Инфоурок Другое Другие методич. материалыӨмір, қымбатсың маған ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Өмір, қымбатсың маған ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Скачать материал

Өмір, қымбатсың маған!

Мақсаты: студенттерге өмір құндылығының мәнін, яғни қандай ма жағдай болса да өмір сүруден түңілмеуге тәрбиелеу, өмір құндылықтарын терең білуге, өмірге деген  құштарлығын арттыру мақсатында жан – жақты түсінік беру.

Міндеттері:
- білім алушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
          Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, аудио кассета.

 

Жүру барысы:

Оқытушы: 

Өмір деген тұрмайды қап - қарадан
Өмір деген тұрады: таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар армен келіп, армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
Күн десең де, тірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен, гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен, жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: ақ - қарадан,
Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!

Өмірдің мәні - қарапайым адам бола білуде, әрбір сәтіңнен ләззат алуда, әр іске  талпыныс жасауда, әрбір нәрсенің байыбына жетіп қастерлеуде.  Өмірдің мәнін  дәл мынадай деп кесіп – пішіп айтуға болмайды. Ол нақты қағидаға сүйеніп сол бағытта жүретін   нәрсе емес. Өмір әр адам үшін әр түрлі.

Кейде жұмыстан шаршап, кейде сәл нәрсеге көңіл-күйім құлазып, ойға бой алдырған сәттерде айналамдағы мүгедектер арбасына таңылған жандарды, өмір басқа салғандықтан соң жол шетінде қайыр сұрап отырған әйелдер мен бала-шағаларды, ішкілікке салынып кетіп отбасынан кетіп қалып көшеге беттері көнектей боп көгеріп жүрген кей жандарды еске түсірген кезде  АЛЛАһқа жалбарынып асылық-пендешілік ойларым үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Менің жұмыстан шаршадым дегенім, ісімнің табан астында біте қоймады дегенімнің бәрі осылармен салыстырғанда керемет тірлік, керемет өмір екен. Сондықтан да өмірдің қиыншылығын жеңіп, бар қиындыққа төтеп беріп, асқақ арманға жету үшін де өмір сүруге тиіспіз.

Сол үшін, Өмір, қымбатсың маған.

Қазақ  ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты сөзді  бойына сіңіріп өскен  халық. Алайда соңғы уақытта естіміген елде көп дегендей іштен шыққан баласын балалар үйіне тапсырып, тіпті далаға тастап, «ана» атанып жүрген қаншама қыздарымыз бар десеңші.

 Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты - балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған-тергенін балаларының жолына тосып,  солардың азамат болуы үшін бар жағдайды жасаған. Яғни, олар баланың болашағы үшін өмір сүрді.

Ал қазіргі  таңда кейбір жандар өмір сүрудің бақытын байлықтан, мансап пен қызметтен іздеп, адамгершілік,  қамқорлық,  аяушылық деген асыл қасиеттерді ысырып қойғандығынан, елімізде жәутеңдеген қара көздеріміздің  саны  артып, жетімдер үйі көбеюде.

Жетім қыздың монологы. Хайруллина Б

Ән «Сәби бақыты» . (Мырзағали К, Абдоллаев Д)

Оқытушы: ия, қызым, өмір сабақтары оңай емес.

Кім болса да өмірде бақыт іздеп, тек қана соған ұмтылады. Бақыт жолында адам ұшқан құс тәрізді. Бала асырап алған адамдардың бар болғанына да шукіршілік ету керек.

Сол үшін, Өмір, қымбатсың маған.

 

Тағдыр тәлкегі өмір сабақтарының бір парағы.  Біреулер мұндай қиындыққа отбасылық жағдайдан, аяқ астынан тап болып жатырса, біреулер экологияның кесірінен          Тағдыр тәлкегіне ұшырап жатады. Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күн «тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы – денсаулығы тікелей әсер етеді.  Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелрдің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар.

Монолог «Жарық ай» (Жумгулова К)

Оқытушы: ия, қызым, өмір сабақтары оңай емес. Бірақ қоғамымызда көмек қолын созуға дайын ақ азаматтарымыз бар. Қиын уақытта қол ұшын беріп жәрдемдесуде. Осындай азаматтардың барына шүкір.

Сол үшін, Өмір, қымбатсың маған.

Күй «Көңіл толқыны» (Каденова Г)

Оқытушы:

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

 

Көркем сөз: М.Мақатаев  «Дос болам десең» (Бақтыбай А)

Оқытушы:

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Осындай адал достарымыздың барына шүкір.

Сол үшін, Өмір, қымбатсың маған.

          Қорытындылау (Оқытушы мен студенттер «Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне тілектер айтады.)

Оқытушы:

Бүгінгі өткізілген «Өмір, қымбатсың маған» атты өнеге сағатымыз өз мәресіне жетті. Пікір алмастық, ой бөлістік. Алдағы уақытта, бұл өткізілген шарамыздың әр қайсымызға кішкентай болса да көмегі тиетіне сенемін. Ендеше бәріміз ортаға келіп, «Шаттық шеңберін» құрып, бір-бірімізге тілектер айтайық.


Ең бастысы - жүрегің таза болсын;
Өмір - сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;
Өмір - сұлулық, сүйсіне біл;
Өмір - арман, жүзеге асыр;
Өмір - парыз, орындай біл;
Өмір - ойын, ойнай біл;
Өмір - байлық, бағалай біл;
Өмір - махаббат, ләззат ала біл;
Өмір - құпия, сырын аш;
Өмір - қайғы, көтере біл;
Өмір - күрес, жеңе біл;
Өмір - бақыт, баянды ете біл.

Ән: Көңілді күн  (хор)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өмір, қымбатсың маған ТӘРБИЕ САҒАТЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2017 2964
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсенова Зульфия Амангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дюсенова Зульфия Амангалиевна
    Дюсенова Зульфия Амангалиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 119686
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой