Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Доп. образование / Научные работы / ӨМІРЛІК ЖАР ТАҢДАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

ӨМІРЛІК ЖАР ТАҢДАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ

библиотека
материалов

ӨМІРЛІК ЖАР ТАҢДАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ

Ж.С.Қобықбаева, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей,қаласы

315 тобы, 3 курс, мамандығы «Педагогика және психология»


Қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі болып жөсөспірімдердің отбасы құруға деген дайындығы есептеледі. Бұл мәселе некеге тұрмас бұрын саралануы маңызды. Бұл жерде басты назар некенің сәтті болуы мен жар таңдау. Мамандардың зерттеуі бойынша, осы жаста көпшілігі қателікке бой алдырып жатады және қателіктің соңы таңдау жасаған адамының тұрақсыз болуына әкеледі.

Некеге отыру адамның өзінің қажеттіліктеріне байланысы болатыны анық, адамның қажеттілігі әлеуметтік процесте қалыптасады және оның жеке қасиеттерің қалыптастырады. Отбасы және отбасының ішкі жағдайларын зерттеу психологияда дәстүрге айналған. Өмірлік жар таңдау жастардың қазіргі уақытта әлеуметтік мәселелердің бірі болып тұр. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне сай келуін психологиялық сұрақтар арқылы шешуге болады және ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген қатынастарын зерттеу, некенің сапалы болуына әсер етуші факторларды анықтау психология ғылымының негізгі міндеттерінің бірі болып есептеледі.

XXғасырдың 90-жылдарында отбасы және неке құру мәселелерін зертеу өте қарқынды дамыды. Басты назар ерлі-зайыптылардың отбасы құрғанан кейінгі отбасындағы рольдері туралы туатын мәселені қарастыру болды. (Н.Н. Обозов, Н.Ф. Федотова, В.В. Матина, Е.В. Антонюк.) Шет елдерде отбасында мәселесін зерттеумен айналысқан ғалымдар қатарына Роджерс К., Сатир В, Фолкэн Ч., Харли У. және т.б. жатты.

Жасөспірімдерді отбасылық өмірге дайындау барысында басты назарды отбасы құруға, оның жеке басының дайындығына, таңдаған жарына басты назар аудару керек. Мамандардың зерттеуі бойынша, осы кезеңде адамдардың көбі өмірлік жар таңдауда қателікке ұрынып жатады, яғни таңдаған жарының тұрақсыз болуына әкеледі.

Барлық адамдардың өмірінде ең маңызды шешім қабылдайтын кездері болады, соның бірі жар таңдау шешімі..Осы таңдауды жасау барлығының өміріне өзгеріс әкеледі және жар таңдау- адамның өмір жолындағы серігі, алдағы өмірінің қандай арнада жүретіні юолашақ жарға байланысы, адамның өміріндегі жақындарының, баланың өмірі таңдаған өмірлік серігіне байланысты болады. Өмірлік жар таңдау әр кезде әр халықта басты мәселердің бірі болған болып келген.

Кез келген адамның өмірінде жар таңдауды жүзеге асыру үшін әсер етуші факторлар бар. Өмірлік жар таңдауда басты орныда адамның барлық жақтарын қарастыру маңызды: оның ішкі дүниесі, өмірлік ұстанымы, өмірде кезедесетін жақсы және жағымсыз жағдайларға деген қатынасы және олады шешу жолдары жатады. Болашақ жарының сырт келбетін де қазіргі жастар басты орынға қояды.

Ғалымдардың пікірі бойынша, жар таңдауда ер адамдардың көпшілігі сыр келбетке, бет әлпетінің сұлулығына қарайды. Бұл кезде олар сыр келбеттің алдамшы екенің ұмытып кетеді. Адамның ішкі жан дүниесі оның сырт келбетіне сай келмеуіде мүмкін. Ерлерге қарағанда қыз балалар материалдық жағына аса мән береді.

Психолгтардың айтуы бойынша жар таңдаудың басқа жақтары бар, олар яғни қыз балалардың 5-6жаста болғандағы қиялындағыдай ер азаматты іздеу, яғни бұндай ой оның сол жаста көп көрген ер азаматтың келбетінде туады. Ол ер адам оның әкесі немесе ағасы, атасы болуы мүмкін. Ер адамдар көбінесе жар таңдауға өзінің анасына ұқсайтын жартапқысы келеді.

Қазіргі барлық ер адамдарыдың таңдау бойынша өмірлік жарларының әдемі,нәзік,арық болғанын қалайды. Ал бұрынғы кезде керсінше болған, яіни ата бабаларымыз күші көп батыл қыздарды жар етіп алған, себебі олар үйдегі бүкіл жұмысты өздер істей алған және өмірге дені сау ұрпақ әкелеген. Өмірлік жар таңдауды тағы бір басы мәселе, ол ортақ қызығушылықтарының болуы - отбасында жақсы көңіл күй болуын және отбасының берік болуына септігін тигізеді. Сондай-ақ отбасындағы адамдар бір мамандық иесі болуы да отбасының табысты болуына септігін тигізуі мүмкін. Бір жұмысқа белсене кіріскен екі адам отбасындада жақсы тіл табысады дейді зерттеушілер.

Адамдардың көбі махаббатпен отбасы құрдық дегенге сенімді болады. Бірақ махаббат адам өміріндегі қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды. Адамға өмірде жаңа білім, интеллект, жаңа мамандық керек. Қазіргі жастар отбасы құру мәселесіне бей-жай қарауы жиі байқалады, себебі кездеседі, танысады, бір-бірін ұнатып қалады, ғашық болады және отбасы құруға шешім қабылдайды. Бірақ бұл махаббат сезімдеріне толы алдамшы сезім болуы мүмкін.

XIX ғасырдың ортасына дейін этнографиялық мәліметтерге қарасақ, орталық Еуропада, Ресейдің кейбір бөліктерінде некеге тұру атастырылу арқылы жүзеге асырылған. Ол кезде екі жастың бір-бірін өз таңдауларымен таңдап, оған ата-аналарының келісім беруі өте сирек кездескен. Зертеушілердің пікірінше Еуропада XVIII басы және XIX балалардың отбасы құруда ата-анасына тәуелді болуы байқалған.

Ал мұсылман елдерінде мүлде басқа дәстүрді ұстанған. Бұл жақта қалындықтың жас әрі дені сау болғаны аса маңызды болған, себебі дүниеге сау сәбилер акелу үшін; оған қоса қалындық ұяң болу қажеттілігі, басқалардың назарын өзіне аудармауы және ол төзімді жұмысқа икемі болуы , жарына адал болуы сияқты талаптар ұсталынған. Осы қасиеттердің арқасында ғана күйеуі басқа адамдар арасында сыйлы бола алған. Біздің заманымызға дейін мұсылмандар ғана балаларының келісімінсіз оларды некелестірген. Егер баласы ата-анасын өзіне жарды дұрыс тандамағаны жөнінде кінәласа, онда ата-анасы ұлын және де келінің үйден шығаруға құқылы болған.

Көптеген жасөспірімдер ұлдар мен қыздар кездесу кезінде және отбасы құруда көптеген қателіктер жасап жатады. Бірақ көп жағдайлар өмірлік жарды дұрыс таудамауда емес, басқа факторлардың әсер етуімен байланысты болуы мүмкін.

Көптеген жастар өзіне сай келетін жар іздегенде қателесіп жатады, көп жағдайда өзінің жеке тұлғалық дауына мән бере бермейді, яғни өзіне саналы баға бермей жатып, жастар басқаны сынауға тырысып жатады.

Көптеген жастар жар іздегенде өзіне сай келетін адамды іздеп жүрмін деп ойлайды және бұл алдамшы пікір болып есептеледі. Ол өзіне сай келеді деген адамның суретін салады. Соған сай оның мінезін, сырт келбетін, өмірлік ұстанымдарын ойластырады.

Көп жағдайда қыздар өздерінің болашақ жарын әкесіне ұқсау керек деп ойлап, әкесіне ұқсайтын адамды іздейді. Ал ұлдар болса өздерінің бұрын араласқан қыздарына ұқсайтын қыздарды табуға тырысады.Бұндай жағдайды қолдана отырып жастар әр түрлі образ құрастырады және айналасындағы болып жатқандардан құр қалып, келіп тұрған бақытынан айырылып қалады.

Берри Сент-Клер өмірлік жар таңдамаудың бірнеше мотивтерің атап кеткен:

Соңғы қоңырау” синдромы - жастар көп жағдайда өзі шамалас жастардың мектеп немес ЖОО бітіргенен кейін отбасы құрып жатқаны көріп, өздеріен бір нәрседен құр қалғандай сезінеді.

Кәрі қыз” синдромы - кейбіреулер өздерінің қатарластарының арасында отбасы құрмаған өзі ғана екенін сезінеді. Бойында үрей пайда болады, әсіресе қыз балалар, өмірінің соңына дейін жалғыз қалу қорқынышы пайда болады.

Жеңіс” синдромы - кейбір жастар отбасында кикілжінен шығу үшін ойланбастан отбасы құрып жатады.

Рикошета қағидасы”синдромы - rөп жағдайда жастар отбасылық өмірін құруда бұрынғы болған қарым-қатынасын ұмыту мақсатында басқа біреумен отбасы құрып жатады. Кейбір жастар бұны кек алу мақсатында қолданады.

«Қысым» синдромы - Көп жағдайда жастар ата-анасының қысым көрсетуімен некеге тұрып жатады. Кей екі жастың біреуі екіншісіне қысым көрсету арқылы некеге тұрып жатады.

«Қажеттілік» синдромы - ұл жағдайда көбіне жастар материалдық жағдай қажеттіліктерінен некеге тұрып жатады немесе өзінің біреуге қажет екенін көрсеткісі келеген жағдайда неке құруға шешім қабылдайды. Бұр жерде жарының қажеттіліктерін есепке алмайды, тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әрекет жасайды.

Жүктілік дағдарысы - көптеген жеткіншектер жоспарланбаған жүктілік салдарынан тұрмыс құрып жатады. Кей жағдайларда ғана, осындай себеппен неке құрған отбасылар жақсы тұрмыс құрып кетеді, ал көбінесе бұл отбасылар түрлі кикілжіңді жағдайларға ұшырап жатады.

Осылайша, әлеуметтік маңызды қажеттіліктердің біріне болашақжар ең жағын адамға айнауы жатады. Сондықтан, жастар отбасы құруда болашақ отбасының береке-бірлігінің қамтамасыз етілеуіне назар аударуы қажет. Бұл процесстің мінсіз жүзеге асырылуы үшін жастардың қажеттіліктерінің және өмірге деген көзқарастарының сәйкестілігі маңызды болып есептеледі.

Америкалық психотерапев К. Роджерс отбасы құрудағы және жақсы отбасы болу үшін қажетті жағдайларды атап көрсетті:

Адалдық және бірлестік;

Қарым-қатынас өз ойларын ашық айту;

Жақсы қарым-қатынас;

Өз беттілік.

К. Роджерс айтуы бойынша, бұдан шығатын қортынды ол отбасындағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары жақсы болса, отбасының дамуы да қарқынды жүреді. Отбасыны сақтап қалудың бірден бір жолы - ол екі адамның арасындағы қарым-қатынас.

Өмірлік жар таңдауда психологиялық ерекшеліктер:

Психологтардың көп зерттеулер арқасында жеткен нәтижелеріне қарасақ.
  1. Психологтардың зерттеулері бойынша көп жағдайда отбасы құруда бір-біріне түрлі көрсеткіштер сай емес адамдар болған. Мысалы, көп жағдайда ұзын бойлы ер азаматтар өз таңдауларын аласа бойлы әйел адамдарға беріп жатады.

  2. Ер азамат пен әйел адамның қандайда болмасын жақтарының ұқсауы отбасы құруда үлкен маңызға ие. Зерттеулер бойынша, ерлі зайыптылар сырт келбеті бойынша 20% ұқсайды, мінездері бойынша - 40% ұқсас болып келеді.
 3. Психологтардың ойынша, өмірлік жар таңдауда көбінесе жастар өздеріне мінезі жағынан ұқсас немесе балалық шақта қиялдағандай ер азаматтарды,қыздады іздейді.
4. Жұптардың психологиялық сай келуі. Жеке психотиптердің сәйкестілігін анықтайты темпетармент типтерінің, тұлғалық ерекшеліктерінің сәйкес келуі болашақ отбасының сапалы өмір сүруіне кепіл бола алады.

Жоғарыда айтылған барлық мәліметті анализдей келе, біз қазіргі жастардың болашақ жар таңдауының әлеуметтік - психологиялық гендерлік ерекшеліктерін анықтауды мақсат еттік. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында екі блокты қамтитын сауалнама құрастырылды. Сауалнаманың бірінші блогы болашақ жардың психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтарды қамтылса, екінші блок болашақ жардың сыртқы келбетін анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеуге Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, гуманитарлық факультерінің "Педагогика және психология" мамандығының қыз балалары және "Тарих" мамандығының ұл балалары қатысты. Барлық сыналушылар саны -20.

Қыз балалардың сауалнама қорытындысы бойынша, 8 (80%) қыз бала болашақ жарының білімінің жоғарғы болуын қаласа, 2 (20%) қыз бала білімінің орташа болуын қалады. Материалдық жағдайының 2-уі орташа, 8-і үйі, 4-уі жұмысы, 3-уі машинасы болғанын қалайды. Болашақ жарымен 3-уі паркте, 1-і поезда, 6-ы кездейсоқ танысқанды қалайды. Сыртықы келбеті бойынша көзінің 2уі үлкен, 1-і домалақ, 8-і қара түсті, 1-і қоңыр түсті болғанын, қасының 5-уі қалың, 5-уі қара түсті болғанын, мұрнының 8-і қыр мұрынды, 2-уі орташа болғанын, ернінің 8-і орташа, 1-уі жіңішке, 1-уі қалың болғанын, шашының 2уі қысқа, 2-уі қазіргі заманға сай,6-ы қара түсті болғанын, дене бітімі 6ы орташа, 1-уі толық, 1-уі арық, 2-уі спорттық формада болғанын, бойының 1-уі-1.65,3-1.80, 2-уі 1.75,5-1.85 болғанын және киімінің 2-уі таза, 4-уі классикалық үлгі, 4-уі спорттық үлгіде болғанын қалайтыны анықталды.Ұл балалардың сауалнама қорытындысы бойынша, 9 (90%) ұл бала болашақ жарының білімінің жоғарғы болуын қаласа, 1 (10%) ұл бала білімінің орташа болуын қалады. Материалдық жағдайының 4-уі жоғары, 6-уы орташа болғанын қалайды. Болашақ жарымен 1-і сабақта, 1-і автобуста, 1-і жақсы жерде, 1-і көшеде, 1-і жол жүргенде танысқанды қалайды, сыртқы келбеті бойынша көзінің 5-уі қара түсті, 1-і көк түсті, 1-і қоңыр түсті, 3-і үлкен болғанын, қасының 4-уі табиғи болғанын, 1-і жуан, 1-і қиылған, 1-қоңыр,3-жіңішке болғанын, мұрынының 6-уы қыр мұрынды, 1-і кішкетай болғанын, ернінің 3-уі әдемі, 1-і жіңішке, 2-уі қызыл болғанын шашының 4-уі ұзын, 3-қара, 3-қоңыр болғанын, дене бітімі, 1-і түзу, 1-арық, 4-уі орташа болғанын және бойы 2-уі ұзын, 1-1.60, 2-1.70 болғанын, киімінің 5-уі жарасымды, 5-уі жабық болғанын қалайтыны анықталды.

Отбасын құру және некеге отыру - бұл өте маңызды, күрделі шешім қабылдауды қажет ететін құбылыстардың бірі болып есептеледі. Қазақстанның болашағы жастардың қолында болғандықтан, үлгілі отбасылардың құрылуы, еліміздің демографиялық және әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Жастарымыздың отбасы құру маңыздылығын саналы түсінуі, дұрыс ақпараттандырылуы - отбасындағы ата-ананың, мектептегі педагогтың басты міндеті болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Шнейдер Л.Б. Психология семейных отношений. М. 2000.

  2. Сизанов А.Н. Подготовка подростков к семейной жизни. Мн. 1989.

  3. Гурко Т.А. Влияние добрачного поведения на стабильность молодой семьи.// Социологические исследования. 1993. С.58-74.

  4. Калмыкова Е.С. Психологические проблемы первых лет супружеской жизни.// Вопросы психологии. 1983 №3. С.83-89.

  5. Ковалев С.В. Психология современной семьи. М. 1988.

Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Научные работы
Просмотров108
Номер материала ДБ-039733
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх