуаты бәсең деп айта алмаса керек. Оған біздің өткен тарихымыз куә. Әзірге біздің ауыз толтыра айтатынымыз, өткен заманмен ғана үндесіп жатыр. Қазақ эпосын, батырлар жырын қолтықтарына қысып, қолдарынан тастамай жүрген балаларға жолықпадым деп айта алмаймын. Жолықтым. Көрдім. Бірақ олардың саны тым аз. Мен қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектептерді айтып отырмын. Әрине, ерлік – әдеттен тыс нәрсе. Григорий Гориннің «Кәдімгі сол Мюнхгаузен» әфсана-пьесасындағыдай ерлікті бәлен күні, пәлен сағатта жасаймын деп кестеге енгізе алмайсың. Көркем шығарма көшірме аппараты емес, оның шамасы болған оқиғаны образды реконструкциялауға ғана жетеді. Әдебиеттің әсер етушілік әуселесі де, әлсіз тұсы да осы қиырлардан көрінеді.
Хакім Абайда «Момыннан жаман қорқақ жоқ» деген тезис бар. Мультимәдениет пен толеранттық философиясы маған кей-кейде осы қазақы момындықты насихаттайтын сияқтанады да тұрады. Біздің генімізде, бойымызда Қаракерей Қабанбайдың да, Қанжығалы Бөгенбайдың да, Махамбет пен Исатайдың да қаны әлі сұйыла қойған жоқ. Кезі келгенде олар да буырқанып, бұлықсып шыға келер. Бәрі өтеді, барлығы өзгереді. Бұл да өтеді. Қазіргі кезеңде көзсіз ерліктен гөрі ақылды өрлік керек сияқты. Бұл заманда әліптің артын баққан ұтады.
Бүгінгі жастардың бойында Отансүйгіштік қасиет байқала бермейді деп кесіп айтпас едім. Ол жарнамалай беретін тауар емес. Жас жігіттердің мына бейбіт заманда әскер қатарына қандай ажармен барамын деуі әбден заңды. Базарлы экономика азаматтық, адамияттық қарым-қатынасқа да әсерін тигізіп отыр. Өз қамын өзі жеген, болашағын ойлаған жігіттерді несін жазғырамыз? Мәселен, Израильде қыздар мен жігіттер міндетті түрде жаппай әскери дайындықтан өтеді. Оның негесі белгілі. Ондай кепті біздің басымызға Жасаған Ием кигізе көрмесін!http://writers.kz/medialibrary/images/173083_1132585590________________________.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ондық бөлшекті натурал санға көбейту бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және тиянақтау, жүйелеу.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылық, іскерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров597
Номер материала 283350
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх