Инфоурок Начальные классы Статьи"Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолдары" тақырыбына мақала

"Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолдары" тақырыбына мақала

Скачать материал

                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыздыкова Айна Муратовна

Бастауыш сынып мұғалімі                                                                                   Астана қаласы, «Арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ

                                                                                  

 

«Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың

танымдық қабілетін арттыру жолдары»

 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету, орнына келтіру, дамыту – педогогика жүйесіндегі басты мақсат. Өз тәжірибемде баланың жалпы жетістіктеріне ықпал ету үшін, ақыл-ойы кем баланың танымдық белсенділігін дамытуда ойын құралдарына негізделген оқытудың сапасын жақсартуды көздедім. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Танымдық белсенділік ақыл-ойы кем балалар танымының қажеттілігі мен қызығушылығын, сабақтың түрі мен мазмұнын, ойын технологиясы арқылы «үйрету» үрдісін басқаруда педогогтың өнері және оның эмоционалды ахуал жасау іскерлігін ынталандырады.

Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.

Танымды  қалыптастырудың негізгі жағдайлары:

- оқытудың мазмұны;

- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын жетілдіру. Бұған жататындар: сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

- Даму мүмкіндігі шектелген мектептердің бастауыш сыныптарында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін тиімді технологияларды пайдалану.
- Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты сыйластық түрінде орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.

Мүмкіндігі шектелген балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Осыған сәйкес, мүмкіндігі шектелген бастауыш оқушыларына оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздене отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық қабілеттерін арттыруға жағдай жасау керек деп ойлаймын. Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдана отырып келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ойын арқылы оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, деңгейлеп оқыту т.б.

Кез келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Мысалы, ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Сонымен бірге баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Айналадағы әлем сабағында «Жыл мезгілдері» тақырыбына байланысты «Қайда, қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға болады.

- Бір жылда неше ай бар?

- Қандай жыл мезгілдерін білесің? т.б.

Қыс мезгіліне байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында қолдануға болады. Өтілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты – мәтіннің атын табу, жалғастырып айту, қыстың ерекшеліктерін табу. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор. Оқушылар деңгей бойынша: 1-топ – қыстағы еңбек, 2-топ – жан-жануарлардың қысқы тіршілігі, 3-топ – қысқы ойындар, 4-топ – қыс ерекшеліктерін әңгімелеп беруі тиіс.

Оқу және тіл дамыту сабақтарында ойналатын ойындар ««Суретке қарап әңгіме құра», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған.

Оқушының танымдылық қабілетін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Әр сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:

- Жылдың бесінші айын ата.

- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Көз адамға не үшін керек?

- 9 бен 10-ның арасында қандай сан бар?

- Есік қандай геометриялық фигура?

Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады.

Қорыта келе, оқу сапасын арттыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс. Күнделікті ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып-үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдануымыз – алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Дефектология. №2, 2014.

2. Бастауыш мектеп. №5, 1998.

3. Бастауыш мектеп. №3, 4, 2010.

4. Қазақстан мектебі. – Алматы, №8, 2003.

5. «Мен және бәрі, бәрі, бәрі». – Алматы, Аруна баспасы. 2006.

6. Бастауыш сыныпта оқыту. №1, 2006.

 

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Бастауыш сынып мұғалімі

                                                                       Сыздыкова Айна Муратовнаның

                                                                       «Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың

                                                                       танымдық қабілетін арттыру жолдары»

                                                        тақырыбындағы мақаласына  

 

 

Пікір

 

Бұл пікір «Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолдары»  атты мақалаға арналып жазылған.

Мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық қабілеттерін арттырудың бір жолы – ойын екенін және оның маңызын, сабақ кезінде үнемі қолданыста болатынын, жаңа технологияның бір түрі екенін атап көрсеткен. Мұғалім сабағын тартымды, ұтымды, қызықты өткізу үшін ойын түрлерін пайдаланған.

Мақала тақырыбы дұрыс таңдалып, толық жазылып, баяндамаға қойылатын талаптар сақталған. Мақалада шапшаң ойлауға, тез қимыл- әрекеттер жасауға байланысты ойын түрлері, сондай-ақ ойын технологиясының әдістерін пайдаланған. Сонымен қатар, өз тәжірбиесімен ұштастыра, көрсете білген. Ойын барысында оқушылардың танымдық қабілеттері артады әрі өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, балалардың тежелмеуіне, алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

Мақалада танымдық қабілетті арттырудың бірнеше жолдары көрсетіліп, аталып өтілген:

- оқытудың мазмұны;

- сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру;

- танымдық ойындар ұйымдастыру;

- пәнаралық байланыстарды тудыру;

- оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру;

- тиімді технологияларды пайдалану.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолдары" тақырыбына мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 467 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2017 1813
    • DOCX 65.7 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыздыкова Айна Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыздыкова Айна Муратовна
    Сыздыкова Айна Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12477
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе