Инфоурок Другое Конспекты" МИФ апталығының қорытындысы "

" МИФ апталығының қорытындысы "

Скачать материал

Математика, информатика, физика пәндерінің онкүндігінің қорытынды сараптамасы

Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, информатика және физика пәндерінің атты апталығы өткізілді.

Мазмұнды да әрі тартымды өткен апталықтың мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Ақпан айының 01.02-13.02.2016ж. күндері аралығында мектеп-гимназияда «Оқу – тәрбие  үрдісінде мұғалімдерінің  кәсіби  құзыреттілігі  мен  шығармашылық  әлеуетін жаңаша  ұйымдастыру»  тақырыбында математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.

Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс іс- шаралар. Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді:

Сабақтың тақырыбы

Мерзімі

Уақыты

Кабинет

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып

1

Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану.

03.02.2016

800-845

№18

Амриева А

2

Сан аралықтарына есептер шығару.

10.02.2016

1545-1630

№18

Амриева А

3

Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді ықшамдауда қолдану.

10.02.2016

1400-1445

№7

Абдикожаева Г

4

Квадрат үшмүшені  көбейткіштерге жіктеуге есептер шығару

11.02.2016

1400-1445

№24

Абдикожаева Г

5

Сан аралықтарының бірігуі және қиылысуына есептер шығару.

10.02.2016

1640-1725

№24

Әубәкірова Б.

6

Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару.

12.02.2016

1640-1725

№24

Әубәкірова Б.

7

Тригонометриялық тепе-теңдіктерді дәлелдеуге есептер шығару.

10.02.2016

945-1030

№24

Жұматаева А.

8

Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану.

03.02.2016

800-845

№24

Жұматаева А.

9

Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану.

03.02.2016

945-1030

№24

Ниетбаева Ғ.

10

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектердің жазылуы, оқылуы.

 

13.02.2016

 

1130-1215

 

№24

 

Ниетбаева Ғ.

 

11

Есептер мен жаттығуларды орындау.

06.02.2016

800-845

№2

Тоқанова С.

12

Тригонометриялық тепе-теңдіктерді дәлелдеу.

12.02.2016

800-845

№5

Тоқанова С.

13

Келтіру формулалары

1.02.2016

1040-1125

№24

Сыдықова А

14

Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді ықшамдауда қолдану.

 

8.02.2016

 

1400-1445

 

№24

 

Сыдықова А

 

15

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

10.02.2016

1450-1535

№24

Сыдықова А

16

Рационал бөлшектердің негізгі қасиеттері

11.02.2016

1400-1445

№24

Сыдыкова А

17

Санды теңсіздіктер қасиеті

04.02.2016

1450-1535

№24

Тасболат С.

18

Қосу формулаларын пайдаланып есептер шығару

04.02.2016

945-1030

№24

Тасболат С.

19

Газдың қысымы. Ауырлық күшінің әсерінен сұйықтар мен газда болатын қысым.

08.02.2016

1450-1535

№18

Есенбаева З.

20

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі

12.02.2016

1730-1815

№18

Есенбаева З.

21

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы

09.02.2016

1400-1445

№18

Туралиева А

22

Кеплер заңдары

11.02.2016

845-935

№18

Туралиева А

23

Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын-ала қарау.

09.02.2016

1450-1535

№24

Мынжасарова

24

Нөмірленген және маркерленген тізімдер, бағандар.

01.02.2016

1400-1445

№24

Рысалды А.

25

Мәтіннің үзінділерін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.

09.02.2016

945-1030

№24

Рысалды А.

26

Модельдерді сипаттау әдістері. Модельдер қасиеті.

05.02.2016

1730-1815

№24

Папиева А.

27

Мәтіннің үзінділерін ерекшелеу

09.02.2016

1040-1125

№24

Папиева А.

 

 

1.02.2016-13.02.2016ж. күндері аралығында математика, информатика, физика пәндерінің онкүндігінде өтілетін сыныптан тыс сабақтардың жоспары

 

Сабақтың тақырыбы

Мерзімі

Уақыты

Кабинет

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып

1

Білімділер сайысы

10.02.2016

1310-1345

№24

Ниетбаева Ғ.

5ә,б

 

2

 

Сандар сөйлейді

 

12.02.2016

 

1310-1345

 

№24

Абдикожаева Г.

 

6ә,г,д

Сыдықова А.

Сыдыкова А.

3

Сандар әлеміне саяхат

11.02.2016

1310-1345

№24

Амриева А.

6а,б

Әубәкірова Б.

4

Информатика дарабозы

10.02.2016

1310-1345

№24

Мынжасарова А.

Рысалды А.

5

Информатика әлемі

13.02.2016

1310-1345

№24

Папиева А.

6

Ұшқыр ойдан ұтымды жауап

13.02.2016

1310-1345

№18

Есенбаева З.

 

Іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды. Атап айтатын болсам, екінші санатты математика пәні мұғалімі Ниетбаева Ғ. «Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ қызықты, тартымды өтті. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыра білді. Интербелсенді тақтадан сергіту сәтін ауызша есептер беру арқылы жүргізді. Бірінші санатты математика пәні мұғалімі Тоқанова С. «Жай бөлшектер мен амалдарға есептер шығару» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабаққа қатысу мақсатым оқушылардың ойлау әрекеті мен белсенділігін талдау болатын. Оқушылар топқа бөлініп, ұжымдық жұмыс жасады. Жаңа форматтағы сабақ әдісін қолдана отырып өткен бұл сабағы маған өте қатты ұнады. Оқушылар есепті топпен жарысып шығарып отырды. Сабақ соңында кері байланыс орнатылып, рефлексия жасалды. Топ басшылар өз тобын бағалап, баға әділ қойылды. Амриева А. «Сан аралықтарына есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақты кезең-кезеңге бөліп өтті. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысып отырды. Сан аралықтары кестесі арқылы оқушылар сәйкестендіру жұмысын жүргізді. Тест сұрақтары алынып, сабақ өз дәрежесінде қорытындыланды.

Жаңа форматтағы ұстаз Жұматаева А. «Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ берді. Жеті модульді қолдану арқылы «Кім жылдам», РАФТ, Салыстырмалы карта, постермен жұмыс әдіс-тәсілдерін пайдаланды. Сабақ Блум жүйесімен құрылып жасалған. Қызығушылықты ояту мақсатында «Қайталау оқу-анасы» кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап берді.

 Түсіну бөлімінде постер қорғау арқылы жаңа тақырып мағынасын ашты. Оқушылар топпен белсенді, ынтымақтасты жұмыс жасап отырды. Бұл жерде мұғалімнің жаңа технологияны жетік меңгергендігін және оқушылардың осы әдіс-тәсілге үйренгендігін атап айтуға болады.

Екінші санатты математика пәні мұғалімі Әубәкірова Баршынның «Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Тәлiм aлyшы үшiн eң cәттi болғaн тұcы cыныптaғы үнciз, тұйық бaлaлapды қозғaй бiлгeндiгi. Aл дapынды бaлaлapдың шығapмaшылық қaбiлeттepiн өcipe aлғaндығы. Оның дәлeлi, оқyшылap cұpaқтapғa жayaп бepyдe, өз ойлapын поcтep apқылы  көpceтyдe, әpтүpлi тaпcыpмaлapды оpындay бapыcындa қaбiлeттepiн тaнытты. Eң бacтыcы, кypc бaғдapлaмacын оқымaй-aқ, жeтi модyль элeмeнттepiн caбaқтapынa кipiктipyдi үйpeнгeнi болды.

Сыдықова Айгүл де «Тригонометрия» тапсырмасын «Сиқырлы сұрақ» әдісімен жүзеге асырды. Жаңа сабақты слайд арқылы көрсете отырып, түсіндірді. Оқушылар тақтаға назар аударып, есепті шапшаң шығарып отырды. Сыдықова Айгүльдің «Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбында өткен ашық сабағы өте жақсы, қызықты өтті. Үй тапсырмасын ауызша есеп арқылы сұрады. Оқушылар суреттерге қарап отырып, формулаларды еске түсірді. «Дағды» кезеңінде оқушыларға теңдеулер жүйесі берілді. Оқушылар квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеп шықты. Бұл жерде атап кететін жәйт мұғалімнің өз пәнін жетік меңгергендігі. Оқушыларды сабаққа қызықтыра, көңілін аударта білгендігі.  

Мeн caбaқтapдың бapлығын бeйнeжaзбaғa түcipy apқылы бaқылaп отыpдым. Бaқылay бapыcындa нeгe көңiл бөлдiм? Мұғалімнің cөйлey мәнepiнe, өзiн-өзi ұcтayынa, оқyшымeн қapым-қaтынac жүpгiзyiнe, олapды мapaпaттaп жәнe бaғaлaп отыpyынa, жaңa әдic-тәciлдepдi пaйдaлaнy шeбepлiгiнe, тaпcыpмaлapды бepy жәнe оны қaбылдayынa мән бepдiм. Бaқылay тypaлы өз ойлapымды бeйнeжaзбaны қaйтa қapaй отыpып, дәптepгe жaзып отыpдым.

Жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі Туралиева А. 8 «В» сыныбында «Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы». Тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз деңгейінде өтті. Топтық жұмыс жасалды. Оқушылар оқулықтан жаттығулар орындады. Мұғaлiм бұл caбaқтың оқyшылapдың қызығyшылығын apттыpaтындығын, мұғaлiмнiң өзi тыңғылықты дaйындaлып кeлce, оқyшылapғa жaңa тaқыpыпты игepy жeңiл тиeтiндiгiн, тaпcыpмa бойыншa оқyшылapдың өз бeттepiншe жұмыcты aлып кeтeтiндiгi, caбaқтa диaлогты қолдaнyдa бaлaның cөйлey тiлiн жeтiлдipyi үшiн тиiмдiлiгi зоp eкeнiн aйтып өттi. Мұғaлiм yaқытпeн caнaca бiлдi, cоның caлдapынaн оқyшылapдың оpындay қapқындылығы өcтi. Мұғaлiмнiң өзiндe ceнiмдiлiк пaйдa болып, өзiнiң шeбepлiгiн тaнытты.

 ІІІ деңгейлі физика пәні мұғалімі  Есенбаева З. 7 «Б» сыныбымен «Газдың қысымы. Ауырлық күшінің әсерінен сұйықтар мен газда болатын қысым» тақырыбында берген ашық сабағына қатыстым. Выгодскийдің жақын арада даму аймағын басшылыққа ала отырып, оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы жеке жұмыс жасауға машықтанды. Оқушылар бірлесіп, топтық жұмыс жасады. Мұғалім электрондық оқулықтан бейне көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіріп шықты. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап» кезеңінде оқушылар оқулық бойынша есептер шығарды. Сабақ қорытындыланып, белсенді оқушылар марапатталды.

Информатика пәні мұғалімі Мынжасарова А. 6 «Д» сыныбымен «Беттің параметрі. Жиек. Жоларалық интервал. Бағандар» тақырыбында ашық сабақ берді. Әдеттегідей сабақты тренинг арқылы бастадым. Оқушылар топқа бөлініп, үй тапсырмасын орындады. Жаңа сабақты слайд көрсету арқылы түсіндіріп шықтым. Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, постер қорғап шықты. Жас информатик Рысалды Ақбілек «Мәтін үзінділерін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу» тақырыбымен 5 «Ә» сыныбында ашық сабақ берді. Үй жұмысын сұрақ жауап арқылы сұрап шықты. Оқушылар топпен ынтымақтаса жұмыс жасады. Сабақ сәтті өтті.

 Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "" МИФ апталығының қорытындысы ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 926 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.06.2016 5212
    • DOCX 168.7 кбайт
    • 172 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мынжасарова Алия Усеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мынжасарова Алия Усеновна
    Мынжасарова Алия Усеновна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71092
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе