Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / "Ұмытылмас желтоқсан" ашық тәрбие сағаты

"Ұмытылмас желтоқсан" ашық тәрбие сағаты


  • Классному руководителю

Документы в архиве:

Название документа ?мытылмас Желто?сан Айдана.ppt

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалім: Кунтуарова Айдана
Тәрбие сағатының мақсаты:      Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағын...
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні сөзі: Жұмекен Нәжімедено...
Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын қ...
Желтоқсан желі с. А. Асылбековтікі ә. Ә. Тінәлиевтікі Желтоқсан бірде, Ел то...
Тәуелсіздік Монументі
Жаса Қазақстан Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген Батырлар бұл жерде намы...
1 из 19

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Мұғалім: Кунтуарова Айдана
Описание слайда:

Мұғалім: Кунтуарова Айдана

№ слайда 2 Тәрбие сағатының мақсаты:      Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағын
Описание слайда:

Тәрбие сағатының мақсаты:      Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіре отырып, тәуелсіздік үшін, еліміздің болашағы мен келер ұрпақ үшін жанын қиған азаматтардың ерлігі, қайсарлығын, көрген табыстарын, рухани еркіндігін, адам құқығы мен бостандығын дәріптеу. Отанды сүюге, өз елін қорғауға, туған елді көркейтуге тәрбиелеу. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру.

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні сөзі: Жұмекен Нәжімедено
Описание слайда:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңкымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын қ
Описание слайда:

Ербол Сыпатаев – Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылыдүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған.

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15 Желтоқсан желі с. А. Асылбековтікі ә. Ә. Тінәлиевтікі Желтоқсан бірде, Ел то
Описание слайда:

Желтоқсан желі с. А. Асылбековтікі ә. Ә. Тінәлиевтікі Желтоқсан бірде, Ел тосқан түрде, Келетін мүлде жайдарлы. Сол жылы бірақ, Әдеттен жырақ Көрінді шын ақ айбарлы. Қ-сы Тоңдырды мені, Тоңдырды сені Желтоқсан желі ызғарлы. Солдырды гүлді, Оңдырды нұрды, Көңілде мұңды із қалды. Жоғалтып нуын, Жоғалтып қуын; Арал да суын тауысты. Қаңырап мекен, Аңырап бөкен, Өріске бөтен ауысты. Қ-сы

№ слайда 16 Тәуелсіздік Монументі
Описание слайда:

Тәуелсіздік Монументі

№ слайда 17 Жаса Қазақстан Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген Батырлар бұл жерде намы
Описание слайда:

Жаса Қазақстан Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген Қазақстаным, Қазақстанымttp//kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы Арманға бастаған бұрылған көп қаласы Қазақстаным, Қазақстаным Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлағым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлағым менің, тәуелсіз елім. Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар Ашық көк аспан, асқарлы тау көлім бар Қазақстаным, Қазақстаным

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19
Описание слайда:

Название документа Т?рбие са?аты.doc

Поделитесь материалом с коллегами:



Кіріспе

Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан нелер оқиғалар өтпеді! Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама!

Өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың басындағы қанды шайқастар, ірілі-ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген, кейіннен «Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісі деген бағаға ие болған.1986 жылғы жастар мен студенттердің жанкештілігі, тәуелсіздікке қан төгіссіз бейбіт жолмен қол жеткізу үшін арпалысқан ел ағаларының ерен ерліктері халық санасынан өшер ме?!

Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджановаларды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.

Халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аға апаларымыздың ерлігін насихаттай отырып, сіздерге «Ұмытылмас Желтоқсан» атты тәрбие сағатын ұсынып отырмын.





































Тақырыбы:        «Ұмытылмас желтоқсан»

Сыныбы: 8а    Жетекшісі:    Кунтуарова Айдана

Тәрбие сағатының мақсаты:      Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіре

отырып, тәуелсіздік үшін, еліміздің болашағы мен келер ұрпақ үшін жанын қиған азаматтардың ерлігі,

қайсарлығын, көрген табыстарын, рухани еркіндігін, адам құқығы мен бостандығын дәріптеу. Отанды сүюге, өз елін қорғауға, туған елді көркейтуге тәрбиелеу. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру.

Көрнекілігі:  Мемлекеттік нышандар, қанатты сөздер, слайд, интерактивті тақта, сурет көрмесі, буклеттер, желтоқсан құрбандарының суреттері.

Мұғалімнің сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ұмытылмас Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

  1. Балалар, 1986 жылы Желтоқсанда алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналып еді?

Үкімет басына Колбиннің келуіне байланысты. Өз тәуелсіздігін алу үшін.

  1. Колбинге неге қарсы шықты?

Қазақстанда қазақ мектептері мен балабақшалар азая бастады. Қазақтар өз ана тілін де ұмыта бастады.

  1. Колбин қайдан келді?

Колбин Ресейден келген болатын.

  1. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

Өз алдына дербес еркін мемлекет, ешкімге тәуелді, бағынышты болмау.

  1. Ал, Қазақстан қандай мемлекет?

Тәуелсіз мемлекет.

Жүргізуші:    Құрметті ұстаздар оқушылар,ата-аналар!Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Ұмытылмас желтоқсан» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шақырады.

Республикам әнұраным!

Әнұранға құрмет көрсетейік (Осы кезде интерактивті тақтада  әнұранның мәтіні шығып, орындалады).

Салтанат:

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

 Арай:         Нашақор деп, ұлтшыл деп,

                     Қазаққа күйе жаққан күн

                     Базары кетіп бар күнде,

                     Қайғыға халық батқан күн

                     Әділдік пен шындықты

                     Өтірік жала еткен күн

                     Надан жасаған сұмдықтан

                     Адамдар азап шеккен күн

Салтанат:  Қасқалдақ ұшып  көлінен

                      Шүрегей келіп қонған күн.

                      Қыранды қуып көгінен

                      Қағалар билік алған күн.

                      Адал мен арсыз, аярды,

                      Айырып халық ұққан күн.

                      Саф алтындар бәз баяғы

                      Сары жез болып шыққан күн

Көрініс: «Қазақ жастарының алаңға шығуы»

Бір топ:

Асылай: Естідіңдер ме?

Назкен:Бұл не масқара!

Гүлнұр:Неге халықпен санаспайды?

Балғынбек:Қашанғы шыдаймыз?

Нұрлан: Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?

Диас: Ел  қамын біз ойламағанда,  кім ойлайды.

/сахна алдына ержүректі  желтоқсан батырлары шыға бастайды/

Нұрберген:          Демократияны  бұғаудан босатыңдар,

                        Әр халыққа өзінің  көсемі керек...

 

 Ұлдай:

                  Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,

                       Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

                       Колбин деген кім екен, қайдан келген,

                       Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

 

Балғынбек:

                       Бұл дегенің  ҚКП-да беделдің қалмағаны,

                       Тілің құрып барады білесің бе?

    Жанәсел:

                               Өгей қозы  біз болдық енемізге,

                               Келімсектер шықты ғой төбемізге.

                               Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

                               Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

/ Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады/

 

Мерей Милиция: Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз!

\ сол сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу шығады\

Рыскен:      

 Бар болғаны  осы еді қылмысымыз,

Савицкий  көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Темір құрсау біздерді бүргені шын.

Мұң шағады қапаста кімге құсың.

Ақ-қараңды  тексерер  түрме деген,

Концлагерь  болды ғой біздер үшін.

\Осы сәтте екі солдат бір қыз, бір жігітті алаңға  сүйреп әкеліп, тепкілеу,айқай- шу басталады.

Нұрлан:         

1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті.Міне,осындай ұмытылмас оқиғадан бері 29 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына,ерлігіне деген тағзым,құрмет. Ендеше сол желтоқсанның оқиғаларындағы шыңдаған, боздақтардың рухын еске алайық

 (1 минут үнсіздік).

   Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз - жігіттер «контреволюциөнерлер емес» -еді. Тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған Сабира Мұхамеджанова, Лаззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбековтар еді  

Әдеби монтаж Оқушылар шығармашылығынан

Асылай:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылмас барлық шарасы.



Сәлия:         

Түн кәдімгі милиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді.Себебі,бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған қыз-жігіттердің  қатігездік жасағанын көргендердің ішінде Қайрат Рысқұловта бар еді.

 

                        Тұтқынға түстім жаутаңдай

Жолама ешкім қасыма

Бара салсаң сәлем айт

Елдегі құрбы досыма.-деп мұңая жырлаған албырт жас, ел жаңа-жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде тұтқынға алынды.

Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы»

 ( Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат,нағашысы,жеңгесі отырды.)

Нұрлан Нағашысы:Қайрат-ау тамақ алсаңшы. Студент болам деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің. .

Абылай Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

Нағашы:Астан алыңқыра.Қайрат өзіңнің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат:Иә, нағашы,бар ғой бар.

(Осы кезде есік қағылып, бір - екі милициа үйге кіріп келеді.)

Балғынбек Милиция:Біз органнан келдік.Қайрат Рұсқұлбеков деген азаматты тұтқындаймыз.Прокурордың санкциясы бар,Міне,

Нұрберген, Мерей екі жігіт Қайратқа:Тез жинал,бізбен бірге кетесің.

Гүлнұр Жеңгесі;Ойбай-ау,бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз. Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Қайрат:Жалалы боп, қатты батты жаныма,

               Жазалаушы қағаз алдым қолыма

               Жігіттер-ай,айтып-айтпай не керек,

                Жазған екен маңдайыма сорыма.

                Біріншіден, мен анамды сағындым

                Екіншіден, бұл құдайға не қылдым ?

                Бостандықта еркін жүрген жан едім   

                Енді ,міне, абақтыға жабылдым.

Көрініс:   «Қайраттың жауабы»          

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып

шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)

Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бостандық!

Нұрберген Кезекші:        заключенный Рысқұлбеков на допрос! Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Диас Тергеуші:  Айыпкер Рысқұлбеков! Сен мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат:         Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші:      Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат:         Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші:      Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші:      Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші:      Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.

             Күнәдан таза басым бар

            Жиырма бір жасым бар

             Қасқалдақтай қаным бар

            Бозторғайдай жаным бар

            Алам десең алыңдар

            Қайрат деген атым бар

            Қазақ деген затым бар

            Еркек тоқты құрбандық

             Атам десең атыңдар.

 Хор. Ән: «Желтоқсан желі»

Арай:   Пешенесіне жазылған азғана ғұмырдан соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізіді.

Оған бағыттылған оқ кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа терілген қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси “Саяси көз қарастыларға” арналған оқ еді.Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмірі “ұлтшыл” атанып, осы келуі ғажап емеспін.

Назкен: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт. Жел кірді көңіліме жиырма бірде

     Айдады ерікке қоймай несібе

     Желпілдеп, желдім неге несіне

    Түседі ау адасқаным енді есіме-, деп қатты тарыққан, қайсар рухты қазақ жігіті еді. Өкінішке орай 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде ҚР 21 мамыр күні таңда өмірден өтті. Қанаты қайырылып, жарық күнімен мәңгі қоштасты. Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапында жер жастанды.

 Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаңшыды ау жанды батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін

 Сәлия

            Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира ,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды барынша, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз:   Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымды көп еңбек етті.

Балғынбек: 1994 жылы елдің жаңа парламенті өз жұмысын бастады.

Арай: 1995 жылы еліміздің Ата заңы – Конституциясы қабылданды.

Рыскен: 1996 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Гүлнұр: 1997 жылы ел ордамыз Астанаға көшірілді, осы жыл «Татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып жарияланды.

Ұлдай: 1998 жыл «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих» жылы.

Абылай: 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы.

Нұрлан: 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болып жарияланды.

Ғазиза: 2001 жыл «Тәуелсіздік пен достық» жылы болып жарияланды.

Жанәсел: 2003-2005 жылдар «Ауыл жылдары болып жарияланды».

Нұрберген: 2006 жыл сазгер – Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.

Назкен: 2007 жыл Қазақ тілін қолдау жылы.

Салтанат: 2008 жыл «Астанамыздың 10 жылдығы» тойланды.

Хормен: Қазақстан үшін әрбір жыл жетістікке толы болмақ!

Дауылова Ұлдайдың орындауында «Жаса Қазақстан» өлеңі

Қорытынды:

Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұланысыңдар! Ал еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл намысшыл жас отаншыл, патриот келеді. Халқына, ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.

Осымен «Ұмытылмас Желтоқсан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Алда келе жатқан «Тәуелсіздік» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.





Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров433
Номер материала ДВ-366793
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх