Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Өмір деген өзің тану, білу, түсіну

Өмір деген өзің тану, білу, түсіну


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:



Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі










«Өмір деген –-өзіңді білу, түсіну»....













Психолог: Б. Е.Ахметова

















«Өмір деген – өзіңді білу, түсіну»....


Мақсаты: Ата-аналар мен оқушылардың қарым-қатынас өрісін дамытып, баламен қарым-қатынаста адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Көрнекіліктер: үнтаспа, суреттер, плакаттар, диаграмма.

Психолог:

- Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке-шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата-ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата-аларға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпін!


І Ата-аналарға, оқушыларға арналған тренинг «Менің есімім»

Көңілді допты бір-бірлеріне беріп өз есімдерін айту.

- Есіміңіз кім?

- Қандай мағына береді?

- Есіміңізді кім қойды?

- Өз есіміңіз өзіңе ұнай ма?

- Есіміңізді өзгерткің келе ме?


ІІ Жаттығу «Өз жұлдызыңызды табыңыз»

Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.

а) ата-аналар алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады

ә) жұлдыздарға өз есімдерін жазады

б) тақтаға іледі


ІІІ Мақал – мәтелдің мағынасын ашу

Ата-аналарға:

1. «Баланы жетіге келгенше тыйма, он төртке келгенше құлыңдай қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла»

2. «Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме»

3. «Тәрбие бесіктен басталады»

4. «Сүтпен біткен, сүйекпен кетеді»

5. «Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік»

6. «Әкеге қарап ұл өседі»


ІV Диаграмма құрастыру.

Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру.

Ата-анаға:

1. Ұйқыға

2. Жұмысқа

3. Үй шаруасына

4. Отбасына

5. Балаға

6. Жалғыз болуға


Диаграмманы қорытындылау


V Ата-аналарға арналған «Шынымды айтсам.......» жаттығуын өткізу. Сөйлемді аяқтау.

1. Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда…….

2. Шынымды айтсам, мен балам тәртіпсіздік жасағанда, ішімнен….

3. Шынымды айтсам, мен жұмыстан үйге келгенде немесе таңертең көзімді ашқанда…..

4. Шынымды айтсам, баламның тәртібіне байланысты мектепке шақырғанда….

5. Шынымды айтсам, баламның сыныптастарымның ата-аналары мектепке келіп, мен жиналысқа келе алмай қалсам……

6. Шынымды айтсам…….


VІ Қорытынды

  1. Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.


2. Сабақтың басында өткізген «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуына қайта оралу.

- Міне, қоштасатын да сәт жетті. Дегенмен, біздің сабақ бойы жарық беріп тұрған жұлдыздарымыз қалды. Олар біздің энергиямызбен, мейірімізбен, ертеңгі күні үмітімізбен жетістіктерімізбен толы. Олар - біздің балаларымыз! Ал сіздерге, ата-аналар, сіздердің жарық жұлдыздарыңыз әрқашан осылай жарқырап жүру үшін, оларға әрқашан қорған бола біліңіздер.




























Анықтама


Тақырыбы: «Өмір деген – өзіңді-өзің тану, білу, түсіну»....

Өткізілу нысаны:6 сынып

Өткізілген күнІ: Қазан 2015 жыл.

Жұмыс мақсаты: Ата-аналар мен оқушылардың қарым-қатынас өрісін дамытып, баламен қарым-қатынаста адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Қатысушылар: 6 сынып оқушыларының ата-аналары және сынып жетекшілері.

Кіріспе. Ата-аналармен сәлемдесіп, бүгінгі күн тренинг мақсат-міндеттері туралы айтылды.


Кеңес беру барысы: Жиналыс барысында ата-аналарға жасөспірімдердегі психологиялық-физиологиялық дамуы жайында қысқаша мәлімет айтылып, «Менің есімім» жаттығуы және «Өз жұлдызыңызды табыңыз» атты тренинг жүргізілді. Мұнда ата-аналар жұлдызшаларға өз балаларының есімдерін жазып тақтаға ілді. Мақал – мәтелдің мағынасын ашу, «Шынымды айтсам.......» жаттығуы жүргізілді. Мұнда ата-аналарға карточкалар таратылып берілді. 3 топтан бір-бір ата-ана шығып диаграмма құру шартында 24 сағаттың қанша уақытын кімге немесе неге арнайтыны туралы әңгіме талқылау ұйымдастырылды. Ата-аналар жоғары белсенділікпен қатысты. Сонымен қатар жаттығулар арасында видеороликтер ұсынылды. Сынып жетекшілер сынып туралы мәлімет айтып, өз мәселелері туралы ортаға ой салды.

Қорытынды. Жиналыс барысында қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Ата-аналар балаларына жетістіктерге жетуге көмектесудің бірден бір жолы мадақтау, жасаған әрбір жақсы әрекеттерін мақтау керек екендігін түсінді. Сонымен қатар бала тәрбиесінің орынды болуы ата-аналардың өз қолында екендігі, балаға тәрбие көрсетуде бірінші өзінен бастау керектігін ұқты.

Ұсыныс. Балаларына сүйіспеншіліктері мен махаббаттарын білдіру арқылы баланың өзін-өзі дамытуы мен шыңдауына себеп болу.





Психолог Б.Е. Ахметова



Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДВ-445849
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх