Инфоурок Другое Конспекты"Өмірің өз қолында" сабақ жоспары өзін-өзі тану сабағы

"Өмірің өз қолында" сабақ жоспары өзін-өзі тану сабағы

Скачать материал

 

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

 

 

Сабақтың тақырыбы:    Өмірің өз қолыңда

Құндылық:қиянат жасамау

Қасиеттері:адамгершілік ,мейірімділік,кешірімділік,жауапкершілік, адалдық, әділдік.

 

 

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қиянат жасамай өмір сүру  адам өмірінің мәні екенін түсіну.

 

Сабақтың   міндеттері:

-         Адам өмірінде қиянат жасамау құндылығының  маңыздылығы туралы түсінік беру;

-         Оқушылардың бойында рухани –адамгершілік қасиеттерді дамыту;

-         Өмір жағдаяттарын дұрыс қабылдай білуге  мейірімділік, адамгершілік, кешіре білу,өз ісіне есеп бере,еліне

абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;

Ресурстар:оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақтыңбарысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

тәртіп

талап

тыныштық

тазалық

татулық

  Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  

Сабақ барысын талдау:

 

 

 

5 мин

2.Үй тапсырмасын тексеру.

25 –сабақтағы Қ.Қайсеновтың «Елдің иесі сендерсіңдер қарақтарым! » мәтінін оқып мазмұндап талдап келу.

Мәтін  бойынша сұрақтар:

-Қ.Қасым атаның өсиетінен қандай ой түйдіңдер?

- Өз бойларыңда қандай қасиеттерді шыңдар едіңдер?

-Қ.Қайсеновтың бойынан қандай құнды қасиеттерді байқадыңдар?

-Қ.Қайсенов балаларға ризашылық білдірудің себебі неде?

-Қ.Қайсеновтың қай қасиеттерін үлгі етесіңдер?

 

 

6 мин

3.Дәйексөз.

 

«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,

олар –адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»

 

 Ш. Құдайбердіұлы

Нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

   Дәйексөзді оқушыларға бір –екі рет қайталатып, жатқа айтқызып, дәптерге көшіріп жазғызамыз.

 

 

 

 

6 мин

4.Әңгімелеу

              Екі қасқыр(аңыз)

 Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып,  өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:

-         Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі –сенім,шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді.

Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып,өмір бойы күресумен болады.Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты: - Ата, ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:

-         Сен қайсысын көбірек коректендірсең, сонысы жеңеді.

Талдау сұрақтары:

-         Ертегідегі қарттардың немерелеріне айтқан өсиеттері жайлы не түсіндіңдер?

-         Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады?

-         Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар?

-         Жағымсыз қасиеттерге нені жатқызамыз?

-         Қарияның немересінің пайымдылығын неден аңғаруға болады?

-          Кемеңгер қарияның жауабын өзің қалай түсіндірер едің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

5.   Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып үш топқа бөлінеді.

«Сіздердің өмірлеріңізді өзгертеді» Өмір жайлы бейнефильмді көріп, түйінді ой негізінде «Өмір» тақырыпқа өлең шумағын құрастыру.

 

 

12 мин

6.Топпен ән айту. «Жасамайық өмірге біз  қиянат»

 

 (Ұстазым менің әнінің әуеніне салып орындау.)

 

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.

 

Жасамайық адамзатқа қиянат,

Осының бәрін санаңызға ұялат.

Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

Бәрін  естен шығармайық, білейік.

 

Мейірім сізбен,

Бас қосып бізбен,

Нұр төгіп барлық адамға.

Жүрегің тасқан,

Пейілі дархан,

Нұр төгіп барлық ғаламға.

 

Қиянат жасамайық өмірге,

Қиянат жасамайық табиғатқа.

Қиянат жасамайық ата-анаға,

Қиянат жасамайық туған Отанға.

 

 

4 мин

 

7.     Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 95- бетіндегі Б. Адамбаевтың «Сөздің атасы мен анасы»  мәтінін оқып, Ф. Оңғарсынованың “Шындық” өлеңін жаттау.

 

8.     Соңғы тыныштық сәтi.

  Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл -  күйін есітеріңізге  алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

Мұғалім: Жакупова Ш.С.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Өмірің өз қолында" сабақ жоспары өзін-өзі тану сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 534 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 4612
    • DOCX 14.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупова Шынар Сайлауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакупова Шынар Сайлауовна
    Жакупова Шынар Сайлауовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12295
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе