Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Микропроцессор.: Арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.

Микропроцессор.: Арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Микропроцессор.

Бұл ДК-дің орталық блогы. Ол машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындауға арналған.

Микропроцессор компьютердің миы болып есептеледі. Оның негізгі бөліктері: арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.

Арифметикалық-логикалық құрылғы-да сандық және символдық ақпараттармен арифметикалық және логикалық операциялар орындалады.

Басқару блогы компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын үйлестіреді.

Процессордың сипаттамасын тактілік жиілігі мен разрядтылығы айқындайды.

1 Мгц тактілік жиілік процессордың секундына 1 миллион қарапайым операция орындауына парапар. 3,2 Ггц тактілік жиілік секундына 3,2 млрд операция орындауына парапар.

Процессор өңдеу кезінде оған келіп түскен деректерді сақтауға арналған ішкі жад ұяшықтары - жад регистрлері деп аталады. Процессордың жад регистрінде 8 байт дерек орналаса алатын болса, оны 64 разрядты процессор деп атайды. Ол бір тактте 8 байт деректі өңдей алатынын көрсетеді.

Қазіргі процесссорлар 64 разрядты процессорлар.

Ішкі жад.

Компьюттердің ішкі жады негізгі болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етіп оттыратын болғандықтан оны жедел жады деп атайды.

Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар:

Тұрақты жадтайтын құрылғы (ТЖҚ),

Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ).

ТЖҚ тұрақты программалық және анықтамалық ақпаратты сақтау үшін қолданылады, ол өзінде сақталған ақпаратты есепке алып отыруға ғана (ТЖҚ-дағы ақпарат өзгертілмейді оған қайта жазылмайды) мүмкіндік береді.

ЖЖҚ ақпаратты уақытша сақтауға , жазуға және есебін алуға арналған. Компьютерді өшіргенде жедел жадтағы ақпарат жойылады.

Жедел жадта ұяшықтарда ақпарат байттар түрінде сақталады да, әрбір ұяшыққа өзінің адресі бойынша қатынасады.

Сыртқы жад.


Сыртқы жад ДК-дің сыртқы құрылғыларына жатады. Ол ақпараттарды ұзақ уақыт сақтауға арналған. Атап айтқанда, сыртқы жадта компьютердің барлық программалық жасақтары сақталады.

Сыртқы жады мынадай құрылғыларда орналасады: қатқыл диск, иілгіш дисктер, магниттік дискілер, магниттік таспалар, компакт дискілерде.

Сыртқы жадта деректер үлестерге бөлініп жазылады. Үлестерді файлдар деп атайды. Мұндай құрылым файлдық деп аталады. Файлдармен орындалатын күрделі операцияларды ОЖ-нің бөлігі болып табылатын файлдық жүйе жасайды. Файлдық жүйенің міндеті - файлдарды сақтауды ұйымдастыру және оларға жылдам шығуды қамтамасыз ету.

Жүйелік шина.

Процессор мен жадты ақпараттық кеңарна немесе ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы сегіз, он алты немесе отыз екі сымнан тұратын жинақ болып табылады. Осыған орыай оларды сегіз, он алты немесе отыз екі разрядты шина деп атайды.

Жүйелік шинаға деректер шинасы мен адрестер шинасынан басқа машинаның барлық блоктарына нұсқаулар беруге арналған командалар шинасы мен электроқоректендіру жүйесіне ДК блоктарын қосуға арналған қоректендіру шинасы кіреді.

Жүйелік шина ақпарат берудің үш бағытын қамтамасыз етеді:

    1. микропроцессор мен негізгі жад арасында;

    2. микропроцессор мен сыртқы құрылғылардың енгізу шығару порттары арасында;

    3. негізгі жад пен сыртқы құрылғылардың енгізу шығару порттары арасында.

Барлық блоктар, анығырақ айтқанда, олардың енгізу шы,ару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей немесе контроллер(адаптер) арқылы қосылады.

Сыртқы құрылғылар.

Сыртқы құрылғылар – кез келген есептеуіш машинаның маңызды құрауыш бөлігі.

ДК-дің сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару обьектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қаттынасын қамтамасыз етеді.

Сыртқы құрылғыларды былайша жіктеуге болады:

  1. сыртқы жадтайтын құрылғылар немесе ЭЕМ-нің сыртқы жады;

  2. пайдаланушының диалогтік құралдары;

  3. ақпарат енгізу құралдары;

  4. ақпарат шығару құралдары;

  5. байланыс және телекоммуникация құралдары:

Ақпарат енгізу құралдарына мыналар жатады:

  • пернетақта,

  • Графикалық планшеттер,

  • Сканерлер,

  • Манипуляторлар: джойстик, маус, трекбол, сәулелік қаламұш т.б.

Ақпарат шығару құралдарына мыналар жатады:

  • принтерлер,

  • графиксалғыштар (плоттерлер);

Байланыс және телекоммуникация құралдары ДК-ді байланыс арналарына, басқа ЭЕМ-дерге және есептеу желілеріне қосуға арналған.

Желілік контроллер ЭЕМ-ді басқа ЭЕМ-дермен ақпарат алмасу желісінде жұмыс істеу үшін байланыс арнасына қосу қызметін атқарады. Ауқымды желілерде контроллер қызметін модем атқарады.

Жоғарыда аталған құралдардың көбі шарты түрде ерекшеленген топ - мультимедиа құралдарына жатады.

Мультимедиа құралдарына, бұл адамға әр түрлі, өзі үшін табиғи орталарды: дыбысты, бейнен, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені.

Қосымша құрылғылар.

Жүйелік шинаға және ДК-дің микропрооцессорына микропроцессордың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және жақсартатын , интегралдық микросхемалары бар қосымша тақшалар: математикалық сопроцессор, жадқа тікелей қаттынау контроллері, енгізу-шығару сопроцессоры және т.б. қосылуы мүмкін.

Өңдеу принципі.

Компьютердің жұмыс істеу принципін жалпы түрде алғаш рет 1946 жылы американдық ғалым Джон Фон Нейман сипаттап жазған.

Программалық басқару деп аталатын жұмыс істеудің бұл принципі мыналардан тұрады:

  • енгізу құрылғыларының көмегімен компьютердің ішкі жадына программа жазылады;

  • процессор программаның бастапқы нұсқаулары бар ішкі жадтың ұяшықтарындағыны шығарып оқиды;

  • деректермен операциялар (арифметикалық немесе логикалық);

  • жадтан деректерді оқу (арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындау үшін);

  • деректерді жадқа жазу (арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындау нәтижесі);

  • Егер алдыңғы ұяшықта жазылғанда орындау нәтижесінде өту болса, онда тура алдыңғы ұяшықтан кейін орналасқан немесе басқа ұяшықтағыны шығарып оқуға ауысу.

Осылайша процессор нұсқаулар мен программаларды автоматты түрде орындайды – бұл программалық басқару принципі.


Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу

hello_html_m4d466bb7.png


Краткое описание документа:

Микропроцессор.

Бұл ДК-дің орталық блогы. Ол машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындауға арналған.

Микропроцессор компьютердің миы болып есептеледі. Оның негізгі бөліктері: арифметикалық-логикалық құрылғы, басқару блогы, жад регистрлері.

Арифметикалық-логикалық құрылғы-да сандық және символдық ақпараттармен арифметикалық  және логикалық операциялар орындалады.

Басқару блогы компьютердің  барлық құрауыштарының жұмысын үйлестіреді.

Процессордың сипаттамасын тактілік жиілігі мен разрядтылығы айқындайды.

 

1 Мгц тактілік жиілік процессордың секундына 1 миллион қарапайым операция орындауына парапар. 3,2 Ггц тактілік жиілік секундына  3,2 млрд операция орындауына парапар. 

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров1204
Номер материала 532789
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх