Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Научные работы / М.Мақатаевтың балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту диплом жұмысы

М.Мақатаевтың балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту диплом жұмысы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

М.Мақатаевтың балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту

Мазмұны


Кіріспе



І тарау. Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің поэтикасы

1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі


1. 2 Ақынның табиғат лирикасы


  1. 3 Махаббат лирикасы


  1. 4 Азаматтық лирикасы


ІІ тарау. Мұқағалидың балаларға арналған шығармаларының тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері


2.1 Өнер-білім тақырыбы

2.2 Отансүйгіштік тақырыбы

2. 3 Туған табиғат көріністері


ІІІ Тарау. Мұқағали жырларының тәрбиелік мәні және оның орта мектепте оқытылуы


3. 1 Мұқағали жырдарындағы халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері және оның тәрбиелік мәні


3. 2 М.Мақатаев шығармашылығын орта мектепте оқыту әдістемесі


Қорытынды. Әдебиеттер тізім.












Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп отыр.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан да түрленіп, олардың ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп, бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр. Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың бірі де бірегейі – М.Мақатаев.

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қас-қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Ақын шығармаларына өзі дүниеден қайтқаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

М.Мақатаев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойының өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жан-жақты түрлендіре түсті. Суреткердің әр кезеңде жазған балаларға арнап жазған туындыларының көркемдік-эстетикалық табиғатын, жалпы поэтикалық мәселелерін жаңа заманның талаптарына сәйкес және тың әдіснамалар арқылы саралау бүгінгі ғылым сұраныстарынан туындайды.



Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Поэзия әлемінде өзіндік өрнегі бар Мұқағали қаламынан шыққан әр сөзге үңіле қарасақ, ақынның адам жан дүниесін суреттеудің, оны бар ерекшелігімен сезініп жырлаудың шебері екенін аңғарамыз. Қазақ поэзиясының табиғатын барынша ашып, көркем сөзді дамытушылардың бірі де бірегейі, ол - Мұқағали. Ақын шығармашылығынан адамның ішкі дүниесіне тереңдей еніп, тебірене толғаған лирикалық сипатты молынан кездестіреміз.

Мұқағали дүниетанымы өзі өсіп-өнген жұрттың ауқымынан асып, бүкіл адамзаттық мазмұндағы ойлармен сабақтасып жататындықтан оның поэзия әлеміндегі әрбір сөз қолданысы мен ой образының ерекшеліктері жан-жақты қырынан қарастырлғанымен, балаларға қатысты өлеңдері сошалық ерең зерттелінбеген.

М.Мақатаевтың балаларға арнап жазылған өлеңдерінің ерекшеліктерін тану жолында жасаған еңбегіміз үстінде біз де осындай қиындықтарға жолықтық. Әрине бұл табиғи құбылыс. Дегенімен біздің тақырып әлі күнге дейін тың, қалам тартылмаған, бет қабыршағына дық түспеген тақырып болатын. Жұмыстың ерешелігі мен қызықтығы осында болды. Ақынның өмірі, шығармашылық жолы, оның басқа да өлеңдері жайында айтылған пікірлер жеткілікті болғанымен, оның балалар әдебиетіндегі орны туралы материалдар азғантай. Балалар әдебиетінің соңғы кездерде көзден тасалау, елеусіздеу қалып келе жатқандығынан болса керек деп ойлаймыз. Жеке пікірлер айтылса айтылып та жүрген болар. Ал жүйелі еңбек етіп ескіні жаңартып, сол кездегі көзқарастарға өзгертулер енгізіп жеке кітап етіп шығарған қазіргі балалар әдебиеті мен оның өкілдері, олардың әдебиетке енгізіп жатқан ерекшеліктерімен немесе өзіндік таңбалары жөнінде жазып жүрген ешқандай ғалым ағаларымызды не әпкелерімізді кездестірмедік. Сондықтан да біздің жұмысымыз өзімізге аздап қиындық туғызады. Жұмысымызға арқау еткеніміз ақынның балаларға арнап жазған өлеңдері болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ балалар әдебиеті әр жылдардың белеңінде жаңа зерттеулермен толығып отырғаны белгілі. Бұл әдебиеттің жанды процесс екенін көрсетсе, екіншіден әдебиет өкілдерінің осы саладағы тың ізденістері мен ерен еңбектерін паш етеді. Әр кезеңдерде балалар поэзиясын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар, ақын-жазушылар, сыншылар бұл саланың қырларын соны ізденістермен, ғылыми-зерттеу еңбектерімен байытып келді. Бұл күнде сол мұра балалар поэзиясының дамуына ерекше ықпал жасап отырғанын атап өту шарт.

Әр кезеңде І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Бегалин, Ә.Тәжібаев, С.Қирабаев, Қ.Жұмалиев, Ш.Ахметов, Қ.Мырза Әли, Ж.Әбдірашев, Қ.Ергөбек, К.Матыжанов сынды жазушылар мен әдебиеттанушы-ғалымдар балалар әдебиетіне назар аударып, жан-жақты зерттелуіне үлес қосты.

Зерттеу еңбегімізде нысана етіп алып отырған М.Мақатаев поэзиясы жөнінде әр жылдары М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, Ә.Кекілбаев, Б.Кәрібаева т.б. мақалалар жазса, Қ.Алпысбаевтың «Мұқағали өрнегі», С.Әбішеваның «Поэтическая система», «Мир природы»: структура и система» монографияларында ақын шығармаларына терең талдаулар жасалады. Сондай-ақ, Н.Бекееваның «Қазақ поэзиясындағы қаһармандық рух пен трагедиялық ахуал», К.Хамидуллаевтың «Мұқағали Мақақатаевтың ақындық шеберлігі», А.Қазанбаеваның «М.Мақатаев лирикасының лексика-грамматикалық ерекшеліктері», Б.Бегіманованың «М.Мақатаев лирикасының ұлттық сипаты», Ж.Өтейұлының «Мұқағали поэзиясының көркемдік жүйесі» деген тақырыптардағы кандидаттық диссертацияларында ақын шығармалары белгілі деңгейде зерттелді. Алайда М.Мақатаевтың балаларға арнап жазған өлеңдері арнайы зерттеу нысанына алынған емес.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың балаларға арналған өлеңдеріне тоқталып, оны көркемдік, тақрыптық жақтарнан ғылыми тұрғыдан зерттеу. Қадым заманнан қазірге дейінгі ұлтық белгілеріміз бен сапаларымыздың жай-күйіне назар сала отырып, нақты мысалдар арқылы Мұқағали поэзиясының көркемдік жүйесін ғылыми саралау. Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды.

- Зерттеуде Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмірінің негізгі кезеңдеріне тоқталу;

- Мұқағали шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры - тіл тазалығына, ой саралылығына, тебіреніс тереңдігіне көңіл бөліп, ұлттық тіл байлығын құбылтуы, қолданудағы көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар аудару;

- Балалар поэзиясына қойылатын көркемдік талаптарды ойға ала отырып, ақынның жеткен жетістіктерін саралау;

- Ақынның балаларға арналған әдеби мұрасын талдап, көркемдік мәнін, мазмұндық тұстарын жан-жақты ашу.

- М.Мақатаев шығармашыларының ұлттық рухын айқындау, тәрбиелік мәнін ашу.

- Қазіргі орта мектептерде ақын шығармаларнң өтілу үлгісімен таныстыру.

Зерттеу тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ақынның балаларға арналған өлеңдеріндегі көркемдік жүйелерге, ұлттық белгілерге, образдардың сұрыпталу ерекшелігі мен сомдалу дәрежесіне үңіліп, көтерілген идеялардың мәнділігіне назар аударылып, кешенді әдеби талдау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Дипломдық зерттеу жұмысын жазуда әдебиетттану ғылымындағы осы зерттеудің тақырыбына қатысы бар отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық талдаулары, тұжырымдары басшылыққа алынды.

Зерттеу нысаны.

М.Мақатаевтың балаларға арнап жазған өлеңдері.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Мұқағали шығармашылығындағы балаларға арналған бөлімі дейін дербес зерттелмеген. Зерттелсе де белгілі ортақ тақырыптардың аясында, не әлденеше авторлардың айналасында қарастырылатын. Бұл жолғы зерттеу арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізілді. Сондықтан дипломның ғылыми жаңалығы көтерілген тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен айқындалады.

- Мұқағали шығармашылығының сүйенген үш тағаны, байланған үш қазығы бар. Оның біріншісі - ақынның әрқашан да жанымен ақтарылып айтқан бүкпесіз де қарапайым сыршылдығы. Екіншісі - асқақтық яғни өмірді сындарлы санамен екшеп, елеп парасатты пайым жасап, күрделі қорытындылар шығаратын сыншылдық көркемдеу жүйесі. Үшіншісі азаматтығы - қоғамдық әлеуметтік мәселелерді, күллі тыныс-тіршілікті өлеңіне арқау еткен ақын кемелдігі дәлелденеді.

- Еңбекте Мұқағали шығармаларындағы ұлттық айшықтар кең ауқымда, алдыңғы толқындармен ұштастырыла, кейінгі буындармен сабақтастырыла, ұлттық идея мен идеология негізінде, өмірмен өзектестіріле қарастырылады.

- Тақырып аясында көркемдік ой-санаға қозғау салып, ұлттық рухтың оянуы мен терең тамырлануына жетелеуде әдебиеттің орны Мұқағали поэзиясы мысалында ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.

- Көркемдік - поэзия үшін жырдың сұлулығы, әсем нақышты сүйкімділігі, адам болмысын билер әсерлілігі. Жүйе – бір қалыпқа түскен арна, тоғыз ағыстың тоғысуы. М.Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі біршама саралынып көрсетілді.

Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні: Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары, орта мектептерге, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар жазуда, хрестоматиялар құрастыруда, бағдарламалар жасауда, сондай-ақ қазақ әдебиеті бойынша арнаулы курстар мен семинарлар жүргізуде, қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен өнеріне қатысты зерттеулерде ғылыми мағлұматтар беруге көмектесері анық.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Диссертация кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.













І Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің поэтикасы

1. 1 Өлең болып өрілген ақын өмірі

Балалық кез – әрбір адамзат ғұмырының ұмытылмас естен кетпес кезеңінің бірі. Өмірінің балалық балдәурен кезі қандай болмасын, мейлі ол қиындық пен қасіретке толы болсын, мейлі қуаныш пен еркеліктін құшағында өтсін, ол бәрібір адам өмірінің ұмытылмас та тәтті кезеңі болып қала бермек. Әрбір адам жасы есейе келе өткен күндерін есіне ала отырып, сол бір балалық шағы, бала болып ойнаған кездерін есіне ала отырып толғанысып: сағынышты ыстық леппен айтары сөзсіз.

Қазақ балалар әдебиетінен өз орнын алып, жалпы әдебиет деген «қазына аралында» ғасырдан-ғасырға жететін байлық қалдырып отырған көрнекті ақынымыз М.Мақатаев та балалық шақ, оның қызығы, қала берсе балаларға тәрбие берерлік көптеген өлеңдер жазды. Сол өлеңдері басқа өлеңдерінмен қатар жинаққа еніп, балалардың сүйікті кітаптарына айналып, жарты ғасырдай олармен бірге өмір сүріп келеді. Бұдан кейін де өмір сүре бермек. Оның басты себебі, ақынның түсінікті де жеңіл тілі, адам психологиясын жете түсінуі, балаларды үлкен адамдарша елеп олармен тез тіл табысып кетуінде сияқты. Себебі ол да бала болды. Артықшылығы, өсе келе жұртына танымал ақын болып жетілгені.

Қазіргі қазақ балалар поэзиясы – кең тынысты поэзия. Бала сезіміне, оның ой өрісіне ыңғайлай отырып, бүгін ол біздің бай қоғамдық және азаматтық өміріміздің барлық мәселелелерін поэзия тілімен әңгімелеуге көтерілді. Оның таырыптық байлығын айтқанда, бұл алдымен еске түседі. Поэзия тек баланың дүниетану мөлшерін кеңейту ғана емес, өмірдегі жақсы-жаман әрекеттің бәріне де бала сезімін ортақ етеді, оны ойлантады, шешім қабылдауға үйретеді. Мұның бәрі бала бойынша адамгершілік сезімді оятуға, оларды ерлік пен ізгі мінезге тәрбиелеуге қызмет етеді.

Оның өлеңдері ой-пікір анықтығы, жинақтылық, тапқырлық, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақтылығы жағынан әсерлі келеді. Бұл күнде білім іздеп, білгенін үстемелеуші қаламгер ғана табиғи талантын қырнап, ұштайды, тапқырлықтың жаңа жолдарын, тың тәсілдерін таба алады.

Жанрдың ішкі мүмкіншіліктерін игере отырып, балалар поэзиясының кемелденуіне едәуір үлес қосқан ақын М.Мақатаевтың өзіндік орны бар. Оның өлеңдері ой-пікір анықтылығы, жинақылығы, тапқырлығы, бала сезіміне әсер етер сөз ойнақылығы жағынан әсерлі келеді.

Поэзия сөз өнері. Поэзия арқылы қаламгер әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алады. Оны жанды көрініске айналдыра алады. Ол айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік-эстетикалық сезіміміздің үлкен өнімді саласы. Сөз қолдану шеберлігі, көркемдік шеберлік дегеніміз өмір құбылыстарын танып-білу, ұғып-түсіну қабілетімен көркем ой-сезім қуаттылығымен терең тамырланып, қабысып жататындығында.

Поэзияда тек тіл, сөз ғана емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркем дік қуат дарытатын, сипат, өң беретін сол ой-сезім тереңдігі, өткірлігі, әсер- лілігі.

Өлеңге, өлеңмен жазылған шығармадағы әрбір суретке, әрбір сөзге поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе – ақындық ой-сезімнің таңдауы, талғауы, көркемділігі.

Ғасырлар қойнауынан тартқан бай тарихы, сан-салалы дәстүрі, алуан стильдік тармағы бар әдебиеттің даму жолына тыңнан соқпақ қосу – кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтіні белгілі. Әр ақын сөз өнеріне айтарлықтай жаңалық алып келе бермеуі мүмкін. Ақын өз шығармалары арқылы танылып, кейінгі әдебиетке үлгі боларлықтай дәрежеде болса, ұлттық болмысты таныта алса ғана рухани қазынаға қосылған өміршең жаңалық болмақ.

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының бұрынғы Нарынқол ауданындағы Қарасаз топырағында дүниеге келген. Ақынның азан шақырылып қойылған аты – Мұқаметқали. Бірақ, «пайғамбардың атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді», – деп ата-анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен.

1948 жылы онжылдық мектепті бітіргеннен кейін ақын 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқып, өзінің туған ауылында ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отау меңгерушісі, жергілікті комсомол қызметкері, жетіжылдық мектепте мұғалімдік қызметтерін атқарады. Мұқағали өлеңдерін ең алғаш мектептің қабырғасында жүргенде жазып, бірді-екілі туындылары аудандық баспасөз беттерінде жарияланған. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылдары Мəскеудегі Əдебиет жəне өнер институтында оқыған болашақ ақын Қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарғанда да, республикалық баспасөзде жұмыс істеген жылдарында да əдеби шығармашылық өмір тынысынан бір сəт те ажырамай, ақындық қабілетін одан əрі шыңдаған. «Қазақ əдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімдерінде қызмет атқарып, Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында əдеби кеңесші болған, КСРО Жазушылар одағындағы қазақ əдебиеті бойынша кеңесші міндетін де атқарған.

Ақынның алғашқы жырлары 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің беттерінде жарияланды. Жас ақын талантын алғаш рет елуінші жылдардың соңына таман Əбділда Тəжібаевтың аңғарып, сəтті сапар тілеп, бір топ өлеңдерін «Қазақ əдебиеті» газетінде жариялатуы – оның ақындық жолын біржолата айқындап берді, əдеби өмірге еркін араласуына жол ашты.

Мұқағалидың 1954 жылы «Əдебиет жəне искусство» (Жұлдыз) журналында бір топ өлеңдері жарық көрді. «Қазақ əдебиеті» газетінде өлеңдер топтамасы оқырманға жол тартты. Арада он жыл салып, 1964 жылы тұңғыш кітабы «Ильич» атты поэмалар жинағы жарыққа шықты. Ал, 1966 жылы «Армысыңдар, достарым!» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы, 1967 жылы «Қарлығашым, келдің бе?» атты жыр жинағы оқырман қолына тиіп, қаламгерлік беті айқындалған, өзіндік қолтаңбасы бар ақынның тұлғасын танытты. Ақын өмір бойы: «Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы керек. Поэзияда философ болу – өзін қоршаған əлемді ұғыну, əр заттың мəнін білу, ақырына дейін адам жанының инженері болып қалу» деген қағиданы ұстанған. Мұқағали өлең жазумен бірге шахматты, аңға шығуды, балық аулауды өте жақсы көрген. Мұқағали 1949 жылдың көктем айында жары Лашынмен отау құрады. Ақынның Алмагүл, Шолпан, Лəззат атты қыздары, Жұлдыз, Айбар деген ұлдары бар. Майгүл атты қызы 10 жасында көлік апатынан қайтыс болған. Қазіргі таңда ақынның төрт немересі бар.

«Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедің?!», деп, тебіренетін Мұқағали бүкіл ғұмырын, жан дүниесін қалтқысыз өлең жолына арнады. Талантты да, шамырқанысты ғұмыр кешіп, үдете өнімді жазды. Таланты бай, ішкі рухани қуаты берік ақын небір тамаша лирикалық жырларын ұсынды. «Мавр» (1969), «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975) жинақтары қазақ поэзиясында өзіндік белесті із қалдырып, өз оқырмандарын тапты.

Мұқағали Мақатаев «дəл қырықтың бесеуінде» «ұйықтап кетсем болғаны төсегімде» деп өлең жазып, дəл қырықтың бесеуінде бауыр циррозы ауруынан қайтыс болған. Тұңғыш кітабы «Ильич» 1964 жылы жарық көрсе, көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы «Өмірдастанға» 1976 жылдың 2 ақпанында басуға қол қойылыпты. Осы он екі жылдың аралығында ақынның он бір кітабы жарық көріпті. «Ильич», «Армысыңдар, достарым!», «Қарлығашым, келдің бе?», «Мавр», «Шөп жапырақтары», «Сонеттер», «Құдыретті комедия», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмірдастан». Бірақ, ақынның жыл сайын дерлік шығып тұрған жыр жинақтары шетінен жұп-жұқа, кіп-кішкентай кітапшалар болатын. 1976 ақын қайтыс болғаннан кейін жарық көрген бір ғана «Өмір – өзен» кітабының көлемі (14, 5 табақ) көзі тірісінде жарық көрген бес кітабының көлемімен барабар болып шықты. Кешегі кеңес заманында бүкіл жазғанының тек төрттен бірі ғана шыққан қазақ ақыны тек Мұқағали. Оның атын да, даңқын да өзі өлгеннен кейін жарық көрген кітаптары шығарған. «Мен XXI ғасырдың құрдасымын. Бəлкім одан əрідегі ұрпақтардың туысымен да», деп жазған екен ақын өз күнделігінде. Қазіргі таңда ақынның осы сөзінің шындығына біздің көзіміз толықтай жетіп отыр. Арамызда ақынның өмір тарихын, поэзиясын білмейтін қазақ жастары жоқ шығар.









Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне

2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.

(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)

Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.08.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Научные работы
Просмотров131
Номер материала ДБ-155613
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх