Инфоурок Другое Презентации«Өмірді танып білуге құштарлық»

«Өмірді танып білуге құштарлық»

Скачать материал

Өзін – өзі тану

Сабақтың тақырыбы: «Өмірді танып білуге құштарлық»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: шыншылдық , адамгершілік

Сабақтың мақсаты:

Балалардың « білім » құндылығы туралы     түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-білімнің адам өміріндегі маңыздылығын білуге үйрету;               

 -білімге,оқуға құштарын арттыру;

-жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтыңбарысы:

1Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі

«Тәртіп , талап , тыныштық , тазалық , татулық»

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

5 мин

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Ата өсиеті» әңгімесі

Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау. Ойларын тыңдау.

6 мин

3.Дәйексөз: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар –адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»

Ш. Құдайбердіұлы

Нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

Дәйексөзді оқушыларға бір –екі рет қайталатып, жатқа айтқызып, дәптерге көшіріп жазғызамыз.

6 мин

4.Әңгімелеу: Екі қасқыр (аңыз)

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

·         Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі –сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді.

Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып,өмір бойы күресумен болады.Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты: - Ата, ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-Сен қайсысын көбірек коректендірсең, сонысы жеңеді.

Талдау сұрақтары:

Ертегідегі қарттардың немерелеріне айтқан өсиеттері жайлы не түсіндіңдер?

·         Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады?

·         Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар?

·         Жағымсыз қасиеттерге нені жатқызамыз?

·         Қарияның немересінің пайымдылығын неден аңғаруға болады?

·         Кемеңгер қарияның жауабын өзің қалай түсіндірер едің?

10 мин

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып үш топқа бөлінеді. Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

1-топ «Сіздердің өмірлеріңізді не өзгертеді?» сурет арқылы көрсету

2-топ Өмір жайлы бейнефильмді көріп, түйінді ой жазу

3-топ «Өмір» тақырыбына өлең шумағын құрастыру.


12 мин

6.Топпен ән айту.

«Жасамайық өмірге біз қиянат»

(«Ұстазым менің» әнінің әуеніне салып орындау.)

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Жасамайық адамзатқа қиянат,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Осының бәрін санаңызға ұялат.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

Сонда ғана, гүлденеді болашақ.

Бәрін естен шығармайық, білейік.

 

Мейірім сізбен,

Қиянат жасамайық өмірге,

Бас қосып бізбен,

Қиянат жасамайық табиғатқа.

Нұр төгіп барлық адамға.

Қиянат жасамайық ата-анаға,

Жүрегің тасқан,

Қиянат жасамайық туған Отанға.

Пейілі дархан,

Нұр төгіп барлық ғаламға.

 





4 мин

7.    Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 95- бетіндегі Б. Адамбаевтың «Сөздің атасы мен анасы» мәтінін оқып, Ф. Оңғарсынованың “Шындық” өлеңін жаттау.

Соңғы тыныштық сәтi.

Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін есітеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!

2 мин

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өмірді танып білуге құштарлық»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 437 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2017 737
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калшабекова Багдат Баяманкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калшабекова Багдат Баяманкызы
    Калшабекова Багдат Баяманкызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6500
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 609 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе