Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Microsoft Excel электрондық кестесі туралы мәлімет

Microsoft Excel электрондық кестесі туралы мәлімет

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқушылардың өз бетімен сабақтан тыс дайындалуға арналған әдістемелік нұсқамасы



Тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы мағлұматтар


Осы әдістемелік нұсқамада берілген ақпараттар студенттің толық сабаққа тақырып бойынша дайындалуына көмек береді. Ақпаратты оқып және тәжірибелік жаттығуларды орындау.

Сіздің қимыл - әрекетіңіздің реті:

  1. Сабақтың мақсаты мен тәжірибелік дағдылар тізбегімен танысыңыз.

  2. Дәріс мәліметтерін, оқулық, әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып тақырыппен танысыңыз.

  3. Тест сұрақтарын шешіңіз, кроссворд құрастырыңыз, кестелерді көшіріп жазып алыңыз.

  4. Берілген жауаптар көмегімен өз жауабыңызды салыстырыңыз.

  5. Әдістемелік нұсқаумен танысыңыз.

Оқушы білуі тиіс: Excel бағдарламасының қолданылуын және бағыттауын, Excel бағдарламасының менюін,жұмыс кітабының, парақтарының бағытталуын, ұяшық құрамындағыларды форматтаудың әдістерін.

Оқушы істей білуі тиіс: Excel бағдарламасын іске қосуды,документтегі ақпаратты тексеріп және енгізуді, документтегі ақпаратты форматтауды және қорғауды, документті баспаға шығаруды.

Әдебиеттер: Балапанов Е.Қ. «Информатикадан 30 сабақ», Байжұманов М.Қ. «Информатика», Ермеков Н.Т. «Информатика»

Тақырып бойынша ақпаратпен танысыңыз:

Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең тараған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft Office 2000 программасының құрамына енетін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғ,ана, программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі - түсті диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық тәжірибелер жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігініңғ көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.


Excel электрондық кестенің негізгі ұғымдары


Жұмыс кітабы. Жұмыс парағы. Жолдар мен бағандар


Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымаындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашының көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдары мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бағандар А дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1 ден бастап 65536 ға дейін нөмірленеді.


Ұяшықтар мен оның адрестері


Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізген ең кіші элемент болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.

Әрқашан ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және оны тышқанның немесе басқару пернелерінің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішімдеу және басқа да іс - әрекеттер осы ағымдағы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атайды. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: А 7 : Е 25. Мұндағы А 7- тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, ал Е 25 - оң төменгі бұрыштары.

hello_html_35a31e2a.png


Excel – дегі Жұмыс парағы.


Мәліметтерді енгізу мен пішімдеу


Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліме

ттердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынандай типтер:

  • сан

  • формула

  • мәтін

Енгшізілген мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызады. Егер біріншісі - тңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф (') болса, мәтін деп қабылдайды.

Мәтіндерді енгізу. Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін Esc пернесін басамыз немесе формулалар жолындағы болдырмау (Отмена) батырмасын шертеміз.


Ұяшықтағы мәліметтерді пішіндеу


Excel - де енгізілген мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақ гшетіне орналасады.

Сандық пішімдер. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолданылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандық шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайызын, жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімджік пішім пайдаланылады.

Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданылады. Бұларға жататындар регистрациялық нөмерлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.

hello_html_m7253c53e.png

Ағымдағы ұяшықтағы немесе ерекшелінген ауқымдағы мәліметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім ► Ұяшықтар (Формат ►Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзету, қарпін өзгерту, символдардың жазылуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметрлерді енгізуге болады.


Электрондық кестедегі есептеулер


Формулалар


Excel программасының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады.Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады.Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса,онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі ғана бейнеленіп тұрады.Ұяшықтағы сандық нәтижені емес,оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшелеп алып,формулалар жолында бейнеленген жазуға көз салу керек.


Ұяшықтарға сілтеме


D2

=A2*B1


А

В

С

D

Е

1


7




2

5



35


3






4






5






6







Мына суреттегі формулада екі ұяшықтағы мәндерге амалдар қолданылған.Бұл жерде ұяшықтардың адресі көрсетілген.Осыны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз.Есептеу нәтежесі формуладағы пайдаланған ұяшықтарға тәуелді болады.Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады.

Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:

*біріншіден,ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;

*екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады.


Абсолютті және салыстырмалы сілтеме


Салыстырмалы сілтеме.Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтеже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді.Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады.Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адрестері автоматты түрде өзгереді деген сөз.Мысалы:В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын.Егер осы формула көшірілсе,онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады.Мысалы,А9,D21,F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.

Абсолют сілтеме.Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді,сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады.Формулаларды редакциалау кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 пернесін басу керек.Абсолют адрестелген ұяшықтың нөмірінің алдына $белгісін қояды.Мысалы:$А,$16,$А9,А$7.Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің компоненті абсолют,екіншісі салыстырмалы болып есептеледі,бұл аралас сілтеменің мысалдары.


Енгізуді автоматтандыру


Әдетте кестелер қайталанатын,біртектес мәліметтерден тұратындықтан,Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар.Оларға жататындар авто- толтыру,сандарымен автотолтыру,формулаларымен автотолтыру.


Автотолтыру


Мәтіндік мәліметтерді енгізудегі автоматтандыру үшін автотолтыру әдісі қолданылады.Оны жұмыс парағының бір бағына бірнеше рет қайталанылатын мәтіндік жолы енгізгнде пайдаланылады.Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғары жолдармен салыстырып,бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.


Сандарды автотолтыру


Сандармен жұмыс істегенде автотолтыру әдісі пайдаланылады.Ағымдағы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан.Оны толтыру маркері деп атайды.Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса,оның пішіні кішкене крест тәрізді өзгереді.Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автотолтыру жүзеге асырылады.


Прогрессия бойынша толтыру


Ол үшін Түзету>Толтыру>Прогрессия( Правка>Заполнить>Прогрессия )командасын орындау керек.Ашылған Прогрессия сұхбат терезесінде прогрессияның тегі,қадам мөлшері,шектік мәні таңдап алынады.ОК батырмасын батырмасын басқаннан кейін Excel программасы берілген ережелер бойынша ұяшықтарды автоматты түрде толтырып береді.

hello_html_m99bd7af.png



Формулаларды автотолтыру


Бұл амал сандарды автотлтыру сияқы жүзеге асырылады.Автотолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтемесінің ерекшеліктері ескеріледі:салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді.Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады.Мысалы:үшінші С бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндердің қосындысына тең формула есептелген.С1 ұяшығында =А1+В1 формуласын енгіземіз,осы формуланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барлық ұяшықтарына көшіреміз.

Автотолтыру кезіндегі сілтемелердің жаңару ережелері келесі кестеде келтірілген:



Бастапқы ұяшықтардағы сілтемелер

Келесі ұяшықтағы сілтеме

Оңға толтыру кезінде

Төмен толтыру кезінде

А1(салыстырмалы)

В1

А2

$А1(бағана бойынша абсолют)

$А1

$А2

А$1(жол бойынша абсолют)

В$1

А$1

$А$1(абсолют)

$А$1

$А$1


Стандартты функцияларды пайдалану


Ехсеl программасында стандартты функциялар тек формулаларда ғана қолданылады.Функцияны шақыру үшін формулада функцияның атын көрсету қажет.Функция енгізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі.Параметр ретінде сан,ұяшықтың адресі немесе басқада өрнектер алынады .


Формулалар

Егер формулаларды енгізуді Функцияларды өзгерту ( Изменить функций )

Батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру Функция командасын жузеге

командасын жузеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функциялар шебері ( Мастер функций ) атты сұхбат терезе ашылады .

Ал оның панелінде функциялар тізімі ашылады. Оның Категория бөлімінде ең

соңғы пайдаланылған он функция және төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.

Функциялар шеберін қолдану

Функциялар шеберінің Категория тізімінен қажетті функцияны категориясы



hello_html_4d21c7f8.png


бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алыныды. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажетті функцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметірлері

көрсетілетін жақшалардың арасына орналасады.



Назар аударыңыз! Жаңа тақырып бойынша алған біліміңізді компьютерде мына төмендегі зертханалық жұмыс бойынша тексеріңіз.

Ескерту: зертханалық жұмысты орыс тілінде жазыңыз, себебі мәліметтер қорын өзіңіз құрғанда компьютер мұны түсінбей қалуы мүмкін.


Зертханалық жұмыс

Төменде берілген зертханалық жұмыста Microsoft Excelкестелік редакторында қарапайым амалдарды орындағыз.


Орындайтын тапсырма:

Тақырыбы: Excel – де жүргізілетін қарапайым амалдар. Автотолтыру әдісімен мәліметтерді енгізу.


  1. Excel программасын іске қосыңыз. (Пуск →Прогаммы→Microsoft Excel).

  2. Жаңа жұмыс кітабын даярлаңыз (Файл→Создать). Оны Кітап.xls деген атпен сақтап қойыңыз (Файл→Сохранить как).

  3. Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка→Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және оны автотолтыру деп атаңыз.

  4. А1:В7 ауқымына әртүрлі сандар енгізіңіз.

  5. Осы ауқымды ерекшелеп алып, оған Түзету→Тазарту→Ішіндегі (Правка→Очистить→Содержимое) командасын орындаңыз. Болған өзгеріске назар аударыңыз.hello_html_15c0673f.png батырмасын басу арқылы бұрын енгізген мәндерді қайта қалпына келтіріңіз.

  6. А1:В7 ауқымын ерекшелеп алып, оны Түзету→Көшіру (Правка→Копировать) командасынң көмегімен алмасу буферіне орналастырыңыз.

  7. Алмасу буферіндегі мәліметтерді G5 ұяшығына апарп қойыңыз (Түзету →Кірістіру (Правка →Вставить)).

  8. G5:Н8 ауқымын ерекшелеп алып, Түзету →Қиып алу (Правка →Вырезать) командасының көмегімен қиып алып, C8:D12 ауқымына апарып қойыңыз.

  9. C15:L15 ауқымын автотолтыру көмегімен 2003 санымен толтырыңыз, ол үшін 2003 санын С15 ұяшығына енгізіп, сол ұяшықты ағымдық етіп алңыз да, тышқанның нұсқағышымен толтыру маркерін L15 ұяшығына дейін созыңыз.

  10. Осылайша 2004 санын А15:А25 ауқымына тігінен толтырыңыз.

  11. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.





Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Электрондық кесте деген не?

  2. Электрондық кестелер қандай мақсатта қолданылады?

  3. Microsoft Office дестесімен бірге қойылатын электрондық кесте қандай?

  4. Электрондық кестенің негізгі ұғымдарын атаңыз?

  5. Абсолюттік сілтеме деген не?

  6. Салыстырмалы сілтеме деген не?

  7. Excel терезесінің құрылымы қандай?

  8. Аралас сілтеме деген не?

  9. Ұяшықтың адресі қалай анықталады?

  10. Excel ұяшығына формуланы қалай енгіземіз?

  11. Формулалар жолы экранның қай бөлігінде орналасқан?

  12. Экономикалық есептеулерде қолданылатын санның жазылу пішімдерін атаңыз?

  13. Қандай мәліметтердің типі мәтіндік пішімге жатады? Оған мысал келтіріңіздер.

  14. Ұяшықтағы мәліметтердің пішімін қалай өзгертеді?

  15. Ұяшықтар ауқымы деген не?


Мына берілген сөзжұмбақты шешіңіз:







  1. Қаріп параметрлерін белгілейтін батырма;

  2. Құрамына мәтін және суреттер кіретін жолдар мен бағандарда орналасқан ұяшықтар жиынтығы;

  3. EXCEL бағдарламасы орындайтын жазылған септеулер;

  4. Пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамыз етуге арналған құрылғы;

  5. Компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы;

  6. Файлдар мен қалталарды жою кезіндегі қосымша қауіпсіздік құралы;

  7. Логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар тізбегі;

  8. Ерекшеленген ұяшықтар мазмұнының қосындысын шығаратын батырма;

  9. EXCEL бағдарламасында өрнектердің барлығы қандай таңбадан басталады?

  10. Деректерді сызбалық түрде ұсыну амалы;






Автор
Дата добавления 21.09.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров54
Номер материала ДБ-205867
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх