Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Минипроект на тему Проектное обучение
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Минипроект на тему Проектное обучение

библиотека
материалов








Шағын жоба


Информатикада оқушыларға белсенді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру

(жобалау әдісі)












Дарын ДБМ информатика пәнінің оқытушысы

Жумагулова Зулкия Шияповна


















Қарағанды -2010


МАЗМҰНЫ









































КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» (Алматы, 2009 жылдың қазан айының 13-і) тақырыбындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне оқыған актілік дәрісінде: «Ұлттың үміті – сендерсіңдер. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің ертеңгі бақыты сендердің қолдарыңда» деп атап көрсетті. Бірақ, бұл міндетті жүзеге асыру үшін «...қазіргі бәсеке заманында жастардан қажыр-қайратын, ынта-жігерін, тынымсыз ізденісін» қалыптастыруды қажет етеді.

Қазіргі заманғы мектібінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:

Баланы оқи білуге үйрету.

Баланы ойлауға үйрету.

Баланың өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.

Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.

Жұмыс зерттеу мақсаты: информатика сабағында оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.

  2. Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.

  3. Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау .

  4. Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.

Зерттеу әдістері:

  1. Әдебиетке теориялық анализ жасау.

  2. Сауалнама өткізу.

  3. Жоспарлау.

  4. Жеке оқушылармен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу.

  5. Модельдеу.


Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылардың әр түрлі компьютерлік бағдарламаларға қызығушылығының, ынтасының артуы;

  2. Жасампаз, өнерпаз, құзіретті тұлғаның қалыптасуы;

  3. Тілдік қорының кеңею;

  4. Еңбекті бағалай және көрсете білетін тұлға қалыптасады.






Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Ы.Алтынсарин

«Естігенімді ұмытамын,

көргенімді – есте сақтаймын,

өз істегенімді – меңгеремін».

Конфуций





Негізгі бөлім


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Инновациялық білім арқылы экономикалық білімге» атты дәрісінде: «Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін» деген болатын. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Оқудың қажеті неде?

Әркім осы «жеңіл» сұраққа өзінше жауап береді. Жоғарғы білімді адам да бұл сұраққа жауап беру үшін біраз ойланып қалады.

Оқу – көп білу үшін қажет.

Ал көп білудің қажеті неде?

Көп оқып, көп білсең – жоғарғы оқу орнына түсесің...

Онда оқу не үшін қажет? Одан әрі білім алу үшін бе?

ОҚУ – алдағы үлкен өмірде өз орныңды дұрыс таба білу үшін керек екен. Яғни оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға , яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет.

Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес.

21- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы.Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.

Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес.Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.

Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.

Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2- ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық.Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе -- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен Хилпатрик.

20 –шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты , бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды:

- Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы

-жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы

-жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т.б. себептер.

Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты.Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады.

Әрине, уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды.Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр.

Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.

Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің

«Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық» деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұстанымдары жатыр.

Өйткені, бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрелік:


Оқушының іс-әрекеті:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Оқушы-оқыту субъектісі.

-Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

-Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

-Оқушының жетістігін құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

-Ынталандырушы, мақсат қоюшы.

-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.

-Мақсаттарға жетелеуші.


Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

Жоба жұмысы кезендері

Жұмыстың мазмұны.

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттері.

Оқушылардың іс-әрекеті.

Дайын-

дық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау.

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Әр оқушы өмірлік өз тәжірбиесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.

Жоспар-

лау.

Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.

Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобы бойынша күнделігін тексереді.

Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.

3. Зерттеу жұмысы.

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат,

анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.

Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.

Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

Нәтиже-

ні талқылау.

Ақпаратты талдау, шешім шығару,тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.

Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио- видеотехниканы жабдықтайды.

Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.

5. Жұмыс-

тың тұсау кесері.


Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.

6. Бағалау

және жоспарлау.


Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.

Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.


Технологиядағы жобаның түрлері:

Ғылыми жоба;

Шығармашылық жоба;

Ойын түріндегі жоба;

Ақпараттық жоба және т.б. түрлері бар.


  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстары


Біздің мектепте 9 сынып оқушылары EXCEL бағдарламасында, 10 сынып оқушылары Web-сайттар жасау, 11 сынып оқушылары Access бағдарламасында «мектеп оқушыларыны мәліметтер» жұмыстарын қорғайды.

Әр топ шешудің негізгі сатыларын басшылыққа алды. Олар:

  1. Ақпараттық – «не істеу керек?»;

  2. Жоспарлық – «бұған қалайша жетуге болады?»;

  3. Шешім қабылдау – «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»;

  4. Орындау – «жүзеге асыру»;

  5. Бақылау – «тапсырма дұрыс орындалды ма?»;

  6. Бағалау – «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?».

Жобалау технологиясының дидиктикалық негізін белгілі тақырыптардағы жұмыстарға шолу жасай отырып, байқап көрелік.

Тақырып – Мектептегі әр сыныптарға электрондық журнал жасау.

  1. Саты. Ақпараттық.

9 сынып оқушылары бірінші тоқсанда, 8сыныпта басталған ексел бағдарламасын аяқтайды. Сондықтан әр оқушыға мектептің сыныптары бөлініп беріледі.Олар сынып жетекшілері мен кездесіп пәндері, топ туралы мәлімет алады.

  1. Саты. Жоспарлық.

Әр пәннің апталық сағатына байланысты бір айда қанша баған беруі керектігін анықтайды.

Айлық рейтинг шығаратын ұяшықты белгілеп, формуласын анықтайды

Тоқсандық рейтинг шығаратын ұяшықты белгілеп, формуласын анықтайды

Жылдық рейтинг шығаратын ұяшықты белгілеп, формуласын анықтайды

  1. Саты. Шешім қабылдау

. Электрондық журнал қандай түрде және қандай формула болатынын бекітеді.

  1. Саты. Орындау.

  2. Саты .Бақылау.

  3. Саты. Бағалау

Жобаны бағалау

1. Формуланың қатесіз орындалуы –

Рейтинг = 9+4+1

Баға= 4+1 - 19 бал

2. Беттегі ұяшықтарды пәннің сағатына байланысты дұрыс анықтап формулалардың орнын анықтау

Рейтинг = 9+4+1

Баға= 4+1 - 19 бал

3. Файлды безендіру, жобаны қорғау 12 балл





Тақырып – HTML тілінде Web парақтар жасау


  1. Саты. Ақпараттық.

А)10 сынып оқушылары төртінші тоқсанда, үшінші тоқсанда бастаған тақырыпты қорытындылаймыз. Сондықтан әр оқушыға мектептің сыныптарын бөлініп беріледі.Олар сынып жетекшілері мен кездесіп топ туралы мәлімет алады.

Б) Жеңістің 65 жылдық мерей тойына арналған Веб парақтар жасау

Саты. Жоспарлық.

Әр топ туралы мәліметтер жинап, керектігін анықтайды.

Саты. Шешім қабылдау. Web парақ қандай түрде және қандай ақпарат болатынын бекітеді.

  1. Саты. Орындау.HTML тілінде парақтың кодын жазу

  2. Саты .Бақылау.

  3. Саты. Бағалау

Жобаны бағалау

1. Ақпараттың толықтығы15 балл

2. Web парақ пайдаланушыға ыңғайлы түрде болуы 10 балл

3. Web парақтың безендірілуі 10 балл

4. Жобаны қорғау 15 балл








Тақырып -Мектеп оқушыларының мәліметтер қорын құру


  1. Саты. Ақпараттық.

11 сынып оқушылары үшінші тоқсанда, жарты жылда өткен тақырыпты қорытындылайды. Сондықтан әр оқушыға мектептің сыныптарын бөлініп беріледі.Олар сынып жетекшілері мен кездесіп топ туралы мәлімет алады.


  1. Саты. Жоспарлық.

Әр топ туралы мәліметтер жинап, керектігін анықтайды.

Саты. Шешім қабылдау. Мәліметтер қорында Кестелердің атын, мәліметтер қандай типте және қандай ақпарат болатынын бекітеді.

  1. Саты. Орындау.Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру

  2. Саты .Бақылау.

  3. Саты. Бағалау

Жобаны бағалау

1. Ақпараттың толықтығы (екі түрлі кесте)15 балл

2. Сұраныстар жасауға мүмкіндік болуы 10 балл

3.Форма пайдаланушыға ыңғайлы түрле болуы керек 10 балл

4. Кестелер арасында байланыс болуы керек 10 балл

4. Жобаны қорғау 15 балл




Тақырып - Мультимедиа технологиясы


  1. Саты. Ақпараттық.

11 сынып оқушылары үшінші тоқсанда, жарты жылда өткен тақырыпты қорытындылайды. Сондықтан әр оқушыға мектептің сыныптарын бөлініп беріледі.Олар сынып жетекшілері мен кездесіп топ туралы мәлімет алады.


  1. Саты. Жоспарлық.

Әр топ туралы мәліметтер жинап, керектігін анықтайды.

Саты. Шешім қабылдау. Мәліметтер қорында Кестелердің атын, мәліметтер қандай типте және қандай ақпарат болатынын бекітеді.

  1. Саты. Орындау.Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру

  2. Саты .Бақылау.

  3. Саты. Бағалау

Жобаны бағалау

1. Ақпараттың толықтығы (екі түрлі кесте)15 балл

2. Сұраныстар жасауға мүмкіндік болуы 10 балл

3.Форма пайдаланушыға ыңғайлы түрле болуы керек 10 балл

4. Кестелер арасында байланыс болуы керек 10 балл

4. Жобаны қорғау 15 балл



Оқушылардың жобасы :

43 топ Айгерім мен Бота



Оқушылардың жұмыстарының жетістіктерінің мониторингісі


hello_html_m31d1a6c1.gif


Жобалар әдісінің мәселесін теориялық және эксперименттік зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік туғызды:

  1. орта мектептің алдында тұрған міндет - қазіргі кездегі қоғамды құрып, дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына қажетті білім адамдардың практикалық және техникалық іс-әрекетінде қолданылады. Сондықтан, жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық   бағыты салынған.

  2. компьютерлік бағдамалар оқушылардың бейнелік ойлауын дамыту, қолданбалық бағытын ашу оқытудың әдістемелік негізі болады.


  1. Күнделікті өмір талабына сай компьютерлік бағдарламаларды тиянақтап пайдалануға, мүмкіндік туғызады.





Қосымша

    1. Мектептегі әр сыныптарға электрондық журнал


hello_html_m554e97b9.png


























HTML тілінде Web парақтар .Оқушылардың жобасы :

hello_html_m4b618c0c.jpg

Мы помним!

                            Мы гордимся!  


Новости сайта

  1. Обновлен дизайн главной страницы

  2. Луганские ветераны получат письма с георгиевскими лентами

Акция Вахта памяти

В рамках акции Вахта памяти во многих школах региона проходят торжественные линейки, посвященные празднованию 65-летия Победы.

hello_html_m5a535813.jpg


Друзья сайта


Алдиярдың жұмысы,

Георгидің жұмысы


Мектеп оқушыларының мәліметтер қорын құру .Оқушылардың жобасы :

Бекболаттың жобасы

Мультимедиа технологиясы Оқушылардың жобасы :

43 топ Айгерім мен Бота




Қолданылған әдебиет:


1. Дьюи Дж. «Школа и общество» (1925) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. К журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003 – с.

Е.Г. Сатарова «Метод проектов в трудовой школе» (1926) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 – с. 12.

Килпатрик У.Х. «Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе» (1928) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 – с. 6.

Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред. Е.С. Полат – М.:2000.

Пахомова Н.Ю. Проектное обучение – что это? // Методист, №1, 2004 – с. 42.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Применение 

Использование проектного метода обучения на уроках информатики.


Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» (Алматы, 2009 жылдың қазан айының 13-і) тақырыбындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттеріне оқыған актілік дәрісінде: «Ұлттың үміті – сендерсіңдер. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің ертеңгі бақыты сендердің қолдарыңда» деп атап көрсетті. Бірақ, бұл міндетті жүзеге асыру үшін «...қазіргі бәсеке заманында жастардан қажыр-қайратын, ынта-жігерін, тынымсыз ізденісін» қалыптастыруды қажет етеді.

Қазіргі заманғы мектібінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:

Баланы оқи білуге үйрету.

Баланы ойлауға үйрету.

Баланың өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.

Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.

Жұмыс зерттеу мақсаты: информатика сабағында  оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1.     Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.

2.     Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.

3.     Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау .

4.     Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.

Зерттеу әдістері:

1.     Әдебиетке теориялық анализ жасау.

2.     Сауалнама өткізу.

3.     Жоспарлау.

4.     Жеке оқушылармен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу.

5.     Модельдеу.

 

Күтілетін нәтиже:

1.     Оқушылардың әр түрлі компьютерлік бағдарламаларға  қызығушылығының, ынтасының артуы;

2.     Жасампаз, өнерпаз, құзіретті тұлғаның қалыптасуы;

3.     Тілдік қорының кеңею;

4.     Еңбекті бағалай және көрсете  білетін тұлға қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 20.11.2014
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров425
Номер материала 139488
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх