Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Өмірді тану Өзін өзі тану
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Өмірді тану Өзін өзі тану

библиотека
материалов


Тақырыбы:– өмірді тану Өзін-өзі тану

Адам өміріндегі ең қажетті білім – өзін-өзі тану.

Б. Фонтенель

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

ә. 4-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

б. Адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер, «алтын сақа» (асық)

Шаттық шеңбері:

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Мұғалім «Өзін-өзі тану» пәнінің алғашқы сабағын кіріспе сөзбен бастауына болады. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, тілек айтады. Оқушыларға да осы шеңбер аясындабір-біріне тілек айтып шығу ұсынылады.

Әңгімелесу:

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына тарту мақсатында төмендегідей сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізеді:

-Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

- 3-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгендеріңді естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

- Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?

Мәтінмен жұмыс:

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша меңгерілген кейбір адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттерді оқушылардың есіне түсіру мақсатында мәтінмен жұмыс ұйымдастырылады.

Ойын:

Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып шығуы үшін «алтын сақа» ойыны ұйымдастырылады.

Жаңа ақпарат:

Мұғалім балаларды жаңа ақпаратпен таныстырады, өзін-өзі тану туралы ой түйіндейді.

Дәптермен жұмыс:

Дәйексөзде айтылған ойдың пысықталуы үшін мынадай тапсырма беріледі. Тапсырма:

Мен кіммін?

Менің мінезім қандай?

Қорытындылау:

Мұғалім оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып, сабақты қорытындылайды.

Жүректен жүрекке:

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, қол ұстасып бәрі бірге «Өзін-өзі тану арқылы өмірді танимыз» деп екі рет қайталайды. Өлең оқиды.

Тақырыбы: Білімге құштарлық

Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

Халық мақалы

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «білім» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

ә. Білімген, оқуға қызығушылықтарын дамыту;

б. Білімді бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады.

Әңгімелесу:

Мұғалім білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді. Төменде ұсынылған өлеңді бәрі бірге айтады.

«Кітап – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы».

Осы мақал мәнісі

Қалай, - деп інім сұрады.

Болғың келсе білімді,

Кітаппен достас мәңгілік

Танырсың жатты, өзіңді,

ашарсың сөйтіп көзіңді.

Мәтінмен жұмыс:

Жоғарыда айтылған ой бекітіле түсу үшін әңгіме оқу ұйымдастырылады.

Дәйексөз:

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді. Мұғалім тақтаға жазылған «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген мақалдың мәнін түсіндіреді.

Жаңа ақпарат:

Оқушылардың сабақта алған білімдері жаңа ақпарат арқылы түйінделеді. «Адам білім арқылы қоршаған табиғатты, айналаны танып біледі».

Мәтінмен жұмыс:

Мұғалім оқушылардың білім туралы білетіндерін толықтыру үшін өлең оқуды ұсынады.

Дәптермен жұмыс:

Оқушылардың сабақта айтылған ойларды пысықтай түсу үшін дәптердегі тапсырма орындалады.

Жүректен жүрекке:

Мұғалім: - «Оқу инемен құдық қазғандай деп бекер айтылмаған. Өйткені білім көп еңбектенуді, төзімділікті қажет етеді. Оқушылар:

Талаптанып, Өмір сырын ұғамыз. Тұлғаланып,

Қанаттанып, Білім алып, Азамат боп шығамыз.

Тақырыбы: Ойлы бала озар

Терең ой – асыл іс

Абай

Сабақтың мақсаты:

а. Терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

ә. Ойлай білу іскерліктерін дамыту;

б. Ойлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып тұрады, бір- бірімен сәлемдеседі. Мұғалім де балалармен амандасқаннан соң оларға бір-біріне тілек айтуды ұсынады.

Жаңа ақпарат:

Мұғалім оқушыларды «Адам ойлылығын іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап, ақылмен істеген адам айналасындағыларға сыйлы болады. Ол өз мақсатын айқын көріп, мұратына жете алады» деген жаңа ақпаратпен танытырады.

Дәйексөз:

Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді.

Тапсырма:

Оқушылардың алған білімдерін іс-жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырма ұсынылады: «Ойлау арқылы адамзат қандай жетістіктерге жеткенін айтып беріңдер».

Ойын:

Мұғалім балалардың ойлылығын байқау мақсатында ойын ұйымдастырады. Мұғалім адами қасиеттердің бірін атағанда, балалар соған қатысты мақал-мәтелді немесе нақыл сөзді айтуы керек.

Тыныштық сәті:

Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Осылайша екі минуттай отырады.

Дәптермен жұмыс:

Балалардың ойын тереңдете түсетін тапсырма беріледі.

Қорытындылау:

Балалар бүгінгі сабақтан түсінгендерін кезектесіп айтады.

Жүректен жүрекке: (оқушылар шеңберге жиналып, өлең оқиды).

Ойнай бермей, ойлашы,

Ой түбіне бойлашы.

Менің жадым – сыр сандық,

Ақылымның қоймасы.

Бәрін, бәрін, бәрін де,

Еске сақтап, тоқимын.


Тақырыбы: Менің сыныбым – менің ұжымым

Ұжымда болу - бақыт

Ә. Табылдиев

Сабақтың мақсаты:

а. Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

ә. Өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

б. Бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер

Шаттық шеңбері:

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, шаттық шеңберіне шақырады. «Дос болайық бәріміз!» әнін бірге шырқайды.

Әңгімелесу:

- Бірлік, сыйластық, түсіністік, ұйымшылдық, ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

- Өз сыныбың несімен ұнайды?

Мәтінмен жұмыс:

Оқушыларды сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында әңгіме оқу ұйымдастырылады.

Дәйексөз:

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

Жаңа ақпарат:

«Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір-біріне көмектессе ұжымда бірлік, сыйластық болады. Оларды біріктіретін ортақ мақсат, ол – білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну».

Жағдаяттарды талдау:

1-жағдаят: Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алды. Қуанышында шек жоқ. Оның қуанышын қалай бөлісер едің?

2-жағдаят: сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылары үшін кезекші сынып оларды «Кірпі» газетіне шығарды. Осыдан кейін қандай шешім қабылдар едің?

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазыңдар.

Қорытындылау:

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Жүректен жүрекке:

Біздің сынып

Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып – мақтаулы.

Өйткені біз смүйеміз,

Дәйім тәртіп сақтауды.

Біздің сынып – мақтаулы.

Оқуда да алдамыз,

Біздің сынып – өнерлі.

Тақырыбы: Менің арманым

Арман – адамға қанат.

Халық мақалы

Сабақтың мақсаты:

а. Арман ұғымы туралы түсінік беру;

ә. Балалардың ойын, қиялын дамыту;

б. Жақсылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер, сөзжұмбақ

Шаттық шеңбері:

Мұғалім оқушыларға шаттық шеңберін құрукды ұсынады және сабақтың тақырыбымен таныстырады.

Әңгімелесу:

Оқушылардың арман туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.

- Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

- Өздеріңнің қандай армандарың бар?

- Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

- Арманға қалай қол жеткізуге болады?

Мәтінмен жұмыс:

Айтылған ойлар бекітіле түсу үшін мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар берілген мәтінді кезектесіп оқиды.

Дәйексөз:

Мұғалім оқушыларды сабақтың дәйексөзімен таныстырады.

Ойын:

Оқушылардың жақсы ниетпен армандауына ықпал ету үшін ойын ұйымдастырылады. Ортаға асық иіреді. Асық кімнің алдына түссе, сол оқушы ортаға шығып, өзінің арманын айтады.

Жаңа ақпарат:

«Адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады».

Дәптермен жұмыс:

- Сендердің армандарыңның жақсылықтан құралғанына сеніміміз мол. Бірақ нені армандайтындарыңды білгіміз келеді. Армандарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар.

Тапсырма:

«Арман алға жетелейді» дегенді қалай түсінесіңдер деген тапсырманы ұсыну арқылы мұғалім оқушылардың білімдерін тиянақтай түседі.

Қорытындылау:

Сабақты мұғалім оқулықтағы қоржындағы берілген сөздермен түйіндейді.

Жүректен жүрекке:

Балалар шеңбер құрып қол ұстасып тұрып, «Нағыз адам болғым келеді» дегенді бәрі бірге үш рет қайталап айтады.

Оқулықта берілген өлеңді оқиды.


Тақырыбы: Ата-баба өнері

Еңбек – өнер өрісі,

Өнер – өмір жемісі.

Халық мақалы

Сабақтың мақсаты:

а. Ата-баба өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

ә. Қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;

б. Қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер, түсті қағаз, қайшы.

*Шаттық шеңбері

Осындай әлем бар,қызықты, шуақты.

Әлемде әр ел бар,бақытты, қуатты.

Ондағы балалар,жайдары, көңілді.

Бәрі де керемет,бәрі де керемет!

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Тыныштық сәті.

Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін, ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі лоарды аялап,қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Домбырам күмбірлеп,күй шерте аламын.

Бұрала би билеп, сурет те саламын.

Ұқсатып кілемге,кесте де тігемін.

Актерша рөлде ойнай да білемін.

Жалықпай талай күн,жасаймын мүсін де.


Сабақтың тақырыбы:

Тілім – менің тірегім

Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

С.Торайғыров.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «тіл» , «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру.

б.Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер, түсті қағаз, қайшы.

*Шаттық шеңбері

Ана тілім – ұраным, Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – құралым. Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр-әнім. Бүтінделмес кемдігім.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Тыныштық сәті.

Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін, ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі лоарды аялап,қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Домбырам күмбірлеп,күй шерте аламын.

Бұрала би билеп, сурет те саламын.

Ұқсатып кілемге,кесте де тігемін.

Актерша рөлде ойнай да білемін.

Жалықпай талай күн,жасаймын мүсін де.


Сабақтың тақырыбы:

Мен елімнің азаматымын.

Ел іші – алтын бесік.

/Халық мақалы/

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «тіл» , «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

б.Елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер, түсті қағаз, қайшы.

*Шаттық шеңбері

Келгенде көктемі,көңілді гүл басқан.

Шырағы көктегі, жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің,өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Түлегі сендер,тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің.

Назары сендер,базары сендер,

Ажары сендер сол елдің.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Тыныштық сәті.

Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін, ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі лоарды аялап,қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Балалар еліне деген мақтанышын ән жолдары арқылы білдіреді.

Ән «Атамекен»


9 – сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Жақсы сөз – жанға қуат

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «сөз» , «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

б.Елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер, түсті қағаз, қайшы.

*Шаттық шеңбері

Ой – жүйрік, тіл – шебер,

Танытса шындықты.

Мәнді ойды тілмен бір,

Сөз тауып ұқыпты.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Тыныштық сәті.

Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін, ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі лоарды аялап,қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Аналар – күнім менің, Асқар – тау үйім менің,

Балалар – гүлім менің, Соларға сүйенемін,

Өзендер – күйім менің, Соларға сүйенемін.


10 – сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Адал достық

Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам.

Халық мақалы.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың , «достық», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Елге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

б.Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер, түсті қағаз, қайшы.

*Шаттық шеңбері

Күн жылынып, жаз болды,

Көлге аққу, қаз қонды.

Үйрек жүзіп сарыла,

Сайрандады жағада.

Жаз қызығын тойлайық, Қане, бірге ойнайық.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Тыныштық сәті.

Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін, ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі лоарды аялап,қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Сүйемін, құрметтеймін достың атын,

Дос барда талмайтындай қос қанатым.

Қосылып жүректегі сырларымыз,

Арманның асқарына жол табатын.


11 – сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Ашу – дұшпан, ақыл -дос

Ақыл -адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

М. Әуезов

Сабақтың мақсаты:

а. Ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру.

ә. Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, дәптер.

*Шаттық шеңбері

Бізге ашық күн керек.

Аспан керек мөп-мөлдір.

Қуанышқа тұр бөлеп,

Бақытты өмір төккен нұр

Жеңдіріп біз ашуды,

Ақылға әркез келеміз.

Азамат боп ер жетіп,

Ағаларға ереміз.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Тыныштық сәті.

Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін, ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Балалар денелерін түзу,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды. Денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі лоарды аялап,қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Аға ақылы

Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.


12 - сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Қуаныш – жан шуағы

Қуаныш – өмір шаттығы.

Халық даналығы.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Көңілденіп жүрейік.

Балдырғанбыз демейік,

Өмір сырын білейік.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.

Шаршадым «Уһ!» дедім,

Ренжідім «Туһ!» дедім,

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Аһ!» дедім,

Шарасыз «Еһ» дедім,

Таңырқап «О!» дедім

Кейідім «И!» дедім,

Біліп ап «Е!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Ән саламыз күнде біз

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.

13 - сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Кешірім мен келісім

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.

М. Әуезов.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «достық», «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Бір үйдегі екі адам,

Ұғыспайды бір – бірін,

Кірсе, шықса, барлық істе,

Келіспеуі тым қиын.

Екінші үйде адамдар көп,

Тату – тәтті тұрады.

Бір – бірімен тайталаспай,

Қас – қабақпен ұғады.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Әкел достым қолыңды, Баққа бірге кірейік,

Татуласқан орынды. Қол ұстасып жүрейік.

Өкпелесіп не керек, Татулықтың белгісі,

Көрсет, кане, соныңды. Кел, қосылып күлейік.


14 - сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Ортақ іс табысы

Келісіп істесе, көп іс бітеді.

Құтып.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «еңбек», «сыйластық», «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін!

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін!

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Білуге құштармыз, Тезірек өсеміз,

Қаламды ұстармыз. Сөйлеуге шешенбіз.

Ұшатын ұядан, Жұмбақты жасырып,

Балапан құстармыз. Жұмбақты шешеміз.

Тоңбауды білеміз,

Киініп жүреміз.

Жақсыны көреміз,

Қызыққа күлеміз.


15 – сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Құрметтей білейік

Үлкен алдында жас қарызы,

ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый.

М.Әуезов.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «құрмет», «сыйластық», «ынтымақ» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Анам маған.....

М.Мақатаев.

Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра – ізеттілік,

Арымды соған қойғам күзеттіріп.

Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,

Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Балалар шеңбер құрып отырады да жұптасады. Ақ қағазға көршісінің өзі ұнататын жақсы қасиеттерін, оған деген ризашылық сезімін жазады.


16 - сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Жақсылық жасай білейік

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

Халық мақалы

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Жақсы болу - өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің – ақыл айнасы.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра, қатыгез болсаң – сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа, жақсылық жерде қалмайды.

17- сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Талаптыға нұр жауар

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Ш.Құдайбердиев.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «Білім», «өнер» «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Суда жүзіп өсеміз, Талаптанып өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз. Қанаттанып өсеміз.

Күнге қызып өсеміз, Жеміс теріп өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз. Жеңіскер боп өсеміз.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Әркім өзінің орындалса деп жүрген арманын «алтын сақаны» қолдарына ұстап тұрып, іштей қайталайды.(«Мен оқуда жетістікке жетсем...», «Мың бұралған биші болсам.......»)


18- сабақ өзін – өзі тану 4-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Талаптыға нұр жауар

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Ш.Құдайбердиев.

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «Білім», «өнер» «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Суда жүзіп өсеміз, Талаптанып өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз. Қанаттанып өсеміз.

Күнге қызып өсеміз, Жеміс теріп өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз. Жеңіскер боп өсеміз.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Ойнап бал – бұл жанамын,

Кітап оқи аламын.

Әке сөзін тыңдаймын,

Мен талапты баламын.

Адал ұлмын халқыма,

Адал болам антыма.

Кім болсам да, еліннің,

Дақ салмаймын даңқына.


19- сабақ өзін – өзі тану 4-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ақылды тыңдай білу де өнер

Ата – ананың ақылы -

Сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдықтың ақылы -

Сарқылмайтын көлмен тең.

Халық мақалы

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «сыйластық» «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Бәрі қосылып ән шырқайды.

Бақытты балалық шақ

Біз – бақытты баламыз еркелеген,

Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі, өлең.

Туған жердің аймалап самал лебі,

Отан-ана біздерді мәпелеген.

Қандай жақсы бақытты балалық шақ!

Қандай әсем ойнаған қозы-лақ.

«Құлыным!» деп әкешім еркелетсе,

«Балапаным!» деп анам жаяр құшақ.

*Әңгімелесу.

Мұғалім сабақтың тақырыбына тарту үшін әңгімелесу ұйымдастырады.

*Мәтінмен жұмыс.

Мұғалім мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтағы мәтінді ұсынады.

*Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін

шығармашылық жұмыс ұсынылады.

*Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және денесін сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.

*Дәптермен жұмыс.

Мұғалім дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіреді.

*Қорытындылау.

*Жүректен жүрекке.

Тыңдай білем атамды, Сондықтан да атамнан,

Тыңдай білем апамды. Алдым алғыс батамды.


20- сабақ өзін – өзі тану 4-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Өзімшілдік пен көпшілдік

Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл.

Абай

Сабақтың мақсаты:

а. Оқушылардың «бірлік», «көпшілдік» құндылығы және адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту. ә.Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

б. Қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

оқулық, үнтаспа, қағаздан жасалған күннің шуақтары

*Шаттық шеңбері

Бәрі қосылып өлең жолдарын айтады.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-015889

Похожие материалы