Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Минисправочник и тесты на тему "Шылау сөздер"

Минисправочник и тесты на тему "Шылау сөздер"

  • Другое

Название документа Септеул_к, жал?аулы?, демеул_к.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Септеуліктер — белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Септеуліктер мезгіл, мақсат және себеп-салдар мағыналарын айқындап, сөзден кейін қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, кейбір етістік түрлерімен тіркесе алады.

Послеслоги применяются только со словом, находящимся в определенном падеже. Связывают слова подчинительной связью. Послелоги выражают временные, целевые, причинные значения слов и находятся после слова. Могут сочетаться с именами существительным, прилагательным, числительным, местоимением и некоторыми формами глагола.


Сочетание послеслогов с падежами:

Атау септікті меңгеретін септеуліктер

Үшін

Сайын

Сияқты

Туралы

Арқылы

Бойы, бойымен

Шамалы, шақты, қаралы

Ғұрлы (ғұрлым)

Барыс септікті меңгеретін септеуліктер

Дейін (шейін)

Қарай, таман

Салым, тарта, жуық, таяу

Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер

Гөрі

Бері

Кейін

Соң

Бұрын

Бетер

Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер

Қатар

Бірге

Қоса


Мысалы :


университетке дейін - до университета

жыл бойына - в течение года

айтуы бойынша - по его рассказам

сабақтан соң - после урока

түстен кейін - после обеда

сен арқылы - через тебя

шаруашылық туралы - о хозяйстве

сен үшін - ради тебя

оқу үшін - для учебы

былтырдан бері - с прошлого года

менен бұрын - раньше меня

әрі отыр - сядь подальше









Жалғаулықтар — сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады.

Союзы служат для связи слов, словосочетаний, частей сложного предложения, а также предложений друг с другом.

Жалғаулықтар түрлері:

Ыңғайластық (соединительные)

Және

Әрі

Мен/бен/пен

Да/де, та/те

Талғаулықты (разъяснительно-разделительные)

Әлде

Біресе

Бірде

Не

Немесе

Я

Яки

Болмаса

Кейде

Қарсылықты (противительные)

Бірақ

Алайда

Дегенмен

Әйтпесе

Әйткенмен

Сонда да

Себеп-салдарлық (причинно-следственные)

Себебі

Өйткені

Сондықтан

Шарттық (условные)

Егер

Онда

Ұштастырғыш (смыкающие)

Ендеше

Демек

Яғни

Мысалы:

Демалыс күндері – сенбі және жексенбі. - Выходные дни - суббота и воскресенье.

Ол қатал, әйткенмен әдiл адам. - Он строгий, однако справедливый человек.

Не мен барамын, не сен бар. - Или я пойду, или ты иди.

Ол таңертең телефон соқпайды, себебі уақыты болмайды. - Он не позвонит утром, потому что у него не будет времени.

Жаңбыр көп жауды, сондықтан егін жақсы шықты. - Дождя много было, поэтому урожай был хороший.

Егер олар келмесе, онда біз өзіміз барамыз. - Если они не придут, тогда мы сами пойдём.


Демеуліктер өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.

Частицы не изменяются, придают словам или предложениям различные значения.

Демеуліктер түрлері:

Сұраулық (вопросительные)

Ма/ме, ба/бе, па/пе

Күшейткіш (усилительные)

Ау, ай, ақ

Нақтылық (уточняющие)

Ғой, қой

Шектік (ограничивающие)

Ғана, қана

Тек

Болымсыздық (отрицательные)

Түгіл

Тұрсын

Тұрмақ

Болжалдық (приблизительные)

Мыс/міс

Екеш

Мысалы:

Сен киноға бардың ба? - Ты ходил в кино?

Ол айтты ғой. - Он ведь сказал.

Сөзде ғана, істе жоқ. - Лишь на словах, но не на деле.


Название документа Шылау с?здер 1,2 н?с?а.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

Шылау. 1- нұсқа


1.Үшін, туралы, жайлы шылаулары қай септіктен кейін келетінін көрсетіңіз.

А) Жатыс. В) Барыс. С) Табыс. Д) Ілік. Е) Атау.

2. Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сенің Астанаға барғың келе ме? В) Жазда Астанаға және Алматыға бардық. С) Ол Астанаға барған емес. Д) Асан мен Үсен Астанада болып қайтты. Е) Ол Астанаға дейін пойызбен барады.

3. Сұраулық демеуліктерді көрсетіңіз.

А) Түгіл, емес. В) –Ақ, -ау. С) Қатар, бірге. Д) Кім, не. Е) Ма, ме, ба, бе, па, пе.

4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.

Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.

А) Сияқты. В) Туралы. С) Үшін. Д) Ғана. Е) Бірге.

5. Сен де бір кірпіш дүниеге.

Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз.

А) Демеулік шылау. В) Септеулік шылау. С) Үстеу. Д) Жалғаулық шылау. Е) Көмекші есім.

6. Жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.

А) Қана, ғана. В) Шейін, дейін. С) Ма, ме, ба, бе. Д) Үшін, бірге. Е) Да, де, та, те.

7. Сұраулық шылауды табыңыз.

А) Сонда. В) Ма, ме. С) Шейін. Д) Гөрі. Е) Әйтпесе.

8. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Досым туралы жақсы хабар естідім. В) Кеше ғана ол ауылдан келді.

С) Өмірден өз орнын тапқан-ды.

Д) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ.

Е) Ағам және оның қызы алыс жолға аттанды.

9.Септеулік шылауды табыңыз.

А) Қой. В) Мыс. С) Соң. Д) Ба. Е) Ақ.

10. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз. Отан ... от кешкендер.

А) Үшін. В) Бұрын. С) Секілді. Д) Туралы. Е) Ғана.

11. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.

Я, яки, не, немесе.

А) Талғаулықты В) Қарсылықты С) Іліктес Д) Ынғайластық Е) Себеп-салдар

12. Қарсылық мәндегі жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) Және, немесе. В) Сондықтан, алайда. С) Бірақ, себебі. Д) Себебі, сондықтан. Е) Бірақ, алайда.

13. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Е, жақсы болыпты. В) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен. С) Мына кісі неткен білімді. Д) Пайда ойлама, ар ойла. Е) Даналық халық сөзінде екен.

14. Септеулік шылауы бар сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Жол арқылы В) Астана туралы С) Айтты ма? Д) Қала түгіл Е) Бірде дұрыс

15. Жұмбақ құрамындағы қай сөз шылау екенін көрсетіңіз.

Таңертең бар, кешке жоқ,

Кеш түгілі, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін ұсақпын.

А) түгілі. В) емеспін. С) кеш. Д) мен. Е) жоқ.

16. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.

А) Себебі, секілді. В) Сондықтан, сол себепті. С)Және, бірақ. Д) Көрікті, көңілді. Е) Қала,шаһар

17. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Біз табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. В) Жаңбыр жауса, жер көгерер. С) Менің әпкем тілмаш болғысы келеді. Д) Сабақтан соң біз театрға бардық. Е) Япырмау, неткен ғажап күй!

18. Сөйлемді септеулік шылаумен толықтырыңыз.

Саяхатқа оқушылармен ... мұғалім шықты.

А) Арқылы. В) Кейін. С) Дейін. Д) Туралы. Е) Бірге.

19.Демеулік шылауды табыңыз.

А) Гөрі. В) Сонда. С) Ма, ме. Д) Әйтпесе. Е) Шейін.

20. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

А) Біресе мәтін оқимын, біресе жазу жазамын.

В) Үйден төрт жасар бала жүгіріп шықты.

С) «Жиренше, үйінде ұлың бар ма?» -деді ол.

Д) Іле өзені Қапшағайдан кейін Балқашқа құяды.

Е) Үлкені де-осы, кішісі де –осы,-деді.




Шылаулар. 2-нұсқа.


1.Сұраулық шылауды көрсетіңіз.

А) Ғана, тек. В) Кейін, шейін. С) Қарай, таман. Д) Ма, ме. Е) Туралы, үшін.

2. Сөйлемде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.

Кітапта Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтыстарына орын берілген.

А) Демеулік. В) Талғаулық. С) Септеулік. Д) Жалғаулық. Е) Шарттық.

3. Септеулік шылауды анықтаңыз.

А) мен. В) кейін. С) –шы. Д) –мыс. Е) –ма.

4. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.

А) Бірге. В) Шейін. С) Соң. Д) Үшін. Е) Кейін.

5. Берілген сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз: Мен кітаптан той туралы оқыдым.

А) Мен. В) Кітаптан. С) Той. Д) Туралы. Е) Оқыдым.

6. Қажетті септеулікті көрсетіңіз. Үш ай қыстан ... көктем келеді.

А) Жайлы. В) Соң. С) Үшін. Д) Бірге. Е) Арқылы.

7. Көңіл-күй демеулікті анықтаңыз.

А) пен, бен. В) әлде, не. С) басқа, өзге. Д) –міс, -мыс. Е) ма, ме.

8. «Бірақ» жалғаулығының түрін анықтаңыз.

А) Ыңғайлас. В) Талғаулы. С) Қарсылықты. Д) Себеп-салдар. Е) Кезектес.

9. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз.

Қыста ... күзде күн суық болады.

А) Бірақ.. В) Және. С) Арқылы. Д) Әйтпесе. Е) Мен.

10. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.

А) Демеулік шылаулар. В) Септеулік шылаулар. С) Жалғаулық шылаулар. Д) Одағай сөздер.

Е) Қыстырма сөздер.

11. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- ... белгілі.

А) –ді. В) –мыс. С) –ақ . Д) –ай. Е) –ау.

12. Ыңғаластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) От(пен) ойнама! В) Машина(мен) келген еді. С) Марат (пен) Қанат келді. Д) Марат(пенен)

сөйлесті. Е) Марат(пен) барып кел.

13. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Орманға таман. В) Мал мен бас. С) Мектепке қарай. Д) Мен келдім. Е) Сен отыр.

14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.

А) Бекерге қиналу. В) Орта мектеп. С) Қазыбектің жоспары. Д) Жиналыстан кейін. Е) Дәл өзі.

15. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) Сенен гөрі. В) Көлге шейін. С) Көрген-ді. Д) Сен бе? Е) Қарыз бен парыз.

16. Шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А) Марат үйде жоқ . В) Мен кешке барамын. С) Ол кешке ойнайды. Д) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз. Е) Балам, сабаққа дайындал.

17. Барыс септікпен келген шылаулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Жұмыста Болат туралы әңгіме болды. В) Қазақша жүзге дейін санайды. С) Алғаш сөз болған Бораш болды. Д) Қабыш үшін бәріміз ұялдық . Е) Жиналыс ай сайын өтіп тұрады.

18. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

Алтынсары қадалған ... , оның кескіні құбыла бастады.

А) Таман. В) Туралы. С) Қарай. Д) Сайын. Е) Тарта.

19. Себеп –салдар салаластың шылауларын табыңыз.

А) Өйткені, сондықтан, сол себепті.

В) Сондықтан, және, әрі.

С) Өйткені, сол себепті, бірақ .

Д) Дегенмен, әйтсе де, ал.

Е) Немесе, бірде, кейде.

20. Шылауды табыңыз.

А) Басты мәселе-оқу үлгірімі.

В) Сөз өмірдің үлкен қаруы.

С) Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Е) Ой жетпейтін жер болмайды.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

отличное справочное пособие для 5,6,7 классов, а также при подготовке к ЕНТ и ВОУД по теме "Шылау сөздер". Учащиеся легко воспринимают грамматический материал и затем успешно справляются с предложенными тестами на тему "Шылау" 1,2 нұсқа. Можно использовать как контрольный тест по завершению заданной темы.

Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров227
Номер материала ДВ-451962
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх