Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Конспекты / "Мүмкіндігі шектеулі баланың зейінін дамыту" (баяндама)

"Мүмкіндігі шектеулі баланың зейінін дамыту" (баяндама)



  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:

Мүмкіндігі шектеулі баланың зейінін дамыту
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп,түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде.
Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен биімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету.
Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру ,әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.
Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек.Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. 
Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару ,барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады,өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп ,жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. 

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет 

* Ең алдымен ,даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.
*Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. 
* Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен ,парталармен,үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды ,көтергіш қондырғылар,пандустар,санита
рлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады. 
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады.
Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, 
мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді
мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді.
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы ,» «Бала құқықтары туралы»,»Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы»Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады.
Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
2015 жылға дейінгі инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе,инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек.Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепке дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды.
Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады,ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне,қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына,өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай ата-анасынан алшақтамай,яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай,тұрғылықты жерде білім алады.Қоғаммен біте қайнасып,әлеуметтік жағынан бейімделеді.Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып,жеткіншек алдында жауакершіліктері артады.
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілетілігімен,жеткен жетістіктерімен
анықталады. 
2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4.Барлық адам бір-біріне қажет.
5.Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8.Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясында кеңейтеді.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады,өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға,таным-білуге, қабылдауға үйренеді.
ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «Бала кемістігнің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму екенін ұғынамыз.Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс,әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс ерекшелігі 
Мақсаты:жеке тұлғаның әлеметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы,оқыту іс-әрекетіндегі негізігі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
1.Сәйкес келетін деңгейіне психофизилогиялық мүмкіндігін дамыту:артикулярлық аппаратын,фонематикалық есту қабілеті,қолының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы,көру-моторлық қозғалыс т.б.
2.Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет әлеуметтік-адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру.
3.Оқуға қызығушылығын дамыту.
4.Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (оқу белсенділігі,өз бетімен жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы негізгі қиындықтарды жою. 
5.Жалпы интеллектуалдық жас ерекшелігіне қарай дамыту (салыстыру қарым-қатынас, практикалық топ, ойлау т.б.)
6.Жалпы даму деңгейін көтеру және жеке дамуындағы ауыртпашылықты түзету.
7.Өз жасына сәйкес баланың жалпы дамуына және біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
-психофизиолгиялық мүмкіндігі дамиды.
-оқудағы негізігі қиындықтары жойылады.
-Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды,жағымды мінез-құлық қалыптасады.
Психологиялық диагоностикада таным процестерін зерттеу,қарым-қатынас диогностикасы,мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Психологиялық дамыту және түзету жұмысында таным процестерін дамыту және түзету, мотивациялық және эмоциялық аясын дамыту және түзету,қарым-қатынас аясын түзету және дамыту бағытындағы жұмыстар жүгізіледі.
Психологиялық кеңес беру бағытында баланың дамуындағы ата-ананың көмегі, дау-жанжал жағдайындағы мінез-құлқы және оны басу әдісі, баламен жағымды қарым-қатынасқа жету жолы туралы ата-аналарға кеңес, жадынамалар беріледі.
Психологиялық ағарту бағытында мұндай балаларды қалай тәрбиелеу,қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы әңгіме,дәріс,жадынама,тренинг,тақырыптық баяндамалар арқылы ата-аналарға психологиялық білім беріледі.
Әр бағытқа жеке-жеке тоқталар болсақ,педагог-психгологтің жинақ қоржынында баланы псхологиялық-диогностикалық тексеруге арналған құралдар,логикалық ойлауға,зейінгі және есте сақтауға арналған әр түрлі әдістемелік құрал-жұмыстары сатылы жүргізіледі.
Зерттеу барысында психолог зерттеу хаттамасын жүргізіп,тіркеп отырады:
 Берілген тапсырманы түсінуі және оны орындау деңгейі;
 Балаға көрсетілген көмек пен оның білімділік дәрежесі;
 Өз бетімен қателіктерін түзете алуы;
 Үлкендермен қарым-қатынас ерекшелігі;
 Тапсырманы орындауға қарым-қатынасы;
 Тапсырманы орындаудағы белсенділігі.
Мысалы,мүмкіндігі шектеулі балалардың зейін қасиеттерін зеттеу үшін зейіннің көлемін, ауысуын,шоғырлануын,тұрақтылығын зерттеу әдістемелерін қолдануға болады.Бұған сынып жеткешісінің немесе пән мұғалімдерінің көмегін пайдалануға болады.
Есте сақтауын зерттеу үшін «фигура ларды есте сақта ,» «10 сөз», « Сан қатары» т.б. әдістемелерді, ойлау процесін зерттеу үшін «Артығын тап», «Қандай фигура жетіспейді» т.б. әдістемелерді қолдануға болады. 
Психологиялық түзету-бұл баланың жеке тұлғалық дамуында ,оқу барысында қандай да бір ауытқушылықтар ,психологилық қиыншылықтарды түзетіп ,дамытуға арналған жұмыс жүйесі болып табылады.
Психологиялық түзету-бұл баланың жеке тұлғалық психикалық дамуында, оқу барысында білігі мен дағдысында қандай да бір ауытқушылықтар, психологиялық қиыншылықтарды түзетіп, дамытуға арналған жұмыс жүйесі болып табылады Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл-күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады.Баланы мектепшілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден, баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады.
Психологиялық кеңес беру жұмыстары ата-аналарға, пән мұғалімдеріне, оқушылардың өздеріне жеке жүргізіледі.Ата-аналарға жиналыстарда топтық кеңес беру,әр баланың үйіне барғанда, мектепке шақырып жеке кеңес беру жүзеге асса,пән мұғалімдеріне кеңес беру жұмысы педагогикалық кеңесте,әдістемелік кеңесте,педагогикалық консилиум барысында жүргізіледі.Мысалы, ТДО сыныбының мұғалімдеріне арналған кеңес-жадынамалар:
-оқушының мүмкіндігіне және жұмыс істеу темпі мен жылдамдығына сәйкес келетін тапсырмалар жинағын беру;
-баланың жеке және даму мүмкіндіктерін есепке алу;
-баланың динамикалық (шаршау, қозу т.б.) өзгерістерінің пайда болуына байланысты жұмыс жетекшілігінің тактикасын өзгертіп отыру;
-сабақта жетісікке әкелетін, жалпы нәтиже беретін,топтық және жеке жұмыс әдістемесін қолдану;
-сабақ арасында сергітетін жеңіл физикалық жаттығулар немесе босаңсу жаттығуларын жасау;
-оқыту үрдісіне ойын,жарыс элементтерін,дидактикалық ойындарды пайдалану;
-оқушы өзінің мықты жақтарын көрсете алатын табыстылық жағдайларын туғызу;
-баланың кез келген жетістігі мен өз бетіндік жұмысын мадақтап, көтермелеп отыру;
-балаға қойылатын талаптардың біресе көтеріліп,біресе төмендеуінен аулақ болу;
-өте белсенді (гиперактивті) балалардың күшін пайдалы жаққа қолдану (тақта сүрту, дәптерді жинау т.б.)
-жақсы тәртібі мен оқудағы жетістігін көтермелеп, балаға мадақтау сөздерін айту;
-психолог маман бірге отырып,балалардың сынып,мектеп өміріне бейімделуіне,оқу дағдыларына,қарым-қатынас жасау дағдыларына тәрбиелеу, әлеуметтік орта туралы түсініктерін қалыптастыру.
Келесі жұмыс бағыты бұл-психологиялық алдын алу мен ағарту жұмыстары. Әрбір сынып бөлмесінде,мектеп дәлізінде, ТДО сыныбы бөлмелерінде, ата-аналарға арналған бұрыштарда ата-аналарға арналған ағартушылық материалдар мен кеңестер үнемі жаңартылып отырады. 
Метеп психологінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысының негізгі педагогикалық консилиумда көрінеді.Жалпы және арнаулы (түзету) білім беру мекемелерінің психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум жағдайлары негізінде мектепте мектеп директорының бұйрығымен психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консилиум құрылады.Консилиум құрамына мектеп директоры,оқу ісі мегерушісі, психолог, әлеуметтік педагог, медбике, сынып жетекшісі, ТДО сыныбы мұғалімі,тәрбиешісі, және оқыту мұғалімі қатысады.Консилиумға әр маман өз зерттеулері мен ұсыныстарын жазып, даярлап келеді.
1. Педагогикалық қорытынды (сынып жетекшісі)
2. Психологиялық қорытынды (педагог-психолог)
3. Медициналық қорытынды (медбике)
4. Әлеуметтік педагог қорытындысы 
5. Логопедиялық қорытындысы (логопед).
Бұған қосымша балалардың жұмыс дәптерлері,бала дамуын бақылау күнделігі,сабақ үлгерімін тіркеу журналдары әкелінеді.
Қорыта келгенде, ең бастысы кемтар балаларға деген қоғамның көзқарасын,пікірін өзгерту керек, олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет және мүмкіндігі шектеулі баламен бір сыныпта отырған дені сау бала әлдеқайда мейірімді, қайырымды болып өсетінін халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр.Енді сол тәжірбиенің біздің елімізде де қанат жайып,өркендеуіне педагогтар қауымы зор үлес қосуы қажет деп ойлаймын. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсіп, өзін әлеуметтік ортада жеке тұлға санап,олардың тағдырын ел болып реттейтін уақыт келді. «Бала тағдыры-ел тағдыры» деп қарап, ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап,тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, мүмкіндігі шектеулі баелалардың әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат тәрбиелейтін кез келді.
Қ.Сағырбаев атындағы орта жалпы 
білім беретін мектеп-балабақшасының 
әлеуметтік педагогі В.Б.Сакуованың 
ұсынып отырған «Мүмкіндігі шектеулі
балалармен жүргізілетін психологиялық 
жұмыс түрлері» атты баяндамаға 

Пікір
Жаһандану заманында ел қуаттылығын, бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты фактор – адамзат капиталы болып табылады. Адамзат капиталын жалпы халыққа, қоғамға, мемлекетке пайдалы, сапалы қызмет көрсететіндей қалыптастыра алмасақ – іргетастың дұрыс құйылмағаны. Осы тұрғыда қоғам мен мемлекеттің көздеген мақсатына жетуі үшін, өркендеген ел, гүлденген жер болуы үшін әрбір мамандық иесі, соның ішінде әлеуметтік педагогтардың міндеті адамзаттың мінез-құлқын қадағалап, қызмет жасау болып табылады.
Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың жағымсыз іс-әрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-әрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады. 
Қоғамдық ғылымдардың негізгі категорияларының бірі - әлеуметтік ауытқу. Осы әлеуметтік құбылыстардың пайда болу себептерін түсіндіру үшін мұғалім көптеген сұрақтарға, оның ішінде «норма» категориясының мәні және одан ауытқу жайлы сұрақтарға жауап іздеуге бұл баяндамасында толық аша білген. 
Бұл баяндамада мұғалім жан-жақты ізденген. Девиантты және делинквентті мінез-құлықтың психологиялық сипаты,оның пайда болуына әсер ететін себептері мен факторлары жайлы түсінік берген.
Әлеуметтік педагог даму мүмкіндігі шектеулі балалармен сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы түрлі проблемалық сұрақтарына орнықты жауап алып отырады. Дәл осы оқушылардың интеллектісін, ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, танымдық қызығушылықтары мен оқушылардың жеке қабілеттерін шыңдауда ұстаздың бұл еңбегі тәжірибеге енсе, жемісін берері анық. 
Ұстаздың кәсіби маман ретіндегі өз тәжірибесіне негіз болып жүрген бұл баяндамасын саралай отырып, іс-тәжірибесін кең көлемде таратуды ұсынамын. 

Бірлестік жетекшісі Е.С.Қисахметов .

Жұмыстың мазмұны 

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында

Инклюзивті оқытудың негізігі прициптері:

Мүмкіндігі шектеулі балалармен педогог-психологтің жұмыс ерекшелігі

Зерттеу барысында психолог зерттеу хаттамасын жүргізіп,тіркеп отырады:

Келесі жұмыс бағыты бұл-психологиялық алдын алу мен ағарту жұмыстары


Автор
Дата добавления 29.10.2015
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Конспекты
Просмотров947
Номер материала ДВ-106914
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх