Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Ұмытылмас ерлік" тәрбие сағаты

"Ұмытылмас ерлік" тәрбие сағаты

Скачать материал

Мейрамгүл Әбенқызы Мутиханова – бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Жаңаталап орта мектебі.

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: Ұмытылмас ерлік.

Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысына қатысқан аталар ерлігін дәріптеу арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.

2. Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізді тарихи тұлғаға айландыру, үлгі ету.

3. Соғыс жылдарындағы аталармен бірге соғыс қасіретін тартқан аналар қасіретін бейнелей отырып, барлық аналарға құрметпен қарауға баулу.

Көрнекілік: Плакаттар мен суреттер, слайдтар, көрініс.

Сабақтың әдісі: Сурет-композиция, әдеби-монтаж, сұрақ-жауап, постер, Өрмекшінің торы.

 

 

 

Көріністер, әскери билер.

 

 

 

 

 

     «Постер» жасау

Сабақ барысы: Ұйымдастыру сәті.

Психологиялық дайындық. (топқа бөлу)

-Балалар, биылғы жылы біздің еліміз қандай айрықша оқиғаларды атап өткелі отыр? (Жеңіске 71 жыл, ақын Жамбыл атамызға 170 жыл, Тәуелсіздігімізге 25 жыл, желтоқсан оқиғасына 30 жыл)

- Иә, балалар, соғыстың аяқталғанына 71 жыл толып отыр, бүгінгі сабағымыз «Ұмытылмас ерлік» деп аталып отырғаны сол соғыста ерлік көрсеткен ардагер аталар мен аналарға арналады.

Екі топқа постер жасату, бірінші топқа «соғыс» деген сөз туралы не білетіндерін, екінші топқа «Ұлы Отан соғысы» туралы білетіндерін орындату. Екі топтың мүшелері постерді қорғайды.

Мұғалім: Соғыс! Зұлмат соғыс! Сұм соғыс! 1941 жылы 21 маусымда соғыс басталды. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Бұл халық үшін ауыр кез болды. Отанымзға қатерлі күн туды. Отынымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды. Біздің Жаңаталап ауылынан да бас көтерер азаматтардың бәрі майданға, соғысқа аттанды. Олардың көбінің денесі майдан даласында қалды. Майданда ерлікпен қаза тапты.  Осы соғыста біздің еліміз бір миллион екі жүз мың қазақтан айырылды. Отан үшін от кешкен, қаза тапқан аталарымыз бен әкелерімізді ұмытпайық. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.

Сол соғыста тылда еңбек еткен, сол кезде қасіретті көп көрген, ерлердің орнын басқан аналар бейнесін де ұмытуға болмайды.

Соғыс берді аналарға жесірлік,

Дей алмаймыз санамыздан өшірдік.

Боздақтардың қаны судай төгілген,

41-де көрмеді жұрт не сұмдық, - деп  ақын жырындағыдай «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» ұранымен  қазақстандықтар еңбектерімен майданға көмектесті. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін еңбек етті. Солардың бірі де бірегейі  аналар еді.

1-оқушы: Соғысқа ерлерін аттандырып салып солардың орнын басты. Күні-түні, қысы-жазы бел шешпей жұмыс істеді. Аналар ерлерше жер жыртып, егін салып, сиырды соқаға шеккен. Шөп шабу, шөмеле салу, қырман басында астық ұшыру сияқты ауыр жұмыстар істеген.

2-оқушы: Түнде жіп иіріп, майдандағы әскерлерге арнап қолғап, байпақ тоқыды. Өндірген азық-түліктерін, тоқыған киім-кешектерін түгелдей майданға жөнелтті. Сонымен қатар, қолдарына қарап қалған шиеттей бала-шағасын, кәрі ата-енелерін асырады.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар, сол соғыс кезінде 12-15 жаста болып тылда еңбек еткен апаларымыз бүгін кездесуге келіп отыр. Бақтыкен апа, Шаймардан апа, Нұрыш апа, Шайза апаларға сөз кезегін берейік. Сұрақтарың болса қоюға болады. (апаларға сөз беру)

Слайд «Соғыстың қаһарман ерлері»

Сөзді оқушыларға беру.

3-оқушы: 1941 жылдың маусымы,

Күндердің аса қиыны.

Тарқатып елдің базарын,

Соқты да соғыс құйыны.

Орманы көкпен таласқан,

Өксіді өмір адасқан.

Қан жоса болып қара жер,

Қақырап түсті көк аспан.

4-оқушы. Тәрбиелеп баптаған түлегіңді,

Туған елім тілеймін тілеуіңді.

Саған қарай садағын кім кезесе,

Қалқан етіп тосамын жүрегімді, -деп соғыстың алғашқы күндерінде –ақ әр жерде азаматтар өз еріктерімен Отанды қорғауға аттанды.

Көрініс. ( Майдан даласы)

5-оқушы:  Қан майданның алғашқы күндерінде соғыс құрбандары көп болды.

Жанарынан ең соңғы жасы тамып,

Жығылды ол Карпаттан асып тұрып.

Жолдастары жіберді анасына,

Солдаттың қонышындағы қасықты алып.

6-оқушы:

Қасіреттің қара аты қанында ұйып,

Қарт ананы жайлады жалын, күйік.

Ұзақ тұрды мұнартқан тау тәрізді,

Қарапайым қасықтың сабын сүйіп.

7-оқушы:

Ойға батты қиялмен тау, құзды асып,

Майданды да шарлады қанды із басып.

Жан ұлының қалдырған бар мұрасы,

Қолындағы қалайы, жалғыз қасық.

Ән:  «Ана туралы баллада»

8-оқушы:

Қайран шеше! Жымиғанын зерікпей,

Кімді қойған елжіретпей, ерітпей.

Әлі көптей бір өзіңе сыйлығым,

Бар жақсылық өз қолында өріктей.

9-оқушы:

Келе жатыр мүгедек,

Демеушісі – қос балдаққа асыла,

Жерде жатқан үзім нанды алды да,

Қойды ағаштың басына.

10-оқушы:

Ей, дүние, зағиптарды тыңда сен,

Ей, дүние, алыптарды тыңда сен.

Олар қолын, аяқтарын бермесе,

Ей, дүние, сен түрегеп тұрмас ең!

Ей, жас жігіт, омыраулап аптықпа,

Мына сөзді сен шын ұқ.

Осы атаңның, осы адамның арқасы,

Сенің күлкің, дүкендегі молшылық.

11-оқушы:

Кең әлемге азат күнді, ақ күнді,

Шығарған-ды кім сүйреп.

Мүгедектер, қос балдақты батырлар,

Кетіпті ғой тым сиреп.

Ән:  «Соғыстан қайтқан солдаттар»

12-оқушы:

Шашырап бір шыққан күндей боп,

Араласты жалын шашып гүл мен от.

Жүрегінің оты өшкен сол солдат

Мәңгі от боп қалатынын білген жоқ.

Соғыс бітті,

Бітті қанды дауыл да,

Деп қуанды ауылдағы

Үлкен-кіші бауырлар.

Ән:  «Жойылсын, соғыс»

          Би. «Катюша».

         Мұғалім: Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына егемен ел болып, емен-жарқын өмір сүруде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ардагерлер мен тыл ардагерлеріне деген құрметі өте зор. Қазіргі уақытта ардагерлер қатары сиреп барады. Ол адамдардың ерлігі ешуақытта өшпейді, өлмейді. Кездесуге келген әжелерімізге алғыс білдіреміз.

Қорытынды.

 

Мутиханова Мейрамгүл Абенқызы

Жаңаталап орта мектебі

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұмытылмас ерлік" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 041 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2016 1732
    • DOCX 503 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мутиханова Мейрамгуль Абеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9476
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 941 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе