Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Мысал жанрын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді тәсілдері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Мысал жанрын оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді тәсілдері

библиотека
материалов

Мысал жанрын оқытудағы сын тұрғысынан ойлау

технологиясының тиімді тәсілдері


Мамедярова Р.М.

23 жалпы білім беретін мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары мектеп тәжірибесіне енгізіліп, өз жемісін көрсетуде. Әрбір педагогикалық технологияның өзіндік жаңа әдіс – тәсілдерінің ерекшеліктеріне қарай әр ұстаз өз ізденісі арқылы жеке оқушының қабылдау деңгейі мен қабілетіне сәйкес іріктеп пайдаланады.

Жан - жақты ізденетін, дұрыс шешім қабылдай алатын шығармашылық тұрғыда ойлай білетін, рухани мүмкіндігі мол тұлғаны дамыту барысында педагогикалық технологияларды тиімді қолдану оқытудың барлық кезеңінде маңызы зор.

Жалпы, қай әдеби жанрда жазылған шығармаларды талдамасын, мұғалім сабақ өткелі отырған тақырып, сынып ерекшелігіне назар аударып, сонан соң барып пайдаланатын көрнекілік, т.б. оқу жабдықтарын әдіс – тәсілдерді, сабақ түрлерін үйлестіре, тиімді дегендерін сұрыптап ала білу керек. /3.112./

Жаңа әдіс – тәсілдің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - шыңдалған ойлау. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады. Ой – өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңінде «Мысал туралы не білесіңдер?» деп ой тастау арқылы оқушының жан – жақты ойлануға, ізденуге, өз ойларын ашық айтуға жетелейміз. Сыныпта тәртіп, сыйластық, ұйымшылдық салтанат құрып, оқушылар тақырып бойынша ең негізгіні түсініп ассоциация әдісі (топтастыру әдісі) негізінде «Мысал» бойынша ассосациялық картаға өз ойларын түсіреді.


C:\Users\User\Desktop\Рисунок1.png

Ассосациялық карта бойынша бір спикердің жауабы тыңдалады. Көңіл аударатын ерекше жағдай: сыныпта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығушылықтары, іскерлік белсенділіктері артады.

Сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде өткен материалмен байланыстыра отырып, оқушылардың жаңа материалды өздігінен меңгерулері жүзеге асырылады.

Мұғалім мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби – теориялық ұғымнан бағдар беріп, толықтыра кетеді. Яғни, мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, меңзеумен, астармен берілетіні, мысқыл, әжуә, сын, кекесін т.б. оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды өздеріне түйіндетіп отыру, талдау белсенділіктерін арттырады. /3.110/

Ахмет Байтұрсынов бұрынғы ескі – ертегі, хикая үлгілері емес, жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы И.А.Крылов мысалын аударып, ұлттық төл туынды жасады. Ендеше, өлеңге анықтама береміз. (Өлең – ырғаққа негізделген, синтаксистік біткен бір ойды білдіретін шумақ жолдарында буын, бунақтары дәл қайталанып, ол аяқтары ұйқасқа құрылған көркем шығарманың бір түрі.)

Талдау әдісі арқылы өз бетінше жұмыс жасауға жетелейміз. Оқушылар өлеңнің бір шумағын құрлысына қарай талдап, өлеңдік формамен бас бунағы 3 буынды, 3 бунақты, 4 тармақты, 4 шумақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасына жазылғандығын дәлелдейді.

3 4 4

/ Жүк алды // шаян, шортан // аққу бір күн,/ А 11б

3 4 4

/ Жегіліп // тартты үшеуі // дүркін – дүркін./ А 11б

3 4 4

/ Тартады // аққу көкке, // шаян кейін,/ Ә 11б

3 4 4

/ Жұлқиды // суға қарай // шортан шіркін./ А 11 б

«Екі түсіндірмелі күнделік» әдісі бойынша сөздік жұмыс орындату арқылы түсініксіз сөздерге оқушылар өздері түсіндірме жасайды, оны жеке, жұпта, топта талқылап, бір спикер ортаға шығып қорғайды.

Машақат – адам басына түсетін бейнет, азап, қиыншылық.

Ғибрат – тәлім – тәрбиелік, өнегелік мәні бар нақыл сөз.

Аллегория – ойды жан – жануарлар бейнесі арқылы беру, тұспалдау.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушыларды пікірлесуге, әңгімеге жұмылдырамыз.

  • Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының мәні не?

  • «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалы арқылы автор нендей мәселелер көтерген?

  • Ахмет Байтұрсынов неге аққуды, шортанды, шаянды алған?

Аққу, шортан, шаян туралы не білесіңдер? (Биология пәнінен еске түсіреді)

Оқушы жауабы: аққу – мойны ұзын, ақ қауырсынды, үлкен ақ құс, нәзіктік, тазалық, сымбаттылық, әдемілік бейнесі.

Шортан – тұрқы ұзын, басы сопақша келген, аузы үлкен, жыртқыш балық.

Шаян – өрмекші тәрізді көп аяқты, денесі бунақ – бунақ улы жәндік.

  • Осы кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды қөз алдарыңа келтіресіңдер?

  • Қай кейіпкерден адам бойында кездесетін жігерсіздік, намыссыздық, жауапсыздық, қастық жасау, сараңдық, алауыздық, күншілдік, көре алмаушылық, жалқаулық т.б. келеңсіз мінездер көрінеді? (иә; жоқ; дәлелдейді)

  • «Аққу, шортан, шаянда» мысал жанрына тән мысқыл, әжуә, өткір сын, келемеж кездесе ме? (иә; жоқ; дәлелдейді)

  • Ең соңғы шумақтың мазмұнына ой жүгіртейікші.

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелі бірлік керек болса жолдас.

«Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,» - деп қорытындылайды.

  • Өздерің осы қорытындыға келісесіңдер ме? (иә; жоқ; дәлелдейді)

  • Автор болсаңдар осы мысалды қалай өзгертіп, қалай жазар едіңдер?

Спикер жауабы тыңдалады... Егер біздің арамызда жүкті үш жаққа тартатын алауыздық байқалса, өткір сынап, жігерсіздігін, жауапсыздығын бетіне басып, шенейміз де, бірлікке, ынтымаққа, ауызбіршілдікке, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз.

Ендеше, «Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, ынтымақсыз істеген ісің оңбас» деп Ахмет атаның авторлық қорытындысы халық мақал – мәтелдерімен, афоризмдермен «Бірлік болмай тірлік болмас», «Саусақ бірікпей ине ілікпейді», «Бірлеспеген білек әлсіз», «Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күйің жоқ», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Ырыс алды ынтымақ», «Ынтымақ қайда барасың десе, бірлікке барамын деген екен», «Тірліктің күші бірлікте», «Сен саларда мен салар, атқа жемді кім салар», «Ынтымақ істі тындырар, ұрыс – керіс сағыңды сындырар», т.б. түйіндейміз.

Ой - толғаныс кезеңі – сабақты бекіту кезеңінде «ВЕНН диаграммасы» әдісі бойынша И.А.Крылов пен А.Байтұрсынов мысалының ұқсастығы мен ерекшеліктерін салыстырамыз:


ақын А.Байтұрсынов

аллегориялық (1873-1938)

жанр ғалым,

өлеңдік аудармашы

форма И.А.Крыловтан

сюжет аударды

сақталған 16 жол

адамгершілік адамгершілік ойы

отылған аяғында айтылады

И.А.Крылов

(1768 – 1844)

орыс ақыны

италиян ақыны

Лафонтеннен аударған


12 жол

адамгершілік ойы

асында айтылады














Үйге «Еркін жазу» әдісі бойынша алған білімдерін, әсерлерін, түсінгендерін, өздерінің қорытынды сөздері туралы, И.А.Крылов мысалындағы «дело пойдет на лад, лезть из кожи вон, воз и ныне там» деген мысал келтіре отырып, жағдаят ойлау, оны эссе немесе ой толғау түрінде жазып келу тапсырылады.

Сонымен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушының танымдық белсенділігін дамытуға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық, бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады.

Қазақ халқының ғажайып ақыны Мағжан Жұмабаев: «Әрбір келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде қаламақ. Ел тағдыры мектебінің құрылысына байланысты нәрсе... Мектебімізді сау, таза, берік, һәм жанымызға қабысатын негізде құра білсек, келешегіміз үшін серттесуге болады» дегені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ендеше, әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің де болашағы білім мен тәрбиенің алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты және мектеп тағдыры халық тағдырымен тамырлас.


Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров323
Номер материала ДВ-193988
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх