Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыӨмір- өмір сүру үшін беріледі.

Өмір- өмір сүру үшін беріледі.

Скачать материал
библиотека
материалов

Өмір- өмір сүру үшін беріледі.

Мақсаты:

Өмірдің қүндылықтарын дүниедегі ең жоғары құндылықтар екеніне жете түсінік беру. Адамзат баласына бір-ақ рет берілетін, екінші қайталанбайтын өмірді біз қалай қабылдауымыз, сезінуіміз қажет, міне соған бағыт беру.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, слайдтар,т.б.

«Өмір - өмір сүру үшін беріледі»

«Өмір - сен маған қымбатсың»

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жүргізуші. - Бүгінгі дөңгелек үстел басында талқылайтын тақырыбымыз

«Өмір - өмір сүру үшін беріледі»:

Ғашықпын, өмір саған

Көктем үшін,

Қорқыныш үрей үшін

От дем үшін,

Ғашықпын өмір саған

Азды-көпті,

Дәміңнен бұйырғаны

Жеткені үшін, - дегендей өмір адам баласына бір рет беріледі. Осы өмірде мәнді де, мағыналы өмір сүру өз қолымызда.

Миға шабуыл: (сұрақ-жауап)

  • Менің өмір сүрудегі мақсатым не?

  • Ендігі кезекті оқушылырамызға берейік,

  1. Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Бұл сұрақ төңірегінде адамдар есейі келе ойланады, әдетте өмірінің соңғы жылдарында ғана ойланады. Сондықтан болар, біздер көп нәрсені ескермейміз десек те болады. Өзіңді жас шағыңнан түсінуге бейімдеу керек, өмір сүруге дайындау қажет.

  2. Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Сол қамшының сабындай өмірде өкінбейтіндей, мағыналы өмір сүру қажет. Осы азғантай ғұмырдың ішінде қуанышқа да, қайғыға да, бақытқа да, шатыққа да, өмірдің қиын кездеріне көне де, төзе де білуі керек.

  3. Өмір - кеме секілді, теңіздің ағысымен жүзіп кете береді. Жаратқан әрбір жанға өлшеп қана өмір беретін сияқты. Бәрінің де өз уақыты болады. Бірақ, бұл өмірге келген соң, барынша өмірдің қызығын, қуанышын көруге тырысу керек.

  4. Әрбір атқан таң сен үшін сәтті болуын тіле, өйткені ол күн саған қанша қаласанда қайта еш оралмайды. Өмір кейде қатал, кейде жұмсақ секілді. Ол сені жылытады, күлдіреді, бірақ бәріне көнуге, шыдауға саған күш береді.

  5. Өмір саған әрқашан қуаныш пен бақыт, байлық бере бермейді. Қуаныш жүрген жерде қайғы қоса жүреді. Өміріңнің өзіңе сыйлаған бақытын көзге іліп, қанағат тұта білу керек. Алладан өміріңнің ұзақ етуін тіле, өйткені ұзақ өмір сүрсең ғана, өмірдің ащысы мен тәттісіне көзің жетеді.

  6. Өмірің ұзақ, денің сау, арманыңа шексіз жетсең, ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Осының бәрі ойымыздан табылса, мен кіммін? - деген сұраққа, «Мен бақытты жанмын,» - деп жауап берер едім.

Жүргізуші:

- Алла тағала, адамды 62 тамыр беріп, ет пен сүйектен жаратқан соң өмір сүргісі келеді, арман жетелейді, сезімге беріледі, дені сау және бақытты болғысы келеді. Олай болса, өмір сүру дегенді қалай түсінер екенбіз?

(Бейнесюжетке назар аударамыз).

- Өмір сүру дегенді қалай түсінесіңдер?

(сұрақ-жауап)

Музыка әуені. «Өмір - өзен»

Ситуациялық жағдай (рольдік ойын)

Миға шабуыл (сұрақ-жауап)

- Жасөспірімдер арасында суицид, яғни өз-өзіне қол жұмсау көбейіп кетті, осының себебі неде? (оқушылар жауабы)

Психологиялық тренинг:

«Жүректен - жүрекке»

Ойын шарты: жүрегімізден шыққан тілекке, айтылған тілекте «Өмір» сөзі міндетті түрде болу керек.

  1. Өмірде бақытты бол!

  2. Өмірден өз орныңды тап..!

  3. Өмірің қызықты да, мәнді болсын!

  4. Өмірде қызықты күндерің көп болсын!

  5. Өмірде достарыңның алды бол!

  6. Өмірің ұзақ, денің сау болсын!

  7. Өмірдің қиыншылығын көрме!

  8. Өмір саған тек қана қуаныш пен бақыт сыйласын!

  9. Өмірде қызыққа толы, қуанышты күндерің көп болсын!

10.Өмірде көздеген мақсатыңа, аңсаған арманыңа жет!.

Қорытынды бөлім:

Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы «Өмір - өмір сүру үшін беріледі» деген пікірталасымызды аяқтай отырып, адам баласына бір-ақ рет берілетін өмірді мәнді де, сәнді, бақытты да қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз.

Сабағымызды мына парақтардағы берілген сөзді қатыстыра отырып, бір ауыз сөзбен түйіндесек .

Адам, өмір, бақыт, ар-ұят, арман, денсаулық, адамгершілік.


Психикалық денсаулық негіздері

Сабақтың мақсаты: оқушыларда психикалық денсаулық, оған әсер ететін жағдайлар жөнінде дұрыс түсінік қалыптпстыру. Психикалық денсаулықтың бұзылуынан туындайтын аурулармен таныстыру, олардан сақтану жолдарын көрсету. Іс-әрекетін бақылауға, оған жауап беруге баулу.

Көрнектіліктер: «Психикалық денсаулыққа әсер ететін жағдайлар, одан туындайтын аурулар» атты сызбанұсқа.

Сабақтың барысы

Мұғалім бұл сабақты 6-сыныптағы «Психоэмоционалдық денсаулық, психоэмоционалдық стрестін алдын алу» деген тақырыптардың көрнектіліктерін пайдалана отырып, оқушылардың мына сұрақтар жөнінде білім мен білектерін қайталауына болады:

  1. Психикалық денсаулық дегеніміз не?

  2. Психикалық денсаулыққа әсер ететін факторлар қандай?

  3. Эмоция, эмоцияның түрлері қандай?

  4. Психоэмоционалдық денсаулықтың жақсы болуы үшін немен айналысқан дұрыс?

Сонымен, психоэмоционалдық денсаулық деп қоршаған ортамен (адамдармен, тірі табиғатпен, ондағы құбылыстармен, т.б. ) келісімді тіршілік етуді айтамыз.

Адам өсе келе:

  • өзін бақылауға;

  • саналы түрде түсінуге;

  • саналы қабылдауға;

  • қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай отырып, өны саналы түрде өсуге бағытталған жұмыстар жасайды.

Сонда ғана адамда қанағаттану сезімі пайда болады.

Психоэмоционалдық денсаулыққа әсер ететін 3-жағдай:

  • үйдегі;

  • жұмыстағы;

  • мектептегі түсінбеушілік жағдайы.

Жалпы барлық қоршаған орта жағдайына, адамның қанағаты, келісімді тірішілік етуіне байланысты.

Адам – биологиялық объект. Күнделікті тіршілікте адамға әр түрлі жағдайлары, соның шінде стресс, орта жағдайының өзгеруі, т.б. басынан өткеруге тура келеді. Осы жағдайда адам организімінде қандай процесстер болады?

Эмоционалдық стресс жиі қайталанса организмде мынадай аурулар туындайды:

  • нервоз;

  • психоз;

  • невростения;

  • инфаркт;

  • стенокардия;

  • гипертония;

  • қарын жарасы, т.б.

Эмоционалдық стрестен сақтану жолдары:

  • дене еңбегімен айналысу;

  • денені шынықтыру (салқын душ, су құйыну, т.б.);

  • адам өзін-өзі басқару керек.

Мұғалім сабақта алған білімді бекіту үшін оқушыларға мына тапсырмаларды орындауына болады.

1. Әр адам пайда болатын кикілжінді ұрыспай, қарсыласына тіл тигізбей, ызаланбай шеше алады. Өзің осындай бір ситуацияны ойла, оны сен қалай шешетініңді түсіндір.

2. Өзіңмен болған бір жағдайды есіңе түсір. Жағдайдың мән-жайын, қалай шешілгені жөнінде әңгімеле.

3. Бір нәрсені істер алдында бұл басқа адамдарға қалай әсер ететінін ойла, содан соң істе. Сенде ондай жағдайлар болды ма, қалай болғанын түсіндір.

4. Әрбір адам өзі істеген істерінің нәтижесінде өзі жауап беруге тиіс. Осындай жағдайды ойлап, нәтижесінде не болғандығын түсіндір.

5. Мен басқа адамдардың сезімін сыйлаймын. Осындай бір ситуацияны ойластыр, өзінің шешіміңді түсіндір.

6. Ата-аналар өз балаларының көмегіне сенеді, өйткені бала ата-анасына жәрдем береді. Сенің үйде атқаратын қызметін қандай, оны сен қалай атқарасың?

Осы тапсырмаларға жауап бере отырып, өзіңе белгілі бір қорытынды шығар. Егер сен осы тапсырмаларда көрсетілгендей шешім қабылдай алсаң, сен:

  • өмірдегі әр түрлі жағдайларды саналы түрде түсінетін;

  • болған оқиғадан сабақ алып, дұрыс шешім қабылдай алатын;

  • өзіңді-өзің бақылай алатын;

  • өзіңді қоршаған адамдармен келісімді қарым-қатынас жасай

алатын жеке тұлға болып қалыптасып келе жатқаныңды көрсетеді.

Сабақ соңында қрытынды бүкіл сынып болып талдауға болады.


  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Педагог-психолог
Курс повышения квалификации
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Форма проведения: философский стол (размышления о проблеме двух жизненных позиций: «жизнь для себя», «жизнь для других»

Основная цель: помочь взрослеющему человеку разобраться в сложном и многообразном мире людей. Пробудить интерес старшеклассников к проблемам самопознания и самовоспитания. Помочь сформировать активную жизненную позицию.

Оформление: презентация, «весы жизни», шарики по количеству детей. О принципах жизни , о его ценности. Надо ценить жизнь.Она дается всего лишь раз.

Жил-был мудрец. К нему все шли за советами, его все уважали. Но среди всех был один завистник. Он сказал, что мудрец не такой уж умный, и он может это доказать. «Я задам вопрос, на который он не сможет ответить. Я поймаю бабочку, зажму ее в руках и спрошу – какая бабочка у меня в руках: живая или неживая. Если он скажет «неживая», я выпущу её. Если он скажет «живая», я ее задавлю, и он будет неправ». Завистник на глазах у толпы подошел к мудрецу с зажатой в руках бабочкой и спросил: «Отгадай, что у меня здесь: живое или неживое?» И мудрец ответил: «Все в твоих руках!»

Эта притча как нельзя лучше подходит к вопросу об ответственности человека за свою жизнь – она в руках каждого из вас и каждый сам выбирает тот образ жизни, ту жизненную позицию, которая наиболее приемлема для вас. Никто не может быть принужден к выражении своих мнений и убеждений или отказу от них, - говорится в ст 29 п.3 конституции РФ.

Рефлексия

И закончить мне хочется цветком жизни

Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Основы системы профилактики безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних в соответствии с федеральным законодательством»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Профессиональная этика в психолого-педагогической деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Профилактическая работа в ОО по выявлению троллинга, моббинга и буллинга среди подростков»
Курс повышения квалификации «Когнитивно-поведенческая терапия детей и подростков»
Курс повышения квалификации «Психодиагностика в образовательных организациях с учетом реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности психолога в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.