Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Мың мамандық бәрі бар, талғап таңдап бірін ал!»

«Мың мамандық бәрі бар, талғап таңдап бірін ал!»

Скачать материал

Тақырыбы : «Мың мамандық бәрі бар, талғап таңдап бірін ал!»

Мақсаты : Таңдаған мамандығыңыз өз бейімділігімен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасы кеңейту, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қабылдау.

1-жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті кеш қонақтары!

2-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! «Мың мамандық бәрі бар, талғап таңдап бірін ал!» атты студенттер мен кездесу кешіне қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Тәтті не де, ащына да татып тұрар,

Сонда да жанарларда жақын тұрар.

Студенттік шақтар ғой сағындырғын,

Студенттер, студенттер бақыттылар.

1-жүргізуші: Студенттер, аяулы ақ армандар,

Жыл сайын жаңарып жасарғандар.

Қыз қуып терезеге қадалғандар,

Білім қуып бөлмеге қамалғандар .

1-жүргізуші:Әсем әнмен ортаға Байқуатов Төлегенді шақырамыз. «Сен деймін» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Студенттер, ұстазға ұнағандар,

Сүрінгендер кей кезде құлағандар.

Қайтадан тапсырам деп жылағандар,

Студенттің жан сырын сұрамаңдар.

Кеш қонақтарымен таныстырып өтсек:

1…

2… 1-жүргізуші:Ұйқы басып, көңіл түсіп мызғымайық,

Өнер менен бәйгені оздырмайық.

Ал, ендеше ортаға шық, бақ сына,

Ойын ойнап ортаны қыздырайық.

Ендігі кезекті «Тапқыр достар» ойынына кезек берейік.

  1. Денсаулыққа зиян келтіретін не?

  2. Жазғы демалыста қайда қыдырасыз?

  3. Атың кім?

  4. Қай спорт түрін ұнатасыз?

  5. Қай пәнді ұнатасыз?

  6. Досыңыздың аты кім?

  7. Қандай силық ұнатасыз?

  8. Болашақта кім болғыңыз келеді?

  9. Сіз өзіңізді қандай адаммен деп есептейміз?

  10. Қазақстанның табиғи байлығы не? 1-жүргізуші:Қиялдап күнде қанатын көкке,

Туған жер алтын бесігің болар тербеген.

Ризасыз ба шаттықты елдің перзенті,

Баршаңды күтер Қазақстандай ел деген, - деп келесі құттықтау тілек сіздерге беріледі.

1-жүргізуші:Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғансың ақ таңдарың нұрын шашқан. дей келе ортаға үнді биімен Сейсенбаева Любаны шақырамыз. 1-жүргізуші:Біз де осы аға апаларымыз сияқты студент болсақ деп армандаймыз. «Көтерейік көңілді» ойынына кезек берейік.

1-жүргізуші:Студент болу жас адамға бақытты болу деген сөзбен тең деп Тұманбай Молдағалиев атамыз айтпақшы, бүгінгі кешіміздің қонақтарынан қонақ кәде сұраймыз. 1-жүргізуші:Жоғарғы оқу қазығың,

Еңбекпен алып көріңдер.

Дипломы бар маман боп,

Ауылға қайтып келіңдер. Ендігі кезекті студентпен сұхпат айдарына береміз.

  1. Өзіңіз жайлы шағын мәлімет.

  2. «Арман адам қанаты » дейді арманыңыз жайлы не айтар едіңіз.

  3. Алдыңызға қандай мақсат, жоспар қойып отырсыз.

  4. Жақсы адамға берер мінездемеңіз.

  5. Өзіңізден осы қасиеттер табылама.

  6. Басыңыздан өткен қызықты жайт.

  7. Әр сөздің сырына үңілесізбе.

  8. Өзіңіздің бір ауыз тілегіңіз. 1-жүргізуші:Еліміздің келешегі, Қазақстанның ертеңгі болашақ мамандарын дайындап отырған оқу ордалары тарихтың куәсіндай асқақтай бермек.

1-жүргізуші:Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол еліміздің жастары, мына біздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата берейік.



1-Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған «Бір шаңырақ астында!»-атты әр ұлт өкілдерінің мерекелік концертіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр бетіне қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні



1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.



2-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.



Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз мектеп директоры Сатығалиев Қуаныш Айсаұлына беріледі.



1-жүргізуші:

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!



Кезекті әсем әнге береміз:



2-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.



1-Жүргізуші:

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы!



Кезекті ұлт өкілдеріне берейік. (1-сынып қазақтар)



2-Жүргізуші:

Ынтымағы жарасқан берек күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

(Келесі сахнаға 2-сынып оқушыларын шақырамыз. Орыстар)

(келесі кезекті 3-сынып оқушыларына берейік. Өзбектер)



1-жүргізуші: Мына бір аңызға тоқталайық

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!



1-жүргізуші:

Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Келесі кезекті 4-сынып оқушыларына береміз.

2-жүргізуші:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Келесі кезекті Қытай, Араб, Түрік, Үнді, Украиындарға береміз.

Кезекті әсем әнге береміз:

Баршаңызға, әр отбасына береке - бірлік, бақыт - байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1 - жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

Осымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік концертіміз аяқталды.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мың мамандық бәрі бар, талғап таңдап бірін ал!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 678
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жайлыбаева Базаргул Багдаулетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1513
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой