Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Конспекты / "Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ     

Мақсаты:Оқушылардың адам және табиғат арасындағы байланысы туралы түсініктерін дамыту.

Міндеттері:

1.Оқушыларға « Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мазмұнын ашу. Оқушылардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру, «табиғат» ұғымын түсіндіру.


2.Оқушылардың табиғатты сақтау, аялау тұралы сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3.Табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:аудиокассета, компьютер, интерактивті тақта, табиғат тұралы сүреттер, қима парақтар.

Сабақ типі: аралас

Өтілетін орны : өзін-өзі тану кабинеті.

Бө-лім

Уақы-ты

Сабақтың барысы

Мұғалім іс -әрекеті

Оқушы іс-әрекеті









Кі-ріспе









10мин

І.Сабақты ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Сабаққа психологиялиқ дайындық

Оқушылар оқу құралдарыны дайындайды.

Балалар терезеге көз салып, табиғатқа қарайықшы! Бүгін табиғат қандай тамаша! Біз осы тамаша, әсем, көрікті табиғатқа тамсана отырып, бүгінгі сабағымызда алдымен табиғатқа сәлем берейік.

Армысың, алтын күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың құстарым!
Қанатты достарым!
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға
Жамылған қарларға Жайқалған даланы
Табиғат ананы
Көруге сағынып Келген біз балаңыз.





күнге қарап бас иеді , аспанға қолдарын жаяды,құстарға қол бұлғайды,құсша қанат қағады,оң қолын оң жаққа созады,сол қолын сол жаққа созады,бастарын иеді,қолдарын жоғары созады,қолдарын жан-жанқа созады, алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады,қолдарын жүрек тұсына қояды,бастарын иеді.
























Негіз-гі бөлім

























25мин

Жаңа сабақты түсіндіру: І. Тапсырма

Тапсырманы орындау үшін «Табиғатты аялайық!» атты мәтін ұсынылған:

  Мәтінді оқыңдар.Түйінді бөліктерге бөліп, мазмұнына сай ерекшеліктерін анықтап, ат қойыңдар.

  Мәтіндегі түйінді бөліктер: табиғат – құтты қоныс, табиғат – ана, табиғат – ұстаз.

  Табиғатты аялайық!    Ғ. Құлахметов

  Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс – дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп – баптайды.  Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі – табиғат.

Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді. Ол өздігінен өрескел бұзылмайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті қостайды». Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.

   Табиғат – ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіс-пеншілікті қайырымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.

Түйіндеме:  Адам баласы табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстап, табиғат анаға ерекше қарым – қатынас жасауының қаншалықты маңызды екенін, табиғаттың адамзат баласына сый – тартуы шексіз екенін оқушылар оқулықта ұсынылған төмендегі түйіндеме арқылы ұғынады: Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.

ІІ.Мәтінмен жұмыс: «Қайынның   қасіреті». Қ.Толыбаев

  Қар кетіп жердің беті дегди бастаған. Көктемнің жайма-шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап, серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала-сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Діңі бусанып, түлегендей жұп-жұқа қабағын қобырата бастапты. Әр жеріндегі бітпеген жараның аузындай қабыршақтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз-айғыз. Бірден назар аударады.

 - Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н» әрпін жазыпты,- деп, серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. Келе-келе осы жарақат үлкен даққа айналады да, өмірі өшпейді...

  Қайың діңдеріне жағалай көз жүгіттім. Шынында, ағаш діңін-дегі дақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор-шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп, ойып жазған  әріп-тер қар мен жаңбыр суына  еріп,езіліп кеткендей баттия қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған.Өмір бақи айықпайтын дерт секілді.

  - Обал-ай ...Жарақаттан қалған, қалпына келмес тыртық сияқты  екен, - дедім, серігімді мұңнан сергілтпек ниетпен. Ол жадырай көсілді:

  - Ағаш – Жер-ананың құшағындағы бөбегі. Оны біз де, адамдар да, мәпелеуге міндеттіміз. Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз  ғой.

  - Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйінгенің не?..

  - Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды...

  - Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ....

  - Тәрбие керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетегіне жібермеуге тиіспіз!..

  - Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау мәселесіне орай жан-жақты тәлім-тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақұлақтардың қылығы шығар, - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. Ол сәл тыншыды да, ойын түйді:

  - Атамның «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегеніндей, сол ақпақұлақтардың ойсыз әрекеттері күйедей жұғымтал болса ше?!. Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталады. Рас, жарақаттан ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлдеқашан өткен де шығар. Бірақ діңдегі дақтар өшпепті, тыртық боп қалып қойған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді.

  - Жарақатты мына қайың бұйым құрлы көріп тұрған жоқ-ау...

  Көп сөзді ұнатпайтын жолдасым таласқысы келмеді, үндеген жоқ.. Ағаш діңдеріне аялай қарап қойды. Қайың орманын аралап әрі жүрдік. Жалғыз аяқ соқпақ. ерігім алда. Екі қолын артына ұстаған бойы үнсіз кетіп барады.

  Шұңғылдау арықтан аттап өте бергенімде, төбеме сырт етіп бір тамшы тамды. Бұл қайдан?.. Басымды жоғарыға қарадым. Сол жердегі жас қайыңның төгіле салбыраған жіңішке бұтақтарын түгелдей барладым. Созса адамның қолы жететіндей жердегі қамшының сабындай жұмыр бұтақ ортан белінен опырылып сын-ған екен. Анықтап көріп ал дегендей, бұтақтың әлгі сынған жерінен төмен сорғыған мөлдір тамшы жинақтала созалаңдап тұрып, томпағын молайта бастады да, сырт етіп үзіліп түсті.

  Денем дір етіп, түршігіп кетті. Әлгі тамшы жаралы қайыңның көзі жасы секілді болып көрінді маған. Санамды аяныш, өкініш сезімі биледі. Сынған бұтақтың астына тұра қалдым. Бойымды созып, өргі тұсынан ұстадым да, ақырын төмен идім. Содан кейін сынығының жаңқалары мен жақтарын өз деңгейлеріне қиюластыра жалғадым. Қалтамнан қол орамалымды алдым да, сонымен орап таңып тастадым. Бұл әрекетім жаралы ағаштың дертіне ем бола ма,  жоқпа, оны топшылап жатпадым.

  Көкейімді басқа ой кернеді: шеккен азабының зардабына ешбір шара таба алмаса, жер бетіндегі табиғат түлектерінің бәрі де жылайды екен.

1)      Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?

2)      Табиғат та жылай ма?

3)      Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

ІІІ. Бейне көрініс. «Табиғат аясында».

ІV.Cахналау.

 Бір күні  Қуаныш достарымен саяжайға келіп демалмақшы болып келеді Олар бос тұрған орындарға барып отырып, қалталарынан пістені шығарып, шағып жерге тастап отырды. Айналасына ішкен   шырындарының қораптарын, жеген жемістерінің қалдықтарын, тіпті темекінің қорабына дейін лақтырады. Мұны көрген саябақты жинастырушы  қоқысты жерге тастамауларын өтінді. Олар ол кісінің сөзіне құлақ асқан жоқ .Керісінше қоқыстарын тастаған күйі тастап отыра берді.

V. Топтық жұмыс (оқушыларды 3 топқа бөлу)

І. «Табиғат». тобы

ІІ. «Тазалық» тобы

ІІІ. «Денсаулық» тобы

І- кезең.  «Мақал- мәтелдер» сайысы. 10-ұпаймен бағаланды.

1. ..........елдің анасы,

Ел ердің анасы.

2.............- өлең төсегім.

3.Ел іші- алтын....

4.Жері байдың -.....бай.

5.Ырыс алды - ......,

Бірлік болмай- тірлік болмас.

6........сүю -

От басынан басталады.

7. ........инемен құдық қазғандай.

8.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның.......

9.Дені саудың -........сау.

ІІ-кезең. Ал енді, балалар, мына тақтаға назар аударып, берілген жағдаяттарды талдап көрейік.
1 - жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді - де, тұрып қалды…
Сұрақ:
1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
2 - жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Серіктің әрекеті қандай болды деп ойлайсыңдар?
2. Серіктің бойынан қандай қасиеттер көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

3-жағдаят.Дәурен сабақтан келе жатқанда, қатты жел тұрып бақшадаға алма ағашының сынып қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Дәурен не істеді деп ойлайсыздар?
2. Дәурен қандай бала болуы мүмкін?
3. Дәуреннің орнында болған не істер едіңіз?

ІІІ-кезең.
«Табиғат көріністері» суреттер жиынтығынан қағаздардан табиғат бейнесін құрастыру.
Берілген қима сүреттерді орнына қойып табиғат көрінісін көрсетіңіздер.

G:\зилола\гифки\489239.gifG:\зилола\гифки\489286.gifG:\зилола\гифки\priroda8.gif


VI.Өзіммен-өзім: Оқушылар жайланып отырады. Көздерін жұмса да болады. Оқушыларға ұнтаспадан құстардаң сайраған дауысы, өзеннен аққан судың сылдыры тыңдалады.

Бәріміз қайтадан сабаққа ораламыз.

VII.Дәптермен жұмыс:

4-тапсырма: Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар.

5- тапсырма:«Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасап,жария етіңдер.







Оқушылар мәтінді оқып, мағыналық бөліктерін табады. Ондағы түйінді бөліктерді саралап алады.



































Оқушылар мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, оз пікірлерін айтады.

















































































Оқушылар бейне көріністі тамашалайды.



Оқушылар сахна көрінісін ұйымдастырады.















Оқушылар топқа бөлініп берілген мақал-мәтелдерді жалғастырып айтады. Сол мақалды түсіндіреді.























Оқушылар берілген жағдаяттарды талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салады және пікірлерін толық айтады.























Оқушылар қима сүреттерді дұрыс орындарына қойып табиғат жайлы сүрет құрасырады.











Оқушылар еркін отырып, өздерін табиға аясында жүргендай сезінеді. Оқушылар бастапқы қалыпқа келген соң өз ойларын жария етеді.



Оқушылар өз пікірлерін дәптерге жазады, жоба жасайды .







Қоры-тын-ды бөлім









7мин

Сабақты қорытындылау:
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін - де сүйе алмайды.
Балалар бәріңді ортаға шақырамын.
Қане, табиғат - Анаға ризашылығымызды білдіретін өлең жолдарын айтайық.

Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Өзіңнен денсаулық аламыз
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Қашанда қорғаушы панамыз.




Оқушылар тыңдайды , бәрі бірге ортаға шығып өлең жолдарын бір-бірлерінің қолдарын ұстасып айтады.






Реф-лек-сия





3мин

Оқушылардың сабақ жайлы пікірлерін білу мақсатында өзін-өзі бағалау рефлексиясын жаздырту.



«Өзін-өзі» бағалау рефлксиясы.

Сөйлемді аяқтаңыз.

  1. Сабақта мен үшін маңызды нәрсе.......

  2. Сабақта мен үшін болды.......

  3. Сабақта мен ойландым........

  4. Менің түсінгенім.........




G:\зилола\гифки\1274191586_1460894ljc2cifab5.gif



- Осымен, біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.
- Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін рахмет!




Оқушылар өз пікірлерін қағазға жазады.



Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров140
Номер материала ДВ-533914
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх