Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Microsoft Excel кестелік процессоры. Тағайындау және мүмкіншілігі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Microsoft Excel кестелік процессоры. Тағайындау және мүмкіншілігі.

библиотека
материалов


Пән: Информатика

Сабақ тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры. Тағайындау және мүмкіншілігі.

Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын, физика, математика

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі- илюстративті әдіс

Сабақтың

мақсаты

Білімділік: EXEL кестелік редакторы туралы оқушыларға жалпы ақпарат беру. Терезе элементтерімен таныстыру. Негізгі функциялары көрсету.Тақырып бойынша теорияда алған білімдерін, тәжірірибеде қолдана білуге үйрету

Дамытушылық: EXEL кестелік редакторының мүмкіншіліктерін оқыта отырып, оқушылардың білімдерін дамыту, танымдық қабілетін жетілдіру.


Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету, адамгершілікке, тазалыққа, жауапкершілікке, жан-жақтылыққа, шыншылдыққа, тәрбиелеу


САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекті құралдар: Суреттер, проектор, компьютер, эл.оқулық т.б

Б. Негізгі әдебиет; Г.Ә. Жапарова Информатика негіздері, Экономика, трек-конспект, т.б

Сабақты жүргізу кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, тізім бойынша түгендеу, техника қауіпсіздік ережелерін естеріне сала отырып, жаңа тақырыпен таныстыру, олардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (сұрақ-жауап әдісі)

  1. Мәтіндiк процессор жегеніміз не және ол қандай қызмет атқарады?

  2. Word редакторы нақты түрде қандай іс-әрекеттер орындай алады?

  3. Word редакторы қандай тәсілдермен іске қосылады?

  4. Word редакторы жұмысты қалай аяқтайды?

  5. Word редакторының мәтіндерді бейнелеу режимдерi қандай?

  6. Word редакторы аспаптар тақтасының құрамы.

  7. Word редакторы қалып-күй қатарының мәліметтері.

  8. Word процессорына мәлімет қалай енгізіледі?

  9. Керексіз символдар қалай өшіріледі?

  10. Мәтін бойынша курсорды жылжыту тәсілдері.

  11. Мәтін бөліктерін ерекшелеп белгілеу (тышқанмен және пернелермен) тәсілдері.

  12. Мәтін бөліктерін өшіру-көшіру және жылжыту жолдары.

  13. Беттерді форматтау тәсілдері.

  14. Колонтитул деген не және ол қалай қойылады?

  15. Бет нөмірлерін қалай алып тастауға болады?

III. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірмелі-илюстративті)

Excel кестелік процессор. Терезе элементтері. Негізгі функциялары.

Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жай программа ғана емес, оны көптеген матиматикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдаланылады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі – түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын дайындап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперименттік жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономикасы саласында ғана емес, сондай – ақ, оқып – үйренуде, ғылыми – зерттеу ісінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыста кеңінен пайдалануға рұқсат береді. Бұл прграммамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік. Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жолдардың максималдық саны 256 – ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды. Ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді.

Excel программасын іске қосу.

Excel программасын іске қосу үшін осы программаны байланысқан шартбелгіні тауып, оны тышқанмен 2 рет шерту керек. Ол Excel программасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында терезе шығады.

Экрандық Excel терезесінде мынандай объектілер орналасқан.

Жоғарғы жол – басқару батырмалары бар терезе тақырыбы

Екінші жол – Excel менюі

Үшінші және төртінші жолдар – Стандартты және форматтау аспаптар тақтасы.

Бесінші жол – енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

Терезенің ең төменгі жолы қалып күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің интерпретаторы орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индекаторын – «Дайын» (Готов) деген сөзді көрсетеді.

Excel менюімен жұмыс атқару

Меню жүйесін екпінділеу Win Word программасындағыдай стандартты тәсілмен жүргізіледі, яғни Alt не F10 пернесін басу қажет. Сол сәтте менюдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен таңдалады. Enter пернесін басқанда, сол таңдап алынған менюдің ішкі командалары анылады, оларды пернелермен ауыстырады, ал команданы таңдау үшін Enter пернесін басу керек. Менюден шығу үшін Esc пернесін басады. Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегімен пайдалану өте ыңғайлы, қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Осы тәрізді тәсілмен менюдің ішкі командалары таңдалынып, қосымша беті ашылады да, жалаушалар орнатылады.

MS – Word редакторындағыдай Excel – де де орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп жатқан жұмысымызда байланысты көмек ала аламыз. Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.

Жол нөмірі – электрондық кестедегі бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірімен белгіленген.

Бағана әріпі – электрондық кестенің бағаналарын анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғары шекарасында орналасқан. Бағаналар мынандай ретпен белгіленеді: А – Х содан соң АА – АZ, одан кейін ВА – ВZ және т.с.с.

Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

Ұяшық көрсеткіші – ағымды ұяшықты анықтайды. Көмескілінген тіктөртбұрыш көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

Ағымды ұяшық – көрсеткішпен белгіленеді. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс - әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

Блок (ұялар жиыны, аймағы) – тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышы аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама – қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы: B13:D19 болгы бұл B13 - D13 - D19 - B19 - B13 торларымен шектелген ұялар жиыны A1:H1, A1:A20, A12:D27 D:F – D,E.F бағаналарының барлық торлары т.с.с. Әртүрлі формулалар енгізу екпінді немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диоганаль бойынша тышқан мен белгілеп отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel – де электрондық кесте үшін өлшемді құралдардан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан тұрады. Экранда бір парақ кітаптардың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде белгіленеді. Тышқан курсоры мен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетін ашып көруге болады.

Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді. Бағананы белгілеу – бағана атына сейкес әріптерді тышқаннан таңдап алып, оны бір рет шерту. Бірнеше бағаналарды ерекшелеу – алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту, жолды ерекшелеу – жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны екі рет шерту; Бірінші жолды ерекшелеу – алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйде ұстап курсорды жоғары не төмен созу, блокты ерекшелеу – тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз да оны осы басулы күйде ұстап блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу;

Ұяшықтағы мәліметтер. Excel – де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтің 3 типін енгізуге болады: мәтін, сан, формула, мәліметті ұяшыққа енгізу үшін теңбіл торды сол ұяшыққа енгізу үшін мәліметтерде пернелерді теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткідікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе (опостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізілді деп есептеледі. Егер де бірінші символ цифр немесе “=” болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Енгізілген мәліметтер яұшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту (тест арқылы)(Қосымшада салынған)

V. Үйтапсырмасы

Мотов В.В Word, Excel, Power Point, 26-29 беттер тақырыпты оқу, толықтыру

VІ. Сабақты қорытындылау (Баға қою, оларға комментарий беру, сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау

Автор
Дата добавления 30.05.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров236
Номер материала ДБ-103761
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх