Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Миллион кімге бұйырады? жоспары

Миллион кімге бұйырады? жоспары

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

«Миллион кімге бұйырады?»

Мақсаты:

Білімділігі: Ежелгі Қазақстан тарихының дәуірлерінің ерекшеліктері,тарихи шеңбері,жетістіктері туралы алған білімдерін пысықтап қайталау,жинақтау,қорытындылау. Оқушылардың интелактуалдық деңгейін арттыру, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын тудыру, білімдерін шыңдау.

Дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай

білімін толықтыру,тез ойлау және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды жеке жұмыс жасауға, жарысқа баулу, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын, жарыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың әдісі: жарыс түрінде – ойын, сұрақ-жауап, жеке жұмыс.

Құрал жабдықтар: «Бинго-Миллион» кестесі,

Көрнекілігі: ҚР-ның картасы, интерактивті тақты.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Мұғалім оқушыларға ойынды қалай ойнау туралы қысқаша түсінік береді.

б) Оқушылардың ұпайын санап отыратын әділқазылар алқасы сайланады.

Кіріспе бөлім: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе –білім!» -деп Мұхтар Әуезов айтқандай «Миллион кміге бұйырады» -атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар!





Ойынның кезеңдері:

1 кезең. “Білгірлер”

2 кезең. “Сәйкестендір”

3 кезең. “Таңдау”

4 кезең. Поэзия минуттары (Сергіту сәті).

5 кезең. “Тобықтай түйін”

6 кезең. “Бәйге” “ия” “жоқ” арасындағы таңдау



Ойынға дайын болсаңыздар ойынымызды бастайық!

І кезең Білгірлер


І-ші ойыншының сұрағы

  1. Тарих не үшін қажет? Өткен замандағы туған жеріміз бен ата-бабаларымыздың қандай болғанын, олардың ерлік істерін, аса маңызды да айтулы оқиғаларын білү үшін және болашақты болжау үшін тарих пәні қажет.

  2. Геродоттың қандай еңбегі бар? «Тарих» атты еңбегі бар.

  3. Қазақтың қандай тарихшысын білесің? Мұхаммед Хайдар Дулати.

  4. «Тарихи жазбалар» еңбегінің авторы? Сыма Цянь

ІІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Тарих дегеніміз не? Тарих- грекше «зерттеу», «оқиғалар жайындағы әңгіме», «білім» деген мағынаны білдіреді.

  2. Тарих сөзін алғаш рет кім қолданған? Алғаш рет тарих сөзін қолданған грек ғалымы Геродот.

  3. Геродот өз еңбегінде Қазақстан жерінде өмір сүрген қандай тайпалар жөнінде жазған? Сақтар туралы жазған.

  4. Сыма Цянь өз еңбегінде не туралы баяндайды? Сыма Цянь өз еңбегінде бұрынғы Қазақстан жерінде өмір сүрген ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың тұрмысын,салт-дәстүрін, әскери құрылымын баяндайды.

ІІІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Рашид ад-Дин ол кім? Рашид ад-Дин ол иран тарихшысы және мемлекет қайраткері, діни ғұлама, энциклопедияшы ғалым, дәрігер, ботаник әрі табиғаттанушы болған.

  2. Пергамент дегеніміз не? Пергамент дегеніміз-малдың терісінен мұқият өңделген, жазуға ыңғайлы материалды айтады.

  3. Рашид ад-Диннің қандай еңбегін білесің? «Жамиғ ат-тауарих» (Жылнамалар жинағы)

  4. Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі қалай аталады және ол қашан жарық көрген? «Тарих-и-Рашиди» және 1546 жылы жарық көрген.

ІV-ші ойыншының сұрағы

  1. Дерек дегеніміз не? Дерек дегеніміз - ғылыми зерттеуге негіз болатын жазба дүниелер мен заттай ескерткіштер.

  2. Деректің қандай түрлері бар және әрбіреуіне сипаттама беріңдер? Деректің үш түрі бар. Археологиялық, жазбаша және ауызша дерек. Археологиялық деректерге ежелгі адамдардың тұрғын үй қалдықтары, тұтынған бұйымдары мен жерлеу құрылыстары т.б жатады.

Жазбаша деректерге –тарихтың сыры мен құпиясын ашып көрсететін жазулар, патшалар мен әкімдер шығарған заңдар, мемлекеттік және сауда құжаттары, яғни тарихи құжаттар жатады.

Ауызша деректер-атадан балаға, баладан немереге ауызша айтылып, бізге ежелгі заманнан келіп жеткен тарихи аңыз-шежірелер,жыр-эпостар, ертегілер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер және салт-дәстүр жатады.

  1. Ертедегі жазулардан қандай жазуды білесің және жазу үшін қолданылған материалдар түрлерін ата? Сына жазуы, қабық сауаты, иероглифтер. Жазу үшін материал саз балшық тақтайшалар, пергамент, папирус қамысы.

  2. Шежіре дегеніміз не? Шежіре (арабша –бұтақ, тармақ) халықтың шығу тегін, таралуын баяндайды.

V-ші ойыншының сұрағы

  1. Қазақта ру-тайпа, жүз және отбасының тарихын ауызша таратып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін адамды кім деп атаған? «шежіреші» деп атаған.

  2. Халқымыздың тарихынан сыр шертетін шежірелерді жазған қандай қазақтың шежірешісін білесің? Мұхаммед Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыри, Шәкәрім Құдайбердіұлы.

  3. Археология дегеніміз не? «археология» грек тілінен аударғанда «ертедегі ғылым» деген мағынаны білдіреді.

  4. Халықтар мен ұлттарды сыртқы түрінің ерекше белгілеріне қарап неше топқа бөлінеді? Үшке: еуропоидтық (ақ нәсіл), моңғолоидтық (сары нәсіл), және негроидтық (қара нәсіл).

VІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Археология нені зерттейді? Археология адамзаттың өткен тарихын, тіршілігін заттай деректер арқылы зерттейді.

  2. Ғұн мемлекетінің негізін кім қалады?

  3. Парсы патшасы Кирдің басын кім алды? Тұмар патшайым

  4. Алтын киімді адамның бас киіміндегі алтын әшекейлер саны? 200 ден аса

VІІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Қазба жұмыстарын жүргізетін, заттай деректерді зерттейтін ғалымды кім деп атайды? Археолог

  2. Ертеде өмір сүрген адамдардан қалған қираған қала орындары, түрлі әшекейлер, қыш ыдыстар сияқты тұрмыста пайдаланылған бұйымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер, обалар, молалардан табылған заттар қалай депе аталады? Археологиялық ескерткіштер

  3. Қазақстандағы археологтардың арасындағы ең басты археолог кім? Әлкей Марғұлан

  4. Әлемдік неше дін бар және оларды ата? Мұсылман, христиан және будда.

VІІІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Қазақстан жерінен табылған басты археологиялық ескерткіш болып табылатын, Есік обасынан табылған, дүниежүзілік мәдениеттегі құнды жәдігер болып саналатын ескерткішті ата? «Алтын киімді адам»

  2. Этнография дегеніміз не? Этнография дегеніміз –тарих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді.

  3. Қазақ күнтізбесі бойынша әр үш айды қалай деп атаған? Тоқсан

  4. Салт-дәстүр дегеніміз не? Салт-дәстүр –халықтың ертеден, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жалғасып келе жатқан, әбден қалыптасқан ережелері мен үлгілі істері.



ІІ кезең Сәйкестендір

отан - Әр адамның туып-өскен жері, тұратын елі

Сына жазуы - Сазбалшыққа сына тәрізді жазылған жазу

пергамент - Жазу үшін мал терісінен жасалған материал

иероглиф - Таңба суреттер

папирус - Қамыс сабағынан жасалған парақтар

шежіре - Атадан балаға ауызша жеткізіліп отыратын, халықтың шығу тегі мен таралуын баяндайтын тарихи шығарма.

археолог - Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым

хронология - Уақыт туралы ғылым

карта - Жер бетінің олардың жеке бөліктерінің кішірейтілген көрінісі


ІІІ кезең Таңдау

І-ші ойыншының сұрағы

  1. Ұлт деген сөзге анықтама бер? Ұлт –шаруашылығы, тілі, мекендеген жері, мәдениті мен тұрмысы ортақ адамдардың бірлігі.

  2. Әр нәсіл бір-бірінен қалай ажыратылады? Әр нәсіл бір-бірінен сыртқы тұрпаты (дене бітімі, шашы, терісінің түсі, көз қиығы) бойынша ажыратылады.

  3. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамды» зерттеген археолог кім? Кемел Ақышев

  4. Аймақ, өңір, атырап, дала деген сөздердің мағынасын білдіретін мемлекет иелігіндегі жер қалай аталады? Өлке




ІІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Хронология дегеніміз не? Хронология –гректің «хронос»- «уақыт» және «логос»-«ғылым» деген екі сөзінен тұрады.

  2. Ежелгі Вавилонда пайда болған күнтізбені атаңыз? Ай күнтізбесі

  3. Ежелгі Египетте қандай күнтізбе болды? Күн күнтізбесі

  4. Қазақ күнтізбесі бойынша қазақтар жылдың басы деп қай күнді есептеген? 22 наурыз

ІІІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Бір мүшелде неше жыл бар? 12 жыл

  2. Тұңғыш карта қай елде пайда болды? Қытайда.

  3. Хижра дегеніміз не? Хижра-ислам дінінің жыл санауы. «хижра» -араб сөзі, қазақ тіліне аударғанда «қоныс аудару» деген түсінік береді. Мұсылмандар ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге барған жылын жыл санаудың басы деп есептейді.

  4. Әр мемлекетте жыл санау әр түрлі болған. Мәселен, египеттіктер жыл санауды перғауынның таққа отыруынан бастаған. Ал Ежелгі Грпекияда жыл санау қай кезден бастаған? Алғашқы олимпиадалық ойындар өткізуден бастаған. Алғашқы олимпиадалық ойын б.з.б. 776 жылы өткізілген.

ІV-ші ойыншының сұрағы

  1. Жер бетінің немесе оның жекелеген бөліктерінің кішірейтілген көрінісі қалай деп аталады? Карта деп аталады.

  2. Тұңғыш рет қазақ жерін кім картаға түсірген? Тұңғыш рет қазақ жерін картаға XVII ғасырдың аяғында орыс ғалымы С.Ремезов енгізді.

  3. Әлемдегі 189 елдің ішінде Қазақстан жер аумағы нешінші орында тұр? 9 орында тұр

  4. Топонимика дегеніміз не? «Топонимика» -грекшеден аударғанда «мекен» немесе «жер атауы» деген түсінік береді.

V-ші ойыншының сұрағы

  1. Топонимика нені зерттейді? Топонимика –жер –су аттарының шығуын, қазіргі жағдайын, мағынасын зерттейді.

  2. Отан дегеніміз не? Отан дегеніміз-әр адамның туып –өскен жері, атамекені, ел-жұрты

  3. Отанға деген сүйіспеншілік қалай деп аталады? Патриотизм деп аталады.

  4. Қазақстанның жер көлемінің неше пайызын биік таулар алып жатыр? Қазақстанның жер көлемінің 10 пайызын биік таулар алып жатыр

VІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Қазақстан жеріндегі ірі өзендерді ата? Еділ, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Шу, Ертіс,

  2. Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша кен орындары ашылды? 6 мыңға жуық кен орындары ашылды.

  3. Қазақстанда мемлекет құрушы негізгі ұлт? Қазақ

  4. Қазіргі кезде Қазақстандағы халық саны қанша? 16 млн. 4000 мың



ІV кезең Тарихқа саяхат

І-ші ойыншының сұрағы

  1. Қазақстан қай жағында қандай мемлекеттермен шектеседі? Солтүстігінде –Ресеймен, шығысында-Қытаймен, оңтүстігінде-Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанмен , батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран мемлекеттерімен шектеседі.

ІІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Әр жылдың хайуан аттарын ата? Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз

ІІІ-ші ойыншының сұрағы

  1. Шырақтың ерлігі туралы баянда?

ІV-ші ойыншының сұрағы

  1. Үш жүздің тайпаларын ата?


V кезең Тобықтай түйін

І –ші ойыншының тапсырмасы:

Төле би, ғұн, арғын, Тұмар, Кісібе, Ақышев, күнтізбе

ІІ –ші ойыншының тапсырмасы:

Әйтеке би, сақтар, хронология, Шырақ, Хижра, Рашид ад-Дин, топонимика


VІ кезең Бәйге «ия» «жоқ» арасындағы таңдау

І –ші ойыншының тапсырмасы:

Ғұн әскерінің шабуылынан қорғану үшін б.з.б. ІV-III ғасырларда қытайлар «Ұлы Қытай қорғанын салдырды ИЯ

Ғұн мемлекетінің негізін Аттила (қалады) қалады ЖОҚ

Ғұндар 24 тайпадан тұрған ИЯ

Сақтардан соң Қазақстан жерін қазақтар мекен етті  ЖОҚ

«Алтын киімді адам» бейнесі Астана қаласының Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде бейнеленген ЖОҚ

«Алтын киімді адам» -Қазақстан Республикасының азаттық символы болып табылады ИЯ

1854 жылы Алматы қаласының орнына Алматы бекінісі тұрғызылды ЖОҚ

Жеріміздің төрттен бір бөлігі жазық дала болып келеді ИЯ

2,5 мың жылдық тарихы бар қала ол Павлодар ЖОҚ

Елімізде 30-дай мәдени орталықтар жұмыс істейді. ИЯ



ІІ –ші ойыншының тапсырмасы:

1921 жылдан бастап Алматы Алматы деген атауға ие болды ИЯ

Қазақстан Республикасында 16 облыс, 159 аудан бар. ЖОҚ

Алматы 1929 жылдан 1997 жылға дейін еліміздің астанасы болды ИЯ

Орталық Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталығы, жер көлемі жағынан ең үлкен қалалардың бірі Алматы. ЖОҚ

1833 жылы Қарағанды қаласының маңынан таскөмір табылды ИЯ

Алғашында Каспий теңізінің жағасында орналасқан балықшылар қонысы болған қала -Атырау ИЯ

Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты халқымыздың үш кемеңгері білім алған, іргесі 1713 жылы қаланған қала - Семей ИЯ

«Алтын киімді адам» 1969 жылы Алматы қаласынан 50 шақырымдай жердегі Есік қаласының маңынан табылды ИЯ

Алтын киімді адамның киіміндегі әшекейлердің саны 5 мыңға жуық ЖОҚ

Алтын киімді адамның ғалымдар берген жасы 17-18 жас ИЯ

Әділқазылар ұпай есептеген сәтте оқушылар тілге қатысты тақпақтар айтады.


Қорытынды: Әділқазылар алқасының шешімі шығарылып, жеңімпаз анықталады..































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров136
Номер материала ДВ-473011
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх